EOC3430COX

Electrolux EOC3430COX Руководство пользователя

  • Привет! Я чат-бот, который ознакомился с инструкцией по эксплуатации духового шкафа Electrolux EOC3430. Я могу ответить на ваши вопросы о функциях устройства, таких как различные режимы выпекания, гриль, пиролитическая очистка, а также помочь с устранением распространенных неполадок. Задавайте ваши вопросы!
  • Как установить время на часах духового шкафа?
    Как использовать функцию пиролитической очистки?
    Что делать, если духовой шкаф не нагревается?
EOC3430
................................................ .............................................
KK ТҰМШАПЕШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RU ДУХОВОЙ ШКАФ ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
29
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
6. САҒАТ ФУНЦИЯЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
9. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
11. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
12. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
13. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.electrolux.com
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат
алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып
қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқан балалар
және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тәжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Осы құрылғыны орнату және сымды ауыстыру жұмысын тек
білікті маман ғана орындауға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол
тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
ҚАЗАҚ 3
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды немесе
өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп,
шыны шытынап кетуі мүмкін.
Пиролитпен тазалау алдында көп ластықты тазалау керек.
Тұмшапештің ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре сырғытпасының
алдыңғы жағын, содан кейін артқы жағын бүйірлік
қабырғадан тартыңыз. Сөре сырғытпаларын әрекеттерді
керісінше орындап салыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар алдында
құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған
конструкциялардың қауіпсіз болуын
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Электр сымдарын құрылғының есігіне,
әсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге
болмайды.
4
www.electrolux.com
Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын
етіп бекітіп қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Құрылғыны электртоғына қосар алдында
тұмшапештің есігін мықтап жабыңыз.
2.2 Пайдалану
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу немесе
электр тоғының қатеріне ұшырау
немесе жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы үмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе
суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
үнемі жабық ұстаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от жарқылын
немесе ашық отты жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
– пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
– алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
– ыстық суды құрылғының ішіне тура
қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыстарды және тағамды құрылғының
ішінде ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алып-салған кезде
абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің
өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.
Бұл кепілдік заңына сәйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс
шырындарынан кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, өрт қаупі және
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
ҚАЗАҚ 5
Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың немесе
тағамның қалдығынан өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық шараларын
орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен тазаламаңыз.
Пиролитпен тазалау
Назарыңызда болсын!
Күйіп қалу қаупі бар.
Пиролит функциясымен өздігінен тазалау
немесе Функцияны алғаш рет қолданар
алдында тұмшапештен келесі заттарды
алыңыз:
Тағам қалдықтарын, май немесе тоңмай
шашырандыларын / жиналған
қалдықтарды.
Алмалы керек-жарақтарды (соның
ішінде, құрылғымен бірге жеткізілген
сөрелерді, сырғытпа жолдарды т.с.с.),
зат жабыспайтын қаптамасы бар
табаларды, науаларды, ыдыстарды,
т.с.с.
Пиролитпен тазалау нұсқауларын мұқият
оқып шығыңыз.
Пиролитпен тазалау функциясы жұмыс
істеп тұрғанда балаларды құрылғыдан
алыс ұстаңыз. Құрылғы қатты қызып кетеді.
Пиролитпен тазалау жоғары
температурада іске асырылады және тағам
қалдықтарынан, қолданылған
материалдардан күшті иіс шығуы мүмкін,
сондықтан да пайдаланушыларға келесі
жағдайларды ерекше ескертеміз:
Пиролитпен тазалау барысында және
тазалап болғаннан кейін үнемі жақсы
желдетіңіз.
Бірінші рет қосқан кезде және бірінші рет
қолданып болғаннан кейін жоғары
температураға қойып жақсылап
желдетіңіз.
Пиролитпен тазалау барысында және
тазалап болғаннан кейін үй жануарларын
(әсіресе құстарды) құрылғының қасынан
алыңыз және жақсы желдетілген жерде
әуелі ең жоғары температураға қойыңыз.
