Hilti WSC 85 Инструкция по эксплуатации

  • Здравствуйте! Я ознакомился с руководством по эксплуатации циркулярной пилы Hilti WSC 85 и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве подробно описаны технические характеристики, правила безопасности, процедуры установки и обслуживания пилы. Спрашивайте!
  • Какова максимальная глубина реза?
    Как подключить пылесос к пиле?
    Что делать при заклинивании пильного диска?
WSC 85
de Original-Bedienungsanleitung . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1
en Original operating instructions . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
nl Originele handleiding . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
fr Notice d'utilisation originale . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34
es Manual de instrucciones original . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 46
pt Manual de instruções original . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 58
it Manuale d'istruzioni originale . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 69
da Original brugsanvisning . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 80
sv Originalbruksanvisning . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 91
fi Alkuperäiset ohjeet . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 102
pl Oryginalna instrukcja obsługi . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 113
cs Originální návod k obsluze . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 125
kk Түпнұсқа пайдалану бойынша нұсқаулық . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 136
el Μετάφραση οδηγιών χρήσης από το πρωτότυπο . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 148
ar . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 159
136 Қазақ 314714
*314714*
1 Құжаттама бойынша деректер
1.1 Бұл құжаттама туралы
Импорттауыш және өндірушінің өкілетті ұйымы
(RU) Ресей Федерациясы
"Хилти Дистрибьюшн ЛТД" АҚ, 141402, Мәскеу облысы, Химки қ., Ленинградская көш., ғим. 25
(BY) Беларусь Республикасы
222750, Минск облысы, Дзержинский ауданы, Р-1, 18-ші км, 2 (Слободка ауылының жанында), 1-34
бөлімі
(KZ) Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы, индекс 050011, Алматы қ., Пугачев көш., 4-үй
(KG) Қырғыз Республикасы
"T AND T" ЖШҚ, 720021, Қырғызстан, Бішкек қ., Ибраимов көш., 29 А үйі
(AM) Армения Республикасы
Эйч-Кон ЖШҚ, Армения Республикасы, Ереван қ., Бабаян көш., 10/1 үйі
Өндірілген елі: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз.
Өндірілген күні: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз.
Тиісті сертификатты мына мекенжай бойынша табуға болады: www.hilti.ru
Сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттарына пайдалану бойынша нұсқаулықта белгіленгеннен
басқа арнайы талаптар қойылмайды.
Өнімнің қызмет ету мерзімі 5 жыл.
Іске қосу алдында осы құжаттаманы оқып шығыңыз. Бұл қауіпсіз жұмыс пен ақаусыз басқару үшін
алғышарт болып табылады.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықты әрдайым өнімде сақтаңыз және оны басқа тұлғаларға тек осы
нұсқаулықпен бірге тапсырыңыз.
1.2 Шартты белгілердің анықтамасы
1.2.1 Ескерту
Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауіптер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер
пайдаланылады:
ҚАУІПТІ
ҚАУІПТІ !
Ауыр жарақаттарға әкелетін немесе өмірге қауіп төндіретін тікелей қауіпті жағдайдың жалпы
белгіленуі.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ !
Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы
белгіленуі.
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ !
Жеңіл жарақаттарға немесе аспаптың зақымдалуына әкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың
жалпы белгіленуі.
1.2.2 Құжаттамадағы белгілер
Бұл құжаттамада төмендегі белгілер пайдаланылады:
Пайдалану алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты оқу қажет
*314714*
314714 Қазақ 137
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат
Қайта пайдалануға болатын материалдармен жұмыс істеу
Электр аспаптарды және аккумуляторларды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз
1.2.3 Суреттердегі белгілер
Суреттерде төмендегі белгілер қолданылады:
Бұл сандар осы нұсқаулықтың басындағы әр суретке сәйкес келеді
Нөмірлеу суреттегі жұмыс қадамдарының реттілігін білдіреді және мәтіндегі жұмыс
қадамдарынан өзгешеленуі мүмкін
Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты
белгілердің нөмірлеріне сілтейді
Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады.
1.3 Өнімге қатысты белгілер
1.3.1 Таңбалар
Өнімде төмендегі белгілер пайдаланылуы мүмкін:
Жүктемесіз номиналды айналу жиілігі
Айнымалы ток
Айналым/минут
Айналым/минут
Диаметр
Құрылғы iOS және Android платформаларымен үйлесімді NFC технологиясын қолдайды.
