Electrolux ESF67060XR Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с инструкцией по эксплуатации посудомоечной машины Electrolux ESF67060. В этом документе подробно описаны все функции и возможности прибора, включая различные программы мойки, использование специальных средств и уход за машиной. Задавайте ваши вопросы, я с радостью помогу!
  • Как выбрать нужную программу мойки?
    Что делать, если посудомоечная машина не включается?
    Как использовать функцию Multitab?
    Как очистить фильтры?
Қолдану туралы
нұсқаулары
Инструкция по
эксплуатации
Інструкція
Ыдыс жуғыш машина
Посудомоечная машина
Посудомийна машина
ESF67060
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Бұйым сипаттамасы 5
Басқару панелі 6
Бірінші қолданғанға дейін 8
Су жұмсақтайтын бұйымын салу 8
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
9
Жуғыш және шайғыш затты қолдану
10
Мульти таб функциясы 10
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
11
Жуу бағдарламасын таңдау және
бастау 11
Жуу программалар 13
Күту менен тазалау 14
Не істерсіңіз, егер... 15
Техникалық сиппатама 18
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 18
Орнату 18
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғыны орнатып, іске қосардың
алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз:
•Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін,
Құрылғыны дұрыс іске қосу үшін.
Осы нұсқаулықты әрқашан, тіпті
құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де
онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны теріс орнату мен іске қосу
нәтижесінде орын алған ақаулықтарға
өндіруші жауапты емес.
Балалар мен әлсіз адамдардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе
ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тәжрибесі жоқ не қолдана білмейтін
адамдарға, балаларға оны іске қосуға
рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны
өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның нұсқауы немесе қадағалауы
бойынша пайдалануға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
Жуғыш заттардың барлығын қауіпсіз
жерде сақтаңыз. Балаларға жуғыш
затты ұстауға рұқсат бермеңіз.
Балалар мен кішкене үй жануарларын,
есігі ашық тұрған құрылғыға
жақындатпаңыз.
Қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат
Бұл құрылғының техникалық
сипаттарына өзгеріс енгізбеңіз.
Жарақат алу немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Көз, ауыз, өңеш күйіп қалмас үшін,
ыдыс жуғыш машинада қолданылатын
жуғыш затты өндірушінің қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғыдағы суды ішуге болмайды.
Құрылғыда жуғыш заттың қалдығы
қалуы мүмкін.
Құрылғы ішіне зат салып немесе оны
босатып жатқанда, адам
жарақаттанып немесе ашық тұрған
есікке соғылып қалмас үшін есікті
әрқашан жауып отырыңыз.
•Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз
немесе үстіне шығып тұрмаңыз.
Қолданылуы
Бұл құрылғыны тек үйде ғана қолдану
керек. Құрылғыны коммерциялық
мақсатта және өнеркәсіпте немесе
басқа мақсатта қолданбаңыз.
2 electrolux
Құрылғыны өзі арналған мақсаттан
басқа мақсатта қолдануға болмайды.
Осылайша адам жарақаттануға
немесе мүлікке зиян келтіруге жол
бермейсіз.
Құры л ғ ы н ы тек ы дыс жуғ ы ш маши н а д а
жууға болатын, тұрмыста
қолданылатын ыдыс-аяқтарды жуу
үшін ғана қолданыңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды, құрылғының қасына немесе
үстіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт
шығу қаупі бар.
Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың
барлығын, ас құралдары себетіне
ұштарын төмен қаратып салыңыз.
Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен
не пышақ салатын себетке салыңыз.
(Құрылғы үлгілерінің барлығы бірдей
пышақ салынатын себетпен
жабдықталмаған).
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз,
шайғыш зат) ғана қолданыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған
тұздар, су жұмсартқышқа нұқсан
келтіруі мүмкін.
Тұзды ыдыс жуғыш машинаға, жуу
бағдарламасын бастамай тұрып
салыңыз. Тұз түйірлері немесе тұзды
су құрылғының табанын тоттандыруы
немесе тесіп жіберуі мүмкін.
Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан
басқа ешбір басқа зат (мысалы, ыдыс
жуғыш машинаны тазалағыш зат,
сұйық тазалағыш зат) салмаңыз. Бұл
құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Жуу бағдарламасын бастамай тұрып,
бүріккіш түтіктердің еркін айнала
алатындығына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашсаңыз, ыстық бу шығып кетуі
мүмкін. Күйіп қалуыңыз мүмкін.
Ыдыстарды құрылғыдан жуу
бағдарламасы аяқталмай тұрып
алмаңыз.
Күту менен тазалау
Құрылғыға күтім көрсетердің алдында
электр желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Тұтанғыш заттар немесе тот
бастыратын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны сүзгілерін салмай іске
қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс
орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу
нәтижесі қанағаттанғысыз болып,
құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
Құрылғыны су немесе бу бүркіп
тазалағышпен тазаламаңыз. Электр
тогына түсу және құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Орнату
Құрылғының еш жерінің тасымалдау
барысында бүлінбеген тексеріңіз.
Бүлінген құрылғыны іске қоспаңыз.
Қажет болса, сатушыға
хабарласыңыз.
Ең алғаш іске қосардың алдында,
орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Электр желісі және құбыр жүйесіне
қосу, орнату және күтім көрсету
жұмыстарының барлығын тек білікті
маман орындауға тиіс. Бұл құрылғы
конструкцияларының бүлінуіне
немесе адамның жарақаттанып
қалуына жол бермейді.
Құрылғыны орнату барысында, оның
ашасының розеткадан ағытылып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының қабырғаларын, оның
гидравликалық немесе электр
бөлшектерін бүлдіріп алмас үшін
бұрғылап теспеңіз.
Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары
Құрылғыны температурасы 0°C
градустан төмендеп кететін жерге
орнатпаңыз.
Мұздап қалудың салдарынан болған
ақаулыққа өндіруші жауапты емес.
Суға қосу
Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін жаңа
түтіктерді пайдаланыңыз. Бұрын
қолданылған түтіктерді
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне
немесе ұзақ уақыт қолданыста
болмаған құбырларға қоспаңыз. Су
құятын түтікті, құбыр суын бірнеше
минут ағызғаннан кейін жалғаңыз.
electrolux 3
Құрылғыны орнатып жатқанда, су
түтіктерінің майысып немесе бүлініп
қалмағанын тексеріңіз.
Су түтіктерінің жалғастырғыштарының
су ақпайтындай берік орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
•Құрылғыны алғаш іске қосқанда,
түтіктерінен су ақпай тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің қабырғасы қос
қабатты материалдан жасалған және
оның ішкі сымы, қауіпсіздік клапаны
бар. Су құятын түтікке, осы түтік
арқылы су аққан кезде ғана қысым
түседі. Су құятын түтіктен су ақса,
қауіпсіздік клапаны ағып жатқан суды
тоқтатады.
Су құятын түтікті жалғаған кезде
абай болыңыз:
Су құятын түтікті немесе
қауіпсіздік клапанын суға
батырмаңыз.
Су құятын түтік немесе қауіпсіздік
клапаны бүлінсе, ашаны дереу
розеткадан суырыңыз.
Қауіпсіздік клапаны бар түтікті
ауыстыру үшін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын! Қатерлі
кернеу.
Электртоғына қосу
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
керек.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің, электр желісіндегі
параметрлерге сай келетіндігіне көз
жеткізіңіз.
Әрқашан электр қатерінен
сақтандырылған, дұрыс орнатылған
розетканы қолданыңыз.
Көп істікшелі ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу
қаупі бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының арт жағындағы аша мен
қорек сымының майысып немесе
бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны қорек сымынан тартып
ағытпаңыз. Әрқашан ашасынан
тартып ағытыңыз.
Қызмет көрсету орталығы
•Құрылғыны жөндеу немесе оған
қатысты жұмысты орындау рұқсатына
тек уәкілетті техник ғана ие. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке
зиян келмес үшін:
Ашаны розеткадан ағытып алыңыз.
Қорек сымын кесіп алыңыз да,
тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Бұл кішкене балалар немесе үй
жануарлары құрылғының ішіне кіріп,
қамалып қалуға жол бермеу үшін
қажет. Тұншығып қалу қаупі бар.
4 electrolux
Назарыңызда болсын! Ыдыс жуғыш
машинада қолданылатын жуғыш
заттар қауіпті және жеміруі мүмкін!
Бұл жуғыш заттар қандай да бір
қатерлі жағдайға алып келсе,
жергілікті ауруханаға немесе
дәрігерге хабарласыңыз.
Жуғыш зат ауызға түсіп кетсе,
дереу жергілікті ауруханаға
немесе дәрігерге хабарласыңыз.
Жуғыш зат көзге түсіп кетсе, дереу
дәрігерге хабарласыңыз және
көзіңізді сумен шайыңыз.
•Ыдыс жуғыш машинада
қолданылатын жуғыш заттарды
қауіпсіз, балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жуғыш зат үлестіргіште жуғыш зат
болған кезде, құрылғының есігін
ашық қалдырмаңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін жуу
бағдарламасын бастардың
алдында ғана толтырыңыз.
Бұйым сипаттамасы
7
1 Үстіңгі себет
2 Су кермектігінің дискісі
3 Тұз сауыты
4 Жуғыш зат үлестіргіші
5 Шайғыш зат үлестіргіші
6 Техникалық ақпарат тақтайшасы
7 Сүзгілер
8 Астыңғы бүріккіш түтік
9 Үстіңгі бүріккіш түтік
10 Жұмыс алаңы
electrolux 5
Басқару панелі
1
9
10
2
3
4
5
6
7
8
A
B
C
1 Қосу/өшіру түймешігі
2 Болдырмау түймешігі
3 Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер
4 Multitab түймешігі
5 Қуат үнемдейтін түймешік
6 Кешіктіріп бастау түймешігі
7 Бейнебет
8 Функциялы түймешіктер
9 Индикатор шамдар
10 Бағдарлама индикаторлары
Индикатор шамдар
Тұз
1)
Бұл шам тұз сауытын толтыру қажет болған кезде ғана жанады. 'Ыдыс
жуғыш машинасы үшін арналған' тарауын қараңыз.
Сауытты толтырып болғаннан кейін, тұз индикаторы бірнеше сағат
жанған қалпы тұрады. Бұл құрылғының жұмысына теріс әсер етпейді.
Шайғыш зат
1)
Бұл шам шайғыш зат сауытын толтыру қажет болған кезде ғана
жанады. 'Жуғыш және шайғыш затты қолдану' тарауын қараңыз.
Multitab Бұл multitab функциясын қосқан кезде жанады. 'Multitab функциясы'
тарауын қараңыз.
Қуат үнемдейтін
құрал
Бұл қуатты үнемдейтін функцияны қосқан кезде жанады. 'Қуат
үнемдейтін түймешік' тарауын қараңыз.
1) Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда тұз және/немесе шайғыш зат сауыттары босап қалса, тиісті
индикаторлар жанбайды.
6 electrolux
Болдырмау түймешігі
Осы түймешіктің көмегімен жуу
бағдарламасын немесе кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтатуға болады.
