Aeg-Electrolux F45000W0 Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
FAVORIT45000
KK
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RU
ПОСУДОМОЕЧНАЯ МАШИНА ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
28
UK
ПОСУДОМИЙНА МАШИНА ІНСТРУКЦІЯ
55
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген
жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға
мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға
негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе
бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз
жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз.
Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының
мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен
танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың
барлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін қамтамасыз
етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары
стандартқа сай жасалған керек-жарақтардың ішінен
арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары
салынатын себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір
жуғыш машинаға арналған нәзік тор тәрізді заттардың
барлығын таба аласыз...
интернеттегі мына дүкенге барыңыз:
www.aeg-electrolux.com/shop
2
МАЗМҰНЫ
4 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
8 Бұйым сипаттамасы
8 Басқару панелі
10 Құрылғыны қолдану
11 Су жұмсақтайтын бұйымын салу
12 Ыдыс жуғыш машинасы үшін
арналған
13 Жуғыш және шайғыш затты
қолдану
14 Мульти таб функциясы
14 Ас құралдары менен ыдыс-
аяқты салуs
18 Жуу программалар
18 Жуу бағдарламасын таңдау
және бастау
20 Күту менен тазалау
22 Не істерсіңіз, егер...
24 Техникалық сиппатама
25 Қоршаған ортаға зиян келдірмеу
туралы мағлұматтар
25 Орнату
Осы қолдану туралы нұсқауларда
астыда көрсетілген белгілер
қолданылады:
Өзіңіздің жеке бас қауіпсіздігіңіз
менен бұйымды бұзылдырмай
қолдану туралы мағлұматтар.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей
пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу
құқығына ие.
Мазмұны
3
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.
Қоршаған ортаға өз үлесіңізді қосу үшін.
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Құрылғыны басқа жаққа көшірсеңіз немесе басқа адамға берсеңіз, осы нұсқаулықты
әрқашан онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі
жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат
бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы
немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып қалу
немесе жарақат алу қаупі бар.
Жуғыш заттардың барлығын қауіпсіз жерде сақтаңыз. Балаларға жуғыш затты
ұстауға рұқсат бермеңіз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Көз, ауыз, өңеш күйіп қалмас үшін, жуғыш зат өндірушісінің қауіпсіздік нұсқауларын
орындаңыз.
Құрылғыдағы суды ішуге болмайды. Құрылғыда жуғыш заттың қалдығы қалуы мүмкін.
Құрылғының есігін қараусыз ашық қалдырмаңыз. Бұл жарақаттанып қалуға және
ашық есікке соғылып қалуға жол бермеу үшін қажет.
Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз немесе үстіне шығып тұрмаңыз.
Қолданылуы
Бұл тек үйде қолдануға арналған құрылғы. Адам жарақаттануға жол бермеу және
мүлікке нұқсан келтірмеу үшін құрылғыны басқа мақсатта қолданбаңыз.
Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу үшін ғана
қолданыңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу
қаупі бар.
Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың барлығын ас құралдары себетіне ұшын төмен
қаратып салыңыз. Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен не пышақ салатын себетке
салыңыз. (Пышақ салынатын себет тек кей үлгілерде ғана бар).
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Ыдыс жуғыш машинаға арналған арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз, шайғыш зат)
ғана қолданыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар су жұмсартқышқа нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұзды ыдыс жуғыш машинаға жуу бағдарламасын бастамай тұрып салыңыз.
Құрылғыда қалған қалдық тұз құрылғыны тоттандыруы немесе табанын ойып
жіберуі мүмкін.
Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан басқа бөгде зат (мысалы, ыдыс жуғыш
машинаны тазартқыш, сұйық тазартқыш) салмаңыз. Бұл құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Жуу бағдарламасын бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына
көз жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығып
кетуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
Ыдыстарды жуу бағдарламасы аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Күту менен тазалау
Құрылғыны тазалар алдында, оны сөндіріңіз де, ашаны розеткадан алыңыз.
Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу нәтижесі
қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді немесе буды қолданбаңыз. Электр қатері
орын алуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
Орнату
Құрылғының еш жерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны
орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз, сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны орнатып іске қосар алдында орам материалдарының барлығын алыңыз.
Электр қосылымына, құбыр жүйесіне, құрылғыны орнатуға қатысты жұмыстарды тек
білікті маман іске асыруға тиіс. Бұл құрылғының құрылымына немесе адамға зақым
келмес үшін қажет.
Құрылғыны орнату барысында, оның ашасының розеткадан ағытылып тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Құрылғының қабырғаларын, оның гидравликалық немесе электр бөлшектерін
бүлдіріп алмас үшін бұрғылап теспеңіз.
Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары
Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз.
Мұз қату салдарынан болған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Суға қосу
Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін жаңа түтіктерді пайдаланыңыз. Бұрын
қолданылған түтіктерді пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне немесе ұзақ уақыт қолданыста болмаған
құбырларға қоспаңыз. Суды бірнеше минут ағызып қойыңыз да, содан кейін су
құятын түтікті жалғаңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5
Құрылғыны орнатып жатқанда, су түтіктерінің жаншылып қалмағанын немесе
бүлінбегенін тексеріңіз.
Су құбыры жалғастырғыштарының су ақпайтындай берік орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда, түтіктерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік
клапанымен жабдықталған. Су құятын түтікте тек су құйылған кезде ғана қысым
пайда болады. Су құятын түтіктен су ақса, қауіпсіздік клапаны ағып жатқан суды
тоқтатады.
Су құятын түтікті жалғаған кезде абай болыңыз:
Су құятын түтікті немесе қауіпсіздік клапанын суға батырмаңыз.
Су құятын түтік немесе қауіпсіздік клапаны бүлінсе, ашаны дереу розеткадан
суырыңыз.
Қауіпсіздік клапаны бар түтікті ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қатерлі кернеу.
Электртоғына қосу
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты аша мен ұзартқыш сымды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының арт жағындағы аша мен қорек сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
ажыратыңыз.
6
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Қызмет көрсету орталығы
Құрылғыны тек уәкілетті техник ғана жөндеуге немесе оған қатысты жұмыстарды
орындауға тиіс. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін:
Ашаны розеткадан ағытыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл балалар мен үй жануарлары құрылғыға
кіріп қамалып қалмас үшін қажет. Тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны жергілікті қоқыс тастайтын жерге тастаңыз.
Назарыңызда болсын!
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті және тоттандыруы мүмкін !
Егер осы жуғыш заттардан болып оқыс жағдай орын алса, дереу дәрігерге
хабарласыңыз.
Жуғыш зат ауызға түсіп кетсе дереу дәрігерге хабарласыңыз.
Жуғыш зат көзге түсіп кетсе, дереу дәрігерге хабарласыңыз және көзіңізді сумен
шайыңыз.
Ыдыс жуғыш машинада қолданылатын жуғыш заттарды қауіпсіз, балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жуғыш зат үлестіргіште жуғыш зат болған кезде, құрылғының есігін ашық
қалдырмаңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін жуу бағдарламасын бастардың алдында ғана толтырыңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
7
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 Үстіңгі себет
2 Су кермектігі тетігі
3 Тұз сауыты
4 Жуғыш зат үлестіргіші
5 Шайғыш зат үлестіргіші
6 Техникалық ақпарат тақтайшасы
7 Сүзгілер
8 Астыңғы бүріккіш түтік
9 Үстіңгі бүріккіш түтік
10 Жұмыс алаңы
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1 2
3
4
7 568
8
Бұйым сипаттамасы
1 Off (сөндірулі) қалпы
2 Бағдарлама көрсеткіші
3 Индикатор шамдары
4 Бейнебет
5 Start түймешігі
6 Delay түймешігі
7 Multitab түймешігі
8 Бағдарлама тетігі
Индикатор шамдары
Жуу және шаю циклдары жұмыс істеген кезде индикатор жанады.
