Aeg-Electrolux 11365GM-M Руководство пользователя

  • Привет! Я чат-бот, который ознакомился с инструкцией по эксплуатации плиты Electrolux 11365GM. Я могу ответить на ваши вопросы о функциях варочной поверхности (различные типы горелок), работе духового шкафа (гриль, вертел, режимы нагрева), а также о правилах безопасности и уходе за плитой. Задавайте ваши вопросы!
  • Как зажечь газовую горелку на варочной панели?
    Как использовать гриль в духовом шкафу?
    Как очистить духовку?
    Что делать, если искра не появляется при розжиге газа?
KZ
RU
UA
11365GM
Қолдану туралы
нұсқаулары
Пеш
Инструкция по
эксплуатации
Кухонная плита
Інструкція Плита
Біздің жоғарғы сапалы өнімдеріміздің бірін таңдағаныңызға
алғысымызды білдіреміз.
Бұл құрылғы тиімді әрі тұрақты жұмыс жасау үшін осы нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз. Бұл құрылғының барлық үрдістерін жете
меңгеріп, оны неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет
жағдайда керек нұсқауларды оқып отыру үшін бұл нұсқаулықты
сенімді жерге сақтап қойыңыз. Құрылғыны келесі пайдаланушыға
берер кезде нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.
Жаңа құрылғыны пайдаланып жайлы көңіл-күйге жете беріңіз.
МАЗМҰНЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
3
Балалар мен дәрменсіз
адамдардың қауіпсіздігі 3
Қауіпсіздікке қатысты жалпы
нұсқаулар 3
Қолданылуы 3
Күтім көрсету және тазалау 4
Орнату 5
Электр желісіне жалғау 6
Газға қосу 6
Қызмет көрсету 7
Құрылғыны тастау 7
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ 7
Жалпы көрінісі 7
Керек-жарақтар 8
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН 8
Алғашқы тазалау 9
Алдын ала қыздыру 9
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ
ПАЙДАЛАНУ 9
Оттықты тұтату 9
Оттықты сөндіру 10
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-
КЕҢЕС 10
Қуат үнемдеу 10
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ
ТАЗАЛАУ 10
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ
ПАЙДАЛАНУ 11
Пеш функциялары 11
Газ тұмшапеште пісіру 11
Грильді қолдану 12
Минут операторы 13
Айналғыш 13
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-
КЕҢЕС 13
Торт пісіру 14
Балық пен етті пісіру 14
Пісіру уақыты 14
Пісіру кестесі 14
Айналғышы бар гриль 17
ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ
ТАЗАЛАУ 18
Пештің есігін тазалау 18
Суырманы алу 20
Пеш шамы 20
Пештің шамын айырбастау/шыны
қалпағын тазалау 21
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... 21
ОРНАТУ 22
Техникалық ақпарат 22
Газға қосу 24
Металл емес иілгіш түтіктер
қосылымы 24
Инжекторларды ауыстыру 25
Пешті газдың басқа түрлеріне
лайықтау 26
Ең кіші деңгейді реттеу 28
Деңгейлеу 28
Электр қосылымы 29
29
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
Мазмұны
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету мен құрылғыны дұрыс іске қосу үшін,
оны орнатып, іске қоспас бұрын аталмыш нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз. Құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де осы нұсқаулық
құрылғымен бірге болсын. Құрылғыны пайдаланатын адамдар оның
қауіпсіздік функциялары мен іске қосу жолдарын толық білуге тиіс.
Өндіруші құрылғыны теріс орнату мен қолдануға байланысты туындаған
ақаулықтар үшін жауапкершілік көтермейді.
Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тәжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны
іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан аулақ ұстаңыз.
Тұншығып қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
Балалар мен үй жануарларын есігі ашық тұрған немесе жұмыс істеп
тұрған құрылғыға жақындатпаңыз. Жарақат алу немесе өзге тұрақты
түрде жарамсыз болып қалу қаупі бар.
Құрылғының балалардан құрсаулау тетігі не түймешікті құрсаулау тетігі
болса, соны қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй жануарларының
құрылғыны байқаусызда іске қосуына жол бермейді.
