Aeg-Electrolux F88030VIP Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал руководство по эксплуатации посудомоечной машины FAVORIT 88030VI и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве подробно описаны программы мойки, функции, рекомендации по использованию моющих средств, а также советы по уходу и устранению неполадок. Задавайте ваши вопросы!
  • Как настроить смягчитель воды?
    Что делать, если посудомоечная машина не включается?
    Как использовать функцию Multitab?
    Что делать, если на посуде остались пятна?
FAVORIT 88030VI
Қолдану туралы
нұсқаулары
Ыдыс жуғыш
машина
Инструкция по
эксплуатации
Посудомоечная
машина
Інструкція Посудомийна
машина
Біздің жоғарғы сапалы өнімдеріміздің бірін таңдағаныңызға
алғысымызды білдіреміз.
Бұл құрылғы тиімді әрі тұрақты жұмыс жасау үшін осы
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Бұл құрылғының барлық
үрдістерін жете меңгеріп, оны неғұрлым тиімді пайдалануға
мүмкіндік береді. Қажет жағдайда керек нұсқауларды оқып отыру
үшін бұл нұсқаулықты сенімді жерге сақтап қойыңыз. Құрылғыны
келесі пайдаланушыға берер кезде нұсқаулықты да қоса беруді
ұмытпаңыз.
Жаңа құрылғыны пайдаланып жайлы көңіл-күйге жете беріңіз.
МАЗМҰНЫ
ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАР 3
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
3
Балалар мен әлсіз адамдардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету 3
Қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат
3
Қолданылуы 4
Күту менен тазалау 4
Орнату 5
Мұздап қалуға қарсы сақтық
шаралары 5
Суға қосу 5
Электртоғына қосу 6
Қызмет көрсету орталығы 6
Құрылғыны тастау 6
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ 7
Оптикалық сигнал 8
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ 8
Бейнебет 9
Кешіктіріп бастау түймешігі 9
Бағдарлама таңдау түймешіктері
9
Шуылсыз бағдарлама түймешігі
9
Multitab түймешігі 9
Болдырмау түймешігі 10
Функция түймешіктері 10
Параметрлерді орнату режимі
10
Дыбысты сигналдар 10
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ 11
СУ ЖҰМСАҚТАЙТЫН БҰЙЫМЫН
САЛУ 11
Қолмен реттеу 12
Электронды жолмен реттеу 12
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАСЫ ҮШІН
АРНАЛҒАН 13
ЖУҒЫШ ЖӘНЕ ШАЙҒЫШ ЗАТТЫ
ҚОЛДАНУ 13
Тазалау бұйымдарын қолдану
14
Шаю бұйымдары 14
Шайғыш заттың үлестірілетін
мөлшерін белгілеңіз 14
МУЛЬТИ ТАБ ФУНКЦИЯСЫ 15
АС ҚҰРАЛДАРЫ МЕНЕН ЫДЫС-
АЯҚТЫ САЛУS 15
Ақыл-кеңес 15
ЖУУ ПРОГРАММАЛАР 16
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ
ЖӘНЕ БАСТАУ 18
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
жуу бағдарламасын таңдап, іске
қосыңыз. 18
Кешіктіріп бастау функциясы бар
жуу бағдарламасын таңдап, іске
қосу 18
Жуу бағдарламасын кідірту 18
Жуу бағдарламасы немесе
кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтату тәсілі 18
Жуу бағдарламасының соңында
19
2
Мазмұны
Құрылғыны босату 19
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ 19
Сүзгілерді алу және тазалау 19
Бүріккіш түтіктерді тазалау 20
Құрылғы корпусының сыртын
тазалау 20
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... 20
Жуу және кептіру нәтижелері
қанағаттанарлықтай емес. 22
Шайғыш зат үлестіргішін қосу
23
ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА 24
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН
КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
24
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, іске қосардың алдында осы нұсқаулықты мұқият
оқып шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін,
Құрылғыны дұрыс іске қосу үшін.
Осы нұсқаулықты әрқашан, тіпті құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де
онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны теріс орнату мен іске қосу нәтижесінде орын алған
ақаулықтарға өндіруші жауапты емес.
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тәжрибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске
қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
Тұншығып қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
Жуғыш заттардың барлығын қауіпсіз жерде сақтаңыз. Балаларға
жуғыш затты ұстауға рұқсат бермеңіз.
Балалар мен кішкене үй жануарларын, есігі ашық тұрған құрылғыға
жақындатпаңыз.
Қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат
Бұл құрылғының техникалық сипаттарына өзгеріс енгізбеңіз. Жарақат
алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Көз, ауыз, өңеш күйіп қалмас үшін, ыдыс жуғыш машинада
қолданылатын жуғыш затты өндірушінің қауіпсіздік нұсқауларын
орындаңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
3
117948821-00-052010
Құрылғыдағы суды ішуге болмайды. Құрылғыда жуғыш заттың
қалдығы қалуы мүмкін.
Құрылғы ішіне зат салып немесе оны босатып жатқанда, адам
жарақаттанып немесе ашық тұрған есікке соғылып қалмас үшін есікті
әрқашан жауып отырыңыз.
Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз немесе үстіне шығып тұрмаңыз.
Қолданылуы
Бұл құрылғыны тек үйде ғана қолдану керек. Құрылғыны
коммерциялық мақсатта және өнеркәсіпте немесе басқа мақсатта
қолданбаңыз.
Құрылғыны өзі арналған мақсаттан басқа мақсатта қолдануға
болмайды. Осылайша адам жарақаттануға немесе мүлікке зиян
келтіруге жол бермейсіз.
Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада жууға болатын, тұрмыста
қолданылатын ыдыс-аяқтарды жуу үшін ғана қолданыңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды, құрылғының қасына немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс
немесе өрт шығу қаупі бар.
Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың барлығын, ас құралдары
себетіне ұштарын төмен қаратып салыңыз. Немесе үстіңгі себетке
көлденеңінен не пышақ салатын себетке салыңыз. (Құрылғы
үлгілерінің барлығы бірдей пышақ салынатын себетпен
жабдықталмаған).
Ыдыс жуғыш машинаға арналған арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз,
шайғыш зат) ғана қолданыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар, су жұмсартқышқа нұқсан
келтіруі мүмкін.
Тұзды ыдыс жуғыш машинаға, жуу бағдарламасын бастамай тұрып
салыңыз. Тұз түйірлері немесе тұзды су құрылғының табанын
тоттандыруы немесе тесіп жіберуі мүмкін.
Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан басқа ешбір басқа зат
(мысалы, ыдыс жуғыш машинаны тазалағыш зат, сұйық тазалағыш
зат) салмаңыз. Бұл құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Жуу бағдарламасын бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін
айнала алатындығына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін ашсаңыз, ыстық бу шығып кетуі
мүмкін. Күйіп қалуыңыз мүмкін.
Ыдыстарды құрылғыдан жуу бағдарламасы аяқталмай тұрып алмаңыз.
Күту менен тазалау
Құрылғыға күтім көрсетердің алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға болмайды. Сүзгілердің
дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс орнатылса ыдыс-аяқтарды
жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғыны су немесе бу бүркіп тазалағышпен тазаламаңыз. Электр
тогына түсу және құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Орнату
Құрылғының еш жерінің тасымалдау барысында бүлінбеген
тексеріңіз. Бүлінген құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса, сатушыға
хабарласыңыз.
Ең алғаш іске қосардың алдында, орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Электр желісі және құбыр жүйесіне қосу, орнату және күтім көрсету
жұмыстарының барлығын тек білікті маман орындауға тиіс. Бұл
құрылғы конструкцияларының бүлінуіне немесе адам жарақаттанып
қалуға жол бермейді.
Құрылғыны орнату барысында, оның ашасының розеткадан
ағытылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының қабырғаларын, оның гидравликалық немесе электр
бөлшектерін бүлдіріп алмас үшін бұрғылап теспеңіз.
Маңызды! Төмендегі әрекеттерді нұсқауларға сай орындаңыз:
Құрылғыны орнату.
Ас үй қаптамасының есігін құрастыру.
Су құю және төгу жүйелеріне қосу.
Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары
Құрылғыны температурасы 0°C градустан төмендеп кететін жерге
орнатпаңыз.
Мұздап қалудың салдарынан болған ақаулыққа өндіруші жауапты емес.
Суға қосу
Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін жаңа түтіктерді пайдаланыңыз.
Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне немесе ұзақ уақыт қолданыста
болмаған құбырларға қоспаңыз. Суды бірнеше минут ағызып қойыңыз
да, содан кейін су құятын түтікті жалғаңыз.
Құрылғыны орнатып жатқанда, су түтіктерінің жаншылып қалмағанын
немесе бүлінбегенін тексеріңіз.