Құрғату циклы жұмыс істеген кезде индикатор жанады.
Бұл индикатор шайғыш зат сауытын толтыру қажет болған кезде жанады.
1)
Индикатор шам тұз сауытын толтыру қажет болғанда жанады.
1)
Сауытты толтырғаннан кейін тұз индикаторы бірнеше сағат жанған қалпы
тұрады. Бұл құрылғының жұмысына теріс әсер етпейді.
Бұл индикатор multitab функциясын қосқан кезде жанады.
1) Жуу бағдарламасы орындалып жатқанда тұз және/не шайғыш зат сауыттары босап қалса, тиісті
индикатор шамдары жанбайды.
Бейнебет
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
Су жұмсартқыштың электрондық тәсілмен бапталған деңгейі
Шайғыш зат үлестіргішін қосу және сөндіру (тек multitab функциясы қосулы тұрғанда
ғана)
Жуу бағдарламасының уақыты
Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін қалған уақыт
Жуу бағдарламасының аяқталуы (бейнебетте нөл көрсетіледі)
Кешіктіріп бастау параметрінің кері санағы
Ескерту кодтары.
Start түймешігі
Бастау үшін осы түймешікті басыңыз:
Жуу бағдарламасы
Кешіктіріп бастау параметрінің кері санағы.
Delay түймешігі
Жуу бағдарламасын 1-ден 19 сағатқа дейін кешіктіріп бастау үшін осы түймешікті қайта-
қайта басыңыз.
Multitab түймешігі
Multitab функциясын қосу немесе сөндіру үшін осы түймешікті басыңыз ('Multitab
функциясы' тарауын қараңыз).
Басқару панелі
9
Бағдарлама тетігі
Бағдарлама тетігінің көмегімен мына әрекеттерді орындауға болады:
Құрылғыны іске қосуға және сөндіруге
Жуу бағдарламасын орнатуға
Су жұмсартқыштың деңгейін электронды тәсілмен баптаңыз ('Су жұмсақтайтын
бұйымын салу' тарауын қараңыз)
Шайғыш зат үлестіргішті қосуға не өшіруге (multitab функциясы қосулы тұрғанда
ғана) болады.
Құрылғыны іске қосуға және жуу бағдарламасын орнатуға арналған
Бағдарлама тетігін бағдарлама көрсеткіші басқару панеліндегі жуу
бағдарламаларының біріне келгенше бұраңыз.
Бағдарлама көрсеткіші жуу бағдарламасына келген кезде, сандық бейнебетте
бағдарлама уақыты көрсетіледі.
Бағдарлама көрсеткіші жуу бағдарламасына қойылмаса, сандық бейнебетте екі
көлденең қалып-күй жолағы көрсетіледі.
Құрылғыны сөндіруге арналған
Бағдарлама тетігін бағдарлама көрсеткіші "off" (сөндірулі) қалпына келгенше бұраңыз.
Параметрлерді орнату режимі
Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұруға тиіс:
Жуу бағдарламасын орнату және бастау үшін
Кешіктіріп бастау бағдарламасын орнату және бастау үшін
Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тәсілмен баптау үшін
Шайғыш зат үлестіргішті қосу не өшіру (тек multitab функциясы қосулы тұрғанда
ғана) үшін.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді орнату режимінде
тұрады:
Бейнебетте бағдарламаның уақыты жыпылықтайды
Бір немесе бірнеше циклдің индикатор шамдары жанады.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді орнату режимінде
тұрмайды.
Бейнебетте жуу бағдарламасының уақыты немесе кешіктіріп бастау уақыты
жыпылықтамайды
Бір немесе бірнеше циклдің индикатор шамдары жанады.
Параметрді орнату режиміне оралу үшін бағдарлама немесе кешіктіріп бастау
функциясын ('Жуу бағдарламасын таңдау және бастау') біржола тоқтату керек.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
1. Су жұмсартқыштың деңгейі, тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай деңгейге
қойылғанына көз жеткізіңіз. Сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
10
Құрылғыны қолдану
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан салыңыз.
4. Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды құрылғыға салыңыз.
5. Ыдыс-аяқтың салынған мөлшері мен ластығына қарай жуу бағдарламасын дұрыс
орнатыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш затты тиісті мөлшерде салыңыз.
7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Егер құрама жуғыш таблеткаларды ('3 in 1', '4 in 1', '5 in 1') қолдансаңыз, multitab
функциясын қолданыңыз ('Multitab функциясы' тарауын қараңыз).
СУ ЖҰМСАҚТАЙТЫН БҰЙЫМЫН САЛУ
Су жұмсартқыш судың құрамындағы минералдар мен тұздарды кетіреді. Бұндай
минералдар мен тұздар құрылғыға нұқсан келтіреді.
Су жұмсартқыштың деңгейі тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай келмесе, су
жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін, жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне
хабарласып біліңіз.
Судың кермектігі
Судың кермектігін
реттеу
Неміс градусы
(dH°).
Француз градусы
(°TH).
ммоль/л Кларк
градусы
қолмен электр
ондық
тәсілм
ен
51 - 70 91 - 125 9,1 - 12,5 64 - 88
2
1)
10
43 - 50 76 - 90 7,6 - 9,0 53 - 63
2
1)
9
37 - 42 65 - 75 6,5 - 7,5 46 - 52
2
1)
8
29 - 36 51 - 64 5,1 - 6,4 36 - 45
2
1)
7
23 - 28 40 - 50 4,0 - 5,0 28 - 35
2
1)
6
19 - 22 33 - 39 3,3 - 3,9 23 - 27
2
1)
5
1)
15 - 18 26 - 32 2,6 - 3,2 18 - 22 1 4
11 - 14 19 - 25 1,9 - 2,5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0,7 - 1,8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0,7 < 5
1
2)
1
2)
1) Зауытта орнатылған параметр.
2) Осы деңгейде тұрса тұзды қолданбаңыз.
Су жұмсартқышты қолмен және электронды тәсілмен реттеуіңіз қажет.
Су жұмсақтайтын бұйымын салу
11
Қолмен реттеу
Су кермектігі тетігін 1-ші немесе 2-ші орынға
(кестеге қараңыз) қойыңыз.
Электрондық жолмен реттеу
Құрылғының сөндірулі тұрғанына көз жеткізіңіз.
1. Multitab түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
2. Бағдарлама тетігін бағдарлама көрсеткіші басқару панеліндегі ең бірінші жуу
бағдарламасына келгенше сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
3. Бейнебетте су жұмсартқыш орнатылған деңгей көрсетілгенде Multitab түймешігін
босатыңыз (мысалы: бейнебетте
көрсетіледі = 5-ші деңгей
4. Multitab түймешігін бейнебетте жаңа деңгей көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
5. Параметрді құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Су жұмсартқыш электронды тәсілмен 1-ші мәнге қойылса, тұз индикаторы сөнген
қалпы тұрады.
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАСЫ ҮШІН АРНАЛҒАН
Тұз сауытын қалай толтыру керек
1. Тұз сауытының қақпағын сағат
бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су (тек ең алғаш
тұз салғанда) құйыңыз.
3. Тұз сауытын тұзға толтыру үшін
құйғышты пайдаланыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуінің
айналасындағы тұзды тазалаңыз.
5. Тұз сауытының қақпағын сағат
бағытымен бұрап жабыңыз.
Тұз сауытын тұзға толтырған кезде, одан су
төгіледі, бұл дұрыс.
12
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
ЖУҒЫШ ЖӘНЕ ШАЙҒЫШ ЗАТТЫ ҚОЛДАНУ
8
2
4
5
6
1
7
3
Жуғыш заттарды қолдану
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
Жуғыш зат өндірушісінің жуғыш заттың орамында көрсеткен нұсқауларын орындаңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1.
2
түймешігін басып жуғыш зат үлестіргіштің қақпағын
8
ашыңыз.
2.
