11
ҚҰРЫЛҒЫ ТҰРҒЫН ПАНАЖАЙЛАРДА ТҰР МЫ
СТЫҚ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН АРНАЛҒАН, ҚҰРЫ ЛҒЫ НЫ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ӨНДІРІС
ТІК АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС ПАНА ЖАЙЛАРЫНДА
ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫ НАДЫ.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны төмен температура жағ дайында
тасымалдаған немесе сақта ған кезде, оны
бөлме температурасында үш сағаттан кем
емес уақыт бойы ұстау қажет.
Ылғалдатқыштың ішінде судың іздері болуы
мүмкін – бұл қалыпты құбылыс, себебі құрылғы сапа
бақылауынан өтті.
–
Құрылғыны ораудан шығарыңыз және құрыл-
ғының жұмыс істеуіне кедергі болатын кез-
келген жапсырмаларды жойыңыз. Құрылғының
бүлінбегенін тексеріңіз. Бүлінулер болған
жағдайда аспапты іске қоспаңыз.
–
Құрылғыны іске қосу алдында электр желісінің
кернеуі құрылғының жұмыс кернеуіне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Ескерту:
–
Ылғалдатқышты панажайдағы температура
+10°Cден +40°Cге дейін және салыстырмалы
ылғалдылығы 80% төмен болғанда
пайдаланыңыз.
–
Пайдаланылатын судың температурасы +40°С
ден жоғары болмауы керек.
ЫЛҒАЛДАТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
•
«Будың» шығуына арналған саңылаулары бар
қақпақты (1) сауыттан (2) шешіңіз.
•
Сауытты (2) құрылғының корпусынан (8) шешіңіз.
•
Сауытты (2) төңкеріңіз, қақпақты (4) сағат тіліне
қарсы бұрап, оны шешіңіз.
•
Сауытты (2) қажет мөлшердегі сумен толтырыңыз,
құю саңылауына (3) қақпақты (4) салыңыз да, оны
сағат тілі бағытында бұраңыз.
•
Толтырылған сауытты (2) құрылғының корпусына
(8) орнатыңыз.
•
Желілік бау айыртетігін ашалыққа салыңыз.
•
Тұтқаны (7) сағат тілі бойынша бұрап,
ылғалдатқышты іске қосыңыз, сол кезде іске
қосылу көрсеткіші (6) жанады.
•
«Будың» шығу қарқындылығын тұтқаны (7) бұрап
белгілеңіз.
•
Сауытта (2) су таусылған кезде, көрсеткіш (6)
қызыл түспен жанады.
•
Ылғалдатқышты өшіріңіз, бұл үшін тұтқаны (7)
сағат тіліне қарсы тірелгенге дейін бұраңыз,
осы кезде көрсеткіш (6) сөнеді. Желілік баудың
айыртетігін ашалықтан ажыратыңыз. Сауытқа
(2) су толтырыңыз, оны орнына қойып және
құрылығыны іске қосып, оған.
•
Жұмыс аяқталғаннан кейін ылғалдатқышты
өшіріңіз, бұл үшін тұтқаны (7) сағат тіліне қарсы
тірелгенге дейін бұраңыз, осы кезде көрсеткіш
(6) сөнеді, желілік баудың айыртетігін ашалықтан
суырыңыз.
Ескерту:
–
берілген ылғалдатқыш 8 сағат бойы үздіксіз
жұмыс істеуге арналған.
–
егер ылғалдатқыш сөніп қалса, ал сауытта су
қалса, тұтқаны (7) сол жаққа тірелгенге бұраңыз
және қажетті «будың» шығу қарқындылығын
белгілеңіз.
КҮТІМ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Ескерту! Құрылғыны тазалау немесе оған қызмет
көрсету алдында үнемі сөндіріңіз.
•
Кермек су «шашыратқышта» (5), корпустың ішкі
бөліктерінде және су сауытында минералдық
шөгінділердің пайда болуын тудырады, бұл
ылғалдатқыштың жұмысының нашарлауына және
интерьердің бөлшектерінде ақ өңездің пайда
болуына әкеледі.
•
Бұған жол бермеу үшін апта сайын
шашыратқышты (5) тазалап және сауыттағы (2)
суды мүмкіндігінше жиі ауыстырып отыру керек.
•
Сіз ылғалдатқышты ұзақ уақыт бойы
пайдаланбайтын болсаңыз: сауыттан (2) және
«шашыратқыштың» (5) жұмыс бөлігінен суды төгіп
тастаңыз, сауытты (2) жуыңыз, шашыратқыштың
(5) жұмыс бөлігін және «шашыратқыштың» (5) өзін
тазалап жуыңыз, құрылғыны әбден құрғатыңыз
да, оны сақтауға салып қойыңыз.
Апта сайынғы күтім
•
Аптасына бір рет суға арналған сауытты (2) және
«шашыратқыштың» (5) жұмыс бөлігін бейтарап
жуғыш заттың ерітіндісімен әбден жуыңыз.
•
Осыдан кейін оларды сумен әбден шайыңыз.
•
Тазартқыш заттың 5-10 тамшысын «шашы-
ратқышқа» (5) тамызыңыз, 2-5 минуттай күте
тұрыңыз. Қылшақты пайдаланып «шашы ратқыш»
(5) бетінен өңезді жойыңыз.
Ескерту: «Шашыратқыш» (5) үшін тазартқыш
құрал ретінде шәйнектегі қақтарды кетіруге
арналған затты пайдалануға болады.
•
Ылғалдатқыш корпусын (8) жұмсақ, сәл ғана ылғалды
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
•
Ылғалдатқыш корпусын (8), желілік бауды және
желілік баудың айыртетігін суға немесе кез-
келген сұйықтыққа матыруға тыйым салынады.
Ылғалдатқыш корпусының (8) ішіне суың тиюіне
жол бермеңіз.
•
Корпус бетін (8) пен суға арналған сауытты (2)
тазалау үшін еріткіштерді немесе қажайтын
тазалағыш заттарды қолдануға тыйым салынады.
САҚТАЛУЫ
•
Егер сіз құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланбайтын
болсаңыз және оны сақтауға салып қойғыңыз
келсе, «шашыратқыштың» (5) жұмыс бөлігімен бірге
барлық бөліктерінің құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
•
Сауытта және «шашыратқыштың» (5) жұмыс
бөлігінде суы бар құрылғыны сақтамаңыз.
•
Ылғалдатқышты құрғақ салқын, балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
IM VT-2339.indd 11 07.11.2018 14:32:50