Zanussi ZCG55EGW Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
KK
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
RO
Informaţii pentru
utilizator
24
RU
Инструкция по
эксплуатации
42
UK
Інструкція 66
Пеш
Aragaz
Кухонная плита
Плита
ZCG55EG
KZ
RU
UA
Мазмұны
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар _ _ _ _ _ 2
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану _ _ _ 7
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес _ _ _ 8
Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне тазалау
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану _ _ _ _ 8
Тұмшапеш - Керек-жарақтарды қолдану
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес _ _ _ 10
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау _ 16
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын
осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты əрқашан, тіпті
құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де,
онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс
пайдаланбау нəтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес
.
Балалар мен дəрменсіз
адамдардың қауіпсіздігі
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе
ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тəжірибесі жоқ немесе қолдана
білмейтін адамдарға, балаларға оны іске
қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы
құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін адамның нұсқауы немесе
қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
Балалар мен үй жануарларын есігі
ашық
тұрған немесе жұмыс істеп тұрған
құрылғыға жақындатпаңыз. Жарақат алу
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы не
түймешікті құрсаулау тетігі болса, соны
қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй
жануарларының құрылғыны
байқаусызда іске қосуына жол бермейді.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат
алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін əрдайым
құрылғыны өшіріңіз.
Орнату
Осы құрылғыны лайықтау жағдайлары
затбелгіде (немесе деректер
тақташасында) жазылған.
Құрылғыны тек білікті техник орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол бермейді.
Құрылғының тасымалдау кезінде
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса,
сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны бірінші рет пайдаланардан
бұрын барлық орамдарын,
жапсырмалары мен төсемдерін алыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасын
алмаңыз. Бұл кепілдікті заңды күшінен
айырады.
2
Құрылғы қолданылатын елдегі
заңдарды, жарлықтарды, нұсқаулар мен
талаптарды (қауіпсіздік ережелері, қайта
пайдалану ережелері, электр немесе газ
қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) толық
орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде абай
болыңыз. Бұл құрылғының салмағы
ауыр. Əрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз. Құрылғыны тұтқасынан
тартпаңыз.
Құрылғыны орнату барысында оның қуат
көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз
(егер қажет болса).
Осы құрылғы мен
басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Газға қосу
Құрылғыны тек білікті газ орнатушы
орнатып, желіге қосуға тиіс. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол бермейді.
Құрылғының айналасындағы ауа
айналымы жақсы екеніне көз жеткізіңіз.
Ауаның жеткілікті берілмесе, оттегі
жетіспеуі мүмкін.
Орнатар алдында жергілікті жабдықтау
жағдайлары (газдың түрі мен қысымы)
жəне құрылғының параметрлері сəйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
əкететін құрылғыға жалғанбаған. Бұл
құрылғыны қолданыстағы орнату
ережелеріне сай орнатып, желіге қосу
қажет. Желдетуге қатысты талаптардың
орындалуына ерекше назар аудару
керек.
Газға тамақ пісіру құрылғысын
пайдаланған кезде оны орнатқан бөлме
ысып кетеді жəне ылғал түзіледі. Ас
үйдің жақсы желдетілуін қамтамасыз
етіңіз: табиғи жолмен желдететін
саңылауларды ашып қойыңыз не
механикалық желдету құралын
орнатыңыз (механикалық тартқыш
құрылғы).
Құрылғыны ұзақ уақыт қарқынды
пайдаланған кезде, ас бөлмені көбірек
желдету (мысалы, терезені ашу немесе
механикалық желдеткіш бар болса,
деңгейін көтеру) керек.
Пайдалану
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін
ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
коммерциялық немесе өндірістік
мақсатта қолданбаңыз. Бұл адам
жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін қажет.
Жұмыс барысында құрылғыны үнемі
қадағалап отырыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін,
əрқашан құрылғыдан алыс тұрып
ашыңыз. Ыстық бу шығуы мүмкін. Күйіп
қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны су қолмен
іске пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру
алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Пісіру алаңына темір заттарды, мысалы
ас құралдары мен кəстрөл қақпақтарын
қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.
Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші
ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Керек-
жарақтары мен кəстрөлдерді алып-
салған кезде қолғап киіңіз.
