MF-MM

STIHL MF-MM Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал руководство по эксплуатации мхоудалителя STIHL MF-MM. Я готов ответить на ваши вопросы о его установке, использовании, техническом обслуживании и мерах безопасности. В руководстве подробно описаны функции устройства, включая его технические характеристики и рекомендации по уходу.
  • Как правильно установить мхоудалитель MF-MM?
    Какие меры предосторожности необходимо соблюдать при работе с мхоудалителем?
    Как чистить мхоудалитель после работы?
    Что делать, если гибкие зубья повреждены?
{
STIHL MF-MM
Қолдану нұсқаулығы
Инструкция по эксплуатации
Q Қолдану нұсқаулығы
1 - 17
R Инструкция по
эксплуатации
18 - 33
Түпнұсқалық қолдану
нұсқаулығы
Хлормен ағартылған қағазда басылып шығарылған
Басып шығаратын бояулардың құрамында өсімдік майлары
бар, қағазды қайта өңдеуге болады.
© ANDREAS STIHL AG & Co. KG, 2014
0458-483-4921. VA0.E14.
0000006891_002_KZ
MF-MM
қазақ
1
{
Осы қолдану нұсқаулығы авторлық құқықпен қорғалған Барлық құқықтар, әсіресе тарату, аудару және электроникалық
жүйелермен өңдеу құқықтары сақталады.
Мазмұны
Құрметті сатып алушылар,
STIHL фирмасының жоғары сапалы
бұйымын сатып алуға бел
байлағаныңыз үшін үлкен рахмет
айтамыз.
Аталған бұйым өндірістің озық
технологияларын қолдана отырып,
сонымен қатар сапаны қамтамасыз
ету жөніндегі барлық қажетті
шараларды ескере отырып
дайындалған. Осы агрегат Сіздің
көңіліңізден шығуы үшін және оны еш
кедергісіз қолдануыңыз үшін біз
қолымыздан келгеннің барлығын
істеуге тырысамыз.
Егер Сізде агрегатыңызға қатысты
сұрақтар туындаса, өз дилеріңізге
немесе біздің өткізу компаниямызға
жүгінуіңізді сұраймыз.
Сіздің
Др. Nikolas Stihl
Мультижүйе 2
Қолдану нұсқаулығына 2
Қауіпсіздік техникасы ережелері
және жұмыс техникасы 2
Пайдалану 7
Рұқсат етілген мульти
қозғалтқыштар 8
Мульти құрал-сайманды орнату 8
Қорғаныш айлабұйымдарын
монтаждау 10
Моторды іске қосу / тоқтату 10
Иілгіш тістерді ауыстыру 11
Құрылғыны сақтау 11
Техникалық қызмет көрсету және
күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар 12
Тозуды азайту және ақаулардың
алдын алу 12
Маңызды толымдаушылары 14
Техникалық сипаттамалар 15
Жөндеу бойынша нұсқаулар 15
Кәдеге жарату 16
ЕО нормаларына сәйкестік
сертификаты 16
MF-MM
қазақ
2
STIHL мультижүйесі бір ғана
қозғалтқыштың агрегатында әртүрлі
мульти қозғалтқыштар мен мульти
құрал-саймандарды біріктіреді.
Мульти қозғалтқыштан және мульти
құрал-сайманнан құралған жұмыс
істей алатын құрылымдық бірлік, осы
пайдалану нұсқаулығында
қозғалтқыштың агрегаты деп
аталады.
Осыған сәйкес, мульти қозғалтқыш
пен мульти құрал-сайманды
пайдалану нұсқаулығы
қозғалтқыштың агрегатын пайдалану
нұсқаулығымен ортақ болып келеді.
Алғаш рет қолданысқа енгізудің
алдында, пайдалану нұсқаулығының
екеуімен де мұқият танысып шығыңыз
және алдағыда пайдалануға беру
үшін сақтап қойыңыз.
Суреттердегі нышандар
Құрылғыға жабыстырылған
суреттердегі барлық нышандардың
анықтамасы, осы қолдану
нұсқаулығында келтірілген.
Мәтін бөлімдерінің белгіленуі
Сақтандыру
Жазатайым оқиғаның және жарақат
алудың, сонымен қатар күрделі
материалдық нұқсанның қаупі
жайында адамдарға ескерту.
Нұсқау
Құрылғының немесе жекелеген
толымдаушылардың бүліну мүмкіндігі
жайында ескерту.
Техникалық әзірленім
STIHL компаниясы барлық
машиналарды және құрылғыларды
одан әрі әзірлеумен ұдайы
айналысуда; сондықтан пішін,
техника және жабдықтар бойынша
жеткізілімнің толымдаушыларына
барлық өзгерістерді енгізу құқығын
өзімізге қалдыруға тиіспіз.
Сол себепті осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың нұсқауларына және
суреттеріне қатысты ешқандай
кінәраттар тағыла алмайды.
Қозғалтқыштың агрегатын, оның осы
үлгісімен мұқият танысып алған және
қолдануға жақсылап үйретілген
адамдарға ғана беруге немесе жалға
беруге рұқсат етіледі – мульти
қозғалтқыш пен мульти құрал-
сайманға арналған пайдалану
нұсқаулығын әрқашан көрсетіңіз.
Мүк тазартқыш көгалдарда мүк, шөп
немесе тамыр қалдықтары сияқты
ескірген, кепкен кесу материалын
кетіру үшін ғана қолданылады.
Мультижүйе
469BA028 KN
+
+
Қолдану нұсқаулығына Қауіпсіздік техникасы
ережелері және жұмыс
техникасы
Мүк тазартқышпен
жұмыс істеген кезде,
айрықша қауіпсіздік іс-
шаралары талап
етіледі, себебі жұмыс
аспаптарының
айналымдары жоғары
болады.