'Жуу бағдарламасын таңдау және
бастау' тарауын қараңыз.
Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер
Бұл түймешіктердің көмегімен жуу
бағдарламасын таңдай аласыз.
Түймешіктерді қажетті бағдарламаның
индикаторы жанғанша қайта-қайта
басыңыз.
Жуу бағдарламалары туралы толығырақ
ақпаратты 'Жуу бағдарламалары'
тарауынан алыңыз.
Multitab түймешігі
Multitab функциясын іске қосу/өшіру үшін
осы түймешікті басыңыз. 'Multitab
функциясы' тарауын қараңыз.
Қуат үнемдеу түймешігі
Бұл функция кептіру сатысында
температураны азайтады. Қуат 10%
және 25% пайыз аралығында азаяды.
Бағдарламаның соңында ыдыс-аяқ
дымқыл болуы мүмкін. Ыдыс-аяқты
құрғату үшін құрылғының есігін ашып
қойған дұрыс.
Бұл функция жуу бағдарламаларының
барлығында бар. Түймешікті басқан
кезде, тиісті индикатор жанады.
Қуат үнемдеу түймешігі кейбір
функцияларда жұмыс істемейді. 'Жуу
бағдарламалары' тарауын қараңыз.
Кешіктіріп бастау түймешігі
Бұл түймешікті жуу бағдарламасын 1
сағаттан 24 сағатқа дейінгі интервал
бойынша кешіктіріп бастау үшін
қолданыңыз. 'Жуу бағдарламасын
таңдау және бастау' тарауын қараңыз.
Бейнебет
Бейнебеттен төмендегілер көрсетіледі:
Су жұмсартқыштың деңгейін
электронды тәсілмен баптау.
Шайғыш зат үлестіргішті қосу/өшіру
(тек multitab функциясы қосулы
тұрғанда ғана).
Жуу бағдарламасының ұзақтығы.
Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін
қалған уақыт.
Жуу бағдарламасының соңы.
Бейнебетте нөл көрсетіледі.
Кешіктіріп бастау функциясы
аяқталғанға дейін қалған уақыт.
Ақаулық кодтары.
Функция түймешіктері
Функция түймешіктерін мына
әрекеттерді орындау үшін қолданыңыз:
Су жұмсартқыштың деңгейін
электронды тәсілмен баптау үшін. 'Су
жұмсартқышты орнату' тарауын
қараңыз.
Multitab функциясы қосылып тұрған
кезде, шайғыш зат үлестіргішті қосу/
өшіру үшін. 'Келесі жағдайларда не
істеу керек...' тарауын қараңыз
Параметрлерді орнату режимі
Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы
параметрлерді орнату режимінде тұруға
тиіс:
Жуу бағдарламасын және/немесе
кешіктіріп бастау функциясын таңдау
және бастау үшін.
Су жұмсартқыштың деңгейін
электронды тәсілмен баптау үшін.
Шайғыш зат үлестіргішін қосу/өшіру
үшін.
Қосу/өшіру түймешігін басыңыз.
Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді
орнату режимінде тұрады:
Барлық бағдарламалардың
индикаторлары жанғанда.
Қосу/өшіру түймешігін басыңыз.
Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді
орнату режимінде тұрмайды.
Тек бір ғана бағдарлама шамы
жанғанда.
Бейнебетте жуу бағдарламасының
немесе кешіктіріп бастау
функциясының ұзақтығы көрсетіледі.
Параметрлерді орнату режиміне
қайтып оралу үшін жуу
бағдарламасын немесе кешіктіріп
бастау функциясын біржола тоқтату
керек. 'Жуу бағдарламасын таңдау
және бастау' тарауын қараңыз.
electrolux 7
Бірінші қолданғанға дейін
Әрекеттің әрбірін нұсқауға сай
орындаңыз:
1. Су жұмсартқыштың, тұратын
жеріңіздегі судың кермектігіне сай
келетін деңгейге қойылған-
қойылмағанын тексеріңіз. Қажет
болса, су жұмсартқыштың деңгейін
реттеңіз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш
заттан салыңыз.
4. Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды
құрылғыға салыңыз.
5. Ыдыс-аяқтың салынған мөлшері мен
ластығына қарай отырып, жуу
бағдарламасын дұрыс орнатыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш затты
тиісті мөлшерде салыңыз.
7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Егер құрама жуғыш таблеткаларды
('3 in 1', '4 in 1', '5 in 1') қолдансаңыз,
'Multitab функциясы' тарауын
қараңыз.
Су жұмсақтайтын бұйымын салу
Су жұмсартқыш судың құрамындағы
минералдар мен тұздарды кетіреді.
Минералдар мен тұздар құрылғы
жұмысына теріс әсер етуі мүмкін.
Судың кермектігін өлшейтін
эквивалентті өлшем бірліктерге
мыналар жатады:
Неміс градусы (dH°).
•Француз градусы (°TH).
ммоль/л (миллимоль - әр литрге:
судың кермектігін өлшейтін
халықаралық бірлік).
Су кермектігін өлшейтін Кларк
градусы.
Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі
судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.
Қажет болса, жергілікті су ресурстары
мекемесіне хабарласыңыз.
Судың кермектігі Судың кермектігін реттеу
°dH °TH ммоль/л Кларк қолмен электрондық
тәсілмен
51 - 70 91 - 125 9,1 - 12,5 64 - 88
2
1)
10
43 - 50 76 - 90 7,6 - 9,0 53 - 63
2
1)
9
37 - 42 65 - 75 6,5 - 7,5 46 - 52
2
1)
8
29 - 36 51 - 64 5,1 - 6,4 36 - 45
2
1)
7
23 - 28 40 - 50 4,0 - 5,0 28 - 35
2
1)
6
19 - 22 33 - 39 3,3 - 3,9 23 - 27
2
1)
5
1)
15 - 18 26 - 32 2,6 - 3,2 18 - 22 1 4
11 - 14 19 - 25 1,9 - 2,5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0,7 - 1,8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0,7 < 5
1
2)
1
2)
1) Зауытта орнатылған параметр.
