Aeg-Electrolux F65410VI Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал инструкцию по эксплуатации посудомоечной машины FAVORIT 65410 VI и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве подробно описаны функции машины, способы загрузки посуды, различные программы мойки, использование моющих средств, а также советы по уходу и устранению неполадок. Спрашивайте!
  • Как настроить жесткость воды в посудомоечной машине?
    Что делать, если посудомоечная машина не запускается?
    Как использовать функцию "Multi-Tab"?
    Как чистить фильтры посудомоечной машины?
FAVORIT 65410 VI
Қолдану туралы
нұсқаулары
Ыдыс жуғыш
машина
Инструкция по
эксплуатации
Посудомоечная
машина
Інструкція Посудомийна
машина
Біздің жоғарғы сапалы өнімдеріміздің бірін таңдағаныңызға
алғысымызды білдіреміз.
Бұл құрылғы тиімді әрі тұрақты жұмыс жасау үшін осы нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз. Бұл құрылғының барлық үрдістерін жете
меңгеріп, оны неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет
жағдайда керек нұсқауларды оқып отыру үшін бұл нұсқаулықты
сенімді жерге сақтап қойыңыз. Құрылғыны келесі пайдаланушыға
берер кезде нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.
Жаңа құрылғыны пайдаланып жайлы көңіл-күйге жете беріңіз.
Мазмұны
Пайдалану туралы нұсқаулар 3
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 3
Дұрыс пайдалану 3
Жалпы қауіпсіздік туралы
мағлұматтар 4
Бала қауіпсіздігі 4
Орнату 4
Өнім сипаттамасы 5
Басқару панелі 6
Параметрлерді орнату күйі 7
Дыбысты сигналдар 7
Ең алғаш рет пайдалану 8
Су жұмсартқышты баптаңыз 8
Қолмен баптау 9
Электрондық тәсілмен баптау
9
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды
қолдану 10
Шайғыш затты пайдалану 11
Шайғыш заттың қосылу мөлшерін
баптау 12
Күнделікті пайдалану 12
Ас құралдарын және ыдыс-аяқтарды
салу 12
Астыңғы себет 14
Ас құралдарына арналған қорапша
14
Үстіңгі себет 15
Үстіңгі себеттің биіктігін реттеу
16
Жуғыш заттарды пайдалану 17
Жуғыш затты салу 17
"Multi-Tab" функциясы 18
"Multi-Tab" функциясын белсенді
күйге көшіру/ажырату 19
Жуу бағдарламалары 20
Жуу бағдарламасын таңдау және
бастау 21
Ыдыс жуғышты ыдыстардан босату
22
Күтім және тазалау 23
Сүзгілерді тазалау 23
Бүріккіш түтіктерді тазалау 24
Сыртын тазалау 24
Ішін тазалау 24
Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
24
Мұздап кетуден сақтау 25
Машинаны көшіру 25
Төмендегі жағдайларда не істеу
керек ... 25
Техникалық ақпарат 27
Орнату туралы нұсқаулар 28
Орнату 28
Іргелес орналасқан заттарға
жанастыра бекіту 28
Тіктеп орнату 28
Су құбырына қосылу 29
Қорғауыш клапаны бар су
қабылдайтын түтік 29
Жуынды суды жіберетін түтікті қосу
30
Электр желісіне жалғау 31
Қоршаған орта мәселелері 31
2
Мазмұны
Буып-түйетін материал 32
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Пайдалану туралы нұсқаулар
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Ыдыс жуғыш машинаны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз
қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға
арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне
назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың
барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу
үшін,оның пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы
нұсқаулықты сақтап қойыңыз және ыдыс жуғыш машинаны басқа
адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір
адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты
пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін
нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.
Дұрыс пайдалану
Бұл ыдыс жуғыш машина тек қана ыдыс жуғышта жууға болатын
тұрмыстағы ыдыс-аяқтарды жууға арналған.
Ыдыс жуғыш машинаға ешқандай еріткіштерді салмаңыз. Ол
құрылғының жарылып кетуіне алып келуі мүмкін.
Пышақтар және басқа да үшкір заттарды ас құралдарына арналған
себетке олардың өткір ұштарын төмен қаратып салып, не болмаса
үстіңгі себетке көлденең жатқыза салу қажет.
Ыдыс жуғыш машинада пайдалануға арналған өнімдерді (жуғыш
ұнтақтарды, тұзды және шайғыш заттарды) ғана қолданыңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде, оның есігін ашпаңыз, ыстық бу
шығып кетуі мүмкін.
Ыдыс жуу циклы аяқталғанға дейін ешбір ыдысты ыдыс жуғыш
машинадан алуға болмайды.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан соң, оны электр желісінен
ажыратыңыз да оған су беруді тоқтатыңыз.
Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек қызмет көрсетуге арналған рұқсатқа ие
уәкілетті маман жүзеге асыру керек, және құрылғының нағыз өз
бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
Құрылғыны ешқашан өзіңіз жөндемеңіз. Тәжірибесіз адам жүргізген
жөндеу жұмыстары құрылғыға зиян келтіреді, не болмаса оның дұрыс
жұмыс істемеуіне алып келеді. Жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Әрқашан осы фирма шығарған бөлшектерді
пайдалануды талап етіңіз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
3
117954640 -00- 022009
Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжірибесі мен білімінің
аздығына байланысты қолдана алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда) пайдаланбауға тиіс. Олар пайдалану туралы ерекше
нұсқаулар алуға не өз қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауында болуға
тиіс.
Тазалауға арналған заттар көз бен ауыз қуысын және қолқаны
химиялық күйікке шалдықтыруы мүмкін. Бұндай жағдай өміріңізге қатер
төндіреді! Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттарды
өндірушінің қауіпсіздік туралы нұсқауларын орындаңыз.
Ыдыс жуғыш машинадағы су ішуге жарамсыз. Құрылғының ішінде
жуғыш зат қалдықтары әлі де бар болуы мүмкін.
Егер құрылғының ішіне ыдыстарды салып, не оларды алып
жатпасаңыз, ыдыс жуғыш машина есігі әрдайым жабық болуы керек.
Осылайша, кез келген адамның ашылып тұрған есікке сүрініп-
шалынып, бір жерін жарақаттап алуына жол бермейсіз.
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Бала қауіпсіздігі
Бұл машина тек ересек адамдардың пайдалануға арналған. Балаларға
ыдыс жуғыш машинаны үлкендердің бақылауынсыз пайдалануға
рұқсат бермеңіз.
Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
Барлық жуғыш заттарды балалар жете алмайтын жерде сақтаңыз.
Ыдыс жуғыш машина есігі ашық тұрған кезде, балалардың жақын
келуіне жол бермеңіз.
Орнату
Ыдыс жуғыш машинаны көлікпен тасымалдау барысында, оның ешбір
жеріне нұқсан келмегенін тексеріңіз. Бұзылған құрылғыны ешқашан
электр желісіне қоспаңыз. Ыдыс жуғыш машина бұзылып қалса, осы
құрылғыны сатушымен хабарласыңыз.
Пайдаланар алдында оның барлық орауыштары мен қорабын алып
тастау қажет.
Осы құрылғыны орнатуға қатысты электрлік және су жіберу мен
қанализация жүйесіне қосу жұмыстарын, осы салада маманданған
және білікті адам жүзеге асыруға тиіс.
Қауіпсіздік мақсатында осы құрылғының техникалық сипаттарына
өзгерістер кіргізіп немесе өнімнің өзін қандай да бір болмасын жолмен
өзгертуге болмайды.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Электр кабелі ақаулыққа ұшырағанда немесе су түтігі бұзылған
жағдайда; немесе басқару панелі, үстіндегі жұмыс алаңы, не ең
астыңғы қатары бұзылып қалып, оның ішкі жағы ашық қалған жағдайда
машинаны ешқашан пайдаланбаңыз. Қауіп-қатердің алдын алу үшін,
жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Гидравликалық және электрлік құрамдас бөліктерге зиян келтірмес
үшін, ыдыс жуғыш машинаның қабырғаларын ешқашан бұрғымен
теспеңіз.
Назарыңызда болсын!
Электр желісіне және су құбырына қосарда, арнайы бөлімдерде берілген
нұсқауларды мұқият орындаңыз.
Өнім сипаттамасы
1 Үстіңгі себет
2 Су кермектігінің дискісі
3 Тұз сауыты
4 Жуғыш зат үлестіргіші
5 Шайғыш зат үлестіргіші
6 Техникалық сипаттар тақтайшасы
7 Сүзгілер
8 Астыңғы бүріккіш түтік
9 Үстіңгі бүріккіш түтік
Өнім сипаттамасы
5
Басқару панелі
1 On/off (Қосу/Өшіру)түймешігі
2 Сандық бейнебет
3 Кідіртіп бастау түймешігі
4 Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер
5 Анықтағыш шамдар
6 Функция түймешіктері
Анықтағыш шамдар
MULTITAB Multi-tab функциясының қосылғанын/
ажыратылғанын көрсетеді (Multi-tab
функциясы тарауын оқыңыз)
Тұз
Арнайы тұз таусылғанда жанады.
1)
Шайғыш зат
Шайғыш зат бітіп қалғанда жанады.
1)
1) Тұз және шайғыш заттың анықтағыш шамдары, жуу бағдарламасы орындалып тұрған
кезде, тіпті тұз және/немесе шайғыш затты салу қажеттігі туған жағдайда да жанбайды.
