Hilti C 7/36-ACS, C 7/24, SF 4000-A Инструкция по эксплуатации

  • Здравствуйте! Я — чат-бот, который ознакомился с инструкцией по эксплуатации зарядных устройств Hilti C7 24 и C7 36-ACS. Я могу ответить на ваши вопросы о функциях зарядных устройств, процессе зарядки, функции «Refresh», технике безопасности и других аспектах, описанных в руководстве. Задавайте ваши вопросы!
  • Какие типы аккумуляторов поддерживают зарядные устройства?
    Что делает функция «Refresh»?
    Как часто нужно использовать функцию «Refresh»?
    Какие индикаторы есть на зарядном устройстве?
    Что делать, если индикатор показывает ошибку?
378437
Bedienungsanleitung de
Operating instructions en
Mode d’emploi fr
Istruzioni d’uso it
Gebruiksaanwijzing nl
Manual de instruções pt
Manual de instrucciones es
Brugsanvisning da
Käyttöohje fi
Bruksanvisning no
Bruksanvisning sv
Οδηγιες χρησεως el
Kasutusjuhend et
Lietošanas pamācība lv
Instrukcija lt
ar
Пайдалану бойынша басшылық kk
C 7/24,
C 7/36-ACS
Printed: 08.07.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069450 / 000 / 01
129
kk
Жұмысты бастау алдында міндетті
пайдалану бойынша нұсқаулықты
оқыңыз.
Əрқашан осы пайдалану бойынша
нұсқаулықты аспаппен бірге сақтаңыз.
Иесі ауысқанда аспапты тек пайдалану
бойынша нұсқаулықпен бірге беру керек.
ТҮПНҰСҚА ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
C 7/24 жəне C 7/36-ACS зарядтағыш құрылғылары
1. Жалпы ақпарат
1.1 Сигналдық хабарлар жəне олардың
мағынасы
-АБАЙЛАҢЫЗ-
Жеңіл жарақаттарға немесе аспаптың зақымдалуына
əкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы бел-
гіленуі.
-НҰСҚАУ-
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар жəне басқа
пайдалы ақпарат.
1.2 Пиктограммалар
Мазмұны Бет
1. Жалпы ақпарат 129
2. Сипаттама 130
3. Қосымша жабдық 130
4. Техникалық сипаттамалары 130
5. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар 131
6. Жұмысқа дайындау 132
7. Пайдалану 132
8. Күту жəне техникалық қызмет көрсету 133
9. Утилизация 134
10. Өндірушінің кепілі 134
11. ЕО нормаларына сəйкестік декларациясы
(түпнұсқа) 135
Басқару бөлшектері жəне аспап құрамдастары
C 7/24 жəне C 7/36-ACS зарядтағыш құрылғылары
Кабель
Айыр
Аккумулятор бөлігі
Бақылау шамдары
Регенерация функциясының "Refresh" пернесі
(C 7/24 қалпына келтіру)
BP 12, BP 40, BP 72 жəне RB 10* үшін CA 7/36
жалғастырғышы
* жеткізу жинағына тек зарядтағыш құрылғы кіреді.
Аккумуляторлар мен жалғастығыштар бөлек сатып алынады.
Мəтінге иллюстрациялар кітаптың жазған кездегі
беттерінде берілген. Оларды аспаппен танысқанда
қолданыңыз. Осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың
мəтінінде « аспап » сөзі əрқашан C 7/24 зарядтағыш
құрылғысын немесе C 7/36 ACS зарядтағыш құрылғысын
білдіреді.
Аспапта идентификациялық деректердің орнала-
суы
Үлгіні белгілеу жəне сериялық нөмір аспаптың бетін-
дегі паспорт кестешесінде көрсетілген. Бұл мəлімет-
терді осы пайдалану бойынша нұсқаулыққа жазыңыз.
Олар сервистік қызмет көрсету жəне пайдалану мəсе-
лелері бойынша консультациялар үшін керек.
Тип:
Сериялық нөмір:
Ескертетін белгілер
Қауіп туралы
жалпы ескерту
Электр тогының соғу қаупі
туралы ескерту
Күйдіргіш
заттар
Ескерту белгілері
CE белгісіне қоса хабарландыру белгісі.
Кемінде Еуропалық бірлестіктің бір елінде ерекше ережелер немесе
шектеулер қолданылатын барлық радио құрылғылар үшін міндетті.
