Zanussi ZCG559GW Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
KK
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
RU
Инструкция по
эксплуатации
19
UK
Інструкція 38
Пеш
Кухонная плита
Плита
ZCG559G
KZ
RU
UA
Мазмұны
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар _ _ _ _ 2
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Пештің үсті - Күнделікті
пайдалану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-
кеңес _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7
Пештің үсті - Күтіп ұстау және
тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану _ _ _ 8
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-
кеңес _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
Тамақ пісіру панелі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 10
Тұмшапеш - Күтіп ұстау және
тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 11
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету мен
құрылғыны дұрыс іске қосу үшін, оны
орнатып, іске қоспас бұрын аталмыш
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де
осы нұсқаулық құрылғымен бірге болсын.
Құрылғыны пайдаланатын адамдар оның
қауіпсіздік функциялары мен іске қосу
жолдарын толық білуге тиіс.
Өндіруші құрылғыны теріс орнату мен
қолдануға байланысты туындаған
ақаулықтар үшін жауапкершілік
көтермейді.
Балалар мен әлсіз адамдардың
қауіпсіздігін сақтау
Бұл құрылғыны жасы 8-ге толған және
одан асқан балалар мен
физиологиялық, сезімдік не болмаса
ақыл-ой деңгейіне не пеш жұмысына
қатысты тәжірибесі мен білімі аз
адамдар, өз қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауымен,
құрылғыны іске қосу туралы ерекше
нұсқау алып, қатерлі жағдайлардан
хабардар болғаннан кейін ғана
пайдалануға тиіс. Балалар құрылғымен
ойнамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып қалу қаупі бар.
Балаларды құрылғыдан алыс ұстаңыз.
Жарақат алу немесе мүгедектікке
апарып соқтыратын жағдайлар орын
алуы мүмкін.
•Құрылғыда бекітпені іске қосатын
немесе бекітетін құрал болса, оны
қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй
жануарларының құрылғыны
байқаусызда қосып қоюына жол
бермейді.
Қауіпсіздікке қатысты жалпы
нұсқаулар
•Бұл өнімді өзгертуге не оның
техникалық сипаттарына өзгеріс
енгі зу ге бо лм ай д ы. Жа ра қа т а лу немес е
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны ең алғаш іске қоспас бұрын
орам материалдарының,
жапсырмалары мен төсем
материалдарының барлығын алыңыз.
Пісіру алаңдарын әр қолданып болған
сайын "off" қалпына қойыңыз.
Қолданылуы
Құрылғы тек үйде ғана қолдануға
арналып шығарылған.
•Құрылғының үстін жұмыс алаңына не
зат сақтайтын орынға айналдырмаңыз.
Қосылып тұрған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз. Өрт шыққан жағдайда
құрылғыны сөндіріңіз. Өртті кәстрөл
қақпағымен сөндіріңіз , оны ешқашан
сумен сөндіруге болмайды.
2
Күйіп қалу қаупі бар! Пісіру алаңына
металл заттарды, мысалы ас
құралдары мен кастрөл қақпақтарын
қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.
Заттар немесе ыдыс-аяқтар пештің
керамика бетіне құласа, оған зақым
келтіруі мүмкін.
Шойын, алюминийден жасалған, не
түбіне нұқсан келген ыдыстарды әрі-
бері сырғытсаңыз, керамика бетке
сызат түсуі мүмкін.
Құрылғының бетіне сызат түссе, электр
тоғының қатеріне ұшырамас үшін оны
ажыратып қойыңыз.
Ыдыстар мен керамика бетке нұқсан
келмес үшін ыдыстарды ішіндегісі
әбден сарқылғанша қайнатпаңыз.
Пісіру алаңдарын еш ыдыссыз не бос
ыдыс қойып пайдаланбаңыз.
Пештің эмаль қаптамасының түсінің
өзгеруі, құрылғы жұмысына әсер
етпейді. Бұл кепілдікті заңды күшінен
айырмайды.
Құрылғының есігін күш салып баспаңыз.
Құрылғы іске қосылып тұрғанда, оның
іші ысып кетеді. Күйіп қалу қатері бар.
Керек-жарақтар мен кәстрөлдерді алып
не салып жатқанда қолғап киіңіз.
Іске қосылып тұрған құрылғының есігін
ашатын кезде (әсіресе бумен пісірген
кезде) әрқашан артқа шегініңіз. Бұлай
істегенде жиналып қалған бу немесе
қызу сыртқа шығады.
Құрылғының сырлы қаптамасы бүлініп
қалмас үшін:
құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз және оны алюминий
фольгамен жаппаңыз
Ыстық суды құрылғының ішіне тура
қоймаңыз
тағам пісіруді аяқтағаннан кейін су
ыдыстарды және тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
Бұл пешті суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Пешті су қолмен іске
қоспаңыз.
Су ыдыстар мен пісірілген тағамдарды
құрылғының ішінде ұстамаңыз, себебі
бу құрылғының сырлы қаптамасын
бүлдіреді немесе құрам бөліктерінің
ішіне кіріп кетеді.
Тез тұтанғыш сұйықтар мен
материалдарды, немесе балқығыш
заттарды (пластик не алюминийден
жасалған) құрылғы үстіне немесе оған
жақын қоймаңыз.
Тек қызуға төзімді керек-жарақтарды
ғана пештің астындағы суырмаға
салған дұрыс. Суырмаға тұтанғыш
материалдарды салмаңыз.
Пеш қуысындағы ауа айналымын
қамтамасыз ету үшін пештің арт
жағының орта шегінде орналасқан
саңылаудың бітеліп не далдада
қалмағанын әрқашан тексеріңіз.
