Zanussi ZDS304 Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал инструкцию по эксплуатации посудомоечной машины Zanussi ZDS304 и готов ответить на ваши вопросы. В инструкции подробно описаны все функции, программы мойки, процедура загрузки посуды, настройка параметров воды и устранение неполадок. Спрашивайте!
  • Как настроить уровень жесткости воды в посудомоечной машине?
    Что делать, если посудомоечная машина не включается?
    Как использовать моющие таблетки?
    Почему посуда плохо вымывается?
KZ
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
RU
Инструкция по
эксплуатации
21
UA
Інструкція 40
Ыдыс жуғыш машина
Посудомоечная машина
Посудомийна машина
ZDS304
Мазмұны
Жалпы мағлұмат бөлімдері _ _ _ _ _ _ _ 2
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 4
Жуу программалар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
Құрылғыны пайдалану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Су жұмсақтайтын бұйымын салу _ _ _ _ 7
Ыдыс жуғыш машинасы үшін
арналған _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
Шаю бұйымдары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты
салуs _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
Тазалау бұйымдарын қолдану _ _ _ _ 11
Жуу программасын таңдау және
бастау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 14
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 15
Техникалық сиппатама _ _ _ _ _ _ _ _ _ 17
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 17
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
Суға қосу _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
Электртоғына қосу _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 20
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Осы нұсқаулықты өз қауіпсіздігіңіз бен
құрылғыны дұрыс пайдалану үшін,
оны орнатып іске қоспас бұрын мұқият
оқып шығыңыз. Нұсқаулықты әрқашан
тіпті құрылғыны көшірсеңіз не сатсаңыз да
онымен бірге қалдырыңыз.
Пайдаланушылар құрылғының қауіпсіздік
функциясы мен оны іске қосу жолдарын
толық білуге тиіс.
Дұрыс пайдалану
Құрылғы тек үйде пайдалануға ғана
арналған.
Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада
жууға болатын үйдегі ыдыс-аяқтарды
жуу үшін ғана қолданыңыз.
Құрылғыға ешбір еріткіш зат салмаңыз.
Жарылып кету қаупі бар.
Пышақ және өткір ұшты құралдардың
барлығын ас үй құралдары себетіне
төмен қаратып салыңыз. Не үстіңгі
себетке көлденең жатқызып салыңыз.
Тек ыдыс жуғышқа арналған фирмалық
заттарды(жуғыш зат, тұз,шайғыш
зат)ғана қолданыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғы есігін
ашсаңыз, ыстық бу шығып кетеді. Күйіп
қалу қаупі бар.
Ыдыстарды ыдыс жуғыштан жуу
бағдарламасы аяқталмай тұрып
алмаңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталған кезде
розетканы электр желісінен суырып,
судың шүмегін жабыңыз.
Бұл құрылғыны тек уәкілетті қызмет
көрсету маманы ғана жөндеуге тиіс. Тек
фирмалық қосалқы бөлшектерді
қолданыңыз.
Жарақат алып не құрылғыға зақым
келмес үшін құрылғыны өзіңіз
жөндемеңіз. Әрқашан жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Жалпы қауіпсіздік ережелері
Физиологиялық, сезімдік не қабілет
деңгейі төмен немесе пеш жұмысына
қатысты тәжірибесі мен білімі аз
адамдар (балаларды қоса
алғанда)құрылғыны пайдаланбауға
тиіс. Олар құрылғыны міндетті түрде өз
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның нұсқауы не қадағалауы
бойынша пайдалануға тиіс.
Көз, ауыз қуысы мен кеңірдек күйіп
қалмас үшін ыдыс жуғыш машинаға
арналған жуғыш заттарды пайдалану
туралы өндіруші нұсқауларын
орындаңыз.
•Ыдыс жуғыш машинадағы суды ішпеңіз.
Жуғыш заттың қалдығы құрылғы ішінде
қалып қоюы мүмкін.
2
Жарақат алып не ашық тұрған есікке
соғылып қалмас үшін құрылғыны
пайдаланбаған кезде есігін әрқашан
жауып қойыңыз.
Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз
не үстіне шықпаңыз.
Бала қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны тек ересек адам ғана
қолдануға тиіс. Балаларды құрылғымен
ойнап қоймас үшін қадағалап отыру
қажет.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
кету қаупі бар.
Жуғыш заттардың барлығын сенімді
жерде сақтаңыз. Балаларға жуғыш
затқа жолауға рұқсат бермеңіз.
Құрылғы есігі ашық тұрған кезде
балаларды алыс ұстаңыз.
Орнату
Тасымалдау кезінде құрылғының еш
жеріне нұқсан келмегенін тексеріңіз.
Бүлінген құрылғыны ешқашан
қоспаңыз. Қажет болса, сатушыға
хабарласыңыз.
Ең алғаш пайдаланбас бұрын орам
материалдарының барлығын алыңыз.
