STIHL FSE 52 Руководство пользователя

  • Привет! Я ознакомился с инструкцией по эксплуатации электротриммера STIHL FSE 52. Я могу ответить на ваши вопросы о его использовании, техническом обслуживании, безопасности и регулировке различных элементов, таких как рукоятки и рабочий угол. В инструкции также описана функция переоборудования в кромкорез и система автоматической подачи лески AutoCut 2-2.
  • Как отрегулировать длину лески?
    Как переоборудовать триммер в кромкорез?
    Что делать при повреждении кабеля?
    Как правильно хранить триммер?
{
STIHL FSE 52
Қолдану нұсқаулығы
Инструкция по эксплуатации
Q Қолдану нұсқаулығы
1 - 23
R Инструкция по
эксплуатации
24 - 45
Түпнұсқалық қолдану
нұсқаулығы
Хлормен ағартылған қағазда басылып шығарылған
Басып шығаратын бояулардың құрамында өсімдік майлары
бар, қағазды қайта өңдеуге болады.
© ANDREAS STIHL AG & Co. KG, 2017
0458-777-4921-A. VA1.G17.
0000007024_003_KZ
FSE 52
қазақ
1
{
Осы қолдану нұсқаулығы авторлық құқықпен қорғалған Барлық құқықтар, әсіресе тарату, аудару және электроникалық
жүйелермен өңдеу құқықтары сақталады.
Мазмұны
Құрметті сатып алушылар,
STIHL фирмасының жоғары сапалы
бұйымын сатып алуға бел
байлағаныңыз үшін үлкен рахмет
айтамыз.
Аталған бұйым өндірістің озық
технологияларын қолдана отырып,
сонымен қатар сапаны қамтамасыз
ету жөніндегі барлық қажетті
шараларды ескере отырып
дайындалған. Осы агрегат Сіздің
көңіліңізден шығуы үшін және оны еш
кедергісіз қолдануыңыз үшін біз
қолымыздан келгеннің барлығын
істеуге тырысамыз.
Егер Сізде агрегатыңызға қатысты
сұрақтар туындаса, өз дилеріңізге
немесе біздің өткізу компаниямызға
жүгінуіңізді сұраймыз.
Сіздің
Др. Nikolas Stihl
Қолдану нұсқаулығына 2
Қауіпсіздік техникасы ережелері
және жұмыс техникасы 2
Пайдалану 8
Кескіш құрал-сайманның және
қорғаныстың рұқсат етілген
құрамдастырымдары 10
Қорғаныш айлабұйымдарын
монтаждау 10
Доғалы тұтқаны орнату 11
Саптарды реттеу 11
Еңіс бұрышын реттеу 12
Агрегатты жиек кескішке
айналдыру 12
Құрылғыны электр желісіне қосу 13
Құрылғыны қосу 14
Құрылғыны сөндіру 14
Шапқыш қылды реттеу 14
Шапқыш қылы бар орауыштың
каркасын ауыстыру 15
Құрылғыны сақтау 16
Техникалық қызмет көрсету және
күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар 17
Тозуды азайту және ақаулардың
алдын алу 18
Маңызды толымдаушылары 19
Техникалық сипаттамалар 20
Жөндеу бойынша нұсқаулар 21
Кәдеге жарату 21
ЕО нормаларына сәйкестік
сертификаты 22
Мекенжайлар 23
FSE 52
қазақ
2
Суреттердегі нышандар
Құрылғыға жабыстырылған
суреттердегі барлық нышандардың
анықтамасы, осы қолдану
нұсқаулығында келтірілген.
Мәтін бөлімдерінің белгіленуі
Сақтандыру
Жазатайым оқиғаның және жарақат
алудың, сонымен қатар күрделі
материалдық нұқсанның қаупі
жайында адамдарға ескерту.
Нұсқау
Құрылғының немесе жекелеген
толымдаушылардың бүліну мүмкіндігі
жайында ескерту.
Техникалық әзірленім
STIHL компаниясы барлық
машиналарды және құрылғыларды
одан әрі әзірлеумен ұдайы
айналысуда; сондықтан пішін,
техника және жабдықтар бойынша
жеткізілімнің толымдаушыларына
барлық өзгерістерді енгізу құқығын
өзімізге қалдыруға тиіспіз.
Сол себепті осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың нұсқауларына және
суреттеріне қатысты ешқандай
кінәраттар тағыла алмайды.
Қауіпсіздік нұсқауларына қатысты
жергілікті ережелерді, мысалы
кәсіподақтардың, әлеуметтік
кассалардың, еңбекті қорғау
жөніндегі органдардың және басқа
мекемелердің ережелерін сақтаңыз.
Агрегатпен алғаш рет жұмыс істейтін
әрбір адам: Агрегатты қалай қолдану
керектігі туралы білікті маманнан
немесе басқа маманнан нұсқау алуы
керек – немесе арнайы оқу курсынан
өтуі қажет.
Қараумен оқытылып жатқан 16 жасқа
толған жас адамдарды қоспағанда,
кәмелеттік жасқа толмағандарға
агрегатпен жұмыс істеуге рұқсат
берілмейді.
Балалар, жануарлар және бөгде
адамдар алшақта болуы тиіс.
Егер де агрегат қолданылмаса, оны
ешкімге кедергі келтірмейтіндей етіп
аулақ қойған жөн. Агрегатты
рұқсатсыз қолданудан қорғаңыз,
штепсельді айырын суырыңыз.