Алғаш рет қолданысқа
енгізудің алдында,
пайдалану
нұсқаулығының (мульти
қозғалтқыш пен мульти
құрал-сайман) екеуімен
де мұқият танысып
шығыңыз және
алдағыда пайдалануға
беру үшін сақтап
қойыңыз. Пайдалану
нұсқаулығын
ұстанбаған жағдайда,
өмірге қауіп төнуі
мүмкін.
MF-MM
қазақ
3
Қозғалтқыштың агрегатын басқа
мақсаттар үшін қолдануға болмайды,
себебі жазатайым оқиға қаупі төне
алады!
Осындай жұмыс аспаптарын немесе
STIHL компаниясы тарапынан осы
қозғалтқыштың агрегатына рұқсат
берілген немесе өзінің технологиялық
сипаттамасы жағынан ұқсас болып
келетін құрал-жабдықтарды ғана
қолданыңыз. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
Жоғары сапалы құрал-саймандарды
немесе құрал-жабдықтарды ғана
қолданыңыз. Олай болмаған
жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
қозғалтқыштың агрегатының
бұзылуынан қауіптілік төне алады.
STIHL компаниясы, STIHL
компаниясы ұсынған түпнұсқалы
құрал-саймандарды және құрал-
жабдықтарды қолдануға кеңес
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан өніммен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Жұмыс аспаптарының қорғанысы,
пайдаланушыны жұмыс аспабынан
лақтырылатын барлық заттардан
(тас, шыны, сым және т.б.) қорғай
алмайды. Бұл заттар, қандай да бір
жерде рикошет жасап ыршып түсіп,
пайдаланушыға тиюі мүмкін.
Агрегаттың құрылымына қандай да
бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіптілік төнуі мүмкін.
STIHL компаниясы, қолданысқа
рұқсат етілмеген жұмыс аспаптарын
қолданудың салдарынан адамға және
мүлікке келтірілген нұқсан үшін
жауапты болмайды.
Агрегатты тазарту үшін жоғары
қысымды жуғыштарды қолданбаңыз.
Судың қатты ағыны агрегаттың
бөлшектерін бүлдіре алады.
Киімдер мен жарақтар
Белгіленген киімдер мен жарақтарды
қолданыңыз.
Ағашқа, ұсақ қопаларға немесе
агрегаттың қозғалмалы бөлшектеріне
іліне алатын киімді кимеңіз. Сонымен
қатар мойынорағыш, галстук және
қандай да бір әшекей тағуға
болмайды. Ұзын шаш оралуы және
бекітілуі керек (орамал, бас киім,
дулыға және т.б.).
Есту мүшелерін қорғайтын "жеке"
құралдарды, мысалы естуді қорғауға
арналған капсуланы қолданыңыз.
STIHL компаниясы жеке қорғаныс
жарақтандыруының кең
бағдарламасын ұсынады.
Қозғалтқыштың агрегатын
тасымалдау
Қозғалтқышты әрқашан тоқтатып
тұрған жөн.
Қозғалтқыштың агрегатын аспалы
саптан тасыңыз, жұмыс аспабын алға
қаратыңыз.
Қызып тұрған машина бөлшектерін
ұстамаңыз – күйік шалу қаупі төне
алады!
Автокөліктің ішінде: Қозғалтқыштың
агрегатын төңкерілуден, бүлінуден
және жанармайдың ағып кетуінен
қорғаңыз.
Қозғалтқыштың агрегатын жұмысқа
қарсы бағыт бойынша қысқа
қашықтыққа тартуға болады.
Тасымалдауға арналған
Киім қолданыс мақсатқа
сай келуі керек және
жұмысқа кедергі
келтірмеуі қажет.
Денеге тығыз тиіп
тұратын киім
ұсынылады -
комбинезон, бірақ
жұмыс халаты емес.
Бұдырлы,
тайғанамайтын табаны
бар мықты аяқ киім
киіңіз.
Қорғаныс көзілдірігін
тағыңыз – айналып
лақтырылатын немесе
шетке лақтырылатын
заттардан жарақат
алып қалатын қауіптілік
төнуі мүмкін.
Тозуға төзімді
материалдан (мысалы,
теріден) жасалған берік
жұмыс қолғаптарын
киіңіз.
469BA001 KN
MF-MM
қазақ
4
қозғалтқыштың агрегатын жұмыс
бағыты бойынша жүргізбеңіз бұзылу
қаупі төне алады! Бұл кезде иілгіш
тістер сынып кете алады.
Қосудың алдында
Қозғалтқыштың агрегатының мінсіз
жұмыс атқаруын тексеріңіз – мульти
қозғалтқыш пен мульти құрал-
сайманның пайдалану
нұсқаулығындағы тиісті бөлімге назар
аударыңыз:
Дұрыс монтаждалған, тығыз
отырғызылған және мінсіз күйдегі
(таза, қозғалыссыз және
майыспаған) жұмыс аспабы
екі қорғаныс кеңейтімдері мен
алжапқыш монтаждалған
Қорғаныс құрылғыларының
бүлінгенін немесе тозғанын
тексеріңіз. Қорғанысы бүлінген
агрегатты ешқашан қолданбаңыз
– бүлінген бөлшектерді
алмастырыңыз
басқару элементтеріне немесе
қауіпсіздік қондырғысына кез-
келген өзгеріс енгізуге тыйым
салынады
Сап майдан және кірден
тазартылған, таза әрі құрғақ
болуы қажет, онысы
қозғалтқыштың агрегатын сенімді
түрде басқару үшін маңызды
шарт болып табылады
Екі қолды сапты ашыңыз және
айналғыш саппен бұраңыз.