Сақтандыру туралы ескерту! Шыны
қақпақ қызған кезде шытынап кетуі
мүмкін. Қақпақты оттықтардың барлығын
сөндіргеннен кейін ғана жабыңыз.
Күтім көрсету және тазалау
Жөндеу жұмысын жүргізбей тұрып,
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан
ағытып алыңыз. Құрылғының
суығанына көз жеткізіп алыңыз.
Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз.
Пеште жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы
мүмкін.
Құрылғының бетін жиі-жиі тазалап тұру,
оны сыны кетіп сапасы түсуден
сақтайды.
Құрылғыны тазалау үшін тек су мен
сабынды пайдаланыңыз. Өткір заттар,
түрпілі тазалағыш құралдар, жеміргіш
жөкелер мен дақ кетіргіштер құрылғыға
нұқсан келтіреді.
Құрылғыны бу бүріккішпен немесе
жоғары қысым арқылы тазалайтын
құралмен тазаламаңыз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе
металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
3
шыны панельдің қызуға төзімді беті
сынып, жарылып кетуі мүмкін.
Шыны панельдерді тазаламай тұрып,
олардың салқындағанына көз жеткізіңіз.
Шыны сынып қалуы ықтимал.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру керек.
Қосымша нұсқауларды жергілікті
қызмет көрсету орталығынан алыңыз.
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
май сүзгісіне(егер бар болса),
қыздырғыш элементтер мен термореле
сенсорлық құралына ешқашан қандай
да бір затты бүркіп шашпаңыз.
Пиролит арқылы (егер бар
болса)тазалаған кезде қатып қалған
ластық, құрылғы бетінің түсін өзгертуі
мүмкін.
Каталитті эмальды тазаламаңыз (егер
бар болса).
Пештің шамын айырбастаған кезде
абай болыңыз. Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар!
Орнату
Бұл құрылғыны тек уәкілетті маман ғана
орнатып, желіге қосып немесе жөндеуге
тиіс.
Құрылғы қолданылатын елдегі заң
күшіне ие заңдар, қаулылар, ережелер
мен стандарттарды(қауіпсіздік
нұсқаулары, қалдықтарды қайта өңдеу
бойынша ережелер, электр және/не газ
қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) мұқият
орындаңыз!
Орнату нұсқауларын орындамасаңыз,
ақаулық орын алған жағдайда кепілдік
заңды күшке ие болмай қалады.
Құрылғыны тасымалдаған кезде еш
жерінің бүлінбегенін тексеріңіз.
Бүлінген құрылғыны ешқашан желіге
қоспаңыз. Қажет болса, құрылғыны
сатқан жерге хабарласыңыз.
Құрылғыны тез тұтанатын заттарға
(мысалы, терезе пердесі, сүлгі т.б.)
таятып орнатудан қашық болыңыз.
Ең алғаш пайдаланбас бұрын орам
материалдарының барлығын алыңыз.
Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
Әрқашан қауіпсіздік қолғабын киіңіз.
Құрылғыны ешқашан тұтқасынан
немесе үстіңгі жағынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум арақашықтықты
сақтаңыз!
Маңызды! Пешті таған немесе сол
сияқты оны биіктететін заттың үстіне
қоюға болмайды. Бұл құрылғының бір
жағына қарай ауып кету қаупін күшейте
түседі!
Электр желісіне жалғау
Құрылғыны міндетт і түрде жерге қосу
қажет.
Техникалық тақтайшадағы электр
параметрлерінің желі параметрлеріне
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
ғана қолданыңыз.
Көп тармақты ашаларды, қосқыштарды
және ұзартқыш кабельдерді
қолданбаңыз. Өрт шығу қатері бар.
Қорек сымын өзіңіз ауыстыруға немесе
өзгертуге әрекеттенбеңіз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғы кез келген полюсте
контакттарының арасына 3 мм орын
қалдыра отырып ажыратуға мүмкіндік
беретін құралмен жабдықталуға тиіс.
Қорек сымы мен ашаның құрылғының
арт жағында жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны орнатып болған соң да
ашаға қол жететіндігін тексеріңіз.
Құрылғыны сымынан тартып
ағытпаңыз. Әрқашан сымының
ашасынан ұстап ағытыңыз.
4
Айырып-қосқыш құралдардың дұрыс
түрін қолдану қажет: оларға айырып-
қосқыштар, сақтандырғыштар
(бұралмалы сақтандырғыштарды
ұясынан алу қажет ), жерге қосу және
контакт құралдары жатады.
Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Газға қосу
Құрылғы қасындағы желдеткіштің
жақсы жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.
Ауаның жеткілікті берілмеуі, оттегі
тапшылығын туғызуы мүмкін.
Газдың берілуі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген газ түріне
сай келетініне көз жеткізіңіз, "Бұйым
сипаттамасы" тарауын қараңыз.
Бұл пеш жану өнімдерін кетіретін
құрылғыға жалғанбаған. Бұл пеш
қолданыстағы орнату ережелеріне сай
орнатылып, желіге қосылуға тиіс.
Желдетуге қатысты талаптардың
орындалуына ерекше назар аудару
керек.
Газға тамақ пісіру құрылғысын
пайдаланған кезде оны орнатқан бөлме
ысып кетеді және ылғал түзіледі. Ас
бөлмедегі желдеткіштің жақсы жұмыс
істейтініне көз жеткізіңіз: табиғи жолмен
желдетілетін саңылауларды ашып
қойыңыз не механикалық желдету
құралын орнатыңыз (механикалық
тартқыш құрылғы).
•Құрылғыны ұзақ уақыт қарқынды
пайдаланған кезде, ас бөлмені көбірек
желдету (мысалы, терезені ашу немесе
механикалық желдеткіш бар болса,
деңгейін көтеру) керек.