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
үшін не болмаса басқа адамдарға
немесе олардың мүлкіне төнетін
қауіптілік үшін жауапты болады.
Агрегатты, оның осы үлгісімен мұқият
танысып алған және қолдануға
жақсылап үйретілген адамдарға ғана
беруге немесе жалға беруге рұқсат
етіледі – әрқашан пайдалану
нұсқаулығын көрсетіңіз.
Дене күші, сенсорлық немесе ақыл-ой
қабілеті бұзылған тұлғалар, жауапты
тұлғаның бақылауымен немесе
нұсқауларымен ғана жұмыс істей
алады.
Қатты шуыл шығаратын құрылғының
қолданылуы, уақыт өте келе ұлттық
және жергілікті нұсқаулармен
шектеле алады.
Жұмысты әрбір рет бастаудың
алдында, агрегаттың күйі нұсқауларға
сай келеді ме екенін тексеру керек.
Біріктіруші сымға, штепсельді айырға
және қауіпсіздік қондырғысына
айрықша назар аударуыңыз қажет.
Агрегатты тасымалдау үшін жоғары
арынды шланг не болмаса біріктіруші
сым қолданылмауы керек.
Қолдану нұсқаулығына Қауіпсіздік техникасы
ережелері және жұмыс
техникасы
Осы агрегатпен жұмыс
істеген кезде, айрықша
қауіпсіздік іс-
шараларын сақтау
қажет болады, себебі
жұмыс барысында
кескіш құрал-
саймандардың
айналымдарының
жылдамдығы жоғары
болады және электр
тоғы қолданылады.
Алғаш рет пайдалануға
беру кезінде, пайдалану
нұсқаулығымен мұқият
танысып алыңыз және
алдағыда пайдалану
үшін сенімді жерге
сақтап қойыңыз.
Пайдалану
нұсқаулығын
ұстанбаған жағдайда,
өмірге қауіп төнуі
мүмкін.
FSE 52
қазақ
3
Агрегатпен кез-келген жұмыстарды,
мысалы тазарту, техникалық қызмет
көрсету, жиынтықтаушыларды
ауыстыру жұмыстарын орындаудың
алдында – штепсельді айырды
суырыңыз!
Агрегаттың қорғанысы,
пайдаланушыны кескіш құрал-
сайманнан лақтырылатын барлық
заттардан (тастар, шыны, сым және
т.б.) қорғай алмайды. Бұл заттар,
қандай да бір жерде рикошет жасап
ыршып түсіп, пайдаланушыға тиюі
мүмкін.
Агрегатты тазарту үшін жоғары
қысымды жуғыштарды қолданбаңыз.
Судың қатты ағыны агрегаттың
бөлшектерін бүлдіре алады.
Агрегатқа су шашыратпаңыз.
Жұмыс істеуге талап етілетін
физикалық күйі
Агрегатпен жұмыс істейтін адамдар
демалған, дені сау болуы керек және
дене күшінің жағдайы жақсы болуы
қажет.
Денсаулық жағдайы бойынша
жүктеме ұсынылмайтын адамдар,
агрегатпен жұмыс істей алатындығы
туралы дәрігерден кеңес алуы тиіс.
Алкогольді, жауап қайтару қабілетін
төмендететін дәрілерді немесе
есірткіні тұтынғаннан кейін агрегатпен
жұмыс істеуге болмайды.
Құрал-жабдықтар мен қосалқы
бөлшектер
Осындай кескіш құрал-саймандарды
немесе STIHL компаниясы тарапынан
осы агрегатқа рұқсат берілген немесе
өзінің технологиялық сипаттамасы
жағынан ұқсас болып келетін құрал-
жабдықтарды ғана қолданыңыз.
Қандай да бір сұрақтар туындаса
мамандандырылған дилерге жүгініңіз.
Жоғары сапалы құрал-саймандарды
немесе құрал-жабдықтарды ғана
қолданыңыз. Олай болмаған
жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады.
STIHL компаниясы, STIHL
компаниясы ұсынған түпнұсқалы
құрал-саймандарды және құрал-
жабдықтарды қолдануға кеңес
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан бұйыммен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Агрегаттың құрылымына қандай да
бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіптілік төнуі мүмкін.
STIHL компаниясы қолданысқа рұқсат
етілмеген аспалы агрегаттарды
қолданудың салдарынан адамға және
мүлікке келтірілген нұқсан үшін
жауапты болмайды.
Қолданылу саласы
Агрегат - қолданылатын кескіш құрал-
сайманға байланысты - тек шөп шабу
үшін, сондай-ақ қаулап өскен
өсімдіктерді кесу үшін немесе осыған
ұқсас жолмен қолдану үшін ғана
пайдаланылуы тиіс.
Агрегатты мақсатына сай қолдану
қажет, керісінше жағдайда,
жазатайым оқиғалардың орын алуы
немесе агрегаттың бүлінуі мүмкін.
Агрегаттың құрылымына қандай да
бір өзгеріс енгізуге тыйым салынады,
себебі осы жағдайда, жазатайым
оқиғалардың орын алуы немесе
агрегаттың бүлінуі мүмкін.
Киім және жабдықтау
Белгіленген киім мен жабдықтауды
қолданыңыз.