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып
тұрады. Қыздырғыш элементтерге
қолыңыз тиіп кетпес үшін абай болыңыз.
Жас балаларды үнемі қадағалап
отырмасаңыз құрылғыдан алыс ұстау
керек.
3
Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь
қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа
мен алкоголь қоспасы пайда болуы
мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық
отты құрылғыға жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды жəне/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне
қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт
шығу
қаупі бар.
Пісіру алаңын қолданып болғаннан кейін
əрқашан "off" (сөндіру) қалпына
қойыңыз.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе мүлде ыдыссыз пайдаланбаңыз.
Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа жəне пештің
үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ
құласа, оны бүлдіруі мүмкін.
Ыстық ыдысты басқару панеліне жақын
қоймаңыз, себебі қызудың əсерінен
құрылғы
бүлінуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасын бүлдіріп
алмас үшін, керек-жарақтарды алып-
салғанда абай болыңыз.
Шойыннан, құйма алюминийден
жасалған не түбіне бүлінген ыдысты əрі-
бері сырғытсаңыз, пештің үстіне сызат
түсуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына əсер
етпейді.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз жəне оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды тура
қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш
заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға
төзімді заттарды (егер болса) ғана
қойыңыз.
Тұмшапештің бу шығатын
саңылауларын жаппаңыз. Олар
тұмшапештің артқы жағының үстін ала
орналасқан (егер бар болса).
Еріп кетуі мүмкін нəрсені пештің үстіне
қоймаңыз.
Ыдыс кенет қисайып немесе ішіндегісі
төгілмес үшін пішімі мен диаметрі дұрыс,
орнықты ыдысты қолданыңыз. Күйіп
қалу қаупі бар.
Қақпақ
Жабық тұрған қақпақ құрылғыны шаңнан
қорғайды, ашық тұрғанда шашыраған
майды жинайды. Оны басқа мақсатта
пайдаланбаңыз.
Қақпақты əрқашан таза ұстаңыз.
Қақпақтың бетіндегі ластықты əрқашан
қақпақты ашпай тұрып тазалаңыз.
Пештің үсті мен тұмшапеш əбден
суымайынша қақпақты жаппаңыз.
Шыны қақпақтар ыстық тұрған кезде
шытынап кетуі мүмкін. Қақпақты
оттықтардың барлығын сөндіргеннен
кейін жабыңыз.
Күту менен тазалау
Жуып-тазалардың алдында құрылғының
суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу
қаупі бар. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.
Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның
беткі қабаты бүлінбейді.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жəне
мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны
4
тек сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш
заттарды немесе тот басуына себеп
болатын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары
қысыммен тазалайтын құралдармен,
өткір, түрпілі тазартқыш заттармен,
түрпілі жөкелермен жəне дақ
кетіргіштермен тазаламаңыз
If you use an oven spray, follow the
instructions from the manufacturer. Do not
spray anything on the heating elements
and the thermostat sensor (if applicable).
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе
металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті
сынуы немесе шытынауы мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе
, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру керек.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
Қызмет көрсету орталығы
Тек уəкілетті техниктің ғана құрылғыны
жөндеуіне немесе оған қатысты
жұмысты орындауына болады. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін:
Есіктің бекітпесін (егер бар болса)
ағытып алыңыз. Бұл кішкентай
балалардың немесе үй
жануарларының құрылғының ішіне
кіріп, қамалып қалуына жол бермейді.
Тұншығып қалу қаупі бар.
Бұйым сипаттамасы
Жалпы шолу
4
1
2
3
4
5
1
2 3
1
Басқару панелі
2
Пеш үстін басқаратын тетіктер
3
Тұмшапеш функцияларының тетігі
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Сөре деңгейлері
5
Пісіру алаңдарының көрінісі
2
1
3
4
1
Жартылай жылдам оттық
2
Жартылай жылдам оттық
3
Қосымша оттық
4
Жылдам оттық
Керек-жарақтары
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Сақтау бөлігі
Тұмшапештің төменгі жағында сақтау
бөлігі орналастырылған.
Бөлікті қолдану үшін астыңғы жақтағы
алдыңғы есікті көтеріп, одан кейін оны
төмен басыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда сақтау бөлігі
ысып кетуі мүмкін.
