SC 55W

Hilti SC 55W Инструкция по эксплуатации

  • Привет! Я чат-бот, ознакомленный с руководством по эксплуатации циркулярной пилы Hilti SC 55W. Я могу ответить на ваши вопросы о ее использовании, технических характеристиках, настройке и уходе. Руководство содержит информацию о безопасности, технических данных, процедурах резки, установке пильного диска, регулировке глубины и угла реза, а также устранении неисправностей. Задавайте свои вопросы!
  • Как заменить пильный диск?
    Как отрегулировать глубину реза?
    Как установить угол наклона?
SC 55W
en Original operating instructions . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1
da Original brugsanvisning . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
sv Originalbruksanvisning . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
no Original bruksanvisning . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34
fi Alkuperäiset ohjeet . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45
et Originaalkasutusjuhend . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 56
lv Oriģinālā lietošanas instrukcija . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 67
lt Originali naudojimo instrukcija . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 79
cs Originální návod k obsluze . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 91
sk Originálny návod na obsluhu . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 102
hu Eredeti használati utasítás . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 114
kk Түпнұсқа пайдалану бойынша нұсқаулық . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 126
tr Orijinal kullanım kılavuzu . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 138
ko 오리지널 사용 설명서 . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 150
Printed: 20.02.2019 | Doc-Nr: PUB / 5223375 / 000 / 03
126 Қазақ 2092690
*2092690*
1 Құжаттама бойынша деректер
1.1 Бұл құжаттама туралы
Импорттауыш және өндірушінің өкілетті ұйымы
(RU) Ресей Федерациясы
"Хилти Дистрибьюшн ЛТД" АҚ, 141402, Мәскеу облысы, Химки қ., Ленинградская көш., ғим. 25
(BY) Беларусь Республикасы
222750, Минск облысы, Дзержинский ауданы, Р-1, 18-ші км, 2 (Слободка ауылының жанында), 1-34
бөлімі
(KZ) Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы, индекс 050011, Алматы қ., Пугачев көш., 4-үй
(KG) Қырғыз Республикасы
"T AND T" ЖШҚ, 720021, Қырғызстан, Бішкек қ., Ибраимов көш., 29 А үйі
(AM) Армения Республикасы
Эйч-Кон ЖШҚ, Армения Республикасы, Ереван қ., Бабаян көш., 10/1 үйі
Өндірілген елі: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз.
Өндірілген күні: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз.
Тиісті сертификатты мына мекенжай бойынша табуға болады: www.hilti.ru
Сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттарына пайдалану бойынша нұсқаулықта белгіленгеннен
басқа арнайы талаптар қойылмайды.
Өнімнің қызмет ету мерзімі 5 жыл.
Іске қосу алдында осы құжаттаманы оқып шығыңыз. Бұл қауіпсіз жұмыс пен ақаусыз басқару үшін
алғышарт болып табылады.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықты әрдайым өнімде сақтаңыз және оны басқа тұлғаларға тек осы
нұсқаулықпен бірге тапсырыңыз.
1.2 Шартты белгілердің анықтамасы
1.2.1 Ескерту
Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауіптер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер
пайдаланылады:
ҚАУІПТІ
ҚАУІПТІ !
Ауыр жарақаттарға әкелетін немесе өмірге қауіп төндіретін тікелей қауіпті жағдайдың жалпы
белгіленуі.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ !
Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы
белгіленуі.
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ !
Жеңіл жарақаттарға немесе аспаптың зақымдалуына әкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың
жалпы белгіленуі.
1.2.2 Құжаттамадағы белгілер
Бұл құжаттамада төмендегі белгілер пайдаланылады:
Пайдалану алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты оқу қажет
Printed: 20.02.2019 | Doc-Nr: PUB / 5223375 / 000 / 03
*2092690*
2092690 Қазақ 127
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат
Қайта пайдалануға болатын материалдармен жұмыс істеу
Электр аспаптарды және аккумуляторларды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз
1.2.3 Суреттердегі белгілер
Суреттерде төмендегі белгілер қолданылады:
Бұл сандар осы нұсқаулықтың басындағы әр суретке сәйкес келеді
Нөмірлеу суреттегі жұмыс қадамдарының реттілігін білдіреді және мәтіндегі жұмыс
қадамдарынан өзгешеленуі мүмкін
Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты
белгілердің нөмірлеріне сілтейді
Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады.
1.3 Өнімге қатысты белгілер
1.3.1 Өнімдегі белгілер
Өнімде төмендегі белгілер пайдаланылады:
Сымсыз дерек тасымалы
Жүктемесіз номиналды айналу жиілігі
II қорғау класы (қос изоляция)
Ара төсемі
1.4 Өнім туралы ақпарат
өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті
қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік
техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта
қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Циркулярлық ара SC 55W
Буын 01
Сериялық нөмір
1.5 Сәйкестілік декларациясы
Біз осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы директивалар мен нормативтерге сәйкес
келетінін толық жауапкершілікпен жариялаймыз. Сәйкестілік декларациясының суреті осы
құжаттаманың соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Geräte | Hiltistraße 6 | 86916 Kaufering, DE
Printed: 20.02.2019 | Doc-Nr: PUB / 5223375 / 000 / 03
128 Қазақ 2092690
*2092690*
2 Қауіпсіздік
2.1 Электр құралдары үшін қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Бұл электр құралына арналған барлық қауіпсіздік нұсқауларын, нұсқауларды,
суреттерді және техникалық деректерді оқып шығыңыз. Төменде берілген нұсқауларды орындамау
электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы
үшін сақтаңыз.
