AEG BP5501432M Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я чат-бот, изучивший руководство пользователя для духового шкафа AEG. Я могу ответить на ваши вопросы о его функциях, использовании, уходе и устранении неполадок. В инструкции подробно описаны различные режимы работы, включая конвекцию, гриль и функцию приготовления на пару, а также функция пиролитической самоочистки и защита от детей.
  • Как установить время на часах духовки?
    Как использовать функцию пара?
    Как включить блокировку от детей?
    Как очистить духовку с помощью пиролитической функции?
BP5501432 KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
RUИнструкция по эксплуатации 46
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
6. САҒАТ ФУНЦИЯЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
9. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 35
11. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 41
12. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43
13. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша
жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі
тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс
жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп,
құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
туралы ақпарат:
www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.aeg.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын
қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі,
Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.aeg.com
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқан
балалар және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне
нұқсан келген адамдар немесе тәжірибесі немесе
білімі аз адамдар, өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін адамның бақылауында болса пайдалана
алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз. 3
жасқа толмаған балаларды құрылғының қасына
қараусыз қалдыруға болмайды.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қолжетімді бөлшектері ыстық
болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынаыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
ҚАЗАҚ 3
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Осы құрылғыны орнату және сымды ауыстыру
жұмысын тек білікті маман ғана орындауға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып
кетеді. Құрылғының ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды
немесе ыдыстарды алып-салған кезде үнемі
қолғап киіңіз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен
ажыратыңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Пиролитпен тазалау алдында көп ластықты
тазалау керек. Тұмшапештің ішіндегі керек-
жарақтардың барлығын алыңыз.
Осы құрылғыға ғана арналған ішкі температура
сенсорын пайдаланыңыз.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін
артқы жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын әрекеттерді керісінше орындап
салыңыз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды
ауыстырар алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
4
www.aeg.com
2.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою
керек.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген
электр сымын ауыстырту үшін
қызмет көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
Электр сымдарын құрылғының
есігіне, әсіресе ыстық тұрған есікке
тигізуге болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік
беретін оқшаулағыш құралмен
жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш
құралдың контакт ара қашықтығы
кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Ашаны розеткаға қосар алдында
құрылғының есігін толық жабыңыз.
2.2 Пайдалану
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу немесе
электр тоғының қатеріне
ұшырау немесе жарылыс шығу
қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын тоқтан ажыратыңыз.
ҚАЗАҚ 5
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы үмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін үнемі жабық ұстаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь
қоспасы пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
– пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз.
– алюминий жұқалтырды
құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
– ыстық суды құрылғының ішіне тура
қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыстарды және тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алып-салған
кезде абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына
сәйкес қарастырылатын ақаулық
емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындарынан
кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Буға пісіру
Назарыңызда болсын!
Күйіп қалу және құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Тағамды буға пісіру кезінде
құрылғының есігін ашпаңыз. Бу
шығып кетуі мүмкін.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, өрт қаупі және
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Пиролитпен тазалау
Назарыңызда болсын!
Пиролит режимінде Жарақат
алу / Өрт / Химиялық
заттардың бөлінуі (Түтін) қаупі
бар.
6
www.aeg.com
Пиролитпен өздігінен тазалау
немесе құрылғыны алғаш рет
қолданар алдында тұмшапештен
келесі заттарды алыңыз:
Тағам қалдықтарын, май немесе
тоңмай шашырандыларын /
жиналған қалдықтарды.
Алмалы керек-жарақтарды (соның
ішінде, құрылғымен бірге
жеткізілген сөрелерді, сырғытпа
жолдарды т.с.с.), зат
жабыспайтын қаптамасы бар
табаларды, науаларды,
ыдыстарды, т.с.с.
Пиролитпен тазалау функциясы
жұмыс істеп тұрғанда балаларды
құрылғыдан алыс ұстаңыз. Құрылғы
қатты қызып кетеді.
