Electrolux EOB96631AX Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
EOB96631
KK БУ ПЕШІ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ 2
RU ДУХОВОЙ ШКАФ С
ФУНКЦИЕЙ ПАРА
ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ 39
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.......................................................................7
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................8
6. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ................................................................................. 12
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ..................................................................13
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР.............................................................................16
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 17
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 30
11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................34
12. ОРНАТУ......................................................................................................... 37
13. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................38
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Тек білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып,
сымын ауыстыруға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып
кетеді. Құрылғының ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды
ҚАЗАҚ 3
немесе ыдыстарды алып-салған кезде үнемі қолғап
киіңіз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен
ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы
жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
Осы құрылғыға ғана арналған ішкі температура
сенсорын пайдаланыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою
керек.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
www.electrolux.com4
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Электр сымдарына қол тигізуге
немесе құрылғының есігіне
жақындауға, әсіресе ыстық тұрған
есікке жақындауға болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу
және электр қатеріне
ұшырау не жарылыс шығу
қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғының есігін абайлап
ашыңыз. Алкоголь қосылған
қоспаларды қолданғанда, ауа мен
алкоголь қоспасы пайда болуы
мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды
құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
ҚАЗАҚ 5
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына
сәйкес қарастырылатын ақаулық
емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындарынан
кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Тағамды әрқашан тұмшапештің
есігін жауып пісіріңіз.
2.4 Буға пісіру
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Күйіп қалу және құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Шыққан бу күйдіруі мүмкін:
Тағамды буға пісіру барысында
құрылғының есігін ашпаңыз.
Тағамды буға пісіргеннен кейін
құрылғының есігін абайлап
ашыңыз.
2.5 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
2.6 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
2.7 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
www.electrolux.com6
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
8
5
6
14
11
12
10
5
4
1
2
3
32 41
9
7
13
1
Басқару панелі
2
Тұмшапеш функцияларының тетігі
3
Электрондық бағдарламалағыш
4
Температура тетігі
5
Су тартпасы
6
Қыздырғыш элемент
7
Ішкі температура сенсорлық
құралының розеткасы
8
Шам
9
Желдеткіш
10
Сөренің алмалы сырғытпалары
11
Су төгетін түтік
12
Су төгетін түтіктің клапаны
13
Сөре деңгейлері
14
Бу жіберетін түтікше
3.2 Керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде қолдануға
арналған.
Ішкі температура сенсоры
Тағамның қаншалықты піскенін
тексеруге арналған.
Сырғытпа жолдар
Сөрелер мен науаларға арналған.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Алғашқы тазалау
Құрылғыдан керек-жарақтардың
барлығын және алмалы сөре
сырғытпаларын алыңыз.
"Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Керек-жарақтарды және алмалы сөре
сырғытпаларын орындарына қойыңыз.
4.2 Уақытты орнату
Электр желісіне алғаш қосқаннан кейін
бейнебеттегі белгішелер бірнеше
секунд жанып тұрады. Келесі бірнеше
секундта бейнебетте бағдарламалық
жасақтама нұсқасы көрсетіледі.
Бағдарламалық жасақтама нұсқасы
көрінбей кеткеннен кейін, бейнебетте
және "12:00" көрсетіледі. "12"
жыпылықтайды.
1. Ағымдық уақытты орнату үшін
немесе түймешігін басыңыз.
2. түймешігін басып құптаңыз. Бұл
әрекетті уақытты ең алғаш рет
орнатқан кезде ғана орындау
ҚАЗАҚ 7
керек. Кейін жаңа уақыт 5
секундтан кейін автоматты түрде
сақталады.
Бейнебетте және орнатылған
сағат көрсетіледі. "00" жыпылықтайды.
3. Ағымдық минутты орнату үшін
немесе түймешігін басыңыз.
4.
түймешігін басып құптаңыз. Бұл
әрекетті уақытты ең алғаш рет
орнатқан кезде ғана орындау
керек. Кейін жаңа уақыт 5
секундтан кейін автоматты түрде
сақталады.
Бейнебетте жаңа уақыт пайда болады.
4.3 Уақытты өзгерту
Тәулік уақытын тұмшапеш сөндірулі
тұрса ғана өзгерте аласыз.
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте орнатылған уақыт пен
белгісі жыпылықтайды.
Жаңа уақытты орнату үшін "Уақытты
орнату" тарауын қараңыз.