Қауіпсіздікке қатысты жалпы нұсқаулар
Бұл өнімді өзгертуге не оның техникалық сипаттарына өзгеріс енгізуге
болмайды. Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны ең алғаш іске қоспас бұрын орам материалдарының,
жапсырмалары мен төсем материалдарының барлығын алыңыз.
Пісіру алаңдарын әр қолданып болған сайын "off" қалпына қойыңыз.
Қолданылуы
Құрылғы тек үйде ғана қолдануға арналып шығарылған.
Құрылғының үстін жұмыс алаңына не зат сақтайтын орынға
айналдырмаңыз.
Қосылып тұрған құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз. Өрт шыққан
жағдайда құрылғыны сөндіріңіз. Өртті кәстрөл қақпағымен сөндіріңіз ,
оны ешқашан сумен сөндіруге болмайды.
Күйіп қалу қаупі бар! Пісіру алаңына металл заттарды, мысалы ас
құралдары мен кастрөл қақпақтарын қоймаңыз, себебі олар қызып
кетеді.
Заттар немесе ыдыс-аяқтар пештің керамика бетіне құласа, оған зақым
келтіруі мүмкін.
Шойын, алюминийден жасалған, не түбіне нұқсан келген ыдыстарды
әрі-бері сырғытсаңыз, керамика бетке сызат түсуі мүмкін.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
3
Құрылғының бетіне сызат түссе, электр тоғының қатеріне ұшырамас
үшін оны ажыратып қойыңыз.
Ыдыстар мен керамика бетке нұқсан келмес үшін ыдыстарды ішіндегісі
әбден сарқылғанша қайнатпаңыз.
Пісіру алаңдарын еш ыдыссыз не бос ыдыс қойып пайдаланбаңыз.
Пештің эмаль қаптамасының түсінің өзгеруі, құрылғы жұмысына әсер
етпейді. Бұл кепілдікті заңды күшінен айырмайды.
Құрылғының есігін күш салып баспаңыз.
Құрылғы іске қосылып тұрғанда, оның іші ысып кетеді. Күйіп қалу қатері
бар. Керек-жарақтар мен кәстрөлдерді алып не салып жатқанда қолғап
киіңіз.
Іске қосылып тұрған құрылғының есігін ашатын кезде (әсіресе бумен
пісірген кезде) әрқашан артқа шегініңіз. Бұлай істегенде жиналып
қалған бу немесе қызу сыртқа шығады.
Құрылғының сырлы қаптамасы бүлініп қалмас үшін:
құрылғының табанына ешбір затты тура қоймаңыз және оны
алюминий фольгамен жаппаңыз
Ыстық суды құрылғының ішіне тура қоймаңыз
тағам пісіруді аяқтағаннан кейін су ыдыстарды және тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
Бұл пешті суға тиіп тұрса пайдаланбаңыз. Пешті су қолмен іске
қоспаңыз.
Су ыдыстар мен пісірілген тағамдарды құрылғының ішінде ұстамаңыз,
себебі бу құрылғының сырлы қаптамасын бүлдіреді немесе құрам
бөліктерінің ішіне кіріп кетеді.
Тез тұтанғыш сұйықтар мен материалдарды, немесе балқығыш
заттарды (пластик не алюминийден жасалған) құрылғы үстіне немесе
оған жақын қоймаңыз.
Тек қызуға төзімді керек-жарақтарды ғана пештің астындағы суырмаға
салған дұрыс. Суырмаға тұтанғыш материалдарды салмаңыз.
Пеш қуысындағы ауа айналымын қамтамасыз ету үшін пештің арт
жағының орта шегінде орналасқан саңылаудың бітеліп не далдада
қалмағанын әрқашан тексеріңіз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Шыны қақпақ қызған кезде шытынап кетуі мүмкін. Қақпақты оттықтардың
барлығын сөндіргеннен кейін ғана жабыңыз.
Күтім көрсету және тазалау
Жөндеу жұмысын жүргізбей тұрып, құрылғыны сөндіріп, ашаны
розеткадан ағытып алыңыз. Құрылғының суығанына көз жеткізіп
алыңыз.
Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз. Пеште жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.
Құрылғының бетін жиі-жиі тазалап тұру, оны сыны кетіп сапасы түсуден
сақтайды.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғыны тазалау үшін тек су мен сабынды пайдаланыңыз. Өткір
заттар, түрпілі тазалағыш құралдар, жеміргіш жөкелер мен дақ
кетіргіштер құрылғыға нұқсан келтіреді.
