AEG 35146TG-WN, 35146TG-MN Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я — чат-помощник, и я ознакомился с инструкцией по эксплуатации кухонной плиты AEG модели 35146TG. В этом документе подробно описаны функции плиты, включая газовую варочную поверхность и многофункциональную газовую духовку. Готовы ответить на ваши вопросы о ее использовании, уходе и решении возможных неисправностей.
  • Как правильно зажечь конфорку варочной поверхности?
    Как использовать функцию гриля в духовом шкафу?
    Как очистить духовку?
    Как установить время на часах духовки?
35146TG KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
RUИнструкция по эксплуатации 33
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
8. ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
9. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
10. ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
11. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
12. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
13. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша
жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі
тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс
жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп,
құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
туралы ақпарат:
www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.aeg.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын
қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі,
Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.aeg.com
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқан
балалар және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне
нұқсан келген адамдар немесе тәжірибесі немесе
білімі аз адамдар, өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін адамның бақылауында болса пайдалана
алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қолжетімді бөлшектері ыстық
болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынаыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері
қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш
элементтерін ұстамаңыз.
ҚАЗАҚ 3
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды
пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт
шығуы мүмкін.
Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет
жасамаңыз, бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп,
содан кейін жалынды қақпақ немесе өрт басқыш
көрпе тәрізді затпен жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен
тазаламаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Сақтау тартпасын ұстаған кезде абай болыңыз.
Ысып тұрады.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін
артқы жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын әрекеттерді керісінше орындап
салыңыз.
Ашатын кезде қақпаққа төгілген затты тазалаңыз.
Қақпақты жабар алдында пештің үстін
салқындатып алыңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
4
www.aeg.com
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Кесілген беттерге ылғал кіріп
үлкейтіп жібермес үшін
тығыздағышпен бітеңіз.
•Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыс құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
Егер құрылғыны тартпалардың
үстіне орнатсаңыз, құрылғының
астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның
арасында ауа ауысып тұруға
жеткілікті орын қалуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғының астыңғы жағы ысып
кетеді. Құрылғының астыңғы жағын
қол жетпейтін етіп бітеу үшін
тұтанбайтын оқшаулағыш панель
орнатуды ұсынамыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген
электр сымын ауыстырту үшін
қызмет көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
Электр сымдарын құрылғының
есігіне, әсіресе ыстық тұрған есікке
тигізуге болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік
беретін оқшаулағыш құралмен
жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш
құралдың контакт ара қашықтығы
кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Газға қосу
Газға қосу жұмыстарының барлығын
білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
Орнатар алдында жергілікті
жабдықтау жағдайлары (газдың түрі
мен газдың қысымы) және
құрылғының параметрлері сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
әкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату
ережелеріне сай орнатыңыз.
Желдету талаптарының дұрыс
орындалуына көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 5
2.2 Қолданылуы
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу немесе
электр тоғының қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі
жағы ысып кетеді. Құрылғының
ішіндегі қыздырғыш элементтерге
қол тигізбеңіз. Тұмшапештің керек-
жарақтарын немесе тұмшапеш
ыдыстарын алып-салған кезде үнемі
қолғап киіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін үнемі жабық ұстаңыз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыны қолданып болғаннан
кейін "off" (сөндіру) қалпына
қойыңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғы орнатылған бөлменің
жақсы желдетілуін қамтамасыз
етіңіз.
Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың
диаметрлерінен үлкен орнықты
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған
кезде, жалынның өшіп
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
Ыдыстардың шеңберлердің
ортасына орнатылғанына және
пісіруге арналған беттің жиектеріне
жабысып қалмайтынына көз
жеткізіңіз.
Құрылғымен бірге жеткізілген керек-
жарақтарды ғана қолданыңыз.
Оттыққа жалын шашыратқышты
орнатпаңыз.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Назарыңызда болсын!
Өрт немесе жарылыс шығу
қаупі бар.
Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь
қоспасы пайда болуы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды
құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
6
www.aeg.com
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына
сәйкес қарастырылатын ақаулық
емес.