Қызмет көрсету
Бұл құрылғыны уәкілетті қызмет көрсету
орталығының инженері ғана жөндей
алады. Фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұйым сипаттамасы
Жалпы көрінісі
9
1
2
3
10
7
1
8
2 3 4 5 6
1 Басқару панелі
2 Пеш шамының түймешігі
3 Тұтату түймешігі
4 Пеш функцияларын басқару тетігі
5 Пеш тақтасын басқару тетіктері
6 Пештің үсті
7 Гриль
8 Пеш шамы
9 Техникалық ақпарат тақтайшасы
10 Сөре сырғытпасы
5
Пісіру тақтасының орналасуы
2
1
3
4
1 Жартылай жылдам оттық
2 Жартылай жылдам оттық
3 Қосымша оттық
4 Жылдам оттық
Керек-жарақтар
Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру және қуыру үшін немесе май
жинайтын таба ретінде қолданылады.
Пеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Гриль дефлекторы
Грильді қолданған кезде қалқан ретінде
пайдаланылады.
Сақтау бөлігі
Пеш қуысынан төмен сақтау бөлігі
орналасқан.
Бөлікті қолдану үшін төмендегі алдыңғы
есігін көтеріп, одан кейін оны төмен
басыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда сақтау бөлігі
ысып кетуі мүмкін.
Бірінші қолданғанға дейін
Пешті пайдаланбас бұрын, оның ішкі
және сыртқы орам материалдарының
барлығын алыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны ең алғаш пайдаланардың
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш тазалағыштарды
қолданбаңыз! Бұндай заттар құрылғының
бетін бүлдіруі мүмкін. "Күтім көрсету және
тазалау" тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп
жіберу үшін, ең жоғары температураны
орнатыңыз да, бос пешті 45 минут
қыздырыңыз. Пештің керек-жарақтары
қалыпты жағдайда пайдаланған
кездегіден де қызып кетуі мүмкін. Осы
кезде иіс шығуы ықтимал. Бұл қалыпты
жағдай. Бөлменің жақсы желдетілетініне
көз жеткізіңіз.
6
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану
Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын! Ас үйде ашық
отты пайдаланған кезде өте абай
болыңыз. Жалынды дұрыс пайдалану
жағдайлары үшін өндірушілер
жауапкершілік көтермейді
Оттықты әрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.
Оттықты жағу үшін:
1. Тұтату түймешігін басып ұстап
тұрыңыз.
.
2. Басқару тетігін сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап ең үлкен қалпына
қойыңыз
.
3. Тұтату түймешігін босатыңыз.
4. Отты бірқалыпты жанғаннан кейін
реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық
жанбаса, шілтер мен қақпақтың
дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
3
1
2
1 Оттықтың қақпағы
2 Оттықтың шілтері
3 Тұтатқыш жанарғы
Назарыңызда болсын! Егер оттық 15
секундтан кейін жанбаса, басқару
түймешесін босатыңыз, оны өшірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан ке йін оттықт ы тағы бір рет жағып
көріңіз.
Өте маңызды! Оттықты электр құралын
қолданбай жағуға болады (мысалы, ас
үйде электр қуаты болмаған кезде). Ол
үшін, жалынды оттыққа жақын әкеліп,
тиісті басқару түймешесін басыңыз да,
оны сағат тілінің бағытына қарсы ең көп
газ шығару қалпына бұраңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса,
басқару түймешесін сөндірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан ке йін оттықт ы тағы бір рет жағып
көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін немесе қуат
үзілісінен кейін электр қуатын қосқан
кезде, тұтату генераторы өздігінен іске
қосылуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін түймешені мына
белгіге бұраңыз:
.
Назарыңызда болсын! Кәстрөлдерді
оттықтан алардан бұрын отты
азайтыңыз немесе сөндіріп қойыңыз.
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес
Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, кәстрөлдердің
қақпағын әрдайым жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
Түбі оттықтың өлшеміне дәл келетін
табалар мен кәстрөлдерді
пайдаланыңыз.
Оттық Тамақ пісіретін ыдыстың
диаметрі
Жылдам 160 мм - 280 мм
Жартылай
жылдам
140 мм - 240 мм
Қосымша 120 мм - 180 мм
7
Түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше
тегіс ыдысты қолданыңыз.
Пештің үсті - Күтіп ұстау және тазалау
Назарыңызда болсын! Пешті
тазалардан бұрын оны сөндіріңіз де,
суығанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
мақсатында құрылғыны бумен
тазалағыш немесе жоғары қысыммен
тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын! Түрпілі
тазартқыш, болат сымнан жасалған
ысқыш немесе қышқылдарды
қолданбаңыз, олар құрылғыны бүлдіруі
мүмкін.
•Эмальмен қапталған бөліктерін,
қақпағы мен шілтерін тазалау үшін
жылы сабын сумен жуыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін сумен
жуыңыз да, жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Таба тағандары ыдыс жуғыш машинаға
жарамайды ; оларды қолмен жуу керек.
Тазалап болғаннан кейін таба
тағандарын дұрыс орнатуды
ұмытпаңыз.
Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба
тағандарын орнына қойған кезде абай
болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану
Пештің функциялары
Пештің төмендегідей функциялары бар:
Пеш функциясы Қолданылуы
Off (сөндірулі)
қалпы
Құрылғыны сөндіруге арналған.
Газ барынша
көп беріледі
Пештің температурасын реттеуге арналған - ең жоғары
параметр.
Пицца Пицца дайындауға арналған.
Газ барынша аз
беріледі
Пештің температурасын реттеуге арналған - ең төмен
параметр.
Гриль
Жайпақ тағамды грильдің ортасында қуыру үшін. Тост
жасау үшін.