Мульти қозғалтқыштың
пайдалану нұсқаулығындағы "Екі
қолды сапты реттеу" бөлімін
қараңыз
Қозғалтқыштың агрегаты тек қана
сенімді қолданыс күйінде қолданылуы
қажет – жазатайым оқиға қаупі төне
алады!
Бәсеңдеткіштің дұрыс күйін
тексеріңіз, қажет болса реттеңіз.
Мульти құрал-сайманның дұрыс емес
айналу бағытынан жарақат алу қаупі
төне алады!
"Мульти құрал-сайманды орнату"
бөліміндегі нұсқауларды қараңыз.
Металл құрал-саймандарында
бәсеңдеткішті орналастырған кезде,
білік қарнақтың астында болатын
түрде орналастырыңыз.
Келесі үлгілерде қолданыңыз:
BF-MM топырақ фрезасы
BK-MM топырақ қопсытқышы
FC-MM көгал жиегін кескіші
RL-MM көгалды желдеткіші
MF-MM мүк тазартқышы
Агрегатты қалай ұстау және қалай
жүргізу қажет
Әрқашан сенімді және орнықты күйге
қойыңыз.
Қозғалтқыштың агрегатын әрқашан
екі қолыңызбен саптан нықтап
ұстаңыз.
Оң қолыңыз жетектің сабында, ал сол
қолыңыз түтікті саптың сабында
болады.
Жұмыс істеген кезде
Қауіптілік төнетін болса немесе
апаттық жағдай орын алса,
қозғалтқышты бірден сөндіріңіз –
құрамдастырылған қайта қосқышты /
тоқтатуды ауыстырып-қосқышты /
ажырату түймесін 0 немесе STOP
күйіне орнатыңыз.
5 м радиусқа дейінгі аумақта қандай
да бір бөгде адамдар болмауға тиіс
жұмыс аспабымен жанасудан және
469BA045 KN
5m (16ft)
MF-MM
қазақ
5
лақтырылатын заттардың әсерінен –
жарақат алу қаупі төне алады!Осы
қашықтық, сондай-ақ заттарға (көлік
құралдары, терезе әйнектері) да
қатысты сақталуға тиіс –
материалдық нұқсаннан қауіптілік
төнуі мүмкін!
Газ иінтірегін босатқаннан кейін
жұмыс аспабы қозғалмас үшін, бос
жүрісте қозғалыстың мінсіз жұмысын
бақылаңыз. Бос жүрістің реттелімін
үнемі бақылаңыз және мүмкіндігінше
түзетіңіз. Егер де жұмыс аспабы әлі
де бос жүрісте қозғалып жатса, оны
мамандандырылған дилерге
жөндеуге апару керек – мульти
қозғалтқышты пайдалану
нұсқаулығын қараңыз.
Агрегатқа және жұмыс аспабына
арналған тиісті қорғаныс
құрылғылары болмай, ешбір
жағдайда жұмыс істемеңіз –
лақтырылатын заттардан немесе
жұмыс аспабымен жанасудан –
жарақат алу қаупі төне алады!
Жұмыс істеген кезде әрқашан
қорғаныстың артында немесе
агрегаттың жанында тұрыңыз –
жұмыс аспаптарының алдында
ешқашан тұрмаңыз.
Жұмыс аспаптарын жерге баспаңыз.
Тайғанақ, ылғал болғанда, тау
еңісінде, кедір-бұдыр және тағы басқа
төңіректерде абайлаңыз – тайғанау
қаупі төне алады!
Жұмыс аумағынан кедергілерді
немесе бөгде заттарды алып
тастаңыз жазатайым оқиға қаупі
төне алады!
Кеңістікті тексеріңіз – қатты заттар
(тастар, металл бөлшектер және т.б.)
жұмыс аспабын бүлдіре алады.
Қозғалтқыштың агрегатын тек жүріс
жылдамдығымен ғана жүргізіңіз.
Қозғалтқыштың агрегаты операторға
жақындаған кезде өте абай болуыңыз
керек – айналып жатқан жұмыс
аспабынан жарақат алу қаупі төне
алады!
Әрқашан сенімді және орнықты күйге
қойыңыз.
Қозғалтқыштың агрегатын
айналдырған кезде өте абай
болуыңыз керек – әсіресе еңісте.
Еңісте жұмыс істеген кезде, еңіске
әрқашан көлденең тұрып жұмыс
істеңіз. Бұрылыста тайғанаған кезде
немесе жұмыс аспабымен жанасқан
уақытта – жарақат алу қаупі төне
алады!
Тік еңісте ешқашан жұмыс істемеңіз.
Қозғалтқыштың агрегатын бақылауда
ұстай алмай қалудан – жарақат алу
қаупі төне алады!
Қоршаулардың, қабырғалардың,
тастың, тамыр аумағының, ағаштың
дәл жанында немесе шөп басып
кеткен төңіректе өте абай болып
жұмыс істеңіз. Қатты заттар
лақтырыла алады немесе жұмыс
аспабын бүлдіре алады – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Биік ұсақ қопалардың,
бұталықтардың және ағаш
шарбақтардың бойында жұмыс
істеген кезде: Жануарларға қауіп
төндірмеңіз!
Құлақ бітеуіштерін пайдаланған
кезде, аса мұқият және сақ болуыңыз
керек, себебі қауіптілік дыбыстарын
сезу қабілеті (айғайлар, дабыл
белгілері және т.б.) шектеледі.