4.4 Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.
3. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 15 минут қосып
қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді. Құрылғыдан иіс және
түтін шығады. Бұл қалыпты жағдай.
Бөлме ішіндегі ауаның жеткілікті түрде
ауысып тұрғанына көз жеткізіңіз.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Батырма тетіктер
Құрылғыны іске қосу үшін басқару
тетігін басыңыз. Басқару тетігі бері
шығады.
5.2 Құрылғыны іске қосу және
сөндіру
Тетіктің белгілері,
индикаторлары немесе
шамдарының болуы-
болмауы, құрылғының
үлгісіне байланысты.
Тұмшапеш қызғанда
индикатор жанады.
Құрылғы іске
қосылғанда шам
жанады.
Белгіше арқылы тетіктің
тұмшапеш
функцияларын немесе
температураны
басқаратыны
көрсетіледі.
1. Тұмшапеш функциясын таңдау
үшін тұмшапеш функцияларының
тетігін бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
3. Құрылғыны сөндіру үшін,
тұмшапеш функциялары мен
температура тетіктерін "сөндіру"
қалпына қойыңыз.
www.electrolux.com8
5.3 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Сөндіру қалпы Құрылғы сөндірулі.
Жылдам
қыздыру
Қыздыру уақытын азайтуға арналған.
Ыстық
желдеткішпен
пісіру
Тағамды бір уақытта 3 сөреде пісіруге және
кептіруге арналған.Температураны Дәстүрлі
пісіру функциясына қарағанда 20 – 40 °C
төменірек қойыңыз.
Пицца
параметрі
Тағамды қатты қызартып, түбін қытырлақ ету
үшін 1 сөреде пісіруге арналған. Температураны
Дәстүрлі пісіру функциясына қарағанда 20 - 40
°C төменірек қойыңыз.
Дәстүрлі пісіру Тағамды 1 сөреде пісіруге және қуыруға
арналған.
Астыңғы қызу Түбі қытырлақ торттарды пісіруге және тағамды
консервілеуге арналған.
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Гриль жасау Жалпақ етіп тағамнан гриль жасауға және тост
нанын жасауға арналған.
Жылдам гриль
жасау
Жалпақ етіп көп мөлшерде дайындалған
тағамнан гриль жасау және тост жасау үшін.
Турбо гриль Үлкенірек ет кесектерін немесе сүйегі бар құс
етін 1 сөреге қойып, қуыруға арналған. Сондай-
ақ гратин жасауға және қызарғанша қуыруға
арналған.
Ыстық желмен
пісіру + Бу
Тағамдарды булауға арналған. Бұл функцияны
пісіру уақытын қысқарту үшін және тағамның
дәрумендері мен құнарлы заттарын сол күйі
сақтау үшін пайдаланыңыз. Функцияны таңдаңыз
да, температураны 130 °C - 230 °C градус
аралығына қойыңыз.
5.4 Жылдам қыздыру
функциясы
Жылдам қыздыру функциясы, қыздыру
уақытын азайтады.
1. Жылдам қыздыру функциясын іске
қосыңыз. Тұмшапеш
функцияларының кестесіне
қараңыз.
2. Температураны орнату үшін
температура тетігін бұраңыз.
Құрылғы орнатылған температураға
жеткен кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
ҚАЗАҚ 9
Дыбыстық сигнал
естілгеннен кейін соңғы
жылдам қыздыру
функциясы сөндірілмейді.
Функцияны қолмен
сөндіруіңіз керек.
3. Тұмшапештің функциясын
орнатыңыз.
5.5 Бейнебет
A B C
D
EFG
A) Таймер
B) Қыздыру және қалдық қызу
индикаторы
C) Су сауыты (таңдаулы үлгілерде
ғана бар)
D) Ішкі температура сенсоры
(таңдаулы үлгілерде ғана)
E) Есіктің бекітпесі (таңдаулы
үлгілерде ғана)
F) Сағат / минут
G) Сағат функциялары
5.6 Түймешіктер
Түймешік Функция Сипаттама
САҒАТ Сағат функциясын орнатуға
арналған.
МИНУС Уақытты қоюға арналған.
МИНУТ
ОПЕРАТОРЫ
МИНУТ ОПЕРАТОРЫН орнатуға
арналған. Тұмшапештің шамын жағу
немесе сөндіру үшін түймешікті 3
секундтан артық басып ұстап
тұрыңыз.