Пеш шамы
Ешқандай пісіру функциясынсыз пештің ішін
жарықтандыруға арналған. Бұл функцияны қолдану үшін
пеш шамының түймешігін басыңыз.
Газ тұмшапеште пісіру
Тұмшапештің газ оттығын тұтату
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Кішкене қақпақты көтеріңіз.
8
3. Жалынды
оттыққа
жақын
ұстаңыз.
4. Сонымен бір
мезгілде газ
пешін басқару
түймешесін
басып, сағат
тілінің бағытына қарсы ең жоғары
температураға бұраңыз.
5. Жалын шыққан кезде, газ пешінің
басқару түймешігін шамамен 15 секунд
басып ұстап тұрыңыз.
Тұтатқаннан кейін:
1. Гаш пешінің басқару түймешігін
босатыңыз.
2. Кішкене қақпақты және пештің есігін
жабыңыз.
3. Гаш пешінің басқару түймешігін
қажетті температураға қойыңыз.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Газ пеш термоэлементпен жабдықталған.
Ол жалын сөніп қалғанда, газ берілуін
тоқтатады.
Егер пештің газ оттығы от алмаса
немесе кенет сөніп қалса:
1. Газ пешінің басқару түймешігін
босатып, оны “Off” қалпына қойыңыз.
2. Пеш есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін пештің газ оттығын
қайта тұтатып көріңіз.
Грильді қолдану
Назарыңызда болсын! Грильді
қолданған кезде балаларды
жақындатпаңыз. Күйіп қалу қаупі бар.
Грильді қолданған кезде пеш есігін
сәл ашық қалдырыңыз.
Грильді қолданар алдында A гриль
дефлекторын есіктің үстіңгі жағындағы
орнына салыңыз.
A
Грильді тұтату:
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Жалынды гриль оттығының
саңылауларына жақын ұстаңыз.
3. Газ пешінің басқару түймешігін гриль
қалпына қойыңыз.
. Басқару
түймешігін осы қалыпта шамамен 15
секунд ұстап тұрыңыз. Оны жалын
пайда болғанша босатпаңыз.
Егер гриль от алмаса немесе кенет
сөніп қалса:
1. Газ пештің басқару түймешесін
босатып, “Off” қалпына қосыңыз.
2. Пеш есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін, грильді қайта
тұтатып көріңіз.
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарларын құрылғының
астынан бастап санау керек.
Құрылғы ауаны айналдыруға және буды
үздіксіз айналдыруға арналған арнайы
жүйемен жабдықталған. Осы жүйенің
көмегімен тағамды булы ортада, ішін
жұмсақ, сыртын қытырлақ етіп пісіре
9
аласыз. Бұл функция пісіру уақыты мен
қуат шығынын барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде
есікті әрқашан артқа шегініп барып
ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ
пісірер алдында пешті 10 минут іске
қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз және құрылғының
бөлшектерін тағам пісірген кезде
алюминий фольгамен жаппаңыз. Бұл
пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің
кіреуке қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торт пісіру
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут
қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасындағы
бір қатарды ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз. Етті
тым аз мөлшерде пісіргенде, ол тым
құрғақ болып піседі.
Өте майлы тағамды пісірген кезде,
пеште кетпейтін дақ қалып қоймас үшін
май жинайтын табаны қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны
турамай тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
Тағамды қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш
табаға азд ап су құйыңыз. Түтін жиналып
қалмас үшін суы сарқылған сайын
үстінен су құйып отырыңыз.
Пісіру уақыты
Пісіру уақыты тағам түріне, құрамына
және мөлшеріне қарай әртүрлі болады.
Алғаш тағам пісірген кездері пісіру
үрдісіне жақсы назар аударып отырыңыз.
Осы құрылғы арқылы пісіргенде
ыдыстарыңызға, рецепт және тағам
мөлшеріне барынша сай келетін
параметрлерді(қызу параметрі, пісіру
уақыты т.с.с) тауып алыңыз.
Тамақ пісіру панелі
Пісіру кестесі
Тағам Сөре қатары Алдын ала қыздыру
уақыты (минут)
Пісіру уақыты
(минут)
Бисквит торт, пісіру
табағында
2 10
10
1)
Бисквит торт,
дөңгелек
табағында
2 10 5-10
Шелпек 2 10 20-25
Көкнәр тұқымы
қосылған тоқаш
2 10 40-45
10
Тағам Сөре қатары Алдын ала қыздыру
уақыты (минут)
Пісіру уақыты
(минут)
Меренга 2 10
40-45
2)
1) Газды барынша көп пайдаланыңыз.
2) Газды барынша аз пайдаланыңыз.
Пицца
Тағам Алюминий табақ Кіреукелі табақ
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Пісіру
уақыты
(мин.)
Сөре
деңгейі
Алдын ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Пісіру
уақыты
(мин.)
Пицца 2 10 25-35 2 10 20-30
Тамаша нәтижеге жету үшін пештің
басқару тетігін Пицца қалпына
қойыңыз.
Тұмшапеш - Күтіп ұстау және тазалау
•Құрылғының алдыңғы жағын сабын мен
ыстық суды пайдаланып, жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
Құрылғының металл беттерін әдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Пештің ішін әр пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп
кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Пештің керек-жарақтарының (жуғыш
зат қосылған жылы суға батырылған
шүберекпен) бәрін әр пайдаланып
болған сайын тазалаңыз.
Пештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Бұл оның ластық тұрмайтын
қаптамасын бүлдіреді!
Пештің есігін тазалау
Пештің есігін тазалардың алдында алып
қойыңыз.
