AEG F55000M0 Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал инструкцию по эксплуатации посудомоечной машины AEG FAVORIT 55000 и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве подробно описаны все функции, программы мойки, процедуры очистки и устранения неисправностей. Например, вы можете узнать о функции Multitab для комбинированных моющих таблеток и о настройке уровня жесткости воды. Задавайте ваши вопросы!
  • Как использовать функцию Multitab?
    Что делать, если посудомоечная машина не запускается?
    Как настроить уровень жесткости воды?
    Как чистить фильтры посудомоечной машины?
FAVORIT 55000
KK ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RU ПОСУДОМОЕЧНАЯ МАШИНА ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
29
UK ПОСУДОМИЙНА МАШИНА ІНСТРУКЦІЯ 56
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген
жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға
мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға
негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе
бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз
жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз.
Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының
мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен
танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың
барлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін қамтамасыз
етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары
стандартқа сай жасалған керек-жарақтардың ішінен
арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары
салынатын себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір
жуғыш машинаға арналған нәзік тор тәрізді заттардың
барлығын таба аласыз...
интернеттегі мына дүкенге барыңыз:
www.aeg-electrolux.com/shop
2
МАЗМҰНЫ
4 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
8 Бұйым сипаттамасы
9 Басқару панелі
11 Құрылғыны қолдану
11 Су жұмсақтайтын бұйымын салу
13 Ыдыс жуғыш машинасы үшін
арналған
13 Жуғыш және шайғыш затты
қолдану
14 Мульти таб функциясы
15 Ас құралдары менен ыдыс-
аяқты салуs
18 Жуу программалар
19 Жуу бағдарламасын таңдау
және бастау
21 Күту менен тазалау
22 Не істерсіңіз, егер...
25 Техникалық сиппатама
26 Қоршаған ортаға зиян келдірмеу
туралы мағлұматтар
26 Орнату
Осы қолдану туралы нұсқауларда астыда
көрсетілген белгілер қолданылады:
Өзіңіздің жеке бас қауіпсіздігіңіз менен
бұйымды бұзылдырмай қолдану туралы
мағлұматтар.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей
пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу
құқығына ие.
Мазмұны
3
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.
Қоршаған ортаға өз үлесіңізді қосу үшін.
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Құрылғыны басқа жаққа көшірсеңіз немесе басқа адамға берсеңіз, осы нұсқаулықты
әрқашан онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі
жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат
бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы
немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып қалу
немесе жарақат алу қаупі бар.
Жуғыш заттардың барлығын қауіпсіз жерде сақтаңыз. Балаларға жуғыш затты
ұстауға рұқсат бермеңіз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз.
Қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Көз, ауыз, өңеш күйіп қалмас үшін, жуғыш зат өндірушісінің қауіпсіздік нұсқауларын
орындаңыз.
Құрылғыдағы суды ішуге болмайды. Құрылғыда жуғыш заттың қалдығы қалуы
мүмкін.
Құрылғының есігін қараусыз ашық қалдырмаңыз. Бұл жарақаттанып қалуға және
ашық есікке соғылып қалуға жол бермеу үшін қажет.
Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз немесе үстіне шығып тұрмаңыз.
Қолданылуы
Бұл тек үйде қолдануға арналған құрылғы. Адам жарақаттануға жол бермеу және
мүлікке нұқсан келтірмеу үшін құрылғыны басқа мақсатта қолданбаңыз.
Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу үшін ғана
қолданыңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу
қаупі бар.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың барлығын ас құралдары себетіне ұшын төмен
қаратып салыңыз. Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен не пышақ салатын себетке
салыңыз. (Пышақ салынатын себет тек кей үлгілерде ғана бар).
Ыдыс жуғыш машинаға арналған арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз, шайғыш зат)
ғана қолданыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар су жұмсартқышқа нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұзды ыдыс жуғыш машинаға жуу бағдарламасын бастамай тұрып салыңыз.
Құрылғыда қалған қалдық тұз құрылғыны тоттандыруы немесе табанын ойып
жіберуі мүмкін.
Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан басқа бөгде зат (мысалы, ыдыс жуғыш
машинаны тазартқыш, сұйық тазартқыш) салмаңыз. Бұл құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Жуу бағдарламасын бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына
көз жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығып
кетуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
Ыдыстарды жуу бағдарламасы аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Күту менен тазалау
Құрылғыны тазалар алдында, оны сөндіріңіз де, ашаны розеткадан алыңыз.
Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу нәтижесі
қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді немесе буды қолданбаңыз. Электр қатері
орын алуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
Орнату
Құрылғының еш жерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны
орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз, сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны орнатып іске қосар алдында орам материалдарының барлығын алыңыз.
Электр қосылымына, құбыр жүйесіне, құрылғыны орнатуға қатысты жұмыстарды тек
білікті маман іске асыруға тиіс. Бұл құрылғының құрылымына немесе адамға зақым
келмес үшін қажет.
Құрылғыны орнату барысында, оның ашасының розеткадан ағытылып тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Құрылғының қабырғаларын, оның гидравликалық немесе электр бөлшектерін
бүлдіріп алмас үшін бұрғылап теспеңіз.
Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары
Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз.
Мұз қату салдарынан болған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Суға қосу
Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін жаңа түтіктерді пайдаланыңыз. Бұрын
қолданылған түтіктерді пайдаланбаңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5
Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне немесе ұзақ уақыт қолданыста болмаған
құбырларға қоспаңыз. Суды бірнеше минут ағызып қойыңыз да, содан кейін су
құятын түтікті жалғаңыз.
Құрылғыны орнатып жатқанда, су түтіктерінің жаншылып қалмағанын немесе
бүлінбегенін тексеріңіз.
Су құбыры жалғастырғыштарының су ақпайтындай берік орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда, түтіктерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік
клапанымен жабдықталған. Су құятын түтікте тек су құйылған кезде ғана қысым
пайда болады. Су құятын түтіктен су ақса, қауіпсіздік клапаны ағып жатқан суды
тоқтатады.
Су құятын түтікті жалғаған кезде абай болыңыз:
Су құятын түтікті немесе қауіпсіздік клапанын суға батырмаңыз.
Су құятын түтік немесе қауіпсіздік клапаны бүлінсе, ашаны дереу розеткадан
суырыңыз.
Қауіпсіздік клапаны бар түтікті ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қатерлі кернеу.
Электртоғына қосу
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты аша мен ұзартқыш сымды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының арт жағындағы аша мен қорек сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
6
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
ажыратыңыз.
Қызмет көрсету орталығы
Құрылғыны тек уәкілетті техник ғана жөндеуге немесе оған қатысты жұмыстарды
орындауға тиіс. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін:
Ашаны розеткадан ағытыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл балалар мен үй жануарлары құрылғыға
кіріп қамалып қалмас үшін қажет. Тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны жергілікті қоқыс тастайтын жерге тастаңыз.
Назарыңызда болсын!
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті және тоттандыруы мүмкін !
Егер осы жуғыш заттардан болып оқыс жағдай орын алса, дереу дәрігерге
хабарласыңыз.
Жуғыш зат ауызға түсіп кетсе дереу дәрігерге хабарласыңыз.
Жуғыш зат көзге түсіп кетсе, дереу дәрігерге хабарласыңыз және көзіңізді сумен
шайыңыз.
Ыдыс жуғыш машинада қолданылатын жуғыш заттарды қауіпсіз, балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жуғыш зат үлестіргіште жуғыш зат болған кезде, құрылғының есігін ашық
қалдырмаңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін жуу бағдарламасын бастардың алдында ғана толтырыңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
7
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 Үстіңгі себет
2 Су кермектігі тетігі
3 Тұз сауыты
4 Жуғыш зат үлестіргіші
5 Шайғыш зат үлестіргіші
6 Техникалық ақпарат тақтайшасы
7 Сүзгілер
8 Астыңғы бүріккіш түтік
9 Үстіңгі бүріккіш түтік
10 Жұмыс алаңы
8
Бұйым сипаттамасы
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1 2
6
ABCDE
2
3
5
4
1 Қосу/өшіру түймешігі
2 Бағдарлама таңдау түймешіктері
3 Кешіктіріп бастау түймешігі
4 Индикатор шамдар
5 Бейнебет
6 Функция түймешіктері
Индикатор шамдар
Орындалып тұрған
бағдарлама
Бұл жуу бағдарламасын таңдаған кезде жанады.