Пиролитпен тазалау функциясы
жұмыс істеп тұрғанда балаларды
құрылғыдан алыс ұстаңыз. Құрылғы
қатты қызып кетеді және алдыңғы
салқындатқыш тесіктерден ыстық
ауа шығады.
Пиролитпен тазалау жоғары
температурада орындалады және
тағам қалдықтарынан, қолданылған
материалдардан күшті иіс шығуы
мүмкін, сондықтан пайдаланушылар
келесіні ескеруі керек:
Бірінші рет қосқан кезде және
бірінші рет қолданып болғаннан
кейін жоғары температураға
қойып жақсылап желдетіңіз.
Пиролитпен тазалау барысында
және тазалап болғаннан кейін
үнемі жақсы желдетіңіз.
Кейбір құстар мен бауырымен
жорғалаушылар тұмшапештерді
Пиролитпен тазалау барысында
бөлінетін түтіндердің барлығына
адамдарға қарағанда ерекше
сезімтал келеді.
Пиролитпен тазалау барысында
және тазалағаннан кейін үй
жануарларын (әсіресе құстарды)
құрылғының қасынан алыңыз
және жақсы желдетілген жерде
әуелі ең жоғары температураға
қойыңыз.
Кішкене жануарлар Пиролитпен
тазаланатын пештердің қасында
температураның өзгеруіне өте
сезімтал келеді.
Кәстрөлдердің, табалардың,
науалардың, ыдыстардың т.с.с. зат
жабыспайтын қаптамасы барлық
Пиролит тұмшапештерінің жоғары
температурада Пиролитпен тазалау
режимі кезінде бүлініп қалуы және
олардан аздаған зиянды түтіндер
бөлінуі мүмкін.
Барлық Пиролит тұмшапештерінен
бөлінген түтіндер / тағам
қалдықтары адамдарға, соның
ішінде жас балаларға және
денсаулығына зақым келген
адамдарға зиянсыз.
2.4 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын!
Электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
2.5 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
ҚАЗАҚ 7
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
7
4
5
6
14
13
10
11
12
9
5
4
1
2
3
2 31
8
1
Тұмшапеш функциясын басқару
тетігі
2
Электрондық бағдарламалағыш
3
Температураны басқару тетігі
4
Су тартпасы
5
Гриль
6
Ішкі температура сенсорлық
құралының розеткасы
7
Тұмшапештің шамы
8
Желдеткіш
9
Сөренің алмалы сырғытпалары
10
Су төгетін түтік
11
Су төгетін түтіктің клапаны
12
Техникалық ақарат тақтайшасы
13
Сөре деңгейлері
14
Бу жіберетін түтікше
3.1 Тұмшапештің керек-
жарақтары
Сымтемір тор
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде қолдануға
арналған.
Ішкі температура сенсоры
Тағамның қаншалықты піскенін
тексеруге арналған.
Сырғытпа жолдар
Сөрелер мен науаларға арналған.
Диеталық тағамдар пісірілетін ыдыс
Бумен пісіру функциялары үшін.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Алғашқы тазалау
Керек-жарақтарының барлығын
және алмалы сөре сырғытпаларын
(бар болса) алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
4.2 Тәулік уақытын орнату
Бейнебетте және 12:00
көрсетіледі. 12 жыпылықтайды.
1.
Дұрыс сағатты орнату үшін +
немесе - түймешігін басыңыз.
2.
түймешігін басып растаңыз.
Бұл әрекетті уақытты бірінші рет
орнатқан кезде ғана орындау
қажет. Содан кейін жаңа уақыт
мәні бес секундтан кейін
автоматты түрде сақталады.
Бейнебетте
және
орнатылған сағат мәні көрсетіледі.
00 жыпылықтайды.
3.
Дұрыс минутты орнату үшін +
немесе - түймешігін басыңыз.
8
www.aeg.com
4.