Бірінші қолданғанға дейін
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін,
тұтқасын əрқашан ортасынан ұстаңыз.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды
қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан
келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау жəне тазалау"
тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп
жіберу үшін, ең жоғары температураны
орнатыңыз да, бос пешті 45 минут
қыздырыңыз. Пештің керек-жарақтары
қалыпты жағдайда пайдаланған кездегіден
де қызып кетуі мүмкін. Осы кезде иіс
шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай.
Бөлменің жақсы желдетілетініне көз
жеткізіңіз.
6
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын! Ас үйде ашық
отты пайдаланған кезде өте абай
болыңыз. Жалынды дұрыс пайдаланбау
жағдайлары үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді
Оттықты əрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.
Оттықты жағу үшін:
1. Оттыққа жалынды жақындатыңыз.
2. Тиісті басқару тетігін басып, оны сағат
бағытына қарсы бұрап ең үлкен мəнге
қойыңыз.
3. Жалынды бірқалыпты жанғаннан кейін
реттеңіз.
Егер бірнеше əрекеттен кейін оттық
жанбаса, шілтер мен қақпақтың дұрыс
тұрғанын тексеріңіз.
2
1
1
Оттық табақшасы
2
Оттық шілтері
Назарыңызда болсын! Егер оттық 10
секундтан кейін жанбаса, басқару
тетігін босатыңыз, оны өшірулі қалыпқа
бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін
оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса,
басқару түймешесін сөндірулі қалыпқа
бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін
оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін түймешені мына белгіге
бұраңыз:
.
Назарыңызда болсын! Кəстрөлдерді
оттықтан алардан бұрын отты
азайтыңыз немесе сөндіріп қойыңыз.
7
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес
Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, кəстрөлдердің
қақпағын əрдайым жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
Түбі оттықтың өлшеміне дəл келетін
табалар мен кəстрөлдерді
пайдаланыңыз.
Оттық Тамақ пісіретін
ыдыстың диаметрі
Жылдам 160 мм - 280 мм
Оттық Тамақ пісіретін
ыдыстың диаметрі
Жартылай
жылдам
140 мм - 240 мм
Қосымша 120 мм - 180 мм
Түбі барынша қалың əрі мүмкіндігінше тегіс
ыдысты қолданыңыз.
Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне тазалау
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
тазалардан бұрын сөндіріңіз де,
суығанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
мақсатында құрылғыны бумен
тазалағыш немесе жоғары қысыммен
тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын! Түрпілі
тазартқыш, болат сымнан жасалған
ысқыш немесе қышқылдарды
қолданбаңыз, олар құрылғыны бүлдіруі
мүмкін.
Эмальмен қапталған бөліктерін, қақпағы
мен шілтерін тазалау үшін жылы сабын
сумен жуыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін сумен
жуыңыз да, жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Ыдыс тірегіштер ыдыс жуғыш машинада
жууға төзімді емес; оларды қолмен жуу
керек.
Тазалап болғаннан кейін таба
тағандарын дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба
тағандарын орнына қойған кезде
абай
болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапештің төмендегідей функциялары
бар:
8
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Off (сөндірулі)
қалпы
Құрылғыны сөндіруге арналған.
Газ барынша көп
беріледі
Тұмшапештің температурасын реттеуге арналған - ең
жоғары параметр.
Пицца Пицца дайындауға арналған.
Газ барынша аз
беріледі
Тұмшапештің температурасын реттеуге арналған - ең төмен
параметр.
Газ тұмшапеште тамақ пісіру
Газ пештің оттығын тұтату:
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Отты тұмшапеш ішінің түбіндегі
тесіктің жанында ұстап тұрыңыз.
3. Осы кезде тұмшапештің
функцияларының тетігін басып, сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап ең үлкен
мəнге қойыңыз.
4. Жалын шыққан кезде, газ пешінің
басқару тетігін шамамен 15 секунд
басып ұстап тұрыңыз.
Тұтатқаннан кейін:
1. Тетікті босатыңыз.
2. Тұмшапештің есігін жабыңыз.
3. Тұмшапеш функцияларының тетігін
қажетті параметрге қойыңыз.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Тұмшапеші термоэлементпен
жабдықталған. Ол жалын сөніп қалғанда,
газдың берілуін тоқтатады.
