Aeg-Electrolux F88030VIP Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я — чат-бот, обученный на основе инструкции по эксплуатации посудомоечной машины Electrolux F88030VI. Я ознакомился с содержанием руководства и готов ответить на ваши вопросы о работе, настройке, уходе и устранении неполадок этой модели. В инструкции подробно описаны программы мойки, функции, а также советы по загрузке посуды и устранению проблем. Задавайте свои вопросы!
  • Как настроить жесткость воды в посудомоечной машине?
    Что делать, если посудомоечная машина не включается?
    Как использовать функцию "Multitab"?
    Как очистить фильтры посудомоечной машины?
F88030VI
Қолдану туралы
нұсқаулары
Ыдыс жуғыш
машина
Инструкция по
эксплуатации
Посудомоечная
машина
Інструкція Посудомийна
машина
Біздің жоғарғы сапалы өнімдеріміздің бірін таңдағаныңызға
алғысымызды білдіреміз.
Бұл құрылғы тиімді əрі тұрақты жұмыс жасау үшін осы нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз. Бұл құрылғының барлық үрдістерін жете
меңгеріп, оны неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет
жағдайда керек нұсқауларды оқып отыру үшін бұл нұсқаулықты
сенімді жерге сақтап қойыңыз. Құрылғыны келесі пайдаланушыға
берер кезде нұсқаулықты да қоса
беруді ұмытпаңыз.
Жаңа құрылғыны пайдаланып жайлы көңіл-күйге жете беріңіз.
МАЗМҰНЫ
ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР
3
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
3
Балалар мен əлсіз адамдардың
қауіпсіздігі 3
Қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат
3
Қолданылуы 4
Күту менен тазалау 4
Орнату 4
Мұздап қалуға қарсы сақтық
шаралары 5
Суға қосу 5
Электртоғына қосу 6
Қызмет көрсету орталығы 6
Құрылғыны тастау 6
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ 7
Оптикалық сигнал 8
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ 8
Бейнебет 9
Кешіктіріп бастау түймешігі 9
Бағдарлама таңдау түймешіктері
9
Шуылсыз бағдарлама түймешігі
9
Multitab түймешігі 9
Болдырмау түймешігі 9
Функция түймешіктері 9
Параметрлерді орнату режимі 10
Дыбысты сигналдар 10
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ 11
СУ ЖҰМСАҚТАЙТЫН БҰЙЫМЫН
САЛУ 11
Қолмен реттеу 12
Электронды жолмен реттеу 12
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАСЫ ҮШІН
АРНАЛҒАН 13
ЖУҒЫШ ЖƏНЕ ШАЙҒЫШ ЗАТТЫ
ҚОЛДАНУ 13
Тазалау бұйымдарын қолдану 13
Шаю бұйымдары 14
Шайғыш заттың үлестірілетін
мөлшерін белгілеңіз 14
МУЛЬТИ ТАБ ФУНКЦИЯСЫ 14
АС ҚҰРАЛДАРЫ МЕНЕН ЫДЫС-
АЯҚТЫ САЛУS 15
Ақыл-кеңес 15
ЖУУ ПРОГРАММАЛАР 16
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ
ЖƏНЕ БАСТАУ 17
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
жуу бағдарламасын таңдап, іске
қосыңыз. 17
Кешіктіріп бастау функциясы бар
жуу бағдарламасын таңдап, іске
қосу 18
Жуу бағдарламасын кідірту 18
Жуу бағдарламасы немесе
кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтату тəсілі 18
Жуу бағдарламасының соңында
18
Себеттердегі ыдыс-аяқтарды
алыңыз 19
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ 19
Сүзгілерді алу жəне тазалау 19
2
Мазмұны
Бүріккіш түтіктерді тазалау 20
Құрылғының сыртын тазалау 20
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... 20
Жуу жəне кептіру нəтижелері
қанағаттанарлықтай емес. 22
Шайғыш зат үлестіргішін қосу 23
ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА 23
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН
КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
24
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.
Қоршаған ортаға өз үлесіңізді қосу үшін.
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Құрылғыны басқа жаққа көшірсеңіз немесе басқа адамға берсеңіз, осы
нұсқаулықты əрқашан онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде орын
алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
Балалар мен əлсіз адамдардың қауіпсіздігі
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тəжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны
іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру
керек.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
Тұншығып
қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
Жуғыш заттардың барлығын қауіпсіз жерде сақтаңыз. Балаларға жуғыш
затты ұстауға рұқсат бермеңіз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз.
Қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат алу
немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Көз, ауыз, өңеш күйіп қалмас үшін, жуғыш зат өндірушісінің қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғыдағы суды ішуге болмайды. Құрылғыда жуғыш заттың қалдығы
қалуы мүмкін.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
3
117948821-B-182011
Құрылғының есігін қараусыз ашық қалдырмаңыз. Бұл жарақаттанып
қалуға жəне ашық есікке соғылып қалуға жол бермеу үшін қажет.
Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз немесе үстіне шығып тұрмаңыз.
Қолданылуы
Бұл тек үйде қолдануға арналған құрылғы. Адам жарақаттануға жол
бермеу жəне мүлікке нұқсан келтірмеу үшін құрылғыны басқа мақсатта
қолданбаңыз.
Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу
үшін ғана қолданыңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс
немесе өрт шығу қаупі бар
.
Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың барлығын ас құралдары себетіне
ұшын төмен қаратып салыңыз. Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен не
пышақ салатын себетке салыңыз. (Пышақ салынатын себет тек кей
үлгілерде ғана бар).
Ыдыс жуғыш машинаға арналған арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз,
шайғыш зат) ғана қолданыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар су жұмсартқышқа
нұқсан
келтіруі мүмкін.
Тұзды ыдыс жуғыш машинаға жуу бағдарламасын бастамай тұрып
салыңыз. Құрылғыда қалған қалдық тұз құрылғыны тоттандыруы немесе
табанын ойып жіберуі мүмкін.
Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан басқа бөгде зат (мысалы, ыдыс
жуғыш машинаны тазартқыш, сұйық тазартқыш) салмаңыз. Бұл
құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Жуу бағдарламасын бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала
алатынына
көз жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық
бу шығып кетуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
Ыдыстарды жуу бағдарламасы аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Күту менен тазалау
Құрылғыны тазалар алдында, оны сөндіріңіз де, ашаны розеткадан
алыңыз.
Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу
нəтижесі қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді немесе буды қолданбаңыз.
Электр қатері орын
алуы жəне құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
Орнату
Құрылғының еш жерінің тасымалдау барысында бүлінбеген тексеріңіз.
Бүлінген құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса, сатушыға
хабарласыңыз.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Ең алғаш іске қосардың алдында, орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Электр желісі жəне құбыр жүйесіне қосу, орнату жəне күтім көрсету
жұмыстарының барлығын тек білікті маман орындауға тиіс. Бұл құрылғы
конструкцияларының бүлінуіне немесе адам жарақаттанып қалуға жол
бермейді.
Құрылғыны орнату барысында, оның ашасының розеткадан ағытылып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының қабырғаларын, оның гидравликалық немесе
электр
бөлшектерін бүлдіріп алмас үшін бұрғылап теспеңіз.
Маңызды! Төмендегі əрекеттерді нұсқауларға сай орындаңыз:
Құрылғыны орнату.
Ас үй қаптамасының есігін құрастыру.
Су құю жəне төгу жүйелеріне қосу.
Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары
Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз.
Мұз қату салдарынан болған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
Суға қосу
Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін жаңа түтіктерді пайдаланыңыз. Бұрын
қолданылған түтіктерді пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне немесе ұзақ уақыт қолданыста
болмаған құбырларға қоспаңыз. Суды бірнеше минут ағызып қойыңыз
да, содан кейін су құятын түтікті жалғаңыз.
Құрылғыны орнатып жатқанда, су түтіктерінің жаншылып қалмағанын
немесе бүлінбегенін тексеріңіз.
Су құбыры жалғастырғыштарының су ақпайтындай берік
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда, түтіктерінен су ақпай тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады жəне
қауіпсіздік клапанымен жабдықталған. Су құятын түтікте тек су құйылған
кезде ғана қысым пайда болады. Су құятын түтіктен су ақса, қауіпсіздік
клапаны ағып жатқан суды тоқтатады.
Су
құятын түтікті жалғаған кезде абай болыңыз:
Су құятын түтікті немесе қауіпсіздік клапанын суға батырмаңыз.
Су құятын түтік немесе қауіпсіздік клапаны бүлінсе, ашаны дереу
розеткадан суырыңыз.