Кейбір құстар мен бауырымен
жорғалаушылар тұмшапештерді
Пиролитпен тазалау барысында бөлінетін
түтіндердің барлығына адамдарға
қарағанда ерекше сезімтал келеді.
Кішкене үй жануарлары да Пиролитпен
өздігінен тазалау бағдарламасы қосылып
тұрғанда, Пиролит тұмшапештерінің
қасындағы температураның өзгерісіне өте
сезімтал келеді.
Кәстрөлдердің, табалардың, науалардың,
ыдыстардың т.с.с. зат жабыспайтын
қаптамасы барлық Пиролит
тұмшапештерінің жоғары температурада
Пиролитпен тазалау бағдарламасы жұмыс
істеп тұрған кезде бүлініп қалуы мүмкін
және олардан аздаған зиянды түтіндер
бөлінуі мүмкін.
Пиролит тұмшапештерінен / Тағам
қалдықтарынан бөлінген, жоғарыда
сипатталған түтіндердің адамдарға, соның
ішінде жас балалар мен дәрігердің
бақылауындағы адамдарға зияны жоқ.
2.4 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тұрмыстық құрылғыларға
ғана арналған жарықтама шам немесе
галоген шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
2.5 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
6
www.electrolux.com
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
5
4
9
8
6
7
5
4
1
2
3
2 31
1
Тұмшапеш функцияларының тетігі
2
Электрондық бағдарламалағыш
3
Температура тетігі
4
Гриль
5
Тұмшапештің шамы
6
Желдеткіш
7
Сөренің алмалы сырғытпалары
8
Техникалық ақпарат тақтайшасы
9
Сөре деңгейлері
3.1 Тұмшапештің керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыстарға, торт қалыптарын қоюға, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май жинайтын
таба ретінде қолдануға арналған.
Сырғытпа жолдар
Сөрелер мен науаларға арналған.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
4.1 Алғашқы тазалау
Керек-жарақтарының барлығын және
алмалы сөре сырғытпаларын (бар болса)
алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында
тазалаңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
4.2 Тәулік уақытын орнату
Бейнебетте және 12:00 көрсетіледі. 12
жыпылықтайды.
1.
Дұрыс сағатты орнату үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
2.
түймешігін басып растаңыз. Бұл
әрекетті уақытты бірінші рет орнатқан
кезде ғана орындау қажет. Содан кейін
жаңа уақыт мәні бес секундтан кейін
автоматты түрде сақталады.
Бейнебетте
және орнатылған
сағат мәні көрсетіледі. 00
жыпылықтайды.
3.
Дұрыс минутты орнату үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
4.
түймешігін басып растаңыз. Бұл
әрекетті уақытты бірінші рет орнатқан
кезде ғана орындау қажет. Содан кейін
жаңа уақыт мәні бес секундтан кейін
автоматты түрде сақталады.
Бейнебетте жаңа уақыт пайда болады.
Тәулік уақытын өзгерту
Тәулік уақытын құрылғы сөніп тұрса
ғана өзгерте аласыз.
түймешігін бейнебетте тәулік уақытының
индикаторы
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз. Жаңа уақытты орнату үшін "Тәулік
уақытын орнату" тарауындағы әрекеттерді
орындаңыз.
ҚАЗАҚ 7
4.3 Алдын ала қыздыру
Май қалдықтарын жағып жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2.
Құрылғыны 45 минут қосып қойыңыз.
3.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4.
Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар әдеттегіден ыстық болып
кетуі мүмкін. Құрылғыдан иіс және түтін
шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Ауаның
жеткілікті түрде айналуын қамтамасыз етіңіз.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Құрылғыны іске пайдалану үшін тетікті
басыңыз. Тетік бері шығады.
5.1 Құрылғыны іске қосу және
сөндіру
1.
Тұмшапеш функцияларының тетігін
тұмшапеш функциясына бұраңыз.
2.
Температураны орнату үшін температура
тетігін бұраңыз.
3.