Сандық бейнебетте:
су жұмсартқышы орнатылған су кермектігінің деңгейі,
орындалып тұрған бағдарламаның аяқталуына дейін қалған уақыт,
шайғыш затты үлестіргішті белсенді күйге көшіру/ажырату ( ТЕК "Multi
tab" функциясы қосылулы тұрғанда ғана),
жуу бағдарламасының соңы (сандық бейнебеттен 0 көрсетіліп тұрады),
кідіртіп бастау параметрінің кері санағы,
машинаның дұрыс жұмыс жасамауына байланысты ақаулық кодтары,
дыбысты сигналдарды белсенді күйге көшіру/өшіру көрсетіледі.
6
Басқару панелі
Функция түймешіктері
Осы түймешіктер арқылы келесі функцияларды орнатуға болады:
су жұмсартқышты орнату,
жуу бағдарламасын немесе орындалып тұрған "кідіртіп бастау"
функциясын болдырмау,
"Multi tab" функциясын қосу/тоқтату
"Multi-tab" функциясы қосылып тұрған кезде, шайғыш затты үлестіргішті
белсенді күйге көшіру/ажырату,
дыбысты сигналдарды белсенді күйге көшіру/өшіру.
Параметрлерді орнату күйі
Барлық бағдарлама шамдары жанып тұрғанда, машина параметрлерді
орнату күйінде болады.
Келесі әрекеттерді орындап жатқанда әрқашан есіңізде болсын:
жуу бағдарламасын таңдағанда
су жұмсартқышты баптағанда,
шайғыш зат үлестіргішін белсенді күйге көшіргенде/ажыратқанда,
дыбысты сигналдарды белсенді күйге көшіргенде/ажыратқанда
құрылғы міндетті түрде параметрлерді орнату күйінде болуға ТИІС .
Егер бағдарлама шамы жанып тұрса, бұл соңғы орындалған бағдарлама
әлі де орнатылып тұр дегенді білдіреді.
Осы жағдайда параметрлерді орнату күйіне қайтып оралу үшін,
бағдарламаны біржола тоқтату керек.
Орындалып жатқан бағдарламаны немесе орнатылған бағдарламаны
болдырмау үшін : RESET жазуының үстіндегі екі бағдарлама түймешігін
барлық бағдарлама шамдарының түйшектері жанғанша қатар басып
ұстап тұрыңыз. Бағдарлама тоқтатылып, машина енді параметрлерді
орнату күйіне көшірілді.
Дыбысты сигналдар
Машина қай операцияны орындап жатқанын оңай анықтау үшін дыбысты
сигналдар енгізілген:
су жұмсартқышты орнатқанда
бағдарламаның соңы
құрылғы дұрыс жұмыс істемеген кезде, ескерту сигналының іске
қосылады.
Зауытта орнатылған параметр: дыбысты сигналдар белсенді күйге
көшірілген.
Функция түймешіктері арқылы естілетін сигналдарды ажыратып қоюға
болады.
1. Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз. Ыдыс жуғыш машина параметрлерді
орнату күйінде тұруға тиіс.
2. A , B және C шамдары жыпылықтай бастағанға дейін, B және C
функция түймешіктерін бір уақытта басып ұстап тұрыңыз.
Басқару панелі
7
3. C функция түймешігін басыңыз, A және B түймешіктерінің шамы өшеді
де, C функция түймешігінің шамы жанып-сөніп тұра береді. Сандық
бейнебетте ағымдық параметр пайда болады.
= Дыбысты сигналдар ажыратылған
= Дыбысты сигналдар қосылған
4. Параметрді өзгерту үшін C функция түймешігін қайта басыңыз: сандық
бейнебетте жаңа параметр пайда болады.
5. Операцияны ыдыс жуғыш машинаның жадына енгізу үшін оны
ажыратыңыз.
Ең алғаш рет пайдалану
Ыдыс жуғыш машинаны ең алғаш рет пайдаланбас бұрын:
Электр желісіне және су жүйелеріне қосу жұмыстарының құрылғыны
орнату нұсқауларына сай жүзеге асырылғанын тексеріңіз.
Құрылғының ішінен барлық орауыштарды алыңыз
Су жұмсартқышты баптаңыз
Тұз сауытының ішіне 1 литр су құйып, содан кейін ыдыс жуғыш
машинаға арналған тұзды салыңыз
Шайғыш зат үлестіргішті толтырыңыз
Егер таблетка пішіндес, келесі көрсетілгендегідей құрама жуу заттарын
пайдалансаңыз: "3 in 1", "4 in 1", "5 in 1" және т.б., "Multi-tab" функциясын
орнатыңыз ("Multi-tab" функциясы тарауын оқыңыз).
Су жұмсартқышты баптаңыз
Бұл ыдыс жуғыш, қосылатын судың құрамындағы машинаға зиян
келтірерлік немесе оның қызметінің тиімділігін төмендетерлік
минералдар мен тұздарды алып тастауға лайықтап жасалған суды
жұмсартқышпен жабдықталған.
