• Құрылғыны тазалау үшін тек су мен сабынды пайдаланыңыз. Өткір
заттар, түрпілі тазалағыш құралдар, жеміргіш жөкелер мен дақ
кетіргіштер құрылғыға нұқсан келтіреді.
• Құрылғыны бу бүріккішпен немесе жоғары қысым арқылы тазалайтын
құралмен тазаламаңыз.
• Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің қызуға төзімді беті сынып, жарылып
кетуі мүмкін.
• Шыны панельдерді тазаламай тұрып, олардың салқындағанына көз
жеткізіңіз. Шыны сынып қалуы ықтимал.
• Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
•Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру керек. Қосымша нұсқауларды
жергілікті қызмет көрсету орталығынан алыңыз.
• Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
май сүзгісіне(егер бар болса), қыздырғыш элементтер мен термореле
сенсорлық құралына ешқашан қандай да бір затты бүркіп шашпаңыз.
• Пиролит арқылы (егер бар болса)тазалаған кезде қатып қалған ластық,
құрылғы бетінің түсін өзгертуі мүмкін.
• Каталитті эмальды тазаламаңыз (егер бар болса).
• Пештің шамын айырбастаған кезде абай болыңыз. Электр қатеріне
ұшырау қаупі бар!
Орнату
• Бұл құрылғыны тек уәкілетті маман ғана орнатып, желіге қосып немесе
жөндеуге тиіс.
• Құрылғы қолданылатын елдегі заң күшіне ие заңдар, қаулылар,
ережелер мен стандарттарды(қауіпсіздік нұсқаулары, қалдықтарды
қайта өңдеу бойынша ережелер, электр және/не газ қауіпсіздігі
ережелері т.с.с.) мұқият орындаңыз!
• Орнату нұсқауларын орындамасаңыз, ақаулық орын алған жағдайда
кепілдік заңды күшке ие болмай қалады.
• Құрылғыны тасымалдаған кезде еш жерінің бүлінбегенін тексеріңіз.
Бүлінген құрылғыны ешқашан желіге қоспаңыз. Қажет болса,
құрылғыны сатқан жерге хабарласыңыз.
• Құрылғыны тез тұтанатын заттарға (мысалы, терезе пердесі, сүлгі т.б.)
таятып орнатудан қашық болыңыз.
• Ең алғаш пайдаланбас бұрын орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болыңыз.
Әрқашан қауіпсіздік қолғабын киіңіз. Құрылғыны ешқашан тұтқасынан
немесе үстіңгі жағынан тартпаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум арақашықтықты сақтаңыз!
• Маңызды! Пешті таған немесе сол сияқты оны биіктететін заттың үстіне
қоюға болмайды. Бұл құрылғының бір жағына қарай ауып кету қаупін
күшейте түседі!
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5