Сулы қоспадан жасалған тортты
пісіру үшін шұңғыл табақты
қолданыңыз. Жеміс шырындарынан
кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетіне зақым келуі
мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий
жұқалтыр қоймаңыз.
Құйылған шойын, алюминий немесе
астына нұқсан келген ыдыстар
шыны керамика бетке сызат түсіруі
мүмкін. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
Қақпақ
Қақпақтың техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Қақпақты мезгілімен тазалаңыз.
Қақпақтың бетіне нәрсе шашыраған
кезде ашпаңыз.
Қақпақты жабар алдында
оттықтардың барлығын сөндіріңіз.
Пештің үсті мен тұмшапеш әбден
суымайынша қақпақты жаппаңыз.
Шыны қақпақ (егер бар болса)
жарылып кетуі мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Құрылғы аударылып кетпес
үшін оны орнықты етіп
орнататын құралдарды
орнатыңыз. Орнату тарауын
қараңыз.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, өрт қаупі және
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз.
ҚАЗАҚ 7
2.4 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын!
Электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
2.5 Қызмет көрсету
Құрылғыны жөндету үшін
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолдануды ұсынамыз.
2.6 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
11
2 3
6
7
5
8
9
10
1
2
3
4
1 4
1
Желдеткіштің түймешігі
2
Пеш үстінің тетіктері
3
Таймер - минут операторы
4
Гриль индикаторы
5
Пеш шамының түймешігі
6
Тұмшапеш функцияларының тетігі
7
Қыздырғыш элемент
8
Тұмшапештің шамы
9
Желдеткіш
10
Техникалық ақпарат тақташасы
11
Сөре деңгейлері
8
www.aeg.com
3.2 Пісіру алаңдарының көрінісі
1
4
2
3
1
Жартылай жылдам оттық
2
Жартылай жылдам оттық
3
Қосымша оттық
4
Үш шілтерлі оттық
3.3 Керек-жарақтары
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Жалпақ алюминий таба
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде қолдануға
арналған.
Зат сақтау суырмасы
Тұмшапештің астыңғы жағында зат
сақтау суырмасы орналасқан.
Сөре сырғытпалары, қосымша
сатылатын жабдық
Сөрелерді немесе науаларды қоюға
арналған. Бұларды жеке тапсырыс
беріп алдыруыңызға болады.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін,
тұтқасын әрқашан ортасынан
ұстаңыз.
4.1 Алғашқы тазалау
Керек-жарақтары мен алмалы сөре
сырғытпаларының барлығын (егер
бар болса) алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
"Күтіп ұстау және тазалау"
тарауын қараңыз.
4.2 Тәулік уақытын орнату
Тәулік уақытын тұмшапешті
іске қоспай тұрып орнату керек.
Құрылғыны электр желісіне қосқаннан
кейін немесе электр қуаты өшіп
қалғаннан кейін бейнебетте 0:00
көрсетіледі.
+ және - түймешіктерін 0:00
жыпылықтағанша қатар басыңыз.
Дұрыс тәулік уақытын орнату үшін +
немесе - түймешігін басыңыз.
Шамамен бес секунд өткеннен кейін
ҚАЗАҚ 9
жыпылықтау тоқтайды да, бейнебетте
сіз орнатқан тәулік уақыты көрсетіледі.
4.3 Алдын ала қыздыру
Құрылғының бетіндегі қоқыстарды
жағып жіберу үшін құрылғыны алдын
ала қыздырыңыз. Керек-жарақтар
қалыпты жұмыс режимімен
салыстырғанда қызып кетуі мүмкін.
Осы кезде иіс, түтін шығуы ықтимал.
Бұл қалыпты жағдай. Ауаның
жеткілікті түрде айналып тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Ең үлкен температураны 1 сағатқа
орнатыңыз.
5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Оттықтарды тұтату
Назарыңызда болсын!
Ас үйде ашық отты
пайдаланған кезде өте абай
болыңыз. Жалынды дұрыс
пайдаланбау салдарларының
ешбіріне өндіруші жауапты
емес.
Оттықты әрқашан ыдысты
қоймай тұрып жағыңыз.
1.
Тетікті шегіне дейін басып, ең
үлкен қалыпқа
дейін бұраңыз.