Жуғыш затты үлестіргішке
3
жуғыш заттан салыңыз.
3. Жуу бағдарламасында алдын ала жуу циклі бар болса, алдын ала жуғыш зат
үлестіргішіне
1
жуғыш заттан аздап салыңыз.
4.
Құрама жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, оларды жуғыш зат үлестіргішіне
3
салыңыз.
5. Жуғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын орнына түскенше басыңыз.
Түрлі фирмалар өндірген жуғыш заттар түрлі жылдамдықпен ериді. Кейбір жуғыш
таблеткаларды қысқа мерзімді жуу бағдарламалары үшін қолданғанда, аса жақсы
нәтиже бермейді. Жуғыш таблеткаларды қолданғанда, жуғыш зат әбден жуылып кету
үшін ұзақ мерзімді жуу бағдарламасын қолданыңыз.
Шайғыш заттарды қолдану
Шайғыш зат ыдыс-аяқты ешбір жолақ немесе дақ қалдырмай құрғатуға мүмкіндік береді.
Шайғыш зат үлестіргіші соңғы шаю циклы кезінде шайғыш затты автоматты түрде
қосады.
Шайғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1.
5
түймешігін басып шайғыш зат үлестіргіштің қақпағын
7
ашыңыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішіне
4
шайғыш заттан салыңыз. 'max' таңбасы ең үлкен
деңгейді көрсетеді.
Жуғыш және шайғыш затты қолдану
13
3. Жуу бағдарламасы барысында төгіліп қалған шайғыш зат қатты көпіршімес үшін
сіңіргіш шүберекпен тазалаңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын орнына түскенше басыңыз.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін белгілеңіз
Зауытта орнатылған мән : 4.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін 1 (ең аз) және 6 (ең көп) аралығында қоюға
болады.
Шайғыш заттың мөлшерін көбейту үшін шайғыш зат тетігін
6
бұраңыз.
МУЛЬТИ ТАБ ФУНКЦИЯСЫ
Multitab функциясы құрама жуғыш таблеткаларға арналған.
Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш зат, шайғыш зат және ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұз бар. Кейбір таблеткаларда басқа да жуғыш заттар болады.
Бұл таблеткалардың тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне (жуғыш құралдардың
орамындағы нұсқауларға қараңыз) сай келетініне көз жеткізіңіз.
Multitab функциясы шайғыш зат пен тұзды ағызбай тоқтатып тастайды.
Multitab функциясы тұз бен шайғыш зат индикаторларын сөндіреді.
Multitab функциясын қолданғанда, бағдарлама уақыты ұзарады.
Multitab функциясын жуу бағдарламасын бастамай тұрып қосыңыз. Жуу бағдарламасы
жұмыс жасап тұрған кезде, функцияны іске қоса алмайсыз.
Multitab функциясын қосу
Multitab түймешігін басыңыз, multitab индикаторы жанады. Функция қосулы.
Multitab функциясын орнатсаңыз, қайта өшіргенше қосулы тұрады.
Multitab функциясын өшіріп, жуғыш зат, тұз бен шайғыш затты жеке-жеке пайдалану үшін
1. Multitab түймешігін басыңыз, multitab индикаторы сөнеді. Функция сөндірулі.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Судың кермектігін ең үлкен мәнге қойыңыз.
4. Жуу бағдарламасын ыдыс салмай орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін реттеңіз.
АС ҚҰРАЛДАРЫ МЕНЕН ЫДЫС-АЯҚТЫ САЛУS
Ақыл-кеңес
Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.
Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып
салыңыз.
14
Мульти таб функциясы
Сауыттарға немесе шыныаяқтарға су жиналып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып кетпейтін етіп салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
Кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.
Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас үшін басқа ас құралдарымен араластырып
салыңыз.
Ыдыс-аяқтарды себеттерге салғанда, олардың барлық жеріне су тиетініне көз
жеткізіңіз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
Пластик заттар мен жабысқақ емес қаптамасы бар ыдыстарға су тамшылары тұрып
қалуы мүмкін.