2) Тұз салудың қажеті жоқ.
Су жұмсартқышты қолмен және
электронды тәсілмен реттеуіңіз
қажет.
Қолмен реттеу
Су кермектігінің дискісін, 1-ші немесе 2-
ші орынға (суретке қараңыз) қойыңыз.
8 electrolux
Электронды жолмен реттеу
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. B және C функция түймешіктерін, A, B
және C функция түймешіктерінің
үстіндегі индикатор шамдар
жыпылықтай бастағанша басып
ұстап тұрыңыз.
4. B және C функция түймешіктерін
босатыңыз.
5. A функция түймешігін басыңыз.
В және С функция түймешіктерінің
үстіндегі индикатор шамдар сөнеді.
A функция түймешігінің үстіндегі
индикатор шам жыпылықтауын
жалғастырады.
Бейнебетте ағымдық параметр
көрсетіледі.
Мысалы: бейнебетте
= 5-ші
деңгей.
6. A функция түймешігін, бейнебетте
қажетті параметр пайда болғанша
қайта-қайта басыңыз.
7. Параметрді құрылғы жадына қосу/
өшіру түймешігін басып енгізіңіз.
Су жұмсартқыш электронды
тәсілмен 1-ші мәнге қойылса, тұз
индикаторы сөнген қалпы тұрады.
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
Тұз сауытын толтыру үшін мына
әрекеттерді орындаңыз:
1. Тұз сауытының қақпағын сағат
бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су (тек ең алғаш
іске қосқанда) құйыңыз.
3. Тұз сауытын тұзға толтыру үшін
құйғышты пайдаланыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуінің
айналасындағы тұзды тазалаңыз.
5. Тұз сауытының қақпағын сағат
бағытымен бұрап жабыңыз.
Тұз сауытын тұзға толтырған кезде,
одан су төгіледі, бұл дұрыс.
electrolux 9
Жуғыш және шайғыш затты қолдану
20
30
M
A
X
1
2
3
4
+
-
1
2
3
4
5
6
7
Тазалау бұйымдарын қолдану
Қоршаған ортаға зиян келтірмес
үшін, жуғыш затты қажетті
мөлшерден артық пайдаланбаңыз.
Жуғыш затты өндірушінің, жуғыш
заттың орамында көрсеткен
нұсқауларын орындаңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін толтыру үшін
мына әрекеттерді орындаңыз:
1.
Жуғыш зат үлестіргіштің
2
қақпағын
ашу үшін
7
оны босататын
түймешікті басыңыз.
2. Жуғыш затты үлестіргішке салыңыз
1
.
3. Жуу бағдарламасының алдын ала
жуу циклі бар болса, құрылғы есігінің
ішкі бетіне жуғыш заттан аз ғана
салыңыз.
4. Құрама жуғыш таблеткаларды
қолдансаңыз, оларды жуғыш зат
үлестіргішіне салыңыз
1
.
5. Жуғыш зат үлестіргішін жабыңыз.
Қақпағын өз орнына түскенше
басыңыз.
Әртүрлі фирма өндірген жуғыш
заттар әртүрлі жылдамдықпен ериді.
Кейбір жуғыш таблеткаларды қысқа
мерзімді жуу бағдарламалары үшін
қолданғанда, сондай жақсы нәтиже
бермейді. Жуғыш таблеткаларды
қолданғанда, жуғыш зат әбден
жуылып кету үшін ұзақ мерзімді жуу
бағдарламасын қолданыңыз.
Шаю бұйымдары
Шайғы ш зат ыд ы с т арды е ш бір жол а қ
немесе дақ қалдырмай кептіруге
мүмкіндік береді.
Шайғыш зат үлестіргіші соңғы шаю
циклі кезінде шайғыш затты
автоматты түрде қосады.
Шайғыш зат үлестіргішін толтыру үшін
мына әрекеттерді орындаңыз:
1.
Шайғыш зат үлестіргіштің
6
қақпағын ашу үшін
5
босататын
түймешікті басыңыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішті
3
шайғыш
затпен толтырыңыз. 'max'
таңбаламасы ең үлкен мәнді
көрсетеді.
3. Жуу бағдарламасы орындалған
кезде, төгіліп қалған шайғыш зат
қатты көпіршімес үшін сіңіргіш
шүберекпен тазалап алыңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін жабыңыз.
Қақпағын өз орнына түскенше
басыңыз.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін
белгілеңіз
Зауытта мына мән орнатылған: 3.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін 1
(ең аз) және 4 (ең көп) мәндерінің біріне
қоюға болады.
Шайғыш заттың мөлшерін
4
көбейту
немесе азайту үшін шайғыш зат тетігін
бұраңыз.
Мульти таб функциясы
Multitab функциясы құрама жуғыш
таблеткаларға арналған.
Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш
зат, шайғыш зат және ыдыс жуғыш
машинаға арналған тұз бар. Кейбір
таблеткаларда басқа да жуғыш заттар
болады.
10 electrolux
Бұндай таблеткалардың жергілікті судың
кермектігіне сай келетін-келмейтінін
тексеру қажет. Өндірушінің нұсқауларын
қараңыз.
Multitab функциясын орнатсаңыз, қайта
өшіргенше қосулы тұрады.
Multitab функциясы шайғыш зат пен
тұзды ағызбай тоқтатып тастайды.