Тетікті басқан кезде тұтату
генераторы өздігінен қосылады.
2.
Басқару тетігін басып шамамен 10
секунд ұстап тұрыңыз. Сонда
термоэлемент жылиды. Бұлай
істемеген жағдайда газ беріліміне
кедергі келеді.
3.
Жалынды бірқалыпты жанғаннан
кейін реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен кейін
оттық жанбаса, оның шілтері
мен қақпағының дұрыс
тұрғанын тексеріңіз.
A
B
C
D
A
B
C
D
A)
Оттық табақшасы
B)
Оттық шілтері
C)
От алдырғыш
D)
Термореле
Егер оттық кездейсоқ сөніп
қалса, басқару түймешесін
сөндірулі қалыпқа бұраңыз да,
кем дегенде 1 минуттан кейін
оттықты тағы бір рет жағып
көріңіз.
10
www.aeg.com
Пешті орнатқаннан кейін
немесе қуат үзілісінен кейін
электр қуатын қосқан кезде,
тұтату генераторы өздігінен
іске қосылуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай.
Назарыңызда болсын!
Егер оттық 10 секундтан кейін
жанбаса, басқару тетігін
босатыңыз, оны өшірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем
дегенде 1 минуттан кейін
оттықты тағы бір рет жағып
көріңіз.
Оттықты электр құралын
қолданбай жағуға болады
(мысалы, ас үйде электр қуаты
болмаған кезде). Жалынды
оттыққа жақын әкеліп, тиісті
басқару тетігін ең көп газ
шығару қалпына бұрап, 10
секунд басып ұстап тұрыңыз.
Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін басқару тетігін
белгісіне бұраңыз.
Назарыңызда болсын!
Кәстрөлдерді оттықтан
алардан бұрын үнемі отты
азайтыңыз немесе сөндіріп
қойыңыз.
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
6.1 Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, ыдыстың
қақпағын әрқашан жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
Назарыңызда болсын!
Диаметрі оттықтың өлшеміне
дәл келетін табалар мен
кәстрөлдерді пайдаланыңыз.
Пеш тақтасының шетінен
шығып тұратын қазан-
кәстрөлдерді қолданбаңыз.
Оттық Ыдыстың диаметрі
Үш
шілтерлі
160 - 240 мм
Жартылай
жылдам
140 - 240 мм
Қосымша 120 - 180 мм
Түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше
тегіс ыдысты қолданыңыз.
7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Құрылғыны тазалау немесе
жөндеу жұмыстарын
жүргізердің алдында оны
электр желісінен ажыратыңыз.
ҚАЗАҚ 11
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік мақсатында
құрылғыны бумен тазалағыш
немесе жоғары қысыммен
тазалағыш құралдармен
тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын!
Түрпілі тазалағыш заттарды,
темір жөкені немесе қышқылды
қолданбаңыз. Бұндай заттар
құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Құрылғының бетіне түскен
сызаттар немесе қошқыл
дақтар оның жұмысына
ешқандай әсер етпейді.
Пештің үстін тазалауды жеңілдету
үшін таба қоятын тағандарды алып
қоя тұруға болады.
Эмальмен қапталған бөліктерді,
қақпақшасы мен шілтерін сабыны
бар сумен жуып, орнына қайта қояр
алдында жақсылап құрғатыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін
сумен жуыңыз да, содан кейін
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Таба қоятын тағандар ыдыс жуғыш
машинада жууға арналмаған.
Оларды қолмен жуу керек.
Ыдыс тағандарын қолмен жуғанда,
құрғатып сүрткенде абай болыңыз,
себебі эмальмен қапталған жиектері
өткір болуы мүмкін. Қажет болса,
қатып қалған дақтарды тазартқыш
қоймалжыңмен кетіріңіз.
Тазалап болғаннан кейін таба
тағандарын дұрыс орнатуды
ұмытпаңыз.
Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары
оттықтың ортасында тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін
таба тағандарын орнына қойған
кезде абай болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
8. ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Қауіпсіздік термоэлементі
Қауіпсіздік термоэлементі
жұмыс істеп тұрған
термоэлементті ажыратуға
арналған.