Су құбыры жалғастырғыштарының су ақпайтындай берік
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда, түтіктерінен су ақпай тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің қабырғасы қос қабат материалдан жасалған және
оның ішкі сымы мен қауіпсіздік клапаны бар. Су құятын түтікке осы
түтік арқылы су аққан кезде ғана қысым түседі. Су құятын түтіктен су
ақса, қауіпсіздік клапаны ағып жатқан суды тоқтатады.
Су құятын түтікті жалғаған кезде абай болыңыз:
Су құятын түтікті немесе қауіпсіздік клапанын суға батырмаңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5
Су құятын түтік немесе қауіпсіздік клапаны бүлінсе, ашаны дереу
розеткадан суырыңыз.
Қауіпсіздік клапаны бар түтікті ауыстыру үшін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қатерлі кернеу.
Электртоғына қосу
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу керек.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің,
электр желісіндегі параметрлерге сай келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Әрқашан электр қатерінен сақтандырылған, дұрыс орнатылған
розетканы қолданыңыз.
Көп істікшелі ашаларды, жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды
қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының арт жағындағы аша мен қорек сымының майысып
немесе бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны қорек сымынан тартып ағытпаңыз. Әрқашан ашасынан
тартып ағытыңыз.
Қызмет көрсету орталығы
Құрылғыны жөндеу немесе оған қатысты жұмысты орындау
рұқсатына тек уәкілетті техник ғана ие. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін:
Ашаны розеткадан ағытып алыңыз.
Қорек сымын кесіп алыңыз да, тастаңыз.
6
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл кішкене балалар немесе үй
жануарлары құрылғының ішіне кіріп, қамалып қалуға жол бермеу
үшін қажет. Тұншығып қалу қаупі бар.
Назарыңызда болсын!
Ыдыс жуғыш машинада қолданылатын жуғыш заттар қауіпті және
жеміруі мүмкін!
Бұл жуғыш заттар қандай да бір қатерлі жағдайға алып келсе,
жергілікті ауруханаға немесе дәрігерге хабарласыңыз.
Жуғыш зат ауызға түсіп кетсе, дереу жергілікті ауруханаға немесе
дәрігерге хабарласыңыз.
Жуғыш зат көзге түсіп кетсе, дереу дәрігерге хабарласыңыз және
көзіңізді сумен шайыңыз.
Ыдыс жуғыш машинада қолданылатын жуғыш заттарды қауіпсіз,
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жуғыш зат үлестіргіште жуғыш зат болған кезде, құрылғының есігін
ашық қалдырмаңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін жуу бағдарламасын бастардың алдында ғана
толтырыңыз.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
2
3
4
5
6
7
1
8
9
10
1 Үстіңгі себет
2 Су кермектігі тетігі
3 Тұз сауыты
4 Жуғыш зат үлестіргіші
5 Шайғыш зат үлестіргіші
6 Техникалық ақпарат тақтайшасы
Бұйым сипаттамасы
7
7 Сүзгілер
8 Астыңғы бүріккіш түтік
9 Үстіңгі бүріккіш түтік
10 Үстіңгі бүріккіш түтік
Оптикалық сигнал
Жуу бағдарламасын бастағаннан кейін, құрылғы есігінің астыңғы
жағындағы еденде оптикалық сигнал пайда болады.
Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін қызыл шам жанып тұрады.
Бағдарлама аяқталғанда жасыл шам жанады.
Ақаулық пайда болғанда қызыл шам жыпылықтайды.
Құрылғыны ас үй қаптамасының ішіне биіктете орнатқан жағдайда,
оптикалық сигнал көрінбейді.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
2
3
45
6
7
8
9
AB
C
1 Қосу/өшіру түймешігі
2 Бейнебет
3 Кешіктіріп бастау түймешігі
4 Бағдарлама таңдау түймешіктері
5 Шуылсыз бағдарлама түймешігі
6 Multitab түймешігі
7 Болдырмау түймешігі
8 Индикатор шамдар
9 Функция түймешіктері
Индикатор шамдар
Тұз
1)
Бұл шам тұз сауытын толтыру қажет болған кезде ғана
жанады. 'Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған' тарауын
қараңыз.
Сауытты толтырғаннан кейін тұз индикаторы бірнеше сағат
жанған қалпы тұрады. Бұл құрылғының жұмысына теріс
әсер етпейді.
Шайғыш зат
1)
Бұл шам шайғыш зат сауытын толтыру қажет болған кезде
ғана жанады. 'Жуғыш және шайғыш затты қолдану' тарауын
қараңыз.
8
Басқару панелі
Индикатор шамдар
Бағдарламаның
соңы
Бұл индикатор жуу бағдарламасы аяқталғанда жанады.