Назарыңызда болсын! Шыны есікті
тазаламас бұрын, шыны
панельдердің салқын тұрғандығына көз
жеткізіп алыңыз. Шыны сынып қалуы
ықтимал.
Назарыңызда болсын! Есіктің шыны
панельдеріне нұқсан келсе не сызат
түссе, шыны босап, сынып қалады.
Бұндай жағдай орын алмас үшін оларды
ауыстыру керек. Қосымша нұсқауларды
жергілікті қызмет көрсету орталығынан
алыңыз.
11
1
Есікті толық
ашып, екі топсасын
ұстап тұрыңыз.
2
Екі топсадағы
тұтқаларды
көтеріп, бұраңыз.
3
Пештің есігін
бастапқы ашылған
қалпына
(жартылай) дейін
жабыңыз. Алға
қарай тартыңыз да,
ұясынан шығарып
алыңыз. Есікті
жұмсақ мата
төселген орнықты
жерге қойыңыз.
Шыны панельді су мен сабынды
пайдаланып тазалаңыз. Мұқият
құрғатыңыз.
Тазалап болғаннан кейін есікті орнына
салыңыз. Ол үшін әрекеттерді кері
тәртіпте орындаңыз.
Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған аспаптар:
Пештің есігін тек дымқыл жөкемен ғана
тазалаңыз. Оны жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Темір жүн жөке, қышқыл не тазалағыш
құралдарды ешқашан пайдаланбаңыз,
себебі олар пештің бетін бүлдіреді.
Пештің басқару панелін де осы сақтық
шараларын қолдана отырып тазалаңыз.
Пеш шамы
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар!
Пештің шамын ауыстырар алдында:
Пешті өшіріңіз.
Сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғыштарды немесе айырып-
қосқышты алыңыз.
Пештің шамы мен шамының
қалпағына нұқсан келмес үшін пештің
табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын айырбастау/шыны
қалпағын тазалау
1. Шыны қалпағын сағат бағытына қарсы
бұраңыз да, ағытып алыңыз.
2. Шыны қалпағын тазалаңыз.
3. Пештің шамын 300°C градустық қызуға
төзімді, сай келетін пеш шамына
айырбастаңыз.
4. Шыны қалпақты орнына қойыңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Жөндеу
Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды
Электр қуаты жоқ Құрылғының жалғанғанын
және электр қуатының іске
қосылғанын тексеріңіз.
Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды
Электр қуаты жоқ Үйдегі электр жабдығының
сақтандырғышын
тексеріңіз.
12
Ақаулық Ықтимал себебі Жөндеу
Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды
Оттықтың қақпағы мен
шілтері қисық салынған
Оттықтың қақпағы мен
шілтері дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз.
Газ шеңбері біркелкі
жанбайды
Оттықтың шілтерін тағам
қалдығы бітеп тастаған
Инжектордың бітеліп
қалмағанын және
оттықтың шілтерінің тағам
қалдығынан бос екенін
тексеріңіз.
Құрылғы жұмыс істемей
тұр
Сақтандырғыш
қорапшасындағы
сақтандырғыш ағытылып
қалған
Сақтандырғышты
тексеріңіз. Сақтандырғыш
бірнеше рет ағытылып
қалса, білікті электрші
маманға хабарласыңыз.
Пеш қызбай тұр Пеш тоққа қосылмаған Пешті тоққа қосыңыз
Пеш қызбай тұр Қажетті параметрлер
орнатылмаған
Параметрлерді
қадағалаңыз
Пештің шамы жанбай тұр Пеш шамында ақау бар Пештің шамын
ауыстырыңыз
Бу мен конденсат
тағамның үстіне және
пештің ішіне жиналады
Тағам пеш ішінде ұзақ
уақыт қалып қойған
Тағамды пісіріп болған соң
пеш ішінде 15-20 минуттан
артық қалдырмаңыз
Егер мәселені өз бетіңізбен шеше
алмасаңыз, сатушыға немесе жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
тек электрші маманға немесе білікті
адамға ғана жөндету керек.
Өте маңызды! Құрылғыны дұрыс
пайдаланбаған жағдайда, құрылғының
кепілдік мерзімі аяқталмаса да, қызмет
көрсету орталығы не дилер жіберген
маманның көрсеткен қызметі үшін
төлемақы алынады.
Егер мәселені өз бетіңізбен шеше
алмасаңыз, сатушыға немесе жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Бұл деректер сізге тез әрі дұрыс көмек
көрсету үшін қажет. Бұл мәліметтер
техникалық ақпарат ("Өнім сипаттамасы"
тарауын қараңыз) тақтайшасында
берілген
Үлгінің сипаттамасы .................
Құрылғының нөмірі (PNC) .................
Сериялық нөмірі (S.N.)..........
Алдыңғы жағы металдан жасалған
құрылғыларға қатысты ақыл-кеңес:
Есікті тағамды пісіріп немесе қуырып
болғаннан кейін дереу ашсаңыз, терезені
бу басады.
Орнату
Өте маңызды! Алдымен "Қауіпсіздік"
тарауын мұқият оқып шығыңыз.
Техникалық ақпарат
2-ші санат, 1-ші қосымша санат және 1-ші
санат құрылғысы
13
Өлшемдері
Биіктігі 850 мм
Ені 500 мм
Тереңдігі 500 мм
Пештің
сыйымдылығы
49 л
Газ санаты II2H3B/P
Газбен жабдықтау G20 (2H) 13 мбар
G20 (2H) 20 мбар
G30/31 (3B/P) -
30/30 мбар
Айнала диаметрлері
Оттық Ø Ішкі байпас 1/100
мм.
Қосымша 29
Жартылай жылдам 32
Жылдам 42
Тұмшапеш 44
Газ оттықтары
Оттық Қалыпты
қуаты
Азайтылға
н қуаты
Газдың түрі Қысы
мы
Инж.