•Құрылғыны электр желісіне білікті әрі
уәкілетті маман қосуға тиіс.
Құрылғыны құбыр желісіне білікті әрі
уәкілетті маман қосуға тиіс.
Бұл өнімнің құрылымын бұзбаңыз, оған
еш өзгерту енгізбеңіз. Жарақат
алуыңыз және құрылғыға нұқсан келуі
мүмкін.
Құрылғыны пайдаланбаңыз, егер:
электр сымы не су құятын, төгетін
түтікшелері зақымдалса,
басқару панелі, жұмыс алаңы не
қабырғасына нұқсан келіп
құрылғының ішкі жағы қол
жетерліктей ашық қалса.
Жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының гидравликалық не электр
бөлшектеріне зақым келмес үшін оның
қабырғасын бұрғымен теспеңіз.
Назарыңызда болсын! Электр және
су жүйелеріне қосқан кезде
нұсқауларды мұқият орындаңыз.
3
Бұйым сипаттамасы
1 Қосу/Өшіру түймешігі
2 Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер
3 Кешіктіріп бастау түймешігі
4 Анықтағыш шамдар
5 Функция түймешіктері
Анықтағыш шамдар
Жуу бағдарламасы аяқталған кезде
анықтағыш шам жанады. Қосымша
функциялар:
Су жұмсартқыш орнатылатын деңгей.
Құрылғыда ақау бар болса, дыбысты
сигнал беріледі.
4
Анықтағыш шамдар
1)
Тұз сауытын толтыру қажет болғанда
анықтағыш шам жанады. 'Ыдыс жуғыш
машина тұзын қолдану' тарауын қараңыз.
Тұзды көрсететін анықтағыш шам
бірнеше сағат бойы қосылып тұруы
мүмкін, бірақ оның құрылғы жұмысына еш
теріс әсері жоқ.
1)
Шайғыш заттан салу қажет болғанда
анықтағыш шам жанады. 'Шайғыш затты
қолдану' тарауын қараңыз.
1) Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда анықтағыш шам өшіп тұрады.
Кешіктіріп бастау түймешігі
Кешіктіріп бастау түймешігін, жуу
бағдарламасын 3 не 6 сағаттық
интервалмен кешіктіріп бастау үшін
қолданыңыз. 'Жуу бағдарламасын орнату
және бастау' тарауын қараңыз.
Функция түймешіктері
Функция түймешіктерін мына әрекеттер
үшін қолданыңыз:
Су жұмсартқышты орнату үшін. 'Су
жұмсартқышты орнату' тарауын
қараңыз.
Орындалып тұрған жуу бағдарламасын
болдырмау үшін. 'Жуу бағдарламасын
орнату және бастау' тарауын қараңыз.
Параметрлерді орнату режимі
Барлық бағдарламалардың шамдары
жанса, машина параметрлерді орнату
режимінде тұрады.
Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы
параметрлерді орнату режимінде тұруға
тиіс:
Жуу бағдарламасын орнату үшін.
Су жұмсартқыштың деңгейін орнату
үшін.
Бағдарлама анықтағыш шамы қосылып
тұрса, параметрлерді орнату режиміне
өту үшін бағдарламаны біржола
тоқтатыңыз. 'Жуу бағдарламасын орнату
және бастау' тарауын қараңыз.
Жуу программалар
Жуу бағдарламалары
Бағдарлама Кірдің
ауқымы
Ыдысты салу
түрі
Бағдарлама сипаттамасы
Қатты
ластанған
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Негізгі жуу, 70°C дейін
2 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Кептіру
Қалыпты
кірлеген
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Алдын ала жуу
Негізгі жуу, 65°C дейін
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Кептіру
5
Бағдарлама Кірдің
ауқымы
Ыдысты салу
түрі
Бағдарлама сипаттамасы
1)
Қалыпты не
аздап
кірлеген
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Негізгі жуу, 60°C дейін
Соңғы шаю
2)
Қалыпты
кірлеген
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Алдын ала жуу
Негізгі жуу, 50°C дейін
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Кептіру
Кез келген Жартылай
толтыру (кешке
дейін
толтыруды
аяқтау үшін).
1 рет суық сумен шаю (тамақ
қалдықтары жабыспас үшін).
Бұл бағдарламаға жуғыш заттың
қажеті жоқ.
1) Бұл жартылай толтырылған машинаға бірден-бір сай келетін, күнделікті қолдану үшін тамаша
бағдарлама. Тек таңғы және кешкі ас ыдыстары мен ас құралдарын жуғысы келетін 4 адамы бар
жанұя үшін тамаша бағдарлама.
2) Сынақ мекемелеріне арналған сынақ бағдарламасы. Сынаққа қатысты ақпараттарды қосымша
кітапшадан алыңыз.