Шектен тыс қызып кету салдарынан
тұмшапештің термоэлементіне зақым
келмеу үшін, тұмшапеш тоқты үзетін
қауіпсіздік термоэлементімен
жабдықталған. Температура
төмендеген кезде тұмшапеш қайта
автомтты түрде іске қосылады.
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік термоэлементі
тұмшапештің термоэлементі
дұрыс жұмыс істемесе ғана іске
қосылады. Бұндай жағдай орын
алған кезде тұмшапештің
температурасы өте жоғары
болады және барлық тағамды
күйгізіп жібереді.
Термоэлементті ауыстырту
үшін қызмет көрсету
орталығына дереу хабарласу
керек.
8.2 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш
функциясы
Қолданылуы
Сөндіру
қалпы
Құрылғыны сөндіруге арналған.
12
www.aeg.com
Тұмшапеш
функциясы
Қолданылуы
1 - 8
Температура
мәндерін
реттеу
Тұмшапешке арналған өзгертуге болатын
температура ауқымы
(1 - 135 °C, 2 - 150 °C, 3 - 165 °C, 4 - 180 °C, 5 - 195
°C, 6 - 210 °C, 7 - 230 °C, 8 - 250 °C).
Гриль
Жайпақ тағамды сөренің ортасында қақтауға
арналған. Тост жасауға арналған.
Назарыңызда болсын!
Газ тұмшапешін пайдаланған кезде электрлі
грильді пайдаланбауды ұсынамыз.
Жеңіл
Тұмшапештің ішін пісіру функциясынсыз
жарықтандыруға арналған. Бұл функцияны
қолдану үшін тұмшапеш шамының түймешігін
басыңыз.
Жібіту
Мұздатылған тағамды жібітуге арналған. Бұл
функцияны қолдану үшін желдеткіш түймешігін
басыңыз.
1 - 8
Газдың көп
функциялы
параметрі
Бірнеше сөрені пайдаланып, бірдей температурада
пісірілуге тиіс тағамдардың иістерін бір-біріне
сіңірмей қуыруға немесе қуырып-пісіруге арналған.
Бұл функцияны қолдану үшін тұмшапешті қыздыру
функциясын (1 - 8) орнатып, желдеткіштің
түймешігін басыңыз.
Турбо гриль
Гриль элементі мен тұмшапештің желдеткіші бірге
жұмыс істеп, ыстық ауаны тағамның айналасына
таратады. Еттің үлкен кесектерін пісіруге арналған.
Бұл функцияны қолдану үшін тұмшапеш
функцияларының тетігін Гриль қалпына
қойып,
желдеткіштің түймешігін басыңыз.
8.3 Газ тұмшапеште тамақ
пісіру
Газ пештің оттығын тұтату:
1.
Тұмшапештің есігін ашыңыз.
Есіктің өздігінен ашылып қалуына
жол бермеңіз - есікті әбден
ашылғанша тұтқасынан
сүйемелдеп ұстап тұру керек.
Тұмшапештің оттығын жаққан
кезде тұмшапештің есігін ашық
ұстау керек.
2.
Қақпақтың ашық тұрғанына көз
жеткізіңіз. Тұмшапешті
пайдаланған кезде қатты қызып
кетпес үшін қақпақты ашып қою
керек.
3.
Тұмшапеш функцияларын басқару
тетігін басып, ең жоғары мәнге
қойыңыз. Оны шамамен 15 секунд
басып тұрыңыз. Оны жалын пайда
болғанша босатпаңыз.
Тетікті басқан кезде от тұтатқыш
автоматты түрде іске қосылады.
Егер оттық от алмаса немесе
кенет сөніп қалса:
1.
Тетікті босатып, "off"
қалпына қойыңыз.
2.
Тұмшапештің есігін
ашыңыз.
3.
Бір минуттан кейін, оттықты
қайта тұтатып көріңіз.
Қолдан тұтау:
Электр қуаты уақытша үзіліп қалса.
1.
Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2.
Отты тұмшапеш ішінің түбіндегі
тесіктің жанында ұстап тұрыңыз.
ҚАЗАҚ 13
3.