Диаметрі
Тұтыну
кВт кВт мбар мм г/сағ.
Қосымша
оттық
1,00 0,40 Табиғи газ
G20
13 0,82 -
1,00 0,35 Табиғи газ
G20
20 0,70 -
1,00 0,35 Бутан G30 28-30 0,50 72,71
0,85 0,31 Пропан G31 28-30 0,50 60,70
Жартылай
жылдам
оттық
2,00 0,50 Табиғи газ
G20
13 1,11 -
2,00 0,43 Табиғи газ
G20
20 0,96 -
2,00 0,43 Бутан G30 30 0,71 145,43
1,70 0,38 Пропан G31 30 0,71 121,40
Жылдам
оттық
3,00 0,78 Табиғи газ
G20
13 1,32 -
3,00 0,72 Табиғи газ
G20
20 1,19 -
3,00 0,72 Бутан G30 30 0,77 181,78
2,60 0,63 Пропан G31 30 0,77 157,11
Тұмшапеш 2,70 0,90 Табиғи газ
G20
13 1,30 -
2,70 0,90 Табиғи газ
G20
20 1,20 -
14
Оттық Қалыпты
қуаты
Азайтылға
н қуаты
Газдың түрі Қысы
мы
Инж.
Диаметрі
Тұтыну
кВт кВт мбар мм г/сағ.
2,70 0,90 Бутан G30 30 0,87 196,33
2,35 0,78 Пропан G31 30 0,87 167,82
Гриль 1,90 - Табиғи газ
G20
13 1,15 -
1,90 - Табиғи газ
G20
20 1,08 -
1,90 - Бутан G30 30 0,71 138,16
1,65 - Пропан G31 30 0,71 117,83
Газға қосу
Қолданыстағы ережелерге сәйкес
тұрақты қосылым сымдарын немесе тот
баспайтын болатпен қапталған иілгіш
түтікті таңдаңыз. Егер иілгіш металл
түтіктерді пайдаланатын болсаңыз,
олардың жылжымалы бөлшектерге
жанаспауын немесе қысылып қалмауын
қадағалаңыз.
Металл емес иілгіш түтіктер
қосылымы
Егер қосылымды түгелдей оңай басқаруға
болатын мүмкіндік болса, иілгіш түтікті
пайдалануыңызға болады. Иілгіш түтікті
қысқыштармен берік бекіту керек.
Орнату: резеңке түтік ұстатқышты
пайдаланыңыз. Әрдайым тығыздауышты
орнатыңыз. Содан кейін газ желісіне
қосуды жалғастырыңыз. Иілгіш түтік
төмендегі жағдайларда қолдану үшін
дайындалады:
ол бөлме температурасынан жоғары,
30°C-тан асып қызып кете алмайды;
оның ұзындығы 1500 мм-ден аспайды;
оның ысырмалары болмаса;
оны тартып не бұрап майыстыруға
болмаса;
ол өткір жиектер мен бұрыштарға
жанаспаса;
оның күйін тексеру үшін оны оңай қарап
шығу мүмкіндігі болса.
Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын
бақылау үшін төмендегілерді тексеру
керек:
екі ұшында және ұзына бойында
жарылған, кесілген жерлер, күйген
белгілері болмаса;
материал қатқылданбаған, керісінше,
серпімділігі дұрыс болса;
бекіткіш қапсырмаларды тот баспаған;
жарамдылық мерзімі өтіп кетпеген
болса.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы
байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ,
оны ауыстыру керек.
Өте маңызды! Орнату аяқталғаннан кейін
әр түтік сәйкестендіргішінің жақсылап
бекітілгенін тексеріңіз. Жалынды емес,
сабын ерітіндісін пайдаланыңыз!
Газбен жабдықтау бағыттауышы басқару
панелінің артында орналасқан.
Назарыңызда болсын! Газды жалғар
алдында ашаны розеткадан
ағытыңыз немесе сақтандырғыш
қорапшасындағы сақтандырғышты
сөндіріңіз. Газбен жабдықтау клапанын
жабыңыз.
15
1 423 2
1 Газ жүйесіне жалғанатын жер
(құрылғының тек бір жерін ғана газға
жалғауға болады)
2 Тығыздағыш
3 Реттемелі қосылым
4 Сұйылтылған газ (LPG) резеңке түтік
ұстатқышы
Құрылғыға әдепкі газ параметрлері
орнатылған, параметрді өзгерту үшін
No 4 түтік ұстатқышын таңдаңыз. Әрқашан
тығыздағышты қолданыңыз.
Инжекторларды ауыстыру
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3. 7-ші сомынкілттің көмегімен
инжекторларды алыңыз да, өзіңіз
қолданатын газ түріне арналған
инжекторлармен ауыстырыңыз.
4. Осы әрекеттерді кері тәртіпте орындау
арқылы бөлшектерді құрастырыңыз.
5. Атаулы мәндер затбелгісін (ол газ
келетін түтіктің жанында) газбен
жабдықтаудың жаңа түрінің
затбелгісімен ауыстырыңыз. Бұл
затбелгіні сіз құрылғымен бірге
жеткізілетін инжекторлар орамынан
таба аласыз.
Егер газбен жабдықтау қысымы өзгермелі
немесе қажетті қысымнан басқаша болса,
газбен жабдықтау түтігіне қолданылатын
қысым өтпелігін орнату қажет.
Ең кіші деңгейді реттеу
Оттықтардың ең төменгі деңгейін реттеу
үшін:
1. Оттықты жағыңыз.
2. Түймешені ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3. Басқару түймешесін қозғаңыз.