Бұл шам жуу бағдарламасы аяқталғанша жанып тұрады.
Multitab Бұл multitab функциясын қосқан кезде жанады. 'Multitab функциясы'
тарауын қараңыз.
Тұз
1)
Бұл шам тұз сауытын толтыру қажет болған кезде жанады. 'Ыдыс
жуғыш машина тұзын пайдалану' тарауын қараңыз.
Сауытты толтырғаннан кейін тұз индикаторы бірнеше сағат жанған
қалпы тұрады. Бұл құрылғының жұмысына теріс әсер етпейді.
Шайғыш зат
1)
Бұл шам шайғыш зат сауытын толтыру қажет болған кезде жанады.
'Жуғыш және шайғыш затты қолдану' тарауын қараңыз.
1) Жуу бағдарламасы орындалып жатқанда тұз және/не шайғыш зат сауыттары босап қалса, тиісті
индикатор шамдар жанбайды.
Басқару панелі
9
Бағдарлама түймешіктері
Жуу бағдарламасын орнату үшін осы түймешіктердің бірін басыңыз. Тиісті индикатор
жанады. 'Жуу бағдарламалары' тарауын қараңыз.
Кешіктіріп бастау түймешігі
Бұл түймешікті жуу бағдарламасын 1 сағаттан 19 сағатқа дейінгі аралықпен кешіктіріп
бастау үшін қолданыңыз. 'Жуу бағдарламасын таңдау және бастау' тарауын қараңыз.
Бейнебет
Бейнебеттен төмендегілер көрсетіледі:
Су жұмсартқыштың деңгейін электронды тәсілмен баптау.
Шайғыш зат үлестіргішті қосу/өшіру (тек multitab функциясы қосулы тұрғанда ғана).
Жуу бағдарламасының ұзақтығы.
Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін қалған уақыт.
Жуу бағдарламасының соңы. Бейнебетте нөл көрсетіледі.
Кешіктіріп бастау функциясы аяқталғанға дейін қалған уақыт.
Ақаулық кодтары.
Функция түймешіктері
Функция түймешіктерін мына әрекеттерді орындау үшін қолданыңыз:
Су жұмсартқыштың деңгейін электронды тәсілмен баптау үшін. 'Су жұмсартқышты
орнату' тарауын қараңыз.
Multitab функциясын қосу/өшіру үшін. 'Multitab функциясы' тарауын қараңыз.
Multitab функциясы қосылып тұрған кезде, шайғыш зат үлестіргішін қосу/өшіру үшін.
'Келесі жағдайларда не істеу керек...' тарауын қараңыз
Орындалып тұрған жуу бағдарламасын немесе кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтату үшін. 'Жуу бағдарламасын таңдау және бастау' тарауын қараңыз.
Параметрлерді орнату режимі
Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұруға тиіс:
Жуу бағдарламасын және/немесе кешіктіріп бастау функциясын таңдау және бастау
үшін.
Су жұмсартқыштың деңгейін электронды тәсілмен баптау үшін.
Multitab функциясын қосу/өшіру үшін.
Шайғыш зат үлестіргішін қосу/ажырату үшін.
Қосу/өшіру түймешігін басыңыз. Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді орнату
режимінде тұрады:
Барлық бағдарламалардың индикаторлары жанғанда.
Қосу/өшіру түймешігін басыңыз. Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді орнату
режимінде тұрмайды.
Тек бір ғана бағдарлама шамы жанғанда.
Бейнебетте жуу бағдарламасының немесе кешіктіріп бастау функциясының
ұзақтығы көрсетіледі.