1) Жуу бағдарламасы орындалып жатқанда тұз және/не шайғыш зат сауыттары босап
қалса, тиісті индикатор шамдар жанбайды.
Бейнебет
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тәсілмен баптау.
Шайғыш зат үлестіргішті қосу/өшіру (тек multitab функциясы қосулы
тұрғанда ғана).
Жуу бағдарламасының нөмірі.
Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін қалған уақыт.
Жуу бағдарламасының соңы. Бейнебетте нөл көрсетіледі.
Кешіктіріп бастау функциясы аяқталғанға дейін қалған уақыт.
Ақаулық кодтары.
Дыбыстық сигналдарды белсенді күйге көшіру/өшіру.
Кешіктіріп бастау түймешігі
Бұл түймешікті жуу бағдарламасын 1 сағаттан 24 сағатқа дейінгі
интервал бойынша кешіктіріп бастау үшін қолданыңыз. 'Жуу
бағдарламасын таңдау және бастау' тарауын қараңыз.
Бағдарлама таңдау түймешіктері
Осы түймешіктердің көмегімен жуу бағдарламасын таңдауыңызға
болады (Шуылсыз жуу бағдарламасынан басқасын). Түймешіктердің
бірін бейнебетте қажетті бағдарламаның нөмірі көрсетілгенше қайта-
қайта басыңыз.
Шуылсыз жуу бағдарламасын таңдау үшін тиісті түймешікті басыңыз.
Жуу бағдарламалары туралы толығырақ ақпаратты 'Жуу
бағдарламалары' тарауынан алыңыз.
Шуылсыз бағдарлама түймешігі
Бұл жуу бағдарламасы жұмыс істеген кезде шуыл деңгейі өте төмен
болады.
Шуылсыз бағдарлама кезінде сорғы өте төмен жылдамдықпен жұмыс
істейді. Бұл әдеттегі бағдарламаға қарағанда шуыл деңгейін 25%
пайызға азайту үшін жасалған. Осыған байланысты бағдарлама өте
ұзаққа созылады.
Бұл бағдарламаны қуат тарифі арзанырақ болған кездерде қолданыңыз.
Multitab түймешігі
Multitab функциясын іске қосу/өшіру үшін осы түймешікті басыңыз.
'Multitab функциясы' тарауын қараңыз.
Басқару панелі
9
Болдырмау түймешігі
Осы түймешіктің көмегімен жуу бағдарламасын немесе кешіктіріп
бастау функциясын біржола тоқтатуға болады. 'Жуу бағдарламасын
таңдау және бастау' тарауын қараңыз.
Функция түймешіктері
Функция түймешіктерін мына әрекеттерді орындау үшін қолданыңыз:
Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тәсілмен баптау үшін. 'Су
жұмсартқышты орнату' тарауын қараңыз.
Multitab функциясы қосулы тұрған кезде шайғыш зат үлестіргішті қосу/
өшіру үшін. 'Келесі жағдайларда не істеу керек...' тарауын қараңыз
Дыбыстық сигналдарды қосу/өшіру үшін. 'Дыбыстық сигналдар'
тарауын қараңыз.
Параметрлерді орнату режимі
Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы параметрлерді орнату
режимінде тұруға тиіс:
Жуу бағдарламасын және/не кешіктіріп бастау функциясын таңдау
және бастау үшін.
Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тәсілмен баптау үшін.
Дыбыстық сигналдарды қосу/өшіру үшін.
Шайғыш зат үлестіргішін қосу/өшіру үшін.
Қосу/өшіру түймешігін басыңыз. Құрылғы келесі жағдайда
параметрлерді орнату режимінде тұрады:
Бейнебетте екі көлденең жолақ пайда болады.
Қосу/өшіру түймешігін басыңыз. Құрылғы келесі жағдайда
параметрлерді орнату режимінде тұрмайды.
Бейнебетте жуу бағдарламасының немесе кешіктіріп бастау
функциясының ұзақтығы көрсетіледі.
Параметрлерді орнату режиміне қайту үшін жуу бағдарламасын
немесе кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату керек. 'Жуу
бағдарламасын таңдау және бастау' тарауын қараңыз.
Дыбысты сигналдар
Дыбысты сигналдар мынаны білдіреді:
Жуу бағдарламасының аяқталғанын.
Су жұмсартқыштың деңгейінің электронды тәсілмен бапталғанын.
Құрылғыда ақау бар екенін.
Дыбысты сигналдарды өшіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
3. B және C функция түймешіктерін, A, B және C функция
түймешіктерінің индикаторлары жыпылықтай бастағанша басып
ұстап тұрыңыз.
