– тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
• Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер
етпейді. Бұл кепілдік заңына сәйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
• Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз.
Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ
қалуы мүмкін.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
• Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін
жауып пісіріңіз.
Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап
тазартқыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Пиролитпен тазалау
Пиролит режимінде Жарақат
алу / Өрт / Химиялық заттардың
бөлінуі (Түтін) қаупі бар.
• Пиролит функциясымен өздігінен
тазалау немесе Ең алғаш рет қолданар
алдында тұмшапештен келесі заттарды
алыңыз:
– тағам қалдықтарын, май немесе
тоңмай шашырандыларын /
жиналған қоқыстарды.
– алмалы керек-жарақтарды (соның
ішінде, құрылғымен бірге жеткізілген
сөрелерді, сырғытпа жолдарды
т.с.с.), зат жабыспайтын қаптамасы
бар табаларды, науаларды,
ыдыстарды, т.с.с.
• Пиролитпен тазалау нұсқауларын
мұқият оқып шығыңыз.
• Пиролитпен тазалау функциясы жұмыс
істеп тұрғанда балаларды құрылғыдан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы қатты қызып кетеді және
алдыңғы салқындатқыш тесіктерден
ыстық ауа шығады.
• Пиролитпен тазалау жоғары
температурада іске асырылады және
тағам қалдықтарынан, қолданылған
материалдардан қатты иіс шығуы
мүмкін, сондықтан да
пайдаланушыларға келесі жағдайларды
ерекше ескертеміз:
– пиролитпен тазалау барысында
және тазалап болғаннан кейін үнемі
жақсы желдетіңіз.
– ең алғаш рет қолданғанда және
қолданып болғаннан кейін жоғары
температураға қойып жақсылап
желдетіңіз.
• Кейбір құстар мен бауырымен
жорғалаушылар тұмшапештерді
Пиролитпен тазалау барысында
бөлінетін түтіндердің барлығына
адамдарға қарағанда ерекше сезімтал
келеді.
– Пиролитпен тазалау барысында
және тазалап болғаннан кейін үй
жануарларын (әсіресе құстарды)
құрылғының қасынан алыңыз және
жақсы желдетілген жерде әуелі ең
жоғары температураға қойыңыз.
• Кішкене үй жануарлары да Пиролитпен
өздігінен тазалау бағдарламасы
қосылып тұрғанда, Пиролит
www.zanussi.com 5