Құрылғыны бу бүріккішпен немесе жоғары қысым арқылы тазалайтын
құралмен тазаламаңыз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің қызуға төзімді беті сынып, жарылып
кетуі мүмкін.
Шыны панельдерді тазаламай тұрып, олардың салқындағанына көз
жеткізіңіз. Шыны сынып қалуы ықтимал.
Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
•Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру керек. Қосымша нұсқауларды
жергілікті қызмет көрсету орталығынан алыңыз.
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
май сүзгісіне(егер бар болса), қыздырғыш элементтер мен термореле
сенсорлық құралына ешқашан қандай да бір затты бүркіп шашпаңыз.
Пиролит арқылы (егер бар болса)тазалаған кезде қатып қалған ластық,
құрылғы бетінің түсін өзгертуі мүмкін.
Каталитті эмальды тазаламаңыз (егер бар болса).
Пештің шамын айырбастаған кезде абай болыңыз. Электр қатеріне
ұшырау қаупі бар!
Орнату
Бұл құрылғыны тек уәкілетті маман ғана орнатып, желіге қосып немесе
жөндеуге тиіс.
Құрылғы қолданылатын елдегі заң күшіне ие заңдар, қаулылар,
ережелер мен стандарттарды(қауіпсіздік нұсқаулары, қалдықтарды
қайта өңдеу бойынша ережелер, электр және/не газ қауіпсіздігі
ережелері т.с.с.) мұқият орындаңыз!
Орнату нұсқауларын орындамасаңыз, ақаулық орын алған жағдайда
кепілдік заңды күшке ие болмай қалады.
Құрылғыны тасымалдаған кезде еш жерінің бүлінбегенін тексеріңіз.
Бүлінген құрылғыны ешқашан желіге қоспаңыз. Қажет болса,
құрылғыны сатқан жерге хабарласыңыз.
Құрылғыны тез тұтанатын заттарға (мысалы, терезе пердесі, сүлгі т.б.)
таятып орнатудан қашық болыңыз.
Ең алғаш пайдаланбас бұрын орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болыңыз.
Әрқашан қауіпсіздік қолғабын киіңіз. Құрылғыны ешқашан тұтқасынан
немесе үстіңгі жағынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум арақашықтықты сақтаңыз!
Маңызды! Пешті таған немесе сол сияқты оны биіктететін заттың үстіне
қоюға болмайды. Бұл құрылғының бір жағына қарай ауып кету қаупін
күшейте түседі!
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5
Электр желісіне жалғау
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
Техникалық тақтайшадағы электр параметрлерінің желі
параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған
розетканы ғана қолданыңыз.
Көп тармақты ашаларды, қосқыштарды және ұзартқыш кабельдерді
қолданбаңыз. Өрт шығу қатері бар.
Қорек сымын өзіңіз ауыстыруға немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғы кез келген полюсте контакттарының арасына 3 мм орын
қалдыра отырып ажыратуға мүмкіндік беретін құралмен жабдықталуға
тиіс.
Қорек сымы мен ашаның құрылғының арт жағында жаншылып немесе
бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны орнатып болған соң да ашаға қол жететіндігін тексеріңіз.
Құрылғыны сымынан тартып ағытпаңыз. Әрқашан сымының ашасынан
ұстап ағытыңыз.
Айырып-қосқыш құралдардың дұрыс түрін қолдану қажет: оларға
айырып-қосқыштар, сақтандырғыштар (бұралмалы
сақтандырғыштарды ұясынан алу қажет ), жерге қосу және контакт
құралдары жатады.
Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген.
Газға қосу
Құрылғы қасындағы желдеткіштің жақсы жұмыс істейтініне көз
жеткізіңіз. Ауаның жеткілікті берілмеуі, оттегі тапшылығын туғызуы
мүмкін.
Газдың берілуі техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген газ
түріне сай келетініне көз жеткізіңіз, "Бұйым сипаттамасы" тарауын
қараңыз.
Бұл пеш жану өнімдерін кетіретін құрылғыға жалғанбаған. Бұл пеш
қолданыстағы орнату ережелеріне сай орнатылып, желіге қосылуға
тиіс. Желдетуге қатысты талаптардың орындалуына ерекше назар
аудару керек.
