Aeg-Electrolux F78002VI0P Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
FAVORIT 78002 VI
KK ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
UK ПОСУДОМИЙНА МАШИНА ІНСТРУКЦІЯ 25
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген
жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға
мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға
негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе
бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз
жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз.
Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының
мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен
танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың
барлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін қамтамасыз
етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары
стандартқа сай жасалған керек-жарақтардың ішінен
арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары
салынатын себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір
жуғыш машинаға арналған нәзік тор тәрізді заттардың
барлығын таба аласыз...
интернеттегі мына дүкенге барыңыз:
www.aeg-electrolux.com/shop
2
МАЗМҰНЫ
4 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
8 Бұйым сипаттамасы
9 Басқару панелі
11 Құрылғыны қолдану
12 Су жұмсақтайтын бұйымын салу
13 Ыдыс жуғыш машинасы үшін
арналған
14 Жуғыш және шайғыш затты
қолдану
15 Мульти таб функциясы
15 Ас құралдары менен ыдыс-
аяқты салуs
16 Жуу программалар
18 Жуу бағдарламасын таңдау
және бастау
20 Күту менен тазалау
21 Не істерсіңіз, егер...
24 Техникалық сиппатама
24 Қоршаған ортаға зиян келдірмеу
туралы мағлұматтар
Осы қолдану туралы нұсқауларда астыда
көрсетілген белгілер қолданылады:
Өзіңіздің жеке бас қауіпсіздігіңіз менен
бұйымды бұзылдырмай қолдану туралы
мағлұматтар.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей
пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу
құқығына ие.
Мазмұны
3
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.
Қоршаған ортаға өз үлесіңізді қосу үшін.
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Құрылғыны басқа жаққа көшірсеңіз немесе басқа адамға берсеңіз, осы нұсқаулықты
әрқашан онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі
жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат
бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы
немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып қалу
немесе жарақат алу қаупі бар.
Жуғыш заттардың барлығын қауіпсіз жерде сақтаңыз. Балаларға жуғыш затты
ұстауға рұқсат бермеңіз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз.
Қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Көз, ауыз, өңеш күйіп қалмас үшін, жуғыш зат өндірушісінің қауіпсіздік нұсқауларын
орындаңыз.
Құрылғыдағы суды ішуге болмайды. Құрылғыда жуғыш заттың қалдығы қалуы
мүмкін.
Құрылғының есігін қараусыз ашық қалдырмаңыз. Бұл жарақаттанып қалуға және
ашық есікке соғылып қалуға жол бермеу үшін қажет.
Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз немесе үстіне шығып тұрмаңыз.
Қолданылуы
Бұл тек үйде қолдануға арналған құрылғы. Адам жарақаттануға жол бермеу және
мүлікке нұқсан келтірмеу үшін құрылғыны басқа мақсатта қолданбаңыз.
Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу үшін ғана
қолданыңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу
қаупі бар.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың барлығын ас құралдары себетіне ұшын төмен
қаратып салыңыз. Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен не пышақ салатын себетке
салыңыз. (Пышақ салынатын себет тек кей үлгілерде ғана бар).
Ыдыс жуғыш машинаға арналған арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз, шайғыш зат)
ғана қолданыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар су жұмсартқышқа нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұзды ыдыс жуғыш машинаға жуу бағдарламасын бастамай тұрып салыңыз.
Құрылғыда қалған қалдық тұз құрылғыны тоттандыруы немесе табанын ойып
жіберуі мүмкін.
Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан басқа бөгде зат (мысалы, ыдыс жуғыш
машинаны тазартқыш, сұйық тазартқыш) салмаңыз. Бұл құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Жуу бағдарламасын бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына
көз жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығып
кетуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
Ыдыстарды жуу бағдарламасы аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Күту менен тазалау
Құрылғыны тазалар алдында, оны сөндіріңіз де, ашаны розеткадан алыңыз.
Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу нәтижесі
қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді немесе буды қолданбаңыз. Электр қатері
орын алуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
Орнату
Құрылғының еш жерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны
орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз, сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны орнатып іске қосар алдында орам материалдарының барлығын алыңыз.