Ағашқа, ұсақ қопаларға немесе
агрегаттың қозғалмалы бөлшектеріне
іліне алатын киімді кимеңіз. Сонымен
қатар мойынорағыш, галстук және
қандай да бір әшекей тағуға
болмайды. Ұзын шаш оралуы және
бекітілуі керек (орамал, бас киім,
дулыға және т.б.).
Киім қолданыс
мақсатына сай келуі
керек және жұмысқа
кедергі келтірмеуі
қажет. Денеге тығыз
тиіп тұратын киім
ұсынылады -
комбинезон, бірақ
жұмыс халаты емес.
Бұдырлы,
тайғанамайтын табаны
бар мықты аяқ киім
киіңіз.
FSE 52
қазақ
4
Сақтандыру
Бет қорғанысын пайдаланыңыз және
оның дұрыс орнатылғанына назар
аударыңыз. Қорғаныс бетпердесі,
көзді жеткілікті дәрежеде қорғай
алатын қорғаныс бұйымы емес.
Есту мүшелерін қорғайтын "жеке"
құралдарды, мысалы естуді қорғауға
арналған капсуланы қолданыңыз.
STIHL компаниясы жеке қорғаныш
құралдарының кең бағдарламасын
ұсынады.
Құрылғыны тасымалдау
Агрегатты әрдайым сөндіріп
отырыңыз және штепсельді айырды
агрегаттан суырыңыз.
Автокөліктің ішінде: Агрегатты
төңкерілуден және бүлінуден
қорғаңыз.
Жұмысты бастамас бұрын
Агрегатты тексеру
Құрылғының мінсіз жұмыс атқаруын
бақылаңыз және Қолдану
нұсқаулығындағы тиісті бөлімге назар
аударыңыз:
Қайта қосқыш иінтіректің бұғаты
мен қайта қосқыш иінтірек оңай
қозғалуы керек – қайта қосқыш
иінтіректің бұғаты мен қайта
қосқыш иінтірек босатылғаннан
кейін бастапқы күйге оралуға тиіс
кескіш құрал-сайманның және
қорғаныс құрылғысының және
саптың құрамдастырымы
қолданысқа рұқсат етілуі керек,
ал барлық бөлшектер мінсіз түрде
монтаждалуға тиіс. Металдан
жасалған кескіш құрал-
саймандарды қолданбаңыз –
жарақат алу қаупі төне алады!
Кескіш құрал-сайманның дұрыс
монтаждалғанын, тығыз
отырғанын және мінсіз күйін
тексеріңіз
Қорғаныс құрылғыларының
бүлінгенін немесе тозғанын
тексеріңіз (мысалы, кескіш құрал-
сайманға арналған қорғаныс).
Бүлінген бөлшектерді
ауыстырыңыз. Қорғанысы
бүлінген агрегатты ешқашан
қолданбаңыз
Сап кірден тазартылған, таза әрі
құрғақ болуы қажет, онысы
агрегатты сенімді түрде басқару
үшін маңызды шарт болып
табылады
Сапты бойына қарай реттеңіз
Саптарды реттеу мүмкіндігін
тексеріңіз – "Саптарды реттеу"
және "Жұмыс бұрышын реттеу"
бөлімдерін қараңыз
Агрегат тек қана сенімді қолданыс
жағдайында қолданылуы қажет –
жазатайым оқиға қаупі төне алады!
Агрегаттың бірде-бір толықтырушы
бөлшектері зақымданбаған және
нықтап бекітілген болса ғана, оны
қолданысқа енгізуге болады.
Басқару элементтеріне немесе
қауіпсіздік қондырғысына кез-келген
өзгеріс енгізуге тыйым салынады.
Агрегат қосылған кезде, кескіш құрал-
сайман жерге немесе қандай да бір
басқа заттарға тимеуге тиіс.
Көзге жарақат келтіру
қауіптілігін төмендету
үшін EN 166
стандартына сәйкес
қорғаныс көзілдірігін
пайдаланыңыз.
Қорғаныс көзілдірігінің
дұрыс орнатылғанына
назар аударыңыз.
Тозуға төзімді
материалдан (мысалы,
теріден) жасалған берік
жұмыс қолғаптарын
киіңіз.
Кескіш аспапқа
жанаспаңыз - жарақат
алу қаупі төне алады!
Кескіш құрал-сайман,
агрегат сөндірілгеннен
кейін тағы біраз уақыт
бойы қозғала берсе –
бұл инерция бойынша
қозғалыс болып
табылады!
FSE 52
қазақ
5
Электр қосылымы
Тоқ соғу қаупін келесі жолмен
азайтуға болады:
Агрегаттың кернеуі және жиілік
көрсеткіші (зауыттық
тақтайшасын қараңыз) желінің
кернеуіне және жиілік
көрсеткішіне сай келуге тиіс
Біріктіруші сым, штепсельді айыр
және ұзартатын сым
зақымдалмаған ба екенін
тексеріңіз. Зақымдалған
кабельдер, жалғастырғыштар
және штекерлер немесе
талаптарға сай келмейтін
біріктіргіш тоқсымдар
қолданылмауы тиіс
электр қуаты, нұсқауларға сай
монтаждалған штепсель
розеткасына ғана қосылады
Біріктіргіш және ұзартқыш
кабельдердің, штекердің және
жалғастырғыштың
оқшаулағыштары мінсіз күйде
болуға тиіс
Штепсельді айырды, біріктіруші
және ұзартатын сымды, сондай-
ақ электрлік штекерлік
қосылымдарды ешқашан да
ылғалды қолмен ұстамаңыз
қолданылатын ұзартатын сым
осы қолдану нұсқасына арналған
нұсқауларға сай келуге тиіс
Біріктіруші және ұзартатын сымдарды
тиісінше өткізіңіз:
Жекелеген тоқсымдардың ең аз
көлденең қимасы – "Агрегаттың
электрлік қосылымы" бөлімін
қараңыз
Біріктіруші сымдарды,
айналадағыларға қауіп
төндірмейтіндей етіп өткізіңіз
және таңбалаңыз – сүрініп кету
қаупі төнуі мүмкін!