4. A және B функция түймешіктерін босатыңыз.
10
Басқару панелі
5. C функция түймешігін басыңыз.
A және B функция түймешіктерінің индикаторлары сөнеді.
C функция түймешігінің индикаторы жыпылықтайды.
Бейнебетте ағымдық параметр көрсетіледі.
Дыбыстық сигналдар қосулы
Дыбыстық сигналдар сөндірулі
6. C функция түймешігін қайта басыңыз.
Бейнебетте жаңа параметр көрсетіледі.
7. Параметрді құрылғы жадына оны өшіру арқылы енгізіңіз.
Дыбысты сигналдарды қайта қосу үшін жоғарыдағы әрекеттерді
қайталаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
Әрекеттің әрбірін нұсқауға сай орындаңыз:
1. Су жұмсартқыштың, тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай
келетін деңгейге қойылған-қойылмағанын тексеріңіз. Қажет болса, су
жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш заттан салыңыз.
4. Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды құрылғыға салыңыз.
5. Ыдыс-аяқтың салынған мөлшері мен ластығына қарай отырып, жуу
бағдарламасын дұрыс орнатыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш затты тиісті мөлшерде салыңыз.
7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Егер құрама жуғыш таблеткаларды ('3 in 1', '4 in 1', '5 in 1') қолдансаңыз,
'Multitab функциясы' тарауын қараңыз.
СУ ЖҰМСАҚТАЙТЫН БҰЙЫМЫН САЛУ
Су жұмсартқыш судың құрамындағы минералдар мен тұздарды кетіреді.
Минералдар мен тұздар құрылғы жұмысына теріс әсер етуі мүмкін.
Судың кермектігін өлшейтін эквивалентті өлшем бірліктерге мыналар
жатады:
Неміс градусы (dH°).
Француз градусы (°TH).
ммоль/л (миллимоль - әр литрге: судың кермектігін өлшейтін
халықаралық бірлік).
Су кермектігін өлшейтін Кларк градусы.
Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі судың кермектігіне лайықтап
қойыңыз. Қажет болса, жергілікті су ресурстары мекемесіне
хабарласыңыз.
Құрылғыны қолдану
11
Судың кермектігі Судың кермектігін реттеу
°dH °TH ммоль/л Кларк қолмен электрондық
тәсілмен
51 - 70 91 - 125 9,1 - 12,5 64 - 88
2
1)
10
43 - 50 76 - 90 7,6 - 9,0 53 - 63
2
1)
9
37 - 42 65 - 75 6,5 - 7,5 46 - 52
2
1)
8
29 - 36 51 - 64 5,1 - 6,4 36 - 45
2
1)
7
23 - 28 40 - 50 4,0 - 5,0 28 - 35
2
1)
6
19 - 22 33 - 39 3,3 - 3,9 23 - 27
2
1)
5
1)
15 - 18 26 - 32 2,6 - 3,2 18 - 22 1 4
11 - 14 19 - 25 1,9 - 2,5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0,7 - 1,8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0,7 < 5
1
2)
1
2)
1) Зауытта орнатылған параметр.
2) Тұз салудың қажеті жоқ.
Су жұмсартқышты қолмен және электронды тәсілмен реттеуіңіз қажет.
Қолмен реттеу
Су кермектігі тетігін 1-ші немесе 2-ші
орынға (суретке қараңыз) қойыңыз.
Электронды жолмен реттеу
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
3. B және C функция түймешіктерін, A, B және C функция
түймешіктерінің индикаторлары жыпылықтай бастағанша басып
ұстап тұрыңыз.
4. B және C функция түймешіктерін босатыңыз.
5. A функция түймешігін басыңыз.
В және С функция түймешіктерінің индикаторы сөнеді.
A функция түймешігінің индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
Бейнебетте ағымдық параметр көрсетіледі.
12
Су жұмсақтайтын бұйымын салу
Үзік-үзік шыққан дыбысты сигнал ағымдық параметрдің орнағанын
хабарлайды.
Мысалы: бейнебетте
/ 5 үзік-үзік дыбысты сигнал = 5-ші деңгей
көрсетіледі.
6. A функция түймешігін, бейнебетте қажетті параметр пайда болғанша
қайта-қайта басыңыз.
7. Параметрді құрылғы жадына қосу/өшіру түймешігін басып енгізіңіз.
Су жұмсартқыш электронды тәсілмен 1-ші мәнге қойылса, тұз
индикаторы сөнген қалпы тұрады.
