• Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың барлығын ас құралдары себетіне ұшын төмен
қаратып салыңыз. Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен не пышақ салатын себетке
салыңыз. (Пышақ салынатын себет тек кей үлгілерде ғана бар).
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз, шайғыш зат)
ғана қолданыңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар су жұмсартқышқа
нұқсан келтіруі мүмкін.
• Тұзды ыдыс жуғыш машинаға жуу бағдарламасын бастамай тұрып салыңыз.
Құрылғыда қалған қалдық тұз құрылғыны тоттандыруы немесе табанын ойып
жіберуі мүмкін.
• Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан басқа бөгде зат (мысалы, ыдыс жуғыш
машинаны тазартқыш, сұйық тазартқыш) салмаңыз. Бұл құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
• Жуу бағдарламасын бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін
айнала алатынына
көз жеткізіңіз.
• Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығып
кетуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
• Ыдыстарды жуу бағдарламасы аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Күту менен тазалау
• Құрылғыны тазалар алдында, оны сөндіріңіз де, ашаны розеткадан алыңыз.
• Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу нəтижесі
қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді немесе буды қолданбаңыз. Электр қатері
орын
алуы жəне құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
Орнату
• Құрылғының еш жерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны
орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз, сатушыға хабарласыңыз.
• Құрылғыны орнатып іске қосар алдында орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Электр қосылымына, құбыр жүйесіне, құрылғыны орнатуға қатысты жұмыстарды тек
білікті маман іске асыруға тиіс. Бұл құрылғының құрылымына немесе адамға зақым
келмес үшін қажет.
• Құрылғыны орнату барысында оның
ашасының розеткадан ағытылғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғының қабырғаларын, оның гидравликалық немесе электрлік бөлшектерін
бүлдіріп алмас үшін бұрғылап теспеңіз.
• Маңызды!Құрылғымен бірге келген парақтағы нұсқауларды орындаңыз:
– Құрылғыны орнату.
– Есік панелін құрастыру.
– Сумен жабдықтау жəне су төгу жүйелеріне қосу.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын
қамтамасыз етіңіз.
Қауіпсіздік туралы
мағлұматтар
5