Сай келмейтін ұзартатын
сымдарды қолданған кезде, қауіп
төнуі мүмкін. Сыртта қолдануға
рұқсат етілген және тиісінше
белгіленген, сондай-ақ жеткілікті
көлденең қимасы бар ұзартатын
сымдарды ғана қолданыңыз
Ұзартатын сымдардың штекері
және жалғастырғышы су
сіңірмеуге тиіс немесе суда
болмауы керек
жиекке, өткір ұшты немесе өткір
заттарға үйкелуге жол бермеңіз
есік немесе терезе ойықтарында
қыспаңыз
кабельдер шатасса – штепсельді
айырды тартыңыз және кабельді
тарқатыңыз
Айналмалы кескіш құрал-
сайманды ұстаудан аулақ
болыңыз
Қызып кетудің салдарынан өрт
туындау қаупі төнбес үшін
кабельге арналған атанақты
әрқашан толықтай тарқатыңыз
Агрегатты қалай ұстау және қалай
жүргізу қажет
Қозғалтқыштың агрегатын әрқашан
екі қолыңызбен саптан нықтап
ұстаңыз. Әрқашан сенімді және
орнықты күйге қойыңыз.
Оңқай
Сол қолыңыз доғалы тұтқада, оң
қолыңыз жетектің сабында.
Солақай
Оң қолыңыз доғалы тұтқада, сол
қолыңыз жетектің сабында.
9935BA001 KN
9935BA022 KN
FSE 52
қазақ
6
Жұмыс істеген кезде
Үстінен басып кету, жапырылу,
жыртылу және басқа жағдайлардың
салдарынан біріктіруші сымның
зақымдалмауын бақылап тұрыңыз.
Штепсельді айырды розеткадан
суырғанда, біріктіруші сымнан емес,
ал штепсельді айырдан тарту керек.
Штепсельді айыр мен біріктіруші
сымды тек құрғақ қолмен ғана ұстауға
болады.
Агрегатқа ешқашан да су
шашыратпаңыз – қысқа тұйықталу
қаупі!
Агрегатты жаңбырдың астында
қалдырмаңыз.
Қауіптілік төнетін болса немесе
апаттық жағдай орын алса агрегатты
дереу сөндіру керек – қайта қосқыш
иінтіректің бұғаты мен қайта қосқыш
иінтіректі босатыңыз.
Агрегатқа тек қана бір оператор
қызмет көрсетеді жұмыс аймағында
бөгде адамдардың болуына рұқсат
берілмейді.
Жұмыс орнынан алшақ жерге
лақтырылатын бөлшектер,
жазатайым оқиғаның туындау қаупін
төндіре алады, сол себептен, 15 м-лік
радиуста бөгде адамдар болмауға
тиіс. Осы қашықтық, сондай-ақ
заттарға (көлік құралдары, терезе
әйнектері) да қатысты сақталуға тиіс
материалдық нұқсан келтіру қаупі
төнуі мүмкін! Тіпті 15 м-ден артық
қашықтықта да қауіп төне алады.
Агрегатқа және кескіш аспапқа
арналған тиісті қорғаныш
құрылғылары болмай ешбір жағдайда
жұмыс істемеңіз - лақтырылатын
заттардан жарақат алу қаупі төне
алады!
Дымқыл шөпті шаппаңыз.
Тау еңісінде, кедір-бұдыр және тағы
басқа төңіректерде абайлаңыз –
тайғанау қаупі төне алады!
Біріктіруші сымді әрқашан агрегаттың
артынан өткізіңіз – артымен алға
қарай жүрмеңіз – сүрініп кете аласыз!
Кедергілерге назар аударыңыз:
Томарлар, тамырлар болсасүрініп
кете аласыз!
Тек қана жерде тұрып жұмыс істеңіз,
ал орнықсыз күйде, сүйеп қойылатын
баспалдақта немесе көтерілмелі
жұмыс тұғырнамасында ешқашан
жұмыс істемеңіз.
Есту мүшелерін қорғайтын құралды
пайдаланған кезде, аса мұқият және
сақ болуыңыз керек, өйткені қауіптілік
дыбыстарын сезу қабілеті (айғайлар,
дабыл белгілері және т.б.) шектеледі.
Төтенше шаршауды болдырмас үшін,
жұмыс барысында уақытымен үзіліс
жасап тұрғаныңыз жөн – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Жұмысты байыпты және тиянақты
түрде атқарыңыз, жарық жақсылап
түсіп тұруы тиіс және көрініс айқын
болуы тиіс. Басқа адамдарға қауіп
төндірмей, абайлампаздықпен жұмыс
істеңіз.
