FH

STIHL FH Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал руководство по эксплуатации кустореза STIHL FH и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве подробно описаны технические характеристики, правила безопасной работы, процедуры сборки и технического обслуживания. Я могу помочь вам с любыми вопросами, касающимися использования вашего кустореза.
  • С какими базовыми мотоустройствами совместим кусторез FH?
    Как часто нужно смазывать передачу кустореза?
    Как правильно хранить кусторез на длительный срок?
{
STIHL FH
Қолдану нұсқаулығы
Инструкция по эксплуатации
Q Қолдану нұсқаулығы
1 - 19
R Инструкция по
эксплуатации
20 - 38
Түпнұсқалық қолдану
нұсқаулығы
Хлормен ағартылған қағазда басылып шығарылған
Басып шығаратын бояулардың құрамында өсімдік майлары
бар, қағазды қайта өңдеуге болады.
© ANDREAS STIHL AG & Co. KG, 2015
0458-226-4921-A. VA0.E14.
0000000239_004_KZ
FH
қазақ
1
{
Осы қолдану нұсқаулығы авторлық құқықпен қорғалған Барлық құқықтар, әсіресе тарату, аудару және электроникалық
жүйелермен өңдеу құқықтары сақталады.
Мазмұны
Құрметті сатып алушылар,
STIHL фирмасының жоғары сапалы
бұйымын сатып алуға бел
байлағаныңыз үшін үлкен рахмет
айтамыз.
Аталған бұйым өндірістің озық
технологияларын қолдана отырып,
сонымен қатар сапаны қамтамасыз
ету жөніндегі барлық қажетті
шараларды ескере отырып
дайындалған. Осы агрегат Сіздің
көңіліңізден шығуы үшін және оны еш
кедергісіз қолдануыңыз үшін біз
қолымыздан келгеннің барлығын
істеуге тырысамыз.
Егер Сізде агрегатыңызға қатысты
сұрақтар туындаса, өз дилеріңізге
немесе біздің өткізу компаниямызға
жүгінуіңізді сұраймыз.
Сіздің
Др. Nikolas Stihl
Аспалы құрал-сайман 2
Қолдану нұсқаулығына 2
Қауіпсіздік техникасы ережелері
және жұмыс техникасы 3
Пайдалану 7
Рұқсат етілген негізгі
қозғалтқыштың агрегаты 7
Аспалы құрал-сайманды орнату 8
Пышақ траверсасын реттеу 10
Аспалы қайысты орнату 11
Моторды іске қосу / тоқтату 13
Берілісті майлау 14
Құрылғыны сақтау 14
Техникалық қызмет көрсету және
күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар 15
Кескіш пышақты қайрау 15
Тозуды азайту және ақаулардың
алдын алу 15
Маңызды толымдаушылары 17
Техникалық сипаттамалар 18
Арнайы жабдықтар 18
Жөндеу бойынша нұсқаулар 18
Кәдеге жарату 19
FH
қазақ
2
STIHL аспалы құрал-сайманы STIHL
әртүрлі қозғалтқыштың агрегатына
монтаждала алады.
Монтаждауға рұқсат етілген
қозғалтқыштың агрегаты "Рұқсат
етілген негізгі қозғалтқыштың
агрегаты" бөлімінде атап көрсетілген.
Негізгі қозғалтқыштың агрегатынан
және аспалы құрал-сайманнан
құралған жұмыс істей алатын
құрылымдық бірлік, осы пайдалану
нұсқаулығында қозғалтқыштың
агрегаты деп аталады.
Осыған сәйкес, негізгі қозғалтқыштың
агрегаты мен аспалы құрал-
сайманды пайдалану нұсқаулығы
қозғалтқыштың агрегатын пайдалану
нұсқаулығымен ортақ болып келеді.
Алғаш рет қолданысқа енгізудің
алдында, пайдалану нұсқаулығының
екеуімен де мұқият танысып шығыңыз
және алдағыда пайдалануға беру
үшін сақтап қойыңыз.
Суреттердегі нышандар
Құрылғыға жабыстырылған
суреттердегі барлық нышандардың
анықтамасы, осы қолдану
нұсқаулығында келтірілген.
Мәтін бөлімдерінің белгіленуі
Сақтандыру
Жазатайым оқиғаның және жарақат
алудың, сонымен қатар күрделі
материалдық нұқсанның қаупі
жайында адамдарға ескерту.
Нұсқау
Құрылғының немесе жекелеген
толымдаушылардың бүліну мүмкіндігі
жайында ескерту.
Техникалық әзірленім
STIHL компаниясы барлық
машиналарды және құрылғыларды
одан әрі әзірлеумен ұдайы
айналысуда; сондықтан пішін,
техника және жабдықтар бойынша
жеткізілімнің толымдаушыларына
барлық өзгерістерді енгізу құқығын
өзімізге қалдыруға тиіспіз.
Сол себепті осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың нұсқауларына және
суреттеріне қатысты ешқандай
кінәраттар тағыла алмайды.
Аспалы құрал-сайман
.
.
.
.
002BA531 KN
+
+
Қолдану нұсқаулығына
FH
қазақ
3
Қозғалтқыштың агрегатын, оның осы
үлгісімен мұқият танысып алған және
қолдануға жақсылап үйретілген
адамдарға ғана беруге немесе жалға
беруге рұқсат етіледі әрқашан негізгі
қозғалтқыштың агрегаты мен аспалы
құрал-сайманның пайдалану
нұсқаулығын көрсетіңіз.
Ұсақ қопаларға арналған
мотошапқышты тек қана шөпті, ұсақ
қопаларды, бұтаны, көп жылдық
өсімдіктерді, қопаны, топырақ
қабатын, бұталықтарды және тағы
басқаларды қырқу үшін қолданыңыз.