Құрылғыны сөндіру үшін, тұмшапеш
функцияларының тетігін "сөндірулі"
қалпына бұраңыз.
5.2 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Сөндіру қалпы Құрылғы сөндірулі.
Ыстық желмен
пісіру
Пісіру температуралары бірдей тағамды бірнеше сөреге
қойып, иістерін сіңірмей қуыру немесе қуырып-пісіруге
арналған.
Дәстүрлі пісіру
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру және қуыру үшін. Үстіңгі
және астыңғы қыздыру элементтері бір уақытта іске
қосылады.
Гриль жасау
Жайпақ тағамды аз мөлшерде сөренің ортасында қақтауға
арналған. Тост жасауға арналған.
Жылдам гриль
жасау
Жалпақ етіп дайындалған тағамдардан көп мөлшерде гриль
дайындауға арналған. Тост жасауға арналған. Толық гриль
элементі жұмыс істейді.
Турбо гриль
Еттің үлкен кесектерін пісіруге арналған. Гриль элементі мен
тұмшапештің желдеткіші бірінен кейін бірі жұмыс істеп, ыстық
ауаны тағамның айналасына таратады.
Пицца параметрі Пицца, киш немесе бәліш пісіруге арналған.
Ет Етті өте жұмсақ етіп, былбыратып қуыруға арналған.
Жылы ұстау Тағамды жылы ұстауға арналған.
8
www.electrolux.com
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Пиролит
Тұмшапешті тазалауға арналған. Жоғары температура қалған
қоқыстарды күйдіріп жібереді. Содан кейін оны құрылғы
суыған кезде шүберекпен тазалайсыз.
5.3 Бейнебет
1
Таймер
2
Қыздыру және қалдық қызу индикаторы
3
Су сауыты (таңдаулы үлгілерде ғана)
4
Ішкі температура сенсоры (таңдаулы
үлгілерде ғана)
5
Есіктің бекітпесі (таңдаулы үлгілерде
ғана)
6
Сағат / минут
7
Сағат функциялары
17 2 3
4567
5.4 Түймешіктер
Түймешік Функция Сипаттама
Сағат Сағат функциясын орнатуға арналған.
,
Минус, плюс Уақытты орнатуға арналған.
5.5 Қыздыру және қалдық қызу
индикаторы
Тұмшапеш функциясын іске қосқан кезде
бейнебеттегі жолақтар
жанады. Жолақтар
тұмшапеш температурасының көбейгенін
немесе азайғанын көрсетеді.
Егер тұмшапештің ішіндегі температура 40 °C
градустан артық болса, құрылғыны сөндірген
кезде, бейнебетте қалдық қызу индикаторы
көрсетіледі. Тұмшапеш температурасын
бейнебетке шығару үшін температура тетігін
солға немесе оңға бұраңыз.
6. САҒАТ ФУНЦИЯЛАРЫ
Белгіш
е
Функция Сипаттама
Минут
операторы
Кері санақ уақытын орнатуға арналған.
Тәулік уақыты Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе қарауға арналған.
"Тәулік уақытын орнату" тарауын қараңыз.
Ұзақтық Құрылғының жұмыс жасау уақытының ұзақтығын орнатуға
арналған. Бұл функцияны орнатар алдында тұмшапеш
функциясын орнату керек.
ҚАЗАҚ 9
Белгіш
е
Функция Сипаттама
Аяқтау Құрылғының сөндірілетін уақытын орнатуға арналған. Бұл
функцияны орнатар алдында тұмшапеш функциясын орнату
керек. Ұзақтық және Аяқтау функцияларын құрылғының іске
қосылатын, содан кейін сөнетін уақыттарын орнату үшін бір
уақытта (Уақытты кешіктіру) пайдалануға болады.
Сағат функциясын өзгерту үшін
түймешігін қайта-қайта басыңыз.
Сағат функцияларының параметрін
растау үшін
түймешігін басыңыз
немесе параметр автоматты түрде
құпталғанша 5 секунд күтіңіз.
6.1 Ұзақтық немесе Аяқтау
функциясын орнату
1.