Осы кезде тұмшапештің
функцияларының тетігін басып,
сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап ең үлкен мәнге қойыңыз.
4.
Жалын шыққан кезде, тетікті
шамамен 15 секунд басып ұстап
тұрыңыз.
Тұтатқаннан кейін:
1.
Тетікті босатыңыз.
2.
Тұмшапештің есігін жабыңыз.
Назарыңызда болсын!
Тағамды әрқашан тұмшапештің
есігін жауып пісіріңіз.
3.
Тетікті қажетті қызу параметріне
қойыңыз.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Тұмшапеш термоэлементпен
жабдықталған. Ол жалын сөніп
қалғанда, газдың берілуін тоқтатады.
8.4 Тұмшапештің оттығын
сөндіру
Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына
бұраңыз.
8.5 Электрлі грильді
пайдалану
Назарыңызда болсын!
Тағамды әрқашан тұмшапештің
есігін жауып пісіріңіз.
Назарыңызда болсын!
Газ тұмшапешін пайдаланған
кезде электрлі грильді
пайдаланбауды ұсынамыз.
Назарыңызда болсын!
Қол жететін бөліктері грильді
пайдаланған кезде ыстық
болып тұруы мүмкін. Жас
балаларды алыс ұстау керек.
Осы функцияны ажырату үшін тетікті
"оff" қалпына койыңыз.
8.6 Гриль индикаторы
Гриль индикаторы ("Бұйым
сипаттамасы" тарауын қараңыз) гриль
пісіру функциясы таңдалған кезде
жанады. Ол пеш қажетті
температураға дейін қызған кезде
өшеді. Одан соң жанып-сөну арқылы
қажетті температураның реттелгенін
көрсетеді.
8.7 Таймер - минут
операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін
қолданыңыз.
1.
Минут операторына кері санақ
уақытын орнату үшін + түймешігін
басыңыз. Ең ұзақ орнатуға
болатын уақыт: 99 минут 50
секунд.
2.
Орнатылған уақыт аяқталған
кезде индикатор жыпылықтап,
дыбыстық сигнал естіледі.
Сигналды тоқтату үшін түймешікті
басыңыз.
Бұл функция тұмшапештің қызметіне
ешбір әсер етпейді.
9. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
14
www.aeg.com
9.1 Тұмшапештің керек-жарақтарын салу
Пештің сырғымалы керек-
жарақтарының қос қырлы ұштарын
пештің артқы жағына келтіріп, төмен
қаратып салыңыз. Пештің сырғымалы
керек-жарақтарын пеш қатарларының
біріндегі бағыттағыш жолдарға
келтіріп салыңыз.
Тұмшапеш сөресі мен қуыру табасын
қатар орналастыру
Тұмшапештің сөресін қуыру
табасының үстіне қойыңыз. Шұңғыл
табаны тұмшапеш деңгейлерінің
біріндегі бағыттағыш жолдарға
келтіріп салыңыз.
9.2 Пісірме табақты салу
Табақты тұмшапештің ішінің ортаңғы
жағына, алдыңғы және артқы
қабырғаның ортасына қойыңыз. Бұл
пісірме табақтың алды-артында ыстық
ауаның айналуын қамтамасыз етеді.
Табақты суретте көрсетілгендей,
қисық жағын артқа қаратып салыңыз.
Назарыңызда болсын!
Пісірме табақты тұмшапештің
артқы қабырғасына тигенше
итермеңіз. Себебі бұлай
істегенде табақтың
айналасына қызу келуге
кедергі жасайды. Тағамның
әсіресе табақтың артқы
жағындағы бөлігі күйіп қалуы
мүмкін.
ҚАЗАҚ 15
10. ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Сақтандыру туралы ескерту!
Өте сулы қоспадан жасалған
тортты пісіру үшін шұңғыл
табақты қолданыңыз. Жемістің
шырыны эмаль қаптамаға
кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін.
Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарларын құрылғының
астынан бастап санау керек.
Түрлі тағамдарды бір мезгілде
пештің екі деңгейінде пісіруге
болады. Сөрелерді 1-ші және 3-ші
деңгейге қойыңыз.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген
кезде есікті әрқашан артқа шегініп
барып ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін
тамақ пісірер алдында пешті 10
минут іске қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін ылғал жерлерін сүртіп
отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз және тағам пісірген
кезде құрылғының бөлшектерін
алюминий фольгамен жаппаңыз.