Қозғалтқыштың агрегатын басқа
мақсаттар үшін қолдануға болмайды,
себебі жазатайым оқиға қаупі төне
алады!
Осындай кескіш пышақты немесе
STIHL компаниясы тарапынан осы
қозғалтқыштың агрегатына рұқсат
берілген немесе өзінің технологиялық
сипаттамасы жағынан ұқсас болып
келетін құрал-жабдықтарды ғана
қолданыңыз. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
Жоғары сапалы құрал-саймандарды
немесе құрал-жабдықтарды ғана
қолданыңыз. Олай болмаған
жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
қозғалтқыштың агрегатының
бұзылуынан қауіптілік төне алады.
STIHL компаниясы, STIHL
компаниясы ұсынған түпнұсқалы
құрал-саймандарды және құрал-
жабдықтарды қолдануға кеңес
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан өніммен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Агрегаттың құрылымына қандай да
бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіптілік төнуі мүмкін.
STIHL компаниясы, қолданысқа
рұқсат етілмеген аспалы
агрегаттарды қолданудың
салдарынан адамға және мүлікке
келтірілген нұқсан үшін жауапты
болмайды.
Агрегатты тазарту үшін жоғары
қысымды жуғыштарды қолданбаңыз.
Судың қатты ағыны агрегаттың
бөлшектерін бүлдіре алады.
Киімдер мен жарақтар
Белгіленген киімдер мен жарақтарды
қолданыңыз.
Ағашқа, ұсақ қопаларға немесе
агрегаттың қозғалмалы бөлшектеріне
іліне алатын киімді кимеңіз. Сонымен
қатар мойынорағыш, галстук және
қандай да бір әшекей тағуға
болмайды. Ұзын шаш оралуы және
бекітілуі керек (орамал, бас киім,
дулыға және т.б.).
Қауіпсіздік техникасы
ережелері және жұмыс
техникасы
Ұсақ қопаларға
арналған
мотошапқышпен жұмыс
істеген кезде айрықша
қауіпсіздік іс-
шараларын сақтау
қажет болады, себебі
пышақ жылдамдығы
жоғары болатындықтан,
оның кескіш пышақтары
өте өткір және
агрегаттың әрекет ету
ауқымы үлкен болады.
Алғаш рет қолданысқа
енгізудің алдында,
пайдалану
нұсқаулығының (негізгі
қозғалтқыштың
агрегаты мен аспалы
құрал-сайман) екеуімен
де мұқият танысып
шығыңыз және
алдағыда пайдалануға
беру үшін сақтап
қойыңыз. Пайдалану
нұсқаулығын
ұстанбаған жағдайда,
өмірге қауіп төнуі
мүмкін.
Киім мақсатқа сай
қолданылуы тиіс және
жұмысқа кедергі
келтірмеуі қажет.
Денеге тығыз тиіп
тұратын киім
ұсынылады -
комбинезон, бірақ
жұмыс халаты емес.
Тайғанамайтын кедір-
бұдырланған табаны
бар қорғаныш етігін
және болат қақпағы бар
шұлық киіңіз.
FH
қазақ
4
Есту мүшелерін қорғайтын "жеке"
құралдарды, мысалы естуді қорғауға
арналған капсуланы қолданыңыз.
STIHL компаниясы жеке қорғаныс
жарақтандыруының кең
бағдарламасын ұсынады.
Қозғалтқыштың агрегатын
тасымалдау
Қозғалтқышты әрқашан тоқтатып
тұрған жөн.
Пышақты қорғау құралын әрдайым
орнату керек – тіпті қысқа аралыққа
тасымалдаған кезде де.
Кескіш гарнитураны тасымалдау
кезіндегі күйіне орнатыңыз және
бекітіңіз.
Қозғалтқыштың агрегатын тасығанда,
қарнаққа теңдестіріп тасыңыз кескіш
пышақтарды төмен қаратыңыз.
Қызып тұрған машина бөлшектері мен
бәсеңдеткіштің шанағын ұстамаңыз
күйік шалу қаупі төне алады!
Автокөліктің ішінде: Қозғалтқыштың
агрегатын төңкерілуден, бүлінуден
және жанармайдың ағып кетуінен
қорғаңыз.
Қосудың алдында
Қозғалтқыштың агрегатының мінсіз
жұмыс атқаруын тексеріңіз – негізгі
қозғалтқыштың агрегаты мен аспалы
құрал-сайманның пайдалану
нұсқаулығындағы тиісті бөлімге назар
аударыңыз:
Дұрыс монтаждалған, тығыз
отырғызылған және мінсіз күйдегі
(таза, қозғалыссыз және
майыспаған), қайралған және
STIHL қарамайдың еріткіші
(майлағыш құралдар) жақсылап
бүркілген кескіш пышақтар
Агрегатты ешқашан да
тасымалдау кезіндегі күйінде
қоспаңыз (кескіш гарнитурасы
қарнаққа қарай қайырылған)
басқару элементтеріне немесе
қауіпсіздік қондырғысына кез-
келген өзгеріс енгізуге тыйым
салынады
Сап майдан және кірден
тазартылған, таза әрі құрғақ
болуы қажет, онысы
қозғалтқыштың агрегатын сенімді
түрде басқару үшін маңызды
шарт болып табылады
Аспалы белдік пен сапты бойына
қарай реттеңіз. "Аспалы белдікті
орнату" бөлімін қараңыз
Қозғалтқыштың агрегаты тек қана
сенімді қолданыс күйінде қолданылуы
қажет – жазатайым оқиға қаупі төне
алады!
Апаттық жағдай үшін, аспалы белдікті
қолданған кезде: Агрегатты жерге тез
түсіруге үйрену. Жаттыққан кезде
бүлінуді болдырмау үшін агрегатты
жерге лақтырмаңыз.