Осы минералды заттар мен тұздардың мөлшері неғұрлым көп болса,
судың кермектігі да соғұрлым жоғары болады. Су кермектігі балама
өлшемдер арқылы өлшенеді - Германияның өлшемі (°dH), Францияның
өлшемі (°TH) және ммоль/л (бір литрдегі миллимоль - су кермектігін
өлшейтін халықаралық өлшем).
Су жұмсартқыш аймағыңыздағы су кермектігіне сәйкес бапталу керек.
Аймағыңыздағы су кермектігі туралы мәліметтерді жергілікті су
шаруашылығын басқаратын мекемеден ала аласыз.
Су жұмсартқыш екі тәсіл бойынша бапталынады: су кермектігі деңгейін
өзгертетін сандық диск арқылы қолмен және электрондық тәсілмен.
8
Ең алғаш рет пайдалану
Су кермектігі Су кермектігіның
параметрін баптау
Тұзды
қолдану
°dH °TH ммоль/л қолмен Электронд
ық
тәсілмен
51 - 70 91 - 125 9,1 - 12,5 2 10-шы
деңгей
иә
43 - 50 76 - 90 7,6 - 8,9 2 9-шы
деңгей
иә
37 - 42 65 - 75 6,5 - 7,5 2 8-ші деңгей иә
29 - 36 51 - 64 5,1 - 6,4 2 7-ші деңгей иә
23 - 28 40 - 50 4,0 - 5,0 2 6-шы
деңгей
иә
19 - 22 33 - 39 3,3 - 3,9 2 5-ші деңгей иә
15 - 18 26 - 32 2,6 - 3,2 1 4-ші деңгей иә
11 - 14 19 - 25 1,9 - 2,5 1 3-ші деңгей иә
4 - 10 7 - 18 0,7 - 1,8 1 2-ші деңгей иә
< 4 < 7 < 0,7 1 1-ші деңгей жоқ
Қолмен баптау
Ыдыс жуғыш машинаның өндіруші орнатқан деңгейі - 2.
1. Ыдыс жуғыш машинаның есігін
ашыңыз.
2. Ыдыс жуғыш машинадан астыңғы
себетті шығарыңыз.
3. Су кермектігі дискісін 1-ші немесе
2-ші орынға орнатыңыз (кестеге
қараңыз).
4. Астыңғы себетті орнына қойыңыз.
Электрондық тәсілмен баптау
Ыдыс жуғыш машинаның әдепкі деңгейі - 5.
1. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басыңыз. Ыдыс жуғыш машина
параметрлерді орнату күйінде тұруға тиіс.
2. A , B және C түймешіктерінің шамы жыпылықтай бастағанға дейін, B
және C түймешіктерін қатар басып ұстап тұрыңыз.
3. A түймешігін басыңыз, B және C түймешіктерінің шамы өшеді де, A
түймешігінің шамы жанып-сөнген күйі тұра береді. Сандық бейнебетте
ағымдық деңгей пайда болады да, үзік-үзік сигналдар естіледі.
Мысалдар:
Су жұмсартқышты баптаңыз
9
пайда болса, 5 үзік-үзік дыбысты сигнал беріледі де үзіліс орын
алады, т.б. = 5-деңгей
пайда болса, 10 үзік-үзік дыбысты сигнал беріледі де үзіліс орын
алады, т.б. = 10-деңгей
4. Деңгейді өзгерту үшін A түймешігін басыңыз. Түймешікті басқан сайын
деңгей өзгереді (жаңа деңгейді таңдау үшін суретке қараңыз).
Мысалдар: егер ағымдық деңгей 5-те тұрса, A функция түймешігін бір
рет басу арқылы 6-шы деңгей таңдалады. егер ағымдық деңгей 10-да
тұрса, A функция түймешігін бір рет басу арқылы 1-ші деңгей
таңдалады.
5. Осы амалды құрылғы жадына енгізу үшін, On/Off түймешігін басып,
ыдыс жуғышты ажыратыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды қолдану
Назарыңызда болсын!
Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды ғана пайдаланыңыз. Ыдыс
жуғышқа арналмаған басқа тұз түрлері, әсіресе, ас тұзы су жұмсартқышқа
зиян келтіреді. Тұз сауытына толық жуу бағдарламаларының бірін қосар
алдында ғана тұз салыңыз. Бұл тұз түйірлерінің немесе тұзды судың
машина түбіне төгіліп, төгілген жерінде ұзақ уақыт жатып тоттануды
болдырмауы үшін қажет.
Толтыру үшін:
1. Есікті ашыңыз да астыңғы себетті алып, тұз сауытының қақпақшасын
сағат бағытына қарсы айналдырып ашыңыз.
2. Сауыт ішіне 1 литр су құйыңыз (ең алғаш рет тұзбен толтырғанда ғана
осылай істеңіз) .
3. Берілген құйғышты пайдалана
отырып, сауытқа әбден толтыра
тұз салыңыз.