II қорғау класы (қос изоляция)
1.4 Өнім туралы ақпарат
өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті
қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік
техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта
қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Түрі: WSC 85
Буын: 01
Сериялық нөмір:
1.5 Сәйкестілік декларациясы
Біз осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы директивалар мен нормативтерге сәйкес
келетінін толық жауапкершілікпен жариялаймыз. Сәйкестілік декларациясының суреті осы
құжаттаманың соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
138 Қазақ 314714
*314714*
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Geräte | Hiltistraße 6 | 86916 Kaufering, DE
2 Қауіпсіздік
2.1 Электр құралдары үшін қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Бұл электр құралына арналған барлық қауіпсіздік нұсқауларын, нұсқауларды,
суреттердіжәнетехникалықдеректердіоқып шығыңыз. Төменде берілген нұсқаулардыорындамау
электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы
үшін сақтаңыз.
Қауіпсіздікнұсқауларындақолданылатын«электрқұралы»термині электр желісінен (желілік кабельмен)
және аккумулятордан (желілік кабельсіз) жұмыс істейтін электр құралын білдіреді.
Жұмыс орны
Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және
нашар жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылыс қаупі бар аймақта электр құралын
қолданбаңыз. Жұмыс кезінде электр құралдары ұшқындар шығады және ұшқындар шаңды немесе
буларды тұтандыруы мүмкін.
Балалардың және бөгде адамдардың жұмыс істеп тұрған электр құралына жақындауына
рұқсат етпеңіз. Жұмысқа көңіл бөлмегенде, электр құралын бақылау жоғалуы мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Электр құралдың байланыс ашасы электр желісінің розеткасына сай болуы керек. Айырдың
конструкциясын өзгертпеңіз. Қорғауыш жерге қосуы бар электр құралдарымен бірге өтпелі
айырларды қолданбаңыз. Түпнұсқа айырлар және оларға сай розеткалар электр тогының соғу
қаупін азайтады.
Жерге қосылған беттерге, мысалы, құбырларға, жылыту құралдарына, пештерге (плиталарға)
және тоңазытқыштарға тікелей тиюді болдырмаңыз. Жерге қосылған заттарға тигенде электр
тогының соғуының үлкен қаупі туындайды.
Электр құралдарды жаңбырдан немесе ылғал әсерінен сақтаңыз. Электр құралға су тиюі
нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
Байланыс сымын басқа мақсатта қолданбаңыз, мысалы, электр құралды тасымалдау, оны іліп
қою немесе электр желісінің розеткасынан айырды шығару үшін. Байланыс сымын жылу,
май, өткір жиектер немесе жылжымалы бөліктерден алшақ ұстаңыз. Байланыс сымының
зақымдалуы немесе қабаттасуы нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
Егер жұмыстар ашық ауада орындалса, тек бөлмелерден тыс қолдануға рұқсат етілген
ұзартқыш сымдарды пайдаланыңыз. Бөлмелерден тыс қолдануға жарамды ұзартқыш сымды
пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады.
Егер электр құралмен ылғалдылық жағдайларында жұмыс істеуді болдырмау мүмкін емес
болса, шығып кететін токтан қорғау автоматын қолданыңыз. Шығып кететін токтан қорғау
автоматын қолдану электр тогының соғу қаупін азайтады.
Адамдардың қауіпсіздігі
Ұқыпты болыңыз, әрекеттеріңізге көңіл бөліңіз және электр құралымен жұмыс істеуге дұрыс
қараңыз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь не дәрі қабылдаған соң электр құралын
қолданбаңыз. Электр құралын қолданған кездегі зейінсіздік ауыр жарақаттарға апарып соғуы
мүмкін.
Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз және әрқашан міндетті түрде қорғауыш көзілдірікті
киіңіз. Электр құралының түріне және пайдалану жағдайларына байланысты жеке қорғану
құралдарын, мысалы, шаңнан қорғайтынреспираторды, сырғымайтынаяқ киімді, қорғауышшлемді,
естуді қорғау құралдарын қолдану жарақаттану қаупін азайтады.
Электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмаңыз. Электр қуатына қосу және/немесе
аккумуляторды қою, көтеру немесе тасымалдау алдында электр құралы өшірілгеніне көз
жеткізіңіз. Электр құралын тасымалдағанда саусақтар сөндіргіште болатын немесе қосылған
электр құралы желіге қосылатын жағдайлар сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Электр құралын қосу алдында реттеуші құрылғыларды және гайка кілтін алыңыз. Электр
құралының айналатын бөлігіндегі аспап немесе кілт жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Жұмыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға тұрмауға тырысыңыз. Үнемі тұрақты күйді және тепе-
теңдікті сақтаңыз. Бұл күтпеген жағдайларда электр құралын жақсырақ басқаруға мүмкіндік
береді.
*314714*
314714 Қазақ 139
Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді немесе әшекейлерді кимеңіз. Шашты, киімді және
қолғапты электр құралының айналатын түйіндерінен сақтаңыз. Бос киім, әшекейлер және ұзын
шаш оларға ілінуі мүмкін.