Газға тамақ пісіру құрылғысын пайдаланған кезде оны орнатқан бөлме
ысып кетеді және ылғал түзіледі. Ас бөлмедегі желдеткіштің жақсы
жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз: табиғи жолмен желдетілетін
саңылауларды ашып қойыңыз не механикалық желдету құралын
орнатыңыз (механикалық тартқыш құрылғы).
Құрылғыны ұзақ уақыт қарқынды пайдаланған кезде, ас бөлмені көбірек
желдету (мысалы, терезені ашу немесе механикалық желдеткіш бар
болса, деңгейін көтеру) керек.
6
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Қызмет көрсету
Бұл құрылғыны уәкілетті қызмет көрсету орталығының инженері ғана
жөндей алады. Фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін
–Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қорек сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл кішкене балалар немесе үй
жануарлары құрылғының ішіне кіріп, қамалып қалуына жол бермеу
үшін қажет. Тұншығып кету қатері бар.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы көрінісі
1
2
3
4
6
8
7
2 543
1
9
9
1 Басқару панелі
2 Пеш тақтасын басқару тетіктері
3 Пеш шамы мен айналғышқа арналған түймешік
4 Минут сайын еске салғыштың басқару тетігі
5 Пеш функцияларын басқару тетігі
Бұйым сипаттамасы
7
6 Гриль
7 Пеш шамы
8 Айналғыш тесігі
9 Сөре сырғытпалары
Пісіру алаңдарының орналасуы
1
4
2
3
1 Қосымша оттық
2 Жартылай жылдам оттық
3 Жартылай жылдам оттық
4 Жылдам оттық
Керек-жарақтар
Пеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру және қуыру үшін немесе май жинайтын таба ретінде
қолданылады.
Бұрылмалы істік
Еттің үлкен кесектері мен құс етін қуыруға арналған.
Гриль дефлекторы
Грильді қолданған кезде қалқан ретінде пайдаланылады.
Зат сақтау суырмасы
Пеш қуысынан төмен зат сақтау суырмасы орналасқан.
Назарыңызда болсын!
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда зат сақтау суырмасы ысып кетуі мүмкін.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Пешті пайдаланбас бұрын, оның ішкі және сыртқы орам
материалдарының барлығын алыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасын
алмаңыз.
8
Бірінші қолданғанға дейін
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз.
Құрылғыны ең алғаш пайдаланардың алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш тазалағыштарды қолданбаңыз! Бұндай заттар құрылғының
бетін бүлдіруі мүмкін. "Күтім көрсету және тазалау" тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп жіберу үшін, ең жоғары
температураны орнатыңыз да, бос пешті 45 минут қыздырыңыз. Пештің
керек-жарақтары қалыпты жағдайда пайдаланған кездегіден де қызып
кетуі мүмкін. Осы кезде иіс шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай.
Бөлменің жақсы желдетілетініне көз жеткізіңіз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын!
Ас үйде ашық отты пайдаланған кезде өте абай болыңыз. Жалын дұрыс
пайдаланылмаған жағдайда, өндіруші жауапкершілік көтермейді
Оттықты әрқашан ыдысты қоймай тұрып жағыңыз.
Оттықты жағу үшін:
1. Тиісті басқару тетігін шегіне дейін басыңыз да, оны сағат бағытына
қарсы бұрап ең жоғарғы мәнге қойыңыз.
. Басқару тетігін басқанда,
от алдырғыш құрал автоматты түрде іске қосылады.
2. Басқару тетігін шамамен 10 секунд басып ұстап тұрыңыз; бұл
терморелені жылытуға көмектеседі. Бұлай істемеген жағдайда, газ
өшіп қалады.
3. От бірқалыпты жанғаннан кейін, оның жалынын реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық жанбаса, шілтер мен қақпақтың дұрыс
тұрғанын тексеріңіз.
1 Оттықтың қақпағы
2 Оттық шілтері
3 От алдырғыш
4 Термореле
1
2
3
4
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану
9
Назарыңызда болсын!