Қиын көрінетін, қалың өскен төңіректе
аса сақ болуыңыз керек.
Біріктіруші сым
зақымданған жағдайда,
штепсельді айырды
дереу суырыңыз –
электр тогының соғуы
салдарынан өмірге
қауіп төнуі мүмкін!
Жаңбыр жауған кезде,
сондай-ақ дымқыл
немесе өте ылғалды
ортада агрегатпен
жұмыс істемеңіз – жетек
қозғалтқышы судан
қорғалмаған – электр
тогының соғу немесе
қысқа тұйықталу қаупі!
Төңіректі тексеріңіз:
Қатты заттар - тастар,
металл бөлшектері
және тағы басқа заттар
жұмыс кезінде тіпті 15
м-лік қашықтыққа да
лақтырыла алады, сол
себептен жарақат алу
қаупі төне алады!
және кескіш аспапты,
сондай-ақ заттарды
(мәселен, тұраққа
қойылған автокөліктер,
терезелер) бүлдіре
алады - (материалдық
нұқсан).
15m (50ft)
FSE 52
қазақ
7
Кескіш құрал-сайманды үнемі, қысқа
уақыт аралықтарынан кейін және
көзге білінетін өзгерістер орын алған
кезде дереу тексеріп тұрыңыз:
Агрегатты сөндіріңіз, кескіш
құрал-сайманды мықты және
сенімді түрде ұстаңыз, оны тежеу
үшін жерге басыңыз және
штепсельді айырды суырыңыз
Отырған күйін және беріктігін
тексеріңіз, жарықтардың бар/жоқ
екеніне назар аударыңыз
бүлінген кескіш құрал-сайманды
дереу ауыстырыңыз, сондай-ақ
шаштың қалыңдығындай аздаған
жарықтар пайда болған кезде де
Кескіш құрал-сайманның
бекіткішін үнемі шөп пен ұсақ
қопалардан тазартып отырыңыз
кескіш аспап немесе қорғаныс
тұсындағы қоқыстарды кетіріңіз
Кескіш құрал-сайманды ауыстыру
үшін агрегатты сөндіріңіз және
штепсельді айырды суырыңыз.
Моторды жоспарлы түрде іске қосқан
кезде жарақат алу қаупі төне алады!
Бүлінген немесе жарылған кескіш
аспаптарды қолданбаңыз және
жөндемеңіз - мәселен, дәнекерлеу
немесе түзету арқылы - пішіні
өзгереді (теңгерімсіздік).
Бөлінген бөлшектер немесе сынықтар
үлкен жылдамдықпен жұмысшыға
немесе бөгде адамдарға тие алады –
ең ауыр жарақат келтіріле алады!
Шапқыш қылдар рұқсат етілген
ұзындыққа кесілуі үшін, тиісінше
монтаждалған пышағы бар
қорғанышты ғана қолданыңыз.
Пышаққа жанаспаңыз – жарақат алу
қаупі төне алады!
Қолмен реттеу кезінде шапқыш
қылдың қосымша түрде реттеу үшін
агрегатты міндетті түрде сөндіріп,
штепсельді айырды суыру керек –
жарақат алу қаупі төне алады!
Тым ұзын шапқыш қылдары бар
агрегатты тыйымды бұза отырып
қолданған жағдайда, мотордың
айналу жиілігі төмендейді. Соның
салдарынан қозғалтқыштың қызып
кетуі және бұзылуы мүмкін.
Шапқыш қылдарды металдан
жасалған сымға ешқашан да
ауыстырмаңыз – жарақат алу қаупі
төне алады!
Егер де агрегат арналымынан тыс
жүктемеге ұшыраған болса (мысалы,
соққы немесе құлау нәтижесіндегі
күштің әсерінен), алдағыда жұмыс
істер алдында құрылғының қолданыс
күйін тексеріңіз "Жұмысты бастамас
бұрын" бөлімін қараңыз. Әсіресе,
қауіпсіздік қондырғысының
пайдаланудағы сенімділік дәрежесін
тексеріңіз. Мінсіз қолданыс күйінде
болмаған қозғалтқыштың
агрегатымен жұмыс істеуге тыйым
салынады. Қандай да бір күмән
туындаса, Мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
Агрегатты тоқтатпастан бұрын:
Құрылғыны сөндіру үшін –
штепсельдік штекерді суырыңыз.
Дірілдер
Мотоқұрылғыны тым ұзақ қолданатын
болсаңыз, дірілдің себебінен қолдағы
қан айналым жүйесі бұзыла алады
("ақ саусақтар" синдромы).
Құрылғының көпшілік мақұлдаған
қолданыс ұзақтығы анықтала
алмайды, себебі оның көптеген
факторлары бар.
Құрылғының қолданыс ұзақтығы
келесі шаралардың арқасында
ұлғаяды:
қол қорғанышы (жылы қолғаптар);
жұмыс барысындағы үзіліс.
Құрылғының қолданыс ұзақтығы
келесі себептерге орай қысқарады:
жұмысшының қан айналым
жүйесі нашар болса (оның
белгілері мынадай болады:
саусақтар тона береді, қышып
дуылдайды);
сыртқы температуралар төмен
болса;
мотоқұрылғыны ұстау үшін көп
күш-жігер жұмсалса (оны қатты
ұстаған кезде, қан айналымына
кедергі келтіріледі).