Қауіпсіздік клапаны бар түтікті ауыстыру үшін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қатерлі кернеу.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5
Электртоғына қосу
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Əрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты аша мен ұзартқыш сымды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі
бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының арт жағындағы аша
мен қорек сымының жаншылып немесе
бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Əрқашан ашасынан
тартып ажыратыңыз.
Қызмет көрсету орталығы
Құрылғыны тек уəкілетті техник ғана жөндеуге немесе оған қатысты
жұмыстарды орындауға тиіс. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін:
Ашаны розеткадан ағытыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл балалар мен үй жануарлары
құрылғыға кіріп қамалып қалмас үшін қажет. Тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны жергілікті қоқыс тастайтын жерге тастаңыз.
6
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Назарыңызда болсын!
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті жəне
тоттандыруы мүмкін !
Егер осы жуғыш заттардан болып оқыс жағдай орын алса, дереу
дəрігерге хабарласыңыз.
Жуғыш зат ауызға түсіп кетсе дереу дəрігерге хабарласыңыз.
Жуғыш зат көзге түсіп кетсе, дереу дəрігерге хабарласыңыз жəне
көзіңізді сумен шайыңыз.
Ыдыс жуғыш машинада қолданылатын жуғыш заттарды
қауіпсіз,
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жуғыш зат үлестіргіште жуғыш зат болған кезде, құрылғының есігін
ашық қалдырмаңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін жуу бағдарламасын бастардың алдында ғана
толтырыңыз.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
2
3
4
5
6
7
1
8
9
10
1 Үстіңгі себет
2 Су кермектігі тетігі
3 Тұз сауыты
4 Жуғыш зат үлестіргіші
5 Шайғыш зат үлестіргіші
6 Техникалық ақпарат тақтайшасы
7 Сүзгілер
8 Астыңғы бүріккіш түтік
9 Үстіңгі бүріккіш түтік
10 Үстіңгі бүріккіш түтік
Бұйым сипаттамасы
7
Оптикалық сигнал
Жуу бағдарламасын бастағаннан кейін, құрылғы есігінің астыңғы
жағындағы еденде оптикалық сигнал пайда болады.
Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін қызыл шам жанып тұрады.
Бағдарлама аяқталғанда жасыл шам жанады.
Ақаулық пайда болғанда қызыл шам жыпылықтайды.
Құрылғыны ас үй қаптамасының ішіне биіктете орнатқан жағдайда,
оптикалық сигнал көрінбейді.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
2
3
45
6
7
8
9
AB
C
1 Қосу/өшіру түймешігі
2 Бейнебет
3 Кешіктіріп бастау түймешігі
4 Бағдарлама таңдау түймешіктері
5 Шуылсыз бағдарлама түймешігі
6 Multitab түймешігі
7 Болдырмау түймешігі
8 Индикатор шамдар
9 Функция түймешіктері
Индикатор шамдар
Тұз
1)
Бұл шам тұз сауытын толтыру қажет болған кезде ғана
жанады. 'Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған' тарауын
қараңыз.
Сауытты толтырғаннан кейін тұз индикаторы бірнеше сағат
жанған қалпы тұрады. Бұл құрылғының жұмысына теріс əсер
етпейді.
Шайғыш зат
1)
Бұл шам шайғыш зат сауытын толтыру қажет болған кезде
ғана жанады. 'Жуғыш жəне шайғыш затты қолдану' тарауын
қараңыз.
Бағдарламаның
соңы
Бұл индикатор жуу бағдарламасы аяқталғанда жанады.
1) Жуу бағдарламасы орындалып жатқанда тұз жəне/не шайғыш зат сауыттары босап қалса,
тиісті индикатор шамдар жанбайды.
8
Басқару панелі
Бейнебет
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тəсілмен баптау.
Шайғыш зат үлестіргішті қосу/өшіру (тек multitab функциясы қосулы
тұрғанда ғана).
Жуу бағдарламасының нөмірі.
Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін қалған уақыт.
Жуу бағдарламасының соңы. Бейнебетте нөл көрсетіледі.
Кешіктіріп бастау функциясы аяқталғанға дейін қалған уақыт.
Ақаулық кодтары.
Дыбыстық сигналдарды белсенді күйге
көшіру/өшіру.
Кешіктіріп бастау түймешігі
Бұл түймешікті жуу бағдарламасын 1 сағаттан 24 сағатқа дейінгі интервал
бойынша кешіктіріп бастау үшін қолданыңыз. 'Жуу бағдарламасын таңдау
жəне бастау' тарауын қараңыз.