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАСЫ ҮШІН АРНАЛҒАН
Тұз сауытын толтыру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Тұз сауытының қақпағын сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап
ашыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су (тек
алғаш іске қосқанда) құйыңыз.
3. Тұз сауытын тұзға толтыру үшін
құйғышты пайдаланыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуінің
айналасындағы тұзды тазалаңыз.
5. Тұз сауытының қақпағын сағат
тілінің бағытымен бұрап
жабыңыз.
Тұз сауытын тұзға толтырған кезде, одан су төгіледі, бұл дұрыс.
ЖУҒЫШ ЖӘНЕ ШАЙҒЫШ ЗАТТЫ ҚОЛДАНУ
20
30
M
A
X
1
2
3
4
+
-
1
2
3
4
5
6
7
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
13
Тазалау бұйымдарын қолдану
Қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін, жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз.
Жуғыш затты өндірушінің, жуғыш заттың орамында көрсеткен
нұсқауларын орындаңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1.
Жуғыш зат үлестіргіштің
2
қақпағын ашу үшін
7
оны босататын
түймешікті басыңыз.
2.
Жуғыш затты үлестіргішке салыңыз
1
.
3. Жуу бағдарламасының алдын ала жуу циклі бар болса, құрылғы
есігінің ішкі бетіне жуғыш заттан аз ғана салыңыз.
4. Құрама жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, оларды жуғыш зат
үлестіргішіне салыңыз
1
.
5. Жуғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын өз орнына түскенше
басыңыз.
Әртүрлі фирма өндірген жуғыш заттар әртүрлі жылдамдықпен ериді.
Кейбір жуғыш таблеткаларды қысқа мерзімді жуу бағдарламалары үшін
қолданғанда, сондай жақсы нәтиже бермейді. Жуғыш таблеткаларды
қолданғанда, жуғыш зат әбден жуылып кету үшін ұзақ мерзімді жуу
бағдарламасын қолданыңыз.
Шаю бұйымдары
Шайғыш зат ыдыстарды ешбір жолақ немесе дақ қалдырмай кептіруге
мүмкіндік береді.
Шайғыш зат үлестіргіші соңғы шаю циклі кезінде шайғыш затты
автоматты түрде қосады.
Шайғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1.
Шайғыш зат үлестіргіштің
6
қақпағын ашу үшін
5
босататын
түймешікті басыңыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішті
3
шайғыш затпен толтырыңыз. 'max'
таңбаламасы ең үлкен мәнді көрсетеді.
3. Жуу бағдарламасы орындалған кезде, төгіліп қалған шайғыш зат
қатты көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен тазалап алыңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын өз орнына түскенше
басыңыз.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін белгілеңіз
Зауытта мына мән орнатылған: 3.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін 1 (ең аз) және 4 (ең көп)
мәндерінің біріне қоюға болады.
Шайғыш заттың мөлшерін
4
көбейту немесе азайту үшін шайғыш зат
тетігін бұраңыз.
14
Жуғыш және шайғыш затты қолдану
МУЛЬТИ ТАБ ФУНКЦИЯСЫ
Multitab функциясы құрама жуғыш таблеткаларға арналған.
Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш зат, шайғыш зат және ыдыс
жуғыш машинаға арналған тұз бар. Кейбір таблеткаларда басқа да
жуғыш заттар болады.
Бұндай таблеткалардың жергілікті судың кермектігіне сай келетін-
келмейтінін тексеру қажет. Өндірушінің нұсқауларын қараңыз.
Multitab функциясын орнатсаңыз, қайта өшіргенше қосулы тұрады.
Multitab функциясы шайғыш зат пен тұзды ағызбай тоқтатып тастайды.
Multitab функциясы шайғыш зат пен тұз индикаторларын сөндіреді.
Multitab функциясын қолданғанда, бағдарлама уақыты ұзарады.
Multitab функциясын жуу бағдарламасын бастамай тұрып қосыңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде, multitab функциясын қоса
алмайсыз.
Multitab функциясын қосу үшін:
Multitab түймешігін басыңыз. Multitab индикаторы жанады.
Multitab функциясын өшіріп, жуғыш зат, шайғыш зат пен тұзды жеке-
жеке пайдалану үшін:
1. Multitab түймешігін басыңыз. Multitab индикаторы сөнеді.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Су кермектігін ең үлкен мәнге қойыңыз.
4. Жуу бағдарламасын ыдыс салмастан орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі судың кермектігіне
лайықтап қойыңыз.
6. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін белгілеңіз.