Тұтыну параметрлері
Бағдарлама Ұзақтығы (минут) Қуат (кВт/с) Су (литр)
80-90 1,5-1,7 18-20
90-100 1,1-1,2 15-16
30 0,8 8
160-170 0,8-0,9 12-13
12 0,1 3,5
Судың қысымы мен температурасы,
электр қуатының ауытқып берілуі мен
ыдыстардың саны бұл мәндерді өзгертуі
мүмкін.
Құрылғыны пайдалану
Процедураның әр сатысы үшін төмендегі
нұсқауларды орындаңыз:
1. Су кермектігінің деңгейі
аймағыңыздағы судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз. Қажет
болса су жұмсартқышты орнатыңыз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш
заттан салыңыз.
4. Ыдыс жуғыш машинаға ас құралдары
мен ыдыс-аяқтарды салыңыз.
5. Жуу бағдарламасын ыдыстың
қаншалықты салынғандығына және
ласта н ғ анына қ арап д ұ р ыс орн а тыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішке жуғыш затты
тиісті мөлшерде салыңыз.
7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.
6
Жуғыш таблеткаларды
пайдалансаңыз 'Жуғыш затты
пайдалану' тарауын қараңыз.
Су жұмсақтайтын бұйымын салу
Су жұмсартқыш суды құрамындағы
минералдар мен тұздардан тазартады.
Минералдар мен тұздар құрылғы
жұмысына теріс әсер етеді.
Судың кермектігі эквивалент мәндермен
есептеледі:
Германия,(dH°).
•Франция,(°TH).
ммоль/л (бір литрдегі миллимоль - су
кермектігін анықтайтын халықаралық
бірлік).
•Кларк.
Су жұмсартқыштың деңгейін өзіңіз
тұратын жердегі судың кермектігіне
лайықтаңыз. Қажет болса, суды
басқаратын жергілікті мекемеге
хабарласыңыз.
Судың кермектігі Судың кермектігін баптау
°dH °TH ммоль/л Кларк қолмен электрондық
тәсілмен
51 - 70 91 - 125 9,1 - 12,5 64 - 88 2 10
43 - 50 76 - 90 7,6 - 9,0 53 - 63 2 9
37 - 42 65 - 75 6,5 - 7,5 46 - 52 2 8
29 - 36 51 - 64 5,1 - 6,4 36 - 45 2 7
23 - 28 40 - 50 4,0 - 5,0 28 - 35 2 6
19 - 22 33 - 39 3,3 - 3,9 23 - 27 2 5
15 - 18 26 - 32 2,6 - 3,2 18 - 22 1 4
11 - 14 19 - 25 1,9 - 2,5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0,7 - 1,8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0,7 < 5
1
1)
1
1)
1) Тұзды пайдаланудың еш қажеті жоқ.
Су жұмсартқышты қолмен және
электронды тәсілмен орнатуыңыз
қажет.
Қолмен баптау
Құрылғының зауытта орнатылған деңгейі
- 2.
7
1 2
Түймешені 1-ші не
2-ші орынға
қойыңыз.
Электронды жолмен баптау
Су жұмсартқыштың зауытта орнатылған
деңгейі - 5.
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанын тексеріңіз.
3. B және C функция түймешіктерін A, B
және C функция түймешіктерінің
анықтағыш шамдары жыпылықтай
бастағанша басып ұстап тұрыңыз.
4. B және C функция түймешігін
босатыңыз.
5. A функция түймешігін басыңыз.
A функция түймешігінің анықтағыш
шамы жыпылықтауын
жалғастырады.
B және C функция түймешіктерінің
анықтағыш шамдары өшеді.
Соңы анықтағыш шамы
жыпылықтай бастайды.
Су жұмсартқышты орнататын функция
белсенді күйге көшті.
Соңы анықтағыш шамы жыпылықтап,
су жұмсартқыштың деңгейін көрсетеді.
Үзілістің ұзақтығы шамамен 5 секунд.
Мысалы: 5 рет жыпылықтау, үзіліс, 5
рет жыпылықтау, үзіліс, т.с.с. = 5-ші
деңгей
6. Су жұмсартқыштың деңгейін бір
сатыға көтеру үшін A түймешігін бір рет
басыңыз.
7. Амалды құрылғы жадына енгізу үшін
қосу/өшіру түймешігін басыңыз.
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
Сақтандыру туралы ескерту! Тек
ыдыс жуғыш машина тұзын
қолданыңыз. Ыдыс жуғыш машинаға
арналмаған тұздар су жұмсартқышқа
нұқсан келтіреді.
1
2
3
Тұз сауытына 1
литр су
құйыңыз(тек ең
алғаш іске
қосқанда).
4
8
5
6
Сауытқа тұз салған кезде судың тұз
сауытынан асып төгіліп кетуі қалыпты
жағдай.