Төтенше шаршауды болдырмас үшін,
жұмыс барысында уақытымен үзіліс
жасап тұрғаныңыз жөн – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Байсалды түрде және ойлап жұмыс
істеңіз, бірақ жарық жақсылап түсіп
тұруы керек және көрініс айқын болуы
қажет. Басқа адамдарға қауіп
төндірмей, абайлампаздықпен жұмыс
істеңіз.
Егер де қозғалтқыштың агрегаты
арналымынан тыс жүктемеге
ұшыраған болса (мысалы, соққы
немесе құлау нәтижесіндегі күштің
әсерінен), алдағыда жұмыс істер
алдында агрегаттың қолданыс
жағдайын тексеріңіз – "Қосудың
алдында" бөлімін қараңыз. Әсіресе,
қауіпсіздік қондырғысының
Бәсеңдеткіш,
қолданылған уақытта
қызады. Бәсеңдеткіштің
шанағын ұстамаңыз –
күйік шалу қаупі төне
алады!
Кәбілдер немесе
тоқсымдар өткізілген
жер бетінің үстінде
және тікелей астында
ешбір жағдайда жұмыс
істеуге болмайды – тоқ
соғу қаупі төне
алады!Оларға жұмыс
аспабы тисе немесе
бұзатын әсер етсе,
өмірге қауіпті жарақат
немесе ажалды жара
алу қаупі төне алады.
MF-MM
қазақ
6
пайдаланудағы сенімділік дәрежесін
тексеріңіз. Мінсіз қолданыс күйінде
болмаған қозғалтқыштың
агрегатымен жұмыс істеуге тыйым
салынады. Қандай да бір күмән
туындаса, мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде
жұмыс аспабын ұстамаңыз. Жұмыс
аспабы қандай бір бөгде затпен
бұғатталған кезде, қозғалтқышты
дереу тоқтатыңыз – тек қана осыдан
кейін сол затты алып тастаңыз –
жарақат алу қаупі төне алады!
Жұмыс аспаптарын бұғаттау және
жанармайдың берілісін бір мезгілде
ұлғайту шарасы қозғалтқышқа түсетін
жүктемені арттырады және
айналымдардың жалпы санын
төмендетеді. Бұл, жалғастырғыштың
ұзақ уақыт бойы тайып кетуінен
маңызды атқарымдық бөлшектердің
(мысалы, жалғастырғыш, шанақтың
жылтыр бөлшектері) қызып кетуіне
және зақымдалуына себеп болады –
соның салдарынан, мысалы, жұмыс
аспабы бос жүрісте айналған кезде
қызып кете алады жарақат алу қаупі
төне алады!
Осы жұмыс аспабын, қысқа уақыт
аралығынан кейін үнемі тексеріңіз
және көзге білінетін өзгерістер орын
алған кезде дереу бақылаңыз:
Қозғалтқышты тоқтатыңыз,
агрегатты нықтап ұстаңыз
Күйін және берік орнатылғанын
тексеріңіз – сынып қалған иілгіш
тістерге назар аударыңыз
бүлінген иілгіш тістерді дереу
алмастырыңыз
Жұмыс аспаптарының және
қорғаныстың аумағын үнемі, соған
қоса жұмыс істеген кезде тазарту
керек.
Қозғалтқышты тоқтатыңыз
Қолғап киіңіз
Шөпті, арамшөпті және ұсақ
қопаларды кетіріңіз
Жұмыс аспабын ауыстырудың
алдында, қозғалтқышты тоқтатыңыз
жарақат алу қаупі төне алады!
Бүлінген немесе жарылған иілгіш
тістерді қолданбаңыз және
жөндемеңіз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін
Жұмысты аяқтағаннан кейін немесе
агрегатты тоқтатпастан бұрын:
Қозғалтқышты тоқтатыңыз.
Жұмысты аяқтап болғаннан кейін
жұмыс аспабын кірден, топырақтан
және өсімдіктердің бөліктерінен үнемі
тазарту керек – Қолғап киіңіз –
жарақат алу қаупі төне алады!
Тазарту үшін май еріткіш құралдарды
қолданбаңыз.
Металдан жасалған жұмыс
аспаптарының беткі қабатын мұқият
тазалағаннан кейін, оны тоттануға
қарсы құралмен майлаңыз.
Техникалық қызмет көрсету және
жөндеу
Қозғалтқыштың агрегатына үнемі
техникалық қызмет көрсетіп
отырыңыз. Мульти құрал-сайман мен
мульти қозғалтқышқа арналған
пайдалану нұсқаулығының
нұсқауларында сипатталған
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын және жөндеу
жұмыстарын ғана орындаңыз.
Жұмыстардың барлық бас түрлерін
мамандандырылған дилерге тапсыру
қажет.
STIHL компаниясы, техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын және
жөндеу жұмыстарын тек қана STIHL
компаниясының мамандандырылған
дилеріне тапсыруға ұсыныс береді.
STIHL компаниясының
мамандандырылған дилерлері
біліктілікті арттыру курстарына үнемі
қатысып тұрады және олардың
иелігіне техникалық ақпарат
ұсынылады.
Жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз. Олай болмаған
жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
STIHL компаниясы STIHL
компаниясының түпнұсқалы қосалқы
бөлшектерін қолдануға ұсыныс
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан агрегатпен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Жөндеу, техникалық қызмет көрсету
және де тазару жұмыстарын жасаған
кезде – қозғалтқышты әрқашан
сөндіріп отырыңыз – жарақат алу
қаупі төнуі мүмкін!
MF-MM
қазақ
7
MF-MM мүк тазартқыш мульти құрал-
сайманы көгалдарда мүк, шөп немесе
тамыр қалдықтары сияқты ескірген,
кепкен кесу материалын кетіруге
арналған.