ПЛЮС Уақытты қоюға арналған.
ТЕМПЕРАТУРА Тұмшапештің немесе ішкі
температура сенсорының
температурасын тексеруге арналған
(бар болса). Тұмшапеш функциясы
қосулы тұрғанда ғана қолданыңыз.
5.7 Қыздыру индикаторы
Тұмшапеш функциясын іске қосқан
кезде бейнебеттегі жолақтар
бір-
бірден жанады. Жолақтар тұмшапеш
температурасының жоғарылағанын
немесе төмендегенін көрсетеді.
5.8 Буға пісіру
1. функциясын орнатыңыз.
2. Су тартпасын ашу үшін оның
қақпағын басыңыз. Су тартпасын
"Сауыт толы" индикаторы
жанғанша суға толтырыңыз.
Сауыттың ең үлкен сыйымдылығы
900 мл. Бұл шамамен 55 - 60 минут
пісіруге жетеді.
www.electrolux.com10
Сұйықтық ретінде тек
суды ғана қолданыңыз.
Сүзілген
(минералдардан
тазартылған) немесе
тазартылған суды
қолданбаңыз. Басқа
сұйықтарды
пайдаланбаңыз.
Тұтанғыш немесе
алкоголі бар
сұйықтықтарды
(граппа, виски, конъяк
т.с.с.) су тартпасына
құюға болмайды.
3. Су тартпасын бастапқы орнына
қойыңыз.
4. Тағам пісірілетін ыдысты дұрыс
таңдаңыз.
5. Температураны 130 °C және 230
°C градус аралығына қойыңыз.
Бумен пісіру функциясы 230 °C
градустан жоғары температурада
жақсы нәтиже бермейді.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Сыртқы клапаннан су
шығып кетпес үшін бу
функциясын қолданғаннан
кейін кем дегенде 60 минут
күтіңіз.
Буға пісіру аяқталғаннан кейін су
сауытын босатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыдан қызу шығады.
Күйіп қалу қатері бар. Су
тартпасын босатқан кезде
абай болыңыз.
5.9 Су сауытының
индикаторы
Бумен пісіру функциясы қосылып
тұрғанда, бейнебетте су сауытының
индикаторы көрсетіледі. Су
сауытының индикаторы сауыттағы
судың деңгейін көрсетеді.
- Су сауыты суға толып тұр.
Сауыт толған кезде дыбыстық
сигнал естіледі. Дыбыстық
сигналды тоқтату үшін кез келген
түймешікті басыңыз.
- Су сауыты суға жартылай
толып тұр.
- Су сауыты бос тұр. Сауытты
толтыру қажет болғанда дыбыстық
сигнал естіледі.
Егер сауытқа өте көп су
құйсаңыз, қауіпсіздік түтігі
артық суды тұмшапештің
табанына ағызады.
Суды жөкеге не шүберекке
сіңіріп тазалаңыз.
5.10 Су сауытын босату
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Су сауытын босатпай
тұрып, құрылғының салқын
тұрғанына көз жеткізіңіз.
1. Пайдаланушы нұсқаулығы
салынған қалтадағы су төгетін
түтікті (C) дайындаңыз. Су төгетін
сауыттың ұшына жалғастырғышты
(B) жалғаңыз.
2. Түтікшенің екінші ұшын (С) сауытқа
салыңыз. Оны су төгетін
клапанның деңгейінен (A)
төмендеп салыңыз.
B
C
A
3. Тұмшапештің есігін ашып,
жалғастырғышты (В) су жіберетін
клапанға (А) салыңыз.
4. Су сауытын босатқан сайын
жалғастырғышты қайта-қайта
салыңыз.
ҚАЗАҚ 11
Бейнебетте белгісі
көрсетілген кезде,
сауытта қалдық су
болуы мүмкін. Су
жіберетін клапаннан су
ақпай тоқтағанша
күтіңіз.
5. Су ақпай тоқтаған кезде
жалғастырғышты клапаннан
алыңыз.
Су сауытын қайта толтыру
үшін аққан суды
қолданбаңыз.
6. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
6.1 Сағат функцияларының кестесі
Сағат функциясы Қолданылуы
ТӘУЛІК УАҚЫТЫ Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе
қарауға арналған. "Уақытты орнату" тарауын
қараңыз.