Егер шаңды жинау және кетіруге арналған құрылғыларды қосу қарастырылған болса, олар
қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз. Шаңды кетіру
модулін пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.
Өз мойныңызға қате қауіпсіздік сезімін алмаңыз және электр құралына арналған қауіпсіздік
ережелерін бұзбаңыз, тіпті электр құралын жиі қолданатын тәжірибелі пайдаланушы
болсаңыз. Мұқиятсыз қолдану бірнеше секундта ауыр жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
Электр құралын қолдану және оған қызмет көрсету
Аспапқа шамадан тыс жүктеме түсуін болдырмаңыз. Нақ осы жұмысқа арналған электр
құралын қолданыңыз. Бұл ережені сақтау көрсетілген қуат диапазонында жоғарырақ жұмыс
сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сөндіргіші бұзылған электр құралын қолданбаңыз. Қосу немесе өшіру қиын электр құралы
қауіпті және оны жөндеу керек.
Электр құралын реттеуге, саймандарды ауыстыруға кірісу алдында немесе жұмыстағы үзіліс
алдында розеткадан ашаны және/немесе электр құралынан алмалы-салмалы аккумуляторды
шығарыңыз. Бұл сақтық шарасы электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмайды.
Қолданылмайтын электр құралдарын балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Аспаппен таныс
емес немесе осы нұсқауларды оқып шықпаған адамдарға аспапты пайдалануға рұқсат
бермеңіз. Электр құралдары тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында қауіпті болады.
Электр құралдары мен керек-жарақтарға ұқыпты қараңыз. Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз
қызмет ететінін, олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын және электр
құралының жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Аспаптың
зақымдалған бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз. Электр құралына техникалық
қызмет көрсету ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады.
Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек. Жұмыс күйінде сақталатын
кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу.
Электр құралын, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б. нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын
ескеріңіз. Электр құралдарын басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Тұтқыштар мен тұтқыш беттерін таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз. Сырғанақ тұтқыштар мен
олардың беттері белгілі бір жағдайларда электр құралының қауіпсіз қолданылуы мен басқарылуына
жол бермейді.
Қызмет көрсету
Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.2 Барлық аралармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Аралау
ҚАУІПТІ: Қолдарды аралау орнынан және аралау төсемінен ары ұстаңыз. Екінші
қолыңызбен қосымша тұтқышты немесе мотор корпусын ұстаңыз. Егер араны екі қолмен
ұстасаңыз, аралау төсемі қолдарыңызды жарақаттауы мүмкін.
Өңделетін бұйымды астынан ұстап алмаңыз. Қорғауыш қалпақ бөлшек астында аралау төсемінен
қорғай алмайды.
Кесу тереңдігін бұйым қалыңдығына сай орнатыңыз. Бөлшек астында аралау төсемі бір тістен
көбірек шықпауы керек.
Аралап жатқан бөлшекті ешқашан қолда немесе аяқ үстінде ұстамаңыз. Бөлшек берік тіректе
жатуы керек. Денеге тию, аралау төсемінің сыналануы немесе бақылауды жоғалту қаупін барынша
азайту үшін бөлшекті бекіткен жөн.
Пайдаланылатынаспапжасырынтоксымдарынанемесеөзкабелінетиюімүмкінжұмыстарды
орындағанда, электр құралды изоляцияланған тұтқыштарынан ұстаңыз. Кернеу бар сымдарға
тию құрылғының металл бөліктерінде кернеу тудырады және электр тогының соғуына әкеледі.
Бойлай аралау кезінде әрқашан тіректі немесе түзу бағыттауыш жиекті қолданыңыз. Бұл кесу
дәлдігін жақсартады және аралау төсемінің сыналану мүмкіндігін азайтады.
Әрқашан дұрыс өлшемдері мен сәйкес бекіту тесігі (мысалы, жұлдызшалы немесе дөңгелек)
бар аралау төсемдерін пайдаланыңыз. Бекітулерге сай келмейтін аралау төсемдері біркелкі
айналмайды және аспапты бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін.
140 Қазақ 314714
*314714*
Аралау төсемдері немесе бұрандалар астына ешқашан зақымдалған немесе сай емес астына
салатын сақиналарды қолданбаңыз. Аралау төсемдері немесе бұрандалар астына салатын
сақиналар араңыз үшін арнайы жасалған және оларды қолдану ең жақсы нәтижеге және жұмыс
қауіпсіздігіне кепіл береді.
