AEG F88002VI0P Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
FAVORIT 88002 VI
KK ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RU ПОСУДОМОЕЧНАЯ МАШИНА ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
24
UK ПОСУДОМИЙНА МАШИНА ІНСТРУКЦІЯ 46
МАЗМҰНЫ
4 ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
6 БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
7 БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
8 БАҒДАРЛАМАЛАР
10 ФУНКЦИЯЛАР
12 БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
16 ƏРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
19 КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
20 АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
22 ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік жəне электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы,
қоршаған ортаға жəне адамның денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз
үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге
хабарласыңыз.
БІЗДІҢ ВЕБ-САЙТҚА БАРЫП КЕЛЕСІНІ ҚАРАҢЫЗ:
- Өнімдер
- Кітапшалар
- Пайдаланушы нұсқаулықтары
- Ақаулықты түзету
- Өнімдер
www.aeg.com
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
Ескерту - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
ТАМАША НƏТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша
жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, əдеттегі тұрмыстық
техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын
құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін
толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың барлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін
қамтамасыз етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары стандартқа сай жасалған керек-
жарақтардың ішінен арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары салынатын
себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір жуғыш машинаға арналған нəзік тор тəрізді
заттардың барлығын таба аласыз...
интернеттегі мына дүкенге барыңыз:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз фирмалық бөлшектерді қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда, келесі деректер қолыңызда болуға
тиіс. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Үлгі
Өнім нөмірі
Сериялық нөмірі
ҚАЗАҚ
3
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында
бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып
шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен
дұрыс пайдаланбау нəтижесінде адам
жарақат алса жəне ақаулық орын алса
өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДƏРМЕНСІЗ
АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі
бар.
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе
ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тəжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін
адамдарға, балаларға оны іске қосуға
рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның
нұсқауы немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс. Балаларға
құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының
барлығын
балалардан алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын алыс
ұстаңыз.
ОРНАТУ
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны білікті маман
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен жерге орнатпаңыз
немесе қолданбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа құбырларға немесе
ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде
еш жерінен су ақпай тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Назарыңызда болсын!
Қатерлі кернеу.
Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі
қабат қаптамадан тұрады жəне
қауіпсіздік клапанымен жабдықталған.
Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны
дереу розеткадан суырыңыз. Су құятын
түтікті ауыстыру үшін Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу жəне электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай келетініне
көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
4
Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр
сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны
тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан ашасынан
тартып суырыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу қауіпі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Өткір ұшты пышақтар мен ас
құралдарының ұштарын төмен қаратып
немесе көлденеңінен қойып ас
құралдарына арналған себетке салыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрған кезде
соғылып қалмас үшін қараусыз
қалдырмаңыз.
Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе
үстіне шықпаңыз.
Ыдыс жуғыш
машинаға арналған жуғыш
заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе
ішуге болмайды.
Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша
құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда жуғыш
зат болуы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Электр, өрт қатері пайда болуы
немесе адам күйіп қалуы мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
жəне буды қолданбаңыз.
Бағдарлама орындалып тұрғанда
құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы
мүмкін.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
ҚАЗАҚ
5
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1
2
3
4
5
8
10
6
7
12
9
11
1
Ең үстіңгі бүріккіш түтік
2
Үстіңгі бүріккіш түтік
3
Астыңғы бүріккіш түтік
4
Сүзгілер
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Тұз сауыты
7
Су кермектігі тетігі
8
Шайғыш зат үлестіргіші
9
Жуғыш зат үлестіргіші
10
Ас құралдары себеті
11
Астыңғы себет
12
Үстіңгі себет
ЖАРЫҚ СƏУЛЕСІ
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
құрылғы есігінің астыңғы жағындағы
еденде қызыл жарық сəулесі көрінуі
мүмкін. Бағдарлама аяқталған кезде
қызыл жарық жасыл жарыққа айналады.
Құрылғыда ақаулық пайда болған кезде,
қызыл түсті жарық сəулесі
жыпылықтайды.