Тұз сауытының сыртында ешбір тұз
түйірінің қалып қоймағанын
тексеріңіз. Сауыттың үстінде біраз уақыт
қалып қойған тұз оны тесіп кетеді. Жуу
бағдарламасын тұзды сауытқа салып
болған соң дереу бастау ұсынылады. Бұл
төгіліп қалған тұз ешнәрсені
тоттандырмау үшін қажет.
Су жұмсартқыштың деңгейін электронды
тәсілмен 1-ге қойғанда тұзды анықтайтын
шам жанып тұрмайды.
Шаю бұйымдары
Сақтандыру туралы ескерту! Тек
ыдыс жуғышқа арналған фирмалық
шайғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.
Шайғыш зат үлестіргішін толтыру үшін
мына қадамдарды орындаңыз:
1 2
M
A
X
1
2
3
4
+
3
4
Сақтандыру туралы ескерту!
Шайғыш зат сауытына ешбір басқа
зат (мысалы, ыдыс жуғышты тазалағыш
зат, сұйық тазалағыш)салмаңыз.
Құрылғыға нұқсан келу қаупі бар.
Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
баптау
M
A
X
1
2
3
4
+
Шайғыш зат
түймешесі зауытта
3-ші деңгейге
орнатылған.
Мөлшерді көбейту
не азайту үшін
'Төмендегі
жағдайларда не
істеу керек...'
тарауын қараңыз.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
Ақыл-кеңес
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны тек ыдыс жуғыш
машинада жууға болатын үйдегі ыдыс-
аяқтарды жуу үшін ғана қолданыңыз.
9
Құрылғыны су тартқыш заттарды (жөке,
майлық-сулықтар, т.с.с) жуу үшін
пайдаланбаңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды
салмас бұрын мына қадамдарды
орындаңыз:
Тағам қалдықтары мен ластықтарды
толық кетіріңіз.
Жанған, ыдысқа жабысқан
тағамдарды жұмсартыңыз.
Ас құралдары мен ыдыстарды мына
қадамдарды орындап салыңыз:
Шұңғыл заттарды(мысалы
кесе,стакан және кәстрөл) төңкеріп
салыңыз.
Сауыт не өте шұңғыл ыдыстың ішіне
су жиналып қалмағанын тексеріңіз.
Ас құралдары мен ыдыстардың
бірінің ішіне бірі кіріп қалмағанын
тексеріңіз.
Ас құралдары мен ыдыстардың басқа
ас құралдары мен ыдыстарды
далдалап қалмағанын тексеріңіз.
Стакандардың бір-біріне тимей
тұрғандығын тексеріңіз.
Кішкене заттарды ас құралдары
себетіне салыңыз.
Пластик заттар мен жабысқақ емес
қаптамасы бар кәстрөлдерге су
тамшылары тұрып қалады. Пластик
заттар фарфор және темір заттар
сияқты тез құрғамайды.
Жеңіл заттарды жоғарғы себетке
салыңыз. Заттар жылжып кетпесін.
Сақтандыру туралы ескерту! Бүріккіш
түтіктердің еркін айналатындығын
жуу бағдарламасын бастамай тұрып
тексеріңіз.
Назарыңызда болсын! Ыдысты
салып не алып болған соң есікті
әрқашан жауып жүріңіз. Ашық есік қауіпті
болуы мүмкін.
1
Тәрелкелер мен
жалпақ
қақпақтарды
астыңғы себеттің
шетін жағалата
қойыңыз.
2
3
Кәстрөлдер, таба
мен
шыныаяқтарды
салу үшін астыңғы
себеттегі ілгек
қатарларын жиып
қоюға болады.
1
2
Ас құралдары торын пайдаланыңыз.
Құралдың үлкендігі торды
пайдалануға кедергі жасаса, онда торды
алып қойыңыз.
10
1
Заттарды су
барлығына біркелкі
тиетіндей
орналастырыңыз.
2
Ұзын заттарды
шыныаяқ торын
жиып барып
салыңыз.
Үстіңгі себеттің биіктігін реттеу
Астыңғы себетке үлкен табақтарды салу
үшін, алдымен үстіңгі себетті ең жоғарғы
орынға қойыңыз.
Назарыңызда болсын! Биіктігін
үстіңгі себетке еш нәрсе салмай
тұрып реттеңіз.
Ыдыс-аяқтың ең үлкен биіктігі:
үстіңгі
себеттегі
астыңғы
себеттегі
Үстіңгі орын 20 см 31 см
Астыңғы
орын
24 см 27 см
1 2
Үстіңгі себетті үстіңгі не астыңғы орынға
қою үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Алдыңғы сырғытпа
тежегіштерін(A)алыңыз.
2. Себетті тартып шығарыңыз.
3. Себетті үстіңгі не астыңғы орынға
қойыңыз.
4. Алдыңғы сырғытпа
тежегіштерін(A)бастапқы орындарына
қойыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Егер
себет үстіңгі орында тұрса, кеселерді
шыныаяқ торына қоймаңыз.