Қауіпсіздік нұсқауларында қолданылатын «электр құралы» термині электр желісінен (желілік кабельмен)
және аккумулятордан (желілік кабельсіз) жұмыс істейтін электр құралын білдіреді.
Жұмыс орны
Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және
нашар жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылыс қаупі бар аймақта электр құралын
қолданбаңыз. Жұмыс кезінде электр құралдары ұшқындар шығады және ұшқындар шаңды немесе
буларды тұтандыруы мүмкін.
Балалардың және бөгде адамдардың жұмыс істеп тұрған электр құралына жақындауына
рұқсат етпеңіз. Жұмысқа көңіл бөлмегенде, электр құралын бақылау жоғалуы мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Электр құралдың байланыс ашасы электр желісінің розеткасына сай болуы керек. Айырдың
конструкциясын өзгертпеңіз. Қорғауыш жерге қосуы бар электр құралдарымен бірге өтпелі
айырларды қолданбаңыз. Түпнұсқа айырлар және оларға сай розеткалар электр тогының соғу
қаупін азайтады.
Жерге қосылған беттерге, мысалы, құбырларға, жылыту құралдарына, пештерге (плиталарға)
және тоңазытқыштарға тікелей тиюді болдырмаңыз. Жерге қосылған заттарға тигенде электр
тогының соғуының үлкен қаупі туындайды.
Электр құралдарды жаңбырдан немесе ылғал әсерінен сақтаңыз. Электр құралға су тиюі
нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
Байланыс сымын басқа мақсатта қолданбаңыз, мысалы, электр құралды тасымалдау, оны іліп
қою немесе электр желісінің розеткасынан айырды шығару үшін. Байланыс сымын жылу,
май, өткір жиектер немесе жылжымалы бөліктерден алшақ ұстаңыз. Байланыс сымының
зақымдалуы немесе қабаттасуы нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
Егер жұмыстар ашық ауада орындалса, тек бөлмелерден тыс қолдануға рұқсат етілген
ұзартқыш сымдарды пайдаланыңыз. Бөлмелерден тыс қолдануға жарамды ұзартқыш сымды
пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады.
Егер электр құралмен ылғалдылық жағдайларында жұмыс істеуді болдырмау мүмкін емес
болса, шығып кететін токтан қорғау автоматын қолданыңыз. Шығып кететін токтан қорғау
автоматын қолдану электр тогының соғу қаупін азайтады.
Адамдардың қауіпсіздігі
Ұқыпты болыңыз, әрекеттеріңізге көңіл бөліңіз және электр құралымен жұмыс істеуге дұрыс
қараңыз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь не дәрі қабылдаған соң электр құралын
қолданбаңыз. Электр құралын қолданған кездегі зейінсіздік ауыр жарақаттарға апарып соғуы
мүмкін.
Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз және әрқашан міндетті түрде қорғауыш көзілдірікті
киіңіз. Электр құралының түріне және пайдалану жағдайларына байланысты жеке қорғану
құралдарын, мысалы, шаңнан қорғайтынреспираторды, сырғымайтын аяқ киімді, қорғауыш шлемді,
естуді қорғау құралдарын қолдану жарақаттану қаупін азайтады.
Электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмаңыз. Электр қуатына қосу және/немесе
аккумуляторды қою, көтеру немесе тасымалдау алдында электр құралы өшірілгеніне көз
жеткізіңіз. Электр құралын тасымалдағанда саусақтар сөндіргіште болатын немесе қосылған
электр құралы желіге қосылатын жағдайлар сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Электр құралын қосу алдында реттеуші құрылғыларды және гайка кілтін алыңыз. Электр
құралының айналатын бөлігіндегі аспап немесе кілт жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Жұмыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға тұрмауға тырысыңыз. Үнемі тұрақты күйді және тепе-
теңдікті сақтаңыз. Бұл күтпеген жағдайларда электр құралын жақсырақ басқаруға мүмкіндік
береді.
Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді немесе әшекейлерді кимеңіз. Шашты, киімді және
қолғапты электр құралының айналатын түйіндерінен сақтаңыз. Бос киім, әшекейлер және ұзын
шаш оларға ілінуі мүмкін.
Printed: 20.02.2019 | Doc-Nr: PUB / 5223375 / 000 / 03
*2092690*
2092690 Қазақ 129
Егер шаңды жинау және кетіруге арналған құрылғыларды қосу қарастырылған болса, олар
қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз. Шаңды кетіру
модулін пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.