6
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
2
3
4
5
6
7 8
9
1
Қосу/өшіру түймешігі
2
Бейнебет
3
Кешіктіріп бастау сенсорлық түймешігі
4
Бағдарламаның сенсорлық түймешігі
5
ExtraHygiene сенсорлық түймешігі
6
ÖKO PLUS сенсорлық түймешігі
7
Multitab сенсорлық түймешігі
8
RESET сенсорлық түймешігі
9
Индикатор шамдары
Индикатор шамдары
Тұз индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда, осы индикатор сөніп
тұрады.
Шайғыш зат индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда, осы
индикатор сөніп тұрады.
"Соңы" индикаторы.
ҚАЗАҚ
7
БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама Ластану түрі
Кірдің түрі
Бағдарлама
циклдары
Функциялар
1
1)
Барлығы
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кəстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 45 °C не 70 °C
Шаю циклдары
Құрғату
ExtraHygiene
ÖKO PLUS
2
2)
Қатты ластанған
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кəстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдары
Құрғату
ÖKO PLUS
3
3)
Жаңа ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Жуу 60 °C
Шаю
ExtraHygiene
4
4)
Қалыпты
ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Алдын ала жуу
Жуу 50 °C
Шаю циклдары
Құрғату
ExtraHygiene
ÖKO PLUS
5 Шамалы ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Жуу 55 °C
Шаю циклдары
ExtraHygiene
6
5)
Аралас ластық
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кəстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдары
Құрғату
ÖKO PLUS
7 Қалыпты не
шамалы ластанған
Осал ыдыс-аяқ пен
шыны ыдыс
Жуу 45 °C
Шаю циклдары
Құрғату
ÖKO PLUS
8
6)
Барлығы Алдын ала жуу
1)
Құрылғы себеттердегі заттардағы ластықтың түрі мен мөлшерін анықтай алады. Ол судың
температурасы мен мөлшерін, қуат параметрі мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.
2)
Бұл бағдарламада ExtraHygiene параметрі бар.
3)
Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы
нəтиже береді.
4)
Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама. Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты
кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады.
Сынақ деректерін ілеспе кітапшадан қараңыз.
5)
Осы бағдарламамен ыдыстардағы аралас ластықты жууға болады. Қатты ластанған ыдыстарды
астыңғы себетке жəне қалыпты ластанған ыдыстарды үстіңгі себетке салыңыз. Астыңғы себеттегі
судың қысымы мен температурасы үстіңгі себетпен салыстырғанда жоғары болады.
8
6)
Бұл бағдарламаны ыдыстарды жылдам шаю үшін қолданыңыз. Бұл қалдықтардың ыдыстарға
жабысып, құрылғыдан жағымсыз иіс шығуына жол бермейді.
Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
Тұтыну мəндері
Бағдарлама
1)
Ұзақтығы (мин) Қуат (кВт/с) Су (l)
1 90 - 160 0.9 - 1.7 8 - 15
2 140 - 160 1.4 - 1.6 13 - 14
3 30 0.8 9
4 160 - 170 0.9 - 1.0 9 - 11
5 50 - 60 1.0 - 1.1 10 - 11
6 130 - 140 1.3 - 1.5 14 - 15
7 70 - 80 0.8 - 0.9 11 - 12
8 14 0.1 4
1)
Бағдарламаның ұзақтығы мен тұтыну мəндерін судың қысымы мен температурасы, электр қуатының
ауытқуы, параметрлер жəне ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
ҚАЗАҚ
9
ФУНКЦИЯЛАР
MULTITAB ФУНКЦИЯСЫ
Бұл функцияны аралас жуғыш
таблеткаларды қолданғанда ғана іске
қосыңыз.
Бұл функция шайғыш зат пен тұзды
ағызбай тоқтатады. Тиісті индикаторлар
сөнеді.
Бағдарламаның уақыты ұзарады.
Multitab функциясын іске қосу
Multitab функциясын бағдарламаны
бастамай тұрып қосыңыз немесе
сөндіріңіз. Бағдарлама жұмыс істеп
тұрған кезде бұл функцияны қосып
немесе сөндіре алмайсыз.