Агрегатты қалай ұстау және қалай
жүргізу қажет
Әрқашан сенімді және орнықты күйге
қойыңыз.
Қозғалтқыштың агрегатын әрқашан
екі қолыңызбен саптан нықтап
ұстаңыз.
Оң қолыңыз жетектің сабында, ал сол
қолыңыз қарнақтағы сапта тұрады –
солақайларға да осылайша болады.
Сапты бас бармақпен нықтап
ұстаңыз.
Агрегат, машинаның салмағын көтере
алатын бір белдікпен ғана
жабдықтала алады.
Жұмыс істеген кезде
Қауіптілік төнетін болса немесе
апаттық жағдай орын алса,
қозғалтқышты бірден сөндіріңіз –
құрамдастырылған қайта қосқышты /
тоқтатуды ауыстырып-қосқышты /
ажырату түймесін 0 немесе STOP
күйіне орнатыңыз.
Ұсақ қопаларды
сиректеген кезде және
құлайтын заттардан
жарақат алу қауіптілігі
төнген жағдайда
қорғаныс дулығасын
қолданыңыз. Қорғаныс
көзілдірігін тағыңыз.
Тозуға төзімді
материалдан (мысалы,
теріден) жасалған берік
жұмыс қолғаптарын
киіңіз.
FH
қазақ
5
Осы қашықтық, сондай-ақ заттарға
(көлік құралдары, терезе әйнектері)
да қатысты сақталуға тиіс –
материалдық нұқсаннан қауіптілік
төнуі мүмкін!
Газ иінтірегін босатқаннан кейін
кескіш пышақ қозғалмас үшін, бос
жүрісте қозғалыстың мінсіз жұмысына
назар аударыңыз. Бос жүрістің
реттелімін үнемі бақылаңыз және
мүмкіндігінше түзетіңіз. Кескіш
пышақтар әлі де бос жүрісте қозғалып
жатса, оларды мамандандырылған
дилерге жөндеуге апару керек –
негізгі қозғалтқыштың агрегатының
пайдалану нұсқаулығын қараңыз.
Кескіш пышақтарды бақылаңыз ұсақ
қопалардың немесе тал-шіліктің
көрінбейтін жерлерін кеспеңіз.
Биік ұсақ қопаларды немесе тал-
шілікті кескен кезде аса абай
болыңыз, себебі бұтаның астында
біреу болуы мүмкін – алдымен
төңіректі қарап шығыңыз.
Тайғанақ, ылғал болғанда, қар
басқанда, тау еңісінде, кедір-бұдыр
және тағы басқа төңіректерде
абайлаңыз – тайғанау қаупі төне
алады!
Құлаған бұтақтарды, ұсақ қопаларды
және кесілген материалды жұмыс
аумағынан алып тастаңыз.
Кедергілерге назар аударыңыз:
Томарлар, тамырлар болса – сүрініп
кете аласыз!
Әрқашан сенімді және орнықты күйге
қойыңыз.
Биік жерде жұмыс істеген кезде:
әркез көтергіш жұмыс табанын
пайдаланыңыз:
ешқашан да басқышта немесе
ағашта тұрып жұмыс істемеңіз
ешқашан да орнықсыз жерде
тұрып жұмыс істемеңіз
ешқашан бір қолыңызбен ғана
жұмыс атқармаңыз
Құлақ бітеуіштерін пайдаланған
кезде, аса мұқият және сақ болуыңыз
керек, себебі қауіптілік дыбыстарын
сезу қабілеті (айғайлар, дабыл
белгілері және т.б.) шектеледі.
Төтенше шаршауды болдырмас үшін,
жұмыс барысында уақытымен үзіліс
жасап тұрғаныңыз жөн – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Жұмысты байыпты және тиянақты
түрде атқарыңыз, жарық жақсылап
түсіп тұруы тиіс және көрініс айқын
болуы тиіс. Басқа адамдарға қауіп
төндірмей, абайлампаздықпен жұмыс
істеңіз.
Кескіш пышақтарды бүлдіріп алмау
үшін – ұсақ қопалар мен жұмыс
аумағын тексеріңіз:
Тасты, металл бөлшектерді және
қатты заттарды алып тастаңыз
мысалы, жерге жақын жерде
жұмыс істеген кезде, кескіш
пышақтардың арасына құм мен
тастар кіріп кетпеуін бақылап
тұрыңыз
сыммен қоршалған ұсақ
қопаларды немесе тал-шілікті
кескен кезде, кескіш пышақты
сымға тигізбеңіз
Тоқ өткізгіш тоқсымдарға жанаспаңыз
қандай да бір электр тоқсымын кесіп
алмау үшін абай болыңыз – тоқ соғу
қаупі төне алады!
Бұл қозғалтқыштың
агрегаты
оқшауланбаған. Электр
өткізгіш тоқсымдарға
дейін қауіпсіз
қашықтықты ұстаныңыз
электр тоғының соғу
қаупі төнуі мүмкін!
дейінгі
радиуста бөгде
адамдар болмауға
тиіс – қозғалатын
кескіш
пышақтардан
және құлап бара
жатқан кесілген
материалдан –
жарақат алу қаупі
төнуі мүмкін!
5m (17ft)
Бәсеңдеткіш,
қолданылған уақытта
қызады. Бәсеңдеткіштің
шанағын ұстамаңыз –
күйік шалу қаупі төне
алады!
Қозғалтқыш жұмыс
істеп тұрған кезде
кескіш пышақтарды
ұстамаңыз. Кескіш
пышақтарды қандай да
бір затпен бұғаттаған
кезде, қозғалтқышты
дереу тоқтатыңыз – тек
қана осыдан кейін затты
алып тастаңыз –
жарақат алу қаупі төне
алады!