10
Басқару панелі
Параметрлерді орнату режиміне қайтып оралу үшін жуу бағдарламасын немесе
кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату керек. 'Жуу бағдарламасын таңдау
және бастау' тарауын қараңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
1. Су жұмсартқыштың деңгейі, тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай деңгейге
қойылғанына көз жеткізіңіз. Сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан салыңыз.
4. Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды құрылғыға салыңыз.
5. Ыдыс-аяқтың салынған мөлшері мен ластығына қарай жуу бағдарламасын дұрыс
орнатыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш затты тиісті мөлшерде салыңыз.
7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Егер құрама жуғыш таблеткаларды ('3 in 1', '4 in 1', '5 in 1') қолдансаңыз, multitab
функциясын қолданыңыз ('Multitab функциясы' тарауын қараңыз).
СУ ЖҰМСАҚТАЙТЫН БҰЙЫМЫН САЛУ
Су жұмсартқыш судың құрамындағы минералдар мен тұздарды кетіреді. Бұндай
минералдар мен тұздар құрылғыға нұқсан келтіреді.
Су жұмсартқыштың деңгейі тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай келмесе, су
жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін, жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне
хабарласып біліңіз.
Судың кермектігі
Судың кермектігін
реттеу
Неміс градусы
(dH°).
Француз градусы
(°TH).
ммоль/л Кларк
градусы
қолмен электр
ондық
тәсілм
ен
51 - 70 91 - 125 9,1 - 12,5 64 - 88
2
1)
10
43 - 50 76 - 90 7,6 - 9,0 53 - 63
2
1)
9
37 - 42 65 - 75 6,5 - 7,5 46 - 52
2
1)
8
29 - 36 51 - 64 5,1 - 6,4 36 - 45
2
1)
7
23 - 28 40 - 50 4,0 - 5,0 28 - 35
2
1)
6
19 - 22 33 - 39 3,3 - 3,9 23 - 27
2
1)
5
1)
15 - 18 26 - 32 2,6 - 3,2 18 - 22 1 4
11 - 14 19 - 25 1,9 - 2,5 13 - 17 1 3
Құрылғыны қолдану
11
Судың кермектігі
Судың кермектігін
реттеу
Неміс градусы
(dH°).
Француз градусы
(°TH).
ммоль/л Кларк
градусы
қолмен электр
ондық
тәсілм
ен
4 - 10 7 - 18 0,7 - 1,8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0,7 < 5
1
2)
1
2)
1) Зауытта орнатылған параметр.
2) Осы деңгейде тұрса тұзды қолданбаңыз.
Су жұмсартқышты қолмен және электронды тәсілмен реттеуіңіз қажет.
Қолмен реттеу
Су кермектігі тетігін 1-ші немесе 2-ші орынға
(кестеге қараңыз) қойыңыз.
Электронды жолмен реттеу
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. B және C функция түймешіктерін, A, B және C функция түймешіктерінің
индикаторлары жыпылықтай бастағанша басып ұстап тұрыңыз.
4. B және C функция түймешіктерін босатыңыз.
5. A функция түймешігін басыңыз.
В және С функция түймешіктерінің индикаторы сөнеді.
A функция түймешігінің индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
Бейнебетте ағымдық параметр көрсетіледі.
Мысалы: бейнебетте
= 5-ші деңгей.
6. A функция түймешігін, бейнебетте қажетті параметр пайда болғанша қайта-қайта
басыңыз.
7. Параметрді құрылғы жадына қосу/өшіру түймешігін басып енгізіңіз.
Су жұмсартқыш электронды тәсілмен 1-ші мәнге қойылса, тұз индикаторы сөнген
қалпы тұрады.
12
Су жұмсақтайтын бұйымын салу
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАСЫ ҮШІН АРНАЛҒАН
Тұз сауытын қалай толтыру керек
1. Тұз сауытының қақпағын сағат
бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су (тек ең алғаш
тұз салғанда) құйыңыз.
3. Тұз сауытын тұзға толтыру үшін
құйғышты пайдаланыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуінің
айналасындағы тұзды тазалаңыз.