Бағдарлама таңдау түймешіктері
Осы түймешіктердің көмегімен жуу бағдарламасын таңдауыңызға болады
(Шуылсыз жуу бағдарламасынан басқасын). Түймешіктердің бірін
бейнебетте қажетті бағдарламаның нөмірі көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
Шуылсыз жуу бағдарламасын таңдау үшін тиісті түймешікті басыңыз.
Жуу бағдарламалары туралы толығырақ ақпаратты 'Жуу бағдарламалары'
тарауынан алыңыз.
Шуылсыз бағдарлама түймешігі
Бұл жуу бағдарламасы жұмыс істеген кезде шуыл деңгейі өте төмен
болады.
Шуылсыз бағдарлама кезінде сорғы өте төмен жылдамдықпен жұмыс
істейді. Бұл əдеттегі бағдарламаға қарағанда шуыл деңгейін 25% пайызға
азайту үшін жасалған. Осыған байланысты бағдарлама өте ұзаққа
созылады.
Бұл бағдарламаны қуат тарифі арзанырақ болған кездерде қолданыңыз.
Multitab түймешігі
Multitab функциясын іске қосу/өшіру үшін осы түймешікті басыңыз. 'Multitab
функциясы' тарауын қараңыз.
Болдырмау түймешігі
Осы түймешіктің көмегімен жуу бағдарламасын немесе кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтатуға болады. 'Жуу бағдарламасын таңдау жəне
бастау' тарауын қараңыз.
Функция түймешіктері
Функция түймешіктерін мына əрекеттерді орындау үшін қолданыңыз:
Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тəсілмен баптау үшін. 'Су
жұмсартқышты орнату' тарауын қараңыз.
Басқару панелі
9
Multitab функциясы қосулы тұрған кезде шайғыш зат үлестіргішті қосу/
өшіру үшін. 'Келесі жағдайларда не істеу керек...' тарауын қараңыз
Дыбыстық сигналдарды қосу/өшіру үшін. 'Дыбыстық сигналдар' тарауын
қараңыз.
Параметрлерді орнату режимі
Мына əрекеттерді орындау үшін құрылғы параметрлерді орнату
режимінде тұруға тиіс:
Жуу бағдарламасын жəне/не кешіктіріп бастау функциясын таңдау жəне
бастау үшін.
Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тəсілмен баптау үшін.
Дыбыстық сигналдарды қосу/өшіру үшін.
Шайғыш зат үлестіргішін қосу/өшіру үшін.
Қосу/өшіру түймешігін басыңыз. Құрылғы келесі жағдайда
параметрлерді орнату режимінде тұрады:
Бейнебетте екі көлденең жолақ пайда болады.
Қосу/өшіру түймешігін басыңыз. Құрылғы келесі жағдайда
параметрлерді орнату режимінде тұрмайды.
Бейнебетте жуу бағдарламасының немесе кешіктіріп бастау
функциясының ұзақтығы көрсетіледі.
Параметрлерді орнату режиміне қайту үшін жуу бағдарламасын
немесе кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату керек. 'Жуу
бағдарламасын таңдау жəне бастау' тарауын қараңыз.
Дыбысты сигналдар
Дыбысты сигналдар мынаны білдіреді:
Жуу бағдарламасының аяқталғанын.
Су жұмсартқыштың деңгейінің электронды тəсілмен бапталғанын.
Құрылғыда ақау бар екенін.
Дыбысты сигналдарды өшіру үшін мына əрекеттерді орындаңыз:
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
3. B жəне C функция түймешіктерін, A, B жəне C функция
түймешіктерінің индикаторлары жыпылықтай бастағанша басып ұстап
тұрыңыз.
4. B жəне C функция түймешіктерін босатыңыз
.
5. C функция түймешігін басыңыз.
–A жəне B функция түймешіктерінің индикаторлары сөнеді.
–C функция түймешігінің индикаторы жыпылықтайды.
Бейнебетте ағымдық параметр көрсетіледі.
Дыбысты сигналдар қосулы
Дыбысты сигналдар сөндірулі
6. C функция түймешігін қайта басыңыз.
Бейнебетте жаңа параметр көрсетіледі.
10
Басқару панелі
7. Параметрді құрылғы жадына оны өшіру арқылы енгізіңіз.