Тазалау бұйымдарын қолдану
Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш заттарды (ұнтақ, сұйық не
таблетка)ғана қолданыңыз.
Орамындағы нұсқауларды орындаңыз:
Өндіруші көрсеткен мөлшерде ғана
пайдаланыңыз.
Сақтауға қатысты ұсыныстарды
қараңыз.
Қоршаған ортаға зиян тигізбес үшін
көрсеткен мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
1
2
11
3
Жуғыш зат
үлестіргішке( A)
жуғыш заттан
салыңыз.
4
Алдын ала жуу
циклі бар жуу
бағдарламасын
пайдалансаңыз,
алдын ала жуғыш
зат
үлестіргішіне( B)жу
ғыш заттан көбірек
салыңыз.
5
6
Таблеткаларды пайдалану
Жуғыш таблетканы жуғыш зат
үлестіргішіне( A)салыңыз.
Жуғыш таблетка құрамында:
•жуғыш зат
•шайғыш зат
басқа тазартқыш заттар бар.
Таблеткаларды пайдалану үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Жуғыш таблетканың аймағыңыздағы
судың кермектігіне сай келетінін
тексеріңіз. Өндіруші нұсқауларын
орындаңыз.
2. Су кермектігі мен шайғыш зат
мөлшерін ең төменгі деңгейге
қойыңыз.
Тұз сауыты мен шайғыш зат
үлестіргішін толтырудың қажеті жоқ.
Құрғату нәтижесі қанағаттандырмаса
мына қадамдарды орындаңыз:
1. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш
заттан салыңыз.
2. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін 2-ші
орынға қойыңыз.
Жуғыш ұнтақты қайта пайдалану үшін
мына қадамдарды орындаңыз:
1. Тұз сауыты мен шайғыш зат
үлестіргішін толтырыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең жоғарғы
деңгейге қойыңыз.
3. Жуу бағдарламасын еш ыдыссыз
орындаңыз.
4. Су жұмсартқышты баптаңыз. 'Су
жұмсартқышты орнату' тарауын
қараңыз.
5. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін
белгілеңіз.
Әртүрлі фирма өндірген жуғыш
заттар әртүрлі жылдамдықпен ериді.
Кей жуғыш заттарды қысқа мерзімді жуу
бағдарламасы үшін қолданғанда нәтижесі
сондай жақсы болмайды. Таблеткаларды
жуғыш зат әбден жуылып кету үшін ұзақ
жуу бағдарламасы үшін таңдаңыз.
Жуу программасын таңдау және бастау
Жуу бағдарламасын есікті
ашыңқырап қойып орнатыңыз. Жуу
бағдарламасы тек есік жабылған соң ғана
басталады. Осыған дейін параметрлерді
өзгертуіңізге болады.
Жуу бағдарламасын орнатып, бастау үшін
мына қадамдарды орындаңыз:
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанын тексеріңіз.
3. Бағдарлама түймешіктерінің бірін
басыңыз. 'Жуу бағдарламалары'
тарауын қараңыз.
12
Бағдарламаның анықтағыш шамы
жанады.
Басқа бағдарламалардың
барлығының шамдары өшеді.
4. Есікті жабыңыз.
Жуу бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Жуу бағдарламасы орындалып
тұрған кезде бағдарламаны өзгерте
алмайсыз. Жуу бағдарламасын біржола
тоқтатыңыз.
Назарыңызда болсын! Жуу
бағдарламасын тек қажет жағдайда
ғана үзіңіз не біржола тоқтатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Есікті
абайлап ашыңыз. Ыстық бу шығып
кетуі мүмкін.
Жуу бағдарламасын біржола тоқтату
1. B және C функция түймешіктерін
барлық бағдарламалардың шамдары
жанғанша басып ұстап тұрыңыз.
2. Жуу бағдарламасын біржола тоқтату
үшін B және C функция түймешіктерін
босатыңыз.
Осы кезде мына қадамдарды орындауға
болады:
1. Құрылғыны өшіріңіз.
2. Жаңа жуу бағдарламасын орнатыңыз.
Жаңа жуу бағдарламасын орнатпай тұрып
жуғыш зат үлестіргішке жуғыш заттан
салыңыз.
Жуу бағдарламасын үзу
Есікті ашыңыз.
Бағдарлама тоқтайды.
Есікті жабыңыз.
Бағдарлама үзілген жерінен бастап
жалғасады.
Бағдарламаға кешіктіріп бастау
функциясын қосып орнату және
бастау
1. Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз.
2. Кешіктіріп бастау функциясының
шамын дұрыс сағат мәнін көрсететін
анықтағыш шам жыпылықтай
бастағанша басыңыз (3 не 6 сағат).
3. Жуу бағдарламасын орнатыңыз.
Бағдарламаның анықтағыш шамы
жанады.
4. Есікті жабыңыз.
–Кешіктіріп бастау функциясының
кері санағы басталады.