FH
қазақ
6
Кескіш пышақтарды бұғаттау және
жанармайдың берілісін бір мезгілде
ұлғайту шарасы қозғалтқышқа түсетін
жүктемені арттырады және
айналымдардың жалпы санын
төмендетеді. Бұл, жалғастырғыштың
ұзақ уақыт бойы тайып кетуінен
маңызды атқарымдық бөлшектердің
(мысалы, жалғастырғыш, шанақтың
жылтыр бөлшектері) қызып кетуіне
және зақымдалуына себеп болады –
соның салдарынан, мысалы, кескіш
пышақ бос жүрісте айналған кезде
қызып кете алады жарақат алу қаупі
төнуі мүмкін!
Егер де қозғалтқыштың агрегаты
арналымынан тыс жүктемеге
ұшыраған болса (мысалы, соққы
немесе құлау нәтижесіндегі күштің
әсерінен), алдағыда жұмыс істер
алдында агрегаттың қолданыс
жағдайын тексеріңіз – "Қосудың
алдында" бөлімін қараңыз. Әсіресе,
қауіпсіздік қондырғысының
пайдаланудағы сенімділік дәрежесін
тексеріңіз. Мінсіз қолданыс күйінде
болмаған қозғалтқыштың
агрегатымен жұмыс істеуге тыйым
салынады. Қандай да бір күмән
туындаса, мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
Ұсақ қопалар қатты ластанған немесе
шаң басқан жағдайда, қажет болса –
кескіш пышақтарға STIHL
қарамайдың еріткішін бүркіңіз.
Осының арқасында, кескіш
пышақтардың үйкелуі, өсімдік
шырындарының агрессиясы және кір
бөлшектерінің бөлінуі анағұрлым
дәрежеде төмендейді.
Кескіш пышақтарды, қысқа уақыт
аралықтарынан кейін үнемі тексеріңіз
және көзге білінетін өзгерістер орын
алған кезде дереу бақылаңыз:
Қозғалтқышты тоқтатыңыз
кескіш пышақтардың толықтай
тоқтағанын күтіңіз
Отырған күйін және беріктігін
тексеріңіз, жарықшаққа назар
аударыңыз
Пышақтардың егелген дәрежесін
ескеріңіз
Жұмысты аяқтағаннан кейін
Жұмысты аяқтағаннан кейін немесе
агрегатты тоқтатпастан бұрын:
Қозғалтқышты тоқтатыңыз.
Қозғалтқыштың агрегатын шаң мен
кірден тазартыңыз - май еріткіштерді
қолданбаңыз.
Кескіш пышақтарға STIHL
қарамайдың еріткішін бүркіңіз –
спрейді біркелкі тарату үшін
қозғалтқышты тағы да қысқаша
уақытқа іске қосыңыз.
Техникалық қызмет көрсету және
жөндеу
Қозғалтқыштың агрегатына үнемі
техникалық қызмет көрсетіп
отырыңыз. Негізгі қозғалтқыштың
агрегаты мен аспалы құрал-
сайманның пайдалану
нұсқаулығында сипатталған
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын және жөндеу
жұмыстарын ғана орындау керек.
Жұмыстардың барлық бас түрлерін
мамандандырылған дилерге тапсыру
қажет.
STIHL компаниясы, техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын және
жөндеу жұмыстарын тек қана STIHL
компаниясының мамандандырылған
дилеріне тапсыруға ұсыныс береді.
STIHL компаниясының
мамандандырылған дилерлері
біліктілікті арттыру курстарына үнемі
қатысып тұрады және олардың
иелігіне техникалық ақпарат
ұсынылады.
Жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз. Олай болмаған
жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
STIHL компаниясы STIHL
компаниясының түпнұсқалы қосалқы
бөлшектерін қолдануға ұсыныс
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан агрегатпен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Жөндеу, техникалық қызмет көрсету
және де тазару жұмыстарын жасаған
кезде – қозғалтқышты әрқашан
сөндіріп отырыңыз – жарақат алу
қаупі төнуі мүмкін!
FH
қазақ
7
Демалу үшін қарастырылған аумақта
демалған кезде ұсақ қопаларға
арналған мотошапқышты
қолданбаңыз.
Ұсақ қопаларға арналған
мотошапқыш топырақ бойынша
жүргізілетін агрегат болып табылады.
Кескіш пышақ шапқыш діңгек ретінде
жұмыс істей алатындықтан, агрегат
ұсақ қопаларды, қопаны, қамысты,
арамшөпті және қатты шөпті кесуге
жарамды. Осының арқасында, ұсақ
қопаларға арналған мотошапқыш,
әсіресе қауіпсіздік аралшығы немесе
саябақ аймағы сияқты көп адамды
жерде қолдануға жарамды болады,
себебі кесілетін материал
лақтырылмайды.
Кәдеге жарату
Кесілген материалды үй қоқысына
лақтырмаңыз – кесілген материал
компостерленуге тиіс!
Дайындық жұмыстары
N Пышақ траверсасының бұрышын
реттеңіз
N Пышақты қорғау құралын алып
тастаңыз
N Қозғалтқышты қосу
N Аспалы белдікті орнату
N Агрегатты аспалы белдікке іліңіз
Жұмыс техникасы
Жұмыс күйі мен жұмыс принципі,
қозғалтқыштың орағын қолданған
кездегідей таңдалуы керек: Кескіш
пышақты топырақтың бойымен
жүргізу керек.
