SG 51, 71

STIHL SG 51, 71 Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал инструкцию по эксплуатации опрыскивателей STIHL SG 51 и SG 71. Готов ответить на ваши вопросы о технике безопасности, заправке, использовании, ремонте и техническом обслуживании этих устройств. В инструкции подробно описаны все функции, а также меры предосторожности при работе со средствами защиты растений.
  • Как правильно заполнить резервуар опрыскивателя?
    Какие средства защиты растений можно использовать с этими опрыскивателями?
    Как проводить техническое обслуживание опрыскивателя?
    Что делать после использования опрыскивателя?
STIHL SG 51, 71
Қолдану нұсқаулығы
Инструкция по эксплуатации
Q Қолдану нұсқаулығы
1 - 21
R Инструкция по
эксплуатации
22 - 42
Түпнұсқалық қолдану
нұсқаулығы
Хлормен ағартылған қағазда басылып шығарылған
Басып шығаратын бояулардың құрамында өсімдік майлары
бар, қағазды қайта өңдеуге болады.
© ANDREAS STIHL AG & Co. KG, 2020
0458-597-4921-A. VA3.D20.
0000006898_014_KZ
SG 51, SG 71
қазақ
1
Осы қолдану нұсқаулығы авторлық құқықпен қорғалған Барлық құқықтар, әсіресе тарату, аудару және электроникалық
жүйелермен өңдеу құқықтары сақталады.
Мазмұны
Құрметті сатып алушылар,
STIHL фирмасының жоғары сапалы
бұйымын сатып алуға бел
байлағаныңыз үшін үлкен рахмет
айтамыз.
Аталған бұйым өндірістің озық
технологияларын қолдана отырып,
сонымен қатар сапаны қамтамасыз
ету жөніндегі барлық қажетті
шараларды ескере отырып
дайындалған. Осы агрегат Сіздің
көңіліңізден шығуы үшін және оны еш
кедергісіз қолдануыңыз үшін біз
қолымыздан келгеннің барлығын
істеуге тырысамыз.
Егер Сізде агрегатыңызға қатысты
сұрақтар туындаса, өз дилеріңізге
немесе біздің өткізу компаниямызға
жүгінуіңізді сұраймыз.
Сіздің
Др. Nikolas Stihl
Қолдану нұсқаулығына 2
Қауіпсіздік техникасы ережелері
және жұмыс техникасы 2
Құрылғының жиынтықтамасы 7
Аспалы белдік 9
Басқару элементтері 10
Сыйымдылықты толтыру 11
Себу 12
Себуден кейін 12
Құрылғыны сақтау 13
Пайдаланушы тарапынан
тексеру және техникалық қызмет
көрсету 13
Техникалық қызмет көрсету және
күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар 15
Маңызды толымдаушылары 16
Техникалық сипаттамалар 17
Жұмыстағы ақаулықтарды кетіру 18
Жөндеу бойынша нұсқаулар 19
Кәдеге жарату 19
ЕО нормаларына сәйкестік
сертификаты 20
Мекенжайлар 20
SG 51, SG 71
қазақ
2
Суреттердегі нышандар
Құрылғыға жабыстырылған
суреттердегі барлық нышандардың
анықтамасы, осы қолдану
нұсқаулығында келтірілген.
Мәтін бөлімдерінің белгіленуі
Сақтандыру
Жазатайым оқиғаның және жарақат
алудың, сонымен қатар күрделі
материалдық нұқсанның қаупі
жайында адамдарға ескерту.
Нұсқау
Құрылғының немесе жекелеген
толымдаушылардың бүліну мүмкіндігі
жайында ескерту.
Техникалық әзірленім
STIHL компаниясы барлық
машиналарды және құрылғыларды
одан әрі әзірлеумен ұдайы
айналысуда; сондықтан пішін,
техника және жабдықтар бойынша
жеткізілімнің толымдаушыларына
барлық өзгерістерді енгізу құқығын
өзімізге қалдыруға тиіспіз.
Сол себепті осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың нұсқауларына және
суреттеріне қатысты ешқандай
кінәраттар тағыла алмайды.
Осы пайдалану нұсқаулығы, STIHL
ұсынған сепкіш агрегатқа қатысты
болып келеді, аталған пайдалану
нұсқаулығында агрегат та
көрсетіледі.
Жалпы нұсқаулар
Қауіпсіздік техникасына қатысты
жергілікті ережелерді, мысалы
кәсіподақтардың, әлеуметтік
кассалардың, еңбек қорғау жөніндегі
органдардың және басқа
мекемелердің ережелерін сақтаңыз.