АС ҚҰРАЛДАРЫ МЕНЕН ЫДЫС-АЯҚТЫ САЛУS
'Құрылғыны толтыру ProClean тәсілдері' тарауын қараңыз.
Ақыл-кеңес
Құрылғыны су сіңіретін заттарды (мысалы, жөке, ас үй майлық-
сулықтары) жуу үшін қолданбаңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды салардың алдында, мына
әрекеттерді орындаңыз:
Тағам қалдықтарын алыңыз.
Табаға күйіп, жабысып қалған тағам қалдықтарын жұмсартыңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды төменде көрсетілгендей салыңыз:
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл)
ауыздарын төмен қаратып салыңыз.
Сауыт немесе терең ыдыстарды, ішіне су жиналмайтын етіп
орналастырыңыз.
Мульти таб функциясы
15
Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды араласып кетпейтін етіп салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
Кішкене заттарды ас құралдарына арналған себетке салыңыз.
Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас үшін, басқа ас құралдарымен
араластырып салыңыз.
Ыдыс-аяқтарды су барлық жеріне тиетін етіп орналастырыңыз.
Пластик заттар мен жабысқақ емес материалмен қапталған
кәстрөлдерге су тамшылары тұрып қалады.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін
етіп салыңыз.
ЖУУ ПРОГРАММАЛАР
Жуу бағдарламалары
Бағдарлама Ластану
дәрежесі
Ыдыс-аяқтың
түрі
Бағдарлама
сипаттамасы
1
dB
1)
Қалыпты
ластанған
Фарфор ыдыс-
аяқ пен ас
құралдары
Алдын ала жуу
Негізгі жуу 50°C
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
2
45°-70° AUTO
2)
Кез келген Фарфор ыдыс,
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Негізгі жуу
45°C немесе 70°C
1 не 2 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
3
INTENSIV PRO
70°
Қатты ластанған Фарфор ыдыс,
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Негізгі жуу 70°C
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
4
60° 30 MIN
3)
Қалыпты не
шамалы
ластанған
Фарфор ыдыс-
аяқ пен ас
құралдары
Негізгі жуу 60°C
Шаю циклы
5
50° ECO
4)
Қалыпты
ластанған
Фарфор ыдыс-
аяқ пен ас
құралдары
Алдын ала жуу
Негізгі жуу, 50°C дейін
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
6
55° 50 MIN
Шамалы
ластанған
Фарфор ыдыс-
аяқ пен ас
құралдары
Негізгі жуу 55°C
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
16
Жуу программалар
Бағдарлама Ластану
дәрежесі
Ыдыс-аяқтың
түрі
Бағдарлама
сипаттамасы
7
45° GLASS
Қалыпты не
шамалы
ластанған
Морт сынғыш
ыдыс-аяқ пен
шыны ыдыс
Негізгі жуу 45°C
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Құрғату
8 Бұл тағам қалдықтары ыдысқа
жабысып, құрылғыдан жағымсыз
иіс шықпас үшін ыдысты жылдам
шаюға арналған бағдарлама.
Жуу бағдарламасын құрылғыны
ыдыс-аяққа әбден толтырғаннан
кейін бастайсыз.
Бұл бағдарламаны қолданғанда,
жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
1 рет суық сумен шаю
1) Бұл жуу бағдарламасы шуылсыз жұмыс істейді.
2) Құрылғы судың температурасы мен мөлшерін автоматты түрде реттейді. Бұл
құрылғының толық немесе жартылай толтырылғанына, ыдыс-аяқтың қаншалықты
ластанғанына байланысты. Бағдарламаның ұзақтығы мен тұтынылатын ресурстар
шығыны өзгереді.
3) Құрылғыға салынған ыдыс көп болмаса, бұл бағдарлама уақытты тамаша үнемдеп,
ыдыстың жақсы жуылуына көмектеседі.
4) Сынақ мекемелеріне арналған сынақ бағдарламасы. Сынақ деректерін ілеспе
кітапшадан қараңыз.
Пайдалану көлемі
Бағдарлама Ұзақтығы
(минут)
Қуат (кВт/с) Су (литр)
1
dB
200 - 220 1,1 - 1,3 10 - 11
2
45°-70° AUTO
90 - 160 0,9 - 1,7 8 - 17
3
INTENSIV PRO 70°
140 - 160 1,5 - 1,7 15 - 16
4
60° 30 MIN
30 0,9 9
5
50° ECO
150 - 160 1,0 - 1,1 10 - 11
6
55° 50 MIN
50 - 60 1,0 - 1,2 10 - 11
7
45° GLASS
65 - 75 0,8 - 0,9 12 - 13
8 14 0,1 4
Бұл мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының
ауытқуы және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
Жуу программалар
17
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ БАСТАУ
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ жуу бағдарламасын таңдап,
іске қосыңыз.