Өз мойныңызға қате қауіпсіздік сезімін алмаңыз және электр құралына арналған қауіпсіздік
ережелерін бұзбаңыз, тіпті электр құралын жиі қолданатын тәжірибелі пайдаланушы
болсаңыз. Мұқиятсыз қолдану бірнеше секундта ауыр жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
Электр құралын қолдану және оған қызмет көрсету
Аспапқа шамадан тыс жүктеме түсуін болдырмаңыз. Нақ осы жұмысқа арналған электр
құралын қолданыңыз. Бұл ережені сақтау көрсетілген қуат диапазонында жоғарырақ жұмыс
сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сөндіргіші бұзылған электр құралын қолданбаңыз. Қосу немесе өшіру қиын электр құралы
қауіпті және оны жөндеу керек.
Электр құралын реттеуге, саймандарды ауыстыруға кірісу алдында немесе жұмыстағы үзіліс
алдында розеткадан ашаны және/немесе электр құралынан алмалы-салмалы аккумуляторды
шығарыңыз. Бұл сақтық шарасы электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмайды.
Қолданылмайтын электр құралдарын балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Аспаппен таныс
емес немесе осы нұсқауларды оқып шықпаған адамдарға аспапты пайдалануға рұқсат
бермеңіз. Электр құралдары тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында қауіпті болады.
Электр құралдары мен керек-жарақтарға ұқыпты қараңыз. Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз
қызмет ететінін, олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын және электр
құралының жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Аспаптың
зақымдалған бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз. Электр құралына техникалық
қызмет көрсету ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады.
Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек. Жұмыс күйінде сақталатын
кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу.
Электр құралын, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б. нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын
ескеріңіз. Электр құралдарын басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Тұтқыштар мен тұтқыш беттерін таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз. Сырғанақ тұтқыштар мен
олардың беттері белгілі бір жағдайларда электр құралының қауіпсіз қолданылуы мен басқарылуына
жол бермейді.
Қызмет көрсету
Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.2 Барлық аралармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Аралау
ҚАУІПТІ: Қолдарды аралау орнынан және аралау төсемінен ары ұстаңыз. Екінші
қолыңызбен қосымша тұтқышты немесе мотор корпусын ұстаңыз. Егер араны екі қолмен
ұстасаңыз, аралау төсемі қолдарыңызды жарақаттауы мүмкін.
Өңделетін бұйымды астынан ұстап алмаңыз. Қорғауыш қалпақ бөлшек астында аралау төсемінен
қорғай алмайды.
Кесу тереңдігін бұйым қалыңдығына сай орнатыңыз. Бөлшек астында аралау төсемі бір тістен
көбірек шықпауы керек.
Аралап жатқан бөлшекті ешқашан қолда немесе аяқ үстінде ұстамаңыз. Бөлшек берік тіректе
жатуы керек. Денеге тию, аралау төсемінің сыналануы немесе бақылауды жоғалту қаупін барынша
азайту үшін бөлшекті бекіткен жөн.
Пайдаланылатын аспап жасырын ток сымдарынанемесеөз кабелінетиюімүмкінжұмыстарды
орындағанда, электр құралды изоляцияланған тұтқыштарынан ұстаңыз. Кернеу бар сымдарға
тию құрылғының металл бөліктерінде кернеу тудырады және электр тогының соғуына әкеледі.
Бойлай аралау кезінде әрқашан тіректі немесе түзу бағыттауыш жиекті қолданыңыз. Бұл кесу
дәлдігін жақсартады және аралау төсемінің сыналану мүмкіндігін азайтады.
Әрқашан дұрыс өлшемдері мен сәйкес бекіту тесігі (мысалы, жұлдызшалы немесе дөңгелек)
бар аралау төсемдерін пайдаланыңыз. Бекітулерге сай келмейтін аралау төсемдері біркелкі
айналмайды және аспапты бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін.
Аралау төсемдері немесе бұрандалар астына ешқашан зақымдалған немесе сай емес астына
салатын сақиналарды қолданбаңыз. Аралау төсемдері немесе бұрандалар астына салатын
Printed: 20.02.2019 | Doc-Nr: PUB / 5223375 / 000 / 03
130 Қазақ 2092690
*2092690*
сақиналар араңыз үшін арнайы жасалған және оларды қолдану ең жақсы нәтижеге және жұмыс
қауіпсіздігіне кепіл береді.
Кері соққы - себептері және тиiстi нұсқаулар
Кері соққы бұл ілінетін, сыналанатын немесе дұрыс емес тексерілген аралау төсемінің салдарынан
болатын күтпеген реакция; ол бақыланбайтын араның бөлшектен оператор бағытында шығуына
әкеледі;
егер аралау төсемі матасатын араланған жерде ілініп қалса немесе сыналанса, онда мотор күші
құрылғыны артқа оператор бағытында ұшырып шығарады;
егер араланған жерде аралау төсемі қисайса немесе дұрыс емес тексерілсе, онда араны артқы
жиегінің тістері бөлшек бетіне соқтығуы мүмкін. Бұл аралау төсемінің аралау орнына шығуына және
араның оператор бағытында кенет ұшып шығарылуына әкеледі.
Кері соққы араны дұрыс емес немесе қате қолданудың салдары болып табылады. Оны төменде
сипатталған тиісті сақтық шараларымен болдырмауға болады.