түймешігін бейнебетте немесе
белгісі жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
2.
Минут мәндерін орнату үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
3.
түймешігін басып растаңыз.
4.
Сағатты қою үшін + немесе - түймешігін
басыңыз.
5.
түймешігін басып растаңыз.
6.
Орнатылған уақыт аяқталған кезде
немесе белгісі мен орнатылған уақыт
жыпылықтайды. Дыбыстық сигнал екі
минут естіледі. Құрылғы сөнеді.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
түймешікті басыңыз немесе құрылғының
есігін ашыңыз.
Егер түймешігін Ұзақтық
параметрінің уақытын орнатып
жатқанда бассаңыз, құрылғы Аяқтау
параметріне ауысады.
6.2 Минут операторын орнату
Кері санақ уақытын орнатуға арналған. Ең
көбі 23 сағат 59 минутқа қоюға болады. Бұл
функция тұмшапештің жұмысына ешбір әсер
етпейді. Минут операторын кез келген
уақытта, тіпті құрылғы сөніп тұрса да орнатуға
болады.
1.
түймешігін бейнебетте және 00
жыпылықтағанша қайта-қайта басыңыз.
2.
Минут операторын орнату үшін + немесе
- түймешігін басыңыз. Әуелі уақыт минут
және секунд бойынша есептеледі.
Орнатылған уақыт 60 минуттан көп болса
бейнебетте
белгісі көрсетіледі.
Құрылғы содан кейін уақытты сағат пен
минут бойынша есептейді.
3.
Минут операторы бес секундтан кейін
автоматты түрде іске қосылады.
4.
Орнатылған уақыт аяқталған кезде, екі
минут бойы дыбыстық сигнал естіледі.
Бейнебетте 00:00 және
жыпылықтайды. Сигналды тоқтату үшін
түймешікті басыңыз.
Егер Минут операторын Ұзақтық
немесе Аяқтау функциялары
жұмыс істеп тұрған кезде
орнатсаңыз, бейнебетте
белгісі
пайда болады.
6.3 Санақ таймері
Құрылғының жұмыс істеу уақытын бақылау
үшін Санақ таймерін пайдаланыңыз. Бұл
функция құрылғы қыза бастаған бетте дереу
іске қосылады.
Санақ таймерін бастапқы қалпына қою үшін +
және - түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Таймер қайта санай бастайды.
Санақ таймерін Ұзақтық немесе
Аяқтау
функциясы жұмыс істеп
тұрғанда қолдана алмайсыз.
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
10
www.electrolux.com
7.1 Сырғытпа жолдар
°C
1.
Оң және сол жақтағы сөре
сырғытпаларын тартып шығарыңыз.
°C
2.
Сымтемір торды сөре сырғытпаларына
салыңыз да, құрылғыға қарай абайлап
итеріңіз.
Сөре сырғытпаларын тұмшапеш есігін
жаппай тұрып, құрылғыға әбден итеріп
кіргізгеніңізге көз жеткізіңіз.
Сырғытпа жолдарды орнату бойынша
нұсқауларды кейін қарап жүру үшін
сақтап қойыңыз.
Сырғытпа жолдардың көмегімен сөрелерді
оңай алып-салуға болады.
Сақтандыру туралы ескерту!
Сөре сырғытпаларын ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз. Сөре
сырғытпаларын майламаңыз.
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
8.1 Бала қауіпсіздігінің құралы
Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса,
тұмшапешті пайдалану мүмкін емес. Бұл
функция балалар құрылғыны байқаусызда
қосып қоюға жол бермеу үшін қажет.
Бала қауіпсіздігінің құралы функциясын іске
қосу және ажырату:
1.
Тұмшапеш функциясын орнатпаңыз.
2.
және + түймешігін екі секунд қатар
басып ұстап тұрыңыз.
3.
Дыбыстық сигнал естіледі. Бейнебетте
SAFE және
жанады немесе сөнеді
(Бала қауіпсіздігінің құралын қосқанда
немесе сөндіргенде).
Егер тұмшапештің Пиролитпен
тазалау функциясы бар болса, есік
құлыпталады.