Дайындық жұмыстары
Құрғап кеткен көгал қабатына су
себіңіз: осыдан жер жұмсарады, шаң
аз болады.
Егер шөп шамамен 5 см-ден биік
болса, демек мүк тазартқышты
қолданудың алдында, шөпті шабу
керек.
Сақтандыру
Жұмыс аумағынан кедергілерді
немесе бөгде заттарды алып
тастаңыз.
N Кесуге арналған қозғалыс
бағытын бекітіңіз
MF-MM мүк тазартқышының
көмегімен мульти қозғалтқыш арқылы
алдыға қарай бағытталған жұмыс
атқарылады.
Жұмыс аспаптарын тек бір күйде
немесе айналу бағытында ғана
қолдануға рұқсат беріледі.
Ернемектердегі нұсқарлар, қажетті
айналу бағытын көрсетеді, "Мульти
құрал-сайманды орнату" бөлімін
қараңыз.
Сақтандыру
Қорғаныс, екі қорғаныс кеңейтімдері
және алжапқыш болмай ешқашан
жұмыс істемеңіз.
Олар пайдаланылған және кесілген
материалды агрегат пен адамнан
басқа жаққа жібереді.
Жұмыстар
N Екі қолды сапты жұмыс күйіне
келтіріңіз
N Қозғалтқышты қосу
N толық газда жұмыс істеу
Пайдалану
483BA001 KN
483BA002 KN
483BA003 KN
MF-MM
қазақ
8
N Арынды күш, қалаулы жұмыс
нәтижесі қамтамасыз етілетін
және қозғалтқыштың айналу саны
қатты төмендемейтін түрде
таңдалуға тиіс
N Арынды күш жылдамдығы
қалыпты жүріс жылдамдығынан
артық таңдалмауға тиіс
Мүк тазартқышты тазарту
Жұмыс істеген кезде, шөп немесе
тамырлар сияқты өсімдіктердің бөлігі
құрал-сайман бекіткішінің немесе
жұмыс аспабының айналасында
шырмала алады. Жұмыс аспаптарын
тазарту үшін:
Қозғалтқышты тоқтатыңыз
Қолғап киіңіз
ішкі серіппелі штекерді біліктен
алып шығарыңыз
Мүк тазартқышты біліктен алып
тастаңыз
сыртқы серіппелі штекерді
(доңғалақтағы) біліктен алып
шығарыңыз
Доңғалақты алып тастаңыз
Тамырларды, өсімдіктерді және
топырақты кетіріңіз
Орнату үшін ульти құрал-сайманды
орнату" бөлімін қараңыз.
STIHL тарапынан жеткізілген немесе
монтаждауға рұқсат берілген мульти
қозғалтқыштарды ғана қолданыңыз.
Осы мульти құрал-сайманды тек
STIHL MM 55 мульти
қозғалтқышымен бірге қолдануға
болады.
Қолданыстағы мульти құрал-
сайманды демонтаждаңыз
Сақтандыру
Қолғап киіңіз – өткір ұшты мульти
құрал-сайманнан және/немесе
бәсеңдеткіштің ыстық беткі
қабатынан жарақат алу қаупі төне
алады.
N Серіппелі штекерді алып
тастаңыз және қажет болса,
қолданыстағы мульти құрал-
сайманды біліктен алыңыз –
қолданыстағы мульти құрал-
сайманды пайдалану
нұсқаулығындағы "Мульти құрал-
сайманды монтаждау" бөлімін
қараңыз
N Қажет болғанда бәсеңдеткішті де
тазартқаныңыз жөн
Рұқсат етілген мульти
қозғалтқыштар
Мульти құрал-сайманды
орнату
481BA008 KN
MF-MM
қазақ
9
Бәсеңдеткіштің күйін тексеріңіз
Сақтандыру
Бәсеңдеткіштің дұрыс күйін
тексеріңіз, қажет болса реттеңіз –
мульти құрал-сайманның айналу
бағыты дұрыс емес болса, жарақат
алу қаупі төне алады!
Білік (1) қарнақтың (2) астында
орналасады.
Мульти құрал-сайманның (3) айналу
бағыты.
Қажет болғанда бәсеңдеткіштің күйін
реттеңіз
N Бәсеңдеткіштегі тоқтатқыш
бұрандаларды босатыңыз
N Бәсеңдеткішті 180°-қа бұраңыз
N Бәсеңдеткіштің күйін түзетіңіз
N бәсеңдеткіштегі екі тоқтатқыш
бұранданы келесі тәсім бойынша
бұраңыз:
бірінші бұранданы сәл ғана бұрап
қойыңыз
екінші бұранданы сәл ғана бұрап
қойыңыз
бірінші бұранданы бұрап
тастаңыз
екінші бұранданы бұрап тастаңыз
Нұсқау
Қарнақтағы бәсеңдеткіш енді
бұралмауға тиіс.
Мульти құрал-сайманды орнату
Сол және оң жақтағы мүк
тазартқыштар әртүрлі. Бәсеңдеткіш
пен ернемектегі айналу бағыты
нұсқармен белгіленген және сай
келуге тиіс.
Нұсқау
Айналу бағыты дұрыс емес болса,
иілгіш тістер сынып қала алады –
бұзылу қаупі төне алады!