түймешігін басып растаңыз.
Бұл әрекетті уақытты бірінші рет
орнатқан кезде ғана орындау
қажет. Содан кейін жаңа уақыт
мәні бес секундтан кейін
автоматты түрде сақталады.
Бейнебетте жаңа уақыт пайда
болады.
Тәулік уақытын өзгерту
Тәулік уақытын құрылғы сөніп
тұрса ғана өзгерте аласыз.
түймешігін бейнебетте тәулік
уақытының индикаторы
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз. Жаңа уақытты орнату үшін
"Тәулік уақытын орнату" тарауындағы
әрекеттерді орындаңыз.
4.3 Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2.
Құрылғыны 45 минут қосып
қойыңыз.
3.
функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4.
Құрылғыны 15 минут қосып
қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып тұруы мүмкін. Құрылғыдан иіс
және түтін шығады. Бұл қалыпты
жағдай. Ауаның жеткілікті түрде
айналып тұрғанына көз жеткізіңіз.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Құрылғыны іске пайдалану үшін тетікті
басыңыз. Тетік бері шығады.
5.1 Құрылғыны іске қосу және
сөндіру
1.
Тұмшапеш функцияларының
тетігін тұмшапеш функциясына
бұраңыз.
2.
Температураны орнату үшін
температура тетігін бұраңыз.
3.
Құрылғыны сөндіру үшін,
тұмшапеш функцияларының
тетігін "сөндірулі" қалпына
бұраңыз.
5.2 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш
функциясы
Қолданылуы
Сөндіру қалпы Құрылғы сөндірулі.
Жылдам
қыздыру
Қыздыру уақытын азайтуға арналған.
Ыстық желмен
пісіру
Пісіру температуралары бірдей тағамды бірнеше
сөреге қойып, иістерін сіңірмей қуыру немесе
қуырып-пісіруге арналған.
Пицца
параметрі
Пицца, киш немесе бәліш пісіруге арналған.
ҚАЗАҚ 9
Тұмшапеш
функциясы
Қолданылуы
Дәстүрлі пісіру
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру және қуыру
үшін. Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері
бір уақытта іске қосылады.
Астыңғы қызу
Торттың астыңғы қыртысын кіртілдек етіп пісіруге
арналған. Астыңғы қыздыру элементі ғана жұмыс
істейді.
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Гриль жасау
Жайпақ тағамды аз мөлшерде сөренің ортасында
қақтауға арналған. Тост жасауға арналған.
Турбо-гриль
Еттің үлкен кесектерін пісіруге арналған. Гриль
элементі мен тұмшапештің желдеткіші қатар
жұмыс істеп, ыстық ауаны тағамның айналасына
таратады.
Ыстық желмен
пісіру + Бу
Тағамдарды булауға арналған.
Пиролит Тұмшапешті пиролитпен автоматты түрде
тазалауға арналған. Бұл функция тұмшапеште
қалған қоқыстарды күйдіруге арналған. Тұмшапеш
шамамен 500 °C градусқа дейін қызады.
5.3 Жылдам қыздыру
функциясы
Жылдам қыздыру функциясы,
қыздыру уақытын азайтады.
1.
Жылдам қыздыру функциясын іске
қосыңыз. Тұмшаеш
функцияларының кестесіне
қараңыз.
2.
Температураны орнату үшін
температура тетігін
/
қалпына бұраңыз.
3.
Құрылғы орнатылған
температураға жеткен кезде
дыбыстық сигнал естіледі.
Дыбыстық сигнал естілгеннен
кейін соңғы жылдам қыздыру
функциясы сөндірілмейді.
Функцияны қолмен сөндіруіңіз
керек.
4.
Тұмшапештің функциясын
орнатыңыз.