Бұл аспалы құрал-сайманды тек қана
келесі негізгі қозғалтқыштың
агрегатымен бірге қолдануға болады:
STIHL FC 85, FC 110
STIHL FH 75
STIHL FR 85
STIHL FS 85
1) 2)
, FS 90, FS 100
2)
,
FS 110
2)
, FS 130
STIHLHL75
2)
, HL 95
2)
, HL 100
2)
STIHLKA85R, KW85
STIHL SP 81 (айналма сап
орнатылуға тиіс)
Сақтандыру
Бұл аспалы құрал-сайман,
қамытшалы айналма саппен (қима
шектегіші) немесе екі қолды саппен
бекітілген негізгі қозғалтқыштың
агрегатында ғана қолданылады.
Сақтандыру
Жоғарыда аталған құралдарды
қоспағанда, басқа негізгі
қозғалтқыштың агрегатымен
құрамдастыруға болмайды –
жазатайым оқиға қаупі мен жарақат
алу қаупі туындауы мүмкін!
Пайдалану
225BA007 KN
Рұқсат етілген негізгі
қозғалтқыштың агрегаты
1)
1 49 709 301 және 1 53 148 868
аралығындағы машиналық
нөмірлері бар FS 85
агрегаттарында
2)
FS 85 RX, FS 100 RX, FS 110 RX,
HL 73 K, HL 75 K және HL 100 K
агрегатында қолданылмайды
FH
қазақ
8
Монтаждауға дайындалу
Сақтандыру
Негізгі қозғалтқыштың агрегатын
қайта жабдықтау үшін қозғалтқышты
әрқашан тоқтатып тұрыңыз жарақат
алу қаупі төнуі мүмкін!
Нұсқау
Аспалы құрал-сайманды әрқашан
таза жерде монтаждаңыз және
демонтаждаңыз.
Егер негізгі қозғалтқыштың
агрегатынжа бәсеңдеткіш пен аспалы
құрал-сайман болса, оларды ең
басында алып тастау керек.
N негізгі қозғалтқыштың
агрегатында, бәсеңдеткіштің
шанағындағы (нұсқар) тоқтатқыш
бұрандаларды босатыңыз және
бәсеңдеткішті қарнақтан алып
тастаңыз
Бәсеңдеткішті алып тастаған кезде
қозғалтқыш білік қарнақтан тайып
кете алады, артынша оны қайтадан
қарнаққа салу керек.
Қозғалтқыш білік қарнақтан ең көбі
L=2м (7/юйм.) шамасында
шығып тұра алады. Егер осы шамаға
қол жеткізілмесе, онда білік
белгіленген шамаға дейін
енгізілмейінше, жеңіл қысым жасау
арқылы ақырындап бұраңыз.
Аспалы құрал-сайманды
орнату
228BA055 KN
FCS
BF
HL
HT
FS
SP 10
SP
381BA015 KN
L
FH
қазақ
9
Бәсеңдеткішті монтаждау
N Бәсеңдеткіштегі тоқтатқыш
бұранданы (1) босатыңыз бұрап
алмаңыз
N Бәсеңдеткішті (2) қарнаққа (3)
жылжытыңыз – бұл кезде
бәсеңдеткішті бұрап тұрыңыз
Қарнақтың ұшы қысқыш
саңылауда (4) көрінбейді:
N Бәсеңдеткішті (2) тірекке дейін
әрірек жылжытыңыз
N Тоқтатқыш бұранданы тірекке
дейін бұраңыз
N Бәсеңдеткішті (2) қарнаққа сай
тегістеңіз, бұл кезде
қозғалтқыштағы агрегаттың
тіреуіші төмен қарап, пышақтар
көлденең орналасуы тиіс
N Бәсеңдеткіштегі тоқтатқыш
бұрандаларды қатты бұрап
тастаңыз
Сақтандыру
Қарнақтағы бәсеңдеткіш енді
бұралмауға тиіс.
Айналма сабы бар агрегаттар
N Айналма саптағы бұрандаларды
босатыңыз
N Айналма сапты (1) тегістеңіз,
сондай-ақ пайдаланушыға және
қолдануға ыңғайлы болатын
жайғасымға келтіріңіз
Ең жоғары қашықтық A = 55 см
(22 дюйм) болуы тиіс (Ұсыныс:
шамамен 35 см (шамамен 14 дюйм)).
N Айналма саптағы бұрандаларды
бұрап тастаңыз
Салмақ түсетін ілмекті орнату
Агрегатты аспалы белдікпен бірге
қолдану үшін, онда салмақ түсетін
ілмек болуы қажет. Негізгі
қозғалтқыштың агрегатының барлық
түрленімдерінде салмақ түсетін ілмек
бола алмайды.
1
2
3
226BA009 KN
1
4
2
226BA010 KN
FH
қазақ
10
Келесі рет монтаждау үшін салмақ
түсетін ілмекті "арнайы құрал-
жабдықтар" ретін сатып алып, оны
агрегатқа бекіту қажет.
N Салмақ түсетін ілмекті (1)
жетектің сабынан (2) қашықтығы
A = шамамен 5 см
(шамамен 2 дюйм) болатын
жағдайда монтаждаңыз
N сол жақты бұрандасы бар ашық
тұрған салмақ түсетін ілмекті (1)
қарнаққа (пайдаланушы жағы)
орнатыңыз
N Салмақ түсетін ілмектегі бекітуші
тілікті қысыңыз және M6x14
бұранданы (3) бұрап қойыңыз
N Салмақ түсетін ілмекті тегістеңіз
де, бұрандаларын қатты бұрап
тастаңыз
Реттеуші қондырғы 135°
Қарнаққа қатысты пышақ
траверсасының бұрышы (толықтай
түзетілген траверса) және 45° (үстіге
қарай 4 сатының ішінде), сондай-ақ
90° (төмен қаратылған тік бұрышпен)
дейін 8 сатының ішінде орнатыла
алады. Бөлек орнатылатын 13 жұмыс
күйі болуы мүмкін.
Пышақ траверсасы үшін белгіленген
бір Тасымалдау күйі орнатыла алады.