Аспапты қолдану
алдында пайдалану
бойынша
нұсқаулықты
оқыңыз
Таңбалар
Аккумуляторды
тұрмыстық қоқыспен бірге
утилизациялауға тыйым
салынады.
Пайдалану
мерзімі біткен
материалдарды
өңдеуге
қайтарыңыз
Printed: 08.07.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069450 / 000 / 01
130
kk
3. Қосымша жабдық
BP 12, BP 40, BP 72 жəне RB 10 үшін CA 7/36 жалғастырғышы
Кернеу Түрі Аккумулятор C 7/24 C 7/24 Қолдану
құрылғысындағы құрылғысындағы мысалдары
зарядтау уақыты зарядтау уақыты
9,6 В SFB 105 NiMH аккумуляторы 45 мин 30 мин SF 100-A, SB 10, HIT-BD 2000
9,6 В SBP 10 NiCd аккумуляторы 30 мин 20 мин SF 100-A, SB 10, HIT-BD 2000
9,6 В RB 10 NiCd аккумуляторы 20 мин 15 мин FS 10 Ferroscan (жалғастырғышы бар)
12 В SFB 125 NiMH аккумуляторы 45 мин 30 мин SF 120-A, SB 12
12 В SBP 12 NiCd аккумуляторы 30 мин 20 мин SF 120-A, SB 12
12 В SFB 121 NiCd аккумуляторы 30 мин 20 мин SF 121-A
12 В SFB 126 NiMH аккумуляторы 45 мин 30 мин SF 121-A
12 В BP 12 NiCd аккумуляторы 20 мин 15 мин TCI 12 (жалғастырғышы бар)
15,6 В SFB 150 NiCd аккумуляторы 30 мин 20 мин SF 150-A
15,6 В SFB 155 NiMH аккумуляторы 45 мин 45 мин SF 150-A
18 В SFB 180 NiCd аккумуляторы 34 мин 20 мин SF 4000-A, SF 180-A
18 В SFB 185 NiMH аккумуляторы 51 мин 45 мин SF 4000-A, SF 180-A
24 В B24/2.0 NiCd аккумуляторы 48 мин 20 мин UH 240-A, TE 2-A, WSR 650-A
24 В B24/2.4 NiCd аккумуляторы 48 мин 24 мин UH 240-A, TE 2-A, WSR 650 A
24 В B24/3.0 NiMH аккумуляторы 72 мин 30 мин UH 240-A, TE 2-A, WSR 650-A
24 В BP 40,
BP 72 NiCd аккумуляторы 41–72 мин 20–36 мин TE 5-A (жалғастырғышы бар)
36 В BP 6-86 NiCd аккумуляторы 34 мин TE 6-A (тек C 7/36-ACS Бірге!)
36 В B 36/2.4 NiCd аккумуляторы 34 мин TE 6-A (тек C 7/36-ACS Бірге!)
2. Сипаттама
Құрылғы номиналды кернеуі 7,2–36 В (C 7/36-ACS
құрылғысы) жəне 7,2–24 В (C 7/24 құрылғысы) Hilti акку-
муляторлық батареяларын зарядтауға арналған.
Жеткізу жинағы:
– стандартты C 7/24 зарядтағыш құрылғысы
немесе
– жетілдірілген C 7/36-ACS зарядтағыш құрылғысы
– Пайдалану бойынша нұсқаулық
4. Техникалық сипаттамалары
Құрылғы C 7/24 C 7/36-ACS
Регенерация Қол регенерациясы Автоматты регенерация
("Refresh" пернесі)* ("Refresh" пернесі)*
Салқындату Конвекциялық Белсенді
Желі кернеуі 100–127 В жəне 220–240 В 100–127 В жəне 220–240 В
Желі жиілігі 50/60 Гц 50/60 Гц
Аккумуляторлар NiCd, NiMH NiCd, NiMH
Шығыс кернеу 7,2–24 В 7,2–36 В
Шығыс қуат 90 Вт 200 Вт
Зарядтау уақыты § 2 ішіндегі кестені қар
Массасы шамамен 1,0 кг шамамен 1,0 кг
Зарядтағыш құрылғының кабелінің ұзындығы шамамен 2 м шамамен 2 м
Габариттік өлшемдер (Ұ×Е×Б) 170×165×88 мм 170×165×88 мм
Басқару Зарядтауды электрондық басқару жəне микроконтроллер
арқылы басқару
Қорғау класы II электр қауіпсіздігі класы (қос қорғау изоляциясы)
Z
Өндіруші өзінде техникалық өзгерістер енгізу құқығын қалдырады! *: егжей-тегжейлі § 7.3 ішінде қар
Printed: 08.07.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069450 / 000 / 01
131
kk
5. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
5.1 Негізгі қауіпсіздік шаралары
Осы Пайдалану бойынша нұсқаулықтың тиісті бөлім-
дерінде көрсетілген қауіпсіздік шараларына қосымша
келесі сақтық шараларын үнемі жəне қатаң сақтау
керек.