Егер тұмшапештің газ оттығы от
алмаса немесе кенет сөніп қалса:
1. Тұмшапеш функцияларын басқару
тетігін босатып, “off” қалпына қойыңыз.
2. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін, оттықты
қайта
тұтатып көріңіз.
Тұмшапештің оттығын сөндіру
Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына
бұраңыз.
Тұмшапеш - Керек-жарақтарды қолдану
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Пісірме табақты салу
Табақты тұмшапештің ішінің ортаңғы
жағына, алдыңғы жəне артқы қабырғаның
ортасына қойыңыз. Бұл қызу пісірме
табақтың алдыңғы жəне артқы жағында
айналуына мүмкіндік береді. Табақты
суретте көрсетілгендей, қисық жағын артқа
қаратып салыңыз.
9
Назарыңызда болсын! Пісірме
табақты тұмшапештің артқы
қабырғасына тигенше итермеңіз. Себебі
бұлай істегенде табақтың айналасына
қызу келуге кедергі жасайды. Тағамның
əсіресе табақтың артқы жағындағы бөлігі
күйіп қалуы мүмкін.
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Сақтандыру туралы ескерту! Өте
сулы қоспадан жасалған тортты пісіру
үшін шұңғыл табақты қолданыңыз.
Жемістің шырыны эмаль қаптамаға
кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін.
Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарлары құрылғының
астыңғы жағынан бастап саналады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде
есікті əрқашан артқа шегініп барып
ашыңыз
. Бу аз жиналуы үшін тамақ
пісірер алдында пешті 10 минут іске
қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз жəне тағам пісірген кезде
құрылғының бөлшектерін алюминий
фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру
нəтижесіне əсер етіп, пештің эмаль
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торт пісіру
Пісіруді бастамай тұрып тұмшапешті 10
минут қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше
тұмшапештің есігін ашпаңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз. Етті
тым аз мөлшерде пісіргенде, ол тым
құрғақ болып піседі.
Өте майлы тағамды пісірген кезде,
пеште кетпейтін дақ қалып қоймас үшін
май жинайтын табаны қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай
тұрып 15 минуттай қоя тұрыңыз.
Тағамды қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін,
май жинағыш
табаға аздап су құйыңыз. Түтін жиналып
қалмас үшін суы сарқылған сайын
үстінен су құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыты тағамның түріне,
құрылымына жəне мөлшеріне
байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай
пісірілетініне назар аударыңыз. Осы
құрылғыны қолданған кезде, ыдысқа,
рецептілерге жəне тағамның мөлшеріне
барынша сай келетін параметрлерді (қызу
параметрі, пісіру уақыты т.с.с.) табыңыз.
10
Пісіру кестесі
Тағам
Салмағ
ы (г)
Науа
түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыр
у
уақыты
(минут)
Пісіру
темп.
(ºC)
Жалынн
ың
ұзынды
ғы
1)
Пісіру
уақыты
(минут)
Тəтті
таспа
250 алюмини
ймен
қапталға
н
3 15 150 3-4 20-30
Тəтті
таспа
250 эмальме
н
қапталға
н
3 15 150 3-4 20-25
Шелпек 1000 алюмини
ймен
қапталға
н
3 10 175 5 30-40
Шелпек 1000 эмальме
н
қапталға
н
3 10 175 5 30-35
Алма
қосылған
ашыған
қамыр
торты
2000 алюмини
ймен
қапталға
н /
эмальме
н
қапталға
н
3 10 200 6 40-50
Алма
бəліші
1200 +
1200
Алюмин
иймен
қапталға
н 2
дөңгелек
табақ
(диаметр
і: 20 см)
3 10 200 6 60-70
Кішкене
кекстер
500 алюмини
ймен
қапталға
н
3 10 175 5 30-40
11
Тағам
Салмағ
ы (г)
Науа
түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыр
у
уақыты
(минут)
Пісіру
темп.
