Қaзақша | 135
Bosch Power Tools 1 619 P11 351 | (1.10.13)
Электр құралдарын пайдалану және күту
Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құ
ралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуля-
торды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр
құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қ
алмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай б
ағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайда-
ланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындай-
тын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралда-
рын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.
Аккумуляторды пайдалану және күту
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
Электр құралдарына арнал
ған аккумуляторларды
ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан,
кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа
ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ
тигенде, сол жерді сумен шайың
ыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккуму-
лятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Электрлі жұқа аралардың қауіпсіздік
нұсқаулары
Алмалы-салмалы аспаптың жасырын тоқ сымына
тиюі ықтимал жұмыстарды орындауда құралды
оқшауландырылған тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ өтетін
сымына тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп
тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Қолыңызды аралау өрісінен тыс ұстаңыз.
Дайындама астынан ұстамаңыз. Ара полотносына
тию жарақаттану қауіпін тудырады.
Электр құралды дайындамаға тек қосулы ретте
апарыңыз. Әйтпесе алмалы-салмалы аспап
дай
ындамаға ілінсе кері соғу қауіпі пайда болады.
Тіреу тақтасының 9 аралау кезінде бекем тұруына
көз жеткізіңіз. Қисайған ара полотносы сынуы немесе
керу соғуға алып келуі мүмкін.
Жұмысты аяқтағаннан кейін электр құралын өшіріп,
оның толық тоқтағанынан соң ғана ара полотносын
кесіктен шығарыңыз. Сол арқылы кері соғудан
сақтанып, электр құралын қауіпсіз күйге келтіресіз.
Бұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз.
Қисайған немесе өтпес ара полотнолары с
ынуы, кесікті
зақымдауы немесе кері соғу себебін тудырады.
Ара полотносын өшіргеннен соң бүйір басу арқылы
тоқтатпаңыз. Ара полотносы бұзылуы, сынуы немесе
керу соғу себебін тудыруы мүмкін.
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ қ
ұбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауын
ың жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумуляторды тек Bosch электр
құралымен
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті
артық жүктеуден сақтайсыз.
OBJ_BUCH-1994-001.book Page 135 Tuesday, October 1, 2013 2:18 PM