4. Қақпақшаны орнына салып,
қақпақшаның бұранда
жолақтарында немесе
тығыздағышында тұздың тұрып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
5. Қақпақшаны сағат тілінің
бағытына қарай "сырт" етіп
тоқтағанға дейін бұрай отырып,
өз орнына келтіріп нықтап
жабыңыз.
Сауытқа тұз салып жатқанда, су шетінен асып төгілсе, абыржымаңыз, бұл
қалыпты жағдай.
10
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды қолдану
Басқару панеліндегі тұз шамы, егер ыдыс жуғыш машина қосылулы тұрса,
тұз салынған соң, 2 сағаттан 6 сағатқа дейін жанып тұрады. Егер ұзақ
еритін тұзды пайдалансаңыз, бұл уақыт шамасы да арта түседі.
Машинаның жұмысына кері әсерін тигізбейді.
Шайғыш затты пайдалану
Назарыңызда болсын!
Тек ыдыс жуғыштарға арналған сапалы шаю заттарын ғана
пайдаланыңыз.
Шайғыш зат сауытына ешбір басқа зат (мысалы, ыдыс жуғышты
тазалағыш зат, сұйық тазалағыш заттар) салмаңыз. Бұл құрылғыға нұқсан
келтіруі мүмкін.
Шайғыш зат, ыдыс-аяқтардың әбден шайылып, дақсыз, жолақсыз
құрғатылуын қамтамасыз етеді.
Шайғыш зат ең соңғы шаю кезеңінде автоматты түрде қосылады.
1. Ашуға арналған (A)түймешікті
басып, сауытты ашыңыз.
2. Сауыт ішіне шайғыш заттан
салыңыз. "max" таңбаламасы
шайғыш затты салу мөлшерінің ең
шегін көрсетеді.
Шайғыш зат сауыты осы заттың
қосылу мөлшеріне байланысты
16-40 жуу бағдарламасына
жетерлік, 110 мл жуық шайғыш
затты сыйғыза алады.
3. Әрбір толтырудан соң
қақпақшаның жабылғанына көз
жеткізіңіз.
Шайғыш затты пайдалану
11
Келесі жолы ыдыс жуған кезде көпіршімес үшін, шайғыш затты салып
жатқанда төгілген затты су тартатын матаға сіңіріп алыңыз.
Шайғыш заттың қосылу мөлшерін баптау
Жуу және құрғату нәтижелеріне қарап үлестірілетін шайғыш зат мөлшерін
6 орынды таңдауыш арқылы баптаңыз. (1=ең аз, 6=ең көп қосу мөлшері).
Үлестірілу мөлшерінің өндіруші орнатқан деңгейі - 4.
Жуғаннан кейін ыдыс-аяқтың үстінде су
тамшылары немесе әк дақтары қалса,
шайғыш зат мөлшерін көбейтіңіз.
Ыдыс-аяқ үстінде ақшыл жолақтар болса
немесе шыны ыдыс-аяқ үстінде және
пышақтардың жүзінде көкшіл дақтар
қалса, шайғыш зат мөлшерін азайтыңыз.
Күнделікті пайдалану
Шайғыш зат не тұзбен толтыру қажеттігінің бар-жоғын тексеріңіз.
Ыдыс жуғыш машинаға ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды салыңыз.
Ыдыс жуғышқа жуғыш заттан салыңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды жууға сай келетін жуу
бағдарламасын таңдаңыз.
Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Ас құралдарын және ыдыс-аяқтарды салу
Сорғыштарды, үй тазалау шүберектерін және кез келген су сорғыш затты
ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.
Ыдыс-аяқты салар алдында:
Тамақ қалдықтары мен басқа қалдықтарды ыдыстардан кетіріңіз.
Жанып жабысып қалған тағам қалдықтарын қазаншаларға салып
жібітіп алыңыз
12
Күнделікті пайдалану
Ыдыс-аяқ пен ас құралдарын машинаға салған кезде, келесі кеңестерге
назар аударыңыз:
Ыдыс-аяқ пен ас құралдары айналып тұратын бүріккіш түтіктерге
кедергі жасамауы керек.
Су жиналмау үшін кәстрөлдер, стакандар, шыны аяқтар, т, б. сияқты
шұңғыл ыдыстардың ауыздарын төмен қаратып салыңыз.
Ас құралдары ыдыс-аяқтардың ішінде, не олар бірінің ұстінде бірі
жатпауы керек.
Стакандарға зиян келтірмеу үшін, олар бір-біріне тимеуі керек.
Кішкентай заттарды ас құралдарына арналған себетке салыңыз.
Отқа төзімді пластмасса заттардың және кәстрөлдердің қабырғалары
су тамшыларын ұстап қалуға бейім келеді; бұл заттар фарфор немесе
темір заттар сияқты тез құрғамайды.