5.4 Бейнебет
1
Таймер
2
Қыздыру және қалдық қызу
индикаторы
3
Су сауыты (кей үлгілерде ғана
бар)
4
Ішкі температура сенсоры
(таңдаулы үлгілерде ғана)
5
Есіктің бекітпесі (таңдаулы
үлгілерде ғана бар)
6
Сағат / минут
7
Сағат фунциялары
17 2 3
4567
10
www.aeg.com
5.5 Түймешіктер
Түймешік Функция Сипаттама
Сағат Сағат функциясын орнатуға арналған.
,
Минус, плюс Уақытты орнатуға арналған.
Минут
операторы
Минут операторын баптауға арналған.
Тұмшапештің шамын жағу немесе сөндіру
үшін осы түймешікті 3 секундтан артық басып
ұстап тұрыңыз.
Температура Тұмшапештің немесе тағамның ішкі
температурасының сенсорының
температурасын тексеруге арналған (бар
болса). Тұмшапеш функциясы қосулы
тұрғанда ғана қолданыңыз.
5.6 Қыздыру және қалдық
қызу индикаторы
Тұмшапеш функциясын іске қосқан
кезде бейнебеттегі жолақтар
жанады. Жолақтар тұмшапеш
температурасының көбейгенін немесе
азайғанын көрсетеді.
Егер тұмшапештің ішіндегі
температура 40 °C градустан артық
болса, құрылғыны сөндірген кезде,
бейнебетте қалдық қызу индикаторы
көрсетіледі. Тұмшапеш
температурасын бейнебетке шығару
үшін температура тетігін солға немесе
оңға бұраңыз.
5.7 Буға пісіру
1.
функциясын орнатыңыз.
2.
Су тартпасын ашу үшін оның
қақпағын басыңыз. Су тартпасын
"Сауыт толы" индикаторы
жанғанша суға толтырыңыз.
Сауыттың ең үлкен сыйымдылығы
900 мл. Бұл шамамен 55 - 60
минут пісіруге жетеді.
Сұйық ретінде тек суды ғана
пайдаланыңыз. Сүзгіден
өткізілген (минералы
тазартылған) немесе
тазартылған суды
пайдаланбаңыз. Басқа
сұйықтықтарды
пайдаланбаңыз.
Тұтанғыш немесе алкоголі бар
сұйықтықтарды (граппа, виски,
конъяк т.с.с.) су тартпасына
құюға болмайды.
3.
Су тартпасын бастапқы орнына
қойыңыз.
4.
Тағамды дұрыс ыдысқа салып
пісіріңіз.
5.
Температураны 130 °C және 230
°C аралығына қойыңыз.
Температура 230 °C градустан
жоғары болса, бумен пісіру жақсы
нәтиже бермейді.
6.
Буға пісіріп болғаннан кейін су
сауытын босатыңыз.
Назарыңызда болсын!
Ыстық желдеткішпен пісіру +
Буға пісіру функциясын
пайдаланып болған сайын, су
жіберетін клапаннан ыстық су
ағып кетпес үшін кем дегенде
60 минут күтіңіз.
5.8 Су сауытының
индикаторы
Бумен пісіру режимі жұмыс істегенде,
дисплейде су сауытының индикаторы
көрсетіледі. Су сауытының
ҚАЗАҚ 11
индикаторы сауаттағы судың деңгейін
көрсетеді.
— Судың сауыты суға толы.
Сауыт толы болса дыбыстық сигнал
естіледі.
— Судың сауыты жартылай
толы.
— Судың сауыты бос. Сауытқа
су құю қажет болған кезде
дыбыстық сигнал естіледі.
Егер сауытқа өте көп су
құйсаңыз, қауіпсіздік түтігі
артық суды тұмшапештің
табанына ағызады.
Суды жөкемен немесе
шүберекпен тазалаңыз.
5.9 Су сауытын босату
Су сауытын босатпай тұрып
құрылғының салқын тұрғанына
көз жеткізіңіз.
1.
Пайдаланушы нұсқаулығы
салынған қалтадағы су төгетін
түтікті (C) дайындап алыңыз. Су
төгетін түтіктің бір ұшына
жалғастырғышты (B) салыңыз.