Multitab функциясы шайғыш зат пен тұз
индикаторларын сөндіреді.
Multitab функциясын қолданғанда,
бағдарлама уақыты ұзарады.
Multitab функциясын жуу
бағдарламасын бастамай тұрып
қосыңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде, multitab функциясын қоса
алмайсыз.
Multitab функциясын қосу үшін:
Multitab түймешігін басыңыз. Multitab
индикаторы жанады.
Multitab функциясын өшіріп, жуғыш зат,
шайғыш зат пен тұзды жеке-жеке
пайдалану үшін:
1. Multitab түймешігін басыңыз. Multitab
индикаторы сөнеді.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат
үлестіргішін толтырыңыз.
3. Су кермектігін ең үлкен мәнге
қойыңыз.
4. Жуу бағдарламасын ыдыс салмастан
орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын
жердегі судың кермектігіне лайықтап
қойыңыз.
6. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін
белгілеңіз.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
'Құрылғыны толтыру RealLife
тәсілдері' тарауын қараңыз.
Ақыл-кеңес
Құрылғыны су сіңіретін заттарды
(мысалы, жөке, ас үй майлық-сулықтары)
жуу үшін қолданбаңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды
салардың алдында, мына әрекеттерді
орындаңыз:
Тағам қалдықтарын алыңыз.
Табаға күйіп, жабысып қалған тағам
қалдықтарын жұмсартыңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды
төменде көрсетілгендей салыңыз:
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе,
стакан және кәстрөл) ауыздарын
төмен қаратып салыңыз.
Сауыт немесе терең ыдыстарды,
ішіне су жиналмайтын етіп
орналастырыңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды
араласып кетпейтін етіп салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей
салыңыз.
Кішкене заттарды ас құралдарына
арналған себетке салыңыз.
Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас
үшін, басқа ас құралдарымен
араластырып салыңыз.
Ыдыс-аяқтарды су барлық жеріне
тиетін етіп орналастырыңыз.
Пластик заттар мен жабысқақ емес
материалмен қапталған кәстрөлдерге
су тамшылары тұрып қалады.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке
салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін
етіп салыңыз.
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ жуу
бағдарламасын таңдап, қосыңыз.
1. Есікті ашыңыз.
2. Құрылғыны қосыңыз.
3. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
4. Жуу бағдарламасын таңдаңыз. 'Жуу
бағдарламалары' тарауын қараңыз.
electrolux 11
Бағдарламаның тиісті индикаторы
жанады.
Басқа бағдарламалардың
барлығының индикаторлары
сөнеді.
Бейнебетте бағдарламаның
ұзақтығы жыпылықтайды.
5. Құрылғы есігін жабыңыз. Жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Жуу бағдарламасын есік жабық
тұрған кезде де таңдауыңызға
болады. Бағдарлама түймешігін
басқаннан кейін, басқа жуу
бағдарламасын таңдауға тек 3
секунд ғана уақытыңыз бар. Осы 3
секунд өткеннен кейін жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу
бағдарламасын таңдап, қосыңыз
1. Есікті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосыңыз да, жуу
бағдарламасын таңдаңыз.
3. Бейнебетте кешіктіріп бастау
функциясының қажетті мәні сағат
түрінде көрсетілгенше, кешіктіріп
бастау функциясының түймешігін
қайта-қайта басыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз.
Кері санақ автоматты түрде
басталады.
Кері санақ аяқталған кезде, жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Құрылғы есігі ашылса, кері санақ
кідіреді. Есікті жапқаннан кейін, кері
санақ тоқтаған жерінен бастап
жалғасады.
Кешіктіріп бастау функциясын есік
жабық тұрған кезде де
таңдауыңызға болады. Жуу
бағдарламасын таңдағаннан кейін,
кешіктіріп бастау функциясын
таңдауға тек 3 секунд уақытыңыз
бар. Осы 3 секунд өткеннен кейін жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Жуу бағдарламасын кідірту
Құрылғы есігін ашыңыз.
Жуу бағдарламасы тоқтайды.
Құрылғы есігін жабыңыз.
Жуу бағдарламасы үзілген жерінен
бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп
бастау функциясын біржола тоқтату
тәсілі
Жуу бағдарламасы немесе
кешіктіріп бастау функциясы
басталмаса, параметрді
өзгертуіңізге болады.
Жуу бағдарламасы немесе
кешіктіріп бастау функциясы
орындалып тұрса, параметрді
өзгерту мүмкін емес. Жаңа параметр
таңдау үшін, жуу бағдарламасын
немесе кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату керек.
Кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатсаңыз, таңдалған жуу
бағдарламасы да автоматты түрде
біржола тоқтайды. Жуу
бағдарламасын қайта таңдау қажет
болады.
1. Барлық бағдарламалардың
индикаторлары жанғанша
болдырмау түймешігін басып ұстап
тұрыңыз.
2. Жаңа жуу бағдарламасын бастар
алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасының аяқталуы
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Бейнебетте 0 көрсетіледі.
1. Құрылғыны өшіріңіз.
2. Құрылғы есігін ашыңыз.
3. Кептіру нәтижесін жақсарту үшін
есікті бірнеше минут ашып қойыңыз.
Құрылғыны сөндірмесеңіз, жуу
бағдарламасы аяқталғаннан кейін
үш минут өткен соң:
барлық индикаторлар сөнеді,
бейнебетте бір көлденең сызық
пайда болады,
Бұл электр қуатын тұтынуды
азайтуға көмектеседі.
Түймешіктердің бірін (қосу/өшіру
түймешігінен басқасын) басыңыз,
бейнебет пен индикаторлар қайта
қосылады.