Егер оттық 15 секундтан кейін жанбаса, басқару түймешесін босатыңыз,
оны өшірулі қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты
тағы бір рет жағып көріңіз.
Оттықты электр құралын қолданбай жағуға болады (мысалы, ас үйде
электр қуаты болмаған кезде). Ол үшін, жалынды оттыққа жақын әкеліп,
тиісті басқару түймешесін басыңыз да, оны сағат тілінің бағытына қарсы
ең көп газ шығару қалпына бұраңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса, басқару түймешесін сөндірулі қалыпқа
бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып
көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін немесе қуат үзілісінен кейін электр қуатын қосқан
кезде, тұтату генераторы өздігінен іске қосылуы мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай.
Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін түймешені мына белгіге бұраңыз: .
Назарыңызда болсын!
Кәстрөлдерді оттықтан алардан бұрын отты азайтыңыз немесе сөндіріп
қойыңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, кәстрөлдердің қақпағын әрдайым жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
Түбі оттықтың өлшеміне дәл келетін табалар мен кәстрөлдерді
пайдаланыңыз.
Оттық Тамақ пісіретін ыдыстың диаметрі
Жылдам 160 мм - 280 мм
Жартылай жылдам 140 мм - 240 мм
Қосымша 120 мм - 180 мм
Түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше тегіс ыдысты қолданыңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Пешті тазалардан бұрын оны сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
10
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны бумен тазалағыш немесе жоғары
қысыммен тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын!
Түрпілі тазартқыш, болат сымнан жасалған ысқыш немесе қышқылдарды
қолданбаңыз, олар құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Эмальмен қапталған бөліктерін, қақпағы мен шілтерін тазалау үшін
жылы сабын сумен жуыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін сумен жуыңыз да, жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Таба тағандары ыдыс жуғыш машинаға жарамайды ; оларды қолмен
жуу керек.
Тазалап болғаннан кейін таба тағандарын дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
Оттықтар дұрыс жануы үшін таба тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба тағандарын орнына қойған кезде
абай болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Пеш функциялары
Пеш функциясы Қолданыс аясы
Өшіру күйі Құрылғыны сөндіруге арналған.
1-8
Температура
мәндерін
орнату
Пешке арналған өзгертуге болатын температура
деңгейлерінің ауқымы.
Гриль
Жалпақ етіп дайындалған тағамды грильдің
ортасында қуыруға арналған. Тостер жасау үшін.
Пеш шамы
Пештің ішін еш функция қосылмай тұрған кезде
жарықтандыруға арналған. Бұл функцияны қолдану
үшін пеш шамының түймешігін басыңыз.
Айналғыш
Қуырылып жатқан етті айналдыру үшін. Бұл
функцияны қолдану үшін айналғыш түймешігін
басыңыз.
Газ тұмшапеште пісіру
Тұмшапештің газ оттығын тұтату:
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Пештің басқару тетігін басып, оны ең үлкен қалыпқа дейін бұраңыз.
Оны бірнеше секундқа дейін басып тұрыңыз, бірақ 15 секундтан артық
баспаңыз. Оны жалын пайда болғанша босатпаңыз.
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану
11
Пешті басқару тетігін басқанда, от алдырғыш құрал автоматты түрде
іске қосылады.
Егер пештің газ оттығы от алмаса немесе кенет сөніп қалса:
1. Пешті басқару тетігін босатып, оны “Off” қалпына қойыңыз.
2. Пеш есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін пештің газ оттығын қайта тұтатып көріңіз.
Қолдан тұтату:
Электр қуаты уақытша өшіп қалса.
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Отты пеш ішінің түбіндегі тесіктің жанында ұстап тұрыңыз.
3. Сонымен бір мезгілде пешті басқару тетігін басып, сағат тілінің
бағытына қарсы ең жоғары қалыпқа бұраңыз.
4. Жалын шыққан кезде, пешті басқару тетігін шамамен 15 секунд басып
ұстап тұрыңыз.
Тұтатқаннан кейін:
1. Пешті басқару тетігін босатыңыз.
2. Пештің есігін жабыңыз.
3. Пештің басқару тетігін қажетті ысыту параметріне қойыңыз.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Газ пеш термоэлементпен жабдықталған. Ол жалын сөніп қалғанда, газ
берілуін тоқтатады.