Электр қосылымына, құбыр жүйесіне, құрылғыны орнатуға қатысты жұмыстарды тек
білікті маман іске асыруға тиіс. Бұл құрылғының құрылымына немесе адамға зақым
келмес үшін қажет.
Құрылғыны орнату барысында оның ашасының розеткадан ағытылғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының қабырғаларын, оның гидравликалық немесе электрлік бөлшектерін
бүлдіріп алмас үшін бұрғылап теспеңіз.
Маңызды! Құрылғымен бірге келген парақтағы нұсқауларды орындаңыз:
Құрылғыны орнату.
Есік панелін құрастыру.
Сумен жабдықтау және су төгу жүйелеріне қосу.
Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын
қамтамасыз етіңіз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5
Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары
Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз.
Мұз қату салдарынан болған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Суға қосу
Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін жаңа түтіктерді пайдаланыңыз. Бұрын
қолданылған түтіктерді пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне немесе ұзақ уақыт қолданыста болмаған
құбырларға қоспаңыз. Суды бірнеше минут ағызып қойыңыз да, содан кейін су
құятын түтікті жалғаңыз.
Құрылғыны орнатып жатқанда, су түтіктерінің жаншылып қалмағанын немесе
бүлінбегенін тексеріңіз.
Су құбыры жалғастырғыштарының су ақпайтындай берік орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда, түтіктерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік
клапанымен жабдықталған. Су құятын түтікте тек су құйылған кезде ғана қысым
пайда болады. Су құятын түтіктен су ақса, қауіпсіздік клапаны ағып жатқан суды
тоқтатады.
Су құятын түтікті жалғаған кезде абай болыңыз:
Су құятын түтікті немесе қауіпсіздік клапанын суға батырмаңыз.
Су құятын түтік немесе қауіпсіздік клапаны бүлінсе, ашаны дереу розеткадан
суырыңыз.
Қауіпсіздік клапаны бар түтікті ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қатерлі кернеу.
Электртоғына қосу
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
6
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты аша мен ұзартқыш сымды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының арт жағындағы аша мен қорек сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
ажыратыңыз.
Қызмет көрсету орталығы
Құрылғыны тек уәкілетті техник ғана жөндеуге немесе оған қатысты жұмыстарды
орындауға тиіс. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін:
Ашаны розеткадан ағытыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл балалар мен үй жануарлары құрылғыға
кіріп қамалып қалмас үшін қажет. Тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны жергілікті қоқыс тастайтын жерге тастаңыз.
Назарыңызда болсын!
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті және тоттандыруы мүмкін !
Егер осы жуғыш заттардан болып оқыс жағдай орын алса, дереу дәрігерге
хабарласыңыз.
Жуғыш зат ауызға түсіп кетсе дереу дәрігерге хабарласыңыз.
Жуғыш зат көзге түсіп кетсе, дереу дәрігерге хабарласыңыз және көзіңізді сумен
шайыңыз.
Ыдыс жуғыш машинада қолданылатын жуғыш заттарды қауіпсіз, балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жуғыш зат үлестіргіште жуғыш зат болған кезде, құрылғының есігін ашық
қалдырмаңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін жуу бағдарламасын бастардың алдында ғана толтырыңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
7
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
2
3
4
5
6
7
1
8
9
10
1 Үстіңгі себет
2 Су кермектігі тетігі
3 Тұз сауыты
4 Жуғыш зат үлестіргіші
5 Шайғыш зат үлестіргіші
6 Техникалық ақпарат тақтайшасы
7 Сүзгілер
8 Астыңғы бүріккіш түтік
9 Үстіңгі бүріккіш түтік
10 Үстіңгі бүріккіш түтік
Көрінетін сигнал
Жуу бағдарламасы басталған кезде, құрылғы есігінің астыңғы жағынан қызыл
сигнал көрінеді. Қызыл сигнал жуу бағдарламасы аяқталғанша жанып тұрады.
Жуу бағдарламасы аяқталған кезде, құрылғы есігінің астыңғы жағынан жасыл
сигнал көрінеді.
Құрылғыда ақау пайда болған кезде, құрылғы есігінің астыңғы жағында қызыл
сигнал жыпылықтайды.