N сол жақтағы мүк тазартқышты (4)
орнатылған сәтке дейін білікте
бұраңыз – бұл кезде айналу
бағытының нұсқарына назар
аударыңыз
N Серіппелі штекерді (5) біліктің
саңылауына орнатыңыз және
бекітіңіз
N оң жақтағы мүк тазартқышты
осылайша монтаждаңыз
2
469BA043 KN
1
3
481BA011 KN
4
483BA004 KN
5
MF-MM
қазақ
10
Қорғаныс кеңейтімін монтаждау,
демонтаждау
Монтаждау
N екі қорғаныс кеңейтімдерін сол
және оң жақтан қорғанысқа
орнатыңыз, үстінен және астынан
тірекке дейін киігізіңіз және
бекітуші тілікті (1) бекітіңіз
Демонтаждау
N Құрамдастырылған кілттің
көмегімен бекітуші тілікті (1) алып
тастаңыз және қорғаныс
кеңейтімін алыңыз
Сақтандыру
Қорғаныс кеңейтімі пайдаланылған
және кесілген материалды агрегат
пен адамнан басқа жаққа жібереді.
Қорғаныс кеңейтімі болмай ешқашан
жұмыс істемеңіз.
Алжапқышты монтаждау,
демонтаждау
N Бұранда (2) мен айналғыш
саптың (3) көмегімен
алжапқышты (1) ернемектің оң
жағына бекітіңіз
N Алжапқышты, қорғаныстың
шетімен жалғанатын түрде
қолайлы тереңдікке дейін
реттеңіз
N Айналғыш сапты бұрап тастаңыз
Сақтандыру
Алжапқыш пайдаланылған және
кесілген материалды агрегат пен
адамнан басқа жаққа жібереді.
Алжапқыш болмай ешқашан жұмыс
істемеңіз.
Қозғалтқышты қосу
Қосу үшін мульти қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі нұсқауларды
міндетті түрде сақтау қажет!
N Екі қолды сапты жұмыс күйіне
көтеріңіз
N Доңғалақтар бар болса, оларды
алып тастаңыз – мульти
қозғалтқыштың пайдалану
нұсқаулығындағы "Доңғалақтар"
бөлімін қараңыз
N Тереңдеу реттегіші бар болса,
оны алып тастаңыз
N Агрегатты тұрақты күйде жерге
қою қажет: жұмыс аспабы қандай
да бір заттарға, жерге тимеуге
Қорғаныш
айлабұйымдарын
монтаждау
1
1
483BA007 KN
3
483BA011 KN
2
Моторды іске қосу / тоқтату
469BA061 AS
469BA062 AS
MF-MM
қазақ
11
тиіс – қозғалтқыштағы ернемек
пен жақтаудағы тіреу түпнегізді
құрайды
N суретте көрсетілгендей тұрақты
күйге орналасыңыз
Сақтандыру
Әрқашан агрегаттың жанында
тұрыңыз, ешқашан жұмыс аспаптары
аумағының алдында тұрмаңыз –
жұмыс аспабының лақтырылуынан
жарақат алу қаупі төне алады!
N Сол қолыңызбен агрегатты
нықтап жерге басыңыз қолыңыз
аспалы сапта тұрады– бұл кезде
газ иінтірегіне де, тоқтатқыш
иінтірекке де тимеңіз
Нұсқау
Аяғыңызды түтікті сапқа немесе
жақтауға қоймаңыз және тізеңізбен
отырмаңыз.
Сақтандыру
Қозғалтқыш от алса, ол іске
қосылғаннан кейін жұмыс аспабы
бірден әрекетке келтіріледі –
сондықтан іске қосылғаннан кейін газ
иінтірегіне басыңыз да, оны бірден
жіберіңіз – қозғалтқыш бос жүріс
күйіне ауысады.
Одан кейінгі қосу барысы мульти
қозғалтқыштың пайдалану
нұсқаулығында сипатталған.
Қозғалтқышты тоқтатыңыз
N мульти қозғалтқыштың
пайдалану нұсқаулығын қараңыз
Иілгіш тістер қатты майысқан немесе
сынған болса, иілгіш иістерді
алмастырыңыз.
N Мүк тазартқышты
демонтаждаңыз – "Мульти құрал-
сайманды орнату" бөлімін
қараңыз
N Мүк тазартқыштағы
бұрандаларды (1) босатыңыз
N Ернемекті (2) алып тастаңыз
Құбырларға иілгіш тістер мен
тығырық кезек-кезек монтаждалған.
N Иілгіш тістер (3) мен
тығырықтарды алып тастаңыз
N ақаулы иілгіш тістерді
алмастырыңыз
N құбырлар толық болмайынша
иілгіш тістер мен тығырықты
кезек-кезек кигізіңіз
N Ернемекті (2) орнатыңыз
N Бұрандаларды (1) бұрап
тастаңыз
N Мүк тазартқышты орнату үшін –
"Мульти құрал-сайманды орнату"
бөлімін қараңыз
3 айдан артық пайдаланудағы кідіріс
болса
N Қорғаныс кеңейтімі мен
алжапқышы бар мүк тазартқышты
алып тастаңыз, тазартыңыз және
тексеріңіз
N Агрегатты құрғақ әрі қауіпсіз
жерде сақтаңыз. Рұқсатсыз
қолданудан қорғаңыз (мысалы,
балалардың қолдануынан)
Иілгіш тістерді ауыстыру
483BA006 KN
1
2
3
1
Құрылғыны сақтау
MF-MM
қазақ
12
Келесі деректер қалыпты жұмыс
шарттарына жатқызылады. Қиын
жағдайларда (шаңның көп түзілуі
және т.б.) және күн сайын аса ұзақ
қолданған кезде бұл аралықты тиісті
түрде қысқарту қажет.