–Кешіктіріп бастау функциясының
кері санағы 3 сағаттық қадаммен
кеми бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Кешіктіріп бастау параметрінің
шамы өшеді.
Кері санақ тоқтап қалмас үшін кері
санақ орындалып тұрған кезде есікті
ашпаңыз. Есікті қайта жапқан кезде кері
санақ тоқтаған жерінен бастап
жалғасады.
Кешіктіріп бастау функциясын
болдырмау:
1. B және C функция түймешіктерін
барлық бағдарламалардың шамдары
жанғанша басып ұстап тұрыңыз.
–Кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатқан кезде жуу
бағдарламасы да тоқтайды.
2. Жаңа жуу бағдарламасын орнатыңыз.
Жуу бағдарламасы мен кешіктіріп
бастау функциясын, құрылғының
есігін жауып тұрып таңдауға да болады.
Бағдарлама түймешігін басқан соң, басқа
жуу бағдарламасын не кешіктіріп бастау
функциясын таңдауға тек 3 секунд ғана
уақытыңыз бар. 3 секундтан кейін
таңдалған бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Жуу бағдарламасының соңы
Құрылғыны төмендегі жағдайларда
өшіріңіз:
Құрылғы автоматты түрде тоқтағанда.
Соңы анықтағыш шамы жанғанда.
13
1. Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз.
2. Есікті ашыңыз.
3. Құрғату нәтижесін жақсарту үшін есікті
ыдыстарды шығармай тұрып бірнеше
минут ашып қойыңыз.
Ыдыстарды машинадан алмай тұрып
суытып алу үшін қоя тұрыңыз. Ыстық
ыдыс осал келеді.
Ыдыс-аяқтарды алу
Алдымен астыңғы себеттегі, содан соң
үстіңгі себеттегі ыдыстарды алыңыз.
Құрылғының қабырғасы мен есігі
суланып тұруы мүмкін. Тоттанбайтын
болат, ыдыстарға қарағанда тез суып
қалуы мүмкін.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
өшіріп барып тазалаңыз.
Сүзгілерді тазалау
Өте маңызды! Құрылғыны еш сүзгісіз
пайдаланбаңыз. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс
орнатсаңыз жуу нәтижелері
қанағаттанғысыз болып, құрылғыға
нұқсан келуі мүмкін.
1 2
A, B және C
сүзгілерін ағып
жатқан суға мұқият
тазалаңыз.
3
B және C сүзгісін
алу үшін тұтқаны
сағат бағытына
қарсы шамамен
1/4 мөлшерде
бұраңыз.
4
A тегіс сүзгісін
құрылғы түбінен
шығарыңыз.
5
Сүзгі жүйесін
орнына қойыңыз.
Сүзгі жүйесін
бекіту үшін тұтқаны
сүзгі жүйесі өз
орнына түскенше
сағат бағытымен
бұраңыз.
Өте маңызды! Бүріккіш түтіктерді
алмаңыз.
14
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп
қалса, оны жіңішке шырпымен тазалаңыз.
Сыртын тазалау
Машинаның сыртын және басқару
панелін дымқыл жұмсақ матамен
тазалаңыз. Тек нейтрал тазалағыш
заттарды қолданыңыз. Түрпілі не қатты
тазалағыш заттарды, еріткіштерді
(ацетон, трихлорэтилен, т.с.с.)
пайдаланбаңыз.
Мұздап кетуден сақтау
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен түсетін жерге
орнатпаңыз. Өндіруші құрылғыға мұздап
қалудан келген зиян үшін жауапты емес.
Басқа мүмкіндік болмаса, құрылғыны
босатыңыз да, есігін жабыңыз. Су құятын
түтікшені ағытып, су құятын түтікшедегі
суды төгіңіз.
Не істерсіңіз, егер...
Құрылғы жұмысы істей бастамайды не
жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.
Құрылғыда ақау бар болса, оны алдымен
өзіңіз шешіп көруге тырысыңыз.
Мәселенің шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не тұтынушыға
қызмет көрсететін орталыққа
хабарласыңыз.
Қателер коды және дұрыс
істемеу
Мүмкін себептері және шешетін жолдары
•орындалып тұрған
бағдарлама шамының ұзақ
жыпылықтауы
соңы анықтағыш шамының 1
рет жыпылықтауы
Ыдыс жуғыш машинаға су
толмай тұр
Су құйылатын шүмек бітелген не оған қақ тұрған.
Су құйылатын шүмекті тазалаңыз.
Су құйылатын шүмек жабық.
Су құйылатын шүмекті ашыңыз.
Су құятын түтікшедегі сүзгі бітеліп қалған.
Сүзгіні тазалаңыз.
Су құятын түтікше дұрыс жалғанбаған. Түтікше
шиеленісіп не жаншылып қалуы мүмкін.
Түтікшенің дұрыс жалғанғанын тексеріп алыңыз.