(ºC)
Жалынн
ың
ұзынды
ғы
1)
Пісіру
уақыты
(минут)
Кішкене
кекстер
500 эмальме
н
қапталға
н
3 10 175 5 25-35
Майсыз
бисквит
торт
350 1
дөңгелек
табақ
(диаметр
і: 26 см)
3 10 175 5 30-35
Құймақ 1500 алюмини
ймен
қапталға
н,
эмальме
н
қапталға
н
3 - 175 5
50-60
2)
Тұтас
тауық еті
1400 тұмшапе
ш
сөресі
3)
3
3)
- 265 7 50-60
Ашық
бəліш
800 алюмини
ймен
қапталға
н
3 20 265 7 10-15
Ашық
бəліш
800 эмальме
н
қапталға
н
3 20 265 7 10-15
Толтыры
лған
ашыған
қамыр
кексі
1200 алюмини
ймен
қапталға
н
3 15 200 6 40-50
Толтыры
лған
ашыған
қамыр
кексі
1200 эмальме
н
қапталға
н
3 15 200 6 35-45
12
Тағам
Салмағ
ы (г)
Науа
түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыр
у
уақыты
(минут)
Пісіру
темп.
(ºC)
Жалынн
ың
ұзынды
ғы
1)
Пісіру
уақыты
(минут)
Пицца 1000 алюмини
ймен
қапталға
н,
эмальме
н
қапталға
н
2 10 265 7 25-35
Сүзбе
торты
2600 алюмини
ймен
қапталға
н,
эмальме
н
қапталға
н
3 - 175 5 90-100
Алма
қосылған
ашық
бəліш
1900 алюмини
ймен
қапталға
н,
эмальме
н
қапталға
н
3 15 230-250 6-7 50-60
Рождест
во торты
2400 алюмини
ймен
қапталға
н,
эмальме
н
қапталға
н
3 15 175 5
60-70
4)
Киш
лорен
1000 Алюмин
иймен
қапталға
н 2
дөңгелек
табақ
(диаметр
і: 26 см)
2 15 230 6-7 40-50
13
Тағам
Салмағ
ы (г)
Науа
түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыр
у
уақыты
(минут)
Пісіру
темп.
(ºC)
Жалынн
ың
ұзынды
ғы
1)
Пісіру
уақыты
(минут)
Киш
лорен
1000 1
дөңгелек
эмальме
н
қапталға
н табақ
(диаметр
і: 26 см)
2 15 230 6-7 30-40
Шаруа
наны
750+750 2
алюмини
й табақ
(ұзындығ
ы: 20 см)
3 15 200 6 50-60
Румын
бисквит
торты
600+600 2
алюмини
й табақ
(ұзындығ
ы: 25 см)
3 10 175 5 40-50
Швейцар
ия
орамасы
500 алюмини
ймен
қапталға
н,
эмальме
н
қапталға
н
3 10 175 5 20-30
Меренга 400 алюмини
ймен
қапталға
н,
эмальме
н
қапталға
н
3 - 165 4 45-55
Petit
Choux
500 алюмини
ймен
қапталға
н
3 10 200 6 30-40
14
Тағам
Салмағ
ы (г)
Науа
түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыр
у
уақыты
(минут)
Пісіру
темп.
(ºC)
Жалынн
ың
ұзынды
ғы
1)
Пісіру
уақыты
(минут)
Petit
Choux
500 эмальме
н
қапталға
н
3 10 200 6 25-35
Үкпе
торт
1500 алюмини
ймен
қапталға
н
3 15 230 6-7 35-45
Үкпе
торт
1500 эмальме
н
қапталға
н
3 15 230 6-7 30-40
Бисквит
торт
600 алюмини
ймен
қапталға
н
3 10 175 5 30-40
Бисквит
торт
600 эмальме
н
қапталға
н
3 10 175 5 30-35
Майлы
торт
600 алюмини
ймен
қапталға
н
3 15 190 5-6 30-40
Майлы
торт
600 эмальме
н
қапталға
н
3 15 190 5-6 30-35
1) Газбен жабдықтау параметрі (1 - ең аз газ көлемі, 8 - ең көп газ көлемі).
2) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут тұмшапеште ұстаңыз.
3) Пісірме табақты тұмшапештің сөресінің астына, 2-ші деңгейге қойыңыз.
4) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 10 минут тұмшапеште ұстаңыз.
When you cook pizza, for best results
turn the knob for the oven functions to
the Pizza position.