Араны екі қолмен берік ұстаңыз және бұл кезде қолдарды кері соққы күшіне қарсы тұра
алатындай орналастырыңыз. Әрқашан аралау төсемінен ары тұрыңыз, ешқашан аралау
төсемін денеңіздің осі бойынша жүргізбеңіз. Кері соққы кезінде ара артқа ыршуы мүмкін,
алайда тиісті шаралар қолданылса, оператор кері соққы күшіне қарсы тұра алады.
Аралау төсемі сыналанғанда немесе кесу басқа себеппен үзілсе, сөндіргішті жіберіңіз және
араны бөлшекте жай, аралау төсемі толық тоқтағанша ұстаңыз. Айналып жатқанда немесе
кері соққы пайда болуы мүмкін болса ешқашан аралау төсемін бөлшектен шығаруға, артқа
жіберуге тырыспаңыз. Аралау төсемінің сыналану себебін табыңыз және сәйкес шаралармен
кетіріңіз.
Бөлшекте тұрып қалған араны қайта қосқыңыз келсе, алдымен аралау орнында аралау
төсемін ортаға келтіріңіз және төсем тістерінің еркіндігін тексеріңіз. Сыналанған аралау төсемі
араны қайта қосқанда бөлшектен шығуы немесе кері соққы тудыруы мүмкін.
Аралау төсемі сыналанғанда кері соққы қаупін азайту үшін үлкен тақталар тіректерде жатуы
керек. Үлкен тақталар өз салмағынан майысуы мүмкін. Тақталар тіректерде екі жақта да, аралау
орнының жанында да, жиекте де жатуы керек.
Өтпес немесе зақымдалған аралау төсемдерін пайдаланбаңыз. Өтпес немесе дұрыс емес
тексерілген тістері бар аралау төсемдері өте тар аралаудың нәтижесінде артық үйкелуге, аралау
төсемінің сыналануына және кері соққыға әкеледі.
Аралау алдында аралау тереңдігін және бұрышын реттеу қысқыштарын бекемдеңіз. Егер
аралау кезінде параметрлер өзгерсе ара полотносы қысылып кері соғу пайда болуы мүмкін.
Қабырғаларда немесе басқа көру мүмкін емес аймақтарда алалауды орындау кезінде әсіресе
сақ болыңыз. Бататын аралау төсемі аралау кезінде жасырын нысанда бұғатталуы және кері соққы
тудыруы мүмкін.
Төменгі қорғауыш қалпақ жұмыс істеуі
Әр пайдаланудан алдын төменгі қорғауыш қалпақ кедергісіз жабылуын тексеріңіз.
Төменгі қорғауыш қалпақтың қозғалысы шектелсе және ол бір рет те ашылмаса, араны
пайдаланбаңыз. Ешқашан төменгі қорғауыш қақпақты ашық күйінде сыналамаңыз және
байламаңыз. Егер ара кездейсоқ еденге құласа, онда төменгі қорғауыш қақпақ майысуы мүмкін.
Қорғауыш қаптаманы тұтқыш көмегімен ашып, оның еркін қозғалатынына және аралау төсемі
басқа бөліктерге барлық аралау бұрыштарында және кез келген аралау тереңдігінде тимейтініне
көз жеткізіңіз.
Төменгі қорғауыш қалпақтың серіппе қызметін тексеріңіз. Төменгі қорғауыш қалпақ және
серіппе дұрыс қызмет етпесе, электр құралды жұмысты бастау алдында техникалық қызмет
көрсету қызметіне беріңіз. Зақымдалған бөліктер, жабысатын қалдықтар немесе жоңқаның
жиналуы төменгі қорғауыш қалпақтың баяу іске қосылуының себебі болып табылады.
Төменгі қорғауыш қалпақты тек «батыру» немесе «бұрыштық кесу» сияқты арнайы
кесулерде ғана қолмен ашыңыз. Төменгі қорғауыш қалпақты тұтқыш көмегімен ашып, төсем
дайындамаға бата сала жіберіңіз. Барлық басқа жұмыстар кезінде төменгі қорғауыш қалпақ
автоматты түрде жұмыс істеуі керек.
Алдын ала аралау төсемін қорғауыш қалпақпен жаппай араны верстакқа немесе еденге
қоймаңыз. Қорғалмаған аралау төсемі шыққан кезде араны кесу бағытына қарсы қозғалтады және
жолында тұрғанның барлығын аралайды. Бұл кезде араның шығу ұзақтығын ескеріңіз.
Printed: 20.02.2019 | Doc-Nr: PUB / 5223375 / 000 / 03
*2092690*
2092690 Қазақ 131
2.3 Циркулярлық арамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша
нұсқаулар
Дайындамаға тек қосылған күйдегі қолмен басқарылатын циркулярлық араны бағыттаңыз.
Аралау сызығының үстінде және астында бөгде заттар болмауы керек. Бұрандалар, шегелер
және т.б. бұйымдардың үстінен аралауға тыйым салынады.
Циркулярлық араны ешқашан басыңыздың үстінен ұстап жұмыс істемеңіз.
