Aeg-Electrolux 11365GM-M Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я — чат-бот, ознакомленный с инструкцией по эксплуатации газовой плиты Electrolux модели 11365GM. Я могу ответить на ваши вопросы по установке, использованию, уходу, режиму работы гриля и вертела, а также по решению возможных неисправностей. В руководстве подробно описаны все функции плиты и рекомендации по безопасности.
  • Как зажечь конфорку?
    Как использовать гриль?
    Как очистить духовку?
    Что делать, если духовка не нагревается?
KZ
RU
UA
11365GM
Қолдану туралы
нұсқаулары
Пеш
Инструкция по
эксплуатации
Кухонная плита
Інструкція Плита
Біздің жоғарғы сапалы өнімдеріміздің бірін таңдағаныңызға
алғысымызды білдіреміз.
Бұл құрылғы тиімді əрі тұрақты жұмыс жасау үшін осы нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз. Бұл құрылғының барлық үрдістерін жете
меңгеріп, оны неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет
жағдайда керек нұсқауларды оқып отыру үшін бұл нұсқаулықты
сенімді жерге сақтап қойыңыз. Құрылғыны келесі пайдаланушыға
берер кезде нұсқаулықты да қоса
беруді ұмытпаңыз.
Жаңа құрылғыны пайдаланып жайлы көңіл-күйге жете беріңіз.
МАЗМҰНЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
3
Балалар мен дəрменсіз
адамдардың қауіпсіздігі 3
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
3
Орнату 3
Электртоғына қосу 4
Газға қосу 5
Пайдалану 5
Қақпақ 6
Күту менен тазалау 6
Қызмет көрсету орталығы 7
Құрылғыны тастау 7
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ 8
Жалпы көрінісі 8
Керек-жарақтары 9
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН 9
Алғашқы тазалау 10
Алдын ала қыздыру 10
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ
ПАЙДАЛАНУ 10
Оттықты тұтату 10
Оттықты сөндіру 11
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-
КЕҢЕС 11
Қуат үнемдеу 11
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ
ТАЗАЛАУ 12
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
12
Пеш функциялары 13
Газ тұмшапеште пісіру 13
Грильді қолдану 14
Минут операторы 14
Айналғыш 14
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-
КЕҢЕС 15
Торт пісіру 15
Балық пен етті пісіру 15
Пісіру уақыттары 16
Пісіру кестесі 16
Айналғышы бар гриль 19
ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ
ТАЗАЛАУ 19
Пештің есігін тазалау 19
Суырманы алу 21
Пеш шамы 22
Пештің шамын айырбастау/шыны
қалпағын тазалау 22
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... 22
ОРНАТУ 24
Құрылғы орнатылатын жер 24
Техникалық сипаттама 24
Газға қосу 26
Металл емес иілгіш түтіктер
қосылымы 26
Пешті газдың басқа түрлеріне
лайықтау 27
Инжекторларды ауыстыру 30
Ең кіші деңгейді лайықтау 30
Деңгейлеу 30
Электр қосылымы 30
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН
КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
31
2
Мазмұны
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты əрқашан, тіпті құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де,
онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде орын
алған ақаулықтар үшін өндіруші
жауапты емес.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тəжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны
іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
Тұншығып қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
Балалар мен
үй жануарларын есігі ашық тұрған немесе жұмыс істеп
тұрған құрылғыға жақындатпаңыз. Жарақат алу немесе мүгедек болып
қалу қаупі бар.
Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы не түймешікті құрсаулау тетігі
болса, соны қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй жануарларының
құрылғыны байқаусызда іске қосуына жол бермейді.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат алу
немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін əрдайым құрылғыны өшіріңіз.
Орнату
Құрылғыны тек білікті техник орнатып, электр желісіне қосуға тиіс.
Уəкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғының тасымалдау кезінде бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса, сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны бірінші рет пайдаланар алдында барлық орамдарын,
жапсырмалары мен төсемдерін алыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын
алмаңыз. Бұл кепілдікті заңды күшінен айырады.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
3
Құрылғы қолданылатын елдегі заңдарды, жарлықтарды, нұсқаулар мен
талаптарды (қауіпсіздік ережелері, қайта пайдалану ережелері, электр
немесе газ қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) толық орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде абай болыңыз. Бұл құрылғының салмағы
ауыр. Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз. Құрылғыны тұтқасынан
тартпаңыз.
Құрылғыны орнату барысында оның қуат көзінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз (егер қажет болса).
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум арақашықтықты сақтаңыз.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Электртоғына қосу
Құрылғыны тек білікті электрші орнатып, электр желісіне қосуға тиіс.
Уəкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Сізде дұрыс
оқшаулағыш құралдар болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электрлік қондырғыда оқшаулағыш құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны
барлық магниттік полюстерде желіден ажыратуға мүмкіндік береді.
Оқшаулағыш құрылғының ені кем дегенде 3 мм түйіспе саңылауы
болуға тиіс.
Тоқ соғуынан қорғайтын бөліктер құралсыз ажыратуға болмайтында етіп
орнатылуға
тиіс.
Əрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Электр құрылғыларын розеткаларға қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз немесе жақындатпаңыз.
Көп істікшелі ашаларды, жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды
қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
Құрылғының арт жағындағы электр ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін электр розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Əрқашан ашасынан
(егер болса) тартып ажыратыңыз.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Газға қосу
Құрылғыны тек білікті газ орнатушы орнатып, желіге қосуға тиіс.
Уəкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғының айналасындағы ауа айналымы жақсы екеніне көз жеткізіңіз.
Ауаның жеткілікті берілмесе, оттегі жетіспеуі мүмкін.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
əкететін құрылғыға жалғанбаған.
Бұл құрылғыны қолданыстағы орнату ережелеріне сай орнатып, желіге
қосу қажет. Желдетуге қатысты талаптардың орындалуына ерекше
назар аудару керек.
Газға тамақ пісіру құрылғысын пайдаланған кезде оны орнатқан бөлме
ысып кетеді жəне ылғал түзіледі. Ас үйдің жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз: табиғи жолмен желдететін саңылауларды ашып
қойыңыз не механикалық желдету құралын орнатыңыз (механикалық
тартқыш құрылғы).
Құрылғыны ұзақ уақыт қарқынды пайдаланған кезде, ас бөлмені көбірек
желдету (мысалы, терезені ашу немесе механикалық желдеткіш бар
болса, деңгейін көтеру) керек.
Пайдалану
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
коммерциялық немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз. Бұл адам
жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін қажет.
Жұмыс барысында құрылғыны үнемі қадағалап отырыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін, əрқашан құрылғыдан алыс тұрып
ашыңыз. Ыстық бу шығуы мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны суға
тиіп тұрса пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен
іске пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу
қаупі бар. Пісіру алаңына темір заттарды, мысалы ас құралдары мен
кəстрөл қақпақтарын қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.
Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші ысып кетеді.
Күйіп қалу қаупі
бар. Керек-жарақтары мен кəстрөлдерді алып-салған кезде қолғап
киіңіз.
Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған қоспаларды қолданғанда,
ауа мен алкоголь қоспасы пайда болуы мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық отты құрылғыға
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды жəне/немесе
балқығыш заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды құрылғының қасына немесе үстіне,
ішіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу қаупі бар.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5
Пісіру алаңын қолданып болғаннан кейін əрқашан "off" (сөндіру)
қалпына қойыңыз.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе мүлде ыдыссыз
пайдаланбаңыз.
Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа жəне пештің
үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ құласа, оны бүлдіруі мүмкін.
Ыстық ыдысты басқару панеліне жақын қоймаңыз, себебі қызудың
əсерінен құрылғы
бүлінуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасын бүлдіріп алмас үшін, керек-жарақтарды
алып-салғанда абай болыңыз.