Қолжетімді бұрандалар мен
сомындар
N қажет болғанда тартып бұраңыз
Жұмыс аспаптары мен қорғаныс
қондырғылары
N Көзбен шолып тексеру жұмысын
жүргізіңіз, жұмысты бастамас
бұрын, сондай-ақ бакты әрбір рет
толтырғаннан кейін тығыз
орнатылғанын тексеріңіз
N бүлінген кезде ауыстыру
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі
ескертпесі бар жапсырма
N қауіпсіздік техникасы жөніндегі
ескертпесі бар жапсырма оқыла
алмайтын болса, оны ауыстыру
керек
Осы пайдалану нұсқаулығының
нұсқауларын және мульти
қозғалтқыштың пайдалану
нұсқаулығының нұсқауларын
сақтаған жағдайда, агрегаттың
мерзімінен бұрын тозуынан және
бүлінуінен қорғалатын боласыз.
Агрегаттарды қолдану, техникалық
қызмет көрсету және сақтау
шаралары, осы пайдалану
нұсқаулығында баяндалған сипатта
мұқият түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Қауіпсіздік техникасына, жұмысқа
және техникалық қызмет көрсету
жөніндегі нұсқауларды
сақтамағандықтан келтірілген барлық
зақымдар үшін пайдаланушы өзі
жауап береді. Бұл келесі жағдайларға
аса көкейтесті болып келеді:
STIHL компаниясынан рұқсат
алмай, өнімдерге өзгеріс жасау
осы агрегатпен қолдануға рұқсат
етілмейтін, сай келмейтін не
болмаса сапасы төмен болып
келетін құрал-саймандарды
немесе құрал-жабдықтарды
қолдануға болмайды
агрегатты мақсатына сай
қолданбау
Агрегат спорт іс-шараларында
немесе сайыстырда қолданылса
Агрегат ақаулы толықтырушы
бөлшектермен бірге
қолданғандықтан бүлінсе
Техникалық қызмет көрсету
жұмыстары
"Техникалық қызмет көрсетуге және
күтімге қатысты нұсқаулар" бөлімінде
атап өтілген барлық жұмыстар үнемі
орындалып тұруы қажет. Егер де
техникалық қызмет көрсету
жұмыстары пайдаланушының
тарапынан орындала алмаса,
мамандандырылған дилерге жүгіну
керек.
STIHL компаниясы, техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын және
жөндеу жұмыстарын тек қана STIHL
компаниясының мамандандырылған
дилеріне тапсыруға ұсыныс береді.
STIHL компаниясының
мамандандырылған дилерлері
біліктілікті арттыру курстарына үнемі
қатысып тұрады және олардың
иелігіне техникалық ақпарат
ұсынылады.
Егер де аталған жұмыстар
орындалмаса немесе тиісті түрде
орындалмаса, соның салдарынан
зақым пайда болса, оған
пайдаланушы өзі жауап береді. Бұдан
бөлек, оларға мыналар да қатысты
болады:
Дұрыс емес сақтаудың
салдарынан тоттану және басқа
да бүліну белгілері
Сапасы төмен қосалқы
бөлшектерді қолданудың
салдарынан агрегаттың бұзылуы
Техникалық қызмет көрсету
және күтім көрсету
жөніндегі нұсқаулар
Тозуды азайту және
ақаулардың алдын алу
MF-MM
қазақ
13
Тозатын бөлшектер
Агрегаттың кейбір бөлшектері, тіпті
мақсатына сай қолданылып жатса да,
қалыпты тозу үрдісіне бейім болып
келеді, сонымен қатар қолданылатын
түріне және ұзақтығына байланысты
уақытында ауыстырылып тұруы
қажет. Осындай бөлшектердің
қатарына мыналар жатқызылады:
Иілгіш тістер
Иілгіш тістерге арналған бекіткіш
бөлшектер
Қорғаныс кеңейтімдері
Алжапқыш
MF-MM
қазақ
14
1 Оң жақ доңғалақ
2 Сол жақ доңғалақ
3 Ішкі сол жақ серіппелі штекер
4 Оң жақ қорғаныс кеңейтімі
5 Сол жақ қорғаныс кеңейтімі
6 Алжапқыш
7 Сыртқы сол жақ серіппелі штекер
8 Иілгіш тістер
Маңызды толымдаушылары
1
483BA010 KN
8
3
2
6
5
4
7
MF-MM
қазақ
15
Жұмыс аспабы
Салмақ
Дыбыс және діріл көрсеткіші
Дыбыс және діріл көрсеткішін
анықтаған кезде, бос жүрістегі жұмыс
тәртіптемесінің RL-MM мульти құрал-
сайманы бар қозғалтқыштың
агрегатының деректері және нақты ең
үлкен айналымдар 1:6 қатынасында
ескеріледі.
Жұмыс берушілерге арналған
2002/44/EG дірілдер деңгейіне
қатысты директиваның талаптарын
сақтауға қажетті деректер төменде
келтірілген, www.stihl.com/vib
сайтынан қараңыз
ISO 11201 талаптарына сәйкес L
peq
дыбыс қысымының деңгейі
ISO 3744 талаптарына сәйкес L
weq
дыбыс қуатының деңгейі
EN 13864 талаптарына сәйкес a
hv,eq
діріл көрсеткіші
Дыбыс қысымының деңгейі және
дыбыс қуатының деңгейі үшін
K-көлемі RL 2006/42/EG = 2,5 дБ(А)
шамасына сай келеді; дірілдердің
деңгейі үшін K-көлемі RL 2006/42/EG
= 2,0 м/с
2
шамасына сай келеді.
REACH
REACH дегеніміз химикаттарды
тіркеуге, бағалауға және жіберуге
арналған ЕҚ қаулысы дегенді
білдіреді.
REACH (ЕҚ) 1907/2006 қаулысын
орындауға арналған ақпаратты
www.stihl.com/reach сайтынан
қараңыз
Белгіленген қолданыс кезеңі
Белгіленген қолданыс кезеңі: 30
жылға дейін.