Тетікті бұрағанда немесе түймешікті
басқанда бейнебетте SAFE және
жанады.
ҚАЗАҚ 11
8.2 Автоматты түрде өшіру
Құрылғы біраз уақыттан кейін қауіпсіздік
мақсатында автоматты түрде сөнеді:
Егер тұмшапеш функциясы жұмыс істеп
тұрса.
Егер тұмшапештің температурасын
өзгертпесеңіз.
Тұмшапештің
температурасы
Сөндіру уақыты
30 - 115 °C 12.5 сағ
120 - 195 °C 8.5 сағ
200 - 245 °C 5.5 сағ
250 - ең көбі °C 3.0 сағ
Автоматты түрде сөндіргеннен кейін
құрылғыны қайта іске қосу үшін түймешікті
басыңыз.
Автоматты түрде сөндіру функциясы
тұмшапештің Шам, Ұзақтық, Аяқтау
және Кешіктіріп бастау
функцияларынан басқа
функциялардың барлығында жұмыс
істейді.
8.3 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш
құрылғының температурасы салқындағанша
жұмыс істеп тұра береді.
8.4 Қауіпсіздік термоэлементі
Құрылғыны дұрыс пайдаланбаған кезде
немесе құралас бөлшектерінде ақау бар
болса, қатты қызып кету қаупі орын алады.
Бұндай жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш
қуаттың берілуін тоқтататын
термоэлементпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайтадан автоматты түрде іске қосылады.
9. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Құрылғының сөре қойылатын бес деңгейі
бар. Сөренің деңгейлерін құрылғының
астыңғы жағынан бастап санау керек.
Құрылғы ауа айналдыратын және буды
үздіксіз қайта айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Осы
жүйенің көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ және сыртын күтірлек етіп
пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты мен
пайдаланылатын қуат мөлшерін барынша
азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есіктің шыны
панельдеріне бу жиналуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда
құрылғы есігін ашу қажет болса, үнемі
артқа шегініп барып ашыңыз. Конденсат
мөлшерін азайту үшін құрылғыны тағам
пісірер алдында 10 минут қосыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
оның ылғалын тазалаңыз.
Тағам пісірген кезде заттарды құрылғының
табанына қоймаңыз және құрылғының
бөлшектеріне алюминий жұқалтыр
жаппаңыз. Бұл пісіру нәтижесін өзгертіп,
эмаль қаптамаға да нұқсан келтіруі мүмкін.
9.1 Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру табағын
пайдалансаңыз, араларына бір бос деңгей
қалдырыңыз.
9.2 Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ
түспес үшін, өте майлы тағамды пісіргенде
шұңғыл табақты пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес
үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін шұңғыл табаққа
шамалы су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас
үшін су таусылған сайын үстемелеп құйып
отырыңыз.
12
www.electrolux.com
9.3 Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне, құрамына
және мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру үрдісін
бақылап отырыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланған кезде қолданылатын ыдыстарға,
рецептілерге және тағамның мөлшеріне сай
келетін параметрлерді (қызу параметрі, пісіру
уақыты т.с.с.) анықтап алыңыз.