Шойыннан, құйма алюминийден жасалған не түбіне бүлінген ыдысты
əрі-бері сырғытсаңыз, пештің үстіне сызат түсуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
əсер етпейді.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
құрылғының табанына
ешбір затты тура қоймаңыз жəне оны
алюминий фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды тура қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл ыдыс пен тағамды құрылғының
ішінде ұстамаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш заттарды қоймаңыз. Онда тек
қызуға төзімді заттарды (егер болса) ғана қойыңыз.
Тұмшапештің бу шығатын
саңылауларын жаппаңыз. Олар тұмшапештің
артқы жағының үстін ала орналасқан (егер бар болса).
Ыдыс кенет қисайып немесе ішіндегісі төгілмес үшін пішімі мен диаметрі
дұрыс, орнықты ыдысты қолданыңыз. Күйіп қалу қаупі бар.
Қақпақ
Жабық тұрған қақпақ құрылғыны шаңнан қорғайды, ашық тұрғанда
шашыраған майды жинайды. Оны басқа мақсатта пайдаланбаңыз.
Қақпақты əрқашан таза ұстаңыз.
Қақпақты жаппай тұрып, құрылғының суығанына көз жеткізіңіз.
Ыстық қақпақ шытынап кетуі мүмкін.
Күту менен тазалау
Жуып-тазалардың алдында құрылғының суық екеніне көз жеткізіңіз.
Күйіп қалу қаупі бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз. Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.
Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның беткі қабаты бүлінбейді.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жəне мүлікке зиян келтірмеу үшін
құрылғыны тек
сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш заттарды немесе тот
басуына себеп болатын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары қысыммен тазалайтын
құралдармен, өткір, түрпілі тазартқыш заттармен, түрпілі жөкелермен
жəне дақ кетіргіштермен тазаламаңыз
6
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қыздырғыш элементтері мен термостат сенсорына ешбір затты
бүрікпеңіз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің қызуға төзімді беті сынуы немесе
шытынауы мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған. Оларды бөлмені жартылай немесе
толықтай жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.
Егер шамды ауыстыру қажет болса, қуаты дəл осындай, тұрмыстық
құрылғыларға арналған шамды ғана қолданыңыз.
Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз
. Электр тоғына түсу қаупі бар. Құрылғы суығанша күтіңіз.
Күйіп қалу қаупі бар.
Қызмет көрсету орталығы
Тек уəкілетті техниктің ғана құрылғыны жөндеуіне немесе оған қатысты
жұмысты орындауына болады. Уəкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін:
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл кішкентай балалардың немесе
үй жануарларының құрылғының ішіне кіріп, қамалып қалуына жол
бермейді. Тұншығып қалу қаупі бар.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
7
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы көрінісі
1
2
3
4
6
8
7
2 543
1
9
9
1 Басқару панелі
2 Пеш тақтасын басқару тетіктері
3 Пеш шамы мен айналғышқа арналған түймешік
4 Минут сайын еске салғыштың басқару тетігі
5 Пеш функцияларын басқару тетігі
6 Гриль
7 Пеш шамы
8 Айналғыш тесігі
9 Сөре сырғытпалары
8
Бұйым сипаттамасы
Пісіру алаңдарының орналасуы
1
4
2
3
1 Қосымша оттық
2 Жартылай жылдам оттық
3 Жартылай жылдам оттық
4 Жылдам оттық
Керек-жарақтары
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру жəне қуыру үшін немесе май жинайтын таба ретінде
қолданылады.
Бұрылмалы істік
Еттің үлкен кесектері мен құс етін қуыруға арналған.
Гриль дефлекторы
Грильді қолданған кезде қалқан ретінде пайдаланылады.
Зат сақтау суырмасы
Пеш қуысынан төмен зат сақтау суырмасы орналасқан.
Назарыңызда болсын!
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда зат сақтау суырмасы ысып кетуі мүмкін.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
Құрылғыны пайдаланар алдында тұмшапештің ішіндегі жəне сыртындағы
орам материалдарының барлығын алыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін, тұтқасын əрқашан ортасынан ұстаңыз.