Акриламидтер бойынша ақпарат
Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми
мəліметтерге сəйкес, тағамды (əсіресе
құрамында крахмал бар) қуырған кезде,
акриламидтер денсаулыққа қатер төндіруі
мүмкін.Сондықтан, біз тағамды ең төмен
15
температурада пісіруді жəне тым қатты
қуырмауды ұсынамыз.
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
сұйық қосылған жылы суға батырылған
жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін əдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Тұмшапештің ішін əр пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай тазалайсыз,
əрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек
-жарақтарының
(жуғыш зат қосылған жылы суға
батырылған шүберекпен) бəрін əр
пайдаланып болған сайын тазалаңыз
да, құрғатыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Бұл
оның ластық тұрмайтын қаптамасын
бүлдіреді!
Тұмшапештің есігін тазалау
Пештің есігінде бірінің артында бірі
орнатылған екі шыны панель бар. Тазалау
жұмысын жеңілдету үшін тұмшапештің
есігін алыңыз.
Назарыңызда болсын! Есік əлі
орнатылып тұрғанда ішкі қабатты
шығарып алуға əрекет жасаған болсаңыз,
тұмшапештің есігі жабылып қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Шыны есікті
тазаламас бұрын, шыны қабаттардың
салқын болуын тексеріңіз. Шынының
сынып кету қаупі бар.
Назарыңызда болсын! Есіктің шыны
қабаттары зақымданған немесе
жарылған кезде, олар əлсіз болып, сынып
кетуі мүмкін. Мұны болдырмау үшін
оларды ауыстыру қажет. Қосымша
нұсқауларды алу үшін жергілікті қызмет
көрсету орталығымен байланысыңыз.
Пештің есігі мен шыны қабатты
шығарып алу
1
Есікті толық
ашып, есіктің екі
топсасын ұстап
тұрыңыз.
2
Екі топсадағы
тетіктерді көтеріп,
бұраңыз.
16
3
Тұмшапештің
есігін бірінші ашу
күйіне (жартылай)
қарай жабыңыз.
Алға қарай тартып,
оны ұясынан
шығарып алыңыз.
1
1
4
Есікті жұмсақ
матамен қорғалған
ыңғайлы жерге
қойыңыз.
Есіктің төменгі
жағындағы 2
бұранданы алу
үшін бұрағышты
пайдаланыңыз.
Өте маңызды!
Бұрандаларды
жоғалтып алмаңыз.
.
3
2
2
5
Ішкі есікті ашу
үшін ағаштан,
пластиктен немесе
осыларға балама
заттан жасалған
қалақшаны
пайдаланыңыз.
Сыртқы есікті ұстап
тұрып, ішкі есікті
есіктің жоғарғы
шетіне қарай
итеріңіз.
6
Ішкі есікті
көтеріңіз.
7
Есіктің ішкі
жағын тазалаңыз.
Шыны панельді
сабын сумен
жуыңыз. Жақсылап
сүртіңіз.
Назарыңызда болсын! Шыны
панельді тек сумен жəне сабынмен
тазалаңыз. Түрпілі тазалағыш құралдарды,
дақ кетіргіштерді жəне өткір заттарды
(мыс., пышақтар немесе қырғыштар)
қолданбаңыз, шыныға зақым келтіруі
мүмкін.
Есік пен шыны панельді орнату
Тазалау рəсімі аяқталғаннан кейін есікті
орнына салыңыз. Мұны орындау үшін
əрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
4
4
5
5
6
17
Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Тұмшапештің жалыны
тұтатқан бетте дереу сөніп
қалады.
Қыздырғыш элемент
жеткілікті қызбайды.
От жанғаннан кейін тетікті
шамамен 10 секунд басып
ұстап тұрыңыз.
Газ шеңбері біркелкі
жанбайды.
Оттықтың шілтерін тағам
қалдығы бітеп тастаған.
Инжектордың бітеліп
қалмағанын жəне оттық
шілтерінің тағам
қалдығынан бос екенін
тексеріңіз.
Бу мен конденсат тағамның
үстіне жəне тұмшапештің
ішіне жиналады.
Тағам тұмшапеш ішінде
ұзақ уақыт қалып қойған.
Тағамды пісіріп болғаннан
кейін тұмшапеш ішінде
15-20 минуттан артық
қалдырмаңыз.