•орындалып тұрған
бағдарлама шамының ұзақ
жыпылықтауы
соңы анықтағыш шамының 2
рет жыпылықтауы
Ыдыс жуғыш машинаның суы
төгілмей жатыр
Раковина түтігі бітеліп қалған.
Раковинаның түтігін тазалаңыз.
Су төгетін түтікше дұрыс жалғанбаған. Түтікше
шиеленісіп не жаншылып қалуы мүмкін.
Түтікшенің дұрыс жалғанғанын тексеріп алыңыз.
15
Қателер коды және дұрыс
істемеу
Мүмкін себептері және шешетін жолдары
•орындалып тұрған
бағдарлама шамының ұзақ
жыпылықтауы
соңы анықтағыш шамының 3
рет жыпылықтауы
Тасқынға қарсы құрал қосылып
кетеді
Су құятын шүмекті жауып, жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бағдарлама басталмай тұр Құрылғы есігі жабылмаған.
Есікті жабыңыз.
Аша розеткаға сұғылмаған.
Ашаны қосыңыз.
Үйдегі сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғыш күйіп кеткен.
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
Кешіктіріп бастау орнатылған.
Бағдарламаны дереу бастау үшін кешіктіріп
бастау функциясын біржола тоқтатыңыз.
Тексеріп болған соң құрылғыны қосыңыз.
Бағдарлама үзілген жерінен бастап
жалғасады. Құрылғы ақауы қайта орын
алса, жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Мына деректер сізге жылдам да дұрыс
көмек көрсету үшін қажет:
•Үлгісі(Mod.)
Өнім нөмірі (PNC)
Сериялық нөмірі(S.N.)
Бұл деректерді техникалық ақпарат
тақтайшасынан алыңыз.
Қажетті деректерді мына жерге жазып
қойыңыз:
Құрылғы үлгісінің сипаттамасы: ..........
Өнім нөмірі: ..........
Сериялық нөмірі: ..........
Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес
Ыдыстар таза емес Таңдалған бағдарлама ыдыстардың салыну түріне және
кірлеу ауқымына сай келмейді.
Себеттер дұрыс толтырылмаған, сондықтан да су
барлық ыдыстардың беттеріне біркелкі тимей тұр.
Ыдыстар дұрыс салынбағандықтан бүріккіштер еркін
айнала алмай тұр.
Сүзгілер ластанған не теріс салынған.
Жуғыш зат салынбаған не өте аз мөлшерде салынған.
Ыдыстардың үстінде әк
түйірлері қалған
•Тұз сауыты босап қалған.
Су жұмсартқыштың теріс деңгейі орнатылған.
Тұз сауытының қақпақшасы дұрыс жабылмаған.
16
Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес
Ыдыс-аяқ сулы және түсі
жақсы емес
Ешбір шайғыш зат пайдаланылмаған.
Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
Ыдыстар мен
стакандардың беті
айғыздалған не оларға
ақшыл дақтар түскен не
беті көкшіл тартқан
Шайғыш зат мөлшерін азайтыңыз.
Стакандар мен
ыдыстарда кепкен су
тамшысының ізі қалған
Шайғыш зат мөлшерін көбейтіңіз.
Бұның себебі жуу заттары болуы мүмкін.
Техникалық сиппатама
Өлшемдері Ені, см 45
Биіктігі,см 85
Тереңдігі, см 61
Электр желісіне қосылым -
Кернеу - Жалпы қуат -
Сақтандырғыш
Құрылғыны электр желісіне қосу туралы мәлімет, жуғыш
есігінің ішкі бетінің шетіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген.
Құйылатын судың қысымы Минимум 0,5 бар (0,05 MПa)
Максимум 8 бар (0,8 MПa)
Сыйымдылығы Орын параметрлері 9
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы
белгісі осы бұйым
кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп
білдіреді. Сондықтан оны ескі электр және
электроникалық бұйымдарды жинап
утилизация үшін арнайы контейнерлерге
салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс
түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған
орта менен адам денсаулығына түсіп
пайда бола алатын зиянын болдыртпауын
үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл
бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда
болуы мүмкін. Осы бұйымның
утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін
жергілікті әкімшілігіңізбен, қалдықтарды
жинап әкететін мекемеңізбен немесе осы
бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен
хабарласыңыз.
Орам материалдарының қоршаған ортаға
зияны жоқ әрі оларды қайта өңдеуден
өткізуге болады. Пластик элементтерге
мысалы, >PE<, >PS<, т.с.с таңбаламалар
салынған. Орам материалдарын
тұрмыстық қалдықтарды тастайтын
жердегі тиісті жәшіктерге салып тастаңыз.
17
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
тастау үшін мына әрекеттерді
орындаңыз:
Розеткадағы ашаны суырып алыңыз.