Белгіленген қолданыс кезеңі
уақытында, қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарына сәйкес
тұрақты техникалық қызмет және
күтім көрсетіледі.
Аталған құрылғының
пайдаланушылары, осы қолдану
жөніндегі нұсқаулықта сипатталған
техникалық қызмет көрсету және
күтім жасау жұмыстарын ғана
орындай алады. Жөндеу
жұмыстарының қалған түрлерін
мамандандырылған дилерлер ғана
жүзеге асыра алады.
STIHL фирмасы техникалық қызмет
көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
қана STIHL фирмасының сауда-
агенті-маманына тапсыруыңызға
ұсыныс береді. STIHL фирмасының
мамандандырылған агенттері-
мамандары біліктілікті арттыру
курстарына үнемі қатысып тұрады
және олардың иелігіне техникалық
ақпарат ұсынылады.
Жөндеген кезде, аталған
моторланған құрылғыға арналған
STIHL компаниясымен рұқсат етілген
толымдаушыларды немесе
техникалық тең сипаттағы
толымдаушыларды монтаждауға
болады. Жоғары сапалы қосалқы
бөлшектерді ғана қолданыңыз. Олай
болмаған жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алу қаупі немесе
құрылғының бұзылу қаупі төне алады.
STIHL фирмасы STIHL фирмасының
түпнұсқалы қосалқы бөлшектерін
қолдануға ұсыныс береді.
STIHL фирмасының түпнұсқалы
қосалқы бөлшектерін STIHL
толымдаушысының нөмірі, жазбасы
{ және қажет болса STlHL
K толымдаушысының белгісі
Техникалық сипаттамалар
Мүк тазартқыш, сол жақтан, оң
жақтан
Жұмыс ені: 500 мм
Қорғаныс кеңейтімі
мен алжапқышы бар
мүк тазартқыш: 8,6 кг
MM 55 және MF-MM: 92 дБ(А)
MM 55 және MF-MM: 102 дБ(А)
Сол жақ
сап
Оң жақ
сап
MM 55 және
MF-MM: 2,3 м/с
2
3,6 м/с
2
Жөндеу бойынша
нұсқаулар
MF-MM
қазақ
16
(кішігірім толымдаушыларда тек қана
бір белгі бола алады) бойынша
анықтап тануға болады.
Кәдеге жаратқан кезде, қандай да бір
елге тән болып келетін қалдықтарды
кәдеге жарату жөніндегі нормаларды
сақтау қажет.
STIHL компаниясының өнімдері
тұрмыстық қалдықтар емес. STIHL
өнімі, аккумулятор, керек-жарақ және
қаптама қоршаған ортаны
ластамайтын түрде қайта кәдеге
жаратылуы тиіс.
Кәдеге жарату жөніндегі көкейтесті
ақпаратты STIHL мамандандырылған
дилерінен ала аалсыз.
ANDREAS STIHL AG & Co. KG
Badstr. 115
D-71336 Вайблинген
келесі ақпаратты растайды:
агрегат 2006/42/EG директивасын
орындау жөніндегі талаптарға сай
келеді, сонымен қатар келесі
нормаларға сай әзірленген және
дайындалған:
EN ISO 12100, EN 13684 (аталған MM
55 мульти қозғалтқышымен бірге)
Техникалық құжаттаманы сақтау:
ANDREAS STIHL AG & Co. KG
Бұйымды/машинаны пайдалану
рұқсаты
Вайблинген, 01.08.2012
ANDREAS STIHL AG & Co. KG
Сіздің
Thomas Elsner
Өндіріс менеджменті бөлімінің
жетекшісі
Кәдеге жарату
000BA073 KN
ЕО нормаларына сәйкестік
сертификаты
Құрастырма: Мульти құрал-
сайман
Зауыт таңбасы: STIHL
Сериясы: MF-MM
Сериялық номері: 4601
Жұмыс көлемі
MM 55 үлгісімен: 27,2 см
3
MF-MM
қазақ
17
Оригинальная инструкция по
эксплуатации
Напечатано на отбеленной бумаге не содержащей хлора.
Краски для печати содержат растительные масла, бумага
подлежит вторичной переработке.
© ANDREAS STIHL AG & Co. KG, 2014
0458-483-4921. VA0.E14.
0000006891_002_RUS
MF-MM
pyccкий
18
{
Данная инструкция по эксплуатации защищена авторским правом. Компания оставляет за собой все права, особенно
право на распространение, перевод и обработку материала с помощью электронных систем.
Содержание
Уважаемые покупатели,
большое спасибо за то, что вы
решили приобрести
высококачественное изделие фирмы
STIHL.
Данное изделие было изготовлено с
применением передовых технологий
производства, а также с учетом всех
необходимых мер по обеспечению
качества. Мы стараемся делать все
возможное, чтобы Вы были довольны
данным агрегатом и могли
беспрепятственно работать с ним.
При возникновении вопросов
относительно Вашего агрегата,
просим вас обратиться, к Вашему
дилеру или непосредственно в нашу
сбытовую компанию.
Ваш
Др. Nikolas Stihl
Мультисистема 19
К данной инструкции по
эксплуатации 19
Указания по технике
безопасности и технике работы 19
Применение 24
Допустимые мультидвигатели 25
Монтаж мультиинструмента 25
Монтаж защитных
приспособлений 27
Пуск / остановка мотора 27
Замена гибких зубьев 28
Хранение устройства 28
Указания по техобслуживанию и
техническому уходу 29
Минимизация износа, а также
избежание повреждений 29
Важные комплектующие 31
Технические данные 32
Указания по ремонту 32
Устранение отходов 33
Декларация о соответствии
стандартам ЕС 33
/