Барлық нұсқауларды міндетті түрде оқып шығыңыз!
Бұл нұсқауларды елемеу электр тогының соғуына,
өртке жəне/немесе ауыр жарақаттарға əкелуі мүмкін.
5.2 Мақсаты бойынша қолдану
Құрылғы номиналды кернеуі 7,2–36 В (C 7/36-ACS
құрылғысы) жəне 7,2–24 В (C 7/24 құрылғысы) Hilti
аакумуляторлық батареяларын зарядтауға арналған.
Құрылғы көмегімен тек осы нұсқаулықта көрсетілген
түрлерге жататын Hilti аккумуляторлық батареяла-
рын зарядтаңыз.
Құрылғыны жарылу қаупі бар ортада пайдалануға
тыйым салынады.
Аспапты модификациялауға болмайды.
Сақтандырғыш құрылғыларды өшірмеңіз жəне ескер-
тетін жазулар мен белгілерді алмаңыз.
Айыр бекне саусақтары бүгілген немесе зақымдалған
құрылғыны пайдалануға тыйым салынады (айырды
розеткаға қосқанда тым қатты күш салмаңыз).
Күту жəне техникалық қызмет көрсету бойынша
нұсқауларды орындаңыз.
Бұл аспап жəне оған арналған қосымша жабдық
оқытылмаған қызметкерлер дұрыс емес пайда-
ланғанда немесе мақсатқа сай емес пайдаланған-
да қауіп тудыруы мүмкін.
Радиотехникалық бөлігі бар C 7/36-ACS құрылғысы
дүниенің барлық өліктерінде, бірінші кезекте ЕО жəне
Еуропалық еркін экономикалық аумақтың кез кел-
ген елдерінде пайдалануға жарамды.
5.3 Жұмыс орнын қауіпсіз ұйымдастыру
Жұмыс орнын жақсы жарықтандыруды қамтамасыз
етіңіз.
Жұмыс орнында ретті сақтаңыз. Жұмыстарды өткі-
зу орнында жарақаттану мүмкін заттар болмауы
керек. Жұмыс орнындағы ретсіздік жарақаттану қау-
пін арттырады.
Балаларды аспапқа жақындатпаңыз. Бөгде адамдарға
құрылғыға немесе ұзартқыш кабельге тиюге рұқсат
етпеңіз.
5.4 Жалпы қауіпсіздік шаралары
Аспапты дұрыс қолданыңыз. Оны тек мақсатына сай
жəне тек дұрыс күйінде пайдаланыңыз.
Қоршаған ортаның əсерін ескеріңіз. Аспапта кон-
денсаттың пайда болуын болдырмаңыз, онымен
ылғалды жəне дымқыл бөлмелерде жұмыстарды
өткізбеңіз. Аспапты өрт немесе жарылыс қаупі бар
жерде қолданбаңыз.
Қолданылмайтын аспаптарды сенімді жерде сақтаңыз.
Оларды сақтау үшін құрғақ, жоғары орналасқан неме-
се балалар жетпейтін жабық жерді қолданыңыз.
Дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі
немесе қажетті тəжірибесі жəне/немесе білімі жоқ
тұлғаларға бұл құрылғыны жауапты тұлғаның
қарауынсыз немесе нұсқау беруінсіз қолдануға
тыйым салынады.
Балалар оларға аспаппен ойнауға тыйым салынғаны
туралы білуі керек.
5.4.1 Электр құрамдастар
Электр тогының соғуынан қорғау шараларын қол-
даныңыз. Аспаппен жұмыс істегенде жерге қосылған
конструкцияларға (мысалы, құбырларға, жылыту
батареяларына, пештерге, тоңазытқыштарға) тимеңіз.