B
C
A
2.
Су төгетін түтіктің екінші ұшын (C)
сауытқа салыңыз. Оны су төгетін
түтік клапанының (A) деңгейінен
төмен орнатыңыз.
3.
Тұмшапештің есігін ашыңыз да,
жалғастырғышты (B) су төгетін
клапанға (A) салыңыз.
4.
Су сауытын босатқан кезде
жалғастырғышты қайта-қайта
итеріңіз.
5.
Су ақпай тоқтаған кезде
жалғастырғышты клапаннан
алыңыз.
Назарыңызда болсын!
Су сауытын қайта толтыру үшін
сауытты босатқан кезде
жиналған суды
пайдаланбаңыз.
Дисплейде белгісі
көрсетілген кезде сауытта
шамалы су тұруы мүмкін. Су
төгетін түтік клапанынан ағып
жатқан су тоқтағанша күтіңіз.
6. САҒАТ ФУНЦИЯЛАРЫ
Белгі
ше
Функция Сипаттама
Минут
операторы
Кері санақ уақытын орнатуға арналған.
12
www.aeg.com
Белгі
ше
Функция Сипаттама
Тәулік
уақыты
Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе қарауға
арналған. "Тәулік уақытын орнату" тарауын
қараңыз.
Ұзақтық Құрылғының жұмыс жасау уақытының ұзақтығын
орнатуға арналған. Бұл функцияны орнатар
алдында тұмшапеш функциясын орнату керек.
Аяқтау Құрылғының сөндірілетін уақытын орнатуға
арналған. Бұл функцияны орнатар алдында
тұмшапеш функциясын орнату керек. Ұзақтық және
Аяқтау функцияларын құрылғының іске қосылатын,
содан кейін сөнетін уақыттарын орнату үшін бір
уақытта (Уақытты кешіктіру) пайдалануға болады.
Сағат функциясын өзгерту үшін
түймешігін қайта-қайта
басыңыз.
Сағат функцияларының
параметрін растау үшін
түймешігін басыңыз немесе
параметр автоматты түрде
құпталғанша 5 секунд күтіңіз.
6.1 Ұзақтық немесе Аяқтау
функциясын орнату
1.
түймешігін бейнебетте
немесе белгісі
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
2.
Минут мәндерін орнату үшін +
немесе - түймешігін басыңыз.
3.
түймешігін басып растаңыз.
4.
Сағатты қою үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
5.
түймешігін басып растаңыз.
6.
Орнатылған уақыт аяқталған
кезде
немесе белгісі мен
орнатылған уақыт жыпылықтайды.
Дыбыстық сигнал екі минут
естіледі. Құрылғы сөнеді.
Сигналды тоқтату үшін түймешікті
басыңыз.
7.
Тұмшапештің функция тетігін
"сөндіру" қалпына қойыңыз.
Егер түймешігін Ұзақтық
параметрінің уақытын орнатып
жатқанда бассаңыз, құрылғы
Аяқтау
параметріне
ауысады.
6.2 Минут операторын орнату
Кері санақ уақытын орнату үшін
қолданыңыз. Ең көбі 23 сағат 59
минутқа қоюға болады. Бұл функция
тұмшапештің жұмысына ешбір әсер
етпейді. Минут операторын кез келген
уақытта, тіпті құрылғы сөніп тұрса да
орнатуға болады.
1.
түймешігін басыңыз.
Дисплейде
және 00
жыпылықтайды.
2.
Минут операторын орнату үшін +
немесе - түймешігін басыңыз.
Әуелі уақыт минут және секунд
бойынша есептеледі. Орнатылған
уақыт 60 минуттан көп болса
бейнебетте
белгісі көрсетіледі.
Құрылғы содан кейін уақытты
сағат пен минут бойынша
есептейді.
3.
Минут операторы бес секундтан
кейін автоматты түрде іске
қосылады.