9.4 Пісіру және қуыру кестесі
ТОРТТАР
ТАҒАМ ТҮРІ
Дәстүрлі пісіру
Ыстық желдеткішпен
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Көпіршітілген
тағам
рецептілері
2 170 3 (2 және 4) 160 45 - 60 Торт
қалыбында
Ашыған
қамыр
2 170 3 (2 және 4) 160 20 - 30 Торт
қалыбында
Сарысу
қосылған
чизкейк
1 170 2 165 60 - 80 26 см торт
қалыбында
Алма торты
(Алма бәліші)
2 170 2 (сол және
оң)
160 80 - 100 Тор сөреге
қойылған екі 20
см торт
қалыбында
1)
Штрудель 3 175 2 150 60 - 80 Пісірме табақта
Джем
тарталеткасы
2 170 2 (сол және
оң)
165 30 - 40 26 см торт
қалыбында
Бисквит торт 2 170 2 160 50 - 60 26 см торт
қалыбында
Кристмас
торты / Көп
жеміс
қосылған торт
2 160 2 150 90 - 120 20 см торт
қалыбында
1)
Қара өрік
торты
1 175 2 160 50 - 60 Нан
қалыбында
1)
Кішкене
кекстер - бір
деңгейде
3 170 3 140 -
150
20 - 30 Пісірме табақта
Кішкене
кекстер - екі
деңгейде
- - 2 және 4 140 -
150
25 - 35 Пісірме табақта
Кішкене
кекстер - үш
деңгейде
- - 1, 3 және 5 140 -
150
30 - 45 Пісірме табақта
ҚАЗАҚ 13
ТАҒАМ ТҮРІ
Дәстүрлі пісіру
Ыстық желдеткішпен
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Печенье /
тәтті
таспалар - бір
деңгей
3 140 3 140 -
150
30 - 35 Пісірме табақта
Печенье /
тәтті
таспалар - екі
деңгей
- - 2 және 4 140 -
150
35 - 40 Пісірме табақта
Печенье /
тәтті
таспалар - үш
деңгей
- - 1, 3 және 5 140 -
150
35 - 45 Пісірме табақта
Меренга - бір
деңгей
3 120 3 120 80 - 100 Пісірме табақта
Меренга - екі
деңгей
- - 2 және 4 120 80 - 100 Пісірме
табақта
1)
Тоқаштар 3 190 3 190 12 - 20 Пісірме
табақта
1)
Эклер - бір
деңгей
3 190 3 170 25 - 35 Пісірме табақта
Эклер - екі
деңгей
- - 2 және 4 170 35 - 45 Пісірме табақта
Тарталетка 2 180 2 170 45 - 70 20 см торт
қалыбында
Көп жеміс
қосылған торт
1 160 2 150 110 - 120 24 см торт
қалыбында
Виктория
сэндвичі
1 170 2 (сол және
оң)
160 50 - 60 20 см торт
қалыбында
1)
10 минут алдын ала қыздырыңыз.
НАН ЖӘНЕ ПИЦЦА
ТАҒАМ ТҮРІ
Дәстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Ақ нан 1 190 1 190 60 - 70 1 - 2 бөлке,
біреуі 500 г
1)
Қарабидай
наны
1 190 1 180 30 - 45 Нан қалыбында
14
www.electrolux.com
ТАҒАМ ТҮРІ
Дәстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Булочка 2 190 2 (2 және 4) 180 25 - 40 6 - 8 булочка,
пісіру
табағында
1)
Пицца 1 230 -
250
1 230 -
250
10 - 20 Пісірме табақта
немесе шұңғыл
табақта
1)
Шелпек 3 200 3 190 10 - 20 Пісірме
табақта
1)
1)
Алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
АШЫҚ БӘЛІШ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дәстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Макаронды
ашық бәліш
2 200 2 180 40 - 50 Қалып
Көкөністі
ашық бәліш
2 200 2 175 45 - 60 Қалып
Киш лорен 1 180 1 180 50 - 60
Қалып
1)
Лазанья 2 180 -
190
2 180 -
190
25 - 40
Қалып
1)
Каннелони 2 180 -
190
2 180 -
190
25 - 40
Қалып
1)
1)
Алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
ЕТ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дәстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Сиыр еті 2 200 2 190 50 - 70 Торкөз сөреде
Шошқа еті 2 180 2 180 90 - 120 Торкөз сөреде
Бұзау еті 2 190 2 175 90 - 120 Торкөз сөреде
Шала
қуырылған
ағылшын
ростбифі
2 210 2 200 50 - 60 Торкөз сөреде
ҚАЗАҚ 15
ТАҒАМ ТҮРІ
Дәстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Орташа
қуырылған
ағылшын
ростбифі
2 210 2 200 60 - 70 Торкөз сөреде
Жақсы
қуырылған
ағылшын
ростбифі
2 210 2 200 70 - 75 Торкөз сөреде
Шошқаның
қол
омыртқасы
2 180 2 170 120 - 150 Терісі
алынбаған
Шошқаның
жіліншігі
2 180 2 160 100 - 120 2 дана
Қой еті 2 190 2 175 110 - 130 Қол еті
Тауық еті 2 220 2 200 70 - 85 Тұтас еті
Күркетауық
еті
2 180 2 160 210 - 240 Тұтас еті
Үйрек еті 2 175 2 220 120 - 150 Тұтас еті
Қаз еті 2 175 1 160 150 - 200 Тұтас еті
Қоян 2 190 2 175 60 - 80 Кесектеп
туралған
Қоян еті 2 190 2 175 150 - 200 Кесектеп
туралған
Қырғауыл 2 190 2 175 90 - 120 Тұтас еті
БАЛЫҚ ЕТІ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дәстүрлі пісіру Ыстық желмен пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Сөренің
орналасу
ы
Темп.