Бірінші қолданғанға дейін
9
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан
келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау жəне тазалау" тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп жіберу үшін, ең жоғары
температураны орнатыңыз да, бос пешті 45 минут қыздырыңыз. Пештің
керек-жарақтары қалыпты жағдайда пайдаланған кездегіден де қызып
кетуі мүмкін. Осы кезде иіс шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай.
Бөлменің жақсы желдетілетініне көз жеткізіңіз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын!
Ас үйде ашық отты пайдаланған кезде өте абай болыңыз. Жалын дұрыс
пайдаланылмаған жағдайда, өндіруші жауапкершілік көтермейді
Оттықты əрқашан ыдысты қоймай тұрып жағыңыз.
Оттықты жағу үшін:
1. Тиісті басқару тетігін шегіне дейін басыңыз да, оны сағат бағытына
қарсы бұрап ең жоғарғы мəнге қойыңыз.
. Басқару тетігін басқанда,
от алдырғыш құрал автоматты түрде іске қосылады.
2. Басқару тетігін шамамен 10 секунд басып ұстап тұрыңыз; бұл
терморелені жылытуға көмектеседі. Бұлай істемеген жағдайда, газ
өшіп қалады.
3. От бірқалыпты жанғаннан кейін, оның жалынын реттеңіз.
Егер бірнеше əрекеттен кейін оттық жанбаса, шілтер мен қақпақтың дұрыс
тұрғанын тексеріңіз.
10
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану
1
2
3
4
1 Оттықтың қақпағы
2 Оттық шілтері
3 От алдырғыш
4 Термореле
Назарыңызда болсын!
Егер оттық 15 секундтан кейін жанбаса, басқару тетігін босатыңыз, оны
өшірулі қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы
бір рет жағып көріңіз.
Оттықты электр құралын қолданбай жағуға болады (мысалы, ас үйде
электр қуаты болмаған кезде). Ол үшін, жалынды оттыққа жақын əкеліп,
тиісті басқару түймешесін басыңыз да, оны сағат тілінің бағытына қарсы
ең көп газ шығару қалпына бұраңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса, басқару түймешесін сөндірулі қалыпқа
бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып
көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін немесе қуат үзілісінен кейін электр қуатын қосқан
кезде, тұтату генераторы өздігінен іске қосылуы мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай.
Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін түймешені мына белгіге бұраңыз: .
Назарыңызда болсын!
Кəстрөлдерді оттықтан алардан бұрын отты азайтыңыз немесе сөндіріп
қойыңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, кəстрөлдердің қақпағын əрдайым жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес
11
Түбі оттықтың өлшеміне дəл келетін табалар мен кəстрөлдерді
пайдаланыңыз.
Оттық Тамақ пісіретін ыдыстың диаметрі
Жылдам 160 мм - 280 мм
Жартылай жылдам 140 мм - 240 мм
Қосымша 120 мм - 180 мм
Түбі барынша қалың əрі мүмкіндігінше тегіс ыдысты қолданыңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны бумен тазалағыш немесе жоғары
қысыммен тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын!
Түрпілі тазартқыш, болат сымнан жасалған ысқыш немесе қышқылдарды
қолданбаңыз, олар құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Эмальмен қапталған бөліктерін, қақпағы мен шілтерін тазалау үшін
жылы сабын сумен жуыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін сумен жуыңыз да, жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Ыдыс тірегіштер ыдыс жуғыш машинада жууға төзімді емес; оларды
қолмен жуу керек.
Тазалап болғаннан
кейін таба тағандарын дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
Оттықтар дұрыс жануы үшін таба тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба тағандарын орнына қойған
кезде абай болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
12
Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне тазалау
Пеш функциялары
Пеш функциясы Қолданыс аясы
Өшіру күйі Құрылғыны сөндіруге арналған.
1-8
Температура
мəндерін
орнату
Пешке арналған өзгертуге болатын температура
деңгейлерінің ауқымы.