Кері соққы - себептері және тиiстi нұсқаулар
Кері соққы бұл ілінетін, сыналанатын немесе дұрыс емес тексерілген аралау төсемінің салдарынан
болатын күтпеген реакция; ол бақыланбайтын араның бөлшектен оператор бағытында шығуына
әкеледі;
егер аралау төсемі матасатын араланған жерде ілініп қалса немесе сыналанса, онда мотор күші
құрылғыны артқа оператор бағытында ұшырып шығарады;
егер араланған жерде аралау төсемі қисайса немесе дұрыс емес тексерілсе, онда араны артқы
жиегінің тістері бөлшек бетіне соқтығуы мүмкін. Бұл аралау төсемінің аралау орнына шығуына және
араның оператор бағытында кенет ұшып шығарылуына әкеледі.
Кері соққы араны дұрыс емес немесе қате қолданудың салдары болып табылады. Оны төменде
сипатталған тиісті сақтық шараларымен болдырмауға болады.
Араны екі қолмен берік ұстаңыз және бұл кезде қолдарды кері соққы күшіне қарсы тұра
алатындай орналастырыңыз. Әрқашан аралау төсемінен ары тұрыңыз, ешқашан аралау
төсемін денеңіздің осі бойынша жүргізбеңіз. Кері соққы кезінде ара артқа ыршуы мүмкін,
алайда тиісті шаралар қолданылса, оператор кері соққы күшіне қарсы тұра алады.
Аралау төсемі сыналанғанда немесе кесу басқа себеппен үзілсе, сөндіргішті жіберіңіз және
араны бөлшекте жай, аралау төсемі толық тоқтағанша ұстаңыз. Айналып жатқанда немесе
кері соққы пайда болуы мүмкін болса ешқашан аралау төсемін бөлшектен шығаруға, артқа
жіберуге тырыспаңыз. Аралау төсемінің сыналану себебін табыңыз және сәйкес шаралармен
кетіріңіз.
Бөлшекте тұрып қалған араны қайта қосқыңыз келсе, алдымен аралау орнында аралау
төсемін ортаға келтіріңіз және төсем тістерінің еркіндігін тексеріңіз. Сыналанған аралау төсемі
араны қайта қосқанда бөлшектен шығуы немесе кері соққы тудыруы мүмкін.
Аралау төсемі сыналанғанда кері соққы қаупін азайту үшін үлкен тақталар тіректерде жатуы
керек. Үлкен тақталар өз салмағынан майысуы мүмкін. Тақталар тіректерде екі жақта да, аралау
орнының жанында да, жиекте де жатуы керек.
Өтпес немесе зақымдалған аралау төсемдерін пайдаланбаңыз. Өтпес немесе дұрыс емес
тексерілген тістері бар аралау төсемдері өте тар аралаудың нәтижесінде артық үйкелуге, аралау
төсемінің сыналануына және кері соққыға әкеледі.
Аралау алдында аралау тереңдігін және бұрышын реттеу қысқыштарын бекемдеңіз. Егер
аралау кезінде параметрлер өзгерсе ара полотносы қысылып кері соғу пайда болуы мүмкін.
Қабырғаларда немесе басқа көру мүмкін емес аймақтарда алалауды орындау кезінде әсіресе
сақ болыңыз. Бататын аралау төсемі аралау кезінде жасырын нысанда бұғатталуы және кері соққы
тудыруы мүмкін.
Төменгі қорғауыш қалпақ жұмыс істеуі
Әр пайдаланудан алдын төменгі қорғауыш қалпақ кедергісіз жабылуын тексеріңіз.
Төменгі қорғауыш қалпақтың қозғалысы шектелсе және ол бір рет те ашылмаса, араны
пайдаланбаңыз. Ешқашан төменгі қорғауыш қақпақты ашық күйінде сыналамаңыз және
байламаңыз. Егер ара кездейсоқ еденге құласа, онда төменгі қорғауыш қақпақ майысуы мүмкін.
Қорғауыш қаптаманы тұтқыш көмегімен ашып, оның еркін қозғалатынына және аралау төсемі
басқа бөліктерге барлық аралау бұрыштарында және кез келген аралау тереңдігінде тимейтініне
көз жеткізіңіз.
Төменгі қорғауыш қалпақтың серіппе қызметін тексеріңіз. Төменгі қорғауыш қалпақ және
серіппе дұрыс қызмет етпесе, электр құралды жұмысты бастау алдында техникалық қызмет
көрсету қызметіне беріңіз. Зақымдалған бөліктер, жабысатын қалдықтар немесе жоңқаның
жиналуы төменгі қорғауыш қалпақтың баяу іске қосылуының себебі болып табылады.
Төменгі қорғауыш қалпақты тек «батыру» немесе «бұрыштық кесу» сияқты арнайы
кесулерде ғана қолмен ашыңыз. Төменгі қорғауыш қалпақты тұтқыш көмегімен ашып, төсем
дайындамаға бата сала жіберіңіз. Барлық басқа жұмыстар кезінде төменгі қорғауыш қалпақ
автоматты түрде жұмыс істеуі керек.