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
"БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖƏНЕ
БАСТАУ" тарауын қараңыз.
3. Multitab сенсорлық түймешігін басыңыз,
multitab индикаторы жанады.
Функция ажыратқанша қосулы
тұрады. Multitab сенсорлық
түймешігін басыңыз, multitab
индикаторы сөнеді.
Егер аралас таблеткаларды қолдануды,
жуғыш зат, шайғыш зат пен ыдыс жуғыш
машина тұзын бөлек-бөлек қолданбай
тұрып тоқтатсаңыз, мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Multitab функциясын ажыратыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мəнге
қойыңыз.
3. Тұз сауыты мен шайғыш зат
үлестіргішінің толық екеніне көз
жеткізіңіз.
4. Шаю циклі бар ең
қысқа бағдарламаны,
жуғыш зат қолданбай жəне ыдыс
салмай орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын
жердегі судың кермектігіне лайықтап
қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
ÖKO PLUS
Бұл функция кептіру сатысында
температураны азайтады. Қуатты тұтыну
25% пайызға азаяды.
Бағдарламаның соңында ыдыстар дымқыл
болуы мүмкін. Есікті ашып, ыдыстарды
кептіруді ұсынамыз.
EXTRAHYGIENE
Бұл функция гигиенаны сақтауға қатысты
жақсы нəтижелер береді. Шаю циклі
кезінде температура 10-14 минут 70 °C
градуста тұрады.
ДЫБЫСТЫҚ СИГНАЛДАР
Келесі жағдайларда дыбыстық сигналдар
естіледі:
Бағдарлама аяқталғанда.
Су жұмсартқыштың деңгейі электрондық
тəсілмен бапталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Зауытта орнатылған параметр:
қосулы. Дыбыстық сигналдарды
ажыратып қоюға болады.
Дыбыстық сигналдарды ажырату
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
"БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖƏНЕ
БАСТАУ" тарауын қараңыз.
3. (4) жəне (5) сенсорлық түймешіктерін,
(3), (4) жəне (5) сенсорлық
түймешіктерінің индикаторлары
жыпылықтай бастағанша қатар басып
ұстап тұрыңыз.
4.
(5) сенсорлық түймешігін басыңыз,
•(3) жəне (4) сенсорлық
түймешіктерінің индикаторлары
сөнеді.
•(5) сенсорлық түймешігінің
индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
Бейнебетте дыбыстық сигналдар
параметрі көрсетіледі.
10
Қосу
Сөндіру
5. Параметрді өзгерту үшін (5) сенсорлық
түймешігін басыңыз
6. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
ҚАЗАҚ
11
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су жұмсартқыштың қойылған деңгейі
тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай
келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін
реттеңіз. Тұратын жеріңіздегі судың
кермектігін, жергілікті сумен жабдықтау
мекемесіне хабарласып біліңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғыда өндіру үрдісінің қалдықтары
қалуы мүмкін. Оларды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты
қолданбаңыз
жəне себеттерді
толтырмаңыз.
Егер аралас жуғыш таблеткаларды
қолдансаңыз, multitab функциясын
қолданыңыз. Бұл таблеткалардың
құрамында жуғыш зат, шайғыш зат
жəне басқа қоспалар бар. Бұл
заттардың тұратын жеріңіздегі
судың кермектігіне сай келетініне
көз жеткізіңіз. Өнімдердің
орамындағы нұсқауларды қараңыз.
СУ ЖҰМСАРТҚЫШТЫ РЕТТЕУ
Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан
келтіруі жəне жуу нəтижесіне жаман əсер
етуі мүмкін минералдар өте көп мөлшерде
кездеседі. Су жұмсартқыш бұл
минералдарды бейтарап етеді.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су
жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта
ұстайды. Су жұмсартқышты дұрыс деңгейге
реттеп қою үшін кестеге қараңыз. Бұл су
жұмсартқыштың ыдыс жуғыш машина тұзы
мен суды дұрыс мөлшерде
қолдануын
қамтамасыз етеді.