Сақтандыру
Баптауды кескіш пышақтар
қозғалмаған кезде ғана жасаңыз –
қозғалтқыш бос жүрісте жарақат алу
қаупі төнуі мүмкін!
Сақтандыру
Жұмыс уақытында редуктор қызады.
Редуктор корпусын ұстамаңыз – күйік
шалу қаупі төне алады!
Сақтандыру
Баптау кезінде пышақтарды ешқашан
ұстамаңыз – жарақат алу қаупі төнуі
мүмкін!
N Сырғанайтын
жалғастырғышты (1) артқа қарай
тартыңыз иінтіректің (2)
көмегімен топсаны бір немесе
бірнеше бекіткіш тесіктерге
жылжытыңыз
N Сырғанайтын
жалғастырғышты (1) қайтадан
босатыңыз және бұранданы
бекіткіш төрткілдешке (3) бекітіңіз
Бұранда бекітілген кезде (баптау
аяқталғаннан кейін) сырғанайтын
жалғастырғыш шанаққа тақалады.
A
1
3
1
413BA012 KN
2
2
Пышақ траверсасын реттеу
FH
қазақ
11
Тасымалдау күйі
Құрылғыларды тасымалдаған кезде
орынды үнемдеу үшін пышақ
траверсасы қарнақпен қатар
қайырылып, осы күйде бекітіле
алады.
Сақтандыру
Пышақ траверсасын Тасымалдау
күйіне қою немесе Тасымалдау
күйінен жұмыс күйіне қою жұмысын
қозғалтқышты тоқтатқаннан кейін
ғана орындауға болады – бұл үшін
құрамдастырылған қайта қосқышты
STOP күйіне жылжытыңыз немесе
тоқтатуды ауыстырып-қосқышты /
ажырату түймесін 0 күйіне
жылжытыңыз – пышақ қорғанышын
кигізіңіз – жарақат алу қаупі төнуі
мүмкін!
Сақтандыру
Жұмыс уақытында редуктор қызады.
Редуктор корпусын ұстамаңыз – күйік
шалу қаупі төне алады!
N Моторды тоқтатыңыз
N Пышақ қорғанышын кигізіңіз
N Сырғанайтын
жалғастырғышты (1) артқа қарай
тартыңыз және пышақ
траверсасы қарнақпен қатар
орналаспайынша иінтіректің (2)
көмегімен топсаны қарнаққа
қарай үстіге қайырыңыз
N Сырғанайтын
жалғастырғышты (1) қайтадан
босатыңыз және бұранданы
шанақта қарастырылған бекіту (3)
күйінде бекітіңіз
Бұранда бекітілген кезде (баптау
аяқталғаннан кейін) сырғанайтын
жалғастырғыш шанаққа тақалады.
Барлық негізгі қозғалтқыштың
агрегаты аспалы белдікпен және
салмақ түсетін ілмекпен жарақталған.
N Салмақ түсетін ілмекті орнату
үшін – "Аспалы құрал-сайманды
орнату" бөлімін қараңыз
Аспалы белдік "арнайы құрал-
жабдықтар" ретінде алынуы мүмкін.
Салмақ түсетін ілмек пен аспалы
белдіктың түрі мен түрленімі өндіруші
мен негізгі қозғалтқыштың агрегатына
байланысты болады.
Аспалы қайысты орнату
FH
қазақ
12
Бір иінді белдік
N Бір иінді белдікті (1) орнатыңыз
N Қайыстың ұзындығын реттеңіз –
ілмек карабин (3), қозғалтқыштың
агрегаты ілініп тұрған кезде, оң
жақ жамбас биіктігінде
орналасуға тиіс
Екі иықты аспалы қайыс
N Екі иықты аспалы қайысты (1)
орнатыңыз және құлып
тілімшесін (3) шерт еткізіп
жабыңыз
N Қайыстың ұзындығын реттеңіз –
ілмек карабин (2), қозғалтқыштың
агрегаты ілініп тұрған кезде, оң
жақ жамбас биіктігінде
орналасуға тиіс
Агрегатты аспалы белдікке іліңіз
Айналма сабы бар агрегаттарда
салмақ түсетін ілмек жетектің сабынің
алдыңғы жағында бола алады.
N Ілмек карабинді (1) салмақ
түсетін ілмекке (2) келтіріңіз
N ілмек карабин шамамен жамбас
биіктігінде ме екенін тексеріңіз –
қажет болғанда реттеңіз
Агрегатты аспалы белдіктен
ажыратыңыз
N Ілмек карабиндегі (1) бекітуші
тілікке басыңыз және салмақ
түсетін ілмекті (2) ілгектен
суырып алыңыз
Жылдам алу
Сақтандыру
Қауіптілік төнген сәтте, агрегат
жылдам алынуы тиіс. Агрегатты
түсірген сәтке дейін "Аспалы белдікке
ілінетін агрегат" ретінде
тасымалдаңыз. Агрегатты жерге тез
1
002BA441 KN
2
1
002BA440 KN
3
2
1
2
1
2
002BA311 KN
1
2
1
2
002BA312 KN
FH
қазақ
13
түсіруге үйрену. Жаттыққан кезде
бүлінуді болдырмау үшін агрегатты
жерге лақтырмаңыз.
Екі иықты аспалы қайысты жылдам
алудың алдында құлып тілімшесін
ашу қажет.
Қозғалтқышты қосу
Қосу үшін негізгі қозғалтқыштың
агрегатын пайдалану жөніндегі
нұсқауларды міндетті түрде сақтау
қажет!