Құрылғыны ас үй жиһазымен деңгейлестіріп, биіктете орнатқан жағдайда, оптикалық
сигнал көрінбейді.
8
Бұйым сипаттамасы
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Басқару құралдары басқару панелінің үстінде орналасқан. Басқару құралдарымен
басқару үшін құрылғының есігін ашыңқырап ұстаңыз.
1
2
3
4
5
6
7 8
9
1 Қосу/өшіру түймешігі
2 Бейнебет
3 Кешіктіріп бастау түймешігі
4 Бағдарлама түймешігі (төмен)
5 Бағдарлама түймешігі (жоғары)
6 Extra-Hygiene түймешігі
7 Multitab түймешігі
8 RESET түймешігі
9 Индикатор шамдары
Индикатор шамдары
Тұз индикаторы. Бұл шам тұз сауытын толтыру қажет болған кезде жанады.
1)
Сауытты толтырғаннан кейін тұз индикаторы бірнеше сағат жанған қалпы
тұрады. Бұл құрылғының жұмысына теріс әсер етпейді.
Шайғыш зат индикаторы. Бұл индикатор шайғыш зат сауытын толтыру
қажет болған кезде жанады.
1)
"Соңы" индикаторы. Бұл индикатор жуу бағдарламасы аяқталғанда жанады.
1) Жуу бағдарламасы орындалып жатқанда тұз және/не шайғыш зат сауыттары босап қалса, тиісті
индикатор шамдары жанбайды.
Қосу/өшіру түймешігі
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін осы түймешікті басыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін он минут өткеннен кейін, AUTO OFF функциясы
құрылғыны автоматты түрде сөндіреді. Бұл электр қуатын аз тұтынуға көмектеседі.
Бейнебет
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
Су жұмсартқыштың электрондық тәсілмен бапталған деңгейі
Шайғыш зат үлестіргішін қосу және сөндіру (тек multitab функциясы қосулы тұрғанда
ғана)
Жуу бағдарламасының нөмірі
Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін қалған уақыт
Жуу бағдарламасының аяқталуы (бейнебетте нөл көрсетіледі)
Басқару панелі
9
Кешіктіріп бастау параметрінің кері санағы
Ескерту кодтары
Дыбысты сигналдардың қосылуы мен сөндірілуі.
Кешіктіріп бастау түймешігі
Жуу бағдарламасын 1-ден 24 сағатқа дейін кешіктіріп бастау үшін осы түймешікті
қайта-қайта басыңыз.
Бағдарлама түймешіктері
Жуу бағдарламасын орнату үшін осы түймешіктердің бірін қайта-қайта басыңыз.
Түймешікті әр басқан сайын бейнебетте жуу бағдарламасының нөмірі көрсетіледі.
'Жуу бағдарламалары' тарауын қараңыз.
Extra-Hygiene түймешігі
Бұл функция гигиенаны сақтауға қатысты жақсы нәтижелер береді. Шаю циклі кезінде
температура 10-14 минут 70 °C градуста тұрады.
Функцияны іске қосу үшін осы түймешікті басыңыз. Тиісті индикатор жанады.
Көп қоындылы түймешік
Көп қойынды функциясын белсендіру немесе ажырату үшін осы түймешікті басыңыз.
"Көп қойындылы функциясы" бөлімін қараңыз.
RESET түймешігі
Біржола тоқтату үшін осы түймешікті басыңыз:
Орындалып тұрған жуу бағдарламасы
Кешіктіріп бастау параметрінің кері санағы.
Параметрлерді орнату режимі
Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұруға тиіс:
Жуу бағдарламасын орнату және бастау үшін.
Кешіктіріп бастау бағдарламасын орнату және бастау үшін.
Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тәсілмен баптау үшін.
Шайғыш зат үлестіргішті қосу не өшіру (тек multitab функциясы қосулы тұрғанда
ғана) үшін.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру немесе қосу үшін.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді орнату режимінде
тұрады:
Бейнебетте екі көлденең қалып-күй жолағы пайда болса.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді орнату режимінде
тұрмайды.
Бейнебетте жуу бағдарламасының немесе кешіктіріп бастау циклінің уақыты
көрсетіледі.
Параметрлерді орнату режиміне қайту үшін жуу бағдарламасын немесе кешіктіріп
бастау функциясын біржола тоқтату керек. 'Жуу бағдарламасын таңдау және
бастау' тарауын қараңыз.
