14
•
Бұл кесте тек тегіс материалдарға арналған.
Егер материал басқа түрлі (гофрленген, кедір
бұдырлы және т.б.) болса, онда оны төменгі
температурада үтіктеген жөн.
•
Алдымен заттарды үтіктеу температурасы бой-
ынша сұрыптаңыз: синтетиканы – синтетикаға,
жүнді – жүнге, мақтаны – мақ таға және т.б.
•
Үтіктің қызуы, оның салқындауына қарағанда
тез. Сондықтан алдымен, төменгі темпе
ратурадағы киімдерді үтіктеп алған жөн
(мысалы, синтетикалық маталар). Содан кейін
анағұрлым жоғары температура кезіндегі
үтіктеуге көшіңіз (жібек, жүн). Мақта мен зығыр
бұйымдарын соңғы кезекте үтіктеңіз.
•
Егер матаның құрамына аралас талшықтар
енсе, онда ең төмен температураны белгілеу
қажет (мысалы, егер бұйым мақта мен полиэ-
стерден құралса, онда оны полиэстерге сәйкес
температурада үтіктеу қажет «•»).
•
Егер сіз матаның құрамын анықтай алмасаңыз,
онда киімнің киген кезде көзге түсе қоймайтын
жерін тауып алыңыз да, тәжірибелік жолмен
үтіктеу температруасын таңдаңыз (үнемі ең
төменгі температурадан бастаңыз да, қалаған
нәтижеге қол жеткізгенге дейін оны көбейте
беріңіз).
•
Вельветті және басқа да тез түгі түсетін мата-
ларды қатаң түрде бір бағытта ғана (түктің
бағытына қарай) сәл батыңқырап үтіктеу керек.
•
Синтетикалық және жібек маталарда түгі
түскен дақтардың пайда болуын болдырмас
үшін оларды астары жағынан үтіктеген жөн.
ҚҰРҒАҚТАЙ ҮТІКТЕУ
•
Үтікті түбіне (7) қойыңыз.
•
Желілік баудың айыретігін электрлік ашалыққа
салыңыз.
•
Үнемі бу жіберу реттегішін (9) « » күйіне
орнатыңыз (тұрақты бу жіберу сөндірулі).
•
Реттегішті (8) бұрап мата түріне байланысты
үтіктеу температурасын белгілеңіз: «•», «••»,
«•••» немесе «MAX»; осы кезде көрсеткіш (5)
жанады.
•
Табанның (11) температурасы белгіленген
температураға дейін қызған кезде көрсеткіш
(5) сөніп қалады, осыдан кейін үтіктеуге кірісе
беруге болады.
•
Үтікті пайдаланып болғаннан кейін темпера-
тура реттегішін (8) «MIN» күйіне орнатыңыз.
•
Желілік баудың айыртетігін электр ашалығынан
суырыңыз да, оның толық салқындауын күтіңіз.
БУМЕН ҮТІКТЕУ
Үтік табанының температурасы өте төмен болған
кезде, су жіберуді жауып қалатын, тамшыға
қарсы құлақшасымен жабдықталған, бұл үтіктің
табанындағы (11) саңылаудан тамшылардың
пайда болуын тоқтатады. Үтік табаны не
қызған кезде, не суыған кезде тамшыға қарсы
құлақшаның ашылу/жабылуына тән шыртыл-
тарды естисіз, бұл оның дұрыс жұмыс істеп
тұрғандығын білдіреді.
Бумен үтіктеу тек температура реттегіші (8) «•••»
немесе «MAX» күйіне орнатылған кезде ғана
мүмкін болады.
•
Үтікті түбіне (7) қойыңыз.
•
Желілік баудың айыретігін электрлік ашалыққа
салыңыз.
•
Сауытта (10) су жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз
•
Реттегішті (8) бұрап, қажетті үтіктеу темпе-
ратурасын бумен жұымс істеу аймағынада
белгілеңіз, сол кезде көрсеткіш (5) жанады.
•
Үтіктің табаны (11) белгіленген температураға
дейін жеткен кезде көрсеткіш (5) сөніп қалады,
осыдан кейін үтіктеуге кірісе беруге болады.
•
Тұрақты бу беру реттегішімен (9) қажетті бу
түзу қарқындылығын орнатыңыз.
•
Тұрақты бу жіберу режимінде табанның
саңылауларынан (11) шыққан бу үтіктің тек
көлденең күйінде тұрған кезде ғана шығады. Бу
беруді тоқтату үшін үтікті тік күйге орнатыңыз
немесе (9) « » күйіне ауыстырыңыз (бу
жіберу сөндірулі).
•
Үтікті пайдаланып болғаннан кейін темпера-
тура реттегішін (8) «MIN» күйіне, ал үнемі бу
беру реттегішін (9) – бу беру сөндірілген « »
күйіне белгілеңіз (бу жіберу сөндірулі).
•
Желілік баудың айыртетігін электр ашалығынан
суырыңыз да, оның толық салқындауын күтіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер жұмыс істеу уақытында тұрақты бу
беру болмаса, бу беру реттегіші (9) күйінің
дұрыстығын және резервуарда (10) судың
болуын тексеріңіз.
СУ ШАШЫРАТҚЫШ
•
Сіз шашыратқыш түймесін (4) бірнеше рет
басып матаны дымқылдай аласыз.
•
Сауытта (10) су жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз
ҚОСЫМША БУ БЕРУ
Бу беру қызметі қыртыстарды үтіктеген кезде
пайдалы және үтіктеудің жоғары температуралы
режимінде ғана қолданыла алады (температура
реттегіші (8) «MAX» күйінде).
Қосымша бу беру батырмасын (3) басқан кезде
табанының (11) саңылауларынан бу қарқынды
шыға бастайды.
Ескерту: Судың бу саңылауларынан ағуын бол-
дырмау үшін қосымша бу беру батырмасын (3)
4-5 секунд аралығымен басыңыз.
IM VT-8315.indd 14 31.10.2018 14:43:20