Су жұмсартқышты қолмен жəне
электрондық тəсілмен реттеу
қажет.
Судың кермектігі
Су жұмсартқыш
реттеу
Германия
градусы
(°dH)
Франция
градусы
(°fH)
ммоль/л Кларк
градусы
Қолдан Электр
онды
тəсілм
ен
51 - 70 91 - 125 9.1 - 12.5 64 - 88
2
1)
10
43 - 50 76 - 90 7.6 - 9.0 53 - 63
2
1)
9
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52
2
1)
8
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45
2
1)
7
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35
2
1)
6
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
2
1)
5
1)
15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 1 4
11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0.7 < 5
1
2)
1
2)
1)
Зауытта орнатылған параметр.
2)
Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
12
Қолмен реттеу
Су кермектігі дискісін 1-ші немесе 2-ші
орынға бұраңыз.
Электрондық жолмен реттеу
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
"БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖƏНЕ
БАСТАУ" тарауын қараңыз.
3. (4) жəне (5) сенсорлық түймешіктерін,
(3), (4) жəне (5) сенсорлық
түймешіктерінің индикаторлары
жыпылықтай бастағанша қатар басып
ұстап тұрыңыз.
4. (3) сенсорлық түймешігін басыңыз.
•(4) жəне (5) сенсорлық
түймешіктерінің индикаторлары
сөнеді.
•(3) сенсорлық түймешігінің
индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
Дыбыстық сигналдар естіледі.
Мысалы: бес рет үзік-үзік сигнал
естіледі = 5-ші деңгей.
Бейнебетте су жұмсартқыштың
параметрі көрсетіледі. Мысалы:
= 5-ші деңгей.
5. Параметрді өзгерту үшін (3) сенсорлық
түймешігін қайта-қайта басыңыз.
6. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
ҚАЗАҚ
13
ТҰЗ САУЫТЫН ТОЛТЫРУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
тұзды ғана қолданыңыз. Басқа
өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Тұз сауытын толтырған кезде одан
су жəне тұз ағуы мүмкін. Тот басу
қауіпі бар. Бұндай жағдайға жол
бермеу үшін тұз сауытын
толтырғаннан кейін бағдарламаны
бастаңыз.
1. Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су
құйыңыз (ең
бірінші рет ғана).
3. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
тазалаңыз.
5. Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұрап жабыңыз.
14
ШАЙҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШІН ТОЛТЫРУ
M
A
X
1
2
3
4
+
-
A
B
D
C
Сақтандыру туралы ескерту!
Ыдыс жуғышқа арналған шайғыш
заттарды ғана пайдаланыңыз.
Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан
келтіруі мүмкін.
Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш
зат ыдыстарға ешбір жолақ, дақ
қалдырмай құрғатуға көмектеседі.
1. (D) босату түймешігін басып, қақпақты
(C) ашыңыз.
2. Шайғыш зат үлестіргішін (A)
толтырыңыз, 'max' деңгейінен
асырмаңыз.
3. Төгіліп қалған шайғыш зат қатты
көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен
тазалаңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына
қойылғанына көз жеткізіңіз.
Үлестіру мөлшерін реттеу тетігін
(B) 1 (ең аз мөлшер) жəне 4 (ең көп
мөлшер) аралығына қоюға болады.
ҚАЗАҚ
15
ƏРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз. Құрылғының
параметрлерді орнату режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
"БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖƏНЕ
БАСТАУ" тарауын қараңыз.
Тұз индикаторы қосулы тұрса, тұз
сауытын толтырыңыз.
Шайғыш зат индикаторы қосулы
тұрса, шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны кірдің түрі мен
кірлеу
деңгейіне қарай дұрыс таңдап, іске
қосыңыз.
СЕБЕТТЕРДІ ТОЛТЫРУ
Себеттерді толтыру мысалдары
көрсетілген парақшаны қараңыз.
Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада
жууға болатын заттарды жуу үшін ғана
қолданыңыз.
Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы жəне
мыстан жасалған заттарды құрылғыға
салмаңыз.
Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке,
ас үй шүберектері) салмаңыз.
Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын
алыңыз.
Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды
жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе,
стакан
жəне кəстрөл) аузын төмен
қаратып салыңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып
кетпейтін етіп салыңыз. Қасықтарды
басқа ас құралдарымен араластырып
салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей
салыңыз.
Кішкене заттарды ас құралдары себетіне
салыңыз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз.
Заттарды жылжып кетпейтін етіп
салыңыз.
Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш
түтіктердің еркін айнала алатынына көз
жеткізіңіз.
16
ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ҚОЛДАНУ
20
30
M
A
X
1
2
3
4
+
-
A
B
C
Сақтандыру туралы ескерту!
Ыдыс жуғыш машиналарға
арналған жуу заттарды ғана
пайдаланыңыз.
1. (B) босату түймешігін басып, қақпақты
(C) ашыңыз.
2. Жуғыш затты (A) бөлігіне салыңыз.
3. Бағдарламаның алдын ала жуу циклы
болса, құрылғы есігінің ішкі бөліміне
жуғыш заттан аздап салыңыз.
4. Жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз,
оларды жуғыш зат үлестіргішіне (A)
салыңыз.
5. Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің
бекіту қалпына
қойылғанына көз жеткізіңіз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш
заттың орамындағы нұсқауларды
қараңыз.
Қысқа бағдарламаларды
қолданғанда жуғыш таблеткалар
əбден ерімеуі жəне ыдыста жуғыш
заттың қалдықтары қалуы мүмкін.
Жуғыш таблеткаларды ұзақ
бағдарламаларды қолданған кезде
пайдалануды ұсынамыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖƏНЕ
БАСТАУ
Параметрлерді орнату режимі
Кей əрекеттерді орындау үшін құрылғы
параметрлерді орнату режимінде тұруға
тиіс.
Құрылғы іске қосылғаннан кейін
параметрлерді орнату режимінде тұрады:
Бейнебетте екі көлденең қалып-күй
жолағы көрсетіледі.
Бейнебетте басқа жағдай орын алса,
RESET түймешігін құрылғы параметрлерді
орнату режиміне қойылғанша басыңыз.
Кешіктіріп бастау параметрі жоқ
бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз. Құрылғының
параметрлерді орнату режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Бағдарламаны орнатыңыз.
Бейнебетте бағдарламаның нөмірі
жыпылықтайды.
4. Қаласаңыз, параметрлерді орната
аласыз.
5. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама
басталады.
Бейнебет сөнеді. Құрылғы жұмыс
істеп тұрған кезде есікті ашсаңыз,
бейнебетте 1 минут қадаммен кеміп
отыратын бағдарлама ұзақтығы
көрсетіледі.
ҚАЗАҚ
17
Кешіктіріп бастау параметрі бар
бағдарламаны орындау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Кешіктіріп бастау сенсорлық түймешігін,
орнатқыңыз келген кешіктіріп бастау
уақыты бейнебетте көрсетілгенше (1
сағаттан бастап 24 сағатқа дейін)
қайта-қайта басыңыз.
Бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты
жыпылықтайды.
Кешіктіру индикаторы қосылады.
3. Құрылғы есігін жабыңыз. Кері санақ
басталады.
Есікті ашсаңыз, бейнебетте 1 сағатқа
тең қадаммен азайып отыратын кері
санақ уақыты көрсетіледі.
Кері санақ аяқталған кезде
, бағдарлама
басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Егер есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтап
қалады. Есікті жапқаннан кейін,
құрылғының жұмысы тоқтаған жерінен
бастап жалғасады.
Кері санақ орындалып тұрған
кезде, кешіктіріп бастау параметрін
біржола тоқтату
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Кешіктіріп бастау сенсорлық түймешігін
бейнебетте бағдарламаның нөмірі
көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама
басталады.