Агрегатпен алғаш рет жұмыс істейтін
әрбір адам: Агрегатты қалай қолдану
керектігі туралы білікті маманнан
немесе басқа маманнан нұсқау алуы
керек – немесе арнайы оқу курсынан
өтуі қажет.
Қараумен оқытылып жатқан 16 жасқа
толған жас адамдарды қоспағанда,
кәмелеттік жасқа толмағандарға
агрегатпен жұмыс істеуге рұқсат
берілмейді.
Балалар, жануарлар және бөгде
адамдар алшақ жерде болуы тиіс.
Агрегат қолданылмаса, оны ешкімге
кедергі келтірмейтіндей етіп басқа
жерге қойған жөн. Агрегатты
рұқсатсыз қолданудан қорғаңыз.
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
үшін не болмаса басқа адамдарға
немесе олардың мүлкіне төнетін
қауіптілік үшін жауапты болады.
Агрегатты, оның осы үлгісімен мұқият
танысып алған және қолдануға
жақсылап үйретілген адамдарға ғана
беруге немесе жалға беруге рұқсат
етіледі – әрқашан пайдалану
нұсқаулығын көрсетіңіз.
Агрегаттың бірде-бір толықтырушы
бөлшектері зақымданбаған болса
ғана, оны қолданысқа енгізуге
болады. Әсіресе, агрегат
бөлшектерінің герметикалығына
назар аудару керек.
Сыйымдылықты тек агрегатта
монтаждалған сорғымен ғана
қысымға келтіріңіз.
Агрегатты тек толықтай
монтаждалған жағдайда ғана
қолданыңыз.
Агрегатпен жұмыс істейтін адамдар
демалған, дені сау болуы керек және
дене күшінің жағдайы жақсы болуы
қажет.
Қолдану нұсқаулығына Қауіпсіздік техникасы
ережелері және жұмыс
техникасы
Агрегатпен жұмыс
істеген кезде айрықша
қауіпсіздік іс-
шараларын сақтау
қажет болады.
Алғаш рет пайдалануға
беру кезінде, пайдалану
нұсқаулығымен мұқият
танысып алыңыз және
алдағыда пайдалану
үшін сенімді жерге
сақтап қойыңыз.
Пайдалану
нұсқаулығын
ұстанбаған жағдайда,
өмірге қауіп төнуі
мүмкін.
SG 51, SG 71
қазақ
3
Алкогольді, жауап қайтару қабілетін
төмендететін дәрілерді немесе
есірткіні тұтынғаннан кейін агрегатпен
жұмыс істеуге болмайды.
Мақсатына сай қолдану
Сепкіш агрегат; саңырауқұлақтар мен
зиянкестерден қорғануға, сондай-ақ
арамшөптерді жоюға арналған
құралдарды шашыратуға жарамды.
Қолданылу саласы – жеміс, көкөніс
өсіру, бағбандық, егіншілік, бағындық
жер және орман шаруашылығы
болып табылады.
Сепкіш агрегаттармен бірге
қолдануға рұқсат етілетін өсімдіктерді
қорғауға арналған құралдарды ғана
қолданыңыз.
Агрегаттарды мақсатына сай қолдану
қажет, керісінше жағдайда,
жазатайым оқиғалардың орын алуы
немесе агрегаттың бүлінуі мүмкін.
Сепкіш агрегаттың құрылымына
қандай да бір өзгеріс енгізуге тыйым
салынады, себебі осы жағдайда,
жазатайым оқиғалардың орын алуы
немесе бүріккіш агрегаттың бүлінуі
мүмкін.
Киімдер мен жарақтандыру
Агрегатты қолданған, толтырған және
тазартқан кезде белгіленген киімдер
мен жарақтандыруды ғана
қолданыңыз. Өсімдіктерді қорғауға
арналған құралды пайдалану
нұсқаулығында келтірілген қорғаныс
жарақтандыруына қатысты
нұсқауларды сақтаңыз.
Жұмыс киімі денеге тиіп тұруға тиіс
және жұмыс істеген кезде кедергі
келтірмеуі керек.
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдарға былғанып қалған жұмыс
киімін дереу басқасына
ауыстырыңыз.
Бастан жоғары жерде жұмыс істеген
кезде, үстеме ретінде, басқа арналған
су өткізбейтін бас киімді киіңіз.
Жалаң аяқ болып немесе сандал киіп
жұмыс істемеңіз.
Сақтандыру
Тыныс алу мүшелеріне арналған
тиісті қорғаныс құралын қолданыңыз.