4. Бұрағыштың көмегімен айналма
бұранданы реттеп бұраңыз. Егер 20
мбар табиғи газды сұйылтылған газға
ауыстырсаңыз, айналма бұранданы
түгелдей қатайтып бұраңыз. Егер
сұйылтылған газды, 20 мбар табиғи
газға ауыстырсаңыз, айналма
бұранданы шамамен 1/4 мөлшеріне
босатыңыз.
1 Ең кіші реттегіш бұранда
5. Түймешені ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған кезде,
оттың өшіп қалмайтынына көз
жеткізіңіз.
Пешті газдың басқа түрлеріне
лайықтау
Назарыңызда болсын! Пешті газдың
басқа түріне сай лайықтау жұмысын
тек уәкілетті маманға ғана тапсырыңыз.
Бұл құрылғы табиғи газбен жұмыс
істеуге арналған.
Дұрыс инжекторлар қолданылса,
сұйылтылған газды да қолдануға болады.
Газдың тұтынылатын мөлшерін
қажетінше лайықтауға болады.
Газ оттықтарының инжекторын ауыстыру.
1
16
1. Пеш табанындағы табақшаны ( A ) газ
оттығына ( B ) жету үшін алыңыз.
2. Газ пешінің оттығын ұстап тұратын
бұранданы ( C ) босатыңыз.
3. Газ оттығын инжектор тағанынан ( D )
еппен алыңыз.
Ақырын солға қарай жылжытыңыз. Газ
оттығының шілтерінің оттық аузында
тұрғанына көз жеткізіңіз. Тұтату
ашасының ағытпасының ( E ) және
термоэлемент қосу ашысының ( F )
сымына күш салмаңыз.
4. Газ оттығының инжекторын ( D ) 7 мм
сомын кілттің көмегімен ағытып
алыңыз. Орнына қажетті инжекторды
салыңыз.
5. Газ пеші оттығын құрастыру үшін осы
әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
6. Газбен жабдықтау бағыттауышының
жанында орналасқан газ түрінің
жапсырмасының орнына жаңа газ
түріне қатысты жапсырманы
қолданыңыз.
Гриль оттығының инжекторын ауыстыру:
1. Гриль оттығын ұстап тұратын
бұранданы босатыңыз.
2. Гриль оттығының инжекторын 7 мм
сомын кілттің көмегімен ағытып
алыңыз. Орнына қажетті инжекторды
салыңыз.
3. Гриль оттығын құрастыру үшін осы
әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
Бұранданы қатайтпай тұрып, гриль
оттығының артқы панельге дұрыс
тіреліп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Газ пеші оттығын ең төменгі деңгейге
орнату:
1. Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2. Газ пештің басқару тетігін алыңыз.
3. Бұранданы ( A ) жүзі жіңішке
бұрағышпен реттеңіз.
A
Газ түрін өзгерту Бұранданы (
табиғи газдан
сұйылтылған
газға ауысу үшін
реттеу
бұрандасын
шегіне дейін
қатайтып
бұраңыз
сұйылтылған
газдан табиғи
газға ауысу үшін
бұранданы
шамамен
айналымның 3/4
мөлшеріне дейін
босатыңыз
4. Газ пешінің басқару тетігін орнына
салыңыз.
5. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Назарыңызда болсын! Ашаны
розеткаға пештің барлық бөлшектерін
өз орындарына қойып болғаннан кейін
ғана сұғыңыз. Жарақат алу қаупі бар.
6. Газ пешінің оттығын жағыңыз („Газ
пеште тамақ пісіру - Газ пешінің
оттығын тұтату“ тарауын қараңыз).
7. Газ пешінің басқару тетігін ең үлкен
мәнге қойыңыз да, пешті кем дегенде
10 минут қыздырыңыз.
8. Газ пешінің басқару тетігін ең үлкен
мәннен ең кішкене мәнге қойыңыз.
17
Жалынды бақылаңыз. Жалын сөніп қалса,
1-7-ші қадамдарды қайталаңыз. Газ пеші
оттығының шілтерінен жалын аз
мөлшерде тұрақты шығып тұруға тиіс.
Гриль температурасын өзгерту
мүмкін емес. Төменірек
температураға немесе баяу пісіру
уақытына қою үшін гриль табасын
жалыннан алыс төмен түсіру керек.
Бұл қауіпсіздік шаралары орындалмаса,
өндіруші ешбір жауапкершілік көтермейді.
Электр қосылымы
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
электр желісіне білікті әрі уәкілетті
маман қосуға тиіс.
"Қауіпсіздік" тарауындағы сақтық
шаралары орындалмаған жағдайда,
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Құрылғы қуат ашасымен және электр
сымымен жабдықталған.
Орам материалдары
Құрылғыны орау үшін қолданылған
материалдардың қоршаған ортаға зияны
жоқ әрі оларды қайта өңдеуден өткізуге
болады. Пластик бөлшектер келесі
халықаралық таңбаламалармен
белгіленген:PE, PS, т.б. Орам
материалдарды тұрғын үйлі жердегі
қалдықтарды жинау мекемесі орнатқан
тиісті қоқыс жәшіктеріне тастаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
ешқандай қауіп - қатер көзіне
айналмас үшін оны біржола пайдалануға
жарамсыз етіп барып тастау қажет.
Бұл үшін ашаны розеткадан суырыңыз да
қорек қабелін құрылғыдан ағытып
алыңыз.