10
Басқару панелі
Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар келесі жағдайда естіледі:
Жуу бағдарламасы аяқталғанда.
Су жұмсартқыштың деңгейі электрондық тәсілмен бапталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Зауытта орнатылған параметрлер: қосулы.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. (4) және (5) түймешігін, (3), (4) және (5) түймешіктерінің индикаторлары
жыпылықтағанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
4. (4) және (5) түймешігін босатыңыз.
5. (5) түймешігін басыңыз,
(3) және (4) түймешіктерінің индикаторлары сөнеді.
(5) түймешігінің индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
Бейнебетте дыбыстық сигналдар параметрі көрсетіледі.
Дыбыстық сигналдар қосулы.
Дыбыстық сигналдар сөндірулі.
6. Параметрді өзгерту үшін (5) түймешігін басыңыз.
7. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Дыбыстық сигналдарды қайта қосу үшін (1) бастап (7) дейінгі қадамдарды орындаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
1. Су жұмсартқыштың деңгейі, тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай деңгейге
қойылғанына көз жеткізіңіз. Сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан салыңыз.
4. Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды құрылғыға салыңыз.
5. Ыдыс-аяқтың салынған мөлшері мен ластығына қарай жуу бағдарламасын дұрыс
орнатыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш затты тиісті мөлшерде салыңыз.
7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Егер құрама жуғыш таблеткаларды ('3 in 1', '4 in 1', '5 in 1') қолдансаңыз, multitab
функциясын қолданыңыз ('Multitab функциясы' тарауын қараңыз).
Құрылғыны қолдану
11
СУ ЖҰМСАҚТАЙТЫН БҰЙЫМЫН САЛУ
Су жұмсартқыш судың құрамындағы минералдар мен тұздарды кетіреді. Бұндай
минералдар мен тұздар құрылғыға нұқсан келтіреді.
Су жұмсартқыштың деңгейі тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай келмесе, су
жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін, жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне
хабарласып біліңіз.
Судың кермектігі
Судың кермектігін
реттеу
Неміс градусы
(dH°).
Француз градусы
(°TH).
ммоль/л Кларк
градусы
қолмен электр
ондық
тәсілм
ен
51 - 70 91 - 125 9,1 - 12,5 64 - 88
2
1)
10
43 - 50 76 - 90 7,6 - 9,0 53 - 63
2
1)
9
37 - 42 65 - 75 6,5 - 7,5 46 - 52
2
1)
8
29 - 36 51 - 64 5,1 - 6,4 36 - 45
2
1)
7
23 - 28 40 - 50 4,0 - 5,0 28 - 35
2
1)
6
19 - 22 33 - 39 3,3 - 3,9 23 - 27
2
1)
5
1)
15 - 18 26 - 32 2,6 - 3,2 18 - 22 1 4
11 - 14 19 - 25 1,9 - 2,5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0,7 - 1,8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0,7 < 5
1
2)
1
2)
1) Зауытта орнатылған параметр.
2) Осы деңгейде тұрса тұзды қолданбаңыз.
Су жұмсартқышты қолмен және электронды тәсілмен реттеуіңіз қажет.
Қолмен реттеу
Су кермектігі тетігін 1-ші немесе 2-ші орынға
(кестеге қараңыз) қойыңыз.
Электрондық жолмен реттеу
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
12
Су жұмсақтайтын бұйымын салу
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. (4) және (5) түймешігін, (3), (4) және (5) түймешіктерінің индикаторлары
жыпылықтағанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
4. (4) және (5) түймешігін босатыңыз.
5. (3) түймешігін басыңыз,
(4) және (5) түймешіктерінің индикаторлары сөнеді.
(3) түймешігінің индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
Дыбыстық сигналдар естіледі.
Бейнебетте су жұмсартқыштың параметрі көрсетіледі (мысалы:
және
дыбыстық сигнал естіледі = 5-ші деңгей).
6. Параметрді өзгерту үшін (3) түймешігін қайта-қайта басыңыз.
7. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Су жұмсартқыш электрондық тәсілмен 1-ші мәнге қойылса, тұз индикаторы сөнген
қалпы тұрады.