Грильді қолдану
Назарыңызда болсын!
Грильді қолданған кезде балаларды жақындатпаңыз. Күйіп қалу қаупі бар.
Грильді қолданған кезде пеш есігін сәл ашық қалдырыңыз.
Грильді қолданар алдында A гриль дефлекторын есіктің үстіңгі
жағындағы орнына салыңыз.
Грильді тұтату:
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Пештің басқару тетігін басып, оны
"Гриль" қалпына бұраңыз.
. Оны
шамамен 15 секундқа басып
тұрыңыз. Оны жалын пайда
болғанша босатпаңыз.
Егер гриль от алмаса немесе кенет сөніп
қалса:
1. Пештің басқару тетігін босатып, оны
“Off” қалпына қойыңыз.
2. Пеш есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін, грильді қайта
тұтатып көріңіз.
Қолдан тұтату:
A
12
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану
Электр қуаты уақытша өшіп қалса.
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Жалынды гриль оттығының саңылауларына жақын ұстаңыз.
3. Сонымен бір мезгілде пештің басқару тетігін "Гриль" қалпына бұраңыз.
.
Минут операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін қолданыңыз.
Әуелі минут операторының басқару тетігін ("Өнім сипаттамасы" тарауын
қараңыз) сағат бағытымен шегіне дейін бұраңыз. Содан кейін кері бұрап,
қажетті мәнге қойыңыз. Уақыт біткен кезде дыбысты сигнал қосылады.
Бұл функция пеш қызметіне әсері етпейді. .
Айналғыш
Назарыңызда болсын!
Айналғыштың шанышқылары мен істіктері өткір болады. Жеке
қауіпсіздігіңіз үшін оны пайдаланғанда абай болыңыз.
Айналғышты пайдаланған кезде, есікті аздап ашып, гриль дефлекторын
есіктің жоғарғы жағындағы орынға қойыңыз.
Айналғышты пайдалану
1. Тірек ілгегін тесікке қойыңыз.
2. Бірінші шанышқыны істікке
орнатыңыз, содан кейін етті
айналғышқа қойып, екінші
шанышқыға орнатыңыз.
Шанышқыларды бекіту үшін
бұрандаларды пайдаланыңыз.
3. Істіктің ұшын айналғыш тесігіне
қойыңыз ("Өнім сипаттамасы"
бөлімін қараңыз).
4. Тірек ілгегіне істіктің алдыңғы бөлігін
қойыңыз.
5. Тұтқаны алыңыз.
6. Грильді тұтандырыңыз ("Грильді пайдалану" бөлімін қараңыз).
7. Пеш функциялары үшін пештің басқару тетігін "Гриль" қалпына
бұраңыз.
.
8. Айналғыш түймешігін басыңыз.
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Пештің сөре қойылатын төрт қатары бар. Сөре қатарларын құрылғының
астынан бастап санау керек.
Құрылғы ауаны айналдыруға және буды үздіксіз айналдыруға арналған
арнайы жүйемен жабдықталған. Осы жүйенің көмегімен тағамды булы
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
13
ортада, ішін жұмсақ, сыртын қытырлақ етіп пісіре аласыз. Бұл функция
пісіру уақыты мен қуат шығынын барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде есікті әрқашан артқа шегініп
барып ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ пісірер алдында пешті 10
минут іске қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін ылғал жерлерін сүртіп
отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз және құрылғының
бөлшектерін тағам пісірген кезде алюминий фольгамен жаппаңыз. Бұл
пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің кіреуке қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торт пісіру
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін пайдалансаңыз, олардың арасындағы бір
қатарды ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз. Етті тым аз мөлшерде пісіргенде,
ол тым құрғақ болып піседі.
Өте майлы тағамды пісірген кезде, пеште кетпейтін дақ қалып қоймас
үшін май жинайтын табаны қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
Тағамды қуырған кезде пештің іші қатты түтіндеп кетпес үшін, май
жинағыш табаға аздап су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас үшін суы
сарқылған сайын үстінен су құйып отырыңыз.
Пісіру уақыты
Пісіру уақыты тағам түріне, құрамына және мөлшеріне қарай әртүрлі
болады.