Ара төсемін ешқашан бүйірінен қарсы қысу арқылы тежемеңіз.
Ара тістері ұштарының қызып кетуіне жол бермеңіз.
Пластикті аралаған кезде, оның балқып кетуіне жол бермеңіз.
Кесілетін бет үшін әрдайым тиісті ара төсемін пайдаланыңыз.
Тек қана EN 847-1 стандартына сәйкес келетін, Hilti компаниясы ұсынған ара төсемдерін
қолданыңыз.
3 Сипаттама
3.1 Өнімге шолу 1
@
Параллель бағыттауыш, бір иінді
;
Кесік бұрышын алдын ала реттеу
=
Шпиндельді бұғаттау түймесі
%
Қосымша тұтқыш
&
Негізгі сөндіргіш
(
Қосылу блокираторы
)
Тұтқыш
+
Желілік кабель
§
Кесік тереңдігін шектегіштің бекіткіші
/
Ішкі алты қырлы гайка кілті
:
Тірек тақтасы, шағын
Жарық диодты шам
$
Параллель бағыттауышқа арналған
қысқыш тұтқышы, алдыңғы
£
Кесік бұрышын реттеуге арналған қысқыш
иінтірек
|
Кесік тереңдігінің шкаласы
¡
Байланыс келте құбыры (шаңсорғыш)
Q
Қорғауыш қаптама
W
Араның қайырмалы қоршауының тұтқышы
E
Параллель бағыттауышқа арналған
қысқыш тұтқышы, артқы (тек үлкен тірек
тақтасына арналған)
R
Араның қайырмалы қоршауы
T
Қозғалғыш шпиндель
Z
Айналу бағытының көрсеткіші
U
Параллель бағыттауыш, екі иінді
I
кесік белгісі
O
45° кесік белгісі
P
Кесік бұрышының шкаласы
Ü
Тірек тақтасы, үлкен
[
Қыспа бұранда
]
Қыспа фланец
Æ
Бекіткіш фланец
º
Ойық белгісі тірек тақтасы
~
Ойық белгісі - 50° тірек тақтасы
Printed: 20.02.2019 | Doc-Nr: PUB / 5223375 / 000 / 03
132 Қазақ 2092690
*2092690*
3.2 Бағыттауыш планканың жалғастырғыш тетігіне шолу 2
A
Артқы тоқтатқыш жалғастырғыш
S
Алдыңғы траверса
D
Ойық белгісі
F
Ойық белгісі - 50°
3.3 Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім циркулярлық ара болып табылады. Ол кесік тереңдігі 55 мм-ге дейін болатын ағаш пен
ағаш тәрізді дайындамалар, пластик, гипскартон, гипс талшықты тақталар мен композиттік материалды
аралау жұмыстарына және 50° шамасына дейінгі бұрыштарда қиғаш кесіктер жасауға арналған.
3.3.1 Ықтимал қате қолдану
Техникалық сипаттамалардағы мәліметтерге сәйкес келмейтін ара төсемдері, жылдам кесетін
болаттан (HSS болатынан) жасалған кескіш шарықтар, ажарлауыш шарықтар мен ара төсемдері
пайдаланылмауы тиіс. Металдарды аралауға болмайды.
3.4 Жеткізілім жинағы
Циркулярлық ара, ара төсемі, ішкі алты қырлы гайка кілті, қатарлас тірек, пайдалану бойынша
нұсқаулық.
Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен шығын
материалдарын қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен
өнімге арналған керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді:
www.hilti.group
4 Техникалық сипаттамалар
4.1 Техникалық сипаттамалар
Номиналды кернеу, номиналды ток, жиілік және номиналды тұтынылатын қуат туралы ақпарат
елге тән фирмалық тақтайшада берілген.
Генераторда немесе трансформаторда жұмыс істеген кезде, осы шығыс қуат құрылғының фирмалық
тақтайшасында көрсетілген номиналды тұтынылатын қуаттан кем дегенде екі есе жоғары болуы керек.
Трансформатор немесе генератордың басқару кернеуі әрдайым аспаптың номиналды тұтынылатын
қуатының +5% және -15% аралығында болуы керек.
Салмағы, шағын тірек тақтасы
4,5 кг
Салмағы, үлкен тірек тақтасы
4,7 кг
Ара төсемінің диаметрі
160 мм 165 мм
Ара төсемінің қалыңдығы
1,1 мм 1,5 мм
Ара төсемінің отырғызу саңылауы
20 мм
бұрыштағы кесік тереңдігі
0 мм 55 мм
45° бұрыштағы кесік тереңдігі
0 мм 41 мм
50° бұрыштағы кесік тереңдігі
0 мм 37 мм
Жүктемесіз айналу жиілігі
5500 А/мин
4.2 EN 62841 стандарты бойынша шуыл туралы ақпарат және діріл мәні
Осы нұсқауларда көрсетілген дыбыс қысымы мен діріл деңгейі стандартты өлшеу әдісімен өлшенген
және оны басқа электр құралдарымен салыстыру үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге, ол
экспозицияны алдын ала бағалау үшін жарайды.