Алдын ала аралау төсемін қорғауыш қалпақпен жаппай араны верстакқа немесе еденге
қоймаңыз. Қорғалмаған аралау төсемі шыққан кезде араны кесу бағытына қарсы қозғалтады және
жолында тұрғанның барлығын аралайды. Бұл кезде араның шығу ұзақтығын ескеріңіз.
Қорғауыш қалпақтың функциясы
Әр пайдаланудан алдын қорғауыш қалпақ кедергісіз жабылуын тексеріңіз. Төменгі қорғауыш
қалпақтың қозғалысы шектелген және ол бірден жабылмайтын болса, араны пайдаланбаңыз.
*314714*
314714 Қазақ 141
Қорғауыш қалпақты ешқашан қатты қыспаңыз не тіркемеңіз; әйтпесе аралау төсемінің
қорғанысы жойылады. Егер ара кездейсоқ еденге құласа, онда қорғауыш қақпақ майысуы
мүмкін. Қорғауыш қалпақ шектеусіз жылжуын және барлық аралау бұрыштары мен тереңдіктерінде
ара полотносы мен басқа бөлшектерге тимеуін қамтамасыз етіңіз.
Төменгі қорғауыш қалпақтың серіппе күйі мен жұмыс істеуін тексеріңіз. Қорғауыш қалпақ
және серіппе дұрыс қызмет етпесе, электр құралды жұмысты бастау алдында техникалық
қызмет көрсету қызметіне беріңіз. Зақымдалған бөліктер, жабысатын қалдықтар немесе
жоңқаның жиналуы төменгі қорғауыш қалпақтың баяу іске қосылуының себебі болып табылады.
Тік бұрышта орындалмайтын «батырма кесіктерде» тірек тақтасын бүйірлік жылжуға қарсы
бекітіңіз. Жа жалжу ара полотносының қысылуына, сонымен кері соғуға алып келуі мүмкін.
Алдын ала аралау төсемін қорғау қақпағымен жаппай тұрып араны верстакқа немесе еденге
қоймаңыз. Қорғалмаған аралау төсемі шыққан кезде араны кесу бағытына қарсы қозғалтады және
жолында тұрғанның барлығын аралайды. Бұл кезде араның шығу ұзақтығын ескеріңіз.
Жаратын сына жұмыс істеуі
Жару сынасына сай ара полотносын пайдаланыңыз. Жару сынасы әсер етуі үшін ара
полоносының тіреуіш дискі жару сынасынан жіңішке болып тіс ені жару сынасының қалындығынан
ұзын болуы керек.
Бөлетін пышақты осы пайдалану нұсқаулығында сипатталғандай реттеңіз. Қате қалыңдық,
орналасу және туралау бөлетін пышақ кері соғуды тиімді болдыра алмауының себебі болуы мүмкін.
Батырып аралауды қоспағанда, әрқашан бөлетін пышақты қолданыңыз. Батырып аралаудан
кейін бөлетін пышақты қайтадан орнына орнатыңыз. Бөлетін пышақ батырып аралау кезінде
кедергілер тудырады және кері соғуды тудыруы мүмкін.
Жұмыс кезінде жаратын сына араланған орында болуы керек. Қысқа кесіктерде жару сынансы
кері соғуға жол бермеуде әсер етпейді.
Бөлетін пышағы бүгілген араны пайдаланбаңыз. Тіпті мардымсыз кедергі де қорғағыш қаптаманы
жабуды баяулатуы мүмкін.
3 Сипаттама
3.1 Өнімге шолу 1
@
Жоңқаларды шығару тесігі
;
Негізгі сөндіргіш
=
Аралау бұрышының шкаласы
%
Бұрышты реттеуге арналған қыспа бұранда
&
Қатарлас соққыға арналған қыспа бұранда
(
Жарылу көрсеткіші
)
Кесу тереңдігінің шкаласы
+
Араның қайырмалы қоршауы
§
Қатарлас тірек
/
Бекіту сынасы
:
Бөлетін пышақты бекітуге арналған
бұрандалар
Қосылу блокираторы
$
Сорғыш адаптер
£
Қатарлас тіректің қыспа бұрандасы
|
Кесу тереңдігінің бекіткіші
¡
Тірек тақтасы
Q
Шпиндельді бекіту түймесі
W
Желдету ойықтары
E
Ішкі алты қырлы кілт
R
Қосымша тұтқыш
T
Кесу тереңдігін реттеу иінтірегі
142 Қазақ 314714
*314714*
3.2 Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім қолмен басқарылатын циркулярлық ара болып табылады. Ол кесік тереңдігі 85 мм-ге
(3,35 дюйм) дейін болатын ағаш немесе ағаш тәрізді дайындамалар, пластик, гипскартон, гипс талшықты
тақталар мен композиттік материалды аралау жұмыстарына арналған.