18
Содержание
Сведения по технике
безопасности _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 19
Описание изделия _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23
Перед первым использованием _ _ _ 24
Варочная панель - ежедневное
использование _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 24
Варочная панель - полезные
советы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 25
Варочная панель - уход и чистка _ _ _ 25
Духовой шкаф - ежедневное
использование _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 26
Духовой шкаф - полезные
советы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 27
Таблицы приготовления пищи _ _ _ _ 28
Духовой шкаф - уход и чистка _ _ _ _ 29
Что делать, если ... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 31
Установка _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 32
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 37
Право на изменения сохраняется
Сведения по технике безопасности
С целью обеспечения вашей безо
пасности и надлежащей работы прибора
необходимо внимательно ознакомиться с
данным руководством перед тем, как вы‐
полнять установку прибора и эксплуати‐
ровать его. Всегда храните данное руко‐
водство пользователя вместе с прибо‐
ром, даже если вы передаете его другим
лицам при переезде или продаете его. Ли‐
ца, использующие данный прибор, дол‐
жны досконально изучить порядок работы
с ним и его устройство для обеспечения
безопасности.
Изготовитель не несет ответственность
за повреждения, вызванные неправиль‐
ной установкой и эксплуатацией.
Безопасность детей и лиц с
ограниченными возможностями
Этот прибор могут эксплуатировать де‐
ти в возрасте от 8 лет и старше, а также
лица с ограниченными физическими,
сенсорными или умственными способ‐
ностями или с недостаточным опытом
или знаниями, если они находятся под
присмотром или получили инструкции
касательно безопасной эксплуатации
прибора и понимают сопряженную с ней
опасность. Детям запрещается играть с
прибором.
Держите все упаковочные материалы в
недоступном для детей месте. Суще‐
ствует риск смерти от удушения.
Не подпускайте детей к прибору. Суще
ствует риск получения травмы или
увечья.
Если прибор оснащен блокировкой
включения или блокировкой клавиш, ис‐
пользуйте ее. Она предотвращает слу‐
чайное включение прибора детьми или
домашними животными.
Общие правила техники
безопасности
Не изменяйте параметры и не вносите
изменений в конструкцию данного при‐
бора. Это может привести к поврежде‐
нию прибора или травмам.
Перед началом эксплуатации прибора
удалите с него все элементы упаковки,
наклейки и пленку.
После каждого использования прибора
выключайте конфорки.
Назначение
Настоящий прибор предназначен ис‐
ключительно для приготовления пищи в
бытовых условиях.
Не используйте прибор в качестве ра‐
бочего стола или подставки для каких-
либо предметов.
Не оставляйте прибор без присмотра во
время его работы. В случае пожара вы‐
ключите прибор. Тушите огонь при по‐
мощи крышки кастрюли, ни в коем слу‐
чае не применяйте воду.
19
Опасность ожога! Не кладите металли‐
ческие предметы, например, приборы
или крышки кастрюль, на варочную па‐
нель, так как они могут накалиться.
Стеклокерамическая панель может по‐
вредиться, если на нее упадут предме‐
ты или посуда.
Поверхность варочной панели можно
поцарапать, передвигая на ней чугун‐
ную или алюминиевую литую посуду,
либо посуду с поврежденным дном.
Если на поверхности образовалась тре‐
щина, отключите электропитание во из‐
бежание поражения электрическим то‐
ком.
Не допускайте выкипания всей жидко‐
сти из посуды во избежание поврежде‐
ния посуды и стеклокерамики.
Не включайте конфорки без кухонной
посуды или с пустой кухонной посудой.
Изменение цвета эмали не влияет на
эффективность работы прибора. Га‐
рантия при этом сохраняется.
Не давите на дверцу прибора.
Камера прибора во время использова‐
ния становится горячей. Существует
опасность получения ожогов. Пользуй‐
тесь прихваткой при установке или из‐
влечении принадлежностей и посуды.
При открывании дверцы прибора во
время приготовления пищи (особенно
при использовании функции приготов‐
ления на пару) всегда держитесь по
дальше от прибора, чтобы выпустить
накопившийся пар или жар.
Для предотвращения повреждения или
обесцвечивания эмали:
не ставьте никаких предметов непос‐
редственно на дно прибора и не на‐
крывайте его алюминиевой фольгой;
не лейте воду непосредственно в
прибор;
не держите влажную посуду или блю‐
да в приборе после приготовления;
Не используйте прибор, если на него
попадает вода. При использовании при‐
бора не касайтесь его мокрыми руками.
Не держите влажную посуду или блюда
в приборе после приготовления, т.к.
влага может повредить эмаль или по‐
пасть внутрь прибора.
Не ставьте и не храните на приборе или
возле него легковоспламенимые жидко‐
сти и материалы или плавкие предметы
(например, из пластмассы или алюми‐
ния).
В выдвижном ящике, расположенном
под духовым шкафом, можно хранить
только огнеупорные принадлежности.
Не кладите туда горючие материалы.
•Постоянно следите за тем, чтобы вен‐
тиляционное отверстие духового шка‐
фа, расположенное в центре тыльной
стороны камеры, не было заслонено;
это необходимо для обеспечения вен‐
тиляции камеры духового шкафа.
ПРЕДУПРЕЖДЕНИЕ! Стеклянная
крышка может расколоться при
нагревании. Прежде чем закрывать
крышкой, выключите все горелки.
Чистка и уход
Перед выполнением операций по чист‐
ке и уходу за прибором выключите его
и выньте вилку сетевого шнура из ро‐
зетки. Убедитесь, что прибор остыл.
Держите прибор в чистоте. Скопление
жира или остатков других продуктов мо‐
жет привести к возгоранию.
Регулярная чистка способствует со‐
хранности поверхности прибора.
Мойте прибор только водой с мылом.
Острые предметы, абразивные чистя‐
щие средства, абразивные мочалки и
пятновыводители могут вызвать повре‐
ждение прибора.
Для чистки прибора не применяйте па‐
роочистителей или очистителей высо‐
кого давления.
Не следует чистить стеклянную дверцу
абразивными чистящими средствами
20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56

Zanussi ZCG559GW Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