Гриль
Жалпақ етіп дайындалған тағамды грильдің ортасында
қуыруға арналған. Тостер жасау үшін.
Пеш шамы
Пештің ішін еш функция қосылмай тұрған кезде
жарықтандыруға арналған. Бұл функцияны қолдану
үшін пеш шамының түймешігін басыңыз.
Айналғыш
Қуырылып жатқан етті айналдыру үшін. Бұл функцияны
қолдану үшін айналғыш түймешігін басыңыз.
Газ тұмшапеште пісіру
Тұмшапештің газ оттығын тұтату:
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Пештің басқару тетігін басып, оны ең үлкен қалыпқа дейін бұраңыз.
Оны бірнеше секундқа дейін басып тұрыңыз, бірақ 15 секундтан артық
баспаңыз. Оны жалын пайда болғанша босатпаңыз.
Пешті басқару тетігін басқанда, от алдырғыш құрал автоматты түрде
іске қосылады.
Егер пештің газ оттығы от алмаса немесе кенет сөніп қалса:
1. Пешті басқару тетігін босатып, оны “Off” қалпына қойыңыз.
2. Пеш есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін пештің газ оттығын қайта тұтатып көріңіз.
Қолдан тұтату:
Электр қуаты уақытша өшіп қалса.
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Отты пеш ішінің түбіндегі тесіктің жанында ұстап тұрыңыз.
3. Сонымен
бір мезгілде пешті басқару тетігін басып, сағат тілінің
бағытына қарсы ең жоғары қалыпқа бұраңыз.
4. Жалын шыққан кезде, пешті басқару тетігін шамамен 15 секунд басып
ұстап тұрыңыз.
Тұтатқаннан кейін:
1. Пешті басқару тетігін босатыңыз.
2. Пештің есігін жабыңыз.
3. Пештің басқару тетігін қажетті ысыту параметріне қойыңыз.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Газ пеш термоэлементпен жабдықталған. Ол
жалын сөніп қалғанда, газ
берілуін тоқтатады.
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану
13
Грильді қолдану
Назарыңызда болсын!
Грильді қолданған кезде балаларды жақындатпаңыз. Күйіп қалу қаупі бар.
Грильді қолданған кезде пеш есігін сəл ашық қалдырыңыз.
Грильді қолданар алдында A гриль дефлекторын есіктің үстіңгі жағындағы
орнына салыңыз.
Грильді тұтату:
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Пештің басқару тетігін басып, оны
"Гриль" қалпына бұраңыз.
. Оны
шамамен 15 секундқа басып
тұрыңыз. Оны жалын пайда
болғанша босатпаңыз.
Егер гриль от алмаса немесе кенет сөніп
қалса:
1. Пештің басқару тетігін босатып, оны
“Off” қалпына қойыңыз.
2. Пеш есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін, грильді қайта
тұтатып көріңіз.
Қолдан тұтату:
Электр қуаты уақытша өшіп қалса.
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Жалынды гриль оттығының саңылауларына жақын ұстаңыз.
3. Сонымен бір мезгілде пештің басқару тетігін "Гриль" қалпына
бұраңыз.
.
Минут операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін қолданыңыз.
Əуелі минут операторының басқару тетігін ("Өнім сипаттамасы" тарауын
қараңыз) сағат бағытымен шегіне дейін бұраңыз. Содан кейін кері бұрап,
қажетті мəнге қойыңыз. Уақыт біткен кезде дыбысты сигнал қосылады.
Бұл функция пеш қызметіне əсері етпейді..
Айналғыш
Назарыңызда болсын!
Айналғыштың шанышқылары мен істіктері өткір болады. Жеке
қауіпсіздігіңіз үшін оны пайдаланғанда абай болыңыз.
Айналғышты пайдаланған кезде, есікті аздап ашып, гриль дефлекторын
есіктің жоғарғы жағындағы орынға қойыңыз.