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдардың иісі денсаулыққа зиян
келтіре алады. Денсаулықты сақтау
немесе аллергиялық реакциялардан
қорғау үшін тыныс алу мүшелеріне
арналған тиісті қорғаныс құралын
қолданыңыз. Өсімдіктерді қорғауға
арналған құралдарды пайдалану
нұсқаулығында көрсетілген
нұсқауларды, қауіпсіздік
нұсқауларына қатысты жергілікті
ережелерді, мысалы
кәсіподақтардың, әлеуметтік
кассалардың, еңбекті қорғау
жөніндегі органдардың және басқа
мекемелердің ережелерін сақтаңыз.
Тасымалдау
Көлік құралдарында тасымалдаған
кезде:
Агрегатты төңкерілуден және
бүлінуден қорғаңыз
Сыйымдылық босатылған,
тазартылған және қысымсыз
болуы тиіс
Өсімдіктерді қорғауға
арналған құралдардың
кейбірін қолданған
кезде, су өткізбейтін
қорғаныс костюмін кию
керек болады.
Өсімдіктерді қорғауға
арналған құралдың
ықпалына
ұшырамайтын және су
өткізбейтін қырлы
табаны бар қорғаныс
етігін киіңіз.
Өсімдіктерді қорғауға
арналған құралдың
ықпалына
ұшырамайтын және су
өткізбейтін қолғап киіңіз.
Көзге жарақат келтіру
қауіптілігін төмендету
үшін EN 166
стандартына сәйкес
қорғаныс көзілдірігін
пайдаланыңыз.
Қорғаныс көзілдірігінің
дұрыс орнатылғанына
назар аударыңыз.
SG 51, SG 71
қазақ
4
Тазарту
Пластмассадан жасалған
бөлшектерді шүберекпен
тазартыңыз. Қатты әсерге ие
тазартқыш құралдар жылтыр
бөлшектерді бүлдіре алады.
Тазарту үшін жоғары қысымды
жуғыштарды қолданбаңыз. Судың
қатты ағыны толықтырушы
бөлшектерді бүлдіре алады.
Құрал-жабдықтар
STIHL компаниясы тарапынан осы
агрегатқа рұқсат берілген немесе
өзінің техникалық сипаты жағынан
ұқсас болып келетін бөлшектер мен
құрал-жабдықтарды ғана
монтаждаңыз. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз. Жоғары сапалы
бөлшектерді немесе құрал-
жабдықтарды ғана қолданыңыз. Олай
болмаған жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады.
STIHL компаниясы, STIHL
компаниясының түпнұсқалы
бөлшектерін және құрал-
жабдықтарын қолдануға ұсыныс
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан агрегатпен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Агрегаттың құрылымына қандай да
бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіптілік төнуі мүмкін.
STIHL компаниясы қолданысқа рұқсат
етілмеген аспалы құрылғыларды
қолданудың салдарынан адамға және
мүлікке келтірілген нұқсан үшін
күтілетін жауапкершіліктен бас
тартады.
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралмен жұмыс істеу
Әрбір рет қолданудың алдында
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдарды пайдалану нұсқаулығын
оқыңыз. Араластыру, қолдану, жеке
қорғаныс жарақтандыруы, сақтау
және кәдеге жарату жөніндегі
нұсқауларды сақтаңыз.
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды пайдалану жөніндегі
заңнама нормаларын ұстаныңыз.
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдың құрамында адамдарға,
жануарларға, өсімідіктерге және
қоршаған ортаға зиян келтіре алатын
ингредиенттер болуы мүмкін – улану
және өмірге қауіпті жарақат алу
бойынша қауіптілік төне алады!
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралға тигізбеңіз.
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды пайдалануға және алғашқы
көмек көрсетуге үйретілген тұлғалар
ғана өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды қолдана алады.
Апаттық жағдай орын алған кезде,
өсімдіктерді қорғауға арналған құрал
жайында дәрігерге дереу хабарлауға
болатындай, өсімдіктерді қорғауға
арналған құралды пайдалану
нұсқаулығын немесе заттаңбасын
дайын ұстаңыз. Апаттық жағдай орын
алса, өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды пайдалану нұсқаулығында
немесе заттаңбасында көрсетілген
нұсқауларды орындаңыз.
Дайындаушының қауіпсіздік
техникасы ережелерін сақтаңыз!
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды толтырып, енгізіңіз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды тек қана өндірушінің
нұсқауларына сәйкес қолдану керек.