5. Тұз сауытының қақпағын сағат
бағытымен бұрап жабыңыз.
Тұз сауытын тұзға толтырған кезде, одан су
төгіледі, бұл дұрыс.
ЖУҒЫШ ЖӘНЕ ШАЙҒЫШ ЗАТТЫ ҚОЛДАНУ
8
2
4
5
6
1
7
3
Жуғыш заттарды қолдану
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
Жуғыш зат өндірушісінің жуғыш заттың орамында көрсеткен нұсқауларын орындаңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1.
2
түймешігін басып жуғыш зат үлестіргіштің қақпағын
8
ашыңыз.
2.
Жуғыш затты үлестіргішке
3
жуғыш заттан салыңыз.
3. Жуу бағдарламасында алдын ала жуу циклі бар болса, алдын ала жуғыш зат
үлестіргішіне
1
жуғыш заттан аздап салыңыз.
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
13
4.
Құрама жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, оларды жуғыш зат үлестіргішіне
3
салыңыз.
5. Жуғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын орнына түскенше басыңыз.
Түрлі фирмалар өндірген жуғыш заттар түрлі жылдамдықпен ериді. Кейбір жуғыш
таблеткаларды қысқа мерзімді жуу бағдарламалары үшін қолданғанда, аса жақсы
нәтиже бермейді. Жуғыш таблеткаларды қолданғанда, жуғыш зат әбден жуылып кету
үшін ұзақ мерзімді жуу бағдарламасын қолданыңыз.
Шайғыш заттарды қолдану
Шайғыш зат ыдыс-аяқты ешбір жолақ немесе дақ қалдырмай құрғатуға мүмкіндік
береді.
Шайғыш зат үлестіргіші соңғы шаю циклы кезінде шайғыш затты автоматты түрде
қосады.
Шайғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1.
5
түймешігін басып шайғыш зат үлестіргіштің қақпағын
7
ашыңыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішіне
4
шайғыш заттан салыңыз. 'max' таңбасы ең үлкен
деңгейді көрсетеді.
3. Жуу бағдарламасы барысында төгіліп қалған шайғыш зат қатты көпіршімес үшін
сіңіргіш шүберекпен тазалаңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын орнына түскенше басыңыз.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін белгілеңіз
Зауытта орнатылған мән : 4.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін 1 (ең аз) және 6 (ең көп) аралығында қоюға
болады.
Шайғыш заттың мөлшерін көбейту үшін шайғыш зат тетігін
6
бұраңыз.
МУЛЬТИ ТАБ ФУНКЦИЯСЫ
Multitab функциясы құрама жуғыш таблеткаларға арналған.
Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш зат, шайғыш зат және ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұз бар. Кейбір таблеткаларда басқа да жуғыш заттар болады.
Бұл таблеткалардың тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне (жуғыш құралдардың
орамындағы нұсқауларға қараңыз) сай келетініне көз жеткізіңіз.
Multitab функциясы шайғыш зат пен тұзды ағызбай тоқтатып тастайды.
Multitab функциясы тұз бен шайғыш зат индикаторларын сөндіреді.
Multitab функциясын қолданғанда, бағдарлама уақыты ұзарады.
Multitab функциясын жуу бағдарламасын бастамай тұрып қосыңыз не өшіріңіз. Жуу
бағдарламасы жұмыс жасап тұрған кезде, функцияны қосып не өшіре алмайсыз.
Multitab функциясын қосу
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
14
Мульти таб функциясы
3. (D) және (E) функция түймешіктерін multitab индикаторы жанғанша қатар басып
ұстап тұрыңыз.
4. (D) және (E) функция түймешіктерін босатыңыз. Функция іске қосулы.
Multitab функциясын орнатсаңыз, ол қайта өшіргенше қосулы тұрады.
Multitab функциясын өшіріп, жуғыш зат, тұз бен шайғыш затты жеке-жеке пайдалану үшін
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. (D) және (E) функция түймешіктерін multitab индикаторы сөнгенше қатар басып
ұстап тұрыңыз.
4. (D) және (E) функция түймешіктерін босатыңыз. Функция сөндірулі.
5. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
6. Судың кермектігін ең үлкен мәнге қойыңыз.
7. Жуу бағдарламасын ыдыс салмай орындаңыз.
8. Жуу бағдарламасы аяқталған кезде, су жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі судың
кермектігіне қойыңыз.
9. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін реттеңіз.
АС ҚҰРАЛДАРЫ МЕНЕН ЫДЫС-АЯҚТЫ САЛУS
Ақыл-кеңес
Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.
Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып
салыңыз.
Сауыттарға немесе шыныаяқтарға су жиналып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып кетпейтін етіп салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
Кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.
Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас үшін басқа ас құралдарымен араластырып
салыңыз.
Ыдыс-аяқтарды себеттерге салғанда, олардың барлық жеріне су тиетініне көз
жеткізіңіз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
Пластик заттар мен жабысқақ емес қаптамасы бар ыдыстарға су тамшылары тұрып
қалуы мүмкін.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
15
Астыңғы себет
Кәстрөл, қақпақ, тәрелке, салат шаралары мен
ас үй құралдарын астыңғы себетке салыңыз. Ас
табақтар мен үлкен қақпақтарды себеттің
шетіне орналастырыңыз.
Астыңғы себеттегі қатар ілгектерді кәстрөлдер,
табалар мен шараларды салу үшін жиып қоюға
болады.
Ас құралдарына арналған қорапша
Шанышқылар мен қасықтардың сабын төмен қаратып салыңыз.
16
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
Пышақтардың сабын жоғары қаратып салыңыз.
Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас үшін басқа
ас құралдарымен араластырып салыңыз.
Ас құралдары торын пайдаланыңыз. Құралдың
үлкендігі ас құралдары торын пайдалануға
кедергі жасаса, оны оңай алып қоюға болады.
Үстіңгі себет
Үстіңгі себет тәрелке (диаметрі көп дегенде 24
см), шай табақ, салат шараларын, кесе, стакан,
кастрөл мен қақпақтарды салуға арналған.
Ыдыс-аяқты су барлық жеріне тиетін етіп
орналастырыңыз.
Табақтарды себеттің алдыңғы жағындағы үш
бөлікке салмаңыз. Табақтарды алға қарай
қисайтып қойыңыз.
Тұғыры ұзын стакандарды шыныаяқ сөрелеріне
тұғырын жоғары қаратып салыңыз. Ұзынырақ
заттарды салу үшін шыныаяқ сөрелерін жоғары
қайырыңыз.
Үстіңгі себеттің биіктігін лайықтау
Ыдыс-аяқ салуға ыңғайлы ету үшін үстіңгі себетті екі қалыпта салуға болады.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
17
Ыдыстардың ең үлкен биіктігі :
үстіңгі себеттің ішінде астыңғы себеттің ішінде
Жоғарырақ орналастыру 20 см 31 см
Төменірек орналастыру 24 см 27 см
Үстіңгі себеттерді жоғарырақ орналастыру үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Себетті тоқтағанша бері тартыңыз.
2. Тетік орнына бекіп, себет орныққанша
екі жағын абайлап жоғары көтеріңіз.
Үстіңгі себеттерді төменірек орналастыру
үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Себетті тоқтағанша бері тартыңыз.
2. Екі жағын абайлап жоғары көтеріңіз.
3. Тетікті ұстап тұрып, ақырындап төмен
түсіріңіз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Себеттің тек бір жағынан ұстап
көтермеңіз және түсірмеңіз.
Егер себет жоғары орналасса, шыныаяқ
сөрелеріне шыныаяқтарды қоймаңыз.
ЖУУ ПРОГРАММАЛАР
Бағдарлама Ластану түрі Ыдыс-аяқтың түрі Бағдарлама сипаттамасы
1)
Барлығы Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 45 °C не 70 °C
Шаю циклдары
Құрғату
Қатты
ластанған
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдары
Құрғату
2)
Жаңа ластанған Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Жуу 60 °C
Шаю
3)
Қалыпты
ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Алдын ала жуу
Жуу 50 °C
Шаю циклдары
Құрғату
18
Жуу программалар
Бағдарлама Ластану түрі Ыдыс-аяқтың түрі Бағдарлама сипаттамасы
Бұл бағдарламаны ыдыстарды
жылдам шаю үшін қолданыңыз. Бұл
қалдықтардың ыдыстарға жабысып,
құрылғыдан жағымсыз иістің шығуына
жол бермейді.