N Агрегатты сенімді қосу күйіне
қойыңыз: қозғалтқыштың тіреуі
мен пышақты бәсеңдеткіш жерде
жатады
N кескіш гарнитурасы реттелетін
агрегатта: кескіш гарнитураны
түзетіңіз (0°)
N Пышақты қорғау құралын алып
тастаңыз – кескіш пышақтар
қандай да бір заттарға немесе
жерге тимеуге тиіс, қажет болса
бәсеңдеткішті биік түпқоймаға
(мысалы, төбешік, кірпіш немесе
т.б.) қою керек
N тұрақты күйге орналасыңыз
N Сол қолыңызбен агрегатты
нықтап жерге басыңыз – бұл
кезде газ иінтірегіне де, газ
иінтірегінің тежеушісіне де
тимеңіз
Нұсқау
Аяғыңызды қарнаққа қоймаңыз және
оған тізеңізбен отырмаңыз.
Сақтандыру
Қозғалтқыш от алса, ол іске
қосылғаннан кейін кескіш құрал-
сайман бірден әрекетке келтіріледі –
сондықтан іске қосылғаннан кейін газ
иінтірегіне басыңыз да, оны бірден
жіберіңіз – қозғалтқыш бос жүріс
күйіне ауысады.
Одан кейінгі қосу барысы негізгі
қозғалтқыштың агрегатының
пайдалану нұсқаулығында
сипатталған.
Қозғалтқышты тоқтатыңыз
N негізгі қозғалтқыштың агрегатын
пайдалану нұсқаулығын қараңыз
Моторды іске қосу / тоқтату
002BA038 KN
002BA072 KN
FH
қазақ
14
Пышақты бәсеңдеткіш
Пышақты бәсеңдеткішті майлау үшін
мотоқайшыға арналған STIHL
ұсынған бәсеңдеткіш майын
қолданыңыз – "Арнайы құрал-
жабдықтар" бөлімін қараңыз.
N Шамамен 25 жұмыс уақыты
өткеннен кейін майлау деңгейін
үнемі тексеріңіз, бұл үшін тиекті
бұранданы (1) бұрап алыңыз –
егер тығынның ішкі жағында
майлағыштың іздері болмаса,
онда бәсеңдеткіш майы бар
түтікті бұраңыз
N бәсеңдеткіштің шанағына
шамамен 5 грамм жағармай
сығыңыз
Нұсқау
Бәсеңдеткіштің шанағын толықтай
бәсеңдеткіш майымен толтырмаңыз.
N Майы бар түтікшені бұрап алыңыз
N Тиекті бұранданы қайтадан
бұраңыз және бұрап тастаңыз
Бұрыштық бәсеңдеткіш
Бұрыштық бәсеңдеткішті майлау үшін
мотошалғыларға арналған STIHL
ұсынған трансмиссиялық майды
қолданыңыз – "Арнайы құрал-
жабдықтар" бөлімін қараңыз.
N Шамамен 25 жұмыс уақыты
өткеннен кейін майлау деңгейін
үнемі тексеріңіз, бұл үшін тиекті
бұранданы (2) бұрап алыңыз –
егер тығынның ішкі жағында
майлағыштың іздері болмаса,
онда бәсеңдеткіш майы бар
түтікті бұраңыз
N бәсеңдеткіштің шанағына
шамамен 5 грамм жағармай
сығыңыз
Нұсқау
Бәсеңдеткіштің шанағын толықтай
бәсеңдеткіш майымен толтырмаңыз.
N Майы бар түтікшені бұрап алыңыз
N Тиекті бұранданы қайтадан
бұраңыз және бұрап тастаңыз
3 айдан артық пайдаланудағы кідіріс
болса
N Кескіш пышақтарды тазартыңыз,
күйін тексеріңіз және STIHL
қарамайдың еріткішімен бүркіңіз
N Пышақты қорғау құралын
орнатыңыз
N Агрегатты құрғақ әрі қауіпсіз
жерде сақтаңыз. Рұқсатсыз
қолданудан қорғаңыз (мысалы,
балалардың қолдануынан)
Берілісті майлау Құрылғыны сақтау
FH
қазақ
15
Келесі деректер қалыпты жұмыс
шарттарына жатқызылады. Қиын
жағдайларда (шаңның көп түзілуі
және т.б.) және күн сайын аса ұзақ
қолданған кезде бұл аралықты тиісті
түрде қысқарту қажет.
Қолжетімді бұрандалар мен
сомындар
N кескіш пышақтардың
бұрандалары мен сомындарын
қоспағанда, тексеріңіз және қажет
болғанда бұраңыз
Кескіш пышақ
N жұмысты бастамас бұрын көзбен
шолып тексеру
N қажет болғанда егеу
N бүлінген кезде ауыстыру
Бәсеңдеткішті майлау
N жұмысты бастамас бұрын тексеру
N қажет болғанда толықтыру
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі
ескертпесі бар жапсырма
N қауіпсіздік техникасы жөніндегі
ескертпесі бар жапсырма оқыла
алмайтын болса, оны ауыстыру
керек
Кесу қуаты төмендесе, пышақтар
нашар кессе, бұтақтар жиі қажалып
кете берсе: Кескіш пышақтарды
қайраңыз.
Мамандандырылған дилер, егеу
қондырғысының көмегімен қайрауға
тиіс. STIHL компаниясы STIHL
мамандандырылған дилерін
ұсынады.
Нұсқау
Мұқалған немесе жарамсыз кескіш
пышақтармен ешқашан да жұмыс
істемеңіз – соның салдарынан
агрегатқа артық жүктеме түседі және
кесу нәтижесі қанағатсыз болады.
Осы пайдалану нұсқаулығының
нұсқауларын және негізгі
қозғалтқыштың агрегатының
пайдалану нұсқаулығының
нұсқауларын сақтаған жағдайда,
агрегаттың мерзімінен бұрын
тозуынан және бүлінуінен қорғалатын
боласыз.