Дыбысты сигналдарды қайта қосу үшін жоғарыдағы əрекеттерді
қайталаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
1. Су жұмсартқыштың деңгейі, тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай
деңгейге қойылғанына көз жеткізіңіз. Сай келмесе, су жұмсартқыштың
деңгейін реттеңіз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан салыңыз.
4. Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды құрылғыға салыңыз.
5. Ыдыс-аяқтың салынған мөлшері мен ластығына қарай жуу
бағдарламасын дұрыс орнатыңыз.
6.
Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш затты тиісті мөлшерде салыңыз.
7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Егер құрама жуғыш таблеткаларды ('3 in 1', '4 in 1', '5 in 1') қолдансаңыз,
multitab функциясын қолданыңыз ('Multitab функциясы' тарауын қараңыз).
СУ ЖҰМСАҚТАЙТЫН БҰЙЫМЫН САЛУ
Су жұмсартқыш судың құрамындағы минералдар мен тұздарды кетіреді.
Бұндай минералдар мен тұздар құрылғыға нұқсан келтіреді.
Су жұмсартқыштың деңгейі тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай
келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін, жергілікті сумен жабдықтау
мекемесіне хабарласып біліңіз.
Судың кермектігі
Судың
кермектігін
реттеу
Неміс
градусы (dH
°).
Француз
градусы
(°TH).
ммоль/л Кларк
градусы
қолмен элект
ронд
ық
тəсіл
мен
51 - 70 91 - 125 9,1 - 12,5 64 - 88
2
1)
10
43 - 50 76 - 90 7,6 - 9,0 53 - 63
2
1)
9
37 - 42 65 - 75 6,5 - 7,5 46 - 52
2
1)
8
29 - 36 51 - 64 5,1 - 6,4 36 - 45
2
1)
7
23 - 28 40 - 50 4,0 - 5,0 28 - 35
2
1)
6
19 - 22 33 - 39 3,3 - 3,9 23 - 27
2
1)
5
1)
Құрылғыны қолдану
11
Судың кермектігі
Судың
кермектігін
реттеу
Неміс
градусы (dH
°).
Француз
градусы
(°TH).
ммоль/л Кларк
градусы
қолмен элект
ронд
ық
тəсіл
мен
15 - 18 26 - 32 2,6 - 3,2 18 - 22 1 4
11 - 14 19 - 25 1,9 - 2,5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0,7 - 1,8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0,7 < 5
1
2)
1
2)
1) Зауытта орнатылған параметр.
2) Осы деңгейде тұрса тұзды қолданбаңыз.
Су жұмсартқышты қолмен жəне электронды тəсілмен реттеуіңіз қажет.
Қолмен реттеу
Су кермектігі тетігін 1-ші немесе 2-ші
орынға (кестеге қараңыз) қойыңыз.
Электронды жолмен реттеу
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
3. B жəне C функция түймешіктерін, A, B жəне C функция
түймешіктерінің индикаторлары жыпылықтай бастағанша басып ұстап
тұрыңыз.
4. B жəне C функция түймешіктерін босатыңыз.
5. A функция түймешігін басыңыз.
В жəне С функция түймешіктерінің индикаторы сөнеді.
–A функция түймешігінің индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
Бейнебетте ағымдық параметр көрсетіледі.
Үзік-үзік шыққан дыбысты
сигнал ағымдық параметрдің орнағанын
хабарлайды.
Мысалы: бейнебетте
/ 5 үзік-үзік дыбысты сигнал = 5-ші деңгей
көрсетіледі.
6. A функция түймешігін, бейнебетте қажетті параметр пайда болғанша
қайта-қайта басыңыз.
12
Су жұмсақтайтын бұйымын салу
7. Параметрді құрылғы жадына қосу/өшіру түймешігін басып енгізіңіз.
Су жұмсартқыш электронды тəсілмен 1-ші мəнге қойылса, тұз индикаторы
сөнген қалпы тұрады.
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАСЫ ҮШІН АРНАЛҒАН
Тұз сауытын қалай толтыру керек
1. Тұз сауытының қақпағын сағат
бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су (тек ең
алғаш тұз салғанда) құйыңыз.
3. Тұз сауытын тұзға толтыру үшін
құйғышты пайдаланыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуінің
айналасындағы тұзды тазалаңыз.
5. Тұз сауытының қақпағын сағат
бағытымен бұрап жабыңыз.
Тұз сауытын тұзға толтырған кезде,
одан су төгіледі, бұл дұрыс.