Жеңіл заттар (пластик сауыттар, т.б.) үстіңгі себетке салынып,
қозғалмайтындай етіп орналастырылуы керек.
Ыдыс жуғышта келесі ыдыс-аяқ пен ас құралдарын
жууға болмайды: сыймайтын:
Сабы ағаштан, мүйізден,
фарфордан немесе ақықтан
жасалған ас құралдары.
Отқа төзімді емес пластик заттар.
Отқа төзімді емес ескі және бөліктері
желімделіп құрастырылған ас
құралдары.
Байлаулы ас құралдары немесе
ыдыс-аяқ.
Қалайы немесе мыс заттар.
Қорғасынды хрусталь.
Тоттануға бейім темір заттар.
Ағаш табақтар.
Синтетикалық талшықтардан
жасалған заттар.
Керамикалық заттарды, тек қана
өндірушінің нұсқаулығында ыдыс
жуғышта жууға болады деп
көрсетілген жағдайда ғана жуыңыз.
Жалатылған ыдыс-аяқтар ыдыс
жуғыш машинада жиі жуылса әрі
кетуі мүмкін.
Күміс және алюминий бөлшектер
жуған кезде, түсін өзгертуге бейім
келеді: Қыша, жұмыртқаның ағы мен
сарысы сияқты қалдықтар, көп
жағдайларда күміс заттардың түсінің
өзгеруіне себеп болады. Сондықтан
жууды кейінге қалдырсаңыз, күміс
ыдыс-аяқтардан тамақ қалдықтарын
дереу тазалаңыз.
Ыдыс-аяқтарды салу үшін есікті ашып, себеттерді сырғытып шығарыңыз.
Ас құралдарын және ыдыс-аяқтарды салу
13
Астыңғы себет
Астыңғы себет кәстрөлдерді,
қақпақтарды, тәрелкелерді, салат
табақтарын және ас құралдарын салуға
арналған.
Ыдыс-аяқтар және үлкен қақпақтар,
бүріккіш түтіктер кедергісіз айналу үшін
себеттің шет жағын жағалата
орналастырылуы керек.
Кәстрөлдер, шыны аяқтар мен
табақтарды оңай салу үшін, астыңғы
себеттің үстіндегі ілгек қатарларын
төмендетуге болады.
Ас құралдарына арналған қорапша
Назарыңызда болсын!
Тігінен орналастырылған ұзын жүзді пышақтар - қауіп-қатердің бірден бір
көзі. Ұзын және/не болмаса, ет бұзатын не турайтын өткір пышақтар
тәрізді заттар, үстіңгі себетте көлденеңінен орналастырылуы қажет.
Пышақ тәрізді өткір заттарды салу немесе шығару кезінде абай
болғаныңыз жөн.
14
Ас құралдарын және ыдыс-аяқтарды салу
Ас құралдарының қорапшасындағы барлық заттарға су жақсы тию үшін
келесіні орындаңыз:
1. Торды ас құралдары себетіне
орналастырыңыз.
2. Шанышқылар мен қасықтарды ас
құралдары қорапшасына
саптарын төмен қаратып
салыңыз.
Піскіш тәрізді үлкенірек
құралдарды салу үшін, тордың бір
бөлігін шығарып тастаңыз.
Ас құралдары салынатын қорапшаны
кеңейтіп алуға болады.
Оны ыдыс жуғыштан алар кезде, екі
бөліктен тұратын ұстағышының екі
бөлігін де қолыңызбен қапсыра
ұстауды ұмытпаңыз.
1. Ас құралының қорапшасын үстел не
жұмыс алаңына қойыңыз.
2. Екі бөліктен тұратын ұстағышты
жазып ашыңыз.
3. Ас құралдарын алыңыз.
Үстіңгі себет
Үстіңгі себет тәрелкелер (десерт тәрелкелері, табақшалар, диаметрі 24
см дейінгі ас тәрелкелері), салат табақтары, шыны аяқтарға және
стакандарға арналған.
Шыныаяқ сөрелеріндегі және олардың астындағы ыдыс-аяқтарды,су
барлық жерлеріне жақсылап тиерліктей орналастырыңыз.
Ұзын бокалдарды шыныаяқтар сөресіне
төңкеріп орналастыруға болады.
Ұзынырақ заттар үшін ыдыс-аяқ
ілгектерін жоғары қарай жиып қоюға
болады.
Ұзын бокалдарды шыныаяқтар сөресіне
төңкеріп орналастыруға болады.
Ас құралдарын және ыдыс-аяқтарды салу
15
Ұзынырақ заттар үшін ыдыс-аяқ
ілгектерін жоғары қарай жиып қоюға
болады.
Есікті жабар алдында бүріккіш
түтіктердің айналуына ешнәрсенің
кедергі жасамайтындығына көз
жеткізіңіз.