Тұрақта түрде аспаптың желілік кабелін тексеріңіз.
Зақымдалған кабельді ауыстыру үшін тəжірибелі
маман-электрикті шақырыңыз. Тұрақты түрде ұзартқыш
кабельдерді тексеріңіз жəне зақымдар болса, олар-
ды ауыстырыңыз.
Аспаптың жəне саймандардың техникалық күйін тек-
серіңіз. Зақымдар, жинақ толық емес немесе басқару
бөлшектері дұрыс емес істеген жағдайда құрылғыны
пайдалануға тыйым салынады.
Құрылғыға ештеңе жаппаңыз. Оның желдету тесік-
терін ашық ұстаңыз.
Жұмыс кезінде желілік немесе ұзартқыш кабель
зақымдалған жағдайда, оған тиюге тыйым салына-
ды. Кабель айырын желілік розеткадан шығарыңыз.
Аспапты жөндеуді тек (Hilti сервис қызметінің) маман-
электриктері түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолда-
нып өткізе алады. Əйтпесе жарақаттану қаупі бар.
Желілік кабельді тек мақсатына сай қолданыңыз.
Ешқашан аспапты кабельден ұстап тасымалдамаңыз.
Кабельді желіден кабельдің өзінен емес, тек айыр-
дан ұстап ажыратыңыз.
Кабельді қызудан, май тиюінен жəне үшкір жиектерге
тиюден қорғаңыз.
Ашық ауада жұмыс істегенде тек тиісті ұзартқыш
кабельдерді қолданыңыз.
Ұзартқыш кабельді бірнеше аспап қосылған жəне
бір уақытта жұмыс істеп жатқан розеткалар блогы-
мен бірге қолдануға болмайды.
Кір немесе ылғалды аспапты пайдалануға тыйым
салынады. Құрылғы үстінде жиналатын шаң мен
ылғал жағымсыз жағдайларда электр тогының соғуын
тудыруы мүмкін.
Аккумуляторды құрылғыға орнату алдында оны қарап
шығып, оның құрғақ жəне таза екеніне көз жеткізіңіз.
Аккумулятордың қысқа тұйықталуын болдырмаңыз.
Қысқа тұйықталу тұтануға əкелуі мүмкін.
Printed: 08.07.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069450 / 000 / 01
132
kk
Электр контакттерге тимеңіз.
Тек осы нұсқаулықта көрсетілген аккумуляторларды
пайдаланыңыз.
Қызмет көрсету мерзімі аяқталғанда аккумулятор-
ды қоршаған ортаға жəне адам денсаулығына зиян
келтірмейтіндей тастау керек.
Пайдаланылмайтын аккумуляторларды кон-
такттардың тұйықталуының себебі болуы мүмкін
скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, ине-
лерден, винттерден жəне басқа металл заттар-
дан ары сақтаңыз. Аккумулятор контакттарының
тұйықталуы күйіктерге немесе тұтануға əкелуі мүмкін.
6. Жұмысқа дайындау
Желі кернеуі зауыттық кестешеде көрсетілгенге сай
болуы керек.
6.1 Аспапты тек қолайлы жерде қолданыңыз
бұл үшін құрғақ, таза жəне салқын (бірақ 0 градус-
тан төмен емес) орынды таңдаңыз.
aккумуляторларды зарядтау кезінде құрылғы қыза-
ды. Сондықтан оның желдету тесіктері жабық бол-
мауы керек.
бұл үшін аспапты чемоданнан шығарыңыз.
спапты таза ауа ағыны жоқ жерде пайдаланбаңыз.
6.2 Аспапты қосу
елілік кабель айырын розеткаға салыңыз.
-НҰСҚАУ-
Құрылғыны қосқаннан кейін оның өзіндік диагности-
касы басталады. Бұл уақытта барлық 3 бақылау шам-
дары жанады, ал өзіндік диагностика біткеннен кейін
тек жасыл шам жанып тұруы керек.
Егер өзіндік диагностика ақаулықты анықтаса, жасыл
шам жыпықтайды. Құрылғыны өшіріп, қайта қосыңыз.
Егер ол осы кезде де ақаулық бар екенін көрсетсе, Hilti
сервистік орталығына барыңыз.