Алғаш тағам пісірген кездері пісіру үрдісіне жақсы назар аударып
отырыңыз. Осы құрылғы арқылы пісіргенде ыдыстарыңызға, рецепт және
тағам мөлшеріне барынша сай келетін параметрлерді(қызу параметрі,
пісіру уақыты т.с.с) тауып алыңыз.
Пісіру кестесі
Тағам
Салмағы
(г)
Науа түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Термоста
т күйі
Пісіру
уақыты
(минут)
Үстінде
жолақтар
ы бар
бөлке
250 алюмини
ймен
қапталға
н
3 10 1-2 25-30
14
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Тағам
Салмағы
(г)
Науа түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Термоста
т күйі
Пісіру
уақыты
(минут)
Тегіс кекс 1000 алюмини
ймен
қапталға
н
3 10 1-2 35-40
Алма
салынған
ашытылғ
ан кекс
2000 алюмини
ймен
қапталға
н
3 10 3-4 50-60
Алма
бәліші
1200+120
0
алюмини
ймен
қапталға
н 2
дөңгелек
науа
(диаметрі
: 20 см)
3 10 3-4 65-75
Кішкене
кекстер
500 алюмини
ймен
қапталға
н
3 10 2 30-35
Майсыз
бисквит
торт
350 алюмини
ймен
қапталға
н 1
дөңгелек
науа
(диаметрі
: 26 см)
3 10 2-3 30-35
Су
жинайты
н
табадағы
торт
1500 алюмини
ймен
қапталға
н
3 - 2
45-55
1)
Бәліш
нан
800 алюмини
ймен
қапталға
н
3 20 8 10
Толтырм
асы бар
ашытылғ
ан кекс
1200 алюмини
ймен
қапталға
н
3 15 3-4 40-50
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
15
Тағам
Салмағы
(г)
Науа түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Термоста
т күйі
Пісіру
уақыты
(минут)
Пицца 1000 алюмини
ймен
қапталға
н
2 10 8 25-35
Сүзбеден
жасалған
кекс
2600 алюмини
ймен
қапталға
н
3 - 2 80-90
Швейцар
лық алма
бәліші
1900 алюмини
ймен
қапталға
н
3 15 6 50-60
Рождеств
о торты
2400 алюмини
ймен
қапталға
н
3 10
(термост
ат күйі: 8)
2-3
60
2)
Қайнатыл
ған кремі
бар
лоррен
бәліші
1000 алюмини
ймен
қапталға
н 1
дөңгелек
науа
(диаметрі
: 26 см)
3 15 5-6 50-60
Қол наны 750+750 алюмини
ймен
қапталға
н 2
дөңгелек
науа
(диаметрі
: 20 см)
3 10
(термост
ат күйі: 8)
4-5 50-60
Румынды
қ
бисквитті
торт
600+600 алюмини
ймен
қапталға
н 2
дөңгелек
науа
(диаметрі
: 25 см)
3 10 2-3 50-60
16
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Тағам
Салмағы
(г)
Науа түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Термоста
т күйі
Пісіру
уақыты
(минут)
Румынды
қ
бисквитті
торт -
дәстүрлі
600+600 алюмини
ймен
қапталға
н 2
дөңгелек
науа
(диаметрі
: 20 см)
3 10 2-3 40-50
Швейцар
ия
орамасы
500 алюмини
ймен
қапталға
н
3 10 2-3 20-30
Меренга 400 алюмини
ймен
қапталға
н
3 - 1 40-50
Кремді
тәтті
тағам
500 алюмини
ймен
қапталға
н
3 10 3-4 35-40
Үкпе
себілген
кекс
1500 алюмини
ймен
қапталға
н
3 15 5-6 30-40
Бисквит
торт
600 алюмини
ймен
қапталға
н
3 10 1-2 35-40
Сары май
қосылған
кекс
600 алюмини
ймен
қапталға
н
3 15 3-4 25-30
1) Құрылғыны өшіргеннен кейін, кексті пеште 7 минутқа қалдырыңыз.
2) Құрылғыны өшіргеннен кейін, кексті пеште 10 минутқа қалдырыңыз.