Қолмен басқарылатын циркулярлық ара әдеттегі сорғыш шлангілерге арналған қосымша шаңсорғыш /
шаң жинағыш үшін алмалы-салмалы байланыс келте құбырымен жабдықталған. Шаңсорғыш шлангісін
арамен біріктіру үшін сәйкес адаптер керек болмайды.
3.2.1 Ықтимал қате қолдану
Техникалық сипаттамалардағы мәліметтерге сәйкес келмейтін аралау төсемдері, жылдам кесетін
болаттан (HSS болатынан) жасалған кескіш және ажарлауыш шарықтар мен аралау төсемдері
пайдаланылмауы тиіс. Металдарды кесуге болмайды.
3.3 Жеткізілім жинағы
Циркулярлық ара, пайдалану бойынша нұсқаулық.
Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен шығын
материалдарын қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары
мен өнімге арналған керек-жарақтар Hilti орталығында немесе келесі сайтта қолжетімді:
www.hilti.group
4 Техникалық сипаттамалар
4.1 Техникалық сипаттамалар
Номиналды кернеу, номиналды ток, жиілік және номиналды тұтынылатын қуат туралы ақпарат
елге тән фирмалық тақтайшада берілген.
Генераторда немесе трансформаторда жұмыс істеген кезде, осы шығыс қуат құрылғының фирмалық
тақтайшасында көрсетілген номиналды тұтынылатын қуаттан кем дегенде екі есе жоғары болуы керек.
Трансформатор немесе генератордың басқару кернеуі әрдайым аспаптың номиналды тұтынылатын
қуатының +5% және -15% аралығында болуы керек.
WSC 85
Шығыс қуат
1260 Вт
Жүктемесіз айналу жиілігі
4500 А/мин
Жүктеме астындағы айналымдар саны
3100 А/мин
Бос жүрістегі кесу жылдамдығы
54 м/с
Жүктеме астындағы кесу жылдамдығы
37,3 м/с
0°-тағы кесу тереңдігі
0 мм 85 мм
45°-тағы кесу тереңдігі
0 мм 60 мм
60°-тағы кесу тереңдігі
0 мм 43 мм
Ара төсемінің диаметрі
207 мм 230 мм
Ара төсемінің отырғызу тесігі
30 мм
Бөлетін пышақтың қалыңдығы (стандартты)
2 мм
EPTA 01 әдісіне сай салмағы
7,8 кг
Қорғау класы
II
4.2 EN 62841 стандарты бойынша шуыл туралы ақпарат және діріл мәні
Осы нұсқауларда көрсетілген дыбыс қысымы мен діріл деңгейі стандартты өлшеу әдісімен өлшенген
және оны басқа электр құралдарымен салыстыру үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге, ол
экспозицияны алдын ала бағалау үшін жарайды.
Берілген деректер электр құралының негізгі жұмысын көрсетеді. Алайда, егер электр құралы басқа
мақсаттарда, басқа жұмыс аспаптарымен қолданылса немесе оған қанағаттандырмайтын техникалық
*314714*
314714 Қазақ 143
қызмет көрсетілсе, деректер өзгеше болуы мүмкін. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу
кезеңінде экспозиция айтарлықтай артуы мүмкін.
Экспозицияны дәл анықтау үшін аспап сөндірілген күйде немесе бос жұмыс істейтін уақыт аралықтарын
да ескеру керек. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай
азаюы мүмкін.
Пайдаланушыны пайда болатын шуылдан және/немесе дірілден қорғау үшін қосымша сақтық
шараларын қолданыңыз, мысалы: электр аспабына және жұмыс аспаптарына техникалық қызмет
көрсету, қолдардың жылуын сақтау, жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыру.
Шуыл туралы ақпарат
WSC 85
Эмиссиялық дыбыстық қысым деңгейі (L
pA
)
94 дБ(А)
Дыбыстық қысым деңгейі бойынша дәлсіздік (K
pA
)
3 дБ(А)
Дыбыстық қуат деңгейі (L
WA
)
105 дБ(А)
Дыбыстық қуат деңгейі бойынша дәлсіздік (K
WA
)
3 дБ(А)
Діріл туралы ақпарат
WSC 85
Ағашты аралау кезіндегі үш осьтік діріл мәні (a
h
)
2,3 м/с²
Дәлсіздік (K)
0,5 м/с²
5 Жұмысқа дайындық
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Өнімнің кездейсоқ іске қосылуы.
Аспап реттеулерін орындау немесе қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында желілік ашаны тартып
шығарыңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
5.1 Ара төсемін орнату 3
АБАЙЛАҢЫЗ
Зақымдалу қаупі бар! Жарамсыз немесе қате орнатылған ара төсемдері араға зақым келтіруі мүмкін.