7. Пайдалану
7.1 Аккумуляторды орнату
  
Hilti аккумуляторын (оның түріне байланысты) осыған
арналған ұяшыққа орнатыңыз.
BP 40, BP 72, RB 10 жəне BP 12 үшін Hilti CA 7/36 жалғас-
т ырғышын қолданыңыз (жеткізу жинағына кірмейді).
Аккумулятор мен жалғастырғыш ұяшықтарға сəйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Аккумуляторды құрылғыға орнатқаннан кейін заряд-
тау процесі автоматты түрде басталады!
-НҰСҚАУ-
Тіпті аккумулятордың құрылғыда ұзақ уақыт болуы
(жұмыс күйінде) оған зиян тигізбейді.
-АБАЙЛАҢЫЗ-
Бұл аспап тек көрсетілген түрге жататын Hilti аккуму-
ляторларына арналған. Құрылғыда басқа түрлерге
жататын аккумуляторларды зарядтауға тыйым салы-
нады. Бұл жарақаттар мен аккумулятордың зақымда-
луының себебі болуы мүмкін. Аккумулятор ақаулы
болғандықтан күйдіргіш сұйықтық ағып шығуы мүмкін.
Оған тимеңіз.
7.2 Индикаторлар
Жасыл шам үздіксіз Құрылғы желіге қосылған
жанады жəне жұмысқа дайын.
жыпықтайды Өзіндік диагностика
зарядтағыш құрылғыда
немесе аккумуляторда
ақаулық бар екенін
анықтады.
Қызыл шам үздіксіз Аккумулятор зарядталып
жанады жатыр.
жыпықтайды Аккумулятор зарядтал-
ды.
5.4.2 Сұйықтықтар
Аккумулятор ақаулы болғандықтан күйдіргіш сұйықтық
ағып шығуы мүмкін.
Оған тимеңіз.
Теріге сұйықтық тигенде, оны сабынды сумен мұқият
жуып жіберіңіз. Сұйықтық көздерге тигенде көздерді
сумен шайып жіберіңіз жəне дəрігерге көрініңіз.
5.5 Пайдаланушыға қойылатын талаптар
Аспап кəсіби қолдануға арналған.
Аспапты пайдалануды, қызмет көрсетуді жəне жөндеу-
ді тек уəкілетті жəне оқытылған қызметкерлер орын-
дай алады. Қызметкерлер ықтимал қауіптер бойын-
ша тиісті нұсқауларды алуы керек.
Ұқыпты болыңыз!
Printed: 08.07.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069450 / 000 / 01
133
kk
Сары шам жанып тұр Регенерация жүріп
жатыр. (§ 7.3 қар.)
жыпықтайды Аккумулятор тым салқын
(< 0 °C) немесе ыстық
(> 60 °C), сондықтан
зарядталмайды. Когда
температура аккумуля-
тора станет нормальной,
прибор автоматически
приступит к заряду или
регенерации).
7.3 Аккумулятор регенерациясы (қалпына келуі)
Аккумуляторлық батареяның жекелеген элементтері
өздігінен разрядсыздануға бейім. Ескі батареялардың
кейбір элементтері басқаларынан тезірек разрядта-
лады. Кəдімгі зарядтағыш құрылғылар бірінші эле-
менттер зарядталып, ал қалған элементтер толығымен
зарядталып үлгермегенде өшеді. Бұл əсерді аккуму-
ляторлық батареяның жеткіліксіз сыйымдылығы бойын-
ша анықтауға болады.
Бұл əсерді регенерация кетіруге мүмкіндік береді.
7.3.1 C 7/24
Регенерация процесін іске қосу үшін аккумуляторды
орнату кезінде "Refresh" пернесін сары шам жанған-
ша (үздіксіз жарықпен) басып тұрыңыз.
Сары шам бүкіл регенерация барысында жанады.
Регенерацияны тұрақты, шамамен əр 30–50 заряд
циклдарынан кейін, бірақ бір айдан жиірек емес өткі-
зу ұсынылады, əйтпесе аккумулятор зақымдалуы
мүмкін. Регенерация бұл аккумулятор үшін өзіндік бір
жаттығу, əрі оның артық мөлшері оған дəл адам ден-
саулығына шамадан тыс жаттығу сияқты зиян тигізеді.
7.3.2 C 7/36-ACS
Жоғарыда сипатталған процесс толығымен автомат-
ты түрде жүреді! Аккумулятор түріне байланысты реге-
нерация қажет уақытта автоматты түрде іске қосыла-
ды!