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАСЫ ҮШІН АРНАЛҒАН
Тұз сауытын қалай толтыру керек
1. Тұз сауытының қақпағын сағат
бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су (тек ең алғаш
тұз салғанда) құйыңыз.
3. Тұз сауытын тұзға толтыру үшін
құйғышты пайдаланыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуінің
айналасындағы тұзды тазалаңыз.
5. Тұз сауытының қақпағын сағат
бағытымен бұрап жабыңыз.
Тұз сауытын тұзға толтырған кезде, одан су
төгіледі, бұл дұрыс.
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
13
ЖУҒЫШ ЖӘНЕ ШАЙҒЫШ ЗАТТЫ ҚОЛДАНУ
20
30
M
A
X
1
2
3
4
+
-
1
2
3
4
5
6
7
Тазалау бұйымдарын қолдану
Қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін, жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
Жуғыш зат өндірушісінің жуғыш заттың орамында көрсеткен нұсқауларын орындаңыз.
Шайғыш зат үлестіргішті қалай толтыру керек:
1.
Жуғыш зат үлестіргіштің
2
қақпағын ашу үшін
7
оны босататын түймешікті
басыңыз.
2.
Жуғыш затты үлестіргішке салыңыз
1
.
3. Жуу бағдарламасының алдын ала жуу циклі бар болса, құрылғы есігінің ішкі бетіне
жуғыш заттан аз ғана салыңыз.
4. Құрама жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, оларды жуғыш зат үлестіргішіне
салыңыз
1
.
5. Жуғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын өз орнына түскенше басыңыз.
Жуғыш таблеткаларды қолданған кезде ұзақ жуу бағдарламаларын қолданыңыз.
Себебі қысқа жуу бағдарламалары таблеткаларды толық еріте алмайды және жуу
нәтижесін төмендетеді.
Шаю бұйымдары
Шайғыш зат ыдыстарды ешбір жолақ немесе дақ қалдырмай кептіруге мүмкіндік
береді.
Шайғыш зат үлестіргіші соңғы шаю циклі кезінде шайғыш затты автоматты түрде
қосады.
Шайғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1.
Шайғыш зат үлестіргіштің
6
қақпағын ашу үшін
5
босататын түймешікті басыңыз.
14
Жуғыш және шайғыш затты қолдану
2.
Шайғыш зат үлестіргішті
3
шайғыш затпен толтырыңыз. 'max' таңбаламасы ең
үлкен мәнді көрсетеді.
3. Жуу бағдарламасы орындалған кезде, төгіліп қалған шайғыш зат қатты көпіршімес
үшін сіңіргіш шүберекпен тазалап алыңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын өз орнына түскенше басыңыз.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін белгілеңіз
Зауытта мына мән орнатылған: 3.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін 1 (ең аз) және 4 (ең көп) мәндерінің біріне
қоюға болады.
Шайғыш заттың мөлшерін
4
көбейту немесе азайту үшін шайғыш зат тетігін бұраңыз.
МУЛЬТИ ТАБ ФУНКЦИЯСЫ
Multitab функциясы құрама жуғыш таблеткаларға арналған.
Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш зат, шайғыш зат және ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұз бар. Кейбір таблеткаларда басқа да жуғыш заттар болады.
Бұл таблеткалардың тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне (жуғыш құралдардың
орамындағы нұсқауларға қараңыз) сай келетініне көз жеткізіңіз.
Multitab функциясы шайғыш зат пен тұзды ағызбай тоқтатып тастайды.
Multitab функциясы тұз бен шайғыш зат индикаторларын сөндіреді.
Multitab функциясын қолданғанда, бағдарлама уақыты ұзарады.
Multitab функциясын жуу бағдарламасын бастамай тұрып қосыңыз не өшіріңіз. Жуу
бағдарламасы жұмыс жасап тұрған кезде, функцияны қосып не өшіре алмайсыз.
Multitab функциясын қосу
Multitab түймешігін басыңыз, multitab индикаторы жанады. Функция қосулы.
Multitab функциясын орнатсаңыз, ол қайта өшіргенше қосулы тұрады.