Бұл пісіру нәтижесіне әсер етіп,
пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі
мүмкін.
10.1 Торт пісіру
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10
минут қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың
арасындағы бір қатарды ашық
қалдырыңыз.
10.2 Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз.
Етті тым аз мөлшерде пісіргенде, ол
тым құрғақ болып піседі.
Өте майлы тағамды пісірген кезде,
пеште кетпейтін дақ қалып қоймас
үшін май жинайтын табаны
қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны
турамай тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
Тағамды қуырған кезде пештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін, май
жинағыш табаға аздап су құйыңыз.
Түтін жиналып қалмас үшін суы
сарқылған сайын үстінен су құйып
отырыңыз.
10.3 Пісіру уақыттары
Пісіру уақыты тағамның түріне,
құрылымына және мөлшеріне
байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай
пісірілетініне назар аударыңыз. Осы
құрылғыны қолданған кезде, ыдысқа,
рецептілерге және тағамның
мөлшеріне барынша сай келетін
параметрлерді (қызу параметрі, пісіру
уақыты т.с.с.) табыңыз.
10.4 Пісіру кестесі
Тағам
Науа түрі мен
сөренің деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Термо
элеме
нттің
орны
Пісіру
уақыты
(минут)
Тәтті таспалар (250
г)
алюминий таба, 3-ші
деңгей
10 2 25 - 30
Тәтті таспалар (250
г)
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгей
10 2 20 - 25
16
www.aeg.com
Тағам
Науа түрі мен
сөренің деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Термо
элеме
нттің
орны
Пісіру
уақыты
(минут)
Жалпақ торт (1000 г) алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
10 2 - 3 35 - 40
Алма қосылған
ашыған ұннан
жасалған торт (2000
г)
алюминий таба, 3-ші
деңгей
10 5 50 - 60
Алма бәліші (1200 +
1200 г)
Алюминиймен
қапталған 2
дөңгелек табақ
(диаметрі: 20 см), 3-
ші деңгей
10 6 55 - 65
Кішкене кекстер (500
г)
алюминий таба, 3-ші
деңгей
10 2 - 3 25- 30
Майсыз бисквит торт
(350 г)
1 дөңгелек табақ
(диаметрі: 26 см), 3-
ші деңгей
10 3 30 - 35
Май таба торты
(1500 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
- 2 - 3
45 - 55
1)
Бүтін тауық (1400 г) пештің сөресі 3-ші
деңгейде
2)
- 8 50 - 60
Флан наны (800 г) алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
20 7 15 - 20
Толтырылған
ашыған қамыр кексі
(1200 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
15 4 - 5 40 - 50
Пицца (1000 г) алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
10 5 - 6 25 - 35
Чизкейк (2600 г) алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
- 2 70 - 90
Алма қосылған ашық
бәліш (1900 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
15 6 - 7 40 - 60
Рождество торты
(2400 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
15
3)
3 - 4
60
4)
ҚАЗАҚ 17
Тағам
Науа түрі мен
сөренің деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Термо
элеме
нттің
орны
Пісіру
уақыты
(минут)
Киш лорен (1000 г) 1 дөңгелек табақ
(диаметрі: 26 см), 3-
ші деңгей
15 5 - 6 50 - 60
Шаруа наны (750 +
750 г)
Алюминиймен
қапталған 2
дөңгелек табақ
(диаметрі: 20 см), 3-
ші деңгей
15
3)
4 - 5 50 - 60
Румын торты (600 +
600 г)
Алюминиймен
қапталған 2
дөңгелек табақ
(диаметрі: 25 см), 3-
ші деңгей
10 2 - 3 50 - 60
Румын торты -
дәстүрлі (600 + 600 г)
Алюминиймен
қапталған 2
дөңгелек табақ
(диаметрі: 25 см), 3-
ші деңгей
10 2 - 3 40 - 50
Швейцария орамасы
(500 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
10 2 - 3 20 - 30
Меренга (400 г) алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
- 1 - 2 40 - 50
Кішкене Choux (500
г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
10 3 - 4 30 - 40
Үгілмелі торт (1500 г) алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
15 5 - 6 30 - 40
Қопсыма торт (600 г) алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
10 2 35 - 40
Майлы торт (600 г) алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
15 3 20 - 30
1)
Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 5 - 7 минут тұмшапеште ұстаңыз.