Жаңа аккумуляторды бірінші зарядтау кезінде эле-
менттерді оңтайлы зарядтауға қол жеткізуге мүмкіндік
беретін регенерация процесі іске қосылады.
Егер регенерация үзілсе, құрылғы аккумуляторды келе-
сі зарядтау кезінде оны іске қосады.
-НҰСҚАУ-
Тұрақты регенерация аккумулятордың оңтайлы сыйым-
дылығы мен қызмет көрсету мерзімін қамтамасыз етеді.
Аккумулятор күйі нашарлағанда зарядтау уақыты арта-
ды.
7.4 Аккумулятор
Элементтерін оңтайлы зарядтау үшін жаңа аккумуля-
торды қалыпты режимде (регенерациясыз) 12–24 сағат
немесе регенерация функциясын қолданып зарядтау
керек.
Аккумуляторды пайдаланғанда, оның толық разряд-
сыздануын болдырмаңыз. Сыйымдылығы айтарлықтай
төмендегенін анықтаған сайын аккумуляторға аздап
зарядка беріп тұрыңыз. Əйтпесе разряд тогы разряд-
талған элементтерді зақымдауы мүмкін.
-НҰСҚАУ-
Төмен температурада аккумулятордың қуаттылығы
төмендейді. Егер аккумуляторлар қолданылмаса,
оларды бөлме температурасында сақтаңыз.
Жоғары температуралар аккумулятордың зақым-
далуына əкеледі. Күн астында, жылыту құралдары-
ның жанында немесе терезе алды тақтайында акку-
муляторларды ұстамаңыз жəне зарядтамаңыз.
8. Күту жəне техникалық қызмет көрсету
Кабель айырын желілік розеткадан шығарыңыз.
8.1 Аспапты күту
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғы тұтқышының жапсырмаларын майдан
уақтылы тазалаңыз. Құрамында силикон бар таза-
лау заттарын қолдануға тыйым салынады.
Аспаптың сыртқы корпусы соққыға төзімді пластмас-
садан жасалған.
Жетекті пайдалану кезінде оның корпусының қақпағын-
дағы желдету саңылауларын жаппаңыз! Оларды құрғақ
щеткамен ақырын тазалаңыз. Жетек корпусының іші-
не бөгде заттар түспеуін қадағалаңыз. Жетектің сыртқы
бетін тұрақты түрде сүрту шүберегімен тазалаңыз. Су
бүріккішін, бу генераторын немесе су ағынын қолда-
нуға тыйым салынады! Мұндай заттармен тазалаудан
кейін жетектің электр қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейді.
8.2 Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-элект-
рикке тапсырыңыз.
Тұрақты түрде аспап түйіндерінде зақымдар жоқ еке-
нін, сондай-ақ, барлық басқару элементтерінің жəне
құрамдастардың дұрыстығын тексеріңіз. Бөліктері
зақымдалған болса немесе басқару бөлшектері тиіс-
ті түрде жұмыс істемейтін кезде аспапты пайдалан-
баңыз. Аспапты Hilti сервис орталығында жөндету
керек.
8.3 Аккумуляторлық батареяларды күту
Түйісетін беттердің тазалығын қадағалаңыз (шаң,
майлайтын май). Қажет болса, түйісетін беттерді
таза шүберекпен сүртіңіз.
Printed: 08.07.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069450 / 000 / 01
134
kk
9. Утилизация
-АБАЙЛАҢЫЗ-
Жабдықты утилизациялау ережелерін бұзу келесі салдарларға əкелуі мүмкін:
Пластмассадан тұратын бөлшектерді жаққанда, денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін улы газдар пайда бола-
ды.
Зақымдалғанда немесе қатты қыздырғанда батареялардан электролит, улы, тұтанғыш, күйдіретін жəне қор-
шаған ортаны ластайтын зат ағып шығуы мүмкін.
Утилизация ережелерін бұзғанда жабдықты олармен жұмыс істеу ережелерімен таныс емес бөгде тұлғалар
қолдануы мүмкін. Бұл ауыр жарақаттардың, сондай-ақ, қоршаған ортаның ластануының себебі болуы мүмкін.