Бұл бағдарламаны қолданғанда,
жуғыш заттарды пайдаланбаңыз
Шаю
1) Құрылғы себеттердегі заттардағы ластықтың түрі мен мөлшерін анықтай алады. Ол температураны,
судың мөлшерін, қуат параметрі мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.
2) Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже
береді.
3) Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама. Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты
кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. Сынақ
деректерін ілеспе кітапшадан қараңыз.
Тұтыну мәндері
Бағдарлама
1)
Қуат (кВт/с) Су (литр)
1,1 - 1,8 12 - 23
1,5 - 1,7 16 - 18
0,9 9
1,0 - 1,1 13 - 15
0,1 4
1) Бейнебетте бағдарлама уақыты көрсетіледі.
Бұл мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы және
ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ БАСТАУ
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ жуу бағдарламасын таңдап, қосыңыз.
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Жуу бағдарламасын таңдаңыз. 'Жуу бағдарламалары' тарауын қараңыз.
Бағдарламаның тиісті индикаторы жанады.
Басқа бағдарламалардың барлығының индикаторлары сөнеді.
Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы жыпылықтайды.
"Бағдарлама орындалып тұр" индикаторы жанады.
4. Құрылғы есігін жабыңыз. Жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
"Бағдарлама орындалып тұр" индикаторы жанған қалпы тұрады.
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау
19
Жуу бағдарламасын есік жабық тұрған кезде де таңдауыңызға болады. Бағдарлама
түймешігін басқаннан кейін, басқа жуу бағдарламасын таңдауға тек 3 секунд ғана
уақытыңыз бар. Осы 3 секунд өткеннен кейін жуу бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу бағдарламасын таңдап, қосыңыз
1. Құрылғыны іске қосыңыз да, жуу бағдарламасын таңдаңыз.
2. Бейнебетте кешіктіріп бастау функциясының қажетті мәні сағат түрінде
көрсетілгенше, кешіктіріп бастау функциясының түймешігін қайта-қайта басыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
Кері санақ автоматты түрде басталады.
"Бағдарлама орындалып тұр" индикаторы сөнеді.
Кері санақ аяқталған кезде, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
"Бағдарлама орындалып тұр" индикаторы жанады.
Құрылғы есігі ашылса, кері санақ кідіреді. Есікті жапқаннан кейін, кері санақ тоқтаған
жерінен бастап жалғасады.
Кешіктіріп бастау функциясын есік жабық тұрған кезде де таңдауыңызға болады. Жуу
бағдарламасын таңдағаннан кейін, кешіктіріп бастау функциясын таңдауға тек 3
секунд уақытыңыз бар. Осы 3 секунд өткеннен кейін жуу бағдарламасы автоматты
түрде басталады.
Жуу бағдарламасын кідірту
Құрылғы есігін ашыңыз.
Жуу бағдарламасы тоқтайды.
Құрылғы есігін жабыңыз.
Жуу бағдарламасы үзілген жерінен бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату
тәсілі
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп бастау функциясы басталмаса, параметрді
өзгертуіңізге болады.
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп бастау функциясы орындалып тұрса, параметрді
өзгерту мүмкін емес. Жаңа параметр таңдау үшін, жуу бағдарламасын немесе
кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату керек.
Кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатсаңыз, таңдалған жуу бағдарламасы да
автоматты түрде біржола тоқтайды. Жуу бағдарламасын қайта таңдау қажет болады.
1. B және C функция түймешіктерін, барлық бағдарлама шамдары жанғанша басып
ұстап тұрыңыз
2. Жаңа жуу бағдарламасын бастардың алдында, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш
заттың бар екеніне көз жеткізіп алыңыз.
20
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау
/