A
14
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану
Айналғышты пайдалану
1. Тірек ілгегін тесікке қойыңыз.
2. Бірінші шанышқыны істікке
орнатыңыз, содан кейін етті
айналғышқа қойып, екінші
шанышқыға орнатыңыз.
Шанышқыларды бекіту үшін
бұрандаларды пайдаланыңыз.
3. Істіктің ұшын айналғыш тесігіне
қойыңыз ("Өнім сипаттамасы" бөлімін
қараңыз).
4. Тірек ілгегіне істіктің алдыңғы бөлігін
қойыңыз.
5. Тұтқаны алыңыз.
6. Грильді тұтандырыңыз ("Грильді пайдалану" бөлімін қараңыз).
7. Пеш функциялары үшін пештің басқару
тетігін "Гриль" қалпына
бұраңыз.
.
8. Айналғыш түймешігін басыңыз.
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Пештің сөре қойылатын төрт қатары бар. Сөре қатарлары құрылғының
астыңғы жағынан бастап саналады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде есікті əрқашан артқа шегініп
барып ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ пісірер алдында пешті 10
минут іске қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін ылғал жерлерін
сүртіп
отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз жəне тағам пісірген
кезде құрылғының бөлшектерін алюминий фольгамен жаппаңыз. Бұл
пісіру нəтижесіне əсер етіп, пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торт пісіру
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін пайдалансаңыз, олардың арасындағы бір
қатарды ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз. Етті тым аз мөлшерде пісіргенде, ол
тым құрғақ болып піседі.
Өте майлы тағамды пісірген кезде, пеште кетпейтін дақ қалып қоймас
үшін май жинайтын табаны қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
15
Тағамды қуырған кезде пештің іші қатты түтіндеп кетпес үшін, май
жинағыш табаға аздап су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас үшін суы
сарқылған сайын үстінен су құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыты тағамның түріне, құрылымына жəне мөлшеріне
байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай пісірілетініне назар аударыңыз. Осы
құрылғыны қолданған кезде, ыдысқа, рецептілерге жəне тағамның
мөлшеріне барынша сай келетін параметрлерді (қызу параметрі, пісіру
уақыты т.с.с.) табыңыз.
Пісіру кестесі
Тағам
Салмағы
(г)
Науа түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Термост
ат күйі
Пісіру
уақыты
(минут)
Үстінде
жолақтар
ы бар
бөлке
250 алюмини
ймен
қапталған
3 10 1-2 25-30
Тегіс кекс 1000 алюмини
ймен
қапталған
3 10 1-2 35-40
Алма
салынған
ашытылғ
ан кекс
2000 алюмини
ймен
қапталған
3 10 3-4 50-60
Алма
бəліші
1200+120
0
алюмини
ймен
қапталған
2
дөңгелек
науа
(диаметрі
: 20 см)
3 10 3-4 65-75
Кішкене
кекстер
500 алюмини
ймен
қапталған
3 10 2 30-35
Майсыз
бисквит
торт
350 алюмини
ймен
қапталған
1
дөңгелек
науа
(диаметрі
: 26 см)
3 10 2-3 30-35
16
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Тағам
Салмағы
(г)
Науа түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Термост
ат күйі
Пісіру
уақыты
(минут)
Су
жинайтын
табадағы
торт
1500 алюмини
ймен
қапталған
3 - 2
45-55
1)
Бəліш
нан
800 алюмини
ймен
қапталған
3 20 8 10
Толтырм
асы бар
ашытылғ
ан кекс
1200 алюмини
ймен
қапталған
3 15 3-4 40-50
Пицца 1000 алюмини
ймен
қапталған
2 10 8 25-35
Сүзбеден
жасалған
кекс
2600 алюмини
ймен
қапталған
3 - 2 80-90
Швейцар
лық алма
бəліші
1900 алюмини
ймен
қапталған
3 15 6 50-60
Рождеств
о торты