Астыңғы себет
Кәстрөл, қақпақ, тәрелке, салат шаралары мен
ас үй құралдарын астыңғы себетке салыңыз. Ас
табақтар мен үлкен қақпақтарды себеттің
шетіне орналастырыңыз.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
15
Астыңғы себеттегі қатар ілгектерді кәстрөлдер,
табалар мен шараларды салу үшін жиып қоюға
болады.
Ас құралдарына арналған қорапша
Шанышқылар мен қасықтардың сабын төмен қаратып салыңыз.
Пышақтардың сабын жоғары қаратып салыңыз.
Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас үшін басқа
ас құралдарымен араластырып салыңыз.
Ас құралдары торын пайдаланыңыз. Құралдың
үлкендігі ас құралдары торын пайдалануға
кедергі жасаса, оны оңай алып қоюға болады.
Үстіңгі себет
Үстіңгі себет тәрелке (диаметрі көп дегенде 24
см), шай табақ, салат шараларын, кесе, стакан,
кастрөл мен қақпақтарды салуға арналған.
Ыдыс-аяқты су барлық жеріне тиетін етіп
орналастырыңыз.
Табақтарды себеттің алдыңғы жағындағы үш
бөлікке салмаңыз. Табақтарды алға қарай
қисайтып қойыңыз.
16
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
Тұғыры ұзын стакандарды шыныаяқ сөрелеріне
тұғырын жоғары қаратып салыңыз. Ұзынырақ
заттарды салу үшін шыныаяқ сөрелерін жоғары
қайырыңыз.
Үстіңгі себеттің биіктігін лайықтау
Ыдыс-аяқ салуға ыңғайлы ету үшін үстіңгі себетті екі қалыпта салуға болады.
Сақтандыру туралы ескерту!
Үстіңгі себетке ыдыс салардың алдында биіктігін реттеп алыңыз.
Ыдыстардың ең үлкен биіктігі :
үстіңгі себеттің ішінде
астыңғы себеттің
ішінде
Жоғарырақ орналастыру 20 см 31 см
Төменірек орналастыру 24 см 27 см
Үстіңгі себеттерді жоғарырақ орналастыру үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Сырғытпаның алдыңғы тежегіштерін (A)
тартып шығарыңыз.
2. Себетті тартып шығарыңыз.
3. Себетті үстіңгі орынға қойыңыз.
4. Сырғытпаның алдыңғы тежегіштерін (A)
бастапқы орындарына қойыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Егер себет жоғары орналасса, шыныаяқ
сөрелеріне шыныаяқтарды қоймаңыз.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
17
ЖУУ ПРОГРАММАЛАР
Бағдарлама Ластану түрі Ыдыс-аяқтың түрі Бағдарлама сипаттамасы
Қатты ластанған Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдері
Құрғату
1)
Барлығы Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 45 °C не 70 °C
Шаю циклдері
Құрғату
2)
Қалыпты
ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Алдын ала жуу
Жуу 50 °C
Шаю циклдері
Құрғату
3)
Жаңа ластанған Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Жуу 60 °C
Шаю циклі
1) Құрылғы себеттердегі заттардағы ластықтың түрі мен заттардың мөлшерін анықтай алады. Ол
температураны, судың мөлшерін, қуат параметрі мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.
2) Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама. Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты
кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. Сынақ
деректерін ілеспе кітапшадан қараңыз.
3) Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт іші нде жақсы нәтиже береді.
Пайдалану көлемі
Бағдарлама
1)
Қуат (кВт/с) Су (литр)
1,5-1,7 15-17
1,1-1,7 11-22
1,0-1,1 13-15
0,9 9
1) Бейнебетте бағдарлама уақыты көрсетіледі.
Бұл мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы және ыдыс-
аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ БАСТАУ
Жуу бағдарламасын кешіктіріп бастау функциясынсыз бастау
1. Құрылғы есігін жабыңыз.
2. Жуу бағдарламасын (құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз
жеткізіңіз) орнатыңыз.