Берілген деректер электр құралының негізгі жұмысын көрсетеді. Алайда, егер электр құралы басқа
мақсаттарда, басқа жұмыс аспаптарымен қолданылса немесе оған қанағаттандырмайтын техникалық
қызмет көрсетілсе, деректер өзгеше болуы мүмкін. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу
кезеңінде экспозиция айтарлықтай артуы мүмкін.
Printed: 20.02.2019 | Doc-Nr: PUB / 5223375 / 000 / 03
*2092690*
2092690 Қазақ 133
Экспозицияны дәл анықтау үшін аспап сөндірілген күйде немесе бос жұмыс істейтін уақыт аралықтарын
да ескеру керек. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай
азаюы мүмкін.
Пайдаланушыны пайда болатын шуылдан және/немесе дірілден қорғау үшін қосымша сақтық
шараларын қолданыңыз, мысалы: электр аспабына және жұмыс аспаптарына техникалық қызмет
көрсету, қолдардың жылуын сақтау, жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыру.
Шуыл туралы ақпарат
Дыбыс күшінің деңгейі (L
WA
)
101 дБ(А)
Дыбыс қысымының деңгейі (L
pA
)
90 дБ(А)
Дәлсіздік
3 дБ(А)
Діріл туралы ақпарат
230 В 110 В
Ағашты аралау кезіндегі үш осьтік діріл мәні (a
h
)
1,77 м/с²
(5,81 фут/с²)
2,12 м/с²
(6,96 фут/с²)
Дәлсіздік (К)
1,5 м/с² 1,5 м/с²
5 Қызмет көрсету
5.1 Ара төсемін бөлшектеу 3
ЕСКЕРТУ
Өрт қаупі Ыстық құрал, қыспа фланец не қыспа болттан және өткір ара төсемінің жиектерінен болатын
қауіп.
Ауыстырылатын аспапты ауыстырғанда қорғауыш қолғаптарды қолданыңыз.
1. Желілік кабель ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Бүйірлік алты қырлы кілтті ара төсеміне арналған бекіту бұрандасына енгізіңіз.
3. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
4. Бүйірлік алты қырлы гайка кілтінің көмегімен ара төсемінің қыспа бұрандасын шпиндельді бұғаттау
түймесі толығымен тірелмегенше бұрап босатыңыз.
5. Ішкі алты қырлы кілтті айналу көрсеткісінің бағытымен айналдырып тартпа болтты бұрап алыңыз.
6. Қыспа бұранда мен сыртқы қыспа фланецті алып тастаңыз.
7. Араның қайырмалы қоршауын ашып, төсемді шығарыңыз.
Қажет болса, қыспа фланецті тазалау үшін алып тастауға болады.
5.2 Ара төсемін орнату 4
АБАЙЛАҢЫЗ
Зақымдалу қаупі. Жарамсыз немесе қате орнатылған ара төсемдері араға зақым келтіруі мүмкін.
Тек осы араға арналған төсемдерді қолданыңыз. Міндетті түрде ара төсеміндегі айналу бағыты
көрсеткісіне назар аударыңыз.
Өнімде көрсетілген жылдамдықтан кем болмайтын, рұқсат етілген жылдамдықтағы ара төсемін
пайдаланыңыз.
1. Желілік кабель ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Бекіткіш фланецті және қыспа фланецті тазалаңыз.
3. ҚЫспа фланецті дұрыс бағдармен кигізіңіз.
4. Қайырмалы қоршауды ашыңыз.
5. Жаңа төсемді орнатыңыз.
6. Сыртқы бекіту фланецін дұрыс бағдармен кигізіңіз.
7. Тартпа болтты салыңыз.
8. Ішкі алты қырлы кілтті ара төсеміне арналған тартпа болтқа енгізіңіз.
9. Қыспа фланецті қыспа бұранданы сағат тілінің бағытымен бұрау арқылы бекітіңіз. Бұл ретте
шпиндельді бұғаттау түймесін бір қолмен басып тұрыңыз.
Printed: 20.02.2019 | Doc-Nr: PUB / 5223375 / 000 / 03
134 Қазақ 2092690
*2092690*
10. Қолданысқа енгізу алдында ара төсемінің берік және дұрыс отырғанын тексеріңіз.
5.3 Кесік тереңдігін орнату 5
1. Желілік кабель ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Кесік тереңдігін реттеуге арналған қысқыш иінтіректі босатыңыз.
3. Циркулярлық араны қысқаш тәрізді қозғалысқа көтеріп, кесік тереңдігін орнатыңыз.
Кесік тереңдігі кесік тереңдіктерінің шкаласында көрсетіледі.
Кесік жиегі таза болуы үшін, кесік тереңдігі 2 мм қосылған материал қалыңдығына сәйкес
болуы керек.
4. Кесік тереңдігін орнату үшін қысқыш иінтіректі бекітіңіз.
5.4 Кесік бұрышын орнату 6
1. Желілік кабель ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Кесік бұрышын реттеуге арналған қысқыш иінтіректі босатыңыз.
3. Тірек тақтасын қалаулы кесік бұрышына бұраңыз.
Кесік бұрышы кесік бұрыштарының шкаласында көрсетіледі.