[°C]
Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
Бақтақ/Теңіз
мөңкесі
2 190 2 175 40 - 55 3 - 4 балық
Тунец/Албырт
балық
2 190 2 175 35 - 60 4 - 6 филе
9.5 Гриль жасау
Бос тұмшапешті тағам пісірер
алдында 10 минут қыздырыңыз.
16
www.electrolux.com
Мөлшері Гриль жасау Пісіру уақыты [мин]
ТАҒАМ ТҮРІ Саны [г] Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
1-ші жағы 2-ші жағы
Қоң ет стейктері 4 800 4 макс. 12-15 12-14
Сиыр етінің
стейктері
4 600 4 макс. 10-12 6-8
Шұжық 8 - 4 макс. 12-15 10-12
Туралған шошқа
еті
4 600 4 макс. 12-16 12-14
Тауық (2-ге
бөлінген)
2 1000 4 макс. 30-35 25-30
Кәуап 4 - 4 макс. 10-15 10-12
Тауықтың төс еті 4 400 4 макс. 12-15 12-14
Гамбургер 6 600 4 макс. 20-30 -
Балықтың қоң еті 4 400 4 макс. 12-14 10-12
Тост сэндвичтері 4-6 - 4 макс. 5-7 -
Қыздырылған нан 4-6 - 4 макс. 2-4 2-3
9.6 Турбо гриль
Сиыр еті
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ Мөлшері
Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Қуырылған сиыр еті
немесе қоң ет,
шала пісірілген
әр см
қалыңдығы
үшін
1
190 - 200
1)
5 - 6
Қуырылған сиыр еті
немесе қоң ет,
орташа пісірілген
әр см
қалыңдығы
үшін
1
180 - 190
1)
6 - 8
Қуырылған сиыр еті
немесе қоң ет,
әбден пісірілген
әр см
қалыңдығы
үшін
1
170 - 180
1)
8 - 10
1)
Тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
Шошқа еті
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ Мөлшері
Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Қол омыртқа,
мойын омыртқа,
сан еті
1- 1.5 кг 1 160 - 180 90 - 120
Жаншылған ет,
қабырға
1- 1.5 кг 1 170 - 180 60 - 90
Қабаттама ет 750 г - 1 кг 1 160 - 170 50 - 60
ҚАЗАҚ 17
ТАҒАМНЫҢ ТҮРІ Мөлшері
Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Шошқа сирағы
(алдын ала
пісірілген)
750 г - 1 кг 1 150 - 170 90 - 120
Бұзау еті
ТАҒАМНЫҢ
ТҮРІ
Мөлшері Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Қуырылған
бұзау еті
1 кг 1 160 - 180 90 - 120
Бұзау сирағы 1.5 - 2 кг 1 160 - 180 120 - 150
Қой еті
ТАҒАМНЫҢ
ТҮРІ
Мөлшері Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Қойдың сирағы,
қуырылған қой
еті
1- 1.5 кг 1 150 - 170 100 - 120
Қозы белдемесі 1- 1.5 кг 1 160 - 180 40 - 60
Құс еті
ТАҒАМНЫҢ
ТҮРІ
Мөлшері Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Құстың кесек еті әрқайсысы 200 -
250 г
1 200 - 220 30 - 50
Тауықтың
жарты еті
әрқайсысы 400 -
500 г
1 190 - 210 35 - 50
Тауық еті,
пулярка
1- 1.5 кг 1 190 - 210 50 - 70
Үйрек еті 1.5 - 2 кг 1 180 - 200 80 - 100
Қаз еті 3.5 - 5 кг 1 160 - 180 120 - 180
Күркетауық еті 2.5 - 3.5 кг 1 160 - 180 120 - 150
Күркетауық еті 4 - 6 кг 1 140 - 160 150 - 240