Multitab функциясын өшіріп, жуғыш зат, тұз бен шайғыш затты жеке-жеке пайдалану үшін
1. Multitab түймешігін басыңыз, multitab индикаторы сөнеді. Функция сөнеді.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Судың кермектігін ең үлкен мәнге қойыңыз.
4. Жуу бағдарламасын ыдыс салмай орындаңыз.
5. Жуу бағдарламасы аяқталған кезде, су жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі судың
кермектігіне қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін реттеңіз.
АС ҚҰРАЛДАРЫ МЕНЕН ЫДЫС-АЯҚТЫ САЛУS
'Құрылғыны толтыру ProClean тәсілдері' тарауын қараңыз.
Ақыл-кеңес
Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
Мульти таб функциясы
15
Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.
Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып
салыңыз.
Сауыттарға немесе шыныаяқтарға су жиналып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып кетпейтін етіп салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
Кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.
Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас үшін басқа ас құралдарымен араластырып
салыңыз.
Ыдыс-аяқтарды себеттерге салғанда, олардың барлық жеріне су тиетініне көз
жеткізіңіз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
Пластик заттар мен жабысқақ емес қаптамасы бар ыдыстарға су тамшылары тұрып
қалуы мүмкін.
ЖУУ ПРОГРАММАЛАР
Бағдарлама Ластану түрі Ыдыс-аяқтың түрі Бағдарлама
сипаттамасы
Extra-
Hygiene
функциясы
1
1)
Барлығы Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 45 °C не 70 °C
Шаю циклдері
Құрғату
Иә, әсер
етеді
2 Қатты
ластанған
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдері
Құрғату
Иә, әсер
етпейді
3
2)
Қалыпты
ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Алдын ала жуу
Жуу 50 °C
Шаю циклдері
Құрғату
Иә, әсер
етпейді
4
3)
Жаңа
ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Жуу 60 °C
Шаю циклі
Иә, әсер
етеді
5
4)
Қалыпты
ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Алдын ала жуу
Жуу 50 °C
Шаю циклдері
Құрғату
Иә, әсер
етеді
16
Жуу программалар
Бағдарлама Ластану түрі Ыдыс-аяқтың түрі Бағдарлама
сипаттамасы
Extra-
Hygiene
функциясы
6 Шамалы
ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Жуу 55 °C
Шаю циклдері
Иә, әсер
етеді
7 Қалыпты не
шамалы
ластанған
Осал ыдыс-аяқ пен
шыны ыдыс
Жуу 45 °C
Шаю циклдері
Құрғату
Иә, әсер
етпейді
8 Бұл бағдарламаны ыдыстарды
жылдам шаю үшін қолданыңыз. Бұл
қалдықтардың ыдыстарға жабысып,
құрылғыдан жағымсыз иіс шығаруына
жол бермейді.
Бұл бағдарламаны қолданғанда,
жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
Шаю циклі Иә, әсер
етпейді
1) Құрылғы себеттердегі заттардағы ластықтың түрі мен мөлшерін анықтай алады. Ол температураны,
судың мөлшерін, қуат параметрі мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.
2) Бұл ең шуыл шығармайтын жуу бағдарламасы. Шуыл деңгейін азайту үшін сорғы өте төмен
жылдамдықпен жұмыс істейді. Жылдамдық төмен болғандықтан бағдарлама уақыты ұзақ.
3) Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже
береді.
4) Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама. Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты
кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. Сынақ
деректерін ілеспе кітапшадан қараңыз.
Пайдалану көлемі
Бағдарлама Бағдарлама уақыты
(минут)
Қуат (кВт/с) Су (литр)
1 90 - 160 0,9 - 1,7 8 - 15
2 140 - 160 1,5 - 1,6 13 - 14
3 200 - 220 1,1 - 1,2 9 - 11
4 30 0,9 9
5 160 - 170 0,9 - 1,0 9 - 11
Жуу программалар
17
Бағдарлама Бағдарлама уақыты
(минут)
Қуат (кВт/с) Су (литр)
6 50 - 60 1,0 - 1,2 10 - 11
7 65 - 75 0,8 - 0,9 11 - 12
8 14 0,1 4
Бұл мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы және
ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ БАСТАУ
Жуу бағдарламасын кешіктіріп бастау функциясынсыз бастау
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Жуу бағдарламасын орнатыңыз.