Орнатылған уақыттың 90%
өткен кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
4.
Орнатылған уақыт аяқталған
кезде, екі минут бойы дыбыстық
сигнал естіледі. Дисплейде 00:00
және
жыпылықтайды. Сигналды
тоқтату үшін түймешікті басыңыз.
ҚАЗАҚ 13
Ұзақтық немесе Аяқтау
функциясы жұмыс істеп
тұрғанда Минут операторын
орнатсаңыз, дисплейде
көрсетіледі.
6.3 Санақ таймері
Құрылғының жұмыс істеу уақытын
бақылау үшін Санақ таймерін
пайдаланыңыз. Бұл функция құрылғы
қыза бастаған бетте дереу іске
қосылады.
Санақ таймерін бастапқы қалпына қою
үшін + және - түймешігін басып ұстап
тұрыңыз. Таймер қайта санай
бастайды.
Санақ таймерін Ұзақтық
немесе Аяқтау функциясы
жұмыс істеп тұрғанда қолдана
алмайсыз.
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Ішкі температура сенсоры
Ішкі температура сенсоры еттің ішкі
температурасын өлшейді. Еттің
температурасы орнатылған
температураға жеткенде құрылғы
сөнеді.
Екі түрлі температураны орнату керек:
Тұмшапештің температурасы.
Қуыру кестесіне қараңыз.
Ішкі температура. Ішкі температура
сенсорының кестесіне қараңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
ішкі температура сенсорын
ғана немесе фирмалық
қосалқы бөлшектерді ғана
қолданыңыз.
1.
Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2.
Ішкі температура сенсорының
ұштығын (сабында
белгісі
бар) еттің ортасына шаншыңыз.
3.
Ішкі температура сенсорының
ашасын, құрылғының алдындағы
розеткаға сұғыңыз. Бейнебетте
ішкі температура сенсорының
белгісі мен әдепкі ішкі
температура көрсетіледі. Ішкі
температура сенсорын бірінші рет
пайдаланған кезде әдепкі ішкі
температура 60 °C градусқа тең
болады.
4.
жыпылықтап тұрған кезде
әдепкі ішкі температураны тетікті
пайдаланып өзгертуге болады.
5.
Жаңа ішкі температураны сақтау
үшін
түймешігін басыңыз
немесе параметр автоматты түрде
сақталғанша 10 секунд күтіңіз. Ішкі
температура сенсорын келесі
жолы пайдаланған кезде жаңадан
орнатылған әдепкі ішкі
температура көрсетіледі.
6.
Тағам пісіру барысында ішкі
температура сенсорының етке
14
www.aeg.com
салынып, розеткаға қосылып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
7.
Еттің температурасы орнатылған
ішкі температураға жеткен кезде,
ішкі температураның белгісі мен
ішкі температура сенсоры
жыпылықтайды. Дыбыстық сигнал
екі минут бойы естіледі. Дыбыстық
сигналды тоқтату үшін түймешікті
басыңыз немесе құрылғының
есігін ашыңыз.
8.
Ішкі температура сенсорының
ашасын розеткадан суырыңыз.
Етті құрылғыдан алыңыз.
9.
Құрылғыны сөндіріңіз.
Құрылғы ұзақтық параметрін ең
алғаш рет болжап есептеген
кезде бейнебетте -
жыпылықтайды. Есептеу
аяқталған кезде бейнебетте
тағам пісіру уақытының
ұзақтығы көрсетіледі. Тағам
пісіріп жатқан кезде уақыт
есептеліп тұрады да, егер
қажет болса, ұзақтық параметрі
де бейнебетте жаңартылып
тұрады.
Тағам пісіріп жатқан кезде ішкі
температураны кез келген уақытта
өзгертуге болады.
1.
түймешігін басыңыз:
Бір рет - бейнебетте орнатылған
ішкі температура көрсетіліп, ол
10 секунд сайын ағымдық ішкі
температураға ауысып тұрады.
