–
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бүлінген
жерлері болған кезде үтікті пайдаланбаңыз.
–
Электр желісінің кернеуі үтіктің жұмыс
кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
АВТО ТҮРДЕ АЖЫРАТУ ҚЫЗМЕТІ
Бұл модельде үтікті автоматты түрде ажыратудың
екі режимі қарастырылған.
•
Егер үтік көлденең күйде 30 секунд бойы
қозғалмай түрса, онда үтіктің қыздырғыш
элементі ажыратылады, бұл кезде дыбыстық
белгі естіледі. Үтіктеу процесін қайта
жалғастырған кезде үтік автоматты түрде
қосылады.
•
Егер үтік тік күйде 8 минут бойы қозғалмай
түрса, онда үтіктің қыздырғыш элементі ажы-
ратылады, бұл кезде дыбыстық белгі естіледі.
Үтіктеу процесін қайта жалғастырған кезде үтік
автоматты түрде қосылады.
СУДЫ ТАҢДАУ
Резервуарды толтыру үшін суқұбырындағы
суды пайдаланыңыз. Егер суқұбырындағы су
кермек болса, онда оны тазартылған сумен 1:1
арақатынасы бойынша араластырыңыз, су өте
кермек болған кезде оны тазартылған сумен 1:2
арақатынасы бойынша арала-стырыңыз немесе
тек тазартылған суды пайдаланыңыз.
СУҒА АРНАЛҒАН РЕЗЕРВУАРДЫ ТОЛТЫРУ
Суды үтікке құю алдында, оның желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
–
Температура реттегішін (11) «min» күйіне,
ал тұрақты бу беру реттегішін (3) күйіне
орнатыңыз (сур. 1).
–
Құю саңылауының қақпағын (2) ашыңыз.
–
Өлшейтін стаканшаны (15) пайдаланып, суды
сауытқа (10) (сур. 2) құйыңыз, қақпақты (2)
тығыз жабыңыз.
Ескерту:
•
Су құюға арналған резервуарға (10)
хошиістендіргіш сұйықтықтарды, сірке суын,
крахмал ерітіндісін, қақтарды кетіруге арналған
реагенттерді, химиялық заттарды және т.б.
құюға тыйым салынады.
•
Суды «max» белгісінен (13) жоғары
толтырмаңыз.
•
Егер үтіктеу кезінде суды үстемелеу керек
болса, онда үтікті сөндіріңіз де, желілік шнур
ашасын электр розеткасынан суырыңыз.
ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
–
Әрқашан үтіктеу алдында үтіктеудің ұсынылған
температурасы көрсетілген бұйымның жап-
сырмасын қараңыз.
–
Егер үтіктеу бойынша нұсқаулары бар тілше
жоқ болса, бірақ сіз материалдың түрін ажы-
рата алсаңыз, онда температураны таңдау
үшін кестені пайдаланыңыз.
Белгілеулер Матаның түрі (температура)
•Синтетика, нейлон, акрил,
полиэстер (төменгі температура)
•• Жібек/жүн (орташа температура)
••• Мақта, зығыр (жоғары температура)
max Максималды температура
–
Бұл кесте тек тегіс материалдарға арналған.
Егер мата басқа түрлі болса (бүктелген,
бедерлі және т.с.с.), онда оны төмен темпера-
турада үтіктеген дұрыс болады.
–
Алдымен киімдерді үтіктеу температурасы
бойынша сұрыптап алыңыз: синтетиканы –
синтетикаға, жүнді – жүнге, мақтаны – мақтаға
және т.с.с.
–
Үтіктің қызуы, оның сууына қарағанда тез.
Сондықтан алдымен, төменгі температурадағы
киімдерді үтіктеп алған жөн (мысалы,
синтетикалық маталар).
–
Содан кейін анағұрлым жоғары темпера-
тура кезіндегі үтіктеуге көшіңіз (жібек, жүн).
Мақта мен зығыр бұйымдарын соңғы кезекте
үтіктеген жөн.
–
Егер матаның құрамына аралас талшықтар
кірген болса, онда ең төменгі үтіктеу тем-
пературасын орнатып қойған жөн (мысалы,
бұйым акрилдан және мақтадан тұрса, онда
оны акрилға сәйкес келетін температурада
«●» үтіктеу қажет).
–
Егер сіз матаның құрамын анықтай алмасаңыз,
онда киімнің киген кезде көзге түсе қоймайтын
жерін тауып алыңыз да, тәжірибелік жолмен
үтіктеу температруасын таңдаңыз (үнемі ең
төменгі температурадан бастаңыз да, қалаған
нәтижеге қол жеткізбейінше оны көбейте беріңіз).
–
Вельветті және басқа да тез түгі түсетін мата-
ларды қатаң түрде бір бағытта ғана (түктің
ығына қарай) сәл батыңқырап үтіктеу керек.
–
Синтетикалық және жібек маталарда түгі
түскен дақтардың пайда болуын болдырмас
үшін оларды астары жағынан үтіктеген жөн.
ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ОРНАТУ
–
Үтікті түбіне (8) қойыңыз.
–
Желілік шнурдың ашасын электр розеткасына
сұғыңыз.
–
Реттегішті (11) бұрай отырып, қалаған үтіктеу
температурасын орнатыңыз: «●», «●●», «●●●»
немесе «max» (сур. 3), сол кезде көрсеткіш (9)
жанады.
VT-1234.indd 13 31.10.2017 17:13:24