сыйымдылықты өсімдіктерді
қорғауға арналған құралмен
толтырудың алдында, таза сумен
байқалатын іске қосу жасаңыз
және агрегат бөлшектерінің
барлығының герметикалығын
тексеріңіз
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдың сұйық түрін ешқашан да
сұйылтпай шашыратпаңыз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды тек далада немесе
жақсы желдетілетін орынжайда
ғана дайындаңыз және
толтырыңыз
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдың артық мөлшері
қалмауы үшін тек қана қажет
болған мөлшердегі ерітіндіні
дайындаңыз
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдың әр түрін араластыруды
өндіруші мақұлдаған болса ғана
оларды бір-бірімен араластыруға
болады
SG 51, SG 71
қазақ
5
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдың әр түрін араластырған
кезде, өндірушінің деректерін
ұстаныңыз – қоспалар
пропорциясы дұрыс емес болса,
улы булар немесе жарылғыш
қоспа түзіле алады
Агрегатты тегіс қабатқа
орнатыңыз – сыйымдылықты ең
жоғары белгіден асырып
толтырмаңыз
құбыржол торабынан толтырған
кезде, толтыруға арналған
шлангты қоспаға түсірмеңіз –
құбыржол торабындағы вакуум,
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды құбыржол жүйесіне
сорып әкете алады
Агрегатты толтырған кезде
денеге аспаңыз – жарақат алу
қаупі төне алады!
Сыйымдылықты ерітіндімен
толтырғаннан кейін, оны нықтап
жауып қойыңыз
Пайдалану
далада немесе жақсы
желдетілетін орынжайларда,
мысалы, ашық орынжайларда
ғана жұмыс істеңіз
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралмен жұмыс істеген кезде
тамақ ішпеңіз, шылым шекпеңіз,
иіскемеңіз және сұйықтық ішпеңіз
Қондырмалар мен басқа ұсақ
бөлшектерді ешқашан да
ауызбен үрлемеңіз
жел соғып тұрған кезде ешқашан
да жұмыс істемеңіз
Өте жоғары немесе өте төмен жұмыс
қысымы, сондай-ақ қолайсыз ауа
райы өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдың дұрыс емес
концентрациясының себепшісі бола
алады. Артық мөлшерлеме,
өсімдіктерді зақымдауы және
қоршаған ортаға нұқсан келтіруі
мүмкін. Кем мөлшерлеме,
өсімдіктерді өңдеудің қалаулы
нәтижесіне жеткізе алмайды.
Өсімдіктер мен қоршаған ортаға зиян
келтірмеу мақсатында, агрегатты
келесі жағдайларда ешқашан да
қолданбаңыз:
тым жоғары немесе тым төмен
жұмыс қысымымен
жел соғып тұрған кезде
40 °C-ден жоғары
температурада, көлеңкеде
тікелей күн сәулесі тиген кезде
Агрегатқа зиян келтірмеу және
жарақат алмау мақсатында,
агрегатты келесі заттармен бірге
ешқашан да қолданбаңыз:
тұтанатын сұйықтықтармен
қою және жабысқақ
сұйықтықтармен
күйдіретін және қышқылды
құралдармен
Температурасы 40 °C-ден асатын
сұйықтықтармен
Сақтау
жұмысты доғарған кезде,
агрегатты тікелей күн
сәулелерінің және жылу
қайнарларының әсеріне
ұшыратпаңыз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды сыйымдылықта бір
күннен ұзақ сақтамаңыз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды тек рұқсат етілген
сыйымдылықтарда ғана сақтаңыз
және тасымалдаңыз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды тағам өнімдеріне,
сусындарға және азыққа
арналған ыдыста сақтамаңыз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды тағам өнімдерінің,
сусындардың және азықтың
жанында сақтамаңыз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды балалар мен
жануарлардан алшақ жерде
сақтаңыз
Агрегатты босатылған, қысымсыз
және тазартылған күйде сақтаңыз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құрал мен агрегатты сақтаған
кезде, оларды рұқсатсыз
қолданудан қорғаңыз
Агрегатты құрғақ және қатпайтын
жерде сақтаңыз
Кәдеге жарату
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды нұсқауларға сай және
қоршаған ортаға зиян келтірмей
кәдеге жаратыңыз – өсімдіктерді
SG 51, SG 71
қазақ
6
қорғауға арналған құралды
дайындаушының нұсқауларын
сақтаңыз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдың қалдықтары мен
агрегаттың шаю сұйықтығын
сутоғандарға, ағынды суға,
канализацияға, шұңқырларға,
шахталарға, дренаждарға төкпеңіз.
Қалдықтар мен пайдаланылған
сыйымдылықтарды кәдеге
жаратқан кезде, қалдықтардың
кәдеге жарату жөніндегі жергілікті
нормаларды ұстаныңыз
Агрегатты қалай ұстау және қалай
жүргізу қажет
Агрегаттағы аспалы белдіктің екеуін
де арқаға асу керек – бір иыққа асуға
болмайды.