Екі рет - бейнебетте
тұмшапештің ағымдық
температурасы көрсетіліп, ол 10
секунд сайын тұмшапеште
орнатылған температураға
ауысып тұрады.
Үш рет - бейнебетте
тұмшапештің орнатылған
температурасы көрсетіледі.
2.
Температураны өзгерту үшін
температура тетігін
пайдаланыңыз.
7.2 Сырғытпа жолдар
°C
1.
Оң және сол жақ сырғытпа
жолдарды тартып шығарыңыз.
ҚАЗАҚ 15
°C
2.
Тор сөрені сырғытпа жолдарға
қойыңыз да, құрылғыға абайлап
итеріңіз.
Тұмшапештің есігін жабар
алдында, сырғытпа жолдардың
құрылғыға әбден кіргізілгеніне көз
жеткізіңіз.
Сырғытпа жолдарды орнату
нұсқауларын кейін пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
Сырғытпа жолдардың көмегімен
сөрелерді оңай алып-салуға болады.
Сақтандыру туралы ескерту!
Сырғытпа жолдарды ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз.
Сырғытпа жолдарды
майламаңыз.
7.3 Буға пісіруге арналған
керек-жарақ
Буға пісіру функцияларында
пайдаланылатын диеталық тағам
пісіру ыдысы
Шыны шара (A)
Қақпақ (B)
16
www.aeg.com
Инжектор түтікше (C)
Тура булап пісіруге арналған
инжектор (D)
Темір тор (E)
C
Ыдыс шыны шарадан, инжектор
түтікшесіне (C) арналған тесігі бар
қақпақтан және пісірме табақтың
астына салуға арналған темір тордан
тұрады.
C
D
Инжектор және инжектор түтікшесі. “C”
- бумен пісіруге арналған инжектор
түтікшесі, “D” - тура булап пісіруге
арналған инжектор.
ҚАЗАҚ 17
Диеталық тағам пісіру ыдысын пайдаланып буға пісіру
Тағамды пісірме табақтағы темір торға
салыңыз да, қақпағын жабыңыз.
Инжектор түтікшесін диеталық тағам
пісірілетін табақтағы арнайы ұяшыққа
кіргізіңіз. Пісірме табақты астынан
санағанда екінші деңгейге қойыңыз.
Инжектор түтікшесінің екінші ұшын бу
шығатын тесікке ("Бұйым
сипаттамасы" тарауын қараңыз).
Инжектор түтікшені жаншып немесе
тұмшапештің үстіндегі қыздырғыш
элементке тигізіп алмас үшін абай
болыңыз. Тұмшапешті бумен пісіру
функциясына қойыңыз.
Буға тура пісіру
Тағамды пісірме табақтың ішіне
қойылған темір торға салыңыз.
Шамалы су қосыңыз. Инжекторды (D)
инжектор түтікшесіне салыңыз (C).
Екінші ұшын бу шығатын тесікке
жалғаңыз.
Ыдыстың қақпағын
пайдаланбаңыз.
Тауық, үйрек, күркетауық, кішкене
немесе үлкен балық тәрізді тағамды
пісіргенде, инжекторды (D) еттің ашық
жағына тура кіргізіңіз. Тесіктерінің
бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Пісірме табақты астынан санағанда
бірінші немесе екінші деңгейге
қойыңыз. Инжектор түтікшені жаншып
немесе тұмшапештің үстіндегі
қыздырғыш элементке тигізіп алмас
үшін абай болыңыз. Тұмшапешті
бумен пісіру функциясына қойыңыз.
Буға пісіру режиміне қатысты
қосымша ақпаратты "Ақыл-кеңес"
тарауындағы буға пісіру кестелерінен
қараңыз.
Инжектор түтікше тағам
пісіруге арналған және оның
құрамында ешбір зиянды зат
жоқ.