ЖУҒЫШ ЖƏНЕ ШАЙҒЫШ ЗАТТЫ ҚОЛДАНУ
20
30
M
A
X
1
2
3
4
+
-
1
2
3
4
5
6
7
Тазалау бұйымдарын қолдану
Қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін, жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз.
Жуғыш зат өндірушісінің жуғыш заттың орамында көрсеткен нұсқауларын
орындаңыз.
Шайғыш зат үлестіргішті қалай толтыру керек:
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
13
1.
Жуғыш зат үлестіргіштің
2
қақпағын ашу үшін
7
оны босататын
түймешікті басыңыз.
2.
Жуғыш затты үлестіргішке салыңыз
1
.
3. Жуу бағдарламасының алдын ала жуу циклі бар болса, құрылғы
есігінің ішкі бетіне жуғыш заттан аз ғана салыңыз.
4. Құрама жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, оларды жуғыш зат
үлестіргішіне салыңыз
1
.
5. Жуғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын өз орнына түскенше
басыңыз.
Жуғыш таблеткаларды қолданған кезде ұзақ жуу бағдарламаларын
қолданыңыз. Себебі қысқа жуу бағдарламалары таблеткаларды толық
еріте алмайды жəне жуу нəтижесін төмендетеді.
Шаю бұйымдары
Шайғыш зат ыдыстарды ешбір жолақ немесе дақ қалдырмай кептіруге
мүмкіндік береді.
Шайғыш зат үлестіргіші соңғы шаю циклі кезінде шайғыш затты автоматты
түрде қосады.
Шайғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына əрекеттерді орындаңыз:
1.
Шайғыш зат үлестіргіштің
6
қақпағын ашу үшін
5
босататын
түймешікті басыңыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішті
3
шайғыш затпен толтырыңыз. 'max'
таңбаламасы ең үлкен мəнді көрсетеді.
3. Жуу бағдарламасы орындалған кезде, төгіліп қалған шайғыш зат
қатты көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен тазалап алыңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын өз орнына түскенше
басыңыз.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін белгілеңіз
Зауытта мына мəн орнатылған: 3.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін 1 (ең аз) жəне 4 (ең көп)
мəндерінің біріне қоюға болады.
Шайғыш заттың мөлшерін
4
көбейту немесе азайту үшін шайғыш зат
тетігін бұраңыз.
МУЛЬТИ ТАБ ФУНКЦИЯСЫ
Multitab функциясы құрама жуғыш таблеткаларға арналған.
Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш зат, шайғыш зат жəне ыдыс
жуғыш машинаға арналған тұз бар. Кейбір таблеткаларда басқа да жуғыш
заттар болады.
Бұндай таблеткалардың жергілікті судың кермектігіне сай келетін-
келмейтінін тексеру қажет. Өндірушінің нұсқауларын қараңыз.
Multitab функциясын орнатсаңыз, қайта өшіргенше қосулы тұрады.
Multitab функциясы шайғыш зат пен тұзды
ағызбай тоқтатып тастайды.
14
Мульти таб функциясы
Multitab функциясы шайғыш зат пен тұз индикаторларын сөндіреді.
Multitab функциясын қолданғанда, бағдарлама уақыты ұзарады.
Multitab функциясын жуу бағдарламасын бастамай тұрып қосыңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде, multitab функциясын қоса
алмайсыз.
Multitab функциясын қосу үшін:
Multitab түймешігін басыңыз. Multitab индикаторы жанады.
Multitab функциясын өшіріп, жуғыш зат, шайғыш зат пен тұзды жеке-жеке
пайдалану үшін:
1. Multitab түймешігін басыңыз. Multitab индикаторы сөнеді.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Су кермектігін ең үлкен
мəнге қойыңыз.
4. Жуу бағдарламасын ыдыс салмастан орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі судың кермектігіне лайықтап
қойыңыз.
6. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін белгілеңіз.
АС ҚҰРАЛДАРЫ МЕНЕН ЫДЫС-АЯҚТЫ САЛУS
'Құрылғыны толтыру ProClean тəсілдері' тарауын қараңыз.
Ақыл-кеңес
Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.
Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан жəне кəстрөл) аузын төмен
қаратып салыңыз.
Сауыттарға немесе шыныаяқтарға су жиналып қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып кетпейтін етіп салыңыз.
Стакандарды
бір-біріне тигізбей салыңыз.
Кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.
Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас үшін басқа ас құралдарымен
араластырып салыңыз.
Ыдыс-аяқтарды себеттерге салғанда, олардың барлық жеріне су
тиетініне көз жеткізіңіз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін
етіп салыңыз.
Пластик заттар мен жабысқақ емес қаптамасы бар ыдыстарға
су
тамшылары тұрып қалуы мүмкін.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
15
ЖУУ ПРОГРАММАЛАР
Жуу бағдарламалары
Бағдарлама Ластану
дəрежесі
Ыдыс-аяқтың
түрі
Бағдарлама
сипаттамасы
1
dB
1)
Қалыпты
ластанған
Фарфор ыдыс-
аяқ пен ас
құралдары
Алдын ала жуу
Негізгі жуу 50°C
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
2
45°-70° AUTO
2)
Кез келген Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кəстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Негізгі жуу 45°C
немесе 70°C
1 не 2 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
3
INTENSIV PRO
70°
Қатты ластанған Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кəстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Негізгі жуу 70°C
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
4
60° 30 MIN
3)
Қалыпты не
шамалы
ластанған
Фарфор ыдыс-
аяқ пен ас
құралдары
Негізгі жуу 60°C
Шаю циклы
5
50° ECO
4)
Қалыпты
ластанған
Фарфор ыдыс-
аяқ пен ас
құралдары
Алдын ала жуу
Негізгі жуу, 50°C дейін
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
6
55° 50 MIN
Шамалы
ластанған
Фарфор ыдыс-
аяқ пен ас
құралдары
Негізгі жуу 55°C
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
7
45° GLASS
Қалыпты не
шамалы
ластанған
Морт сынғыш
ыдыс-аяқ пен
шыны ыдыс
Негізгі жуу 45°C
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
8 Бұл тағам қалдықтары ыдысқа
жабысып, құрылғыдан жағымсыз иіс
шықпас үшін ыдысты жылдам
шаюға арналған бағдарлама.
Жуу бағдарламасын құрылғыны
ыдыс-аяққа əбден толтырғаннан
кейін бастайсыз.
Бұл бағдарламаны қолданғанда,
жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
1 рет суық сумен шаю
1) Бұл жуу бағдарламасы шуылсыз жұмыс істейді.
16
Жуу программалар
2) Құрылғы судың температурасы мен мөлшерін автоматты түрде реттейді. Бұл құрылғының
толық немесе жартылай толтырылғанына, ыдыс-аяқтың қаншалықты ластанғанына
байланысты. Бағдарламаның ұзақтығы мен тұтынылатын ресурстар шығыны өзгереді.
3) Құрылғыға салынған ыдыс көп болмаса, бұл бағдарлама уақытты тамаша үнемдеп,
ыдыстың жақсы жуылуына көмектеседі.
4) Сынақ мекемелеріне арналған сынақ бағдарламасы. Сынақ деректерін ілеспе кітапшадан
қараңыз.
Пайдалану көлемі
Бағдарлама Ұзақтығы
(минут)
Қуат (кВт/с) Су (литр)
1
dB
200 - 220 1,1 - 1,3 10 - 11
2
45°-70° AUTO
90 - 160 0,9 - 1,7 8 - 17
3
INTENSIV PRO 70°
140 - 160 1,5 - 1,7 15 - 16
4
60° 30 MIN
30 0,9 9
5
50° ECO
150 - 160 1,0 - 1,1 10 - 11
6
55° 50 MIN
50 - 60 1,0 - 1,2 10 - 11
7
45° GLASS
65 - 75 0,8 - 0,9 12 - 13
8 14 0,1 4
Бұл мəндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының
ауытқуы жəне ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ ЖƏНЕ БАСТАУ
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ жуу бағдарламасын таңдап,
іске қосыңыз.
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
3. Жуу бағдарламасын таңдаңыз. 'Жуу бағдарламалары' тарауын
қараңыз.
Бейнебетте жуу бағдарламасының нөмірі пайда болады.
4. Қажет болса, бір немесе бірнеше функцияны таңдаңыз.
5. Құрылғы есігін жабыңыз. Жуу бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Жуу бағдарламасын таңдау жəне бастау
17
Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу бағдарламасын таңдап,
іске қосу
1. Құрылғыны іске қосыңыз да, жуу бағдарламасын таңдаңыз.