Айналғышы бар гриль
Тағам Салмағы (г) Сөре деңгейі
Пісіру уақыты
(минут)
Тауық, тұтас 1000 1-ші деңгейге
қуыру табасын
қойыңыз
90
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
17
ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Құрылғының алдыңғы жағын сабын мен ыстық суды пайдаланып,
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Құрылғының металл беттерін әдетте қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Пештің ішін әр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Пештің керек-жарақтарының (жуғыш зат қосылған жылы суға
батырылған шүберекпен) бәрін әр пайдаланып болған сайын
тазалаңыз.
Пештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Бұл оның ластық тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Пештің есігін тазалау
Пештің есігінде бірінен кейін бірі орналасқан екі қабатты шыны бар.
Оңайырақ тазалау үшін пештің есігі мен ішкі шыны қабатты шығарып
алыңыз.
Назарыңызда болсын!
Есік әлі орнатылып тұрғанда ішкі қабатты шығарып алуға әрекет жасаған
болсаңыз, пештің есігі жабылып қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Шыны есікті тазаламас бұрын, шыны қабаттардың салқын болуын
тексеріңіз. Шынының сынып кету қаупі бар.
Назарыңызда болсын!
Есіктің шыны қабаттары зақымданған немесе жарылған кезде, олар әлсіз
болып, сынып кетуі мүмкін. Мұны болдырмау үшін оларды ауыстыру
қажет. Қосымша нұсқауларды алу үшін жергілікті қызмет көрсету
орталығымен байланысыңыз.
Пештің есігі мен шыны қабатты шығарып алу
1. Есікті толық ашып, есіктің екі
топсасын ұстап тұрыңыз.
18
Тұмшапеш - Күтіп ұстау және тазалау
2. Екі топсадағы тетіктерді көтеріп,
бұраңыз.
3. Пештің есігін бірінші ашу күйіне
(жартылай) қарай жабыңыз. Алға
қарай тартып, оны ұясынан
шығарып алыңыз.
4. Есікті жұмсақ матамен қорғалған
ыңғайлы жерге қойыңыз.
Есіктің төменгі жағындағы 2
бұранданы шығарып алу үшін
бұрағышты пайдаланыңыз.
Бұрандаларды жоғалтып алмаңыз
5. Ішкі есікті ашу үшін ағаштан,
пластиктен немесе осыларға
балама заттан жасалған
қалақшаны пайдаланыңыз
Сыртқы есікті ұстап тұрып, ішкі
есікті есіктің жоғарғы шетіне
қарай итеріңіз
6. Ішкі есікті көтеріңіз
7. Есіктің ішкі жағын тазалаңыз
Шыны қабатты сумен және
сабынмен тазалаңыз. Жақсылап
сүртіңіз.
1
1
3
2
2
Тұмшапеш - Күтіп ұстау және тазалау
19
Назарыңызда болсын!
Шыны қабатты тек сумен және сабынмен тазалаңыз. Қырғыш тазалау
құралдары, дақ кетіргіштер және қырлы заттар (мыс., пышақтар немесе
қырғыштар) шыныға зақым келтіруі мүмкін.
Пештің есігі мен шыны қабатын салу
Тазалау рәсімі аяқталғаннан кейін есікті
орнына салыңыз. Мұны орындау үшін
әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
Суырманы алу
Оңай тазалау үшін пештің астыңғы суырмасын алып қоюға болады.
Суырманы алу
1. Суырманы мүмкіндігінше алыс
қойыңыз.
2. Суырманы жайлап көтеріңіз,
сонда ол суырма
бағыттауыштарының бойымен
жоғары қарай көтеріледі.
Суырмаларды салу
1. Суырманы суырманың тірек
жолдарына орнатыңыз.
Суырманың ортаңғы
бағыттауышы ортаңғы жолға
ілінгенін тексеріңіз.
2. Суырманы көлденеңінен
төмендетіп, оны итеріңіз.
Назарыңызда болсын!
Пеш қолданыста болғанда, суырма ішіне ыстық кіруі мүмкін. Осы
себептен тазартқыш заттар, пластмасса пакеттер, пеш қолғаптары, қағаз,
тазартқыш спрейлер және т.с.с. жанғыш заттарды ол жерге жақын
қоймаңыз.
Пеш шамы
Назарыңызда болсын!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар!
4
4
5
5
6
1
2
20
Тұмшапеш - Күтіп ұстау және тазалау
/