Балық (буға пісірілген)
ТАҒАМНЫҢ
ТҮРІ
Мөлшері Сөренің
орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [мин]
Тұтас балық еті 1- 1.5 кг 1 210 - 220 40 - 60
18
www.electrolux.com
9.7 Жібіту
ТАҒАМНЫҢ
ТҮРІ
[г]
Жібіту
уақыты [мин]
Қосымша жібіту
уақыты [мин]
Ескерім
Тауық еті 1000 100 - 140 20 - 30
Тауықты үлкен табақтың
үстіне төңкеріліп
қойылған табақшаға
қойыңыз. Орта тұсында
аударыңыз.
Ет 1000 100 - 140 20 - 30
Орта тұсында
аударыңыз.
Ет 500 90 - 120 20 - 30
Орта тұсында
аударыңыз.
Бақтақ 150 25 - 35 10 - 15 -
Құлпынай 300 30 - 40 10 - 20 -
Сары май 250 30 - 40 10 - 15 -
Қаймақ 2 x 200 80 - 100 10 - 15
Кілегейдің кейбір
жерлері сәл тоңазыса
да, шайқауға болады.
Печеньелер 1400 60 60 -
9.8 Кептіру - Желдеткіш арқылы
пісіру
Тұмшапештің сөрелерін ас қағазымен
жабыңыз.
КӨКӨНІСТЕР
ТАҒАМНЫҢ
ТҮРІ
Сөренің орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [сағ]
1 деңгей 2 деңгей
Бұршақ 3 1/4 60 - 70 6 - 8
Бұрыш 3 1/4 60 - 70 5 - 6
Сорпаға
арналған
көкөністер
3 1/4 60 - 70 5 - 6
Саңырауқұлақ 3 1/4 50 - 60 6 - 8
Шөптер 3 1/4 40 - 50 2 - 3
ЖЕМІС
ТАҒАМНЫҢ
ТҮРІ
Сөренің орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [сағ]
1 деңгей 2 деңгей
Қара өрік 3 1/4 60 - 70 8 - 10
Сары өрік 3 1/4 60 - 70 8 - 10
Алма тілімдері 3 1/4 60 - 70 6 - 8
ҚАЗАҚ 19
ТАҒАМНЫҢ
ТҮРІ
Сөренің орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [сағ]
1 деңгей 2 деңгей
Алмұрт 3 1/4 60 - 70 6 - 9
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Металл беттерді тазалау үшін кәдімгі
жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
Тұмшапешті пайдаланып болған сайын ішкі
жағын тазалаңыз. Осылайша ластықты
оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол
бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы
пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарын
пайдаланып болған сайын тазалаңыз және
кептіріңіз. Шүберекті, жылы су мен жуғыш
затты пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз. Себебі ластық
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі мүмкін.
Болаттан немесе алюминийден
жасалған құрылғылар:
Тұмшапештің есігін дымқыл жөкемен
ғана тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Жүн мақтаны, қышқылды немесе
жеміргіш материалдарды
пайдаланбаңыз, себебі тұмшапештің
бетіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару панелін де
осындай сақтық шараларды орындап
тазалаңыз.
10.1 Сөре сырғытпалары
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
Сөре сырғытпаларын алу
1.
Сөре сырғытпасының алдыңғы жағын
қабырғадан тартып шығарыңыз.
20
www.electrolux.com
/