Үстіңгі себеттің биіктігін реттеу
Егер үлкен тәрелкелерді жуғыңыз келсе үстіңгі себетті жоғары
көтергеннен кейін, оларды астыңғы себетке салыңыз.
Ыдыс-аяқтың ең үлкен биіктігі:
үстіңгі себет ішінде астыңғы себет ішінде
Үстіңгі себетті
көтергенде
20 см 31 см
Үстіңгі себетті түсіргенде 24 см 27 см
Жоғарыға көтеру үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Себет тоқтағанға дейін оны сыртқа қарай тартыңыз.
2. Механизмі өз орнына орнығып себет тұрақтанғанға дейін оның екі
жағынан еппен ұстап, жоғары қарай көтеріңіз.
Себетті бастапқы орнына түсіру үшін келесі әркеттерді орындаңыз:
1. Себет тоқтағанға дейін оны сыртқа қарай тартыңыз.
2. Екі жағынан еппен ұстап жоғары
қарай жылжыта отырып,
механизмді сүйемелдей отырып,
жаймен өз орнына қондырыңыз.
Себетті ешқашан тек бір жағынан
ғана ұстау арқылы көтеруге немесе
түсіруге болмайды.
Себет көтерілген соң, ыдыс-аяқ
ілгектерін пайдалана алмайсыз.
Назарыңызда болсын!
Ашық тұрған есік қауіп көзі
болғандықтан оны, ыдыс-аяқтарды
салғаннан кейін әрқашан жауып отырыңыз.
16
Ас құралдарын және ыдыс-аяқтарды салу
Жуғыш заттарды пайдалану
Ыдыс жуғыш машинада пайдалану үшін арнайы шығарылған жуғыш
заттарды ғана пайдаланыңыз.
Жуғыш заттар орамында көрсетілген, өндірушінің оларды пайдалану
мөлшері мен сақтау жөніндегі ұсыныстарын орындаңыз.
Жуғыш затты көрсетілген мөлшерден артық пайдаланбау арқылы зиянды
заттардың бөлініп, қоршаған ортаны ластамауына өз үлесіңізді қосасыз.
Жуғыш затты салу
1. Қақпақшаны ашыңыз.
2. Жуғыш зат сауытына (1) жуғыш
заттан салыңыз. Таңбаламалар
жуғыш затты қосу мөлшерін
көрсетеді:
20 = шамамен 20 г жуғыш затқа
тең
30 = шамамен 30 г жуғыш затқа
тең.
3. Алдын ала жуу кезеңінен тұратын
барлық бағдарламалар үшін
алдын ала жуғыш зат сауытына
(2) жуғыш заттың қосымша(5/10
г)мөлшерін салу керек.
Жуғыш заттың бұл қосымша
мөлшері алдын ала жуу кезеңінде қосылады.
Жуғыш заттарды пайдалану
17
4. Таблетка тәрізді жуу заттарын
пайдаланғанда оларды
қорапшаға (1) салыңыз
5. Қақпақшаны қойыңыз да
жабылғанға дейін үстінен
басыңыз.
Таблетка пішіндес жуу заттары
Әртүрлі өндірушілер өндірген
таблетка тәрізді жуу заттарының еру
уақыты да әртүрлі болады. Сол
себепті, қысқа мерзімдік жуу
бағдарламалары қолданылғанда
кейбір таблетка пішіндес заттарды
пайдалану күткен нәтижеге
жеткізбейді. Сондықтан,таблетка пішіндес жуу заттарын қолданған кезде
жуу заттарының қалдығы әбден кету үшін ұзақ мерзімдік жуу
бағдарламаларын қолданыңыз.
"Multi-Tab" функциясы
Бұйым "Multi-Tab" құрама жуу таблеткаларын пайдалануға мүмкіндік
беретін, "Multi-Tab" функциясымен жабдықталған.
Бұлар - жуу, шаю және тұзбен жұмсарту тәрізді қасиеттердің барлығын
бір өзінде қамтыған жууға арналған заттар. Таблетка пішіндес жуу
заттарының ("3in1", "4in1", "5in1", т.с.с.) қандай түрін қолданып
отырғаныңызға байланысты, олардың құрамында басқа да қасиетке ие
заттардың бар болуы мүмкін.
Бұл жуу өнімдерінің судың кермектігіне сай келер-келмесін тексеріңіз.
Өндірушінің нұсқауларын оқыңыз.
Бұл параметрді барлық жуу бағдарламалары үшін таңдауға болады. Бұл
функция таңдалғанда, шайғыш зат мен тұздың сәйкес сауыттардан
қосылуы автоматты түрде тоқтатылады және шайғыш зат мен тұздың
шамдары да өшеді.
"Multi-Tab" функциясын, жуу бағдарламасын бастамай тұрып таңдаңыз.
Параметр таңдалғаннан соң, (көрсеткіш шамы жанады) ол келесі жуу
бағдарламалары үшін қолдануға да белсенді бола береді.