Алдыға қарай баяу қозғала отырып
қана жұмыс істеңіз ағын түтікшесінің
шығу аумағын үнемі бақылап тұрыңыз
– арттан алдыға қарай қозғалмаңыз –
сүрініп кете аласыз!
Агрегатты тік күйде ұстаңыз. Алдыға
қарай иілмеңіз – сыйымдылықтан
ерітіндінің төгіліп кетуінен жарақат
алу қаупі төне алады!
Апаттық жағдай орын алса: Жамбас
қайысындағы тиектеу құрылғысын
(тек SG 71) тез ашуға, иықты аспалы
қайыстарды тез босатуға және
агрегатты арқашан тез түсіруге
жаттығыңыз. Жаттыққан кезде
бүлінуді болдырмау үшін агрегатты
жерге лақтырмаңыз.
Жұмыс барысында
Ешқашан да бөгде адамдарға қарай
себуге болмайды – жарақат алу қаупі
төне алады!
Тайғанақ, ылғал болғанда, қар
басқанда, мұз болғанда, тау еңісінде,
кедір-бұдыр жерлерде және тағы
басқа жерлерде абайлаңыз –
тайғанау қаупі төне алады!
Кедергілерге назар аударыңыз:
Қоқыстар, томарлар, тамырлар,
орлар болса – сүрініп кете аласыз!
Төтенше шаршауды болдырмас үшін,
жұмыс барысында уақытымен үзіліс
жасап тұрғаныңыз жөн – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Жұмысты байыпты және тиянақты
түрде атқарыңыз, жарық жақсылап
түсіп тұруы тиіс және көрініс айқын
болуы тиіс. Басқа адамдарға қауіп
төндірмей, абайлампаздықпен жұмыс
істеңіз.
Жиылмалы басқышта, орнықсыз
жерде жұмыс істемеңіз.
Далада және бақшада жұмыс істеген
кезде, кішкентай жануарларға назар
аударыңыз – оларға қауіптілік төнуі
мүмкін.
Тоқ өткізетін тоқсымдардың жанында
жұмыс істемеңіз – электр тоғының
соғу қаупі төнуі мүмкін!
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдың әрбір түрін ауыстыру
арасында, агрегатты түгелдей
тазартыңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін
Агрегат бөлшектерінің
герметикалығын тексеру керек.
Жұмысты аяқтап болғаннан кейін
агрегатты, қолыңызды, бетіңізді және
қажет болса - киіміңізді жақсылап
тазартыңыз.
8014BA028 KN
271BA003 KN
SG 51, SG 71
қазақ
7
Адамдар мен жануарлар, өңделген
аумақтан алшақ жерде тұруы тиіс –
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдар толықтай кепкеннен кейін
ғана осы аумаққа қайтадан кіруге
болады.
Техникалық қызмет көрсету және
жөндеу
Осы пайдалану нұсқаулығында
сипатталған техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын және жөндеу
жұмыстарын ғана орындау керек.
Жұмыстардың барлық бас түрлерін
мамандандырылған дилерге тапсыру
қажет.
STIHL компаниясы, техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын және
жөндеу жұмыстарын тек қана STIHL
компаниясының мамандандырылған
дилеріне тапсыруға ұсыныс береді.
STIHL компаниясының
мамандандырылған дилерлері
біліктілікті арттыру курстарына үнемі
қатысып тұрады және олардың
иелігіне техникалық ақпарат
ұсынылады.
Жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз. Олай болмаған
жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
STIHL компаниясы STIHL
компаниясының түпнұсқалы қосалқы
бөлшектерін қолдануға ұсыныс
береді. Олар өздерінің сипаты
жағынан құрылғымен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Жөндеу және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын тек тазартылған,
толықтай босатылған және қысымсыз
агрегатта ғана орындаңыз.
Сыйымдылықты, құбыр жүйесі мен
шланг жүйесі тазартқан кезде, шығып
жатқан сұйықтықтың қалдықтарынан
ешкімнің зақымданбауын бақылаңыз
жарақат алу қаупі төне алады!
Қажетті монтаждық жабдықтар
сыйымдылықта орналасқан.