2. Бейнебетте кешіктіріп бастау функциясының қажетті мəні сағат
түрінде көрсетілгенше, кешіктіріп бастау функциясының түймешігін
қайта-қайта басыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
Кері санақ автоматты түрде басталады.
Кері санақ аяқталған кезде, жуу бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Құрылғы есігі ашылса, кері санақ кідіреді. Есікті жапқаннан кейін, кері
санақ тоқтаған жерінен бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасын кідірту
Құрылғы есігін ашыңыз.
Жуу бағдарламасы тоқтайды.
Құрылғы есігін жабыңыз.
Жуу бағдарламасы үзілген жерінен бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтату тəсілі
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп бастау функциясы басталмаса,
параметрді өзгертуіңізге болады.
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп бастау функциясы жұмыс істеп
тұрса, параметрді өзгерту мүмкін емес. Жаңа параметр таңдау үшін жуу
бағдарламасын немесе кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату
керек.
Кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатсаңыз, таңдалған жуу
бағдарламасы да автоматты түрде тоқтайды. Жуу бағдарламасын қайта
таңдау қажет болады.
1. Бейнебетте екі көлденең сызық пайда болғанша болдырмау
түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
2. Жаңа жуу бағдарламасын бастар алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасының соңында
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Дыбыстық сигналдар естіледі.
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
Бейнебетте 0 көрсетіледі.
–"Бағдарламаның соңы" индикаторы жанады.
2. Құрылғыны өшіріңіз.
3. Кұрғату нəтижесін жақсарту үшін есікті бірнеше минут ашып қойыңыз.
18
Жуу бағдарламасын таңдау жəне бастау
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін 10 минут өткен соң құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
Себеттердегі ыдыс-аяқтарды алыңыз
Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан кейін ғана алыңыз. Ыстық
ыдыстар осал келеді.
Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін үстіңгі себеттегі ыдыстарды
алыңыз.
Құрылғының қабырғалары мен есігіне су тұруы мүмкін. Тот баспайтын
болат, ыдыс-аяққа қарағанда тез салқындайды.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сүзгілерді алу жəне тазалау
Қоқыс тұрған сүзгілер жуу нəтижесін төмендетеді.
Бұл сүзгілер көп күтімді талап етпесе де, оларды мезгіл-мезгіл тексеріп,
қажет болса, тазалап отыруды ұсынамыз.
1. (A) сүзгісін сағат бағытына қарсы
бұрап, (B) сүзгісінен алыңыз.
2. (A) сүзгісі екі бөліктен тұрады.
Сүзгіні ағытып алу үшін оларды
бір-бірінен ажыратыңыз.
3. Бөліктерін сумен əбден
тазалаңыз.
4. (A) сүзгісінің екі бөлігін өзара
біріктіріңіз де
, үстінен басыңыз.
Олардың бір-біріне дұрыс кірігіп
орналасқанына көз жеткізіңіз.
5. (B) сүзгісін алыңыз.
6. (B) сүзгісін сумен əбден жуыңыз.
A
B
Күту менен тазалау
19
7. (B) сүзгісін əдепкі орнына
қойыңыз. Сүзгінің екі
бағыттағыштың (C) астына дұрыс
кірігіп орналасқанына көз
жеткізіңіз.
8. (A) сүзгісін (B) сүзгісіндегі орнына
қойыңыз. (A) сүзгісін сағат
бағытымен бекітілгенше бұраңыз.
Бүріккіш түтіктерді тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса, қалдықтарды жіңішке
шырпымен тазалаңыз.
Құрылғының сыртын тазалау
Құрылғының сыртын жəне басқару панелін дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені немесе еріткіштерді (мысалы, ацетон)
пайдаланбаңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Құрылғы іске қосылмайды немесе жұмыс жасап тұрып тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз (кестеге қараңыз). Өзіңіз түзете
алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Дұрыс жұмыс
істемеу
Ақаулық коды Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыға су
құйылмай тұр.
Бейнебетте келесі
көрсетіледі:
Су құятын шүмек
бітелген не оған
қақ тұрған.
Су құятын шүмекті
тазалаңыз.
Судың қысымы
тым төмен.
Жергілікті су
ресурстары
мекемесіне
хабарласыңыз.
Су құятын шүмек
жабық.
Су құятын шүмекті
ашыңыз.
Су құятын түтіктегі
сүзгі бітеліп
қалған.
Сүзгіні тазалаңыз.
C
20
Не істерсіңіз, егер...
/