МИНУТ
ОПЕРАТОРЫ
Кері санақ уақытын (ең көбі 23 сағат 59 минут)
орнату үшін пайдаланыңыз. Бұл функция
құрылғының жұмысына әсер етпейді. МИНУТ
ОПЕРАТОРЫН кез келген уақытта, құрылғы сөніп
тұрса да орнатуға болады.
ҰЗАҚТЫҚ Құрылғының жұмыс істеу уақытын орнатуға
арналған. Тұмшапештің функциясы орнатылған
кезде ғана қолданыңыз.
АЯҚТАУ Құрылғыны сөндіру қажет болған кезде
қолданыңыз. Тұмшапештің функциясы
орнатылған кезде ғана қолданыңыз. Ұзақтық пен
Аяқтау функцияларын (уақытты кешіктіру),
құрылғыны кейін автоматты түрде қосу және
сөндіру қажет болса қатар қолдануға болады.
Сағат функцияларының
бірінен-біріне ауысу үшін
түймешігін қайта-қайта
басыңыз.
Сағат функцияларының
параметрлерін растау үшін
түймешігін басыңыз
немесе автоматты түрде
растауды 5 секунд күтіңіз.
6.2 ҰЗАҚТЫҚ және АЯҚТАУ
параметрлерін орнату
1. түймешігін бейнебетте
немесе көрсетілгенше қайта-
қайта басыңыз.
Бейнебетте немесе
жыпылықтайды.
2. Мәнді орнату үшін немесе
түймешігін, ал растау үшін
түймешігіін басыңыз.
Ұзақтық параметрі үшін әуелі
минуттарды, одан кейін сағаттарды,
Аяқтау
параметрі үшін әуелі
сағаттарды одан кейін минуттарды
орнатыңыз.
Уақыт өткеннен кейін, дыбыстық
сигнал 2 минут естіледі. Бейнебетте
немесе белгісі және уақыт
www.electrolux.com12
параметрі жыпылықтайды. Тұмшапеш
тоқтайды.
3. Тұмшапеш функцияларының
тетігін "сөндірулі" қалпына
бұраңыз.
4. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
кез келген түймешікті басыңыз.
түймешігін ҰЗАҚТЫҚ
параметрінің сағатын
қойған кезде бассаңыз,
құрылғы АЯҚТАУ
функциясына ауысады.
6.3 МИНУТ ОПЕРАТОРЫН
орнату
1. түймешігін басыңыз.
Бейнебетте
және "00"
жыпылықтайды.
2. МИНУТ ОПЕРАТОРЫН орнату
үшін немесе түймешігін
басыңыз.
Әуелі секундтарды, содан кейін
минуттар мен сағаттарды орнату
керек.
Әуелі уақыт минут және секунд
бойынша есептеледі. Орнатылған
уақыт 60 минуттан көп болса
бейнебетте белгісі көрсетіледі.
Енді құрылғы уақытты сағат пен минут
бойынша есептейді.
3. МИНУТ ОПЕРАТОРЫ бес
секундтан кейін автоматты түрде
іске қосылады.
Орнатылған уақыттың 90% өткен
кезде дыбыстық сигнал естіледі.
4. Орнатылған уақыт аяқталған
кезде, екі минут бойы дыбыстық
сигнал естіледі. "Бейнебетте
00:00" және жыпылықтайды.
Дыбыстық сигналды сөндіру үшін
кез келген түймешікті басыңыз.
ҰЗАҚТЫҚ және АЯҚТАУ
функциясы қосылып тұрған
кезде МИНУТ
ОПЕРАТОРЫН
орнатсаңыз, бейнебетте
көрсетіледі.
6.4 Санақ таймері
Құрылғының жұмыс істеу уақытын
бақылау үшін Санақ таймерін
пайдаланыңыз. Бұл функция құрылғы
қыза бастаған бетте дереу іске
қосылады.
Санақ таймерін бастапқы қалпына қою
үшін және түймешігін басып
ұстап тұрыңыз. Таймер қайта санай
бастайды.
Санақ таймерін келесі
функциялармен пайдалану
мүмкін емес: Ұзақтық ,
Аяқтау , ішкі
температура сенсоры.
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Ішкі температура
сенсорын қолдану
Ішкі температура сенсоры еттің ішкі
температурасын өлшейді. Еттің
температурасы орнатылған
температураға жеткенде құрылғы
сөнеді.
Екі түрлі температураны орнату керек:
Тұмшапештің температурасы.