Бейнебетте бағдарламаның уақыты жыпылықтайды
18
Жуу программалар
Орнатылған жуу бағдарламасының циклдерінің индикатор шамдары жанады.
3. Start түймешігін басыңыз, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Жұмыс істеп тұрған цикл индикаторынан басқа циклдердің индикаторлары сөнеді.
Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу бағдарламасын бастау
1. Құрылғы есігін жабыңыз.
2. Жуу бағдарламасын (құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз
жеткізіңіз) орнатыңыз.
3. Delay түймешігін бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
Бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты жыпылықтайды.
4. Start түймешігін басыңыз, кері санақ автоматты түрде басталады.
Енді кешіктіріп бастау уақыты бейнебетте жыпылықтамайды
Орнатылған жуу бағдарламасының циклдерінің индикатор шамдары сөнеді.
5. Кері санақ аяқталған кезде, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Орындалып тұрған циклдің индикаторы жанады.
Құрылғы есігін ашқанда, кері санақ тоқтайды. Есікті жапқаннан кейін, кері санақ
тоқтаған жерінен бастап жалғасады.
Кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатыңыз
Start баспасаңыз, кері санақ функциясы қосылып тұрмаса
1. Бейнебетте келесі көрсетілгенше Delay түймешігін қайта-қайта басыңыз:
Бейнебетте орнатылған жуу бағдарламасының ұзақтығы көрсетіледі
Цикл индикаторлары жанады.
2. Жуу бағдарламасын бастау үшін Start түймешігін басыңыз.
Start бассаңыз, кері санақ функциясы орындалып тұрса
1. Бейнебетте келесі көрсетілгенше Delay түймешігін қайта-қайта басыңыз:
Бейнебетте орнатылған жуу бағдарламасының ұзақтығы көрсетіледі
Цикл индикаторлары жанады.
Жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Жуу бағдарламасын кідірту
Құрылғы есігін ашыңыз.
Жуу бағдарламасы тоқтайды.
Құрылғы есігін жабыңыз.
Жуу бағдарламасы үзілген жерінен бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасын біржола тоқтатыңыз
Егер жуу бағдарламасы басталмаса, параметрді өзгертуіңізге болады.
Жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде параметрді өзгерту үшін бағдарламаны
біржола тоқтату керек.
Бейнебетте келесі көрсетілгенше Multitab және Delay түймешіктерін қатар басыңыз:
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау
19
Бейнебетте соңғы орнатылған бағдарламаның уақыты жыпылықтайды
Жуу бағдарламасы циклдерінің индикаторлары жанады.
Жаңа жуу бағдарламасын бастар алдында, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың бар
екеніне көз жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасының соңы
Жуу бағдарламасы аяқталған кезде бейнебетте нөл көрсетіледі де, цикл
индикаторлары сөнеді.
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. Құрылғы есігін ашыңыз.
3. Кұрғату нәтижесін жақсарту үшін есікті бірнеше минут ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталған кезде құрылғыны сөндірмесеңіз, құрылғы күту режиміне
көшеді.
Күту режимі кезінде қуатты үнемдеу үшін, жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін үш
минут өткен соң:
Барлық индикаторлар сөнеді
Бейнебетте бір көлденең жолақ пайда болады.
Түймешіктердің бірін басыңыз, бейнебет және индикаторлар қайта жанады.
Себеттердегі ыдыс-аяқтарды алыңыз
Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал
келеді.
Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін үстіңгі себеттегі ыдыстарды алыңыз.
Құрылғының қабырғалары мен есігіне су тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-
аяққа қарағанда тез салқындайды.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сүзгілерді алу және тазалау
Қоқыс тұрған сүзгілер жуу нәтижесін төмендетеді. Оларды уақытылы тексеріп, қажет
болса тазалаңыз.
Құрылғыда үш сүзгі бар:
Ірі торлы сүзгі (A)
Шағын торлы сүзгі (B)
20
Күту менен тазалау
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84

Aeg-Electrolux F45000W0 Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