Шлангты агрегатқа орнатыңыз
N Шлангты (2) ілме сомынға (1)
кигізіңіз
N Шлангты (2) саңылаудың астынан
өткізіңіз және бұрыштың
штуцерге (3) тартыңыз
N Ілме сомынды (1) бұрышты
штуцерге (3) тартып, оны қолмен
тартыңыз
Құрылғының
жиынтықтамасы
1
0000-GXX-2198-A0
2
3
SG 51, SG 71
қазақ
8
Пистолетті орнатыңыз
N Шлангты (2) ілме сомынға (1)
кигізіңіз
N Шлангты (2) пистолеттің түтігіне
(3) тартыңыз
N Ілме сомынды (1) қолмен
тартыңыз
N Ағын түтікшесі (4) пистолеттің
түтігіне (3) қойыңыз
N Ілме сомынды (5) қолмен
тартыңыз
Иінтіректі орнату
Сапты (1) бойға байланысты әртүрлі
ұзындыққа (A, B, C) күйлеуге болады
N Сапты (1) иінтірекке (2) салыңыз
Иінтірек агрегатқа сол немесе оң
жақтан кіріктірілуі мүмкін.
N Иінтіректі (2) тесікке (3)
жылжытыңыз
N Иінтіректі (2) тік күйге көтеріңіз
N Агрегатты басқа жаққа қойыңыз
Иінтірек (2) пайдаланушының
денесінің еніне күйленеді.
N Қашықтықты белгілеңіз (A, B
немесе C)
N Иінтіректі (2) сақтандырғыш
мұрындық көмегімен (4) біліктегі
тесік арқылы (5) бекітіңіз
1
0000-GXX-2199-A0
3
2
0000-GXX-2204-A0
3
5
4
A
B
C
1
2
0000-GXX-2200-A0
0000-GXX-2201-A0
2
3
0000-GXX-2202-A0
2
4
0000-GXX-2203-A0
2
A
B
C
5
SG 51, SG 71
қазақ
9
N Аспалы белдікті реттеген кезде,
оператордың арқадағы тілімшесі
арқаға тығыз және сенімді түрде
тиіп тұруға тиіс
Аспалы белдіктің биіктігін реттеңіз
Тасымалдауға арналған аспалы
белдік бойға байланысты биіктік
бойынша реттеледі.
N Штифтті (1) бұрауыштың
көмегімен арқадағы тілімшеден
ажыратыңыз
N Штифтті (1) алып шығарыңыз
және аспалы белдіктерді (2)
жоғары қарай тартып, алып
тастаңыз
N Тасымалдауға арналған аспалы
белдіктің (2) ұштықтарын төменгі
күйге орнатыңыз
N Штифтті (1) салыңыз және
арқадағы тілімшеге нықтап
итеріңіз
Қайыстарды реттеу
SG 71 қосымша жамбас қайысымен
қамтылған (елге байланысты
қолжетімді болады).
A Қайыстардың ұштарын
тартсаңыз, қайыстар еріледі
B Қысқыш ішбетті сәл көтерсеңіз,
қайыстар босайды
Аспалы белдік
8014BA029 KN
8014BA008 AS
1
1
2
2
A
B
271BA047 KN
SG 51, SG 71
қазақ
10
C Жылдам бекіткішті біріктіріп,
бекітіп қойыңыз
D Ілгектерді қысу арқылы жылдам
бекіткішті ашыңыз
Алғаш рет пайдалануға берудің
алдында басқару элементтерінің
жұмысымен танысып алыңыз.
Иінтірек
Қысымды үдету
N Пистолеттің иінтірегін баспай,
иінтіректі ақырын және баяу
қозғалыспен іске қосыңыз –
біртіндеп басу күшін үдете беріңіз
Тасымалдау күйі
N Иінтіректі “сарт” еткен дыбыс
естілмейінше, жоғарыға қарай
апарыңыз
Қақпақ
Қақпақтың астында үш өлшеуіш
стақан бар, оларды өсімдіктерді
қорғауға арналған құралды қолдау
үшін пайдалануға болады
1 = 5 мл (0,2 унция)
2 = 10 мл (0,3 унция)
3 = 25 мл (0,8 унция)
C
D
271BA048 KN
Басқару элементтері
8014BA014 AS
8014BA023 AS
8014BA019 AS
3
2
1
SG 51, SG 71
қазақ
11
Пистолет
Пистолетті бұғаттау / бұғаттан
шығару
N Тежеуші тығырықты (1) жоғары
көтеріңіз – иінтірек (2) бұғаттан
шығарылады және басыла алады
N Тежеуші тығырықты (1) төмен
түсіріңіз – иінтірек (2)
бұғатталады, осылайша,
байқаусызда әрекетке келтіріле
алмайтын болады
Сыйымдылықты өсімдіктерді қорғауға
арналған құралмен толтырудың
алдында, таза сумен байқалатын іске
қосу жасаңыз және агрегат
бөлшектерінің барлығының
герметикалығын тексеріңіз.
N Агрегатты тегіс қабатқа
орнатыңыз
N Қақпақты сыйымдылықтан
алыңыз
N Қақпақтың (2) нығыздауын (1)
тексеріңіз
Нығыздау бұзылмауы тиіс.