Тек осы араға арналған төсемдерді қолданыңыз. Міндетті түрде ара төсеміндегі айналу бағыты
көрсеткісіне назар аударыңыз.
Өнімде көрсетілген жылдамдықтан кем болмайтын, рұқсат етілген жылдамдықтағы ара төсемін
пайдаланыңыз.
1. Аспапты тұғыр қабырғаларына қойыңыз.
2. Ара шпинделін блоктау үшін бір қолыңызбен шпиндель бекіткішіндегі батырманы басып тұрыңыз.
3. Қыспа фланецті шпиндельге енгізіңіз.
4. Бұранданы бекемдеңіз.
5. Қыспа фланецтің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Бөлетінпышақтыңқалыңдығыаратөсемініңкесуеніненазырақжәнедискініңорталықбөлігінің
қалыңдығынанкем дегенде тең болуы керек. A қашықтығы 5 мм-ден (0,2 дюйм) кем болуы тиіс.
5.2 Кесу тереңдігін орнату 4
Кесу жиегі таза болуы үшін, кесу тереңдігі 2 мм қосылған материал қалыңдығына сәйкес болуы
керек.
1. Бекіткішті босатыңыз.
2. Кесу тереңдігін кесу енін реттейтін иінтірекпен орнатыңыз.
Кесу тереңдігі кесу тереңдіктерінің шкаласында көрсетіледі.
3. Бекіткішті бекітіңіз.
144 Қазақ 314714
*314714*
5.3 Кесу бұрышын орнату 5
1. Кесік бұрышын реттеуге арналған қыспа бұранданы босатыңыз.
2. Тірек тақтасын қалаулы кесу бұрышына бұраңыз.
Кесу бұрышы кесу бұрыштарының шкаласында көрсетіледі.
3. Қыспа бұранданы қайтадан бекітіңіз.
5.4 Кесік енін реттеу 6
1. Қыспа бұранданы босатыңыз.
2. Қатарлас тіректің бағыттауышын қыспа бұранда астына салыңыз.
3. Қалаған кесік енін реттеңіз.
4. Қыспа бұранданы бекітіңіз.
6 Жұмыс істеу
ЕСКЕРТУ
Зақымдалған кабельден қауіп бар! Егер жұмыс барысында желілік немесе ұзартқыш кабельге зақым
тисе, аспап пен кабельді дереу желіден ажыратыңыз. Бүлінген жерлерге тимеңіз!
Барлық жалғағыш сымдарды жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Бүлінген ұзартқыш кабельді
алмастырыңыз. Зақымдалған желілік сымдарды ресми техник маманға жөндетіңіз.
Әдетте макс. өшіру тогы 30 мА шамасында болған кезде жылыстау тогынан қорғау автоматын (RCD)
қолдану ұсынылады.
6.1 Аспапты қосу
АБАЙЛАҢЫЗ
Пластикті аралау кезінде зақым келтіру қаупі бар! Ара төсемінің қатты қызуынан пластик
деформацияға ұшырауы немесе балқуы мүмкін.
Жұмыс барысында ара төсемін суыту үшін әрдайым қысқа үзіліс жасаңыз.
1. Іске қосу құлпын басыңыз.
2. Сөндіргішті басыңыз.
6.2 Белгілеу бойынша кесу
1. Дайындама берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
2. Ара төсемі дайындама астында еркін айналғанына көз жеткізіңіз.
3. Өнімді тірек тақтасының алдыңғы жиегімен дайындамаға орнатыңыз.
4. Циркулярлық араны қосыңыз.
5. Циркулярлық араны сызат бойымен дайындама арқылы белгіленген жылдамдықпен жүргізіңіз.
6.3 Батыру функциясымен аралау 4
Батырып аралау ара төсемін кез келген жерге батыру арқылы дайындаманы кесуге мүмкіндік береді.
Батыру функциясын кесік бұрышының барлық реттеулерінде пайдалануға болады.
Кері соққыдан туындайтын қауіпке жол бермеу үшін, тірек тақтасының артына дайындама үстіне
соққы беріңіз.
1. Кесу тереңдігін 0 күйіне орнатыңыз.
2. Циркулярлық араны дайындамаға тегіс орналастырыңыз.
3. Тірек тақтасындағы артқы белгіні және сызатты бір биіктікке қойыңыз.
4. Кесу тереңдігінің бекіткішін босатыңыз.
5. Аспапты дайындамаға және соққыға қарсы бір қолыңызбен басыңыз.
6. Циркулярлық араны қосыңыз.
Ара төсемі түсіп қалады.
7. Қажетті кесік тереңдігіне жеткеннен кейін кесік тереңдігінің бекіткішін қайтадан мықтап тартыңыз.
*314714*
314714 Қазақ 145
8. Қадамды орындаңыз.