Тұмшапеш жұмыс істеп тұрғанда
инжекторды абайлап пайдаланыңыз.
Тұмшапеш ыстық тұрғанда
инжекторды әрқашан қолғап киіп
18
www.aeg.com
ұстаңыз. Буға пісіру функциясын
пайдаланбайтын кезде инжекторды
тұмшапештен үнемі алып қойыңыз.
Ыстық ыдысты суық / дымқыл
жерлерге қоймаңыз.
Суық сұйықтықтарды ыстық пісірме
табаққа құймаңыз.
Пісірме табақтарды ыстық пісіру
алаңдарына қоймаңыз.
Пісірме табақты түрпілі, жеміргіш
заттармен және ұнтақтармен
тазаламаңыз.
ҚАЗАҚ 19
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
8.1 Бала қауіпсіздігінің
құралы
Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы
тұрса, тұмшапешті пайдалану мүмкін
емес. Бұл функция балалар
құрылғыны байқаусызда қосып қоюға
жол бермеу үшін қажет.
Бала қауіпсіздігінің құралы
функциясын іске қосу және ажырату:
1.
Тұмшапеш функциясын
орнатпаңыз.
2.
және + түймешігін екі секунд
қатар басып ұстап тұрыңыз.
3.
Дыбыстық сигнал естіледі.
Бейнебетте SAFE және
жанады
немесе сөнеді (Бала қауіпсіздігінің
құралын қосқанда немесе
сөндіргенде).
Егер тұмшапештің Пиролитпен
тазалау функциясы бар болса,
есік құлыпталады.
Тетікті бұрағанда немесе
түймешікті басқанда
бейнебетте SAFE және
жанады.
8.2 Функция бекітпесі
Пиролит функциясы бар
үлгілерде қолдануға болады.
Функция бекітпесі тұмшапеш
функциясының кездейсоқ өзгеріп
кетуіне жол бермейді. Функция
бекітпесі функциясын тек құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда ғана іске қоса
аласыз.
Функция бекітпесі функциясын қосу
және ажырату:
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
Тұмшапеш функциясын немесе
параметрін іске қосыңыз.
3.
және + түймешігін екі секунд
қатар басып ұстап тұрыңыз.
4.
Дыбыстық сигнал естіледі.
Дисплейде Loc белгісі жанады
немесе сөнеді (Функция бекітпесін
іске қосқанда немесе сөндіргенде).
Тұмшапештің Пиролитпен
тазалау функциясы бар болса,
дисплейде
есік бекітулі
белгісі жанады.
Функция бекітпесі қосулы
тұрғанда құрылғыны сөндіруге
болады. Құрылғыны
сөндірсеңіз, Функция бекітпесі
ажыратылады.
Тетікті бұрағанда немесе
түймешікті басқанда
бейнебетте Loc жанады.
8.3 Автоматты түрде өшіру
Құрылғы біраз уақыттан кейін
қауіпсіздік мақсатында автоматты
түрде сөнеді:
Егер тұмшапеш функциясы жұмыс
істеп тұрса.
Егер тұмшапештің температурасын
өзгертпесеңіз.
Тұмшапештің
температурасы
Сөндіру уақыты
30 - 115 °C 12.5 сағ
120 - 195 °C 8.5 сағ
200 - 245 °C 5.5 сағ
250 - ең көбі °C 3.0 сағ
Автоматты түрде сөндіргеннен кейін
құрылғыны қайта іске қосу үшін
түймешікті басыңыз.
Автоматты түрде сөндіру
функциясы тұмшапештің
Ұзақтық, Аяқтау, Кешіктіріп
бастау, Ішкі температура
сенсоры функцияларынан
басқа функциялардың
барлығында жұмыс істейді.
8.4 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау
үшін желдеткіш автоматты түрде
қосылады. Құрылғыны сөндірсеңіз,
желдеткіш құрылғының
температурасы салқындағанша жұмыс
істеп тұра береді.
20
www.aeg.com
/