Агрегаттарды қолдану, техникалық
қызмет көрсету және сақтау
шаралары, осы пайдалану
нұсқаулығында баяндалған сипатта
мұқият түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Қауіпсіздік техникасына, жұмысқа
және техникалық қызмет көрсету
жөніндегі нұсқауларды
сақтамағандықтан келтірілген барлық
зақымдар үшін пайдаланушы өзі
жауап береді. Бұл келесі жағдайларға
аса көкейтесті болып келеді:
STIHL компаниясынан рұқсат
алмай, өнімдерге өзгеріс енгізу
осы агрегатпен қолдануға рұқсат
етілмейтін, сай келмейтін не
болмаса сапасы төмен болып
келетін құрал-саймандарды
немесе құрал-жабдықтарды
қолдануға болмайды
агрегатты мақсатына сай
қолданбау
Агрегат спорт іс-шараларында
немесе сайыстырда қолданылса
Агрегат ақаулы толықтырушы
бөлшектермен бірге
қолданғандықтан бүлінсе
Техникалық қызмет көрсету
және күтім көрсету
жөніндегі нұсқаулар
Кескіш пышақты қайрау Тозуды азайту және
ақаулардың алдын алу
FH
қазақ
16
Техникалық қызмет көрсету
жұмыстары
"Техникалық қызмет көрсетуге және
күтімге қатысты нұсқаулар" бөлімінде
атап өтілген барлық жұмыстар үнемі
орындалып тұруы қажет. Егер де
техникалық қызмет көрсету
жұмыстары пайдаланушының
тарапынан орындала алмаса,
мамандандырылған дилерге жүгіну
керек.
STIHL компаниясы, техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын және
жөндеу жұмыстарын тек қана STIHL
компаниясының мамандандырылған
дилеріне тапсыруға ұсыныс береді.
STIHL компаниясының
мамандандырылған дилерлері
біліктілікті арттыру курстарына үнемі
қатысып тұрады және олардың
иелігіне техникалық ақпарат
ұсынылады.
Егер де аталған жұмыстар
орындалмаса немесе тиісті түрде
орындалмаса, соның салдарынан
зақым пайда болса, оған
пайдаланушы өзі жауап береді. Бұдан
бөлек, оларға мыналар да қатысты
болады:
Дұрыс емес сақтаудың
салдарынан тоттану және басқа
да бүліну белгілері
Сапасы төмен қосалқы
бөлшектерді қолданудың
салдарынан агрегаттың бұзылуы
Тозатын бөлшектер
Агрегаттың (мысалы, кескіш пышақ)
кейбір бөлшектері, тіпті мақсатына
сай қолданылып жатса да, қалыпты
тозу үрдісіне бейім болып келеді,
сонымен қатар қолданылатын түріне
және ұзақтығына байланысты
уақытында ауыстырылып тұруы
қажет.
FH
қазақ
17
1 Кескіш пышақ
2 Пышақты қорғау
3 Пышақты бәсеңдеткіш
4 Бекітуші жұқа тақтай
5 Бұрыштық бәсеңдеткіш
6 Бұрылатын иінтірек
7 Сырғанайтын жалғастырғыш
8 Қарнақ
Маңызды толымдаушылары
4
3
1
226BA000 KN
2
6
7
5
8
FH
қазақ
18
Кескіш пышақ
Салмақ
REACH
REACH дегеніміз химикаттарды
тіркеуге, бағалауға және жіберуге
арналған ЕҚ қаулысы дегенді
білдіреді.
REACH (ЕҚ) № 1907/2006 қаулысын
орындауға арналған ақпаратты
www.stihl.com/reach сайтынан
қараңыз
Қорғаныш көзілдірігі
Бір иықты аспалы қайыс
Екі иықты аспалы қайыс
Бақша қайшыларына арналған
STIHL ұсынған трансмиссиялық
май
Мотоорақтарға арналған STIHL
ұсынған трансмиссиялық май
STIHL таңбалы шайыр еріткіші
Осы және басқа арнайы жабдықтар
бойынша көкейтесті ақпаратты STIHL
мамандандырылған дилерінен ала
аласыз.
Аталған құрылғының
пайдаланушылары, осы қолдану
жөніндегі нұсқаулықта сипатталған
техникалық қызмет көрсету және
күтім жасау жұмыстарын ғана
орындай алады. Жөндеу
жұмыстарының қалған түрлерін
мамандандырылған дилерлер ғана
жүзеге асыра алады.
STIHL фирмасы техникалық қызмет
көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
қана STIHL фирмасының сауда-
агенті-маманына тапсыруыңызға
ұсыныс береді. STIHL фирмасының
мамандандырылған агенттері-
мамандары біліктілікті арттыру
курстарына үнемі қатысып тұрады
және олардың иелігіне техникалық
ақпарат ұсынылады.
Жөндеген кезде, аталған
моторланған құрылғыға арналған
STIHL компаниясымен рұқсат етілген
толымдаушыларды немесе
техникалық тең сипаттағы
толымдаушыларды монтаждауға
болады. Жоғары сапалы қосалқы
бөлшектерді ғана қолданыңыз. Олай
болмаған жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алу қаупі немесе
құрылғының бұзылу қаупі төне алады.
STIHL фирмасы STIHL фирмасының
түпнұсқалы қосалқы бөлшектерін
қолдануға ұсыныс береді.
STIHL фирмасының түпнұсқалы
қосалқы бөлшектерін STIHL
толымдаушысының нөмірі, жазбасы
{ және қажет болса STlHL
K толымдаушысының белгісі
Техникалық сипаттамалар
Кесу түрі: Екі жақты кесу
Жүздің ұзындығы: 300 мм
Кесу ұзындығы: 250 мм
Жиынтықтағы аспалы
құрал-сайман: 1,8 кг
Арнайы жабдықтар Жөндеу бойынша
нұсқаулар
/