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
3. Жуу бағдарламасын таңдаңыз. 'Жуу бағдарламалары' тарауын
қараңыз.
Бейнебетте жуу бағдарламасының нөмірі пайда болады.
4. Қажет болса, бір немесе бірнеше функцияны таңдаңыз.
5. Құрылғы есігін жабыңыз. Жуу бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу бағдарламасын таңдап,
іске қосу
1. Құрылғыны іске қосыңыз да, жуу бағдарламасын таңдаңыз.
2. Бейнебетте кешіктіріп бастау функциясының қажетті мәні сағат
түрінде көрсетілгенше, кешіктіріп бастау функциясының түймешігін
қайта-қайта басыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
Кері санақ автоматты түрде басталады.
Кері санақ аяқталған кезде, жуу бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Құрылғы есігі ашылса, кері санақ кідіреді. Есікті жапқаннан кейін, кері
санақ тоқтаған жерінен бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасын кідірту
Құрылғы есігін ашыңыз.
Жуу бағдарламасы тоқтайды.
Құрылғы есігін жабыңыз.
Жуу бағдарламасы үзілген жерінен бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтату тәсілі
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп бастау функциясы басталмаса,
параметрді өзгертуіңізге болады.
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп бастау функциясы жұмыс істеп
тұрса, параметрді өзгерту мүмкін емес. Жаңа параметр таңдау үшін жуу
бағдарламасын немесе кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату
керек.
18
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау
Кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатсаңыз, таңдалған жуу
бағдарламасы да автоматты түрде тоқтайды. Жуу бағдарламасын қайта
таңдау қажет болады.
1. Бейнебетте екі көлденең сызық пайда болғанша болдырмау
түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
2. Жаңа жуу бағдарламасын бастар алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасының соңында
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Дыбыстық сигналдар естіледі.
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
Бейнебетте 0 көрсетіледі.
"Бағдарламаның соңы" индикаторы жанады.
2. Құрылғыны өшіріңіз.
3. Кұрғату нәтижесін жақсарту үшін есікті бірнеше минут ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін 10 минут өткен соң құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
Құрылғыны босату
Ыдыстарды құрылғыдан суытып алғаннан кейін бір-ақ алыңыз. Ыстық
ыдыс осал келеді.
Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін үстіңгі себеттегі ыдыстарды
алыңыз.
Құрылғының қабырғалары мен есігі су болып қалуы мүмкін. Тот
баспайтын болат, ыдыстарға қарағанда тез салқындайды.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сүзгілерді алу және тазалау
Қоқыс тұрған сүзгілер жуу нәтижесін төмендетеді. Бұл сүзгілер көп
күтімді талап етпесе де, оларды мезгіл-мезгіл тексеріп, қажет болса,
тазалап отыруды ұсынамыз.
1. (A) сүзгісін алу үшін оны сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап, (B)
сүзгісінен алыңыз.
A
B
Күту менен тазалау
19
2. (A) сүзгісі 2 бөліктен тұрады.
Сүзгіні ағытып алу үшін оларды
бір-бірінен ажыратыңыз.
3. Бөліктерін ағын сумен әбден
жуыңыз.
4. (A) сүзгісінің 2 бөлігін өзара
біріктіріңіз де, үстінен басыңыз.
Олардың бір-біріне дұрыс кірігіп
орналасқанына көз жеткізіңіз.
5. (B) сүзгісін алыңыз.
6. (B) сүзгісін ағын сумен әбден
жуыңыз.
7. (B) сүзгісін әдепкі орнына
қойыңыз. Сүзгінің екі
бағыттағыштың (C) астына
дұрыс кірігіп орналасқанына көз
жеткізіңіз.
8. (A) сүзгісін (B) сүзгісіндегі орнына
қойыңыз да, сағат тілінің
бағытымен бекігенше бұраңыз.
Бүріккіш түтіктерді тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса, қалған қалдықтарды жіңішке
шырпымен тазалаңыз.
Құрылғы корпусының сыртын тазалау
Құрылғы корпусының сыртын және басқару панелін дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек нейтрал тазалағыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөке немесе еріткіштерді (мысалы, ацетон)
пайдаланбаңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Құрылғы іске қосылмайды немесе жұмыс жасап тұрып тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз (кестеге қараңыз). Өзіңіз
түзете алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
C
20
Не істерсіңіз, егер...
/