12 electrolux
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан
кейін 10 минут өткен соң құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
Құрылғыны босату
Ыдыстарды құрылғыдан суытып
алғаннан кейін бір-ақ алыңыз. Ыстық
ыдыс осал келеді.
Алдымен астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі ыдыстарды
алыңыз.
Құрылғының қабырғалары мен есігі су
болып қалуы мүмкін. Тот баспайтын
болат, ыдыстарға қарағанда тез
салқындайды.
Жуу программалар
Жуу бағдарламалары
Бағдарлама Кірдің ауқымы Ыдысты салу түрі Бағдарлама
сипаттамасы
Қуат
үнемд
ейтін
құрал
1)
Auto
2)
Кез келген Ыдыс-аяқтар, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Негізгі жуу 45°C
немесе 70°C
1 немесе 2 рет
аралық шаю
Соңғы шаю
Кептіру
иә,
әсер
етеді
Intensive Қатты ластанған Ыдыс-аяқтар, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Негізгі жуу 70°C
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Кептіру
иә,
әсер
етеді
Quick
3)
Қалыпты немесе
аздап кірлеген
Ыдыс-аяқтар мен ас
құралдары
Негізгі жуу 60°C
Шаю циклі
иә,
әсер
етпейд
і
Eco
4)
Қалыпты
ластанған
Ыдыс-аяқтар мен ас
құралдары
Алдын ала жуу
Негізгі жуу, 50°C
дейін
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Кептіру
иә,
әсер
етеді
One hour Жеңіл ластанған Ыдыс-аяқтар мен ас
құралдары
Негізгі жуу 55°C
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
иә,
әсер
етпейд
і
electrolux 13
Бағдарлама Кірдің ауқымы Ыдысты салу түрі Бағдарлама
сипаттамасы
Қуат
үнемд
ейтін
құрал
1)
Rinse Бұл тағам қалдықтары ыдысқа жабысып,
құрылғыдан жағымсыз иіс шықпас үшін
ыдыстарды жылдам шаюға арналған
бағдарлама.
Жуу бағдарламасын құрылғыны ыдыстарға
әбден толтырғаннан кейін бастайсыз.
Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
1 рет суық сумен
шаю
иә,
әсер
етпейд
і
1) Бұл функция жұмыс істейтін бағдарламаларда қуат 10% пайыз бен 25% пайыз аралығында үнемделеді.
2) Құрылғы судың температурасы мен мөлшерін автоматты түрде реттейді. Бұл құрылғының толық немесе
жартылай толтырылғандығына, ыдыс-аяқтың қаншалықты ластанғанына байланысты. Бағдарламаның
ұзақтығы мен тұтынылатын ресурстар шығыны өзгереді.
3) Құрылғыға салынған ыдыс көп болмаса, бұл бағдарлама уақытты тамаша үнемдеп, ыдыстарды жақсылап
жууға көмектеседі.
4) Сынақ мекемелеріне арналған сынақ бағдарламасы. Сынақ деректерін ілеспе кітапшадан қараңыз.
Пайдалану көлемі
Бағдарлама
1)
Қуат (кВт/с) Су (литр)
Auto 0,9 - 1,7 8 - 17
Intensive 1,4 - 1,6 15 - 16
Quick 0,9 9
Eco 0,9 - 1,0 9 - 11
One hour 1,0 - 1,2 10 - 11
Rinse 0,1 4
1) Бейнебетте бағдарлама ұзақтығы көрсетіледі.
Бұл мәндерді судың қысымы мен
температурасы, электр қуатының
ауытқып берілуі мен ыдыстардың
мөлшері өзгертуі мүмкін.
Күту менен тазалау
Сүзгілерді алу және тазалау
Қоқыс тұрған сүзгілер жуу нәтижесін
төмендетеді. Сондай-ақ бұл сүзгілерге
жиі күтім көрсетіп отырып керек,
сүзгілерді мезгіл-мезгіл тексеріп, қажет
болса, тазалап отыруды ұсынамыз.
1. (A) сүзгісін алу үшін, оны сағат
бағытына қарсы бұрап, (B) сүзгісінен
алыңыз.
A
B
14 electrolux
2. (A) сүзгісі 2 бөліктен тұрады. Сүзгіні
ағытып алу үшін, оларды бір-бірінен
ажыратыңыз.
3. Бөліктерін ағып тұрған сумен әбден
жуыңыз.
4. (A) сүзгісінің 2 бөлігін өзара біріктіріңіз
де, басыңыз. Олардың бір-біріне
дұрыс кірігіп орналасқанына көз
жеткізіңіз.
5. (B) сүзгісін алыңыз.
6. (B) сүзгісін ағып тұрған сумен әбден
жуыңыз.
7. (B) сүзгісін әдепкі орнына қойыңыз.
Сүзгінің екі бағыттағыштың (C)
астына дұрыс кірігіп орналасқанына
көз жеткізіңіз.
C
8. (A) сүзгісін, (B) сүзгісіндегі орынға
қойыңыз да, сағат бағытымен
бекітілгенше бұраңыз.
Бүріккіш түтіктерді тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп
қалса, қалған қалдықтарды жіңішке
шырпымен тазалаңыз.
Құрылғы корпусының сыртын тазалау
Құрылғы корпусының сыртын және
басқару панелін дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек нейтрал
тазалағыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөке немесе
еріткіштерді (мысалы, ацетон)
пайдаланбаңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Құрылғы іске қосылмайды немесе жұмыс
жасап тұрып тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын
іздеңіз (кестеге қараңыз). Өзіңіз түзете
алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Дұрыс жұмыс істемеу Ақаулық коды Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыға су
құйылмай тұр.