Сымы мен ашасын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін қоқысқа салыңыз. Бұл
балалардың құрылғы ішіне кіріп
бекітіліп қалып, өз өмірлеріне қауіп
төндірмеуі үшін қажет.
Орнату
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
орнату барысында ашаның
розеткадан алынып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
ЖиҺаздың астына орналастыру
Құрылғыны су құятын шүмек пен суды
төгетін құбырлардың қасына
орналастырыңыз. Құрылғыны раковина
қаптамасының не ас үй жұмыс үстелінің
астына, беткі жұмыс тақтасын алып барып
орнату қажет. Шкаф ұясының өлшемдері
берілген өлшемдерге сай келетінін
тексеріңіз.
1 2
3
4
Құрылғыны жеке қойғыңыз келсе, оның
жұмыс тақтасын үстіне орнатыңыз.
Жеке тұрған машинаның қабырғасының
төменгі жағы реттеуге келмейді.
Құрылғы деңгейін лайықтап орнату
Құрылғының есікке өте жақын әрі еш
саңылаусыз орнатылуын қамтамасыз
етіңіз. Деңгейі дұрыс орнатылған
құрылғының есігі шкаф қабырғасына
соғылмайды. Есік дұрыс жабылмаса,
өзгертпелі сирақтарды босату не қатайту
арқылы машинаның деңгейін реттеп
қойыңыз.
Суға қосу
Су құятын түтікше
Құрылғыны ыстық (макс. 60°) немесе суық
суға қосуға болады.
Егер ыстық су қоршаған ортаға зияны жоқ
басқа қуат көздерінен (мысалы күн көзінің
қуатынан, фотоэлектрлі панель не жел
қуатынан)алынса, қуат шығынын азайту
үшін ыстық суды пайдалануды ұсынамыз.
Су құятын түтікшені резьбасы 3/4 дюйм
болатын су шүмегіне қосыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Ескі
құрылғылардың қосылым
түтікшелерін пайдаланбаңыз.
Су қысымы көрсетілген шектерден
аспауға тиіс ("Техникалық деректер"
тарауын қараңыз). Жергілікті су
басқармасынан тұратын жеріңіздегі
құбырлардың орташа қысымын беруін
талап етіңіз.
18
Су құятын түтікшенің еш жерінің
түйнектелмей, не жаншылып не болмаса
шиеленіспей тұрғандығын тексеріңіз.
Су құятын түтікшені контргайка арқылы
жүзеге асырылған қосылымға икемдеу
үшін солға не оңға бұрап қойыңыз. Су
жылыстап ағып кетпес үшін контргайканы
дұрыс орнатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны ұзақ уақыт
қолданылмаған құбырларға не жаңа
құбырларға қоспаңыз. Су құятын түтікшені
суды бірнеше минут ағызған соң ғана
жалғаңыз.
Су құятын түтікше
Су құятын түтікше жоғары қысымға төтеп
береді. Бұл түтікше максимум 6 МПа
қысымға төтеп бере алады. Су құятын
түтікшенің сыртқы жағы орын алуы мүмкін
ақаулықтардан қорғайтын қаптамамен
қапталған. Егер ішкі түтікше жарылып
кетсе, түтікшедегі су бұлыңғыр болып
көрінеді. Оны мөлдір қаптамадан көре
аласыз. Қажет болса,су құятын шүмекті
жабыңыз да, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Су құятын
түтікше
кенет босап
кетуден
сақтандыратын
қауіпсіздік
құралымен
жабдықталған.
Түтікшені ағыту
үшін:
•тетікті( Bасың
ыз да,
•бекіткіш
шығырықты
( A )сағат
бағытына қарсы
бұраңыз.
Суды төгетін түтікше
1
Су төгетін
түтікшені раковина
түтігіне қосыңыз.
max 85 cm
min 40 cm
max 400 cm
2
19
3
4
Ішкі диаметрі түтікше диаметрінен кіші
болмауға тиіс.
Су төгетін түтікшені раковинаның
астындағы түтікке түйістіру үшін пластик
қабықты(A)алыңыз. Қабықты алмасаңыз
ас қалдықтары раковина түтігін толтырып
қояды.
Сақтандыру туралы ескерту! Су
қосылымдарының су ағып
кетпейтіндей берік жалғанғандығын
тексеріңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Бұл
нұсқауларды орындамасаңыз,
салдарына өндіруші жауапты емес.
Құрылғыны қауіпсіздік ережелеріне сай
жерге қосыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
кернеу мен қуат мәндерінің жергілікті
желідегі кернеу мен қуатқа сай
келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
пайдаланыңыз.
Көп-көзді ашаларды, жалғастырғыштар
мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Өрт шығу қатері бар.
Қорек сымын өзіңіз ауыстырмаңыз.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыны орнатып болған соң аша қол
оңай жететін жерде тұруға тиіс.
Құрылғыны сымынан тартып өшірмеңіз.
Әрқашан ашасынан ұстап өшіріңіз.
20
/