1
6159BA024 KN
2
1
2
6159BA011 KN
Сыйымдылықты толтыру
max
8014BA013 AS 8014BA012 AS
1
2
SG 51, SG 71
қазақ
12
N Мұқият араластырылған
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды толтырыңыз ең жоғары
құю мөлшерінен асырмаңыз
(көрсеткішке сәйкес)
N Қақпақты бұрап алыңыз және екі
қолыңызбен нықтап жабыңыз
N Агрегаттағы аспалы белдіктің
екеуін де арқаға асу керек – бір
иыққа асуға болмайды.
N Пистолеттің иінтірегін баспай,
сорғы иінтірегін ақырын және
баяу қозғалыспен іске қосыңыз –
біртіндеп басу күшін үдете беріңіз
N Пистолетті әрекетке келтіріңіз
және әрқашан оңтайлы жұмыс
қысымын сақтаңыз
N жұмыс қысымы 0,5 бар (7,25 пси)
көрсеткішінен төмендейтін болса,
оны қайтадан үрлеген жөн
Жұмыс қысымына/шығынына шолу –
"Техникалық сипаттамалар" бөлімін
қараңыз
N Сыйымдылықты жақсы
желдетілетін жерде босатыңыз
N Сыйымдылықты таза сумен
жуыңыз
N Сыйымдылықты таза сумен
толтырыңыз
N Сыйымдылыққа қақпақты кигізіп,
оны нықтап жабыңыз
N Сыйымдылық тазармайынша
және қысым толықтай
түспейінше, сыйымдылықты таза
сумен толтырыңыз және үрлеңіз
max
8014BA011 AS
8014BA021 AS
Себу Себуден кейін
SG 51, SG 71
қазақ
13
N Агрегатты рұқсатсыз қолданудан
қорғаңыз
N Агрегатты кептіріп, күн сәлесінен
және аяздан қорғалған жерде
сақтаңыз
Мікбас манжетасын майлаңыз
Қайта құрастыру
N Сыйымдылықтан сорғының
құбырын бұрап алып шығарыңыз
Сорғының қақпағы 1/2 дюймдік
динамометрлік кілттің көмегімен
ашылуы мүмкін.
N Мікбас манжетасы майлау
жағыңыз
Құрастыру
N Сыйымдылықтың түтігін, бекітуші
тілік (көрсеткішке сәйкес)
ілініспейінше, итеріңіз
Сорғының тарту күшін майлаңыз
N Шайыр заттектерін қамтымайтын
және майдың бірнеше тамшысын
сорғының тарту күшіне
тамызыңыз
Құрылғыны сақтау Пайдаланушы тарапынан
тексеру және техникалық
қызмет көрсету
8014BA043 KK
8014BA026 AS
8014BA044 KK
8014BA041 KK
SG 51, SG 71
қазақ
14
Сорғы иінтірегі бекітілетін жерді
майлаңыз
N Сорғы иінтірегі бекітілетін жерді
майлаңыз
Сүзгіні тазартыңыз
N Сапты (1) пистолеттен бұрап
алыңыз және сүзгіні (2) суырыңыз
N Сүзгіні ағынды сумен шайыңыз
Қондырманы тазартыңыз
N Қуыс конустық қондырманы (1)
құйындатқышпен (2) бірге бұрап
алыңыз
N Бөлшектерді ағынды сумен
шайыңыз және қайтадан жинап
қойыңыз
8014BA042 KK
6159BA025 KN
1
2
6159BA026 KN
2
6159BA032 ST
1
6159BA033 ST
SG 51, SG 71
қазақ
15
Техникалық қызмет көрсету және күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар
Деректер қалыпты жұмыс шарттарына келтірілген. Күн сайынғы жұмыс
уақыты аса ұзақ болса, онда көрсетілген аралықтарды тиісінше қысқарту
керек.