Бейнебетте келесі
көрсетіледі:
Су құятын шүмек
бітелген не оған қақ
тұрған.
Су құятын шүмекті
тазалаңыз.
Судың қысымы тым
төмен.
Жергілікті су
ресурстары
мекемесіне
хабарласыңыз.
Су құятын шүмек
жабық.
Су құятын шүмекті
ашыңыз.
Су құятын түтіктегі
сүзгі бітеліп қалған.
Сүзгіні тазалаңыз.
electrolux 15
Дұрыс жұмыс істемеу Ақаулық коды Ықтимал себебі Шешімі
Су құятын түтік дұрыс
жалғанбаған.
Түтіктің дұрыс
жалғанғанын
тексеріңіз.
Су құятын түтік
бүлініп қалған.
Су құятын түтіктің еш
жерінің бүлінбегеніне
көз жеткізіңіз.
Құрылғының суы
төгілмей тұр.
Бейнебетте келесі
көрсетіледі:
Раковина түтікшесі
бітеліп қалған.
Раковинаның
түтікшесін
тазалаңыз.
Су төгетін түтік дұрыс
жалғанбаған.
Түтіктің дұрыс
жалғанғанын
тексеріңіз.
Су төгетін түтік
бүлініп қалған.
Су төгетін түтіктің еш
жерінің бүлінбегеніне
көз жеткізіңіз.
Тасқынға қарсы
құрал іске қосылады.
Бейнебетте келесі
көрсетіледі:
Судың шүмегін
жабыңыз да, қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Бағдарлама
басталмай тұр.
Құрылғының есігі
ашық тұр.
Есікті дұрыс
жабыңыз.
Аша розеткаға
сұғылмаған.
Ашаны розеткаға
сұғыңыз.
Үйдегі сақтандырғыш
қорапшасындағы
сақтандырғыш
жанып кеткен.
Сақтандырғышты
ауыстырыңыз.
Кешіктіріп бастау
функциясы
орнатылған. (Тек
кешіктіріп бастау
функциясы бар
құрылғыларға
қатысты).
Бағдарламаны дереу
бастау үшін,
кешіктіріп бастау
функциясын біржола
тоқтатыңыз.
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны
қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен
бастап жалғасады.
Ақаулық қайта пайда болса, жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Бейнебетте белгісіз ақаулық кодтары
пайда болса, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
мағлұмат, техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Қажетті ақпаратты мына жерге жазып
қоюды ұсынамыз:
Үлгісі (MOD.) ....................
Өнім нөмірі (PNC) ....................
Сериялық нөмірі (S.N.) ....................
16 electrolux
Жуу және кептіру нәтижелері қанағаттанарлықтай емес.
Ақаулық Ықтимал себебі Ықтимал шешімі
Ыдыс-аяқ таза емес. Таңдалған бағдарлама
салынған ыдыс-аяқтың
түріне және ластану
дәрежесіне сай емес.
Салынған ыдыс-аяқтың
түріне және ластану
дәрежесіне сай
бағдарламаны таңдаңыз.
Себеттерге ыдыс дұрыс
салынбаған, су ыдыс-аяқтың
барлығына бірдей жетпеген.
Себеттерді дұрыс
толтырыңыз.
Ыдыс-аяқ дұрыс
салынбағандықтан, бүріккіш
түтіктер еркін айнала алмай
тұр.
Ыдыс-аяқты бүріккіш
түтіктерге кедергі
жасамайтын етіп, дұрыстап
салыңыз.
Сүзгілер ластанған немесе
дұрыс құрастырылып,
орнатылмаған.
Сүзгілердің таза екеніне,
дұрыс құрастырылып,
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Жуғыш зат өте аз салынған
немесе мүлде салынбаған.
Жуғыш заттың жеткілікті
мөлшерде салынуын
қамтамасыз етіңіз.
Ыдыс-аяққа әк түйіршіктері
тұрып қалған.
Тұз сауыты босап қалған. Тұз сауытына ыдыс жуғыш
машина тұзынан салыңыз.
Су жұмсартқыш дұрыс
деңгейге қойылмаған
Су жұмсартқышты реттеңіз.
Тұз сауытының қақпақшасы
дұрыс жабылмаған.
Тұз сауытының қақпақшасын
дұрыс жабыңыз.
Ыдыс-аяқ пен стакандар
айғыз-айғыз, оларға ақшыл
жолақтар түскен не беті
көкшіл тартқан.
Шайғыш зат тым үлкен мәнге
қойылған.
Шайғыш зат мөлшерін
азайтыңыз.
Стакандар мен ыдыста
кепкен су тамшысының ізі
қалған.
Шайғыш зат тым төмен мәнге
қойылған.
Шайғыш заттың мөлшерін
көбейтіңіз.
Бұның себебі жуғыш заттарға
байланысты болуы мүмкін.
Басқа фирманың жуғыш
затын қолданыңыз.
Ыдыс-аяқ кеппеген. Кептіру циклы жоқ немесе
қысқа мерзімді кептіру циклы
бар жуу бағдарламасын
орнатқансыз.
Ыдыс-аяқты алардың
алдында есікті бірнеше минут
ашып қойыңыз.
Ыдыс-аяқ кеппеген және түсі
ашылмаған.
Шайғыш зат үлестіргіші
босап қалған.
Шайғыш зат үлестіргішіне
шайғыш заттан салыңыз.
Multitab функциясы қосулы.
(Шайғыш зат үлестіргіші
автоматты түрде өшеді).
Шайғыш зат үлестіргішін
белсенді күйге көшіріңіз.
'Шайғыш зат үлестіргішін іске
қосу' тарауын қараңыз.