6.4 Аспапты өшіру
1. Қосқыш/ажыратқышты жіберіңіз.
2. Ара төсемі тоқтағанша күте тұрыңыз.
7 Күту және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны
әрдайым тартып шығарыңыз!
Аспапты күту
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Желдету ойықтарын құрғақ щеткамен жайлап тазалаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
Барлықкөзгекөрінетінбөлшектердезақымдардыңбар-жоғынжәнебасқаруэлементтерініңақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti
қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды
қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған
керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group.
7.1 Ара төсемін бөлшектеу 2
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Алмалы-салмалы аспап ыстық және/немесе өткір болуы мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты ауыстырған кезде қорғауыш қаптаманы тіреңіз.
Ыстық алмалы-салмалы аспапты тұтанғыш беттерге ешқашан қоймаңыз.
1. Аспапты тұғыр қабырғаларына қойыңыз.
2. Ара шпинделін блоктау үшін бір қолыңызбен шпиндель бекіткішіндегі батырманы басып тұрыңыз.
3. Мотор қақпағының астындағы фланецті бұранданы ішкі алты қырлы кілтпен босатыңыз.
4. Реттеу иінтірегінің көмегімен кесу тереңдігін 0 күйіне орнатыңыз.
5. Ішкі алты қырлы кілт көмегімен бұранданы сағат бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
6. Қыспа фланецті алып тастаңыз.
7. Қайырмалы қаптаманы ашып, мықтап ұстап тұрыңыз.
8. Ара төсемін шығарыңыз.
7.2 Қорғауыш қаптаманы тазалау
1. Ара төсемін бөлшектеп алыңыз.
2. Қорғауыш қаптаманы жайлап құрғақ щеткамен тазалаңыз.
3. Қорғауыш қаптаманың ішіндегі шөгінділер мен жоңқаны арнайы құралмен жойыңыз.
4. Ара төсемін қайтадан орнатыңыз.
146 Қазақ 314714
*314714*
7.3 Қайырмалы қаптаманы тексеру
Қайырмалы қаптаманы басқару иінтірегін басу арқылы толықтай ашыңыз.
Басқару тұтқышын жіберген соң қайырмалы қаптаманы жылдам және толықтай жауып қойыңыз.
8 Тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
Аталмыш өнімді енгізілген құралмен бірге тасымалдамаңыз.
Тасымалдау кезінде өнімнің берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Әр тасымалдағаннан кейін көзге көрінетін барлық бөліктерде зақымдардың бар-жоғын және
басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын тексеріп тұрыңыз.
Сақтау
Аталмыш өнімді әрдайым желілік ашасын ажыратып сақтаңыз.
Аталмыш өнімді құрғақ күйінде және балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Ұзақ уақыт сақтағаннан кейін көзге көрінетін барлық бөліктерде зақымдардың бар-жоғын және
басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын тексеріп шығыңыз.
9 Ақаулықтардағы көмек
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
9.1 Ақаулықтар кестесі
Ақаулық Ықтимал себеп Шешім
Аспап толық қуатпен жұмыс
істемейді.
Ұзартқыш кабель тым ұзын
немесе қимасы жеткіліксіз.
Ұзындығы ұйғарынды
және/немесе қимасы
жеткілікті ұзартқыш кабельді
қолданыңыз.
Қамтудың кернеуі тым төмен. Фирмалық тақтайшадағы қуат
деректерін тексеріп шығыңыз.
Аспап жұмыс істемейді. Қамтудың кернеуі тым төмен. Басқа электр құралды жалғап,
жұмысын тексеріңіз.
Желілік кабель немесе аша
жұмыс істемейді.
Аспапты тексеру жұмысын
электрші маманға
тапсырыңыз.
Сөндіргіш ақаулы. Аспапты тексеру жұмысын
электрші маманға
тапсырыңыз.
Көмір қылшақтары тозған. Аспапты тексеру үшін
электрші маманға барыңыз
және қажет болса, көмір
қылшақтарын ауыстырыңыз.
Сору қуаты жоқ немесе
төмендетілген.
Жоңқаны шығаруға арналған
арна бітелген.
Жоңқаны шығаруға арналған
арнаны тазалаңыз.
10 Кәдеге жарату
Hilti аспаптары қайта өңдеу үшін жарамды көптеген материалдардың санын қамтиды. Кәдеге жарату
алдында материалдарды мұқият сұрыптау керек. Көптеген елдерде Hilti компаниясы ескі аспабыңызды
қайта өңдеу үшін қайта қабылдайды. Hilti қызмет көрсету орталығынан немесе дилеріңізден сұраңыз.
Электр құралдарды, электрондық құрылғылар мен аккумуляторларды тұрмыстық қоқыспен
бірге тастамаңыз!
/