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пеш корпусының
алдыңғы жақтауында орналасқан.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................
Орнату
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
18
Құрылғы орнатылатын жер
BD
A
CC
Ең аз қашықтық
Өлшемде
рі
мм
A 690
B 150
C 20
Өлшемде
рі
мм
D 540
Техникалық сипаттама
Өлшемдері
Биіктігі 850 мм
Ені 500 мм
Тереңдігі 535 мм
Газ санаты II2H3B/P
Газбен жабдықтау G20 (2H) 13 мбар
G20 (2H) 20 мбар
G30/31 (3B/P) -
30/30 мбар
Айнала диаметрлері
Оттық Ø Ішкі байпас
1/100 мм.
Қосымша 29
Жартылай жылдам 32
Жылдам 42
Тұмшапеш 44
Газ оттықтары
Оттық Қалыпты
қуаты
Азайтылғ
ан қуаты
Газдың
түрі
Қысы
мы
Инж.
Диаметрі
Тұтыну
кВт кВт мбар мм г/сағ.
Қосымша
оттық
1,00 0,40 Табиғи газ
G20
13 0,82 -
1,00 0,35 Табиғи газ
G20
20 0,70 -
1,00 0,35 Бутан G30 30 0,50 72,71
0,85 0,31 Пропан G31 30 0,50 60,70
Жартылай
жылдам
оттық
2,00 0,50 Табиғи газ
G20
13 1,11 -
19
Оттық Қалыпты
қуаты
Азайтылғ
ан қуаты
Газдың
түрі
Қысы
мы
Инж.
Диаметрі
Тұтыну
кВт кВт мбар мм г/сағ.
2,00 0,43 Табиғи газ
G20
20 0,96
2,00 0,43 Бутан G30 30 0,71 145,43
1,70 0,38 Пропан G31 30 0,71 121,40
Жылдам
оттық
2,60 0,78 Табиғи газ
G20
13 1,24 -
2,60 0,72 Табиғи газ
G20
20 1,13
2,50 0,72 Бутан G30 30 0,77 181,78
2,20 0,63 Пропан G31 30 0,77 157,11
Тұмшапеш 2,70 0,90 Табиғи газ
G20
13 1,30 -
2,70 0,90 Табиғи газ
G20
20 1,20 -
2,70 0,90 Бутан G30 30 0,80 196,33
2,35 0,78 Пропан G31 30 0,80 167,82
Газға қосу
Қолданыстағы ережелерге сəйкес тұрақты
қосылым сымдарын немесе тот баспайтын
болатпен қапталған иілгіш түтікті
таңдаңыз. Егер иілгіш металл түтіктерді
пайдаланатын болсаңыз, олардың
жылжымалы бөлшектерге жанаспауын
немесе қысылып қалмауын қадағалаңыз.
Металл емес иілгіш түтіктер
қосылымы
Егер қосылымды түгелдей оңай басқаруға
болатын мүмкіндік болса, иілгіш түтікті
пайдалануыңызға болады. Иілгіш түтікті
қапсырмалардың көмегімен мықтап бекіту
керек.
Орнату: түтік ұстатқышты пайдаланыңыз.
Əрдайым тығыздауышты орнатыңыз.
Содан кейін газ желісіне қосуды
жалғастырыңыз: Иілгіш түтік төмендегі
жағдайларда қолдану үшін дайындалады:
ол бөлме температурасынан жоғары,
30°C-тан асып қызып кете алмайды;
оның ұзындығы 1500 мм-ден аспайды;
оның ысырмалары болмаса;
оны тартып не бұрап майыстыруға
болмаса;
ол өткір жиектер мен бұрыштарға
жанаспаса;
оның күйін тексеру үшін оны оңай қарап
шығу мүмкіндігі болса.
Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын бақылау
үшін төмендегілерді тексеру керек:
екі
ұшында жəне ұзына бойында
жарылған, кесілген жерлер, күйген
белгілері болмауын;
материал қатқылданбаған, керісінше,
серпімділігі дұрыс болуын;
бекіткіш қапсырмаларды тот
баспағанын;
жарамдылық мерзімі өтіп кетпегенін.
20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84
  • Page 85 85
  • Page 86 86
  • Page 87 87
  • Page 88 88

Zanussi ZCG55EGW Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ

на других языках