1 Нәресте бөлігі микрофонының сезімталдығын қажетті деңгейге қою үшін микрофон
сезімталдығын басқару тұтқасын пайдаланыңыз. Өз даусыңызды дыбыс сілтемесі
ретінде пайдалануға болады (Cурет 10).
Дыбыс берілгенде, нәресте бөлігіндегі құрылғыны қосу шамы сары болып жанады.
Ескертпе: Батареялармен жұмыс істегенде сезімталдық деңгейі ең жоғарғысына орнатылса,
ата-аналар құрылғысы электр қуатын көбірек қолданады.
Ата-аналар бөлігінің дыбыс деңгейін өзгертуге болады, солайша сіз оны қоршаған ортаға
сәйкес реттей аласыз.
1 Ата-аналар бөлігінің дауыс зорайтқышының қажетті дыбыс деңгейіне жеткенше, ата-
аналар бөлігінің оң жағындағы дыбыс деңгейі тұтқасын бұраңыз.
Ескертпе: Батареялармен жұмыс істегенде ең жоғарғы дыбыс деңгейі орнатылса, ата-аналар
құрылғысы электр қуатын көбірек қолданады.
Екі бөліктің батареялар бөлімдеріндегі арна қосқыштарының бір арнаға қойылғанына әрдайым
көз жеткізіп отырыңыз. Осы арна қосқыштары арқылы он алты түрлі арна күйлерін таңдауға
болады. Егер сіз басқа нәресте мониторларынан, радио құрылғыларынан және т.б. келген
кедергіні байқасаңыз, басқа арнаны таңдаңыз.
1 Екі бөліктің де батарея орнының қақпақтарын ашыңыз.
Нәресте бөлігі: (Cурет 3)
Кілттейтін тұтқаны тиынмен бұрап, қақпағын шешіңіз.
Егер ішінде батареялар бар болса, онда оларды батарея орнынан алып тастаңыз.
Арна қосқышын қажетті күйге қою үшін кішкентай, жалпақ бұрағышты пайдаланыңыз.
Ата-аналар бөлігі: (Cурет 4)
Кілттейтін тұтқаны бір ширек айналымға бұрап (1), батарея жапқышын ашу үшін оны төмен
сырғытыңыз (2).
Егер ішінде батареялар бар болса, онда оларды батарея орнынан алып тастаңыз.
Арна қосқышын қажетті күйге қою үшін кішкентай, жалпақ бұрағышты пайдаланыңыз.
Ескертпе: Құрылғылардың екеуінің де бір арнаға қойылғанына көз жеткізіңіз.
Егер сіз байланысты тексеру кезінде ешқандай кедергіге кездеспесеңіз, нәресте және ата-
аналар бөліктерінің батареялар бөлімдерін жабыңыз.
Егер сіз кедергіге кездессеңіз, қосқышты басқа арнаға қойып, байланысты қайтадан тексеріңіз.
Егер құрылғылар қайта зарядталмайтын батареялармен істеп тұрса, батареяларды ауыстырып,
батареялар бөлімдерін жабыңыз.
Нәресте және ата ана бөліктерін ешқашан суға батырмаңыз және оларды ағын су астында
тазаламаңыз.
Тазалағыш спрей немесе сұйықтықтарды қолданбаңыз.
Егер нәресте бөлгі мен ата-аналар бөлігі ток көзіне қосулы болса, онда оларды ток көзінен
суырыңыз.
Нәресте және ата-аналар бөліктерінің екеуін де дымқыл шүберекпен сүртіп тазалаңыз.
Бөліктерді ток көзіне қосар алдында олардың құрғақ екендігін тексеріңіз.
Адаптерды құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
,
-
-
-
,
-
-
-
-
-
-
54