Бейнебетте бағдарлама нөмірі жыпылықтайды.
4. Егер қажет болса, extra-hygiene функциясын орнатыңыз.
5. Құрылғы есігін жабыңыз, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу бағдарламасын бастау
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Жуу бағдарламасын, қажет болса extra-hygiene функциясын орнатыңыз.
4. Кешіктіріп бастау түймешігін бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты көрсетілгенше
қайта-қайта басыңыз.
Бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты жыпылықтайды.
Кешіктіру индикаторы қосылады.
5. Құрылғы есігін жапқан кезде кері санақ автоматты түрде басталады.
Кері санақ аяқталған кезде, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Құрылғы есігін ашқанда, кері санақ тоқтайды. Есікті жапқаннан кейін, кері санақ
тоқтаған жерінен бастап жалғасады.
«Кешіктіріп бастау» функциясын болдырмау
Құрылғы есігі ашық тұрса, кері санақ басталмайды
1. Кешіктіріп бастау түймешігін бейнебетте жуу бағдарламасының нөмірі
көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
18
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау
Бейнебетте сан жыпылықтайды.
2. Құрылғы есігін жабыңыз, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Құрылғы есігі жабылса, кері санақ орындалады
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін бейнебетте жуу бағдарламасының нөмірі
көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
Сан бірнеше секунд жыпылықтап тұрады да, содан кейін бейнебетте жуу
бағдарламасының уақыты көрсетіледі.
3. Құрылғы есігін жабыңыз, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Жуу бағдарламасын кідірту
Құрылғы есігін ашыңыз.
Жуу бағдарламасы тоқтайды.
Құрылғы есігін жабыңыз.
Жуу бағдарламасы үзілген жерінен бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасын біржола тоқтату
Егер жуу бағдарламасы басталмаса, параметрді өзгертуіңізге болады.
Жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде параметрді өзгерту үшін бағдарламаны
біржола тоқтату керек.
RESET түймешігін бейнебетте екі көлденең жолақ пайда болғанша басыңыз.
Жаңа жуу бағдарламасын бастар алдында, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың бар
екеніне көз жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасының соңы
Жуу бағдарламасы аяқталған кезде, үзік-үзік дыбысты сигнал естіледі.
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
"Соңы" индикаторы қосылады
Бейнебетте нөл көрсетіледі.
2. Құрылғыны сөндіріңіз.
3. Кұрғату нәтижесін жақсарту үшін құрылғы есігін бірнеше минут ашып қойыңыз.
Себеттердегі ыдыс-аяқтарды алыңыз
Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал
келеді.
Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін үстіңгі себеттегі ыдыстарды алыңыз.
Құрылғының қабырғалары мен есігіне су тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-
аяққа қарағанда тез салқындайды.
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау
19
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сүзгілерді алу және тазалау
Қоқыс тұрған сүзгілер жуу нәтижесін төмендетеді.
Бұл сүзгілер көп күтімді талап етпесе де, оларды мезгіл-мезгіл тексеріп, қажет болса,
тазалап отыруды ұсынамыз.
1. (A) сүзгісін сағат бағытына қарсы бұрап,
(B) сүзгісінен алыңыз.
2. (A) сүзгісі екі бөліктен тұрады. Сүзгіні
ағытып алу үшін оларды бір-бірінен
ажыратыңыз.
3. Бөліктерін сумен әбден тазалаңыз.
4. (A) сүзгісінің екі бөлігін өзара біріктіріңіз
де, үстінен басыңыз. Олардың бір-біріне
дұрыс кірігіп орналасқанына көз
жеткізіңіз.
5. (B) сүзгісін алыңыз.
6. (B) сүзгісін сумен әбден жуыңыз.
7. (B) сүзгісін әдепкі орнына қойыңыз.
Сүзгінің екі бағыттағыштың (C) астына
дұрыс кірігіп орналасқанына көз
жеткізіңіз.
8. (A) сүзгісін (B) сүзгісіндегі орнына
қойыңыз. (A) сүзгісін сағат бағытымен
бекітілгенше бұраңыз.
Бүріккіш түтіктерді тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.
A
B
C
20
Күту менен тазалау
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48

Aeg-Electrolux F78002VI0P Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