жұмысты бастамас бұрын
жұмысты аяқтағаннан кейін
немесе күн сайын
апта сайын
ай сайын
жылына бір рет
Ақаулық болған кезде
бүлінген кезде
қажет болғанда
50 рет қолданғаннан кейін
Агрегат жиынтығы
Көзбен шолып тексеру
(жағдайын, герметикалығын)
X
тазарту X
Сыйымдылықтың қақпағындағы сақиналы
нығыздағыш
Көзбен шолып тексеру
(жағдайын, герметикалығын)
X
Сыйымдылық, құбыршек жүйесі, ағын
түтікшесі
босату X
тазарту X
Қондырма тазарту XX
Пистолеттегі сүзгі тазарту XX X
Мікбас манжетасы майлау XX X
Сорғының тарту күші жағармай XX
Сорғы иінтірегі бекітілетін жер майлау XX
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ескертпесі
бар жапсырма
ауыстыру X
SG 51, SG 71
қазақ
16
1 Арқадағы тілімше
2 Аспалы қайыстар
3 Шланг
4 Сүзгі
5 Пистолет
6 Ағын түтікшесі
7 Құйындатқыш
8 Бүріккіш “қуыс конус”
9 Сыйымдылық қақпағы
10 Нығыздау
11 Тор
12 Сыйымдылық
13 Иінтірек
14 Басқару иінтірегі
15 Сорғы құбыры
16 Мікбас манжетасы
17 Тежеуші штекер
# Зауыттық нөмірі
Маңызды толымдаушылары
8014BA036 AS8014BA033 AS
1
2
14
15
5
6
4
12
13
3
9
10
11
16
17
#
8
7
SG 51, SG 71
қазақ
17
Жұмыс қысымына/шығынына шолу
SG 51 техникалық сипаттамалары
SG 71 техникалық сипаттамалары
Белгіленген қолданыс кезеңі
Белгіленген қолданыс кезеңі: 30
жылға дейін.
Белгіленген қолданыс кезеңі
уақытында, қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарына сәйкес
тұрақты техникалық қызмет және
күтім көрсетіледі.
Техникалық сипаттамалар
Жұмыс қысымы Қуыс конустық
қондырмамен
бірге судың
шығыны
1,0 бар 0,39 л/мин
1,5 бар 0,49 л/мин
2,0 бар 0,56 л/мин
3,0 бар 0,69 л/мин
4,0 бар 0,81 л/мин
6,0 бар 0,96 л/мин
Жұмыс қысымы, ең көбі: 6 бар
Көлемдік шығыны, ең көбі: 1,4 л/мин
Толтыру көлемі, ең көбі: 12 л
Жұмыс температурасы, ең
көбі: 40° C
техникалық қалдығы: <0,25 л
Қайтарым күші: <20 Н
Меншік салмағы: 4,5 кг
Жұмыс қысымы, ең көбі: 6 бар
Көлемдік шығыны, ең көбі: 1,4 л/мин
Толтыру көлемі, ең көбі: 18 л
Жұмыс температурасы, ең
көбі: 40° C
техникалық қалдығы: <0,27 л
Қайтарым күші: <20 Н
Меншік салмағы: 4,8 кг
SG 51, SG 71
қазақ
18
Жұмыстағы ақаулықтарды кетіру
Бастаудың алдында, қысым толықтай төмендемейінше агрегатты себу арқылы босатыңыз – жұмыс барысында қысым
шығарылмаған кезде агрегатта сұйықтық еш бақылаусыз шашыратыла алады.
Жұмысты аяқтап болғаннан кейін таза сумен байқалатын іске қосуды орындаңыз.
Ақаулық Себеп Жою тәсілдері
Манометр сыйымдылықта
қысымның жоқтығын көрсетеді
Манометр жарамды емес Манометрді басқасына ауыстырыңыз
Сорғылау кезінде қысым шықпайды.
Иінтірек өте оңай іске қосылады
Сорғының құбырлары бұзылған Сорғының құбырларын ауыстырыңыз
Қақпақшалардың дискілері бұзылған Қақпақшалардың дискілерін
ауыстырыңыз
1)
Мікбас манжетасы бүлінген Мікбас манжетасын ауыстырыңыз
1)
Иінтірек үлкен күшпен бұғатталады
немесе қозғалтылады
Мікбас манжетасы майланбаған Мікбас манжетасын майлаңыз
Қондырма / құйындатқыш / сүзгі бітелген Қондырманы / құйындатқышты / сүзгіні
тазартыңыз
Агрегат үрленген кезде ғана
шашырайды
Қысым астындағы сыйымдық сұйықтықпен
толтырылған
Агрегаттан барлық заттекті толығымен
сорып алыңыз. Әрекетті 5 рет
толтырудан кешіктірмей қайталаңыз
Қондырма шашыратпайды –
агрегатта қысым
Қондырма / құйындатқыш / сүзгі бітелген Қондырманы / құйындатқышты / сүзгіні
тазартыңыз
Қондырмадан сұйықтық тамады Қондырма / құйындатқыш / сүзгі бітелген Қондырманы / құйындатқышты / сүзгіні
тазартыңыз
Тек қана ағын керек –
шашыратпаңыз
Қондырмада құйындатқыш жоқ Құйындатқышты қондырмаға
орнатыңыз
Қондырмасы ластанған Қондырманы тазартыңыз
1)
STIHL компаниясы STIHL мамандандырылған дилерін ұсынады
/