2400 алюмини
ймен
қапталған
3 10
(термост
ат күйі: 8)
2-3
60
2)
Қайнатыл
ған кремі
бар
лоррен
бəліші
1000 алюмини
ймен
қапталған
1
дөңгелек
науа
(диаметрі
: 26 см)
3 15 5-6 50-60
Қол наны 750+750 алюмини
ймен
қапталған
2
дөңгелек
науа
(диаметрі
: 20 см)
3 10
(термост
ат күйі: 8)
4-5 50-60
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
17
Тағам
Салмағы
(г)
Науа түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Термост
ат күйі
Пісіру
уақыты
(минут)
Румынды
қ
бисквитті
торт
600+600 алюмини
ймен
қапталған
2
дөңгелек
науа
(диаметрі
: 25 см)
3 10 2-3 50-60
Румынды
қ
бисквитті
торт -
дəстүрлі
600+600 алюмини
ймен
қапталған
2
дөңгелек
науа
(диаметрі
: 20 см)
3 10 2-3 40-50
Швейцар
ия
орамасы
500 алюмини
ймен
қапталған
3 10 2-3 20-30
Меренга 400 алюмини
ймен
қапталған
3 - 1 40-50
Кремді
тəтті
тағам
500 алюмини
ймен
қапталған
3 10 3-4 35-40
Үкпе
себілген
кекс
1500 алюмини
ймен
қапталған
3 15 5-6 30-40
Бисквит
торт
600 алюмини
ймен
қапталған
3 10 1-2 35-40
Сары май
қосылған
кекс
600 алюмини
ймен
қапталған
3 15 3-4 25-30
1) Құрылғыны өшіргеннен кейін, кексті пеште 7 минутқа қалдырыңыз.
2) Құрылғыны өшіргеннен кейін, кексті пеште 10 минутқа қалдырыңыз.
18
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Айналғышы бар гриль
Тағам Салмағы (г) Сөре деңгейі
Пісіру уақыты
(минут)
Тауық, тұтас 1000 1-ші деңгейге
қуыру табасын
қойыңыз
90
Акриламидтер бойынша ақпарат
Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми мəліметтерге сəйкес, тағамды (əсіресе
құрамында крахмал бар) қуырған кезде, акриламидтер денсаулыққа қатер
төндіруі мүмкін.Сондықтан, біз тағамды ең төмен температурада пісіруді
жəне тым қатты қуырмауды ұсынамыз.
ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін əдетте қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Тұмшапештің ішін əр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай тазалайсыз, əрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарының (жуғыш зат қосылған жылы суға
батырылған шүберекпен) бəрін əр пайдаланып болған сайын тазалаңыз
да, құрғатыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш
затпен, өткір қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз. Бұл оның ластық тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Пештің есігін тазалау
Пештің есігінде бірінен кейін бірі орналасқан екі қабатты шыны бар.
Оңайырақ тазалау үшін пештің есігі мен ішкі шыны қабатты шығарып
алыңыз.
Назарыңызда болсын!
Есік əлі орнатылып тұрғанда ішкі қабатты шығарып алуға əрекет жасаған
болсаңыз, пештің есігі жабылып қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Шыны есікті тазаламас бұрын, шыны қабаттардың салқын болуын
тексеріңіз. Шынының сынып кету қаупі бар.
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау
19
Назарыңызда болсын!
Есіктің шыны қабаттары зақымданған немесе жарылған кезде, олар əлсіз
болып, сынып кетуі мүмкін. Мұны болдырмау үшін оларды ауыстыру
қажет. Қосымша нұсқауларды алу үшін жергілікті қызмет көрсету
орталығымен байланысыңыз.
Пештің есігі мен шыны қабатты шығарып алу
1. Есікті толық ашып, есіктің екі
топсасын ұстап тұрыңыз.
2. Екі топсадағы тетіктерді көтеріп,
бұраңыз.
3. Пештің есігін бірінші ашу күйіне
(жартылай) қарай жабыңыз. Алға
қарай тартып, оны ұясынан
шығарып алыңыз.
20
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау
/