• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс
немесе өрт шығу қаупі бар.
• Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың
барлығын ас құралдары себетіне
ұшын төмен қаратып салыңыз.
Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен
не пышақ салатын себетке салыңыз.
(Пышақ салынатын себет тек кей
үлгілерде ғана бар).
• Ыдыс жуғыш
машинаға арналған
арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз,
шайғыш зат) ғана қолданыңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған
тұздар су жұмсартқышқа нұқсан
келтіруі мүмкін.
• Тұзды ыдыс жуғыш машинаға жуу
бағдарламасын бастамай тұрып
салыңыз. Құрылғыда қалған қалдық
тұз құрылғыны тоттандыруы немесе
табанын ойып жіберуі мүмкін.
• Шайғыш зат сауытына шайғыш
заттан басқа бөгде зат (мысалы,
ыдыс жуғыш машинаны
тазартқыш,
сұйық тазартқыш) салмаңыз. Бұл
құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
• Жуу бағдарламасын бастамай тұрып,
бүріккіш түтіктердің еркін айнала
алатынына көз жеткізіңіз.
• Жуу бағдарламасы орындалып
тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз,
ыстық бу шығып кетуі мүмкін. Күйіп
қалу қаупі бар.
• Ыдыстарды жуу бағдарламасы
аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Күту менен тазалау
• Құрылғыны тазалар алдында, оны
сөндіріңіз де, ашаны розеткадан
алыңыз.
• Тұтанғыш заттар немесе тот
бастыратын заттарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны сүзгілерін салмай іске
қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс
орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу
нəтижесі қанағаттанғысыз болып,
құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді немесе буды қолданбаңыз.
Электр қатері орын алуы жəне
құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
Орнату
• Құрылғының еш жерінің бүлінбегеніне
көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны
орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз,
сатушыға хабарласыңыз.
• Құрылғыны орнатып іске қосар
алдында орам материалдарының
барлығын алыңыз.
• Электр қосылымына, құбыр жүйесіне,
құрылғыны орнатуға қатысты
жұмыстарды тек білікті маман іске
асыруға тиіс. Бұл құрылғының
құрылымына немесе адамға зақым
келмес үшін қажет.
• Құрылғыны орнату барысында оның
ашасының розеткадан ағытылғанына
көз жеткізіңіз.
• Құрылғының қабырғаларын,
оның
гидравликалық немесе электрлік
бөлшектерін бүлдіріп алмас үшін
бұрғылап теспеңіз.
• Маңызды!Құрылғымен бірге келген
парақтағы нұсқауларды орындаңыз:
– Құрылғыны орнату.
– Есік панелін құрастыру.
– Сумен жабдықтау жəне су төгу
жүйелеріне қосу.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Мұздап қалуға қарсы сақтық
шаралары
• Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен жерге орнатпаңыз.
• Мұз
қату салдарынан болған ақаулық
үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
Суға қосу
• Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін
жаңа түтіктерді пайдаланыңыз. Бұрын
қолданылған түтіктерді
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне
немесе ұзақ уақыт қолданыста
болмаған құбырларға қоспаңыз. Суды
бірнеше минут ағызғаннан кейін су
құятын түтікті жалғаңыз.
electrolux 3