Hilti құралдарының көп бөлігі қайта қолданылған материалдардан жасалған. Утилизация алдында мате-
риалдарды тиісті түрде дайындау керек. Көп елдерде Hilti компаниясы қолданылған аспаптарды утилиза-
циялау үшін қабылдау туралы келісімдер жасасып қойған. Бұл мəселе бойынша қосымша ақпаратты Hilti ком-
паниясының клиенттерге қызмет көрсету бөлімінде немесе сатылымдар өкілінен алуға болады.
10. Өндірушінің кепілі
Hilti компаниясы жеткізілген аспапта өндірістік ақау-
лықтар (материалдар ақаулығы жəне өндіру ақау-
лықтары) жоқ екеніне кепіл береді. Бұл кепіл тек келе-
сі шарттарды орындаған жағдайда жарамды: аспап-
ты пайдалану, оған қызмет көрсету жəне тазалау осы
пайдалану бойынша нұсқаулықтың нұсқаулары сəйкес
орындалады; аспаптың техникалық тұтастығы сақталған,
яғни, онымен жұмыс істегенде тек Hilti компаниясы
жасаған түпнұсқа шығын материалдары, саймандар
жəне қосалқы бөлшектер қолданылған.
Бұл кепіл ақаулы бөлшектерді тегін жөндеуді немесе
тегін ауыстыруды қарастырады. Кепіл табиғи тозуы-
ның салдарынан жөндеуді немесе ауыстыруды қажет
ететін бөлшектерді қамтымайды.
Жергілікті заңнама талап ететін жағдайларды қос-
пағанда, барлық басқа шағымдар қарастырыл-
майды. Атап айтқанда, Hilti компаниясы аспапты
кез келген мақсаттарда қолданумен немесе қол-
дану мүмкін еместігімен байланысты немесе соның
нəтижесі болған тікелей, жанама, кездейсоқ зиянға
жауапты емес. Аспапты аталмаған жұмыстарды
орындау үшін қолдануға болмайды.
Ақаулықты анықтағанда аспапты жəне/немесе ақау-
лы бөлшектерді жөндеуді орындау үшін дерек ең жақын
Hilti өкілдігіне жіберу керек.
Бұл кепіл Hilti компаниясының барлық кепіл міндетте-
мелерін қосады жəне кепілдерге қатысты барлық басқа
міндеттемелерді жəне жазбаша немесе ауызша келі-
сімдерді ауыстырады.
Қызмет мерзімі аяқталған аккумуляторлық батареяны еліңізде қабылданған ережелерге сай утили-
зациялаңыз немесе оны Hilti компаниясына қайтарыңыз.
Тек ЕО елдері үшін
Электр құралдарды кəдімгі қоқыспен бірге утилизацияламаңыз!
Ескі электр жəне электрондық құралдарды утилизациялау туралы еуропалық директивасына
сəйкес жəне жергілікті заңдарға сəйкес пайдалануда болған электр құралдарды жеке, қоршаған
орта үшін қауіпсіз əдіспен утилизациялау керек.
Ұзақ пайдалану барысында аккумулятор ыдысы
рұқсатты шекарадан төмен түссе, біз оны Hilti сер-
вистік орталығына диагностикаға беруді ұсынамыз.
Printed: 08.07.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069450 / 000 / 01
135
kk
11. ЕО нормаларына сəйкестік декларациясы (түпнұсқа)
Біз толық жауапкершілікпен осы бұйым келесі стан-
дарттарға жəне нормативтік құжаттарға сай деп мəлім-
дейміз:
2006/95/EG, 2004/108/EG, EN 60335-1, EN
60335-2-29, EN ISO 12100, 2011/65/EU.
Сондай-ақ, C 7/36-ACS бұйымы 1999/5/EG, EN 300330,
EN 301489 нормаларына сай келеді.
Белгілеу: Зарядтағыш құрылғы
Түрі: C 7/24 немесе C 7/36-ACS
Шығарылған жылы: 2003
Hilti Corporation, Feldkircherstrasse 100,
FL-9494 Schaan
Paolo Luccini Jan Doongaji
Head of BA Ececutive Vice President
Quality & Process Management BU Power Tools & Accessories
BA Electric Tools & Accessories
01/2012 01/2012
Техникалық құжаттама:
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH
Zulassung Elektrowerkzeuge
Hiltistrasse 6
86916 Kaufering
Deutschland
Printed: 08.07.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069450 / 000 / 01
/