Мотоқұрылғыны ұдайы, ұзақ
қолданған кезде және тиісті
симптомдар қайтадан пайда болған
кезде (мысалы, саусақтардың
дуылдауы) үнемі медициналық
байқаудан өтіп тұрғаныңыз жөн.
FSE 52
қазақ
8
Техникалық қызмет көрсету және
жөндеу
Агрегатта кез келген жұмысты
бастаудың алдында, әрдайым
агрегатты сөндіріңіз және штепсельді
айырды суырыңыз. Моторды
жоспарлы түрде іске қосқан кезде –
жарақат алу қаупі төне алады!
Қозғалтқыштың агрегатына үнемі
техникалық қызмет көрсетіп
отырыңыз. Осы пайдалану
нұсқаулығында сипатталған
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын және жөндеу
жұмыстарын ғана орындау керек.
Жұмыстардың барлық бас түрлерін
мамандандырылған дилерге тапсыру
қажет.
STIHL компаниясы, техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын және
жөндеу жұмыстарын тек қана STIHL
компаниясының мамандандырылған
дилеріне тапсыруға ұсыныс береді.
STIHL компаниясының
мамандандырылған дилерлері
біліктілікті арттыру курстарына үнемі
қатысып тұрады және олардың
иелігіне техникалық ақпарат
ұсынылады.
Жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз. Олай болмаған
жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
STIHL компаниясы STIHL
компаниясының түпнұсқалы қосалқы
бөлшектерін қолдануға ұсыныс
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан агрегатпен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Қозғалтқыштың агрегатының
құрылымына қандай да бір
өзгерістерді енгізбеңіз, бұл жағдайда
қауіптілік төнуі мүмкін – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Біріктіруші сым мен штепсельді
айырдың сенімді түрде
оқшауланғанын және ескіруін
(сынғыштығын) тұрақты түрде
тексеріңіз.
Біріктіруші сым сияқты электрлік
толықтырушы бөлшектер білікті
электрші мамандар тарапынан
жөнделуге немесе ауыстырылуға
тиіс.
Пластмассадан жасалған
бөлшектерді шүберекпен
тазартыңыз. Тазарту кезінде
тазартқыш құрал жылтыр
бөлшектерді бүлдіре алады.
Агрегатқа су шашыратпаңыз.
Қорғаныс қондырғылары мен кескіш
құрал-саймандағы бекіткіш
бұрандалардың тығыз
отырғызылғанын тексеріңіз, қажет
болғанда, бұрап бекітіңіз.
Салқындатқыш ауаға арналған
оймакілтектерді де тазартқаныңыз
жөн.
Агрегатты құрғақ орынжайдың ішінде
сенімді етіп сақтаңыз.
Шабу
N Агрегатты екі қолмен ұстаңыз: бір
қолыңыз – жетектің сабында,
екінші қолыңыз – доғалы тұтқада
N тік тұрыңыз – агрегатты бәсең
күйде ұстаңыз
N Кескіш құрал-сайман қандай да
бір заттарға және жерге тимеуі
тиіс
N Агрегатты біркелкі түрде әрі-бері
жүргізіңіз
Пайдалану
9935BA002 KN
FSE 52
қазақ
9
N шапқыш қылдың көгал бетінен
қашықтығы қиманың биіктігін
белгілейді
N Дуалдарға, қабырғаларға,
тастарға және тағы басқа
заттарға тигізбеңіз, себебі, соның
салдарынан жоғары дәрежеде
тозу қаупі төне алады
Кедергілердің астында шабу
Бұталардың астында шабуға
ыңғайлы болуы үшін, қарнақ пен
шабатын домалақтың арасындағы
бұрыш реттеле алады ("Жұмыс
бұрышын реттеу" бөлімін қараңыз).
Кергімен жұмыс істеу
N Кергіні (1) толықтай жазыңыз
Кергі (1)
шапқыш қылдың жұмыс аумағын
шектейді,
шабу кезінде айналып тұратын
шапқыш қылдардан жарақат
алудан сақтандырады (мысалы,
сүрек қабығы)
жиектерді кескен кезде жерге
дейінгі қашықтықты анықтайды
Сақтандыру
Агрегат сөндірілгеннен кейін шабатын
домалақ инерция бойынша қозғалуы
мүмкін – кергі аяқпен емес, ал
шабатын домалақ тоқтағаннан кейін
ғана жылжытылуы керек.
Жиектерді кесу
Агрегат бірнеше тәсіл арқылы жиек
кескішке айналдырылуы мүмкін
("Агрегатты жиек кескішке
айналдыру" бөлімін қараңыз).
N Агрегатты суретте
көрсетілгендей қолданыңыз
N Шапқыш қылдарды көгал жиегінің
бойымен өткізіңіз, бұл кезде кергі
жерге дейінгі қашықтықты
анықтайды
Кәдеге жарату
Кесілген материалды үй қоқысына
лақтырмаңыз – кесілген материал
компостерлене алады.
1
9935BA003 KN
9935BA004 KN
FSE 52
қазақ
10
Кескіш аспап
Агрегат AutoCut 2-2 аты шабатын
домалақпен бірге жеткізіледі.
Қауіпсіздік техникасы тұрғысынан
алып қарағанда, агрегатқа басқа да
кескіш құрал-саймандарды
монтаждауға болмайды.
