Қауіпсіздік техникасы бойынша
барлық нұсқауларды және нұсқауларды
келесі пайдаланушы үшін сақтаңыз.
5.1.1 Жұмыс орны
Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті
қадағалаңыз.
Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар
жарылыс қаупі бар аймақта электр құралды
қолданбаңыз.
Балалардың және бөгде адамдардың жұмыс
істеп тұрған электр құралға жақындауына
рұқсат етпеңіз.
5.1.2 Электр қауіпсіздігі
Электр құралдың біріктіруші айыры электр
желісінің розеткасына сай болуы керек.
Айырдың конструкциясын өзгертпеңіз. Қор-
ғауыш жерге қосуы бар электр аспаптарымен
бірге өтпелі айырларды қолданбаңыз.
Жерге қосылған беттерге, мысалы,
құбырларға, жылыту құралдарына, пештерге
(плиталарға) және тоңазытқыштарға, тікелей
тиюді болдырмаңыз.
Электр құралдарды жаңбырдан немесе ылғал
әсерінен сақтаңыз.
Кабельді басқа мақсатта қолданбаңыз,
мысалы, электр құралды тасымалдау,
оны іліп қою немесе электр желісінің
розеткасынан айырды шығару үшін. Кабельді
жоғары температуралардың, майдың,
үшкір жиектердің немесе электр құралдың
айналатын түйіндерінің әсерлерінен қорғаңыз.
Егер жұмыстар ашық ауада орындалса,
тек бөлмелерден тыс қолдануға рұқсат
етілген ұзартқыш кабельдерді пайдаланыңыз.
Егер электр құралмен ылғалдылық
жағдайларында жұмыс істеуді болдырмау
мүмкін емес болса, шығып кететін токтан
қорғау автоматын қолданыңыз.
5.1.3 Адамдардың қауіпсіздігі
Ұқыпты болыңыз, әрекеттеріңізге көңіл бөліңіз
және электр құралмен жұмыс істеуге дұрыс
қараңыз. Шаршасаңыз немесе есірткілер,
алкоголь немесе дәрі-дәрмек әсерінің астында
болсаңыз, электр құралды пайдаланбаңыз.
Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз
және әрқашан міндетті түрде қорғауыш
көзілдірікті киіңіз.
Электр құралының кездейсоқ қосылуын
болдырмаңыз. Электр қуатына қосу
және/немесе аккумуляторды қою, көтеру
немесе тасымалдау алдында электр құрал
өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
Электр құралды қосу алдында реттеуші
құрылғыларды және гайка кілтін алыңыз.
Жұмыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға
тұрмауға тырысыңыз. Үнемі тұрақты күйді
және тепе-теңдікті сақтаңыз.
Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді немесе
әшекейлерді кимеңіз. Шашты, киімді және
қолғапты электр құралдың айналатын
түйіндерінен сақтаңыз.
Егер шаңды жинау және кетіруге арналған
құрылғыларды қосу қарастырылған болса,
олар қосылғанына және мақсаты бойынша
қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз.
5.1.4 Электр құралды қолдану және оған қызмет
көрсету
Электр құралға шамадан тыс жүктеме түсуін
болдырмаңыз. Дәл осы жұмысқа арналған
электр құралды қолданыңыз.
Сөндіргіші бұзылған электр құралын
қолданбаңыз.
Электр құралды реттеуге, саймандарды
ауыстыруға кірісу алдында немесе жұмыстағы
үзіліс алдында розеткадан айырды
және/немесе электр құралдан аккумуляторды
Printed: 12.03.2014 | Doc-Nr: PUB / 5143299 / 000 / 01