"Multi-Tab" функциясын қолданған кезде, цикл ұзақтығы да өзгеруі мүмкін.
Бұл жағдайда сандық бейнебеттен көрсетіліп тұрған жуу
бағдарламасының орындалу уақыты автоматты түрде жаңартылып
көрсетіледі.
Бағдарлама басталғаннан соң, "Multi-Tab" функциясын өзгертуге
БОЛМАЙДЫ. Егер "Multi-Tab" функциясын ажыратқыңыз келсе,
бағдарлама параметрін біржола тоқтатып, содан соң "Multi-Tab"
параметрін тоқтатуыңызға болады.
Бұндай кезде, жуу бағдарламасын (және қалаған параметрлерді)
қайтадан орнатуыңыз қажет.
18
"Multi-Tab" функциясы
"Multi-Tab" функциясын белсенді күйге көшіру/ажырату
"Multi-Tab" функциясының шамы жанғанға дейін, екі "Multi-Tab" түймешігін
(D және E)қатар басып ұстап тұрыңыз . Бұл функцияның қосылулы
тұрғандығын білдіреді.
Бұл функцияны біржола тоқтату үшін, осы түймешіктерді қайтадан "Multi-
Tab" шамы өшкенше қатар басып тұрыңыз.
Егер құрғату нәтижелері ойдағыдай болмаса, біздің берер кеңесіміз:
1. Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан салыңыз.
2. Шайғыш зат үлестіргішін белсенді күйге көшіріңіз.
3. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін 2-ші орынға қойыңыз.
Шайғыш зат үлестіргішін тек "Multi-Tab" функциясы қосылулы тұрған
кезде ғана белсенді күйге көшіруге/ажыратуға болады.
Шайғыш зат үлестіргішін қосу/ажырату
1. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басыңыз. Ыдыс жуғыш машина
параметрлерді орнату күйінде тұруы керек.
2. A , B және C түймешіктерінің шамдары жыпылықтай бастағанға дейін,
B және C түймешіктерін қатар басып ұстап тұрыңыз.
3. В функция түймешігін басыңыз, A және С түймешіктерінің шамдары
өшеді, бірақ В функция түймешігінің шамы жанып-сөнген күйі тұра
береді. Сандық бейнебеттен ағымдық параметр көрсетіледі:
= Шайғыш зат үлестіргіші ажыратылған.
= Шайғыш зат үлестіргіші белсенді күйде.
4. Параметрді өзгерту үшін B түймешігін қайтадан басыңыз, сандық
бейнебетте жаңа параметр пайда болады.
5. Осы амалды құрылғы жадына енгізу үшін, On/Off түймешігін басып,
ыдыс жуғышты ажыратыңыз.
Егер қайтадан жуу заттарын қолданудың стандартты жүйесіне көшкіңіз
келсе, біздің берер кеңесіміз:
1. "Multi-Tab" функциясын ажыратыңыз.
2. Тұз бен шайғыш зат сауыттарын қайтадан толтырыңыз.
3. Су кермектігінің ең жоғарғы деңгейін орнатып, қалыпты жууға
арналған 1 бағдарламаны ыдыс-аяқсыз орындаңыз.
4. Су кермектігінің параметрін аймағыңыздағы су кермектігіне сай
орнатыңыз.
5. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін белгілеңіз.
"Multi-Tab" функциясы
19
Жуу бағдарламалары
Бағдарлам
а
Кірдің
ауқымы
Ыдысты
салу түрі
Бағдарлама сипаттамасы Тұтыну
параметрлері
1)
Алдын ала шаю
Негізгі жуу
Аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
Ұзақтығы (минут)
Қуат (кВт/с)
Су (литр)
INTENSIV
CARE 70°
Аса
ластанға
н
Ыдыс-
аяқтар,
ас
құралда
ры,
кәстрөлд
ер мен
табалар
2x
116-126
1,7-1,9
19-21
AUTOMATI
C
2)
Араласқ
ан
қалыпты
және
қатты
ластану
Ыдыс-
аяқтар,
ас
құралда
ры,
кәстрөлд
ер мен
табалар
1/2x
85-110
0,8- 1,4
11 - 21
30 МИН.
3)
Аз
кірленге
н
Ыдыс-
аяқтар
мен ас
құралда
ры
30
0,8
8
ECO 50°
4)
Қалыпты
кірленге
н
Ыдыс-
аяқтар
мен ас
құралда
ры
160-170
0,8-0,9
12-13
GLASS Қалыпты
кірленге
н
Морт
сынғыш
ыдыс-
аяқтар
мен
шыны
ыдыстар
65-75
0,6-0,7
11-13
1) Тұтыну параметрлері жалпылама ұсыныс ретінде берілген және олар судың қысымы мен
температурасына, электр қуатының өзгеріп тұруына, сондай-ақ ыдыс-аяқтың санына
байланысты.
20
Жуу бағдарламалары
/