Қорғаныс
Агрегатқа тиісті қорғаныс жеткізіледі.
Тек осы қорғанысты ғана
монтаждаңыз – қорғаныстың басқа
түрлерін монтаждауға жол
берілмейді. Басқа да нұсқаулар –
"Қорғаныс қондырғысын монтаждау"
бөлімін қараңыз.
N Қозғалтқыштың шанағындағы (2)
қуысқа (нұсқарға) қорғанысты (1)
енгізіңіз – қорғаныстағы
саңылаулар қозғалтқыштың
шанағындағы саңылауларға сай
келуге тиіс
N Бұрандаларды (3) Т20
бұрауышымен бұраңыз және
бұрап тастаңыз
Бұрандаларды, балама ретінде,
жалпақ бұрауыштың көмегімен
бұрауға және бұрап тастауға болады.
Кескіш құрал-сайманның
және қорғаныстың рұқсат
етілген
құрамдастырымдары
Қорғаныш
айлабұйымдарын
монтаждау
2
9935BA005 KN
0000-GXX-1614-A0
3 3
FSE 52
қазақ
11
N Доғалы тұтқаны (1) тегістеген
кезде, саңылаулар ажырату (2)
бағыты бойынша доғалы
тұтқаға (1) қарауы тиіс
N Доғалы тұтқа (1) бекітілмейінше,
оны жетектің сабына (3)
орнатыңыз – бұл кезде доғалы
тұтаның (1) табанын біраз
жазыңыз
N Бұранданы (4) саңылау арқылы
итеріп өткізіңіз
N Көбелек пішінді сомынды (5)
бұраңыз және қатайтып бұрап
тастаңыз
Доғалы тұтқаны реттеу
N Көбелек пішінді сомынды (4)
босатыңыз
N Доғалы тұтқаны (5) нұсқардың
бағыты бойынша жылжытыңыз
және бекітіңіз – әртүрлі тиянақтау
күйлері бар
N көбелек пішінді сомынды (4)
бұрап тастаңыз
Қарнақтың ұзындығын реттеу
N Ажыратуға (1) басыңыз
N Жетектің сабын (2) қарнаққа (3)
қарай бойлық бағыт бойынша
тартыңыз және бекітіңіз – әртүрлі
тиянақтау күйлері бар
Тасымалдау күйі
Орынды үнемдей отырып агрегатты
тасымалдау үшін қарнақ ең қысқа
ұзындыққа дейін реттеле алады.
Доғалы тұтқаны орнату
3
2
4
9935BA010 KN
1
5
Саптарды реттеу
4
9935BA013 KN
5
2
9935BA009 KN
1
3
FSE 52
қазақ
12
Жұмыс бұрышын реттеу
N Ажыратуға (1) басыңыз
N Жетектің сабын (2) қарнаққа (3)
қарай 90°-қа бұрыңыз және
бекітіңіз – 2 тиянақтау күйі:
және 90°
N Ажыратуға (1) басыңыз
N Қарнақты (2) еңкейтіңіз және
бекітіңіз; 4 тиянақтау күйі: A, B, C
және D
N Жетектің сабын (1) қарнаққа
қарай 90°-қа бұрыңыз және
бекітіңіз, "Саптарды реттеу"
бөлімін қараңыз
N Қарнақты (2) 45°-қа бұрыңыз
және бекітіңіз, "Жұмыс бұрышын
реттеу" бөлімін қараңыз
N Кергіні жазу
Жиектерді кесу кезінде кергіге
баспаңыз.
2
9935BA012 KN
1
3
Еңіс бұрышын реттеу
1
2
9935BA014 KN
A
B
C
D
Агрегатты жиек кескішке
айналдыру
1
9935BA015 KN
2
FSE 52
қазақ
13
Құрылғының кернеуі мен жиілігі
(бұйымның үлгісі жазылған фирмалы
тақтайшаны қараңыз) желінің
кернеуіне және желісіне сай келуге
тиіс.
Желіге қосылудың ең аз
сақтандырғышы Техникалық
сипаттамаларда белгіленген шамаға
сай орындалуға тиіс – "Техникалық
сипаттамалар" бөлімін қараңыз.
Құрылғы; жерге ағып кеткен тоқ
30 мА-ден асып кеткен кезде, электр
қуаттағыштың тоқсымын үзетін
апаттық тоқтың қорғаныш сөндіргіші
арқылы электр қуаттының көзіне
қосылуға тиіс.
Құрылғы, IEC 60364 нормаларына
және осы елде қолданылатын
нұсқауларға сай келетін электр
қуаттының көзіне қосылуға тиіс.
Ұзартатын сым
Ұзартатын сымның құрастырмасы,
агрегаттың біріктіруші сымының
қасиеттеріне ие болуы тиіс.
Біріктіруші сымда белгіленген
құрастырманың таңбалауына (түрінің
белгіленуіне) назар аударыңыз.
Желінің кернеуіне және сымның
ұзындығына байланысты, ұзартқыш
кабельдің келтірілген ең аз көлденең
қимасы болуы тиіс.
N Штепсельді айырды (1)
ұзартатын сымның
жалғастырғышына (2) салыңыз
Сымның созылуын жеңілдетуге
арналған айлақұрал
Сымның созылуын жеңілдетуге
арналған айлақұрал біріктіруші
сымды бүлінуден қорғайды.