Шайғыш зат үлестіргішін қосу
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. B және C функция түймешіктерін
басып ұстап тұрыңыз.
A, B және C функция
түймешіктерінің үстіндегі
индикатор шамдар жыпылықтай
бастайды.
4. B және C функция түймешіктерін
босатыңыз.
electrolux 17
5. В функция түймешігін басыңыз.
В және С функция түймешіктерінің
үстіндегі индикатор шамдар сөнеді.
В функция түймешігінің үстіндегі
индикатор шам жыпылықтауын
жалғастырады.
Бейнебетте ағымдық параметр
көрсетіледі.
Шайғыш зат
үлестіргіші өшірулі
Шайғыш зат
үлестіргіші қосулы
6. В функция түймешігін қайта басыңыз.
Бейнебетте жаңа параметр
көрсетіледі.
7. Параметрді құрылғы жадына оны
өшіру арқылы енгізіңіз.
Техникалық сиппатама
Өлшемдері Ені 596 мм
Биіктігі 850 мм
Тереңдігі 620 мм
Құйылатын судың қысымы Ең азы 0,5 бар (0,05 MПa)
Ең көбі 8 бар (0,8 MПa)
Су жүйесіне қосу
1)
Суық немесе ыстық су
жүйесіне қосылады
ең көбі 60°C
Сыйымдылығы Орын параметрлері 12
1) Су құятын түтікті, 3/4'' резьбасы бар су ағатын шүмекке жалғаңыз.
Құрылғы есігінің ішкі жиегінде
орналасқан тақтайшада электр
қосылымы параметрлері
көрсетілген.
Егер ыстық су басқа қуат көздерінен
(мысалы, күн батареясының панелі,
фотоэлектрлі батарея, жел) алынса,
құрылғыны тұтынылатын қуатты
азайту үшін ыстық су жүйесіне
жалғаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы
белгісі осы бұйым
кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп
білдіреді. Сондықтан оны ескі электр
және электроникалық бұйымдарды
жинап утилизация үшін арнайы
контейнерлерге салуыңыз керек. Осы
бұйымды дұрыс түрде утилизация
арқылы Сіз қоршаған орта менен адам
денсаулығына түсіп пайда бола алатын
зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса
аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс
емес қолданғанда пайда болуы мүмкін.
Осы бұйымның утилизациясы туралы
көбірек білуіңіз үшін жергілікті
әкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап
әкететін мекемеңізбен немесе осы
бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен
хабарласыңыз.
Мынандай белгіше салынған орам
материалдарын қайта өңдеуге
тапсырыңыз.
. Орам материалдарын
қайта өңделетін қалдықтарды салуға
арналған контейнерге тастаңыз.
Орнату
Ас үй қаптамасының астына орнату
Құрылғыны су ағатын шүмек пен су
төгетін құбырға жақын орналастырыңыз.
Құрылғыны раковина астына немесе ас
үй қаптамасының астына орнату үшін,
үстіндегі жұмыс алаңын алыңыз.
18 electrolux
Құрылғы орнатылатын қаптаманың ішкі
өлшемі, суреттегі өлшемдерге сай
екендігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғының жұмыс алаңын алу тәсілі
1. Артқы бұрандаларды алыңыз (1).
2. Жұмыс алаңын құрылғының артқы
жағынан тартыңыз (2).
3. Жұмыс алаңын көтеріңіз де, алдыңғы
саңылаулардан шығарыңыз (3).
4. Құрылғыны реттемелі сирақтардың
көмегімен тіктеп орнатыңыз.
5. Құрылғыны ас үй қаптамасының
астына орнатыңыз. Орнатып
жатқанда, су жүйесіне қосылатын
түтіктерін майыстырып немесе
жаншып алмаңыз.
Құрылғыны тіктеп орнату
Құрылғының деңгейін дұрыс ретке
келтіріп орнатсаңыз, есік нығыз
жабылады.
Құрылғыны дұрыс тіктеп орнатпасаңыз,
есігі ас үй қаптамасының жақтауларына
тиіп қалады.
Құрылғының деңгейін реттеу үшін
реттемелі сирақтарын босатыңыз
немесе қатайтыңыз.
Су төгетін жүйеге қосу
Су төгетін түтікті мына жерге жалғаңыз:
раковина түтікшесіне жалғап, жұмыс
алаңының астына орнықтырыңыз. Бұл
раковинадан ағатын лас судың
құрылғыға қайта құйылуына жол
бермейді.
Желдеткіш саңылауы бар тік құбыр.
Ішкі диаметрі минимум 4 см болуға
тиіс.
max 85 cm
min 40 cm
max 400 cm
Құрылғының суы төгіліп жатқан кезде,
осы су кері құйылып кетпес үшін
раковинаның тығынын алып қойыңыз.
Су төгетін түтікті ұзарту үшін
қолданылатын түтіктің ұзындығы 2
метрден артық болмауға тиіс. Ішкі
диаметрі түтіктің диаметрінен кем
болмауы керек.
Су төгетін түтікті раковина астындағы
қалқаншалы түтікке қоссаңыз, пластик
(A) қалқанды алыңыз. Қалқанды
алмасаңыз, тағам қалдықтары су төгетін
түтіктің ішін бітеп тастауы мүмкін.
electrolux 19
Қауіпсіздік құралы лас судың
құрылғыға қайта барып құйылуына
жол бермейді. Егер раковина
түтікшесі 'қайтармайтын клапанмен'
жабдықталса, бұл құрылғы суының
дұрыс төгілмеуіне әкелуі мүмкін.
Қайтармайтын клапанды алып
тастаңыз.
20 electrolux
/