Қуыру кестесін қараңыз.
Ішкі температура. Ішкі температура
сенсорының кестесіне қараңыз.
ҚАЗАҚ 13
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Құрылғымен бірге
жеткізілген ішкі
температура сенсорын
ғана немесе фирмалық
қосалқы бөлшектерді ғана
қолданыңыз.
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. Ішкі температура сенсорының
ұшын (сабында белгісі бар)
еттің ортасына шаншыңыз.
3. Ішкі температура сенсорының
ашасын тұмшапеш корпусының
үстіңгі бөлігіндегі розеткаға
қосыңыз.
Тағам пісіріп жатқанда ішкі
температура сенсорының етке
сұғылып және розеткаға қосылып
тұруын қамтамасыз етіңіз.
Ішкі температура сенсорын алғаш
рет қолданғанда, әдепкі ішкі
температура 60 °C градус болады.
жыпылықтап тұрған кезде,
температура тетігін қолданып,
әдепкі ішкі температураны
өзгертуге болады.
Бейнебетте ішкі температура
сенсорының белгісі мен әдепкі ішкі
температура көрсетіледі.
4. Жаңа ішкі температураны сақтау
үшін түймешігін басыңыз
немесе оның өздігінен сақталғанын
қаласаңыз, 10 секунд күтіңіз.
Ішкі температура сенсорын келесі
жолы қолданған кезде әдепкі ішкі
температура көрсетіледі.
Еттің температурасы орнатылған ішкі
температураға жеткен кезде, ішкі
температураның белгісі мен әдепкі
ішкі температура жыпылықтайды.
Дыбыстық сигнал екі минут бойы
естіледі.
5. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
кез келген түймешікті басыңыз.
6. Ішкі температура сенсорының
ашасын розеткадан суырыңыз. Етті
құрылғыдан алыңыз.
7. Құрылғыны сөндіріңіз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Ішкі температура
сенсорының ұшы мен
ашасын алған кезде абай
болыңыз. Ішкі температура
сенсоры ыстық. Күйіп қалу
қатері бар.
Ішкі температура сенсорын
розеткаға сұққан сайын,
ішкі температура уақытын
қайта орнату керек.
Ұзақтық және аяқтау
параметрлерін таңдай
алмайсыз.
Құрылғы болжалды уақыт
ұзақтығын алдын - ала
есептегенде, белгісі
бейнебетте жыпылықтап
тұрады. Есептеу аяқталған
кезде бейнебетте тағам
пісіру уақыты көрсетіледі.
Тағам пісіру барысында
бейнебетте есептеу
жүргізіліп тұрады және
пісіру уақыты, егер қажет
болса бейнебетте
жаңарып отырады.
Тағам пісіру барысында
температураны кез келген уақытта
өзгерте аласыз:
1. түймешігін басыңыз:
бір рет - бейнебетте
орнатылған ішкі температура
www.electrolux.com14
көрсетіледі және ол 10 секунд
сайын өзгеріп, ағымдық ішкі
температураны көрсетеді.
екі рет - бейнебетте
тұмшапештің ағымдық
температурасы көрсетіледі
және ол 10 секунд сайын
өзгеріп, тұмшапештің ағымдық
температурасын көрсетеді.
үш рет - бейнебетте
тұмшапештің орнатылған
температурасы көрсетіледі.
2. Температураны өзгерту үшін
температура тетігін қолданыңыз.
7.2 Сырғытпа жолдар
Сырғытпа жолдарды
орнату нұсауларын кейін
пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Сырғытпа жолдардың көмегімен
сөрелерді оңай алып-салуға болады.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Сырғытпа жолдарды ыдыс
жуғыш машинада
жумаңыз. Сырғытпа
жолдарды майламаңыз.
1. Оң және сол жақтағы сөре
сырғытпаларын тартып
шығарыңыз.
°C
2. Сымтемір торды сөре
сырғытпаларына салыңыз да,
құрылғыға қарай абайлап итеріңіз.
°C
Тұмшапештің есігін жабар алдында,
сырғытпа жолдардың құрылғыға әбден
кіргізілгеніне көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 15
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
8.1 Бала қауіпсіздігі
функциясын пайдалану
Бала қауіпсіздігінің құралы
құрылғының кездейсоқ іске қосылуына
жол бермейді.
1. Тұмшапеш функциясын
орнатпаңыз.
2.