2)
Пісірме табақты тұмшапештің сөресінің астына, 2-ші деңгейге қойыңыз.
3)
Термоэлементтің орны: 8
4)
Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 5 - 10 минут тұмшапеште ұстаңыз.
18
www.aeg.com
10.5 Гриль жасау
Тағам Сөре деңгейі
Алдын ала
қыздыру
уақыты (минут)
Пісіру
уақыты
(минут)
Тост наны (500 г) пештің сөресі 3-ші
деңгейде
1)
10 4 - 6
Сиыр етінің стейктері
(1000 г)
2 10 20 + 20
Жарты тауық (1200 г) 2 - 30 + 35
Қуырылған шошқа
котлеті (500 г)
2 - 30 + 30
1)
Пісірме табақты тұмшапештің сөресінің астына, 1-ші немесе 2-ші деңгейге
қойыңыз.
11. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
сұйық қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Металл беттерді әдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Тұмшапештің ішін әр пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай
тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол
бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарын әр
қолданып болған сайын тазалап,
құрғатып отырыңыз. Шүберекті,
жылы су мен жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына
ластық тұрмайтын болса, жеміргіш
затпен, өткір қырлы құралмен
тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз. Бұл оның
ластық тұрмайтын қаптамасын
бүлдіреді.
ҚАЗАҚ 19
11.1 Сөре сырғытпаларын алу
2
1
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
1.
Сөре сырғытпасының алдыңғы
жағын қабырғадан тартып
шығарыңыз.
2.
Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
Сөре сырғытпаларын әрекеттерді
керісінше орындап салыңыз.
Сөре сырғытпаларының доғал
ұштары алдыңғы жаққа қарап
тұруға тиіс.
11.2 Каталитті қабырғалар
Каталитті қаптамасы бар қабырғалар
өздігінен тазаланады. Мұндай қаптама
тұмшапеш жұмыс істеп тұрған кезде
қабырғаға шашыраған майды сіңіріп
алады.
Тұмшапеш өздігінен тазалануы үшін
ішіне тағам салмастан мезгіл-мезгіл
қыздырыңыз.
1.
Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2.
Тұмшапеш ішіндегі керек-
жарақтардың барлығын алыңыз.
3.
Есікті жабыңыз.
4.
Тұмшапештің функциясын
орнатыңыз.
5.
Тұмшапештің температурасын 250
°C-қа қойыңыз да, тұмшапешті 1
сағат іске қосыңыз.
6.
Тұмшапештің ішін жұмсақ, дымқыл
жөкемен тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің каталитті
қаптамасының бетін пешке
арналған спрей, түрпілі
тазартқыш, сабын немесе
басқа тазартқыш заттармен
тазаламаңыз. Мұндай заттар
каталитті қаптаманы бүлдіруі
мүмкін.
Каталитті қаптаманың түсінің
оңуы каталиттің сипаттарына
әсер етпейді.
11.3 Тұмшапештің есігін
тазалау
Тұмшапештің есігінде бірінің артында
бірі орнатылған екі шыны панель бар.
Тазалау жұмысын жеңілдету үшін
тұмшапештің есігін алыңыз.
Назарыңызда болсын!
Есік өз орнында тұрғанда ішкі
панельді алуға әрекет
жасасаңыз, тұмшапештің есігі
жабылып қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Шыны есікті тазаламас бұрын,
шыны қабаттардың салқын
болуын тексеріңіз. Шынының
сынып кету қаупі бар.
Назарыңызда болсын!
Есіктің шыны қабаттары
зақымданса немесе оларға
сызат түссе, осал болуы және
сынып кетуі мүмкін. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін
оларды ауыстыру қажет.
Қосымша нұсқауларды
жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласып
алыңыз.
20
www.aeg.com
/