4. Кесік бұрышын реттеуге арналған қысқыш иінтіректі бекітіңіз.
5.5 Сызат индикаторы
Циркулярлық араның алдыңғы тірек тақтасында тік кесіктерге және қиғаш кесіктерге арналған сызат
индикаторы (0° және 45°) орналасқан. Осылайша таңдалған кесік бұрышына қарай дәлме-дәл кесуді
орындау мүмкін болады. Сызат жиегі ара төсемінің ішкі жағына сай келеді. Сызат индикаторы ара
төсеміне арналған алдыңғы ойықта орналасқан.
5.5.1 Сызат бойынша аралау 7
Дайындама берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Дайындаманы дайындаманың астында ештеңе болмайтындай етіп орнатыңыз.
Өнімнің негізгі сөндіргіші өшірулі екендігіне көз жеткізіңіз.
Циркулярлық араның тірек тақтасын ара төсемі дайындамаға тимейтіндей етіп дайындамаға
орнатыңыз.
1. Циркулярлық араны қосыңыз.
2. Циркулярлық араны сызат бойымен дайындама арқылы белгіленген жылдамдықпен жүргізіңіз.
5.6 Қатарлас тірекпен аралау 8
Қатарлас тірек көмегімен дайындама бойымен дәл кесу, сондай-ақ, бірдей кесектерге кесу мүмкін
болады. Қатарлас тіректі тірек тақтасының екі жағына орнатуға болады.
Екі тұтқалы параллель бағыттауышты тек үлкен тірек тақтамен пайдалануға болады.
Параллель бағыттауышты орнатқан кезде дұрыс бағдарды тексеріңіз.
5.7 Бағыттауыш планкамен аралау.
Бағыттауыш планкамен аралаған кезде кері соққының пайда болу мүмкіндігі азаяды.
5.7.1 Циркулярлық араны бағыттауыш планканың жалғастырғыш тетігіне енгізу / шығару 9
Шағын тірек тақтасы бар араны қолданғанда, бағыттауыш планкаға сәйкес келетін бағыттауыш
планканың жалғастырғыш тетігін пайдаланыңыз.
1. Орнатылған болуы мүмкін қатарлас тіректі алыңыз.
2. Тірек тақтасын бағыттауыш планка жалғастырғыш тетігінің артқы траверсасына кіргізіңіз.
3. Тірек тақтасын алдында бағыттауыш планканың жалғастырғыш тетігіне толығымен салыңыз. Тірек
тақтасы алдыңғы траверсаға шерту дыбысымен бекітілуі керек.
4. Шығарып алу үшін, алдыңғы траверсаны аздап алға тартыңыз да, циркулярлық араны бағыттауыш
планканың жалғастырғыш тетігінен шығарыңыз.
Printed: 20.02.2019 | Doc-Nr: PUB / 5223375 / 000 / 03
*2092690*
2092690 Қазақ 135
5.7.2 бұрыштағы көлденең кесіктер 10
Дөңгелек араны "0°" деп белгіленген ойық белгісінің көмегімен бағыттауыш планканың көлденең
қырына қойыңыз.
5.7.3 50° шамасына дейінгі бұрыштардағы көлденең кесіктер 11
АБАЙЛАҢЫЗ
Зақымдалу қаупі. Қате ойыққа орналастырған жағдайда, ара төсемі мен бағыттауыш планка
соқтығысуы мүмкін.
Араны дұрыс ойыққа орналастырыңыз.
Араны "1°-50°" деп белгіленген ойық белгісінің көмегімен бағыттауыш планканың көлденең қырына
қойыңыз.
5.7.4 Бағыттауыш планкамен аралау 12
1. Бағыттауыш планканы астынан екі струбцинамен берік бекітіңіз.
2. Дөңгелек араны бағыттауыш планканы орнату аймағына қойыңыз. 20°-50° бұрышында бойынан
аралау үшін қапсырманы қолмен ашыңыз.
Циркулярлық араны дайындама артындағы бағыттауыш планкаға орнату керек.
Аралау дискісінің дайындамаға тимеуін қадағалаңыз.
3. Циркулярлық араны қосыңыз.
4. Циркулярлық араны дайындаманың үстіне біркелкі жылжытыңыз.
Қайырмалы қоршау кесу бұрышы 0°-20° шамасынан төмен болғанда, босатқыш жиегіне тигенде
ашылады.
Ол бағыттауыш планканың шетіне шыққан кезде қайта жабылады.
5.8 Жоңқа сорғышпен және сорғышсыз аралау
Циркулярлық ара диаметрі 27 мм құрайтын қолданыстағы сорғыш шлангілерге арналған байланыс
келте құбырымен жабдықталған. Шаңсорғыш шлангісін циркулярлық арамен біріктіру үшін сәйкес
адаптер керек болмайды.
Мүмкін болса, әрдайым ағаш немесе ағаш пен минералдарға арналған жылжымалы шаң жинағышты
пайдаланыңыз.
Жоңқа сорғышсыз жұмыс істеген кезде бұрау арқылы лақтыру бағытын жоңқа сізден ары кетірілетіндей
етіп таңдаңыз.