Бағдарламаны біржола тоқтату
RESET түймешігін келесі жағдай орын
алғанша басыңыз:
Бейнебетте екі көлденең қалып-күй
жолағы көрсетіледі.
Жаңа бағдарламаны бастар
алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде, үзік-үзік
дыбыстық сигнал естіледі.
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
•"Соңы" индикаторы жанады.
Бейнебетте 0 көрсетіледі.
2. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
3. Судың шүмегін жабыңыз.
Егер қосу/өшіру түймешігін
баспасаңыз, AUTO OFF құралы
бірнеше минуттан кейін құрылғыны
автоматты түрде сөндіреді. Бұл
электр қуатын аз тұтынуға
көмектеседі.
Кұрғату нəтижесін жақсарту үшін
құрылғы есігін бірнеше минут ашып
қойыңыз.
Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан
кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал
келеді.
Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін
үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.
Құрылғының қабырғалары мен
есігіне су тұруы мүмкін. Тот
баспайтын болат, ыдыс-аяққа
қарағанда тез салқындайды.
18
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Қоқыс тұрған сүзгілер мен бүріккіш
түтіктер жуу нəтижесін
төмендетеді.
Уақытылы тексеріп, қажет болса
тазалаңыз.
СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ
A
B
C
C
A1
A2
1. Сүзгіні (A) сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап алыңыз.
2. (A) сүзгісін бөлу үшін, (A1) жəне
(A2) бөліктерін ажыратыңыз.
3. (B) сүзгісін алыңыз.
4. Сүзгіні сумен жуыңыз.
5. (B) сүзгісін əдепкі орнына
салыңыз. Сүзгінің екі
бағыттағыштың (C) астына
дұрыс кірігіп орналасқанына көз
жеткізіңіз.
6. (A) сүзгісін құрастырып, (B)
сүзгісіндегі орнына қойыңыз.
Сырт етіп орнына
түскенше
сағат тілінің бағытымен
бұраңыз.
Сүзгілер дұрыс салынбаса,
жуу нəтижесі
қанағаттанғысыз болуы
жəне құрылғыға нұқсан келуі
мүмкін.
БҮРІККІШ ТҮТІКТЕРДІ ТАЗАЛАУ
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса,
қалдықтарды жіңішке шырпымен
тазалаңыз.
СЫРТЫН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі
жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
ҚАЗАҚ
19
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе
жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз
(кестеге қараңыз). Болмаса, Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Кей ақаулықтар орын алғанда,
бейнебетте ескерту кодтары
көрсетіледі:
- Құрылғыға су құйылмай тұр.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Назарыңызда болсын!
Тексеріп көру алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Ықтимал шешімі
Бағдарлама
басталмай тұр.
Қуат ашасы розеткаға
сұғылмаған.
Ашаны розеткаға қосыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұр. Құрылғы есігін жабыңыз.
Сақтандырғыш блогындағы
сақтандырғышқа нұқсан
келген.
Сақтандырғышты
ауыстырыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы
орнатылған.
Кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатыңыз немесе
кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Құрылғыға су
құйылмай тұр.
Су құятын шүмек жабық. Су құятын шүмекті ашыңыз.
Судың қысымы тым төмен. Жергілікті сумен жабдықтау
мекемесіне хабарласыңыз.
Су құйылатын шүмек бітелген
немесе оған қақ тұрған.
Су құятын шүмекті тазалаңыз.
Су құятын түтіктегі сүзгі бітеліп
қалған.
Сүзгіні тазалаңыз.
Су құятын түтік майысып
немесе бастырылып қалған.
Түтіктің дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Құрылғының ішіне су аққан.
Судың шүмегін жабыңыз да,
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыдан су ақпай
тұр.
Раковинаның түтікшесі бітеліп
қалған.
Раковинаның түтікшесін
тазалаңыз.
Су төгетін түтік майысып
немесе бастырылып қалған.
Түтіктің дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске
қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен
бастап жалғасады.
Ақаулық қайта орын алса, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Бейнебетте басқа ақаулық кодтары
көрсетілсе, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68

AEG F88002VI0P Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