және түймешігін қатар
басып, кем дегенде 2 секунд ұстап
тұрыңыз.
Дыбыстық сигнал естіледі. Бейнебетте
SAFE жанады.
Бала қауіпсіздігі бекітпесін ажырату
үшін 2-ші қадамды қайталаңыз.
8.2 Функция бекітпесін
пайдалану
Функция бекітпесі функциясын тек
құрылғы жұмыс істеп тұрғанда ғана
іске қоса аласыз.
Функция бекітпесі тұмшапештің жұмыс
істеп тұрған функциясының
температурасы мен уақыт
параметрлерінің кездейсоқ өзгеріп
кетуіне жол бермейді.
1. Тұмшапештің функциясын таңдап,
өз қалауыңызға сай орнатыңыз
2.
және түймешігін қатар
басып, кем дегенде 2 секунд ұстап
тұрыңыз.
Дыбыстық сигнал естіледі. Бейнебетте
Loc жанады.
Функция бекітпесін ажырату үшін 2-ші
қадамды қайталаңыз.
Тетікті температураға
бұрағанда немесе
түймешікті басқанда
бейнебетте Loc жанады.
Тұмшапеш
функцияларының тетігін
бұраған кезде құрылғы
сөнеді.
Функция бекітпесі қосылып
тұрғанда құрылғыны
сөндірсеңіз, Функция
бекітпесі автоматты түрде
Бала қауіпсіздігі
функциясына ауысады.
"Бала қауіпсіздігінің
құралын пайдалану"
тарауын қараңыз.
8.3 Қалдық қызу индикаторы
Тұмшапештің ішіндегі температура 40
°C градустан жоғары болса, құрылғы
сөніп тұрғанда бейнебетте
қалдық
қызу индикаторы көрсетіледі.
Тұмшапештің ішіндегі температураны
көру үшін температура тетігін солға
немесе оңға бұраңыз.
8.4 Автоматты түрде сөндіру
Егер тұмшапеш функциясы қосылса
және ешбір параметрді өзгертпесеңіз,
құрылғы қауіпсіздікті сақтау үшін
шамалы уақыттан кейін автоматты
түрде сөнеді.
Температура
(°C)
Сөндіру уақыты
(сағ)
30 - 115 12.5
120 - 195 8.5
200 - 245 5.5
250 - ең көбі 3
Автоматты түрде сөнгеннен кейін,
құрылғыны қайта іске қосу үшін кез
келген түймешікті басыңыз.
Автоматты сөндіру келесі
функцияларда жұмыс
істемейді: ішкі температура
сенсоры, Жеңіл, Ұзақтық,
Аяқтау.
8.5 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау
үшін желдеткіш автоматты түрде
www.electrolux.com16
қосылады. Құрылғыны сөндірсеңіз,
желдеткіш құрылғы салқындағанша
жұмыс істеп тұра береді.
8.6 Қауіпсіздік термостаты
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе
немесе бөлшектерінде ақау бар болса,
қатты қызып кету қаупі бар. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш
тоқты кідіртуге арналған термостатпен
жабдықталған. Температура
төмендеген кезде тұмшапеш қайта
автоматты түрде қосылады.
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
9.1 Есіктің ішкі жағы
Кей үлгілердің есігінің ішкі жағында
келесі деректер болады:
сөре қоюға болатын деңгейлер
саны.
тұмшапеш функциялары туралы
ақпарат, белгілі тағамдар үшін
ұсынылатын сөре деңгейлері мен
температура мәндері.
9.2 Жалпылама ақпарат
Құрылғының сөре қоюға арналған
бес деңгейі бар. Сөренің
деңгейлерін құрылғының астыңғы
жағынан бастап санаңыз.
Құрылғы ауа айналдыратын және
буды үздіксіз қайта айналдырып
отыратын арнайы жүйемен
жабдықталған. Бұл жүйенің
көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ, сыртын кітірлек етіп
пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты
мен пайдаланылатын қуат
мөлшерін барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шыны панельдеріне бу тұруы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тағам
пісіріп жатқанда құрылғының есігін
ашу қажет болса, әрқашан артқа
шегініңіз. Буды азайту үшін
құрылғыны тағам пісіру алдында 10
минут қыздырыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын ылғалды жерлерін
тазалаңыз.
Заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз және тағам пісіріп
жатқан кезде құрылғының ешбір
бөлшектерін алюминий
жұқалтырмен жаппаңыз. Себебі
пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің
эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
9.3 Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған
пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өткенше ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына
бір ашық қатар қалдырыңыз.
9.4 Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем
тазаланбайтын дақ түспес үшін, өте
майлы тағамды пісіргенде шұңғыл
табақты пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып
кетпес үшін шамамен 15 минут қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің
іші қатты түтіндеп кетпес үшін
шұңғыл табаққа шамалы су
құйыңыз. Түтін жиналып қалмас
үшін су таусылған сайын үстемелеп
құйып отырыңыз.
9.5 Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне
байланысты.
ҚАЗАҚ 17
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға,
рецептілерге және тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
9.6 Пісіру және қуыру кестесі
Торттар
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық
желдеткішпен пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналас
уы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Көпіршіті
лген
тағам
рецептіле
рі
170 2 160 3 (2 және
4)
45 - 60 Тортқа
арналған
қалыпта
Ашыған
қамыр
170 2 160 3 (2 және
4)
20 - 30 Тортқа
арналған
қалыпта
Сарысу
қосылған
чизкейк
170 1 165 2 60 - 80 26 см торт
қалыбынд
а
Алма
торты
(Алма
бәліші)
1)
170 2 160 2 (сол
және оң)
80 - 100 Тор
сөреге
қойылған
екі 20 см
торт
қалыбынд
а
Штрудель 175 3 150 2 60 - 80 Пісірме
табақта
Джем
тарталетк
асы
170 2 165 2 (сол
және оң)
30 - 40 26 см торт
қалыбынд
а
Бисквит
торт
170 2 160 2 50 - 60 26 см торт
қалыбынд
а
Кристмас
торты /
Көп жеміс
қосылған
торт
1)
160 2 150 2 90 - 120 20 см торт
қалыбынд
а
www.electrolux.com18
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық
желдеткішпен пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналас
уы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Қара өрік
торты
1)
175 1 160 2 50 - 60 Нан
қалыбынд
а
Кішкене
кекстер -
бір
деңгейде
170 3 140 - 150 3 20 - 30 Пісірме
табақта
Кішкене
кекстер -
екі
деңгейде
- - 140 - 150 2 және 4 25 - 35 Пісірме
табақта
Кішкене
кекстер -
үш
деңгейде
- - 140 - 150 1, 3 және
5
30 - 45 Пісірме
табақта
Печенье /
тәтті
таспалар
- бір
деңгейде
140 3 140 - 150 3 30 - 35 Пісірме
табақта
Печенье /
тәтті
таспалар
- екі
деңгейде
- - 140 - 150 2 және 4 35 - 40 Пісірме
табақта
Печенье /
тәтті
таспалар
- үш
деңгейде
- - 140 - 150 1, 3 және
5
35 - 45 Пісірме
табақта
Меренга -
бір
деңгейде
120 3 120 3 80 - 100 Пісірме
табақта
Меренга -
екі
деңгейд
е
1)
- - 120 2 және 4 80 - 100 Пісірме
табақта
Тоқашта
р
1)
190 3 190 3 12 - 20 Пісірме
табақта
ҚАЗАҚ 19
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық
желдеткішпен пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналас
уы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Эклер -
бір
деңгейде
190 3 170 3 25 - 35 Пісірме
табақта
Эклер -
екі
деңгейде
- - 170 2 және 4 35 - 45 Пісірме
табақта
Тарталет
ка
180 2 170 2 45 - 70 20 см торт
қалыбынд
а
Көп жеміс
қосылған
торт
160 1 150 2 110 - 120 24 см торт
қалыбынд
а
Виктория
сэндвичі
170 1 160 2 (сол
және оң)
50 - 60 20 см торт
қалыбынд
а
1)
Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
Нан және пицца
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық
желдеткішпен пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндір
ме
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Ақ нан
1)
190 1 190 1 60 - 70 1 - 2
бөлке,
біреуі 500
г
Қарабида
й наны
190 1 180 1 30 - 45 Нан
қалыбынд
а
Булочк
а
1)
190 2 180 2 (2 және
4)
25 - 40 Пісіру
табасынд
а 6 - 8
булочка
Пицца
1)
230 - 250 1 230 - 250 1 10 - 20 Пісірме
табақта
немесе
шұңғыл
табақта
www.electrolux.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80

Electrolux EOB96631AX Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