P2 сүзу класындағы респираторды ғана пайдаланыңыз және шаң жүктемесін барынша төмен
деңгейде сақтау үшін әрдайым жеткілікті ауа алмасуын қамтамасыз етіңіз.
6 Күту және техникалық қызмет көрсету
6.1 Күту және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны
әрдайым тартып шығарыңыз!
Аспапты күту
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Желдету ойықтарын құрғақ щеткамен жайлап тазалаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Printed: 20.02.2019 | Doc-Nr: PUB / 5223375 / 000 / 03
136 Қазақ 2092690
*2092690*
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
Барлық көзге көрінетін бөлшектердезақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерініңақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti
қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды
қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған
керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group.
6.2 Күту және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін бақылау
Аспапты күтіп, техникалық қызмет көрсеткеннен кейін барлық сақтандырғыштар орнатылғанына
және дұрыс қызмет ететініне көз жеткізіңіз.
Қайырмалы қаптаманы басқару үшін, оны басқару тұтқышына тиіп толық ашыңыз.
Басқару тұтқышын жіберген соң қайырмалы қаптаманы жылдам және толықтай жауып қойыңыз.
6.3 Жоңқаға арналған арнаны тазалау
Қажет болса, тазалау кезінде ара төсемін алып тастау керек.
1. Желілік кабель ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Ара төсемін бөлшектеп алыңыз. Бет 133
3. Жоңқаны шығаруға арналған арнаны тазалаңыз.
4. Ара төсемін орнатыңыз. Бет 133
5. Қозғалатын бөліктердің мүлтіксіз қызмет ететінін, олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің
тұтастығын және электр құралдың қызмет етуіне теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқ екенін
тексеріңіз.
6.4 Қорғауыш қаптаманы тазалау
1. Ара төсемін бөлшектеп алыңыз. Бет 133
2. Қорғауыш қаптаманы жайлап құрғақ щеткамен тазалаңыз.
3. Қорғауыш қаптаманың ішіндегі шөгінділер мен жоңқаны арнайы құралмен жойыңыз.
4. Ара төсемін орнатыңыз. Бет 133
7 Ақаулықтарды жою
Ақаулық Ықтимал себеп Шешім
Аспап толық қуатпен жұмыс
істемейді.
Ұзартқыш кабель тым ұзын
немесе қимасы жеткіліксіз.
Ұзындығы ұйғарынды
және/немесе қимасы
жеткілікті ұзартқыш кабельді
қолданыңыз.
Қамтудың кернеуі тым төмен. Аспапты басқа қуат көзіне
жалғаңыз.
Аспап жұмыс істемейді. Электр жабдықтау ажыратылды. Басқа электр құралды жалғап,
жұмысын тексеріңіз.
Printed: 20.02.2019 | Doc-Nr: PUB / 5223375 / 000 / 03
*2092690*
2092690 Қазақ 137
Ақаулық Ықтимал себеп Шешім
Аспап жұмыс істемейді. Желілік кабель немесе аша
жұмыс істемейді.
Желілік кабель не ашаны
тексеру үшін электрші
маманға барыңыз және
қажет болса, Hilti қызмет
көрсету орталығына апарып,
ауыстырыңыз.
Сөндіргіш ақаулы. Өнімді Hilti қызмет көрсету
орталығында жөндеңіз.
Көмір қылшақтары тозған. Өнімді Hilti қызмет көрсету
орталығында жөндеңіз.
Сору қуаты жоқ немесе
төмендетілген.
Жоңқаны шығаруға арналған
арна бітелген.
Жоңқаны шығаруға арналған
арнаны тазалаңыз. Бет 136
Қайырмалы қоршау
жабылмайды.
Сақтандырғыш бітелген. Қорғауыш қаптаманы
тазалаңыз. Бет 136
Құрылғы әдеттегіден тыс
дірілдейді.
Ара төсемі дұрыс орнатылмаған. Ара төсемін бөлшектеп
алып, қайтадан дұрыстап
орнатыңыз.
8 Кәдеге жарату
Hilti аспаптары қайта өңдеу үшін жарамды көптеген материалдардың санын қамтиды. Кәдеге жарату
алдында материалдарды мұқият сұрыптау керек. Көптеген елдерде Hilti компаниясы ескі аспабыңызды
қайта өңдеу үшін қайта қабылдайды. Hilti қызмет көрсету орталығынан немесе дилеріңізден сұраңыз.
Электр құралдарды, электрондық құрылғылар мен аккумуляторларды тұрмыстық қоқыспен
бірге тастамаңыз!
9 RoHS (зиянды заттектердің пайдаланылуын шектеу директивасы)
Төмендегі сілтеме бойынша зиянды заттектердің кестесі келтірілген: qr.hilti.com/r2937786.
RoHS кестесінің сілтемесі осы құжаттаманың соңында QR коды ретінде берілген.
10 Өндіруші кепілдігі
Кепілдік шарттары туралы сұрақтарыңыз болса, жергілікті Hilti серіктесіне хабарласыңыз.
Printed: 20.02.2019 | Doc-Nr: PUB / 5223375 / 000 / 03
/