N ұзартатын сымнан топса жасаңыз
N Топсаны (3) тесіктің (4) арасынан
өткізіңіз
N Топсаны (3) ілгекке (5) іліп,
тартыңыз
N Ұзартатын сымның штепсельді
айырын тиісті тұрпатта
орнатылған розеткаға салыңыз
Құрылғыны электр желісіне
қосу
Сымның
ұзындығы
Ең аз көлденең
қима
220 В – 240 В:
20 м-ге дейін 1,5 мм
2
20 м-ден 50 м-ге
дейін
2,5 мм
2
100 В – 127 В:
10 м-ге дейін AWG 14 / 2,0 мм
2
10 м-ден 30 м-ге
дейін
AWG 12 / 3,5 мм
2
2
9935BA016 KN
1
3
4
5
9935BA017 KN
FSE 52
қазақ
14
N сенімді және орнықты күйге
орналасыңыз
N Агрегатты екі қолмен ұстаңыз: бір
қолыңыз – жетектің сабында,
екінші қолыңыз – доғалы тұтқада
N тік тұрыңыз – агрегатты бәсең
күйде ұстаңыз
N Кескіш құрал-сайман қандай да
бір заттарға және жерге тимеуі
тиіс
N Қайта қосқыш иінтіректің
бұғатын (1) басыңыз және басулы
күйде ұстаңыз
N Қайта қосқыш иінтіректі (2)
басыңыз
N Қайта қосқыш иінтіректің бұғатын
және қайта қосқыш иінтіректі
босатыңыз
Сақтандыру
Егер қайта қосқыш иінтіректің бұғаты
мен қайта қосқыш иінтірек босатылған
болса да, кескіш құрал-сайман әлі
біраз уақыт бойы қозғалып тұрса бұл
инерция әсері!
Жұмыс барысында ұзақ үзіліс
жасалса – штепсель ашасын алып
шығарыңыз.
Қозғалтқыштың агрегаты енді
қолданылмаса, оны ешкімге кедергі
келтірмейтін жерге қойған жөн.
Агрегатты рұқсатсыз қолданудан
қорғаңыз.
N айналмалы шабатын домалақты
шөп басып кеткен қабаттың үстіне
параллель күйде ұстаңыз жерге
тигізіңіз – шапқыш қыл шамамен
3 см-ге реттеледі
Тым ұзын шапқыш қылдар пышақ (1)
арқылы қорғаныста (2) оңтайлы
ұзындыққа кесіледі – сол себептен
бастиектің жерге көп рет тиюін
болдырмау керек.
Егер екі шапқыш қылдың ұзындығы
кем дегенде 2,5 см құраса, шапқыш
қыл сонда ғана реттеледі.
Егер шапқыш қыл 2,5 см-ден қысқа
болса, онда шапқыш қыл қолмен
реттеледі, "Шапқыш қылды қолмен
реттеу" бөлімін қараңыз.
Шапқыш қылды қолмен реттеу
N Агрегатты сөндіру
N Біріктіруші сымды розеткадан
суырыңыз
N Агрегатты төңкеріңіз
Құрылғыны қосу
2
1
9935BA018 KN
Құрылғыны сөндіру Шапқыш қылды реттеу
2
1
9935BA007 KN
FSE 52
қазақ
15
N Орауыштың каркасындағы
түймешікті (1) тірекке дейін
басыңыз
N Қылдың ұшын (2) орауыштың
каркасынан тартыңыз
Егер орауыштың каркасында енді қыл
болмаса, онда "шапқыш қылы бар
орауыштың каркасын" ауыстырыңыз,
"Шапқыш қылы бар орауыштың
каркасын ауыстыру" бөлімін қараңыз.
STIHL AutoCut 2-2
Шапқыш қылды ауыстырудың
алдында, "Шапқыш қылы бар орауыш
каркастың" (бұдан әрі "Жіп" деп
аталады), шабатын домалақтың
тозуын міндетті түрде тексеріңіз.
Сақтандыру
Тозудың айрықша белгілері
анықталса, жиынтықтағы шабатын
домалақты ауыстырыңыз.
Мамандандырылған дилерге
жүгініңіз.
Агрегатты дайындау
N Агрегатты сөндіру
N Біріктіруші сымды розеткадан
суырыңыз
N Агрегатты төңкеріңіз
Қылдың қалдықтарын кетіріңіз
Қолданыстың қалыпты шарттарында,
шабатын домалақтағы қылдың
босалқы қоры толықтай дерлік
таусылады.
Орауыш каркасын қайта құрастыру
N Шанақты (1) ұстап тұрыңыз
N Бекітуші тіліктің (2) үстінен басып,
қаптаманы (3) алып шығарыңыз
N Шанақтан орауыш каркасын (4)
алып тастаңыз
Жаңа "Шапқыш қылы бар орауыш
каркасын" орнатыңыз
N Диаметрі 1,6 мм құрайтын жіпті
қолданыңыз
N Қылдың ұшарын шанақтағы (1)
тесіктер (5) арқылы өткізіңіз
1
9935BA008 KN
2 2
Шапқыш қылы бар
орауыштың каркасын
ауыстыру
3
5
1
9935BA019 KN
2 2
4
3
1
9935BA020 KN
5 5
4
2
FSE 52
қазақ
16
N Орауыш каркасын (4) сүзгідегі
шанаққа салыңыз
N Бекітуші тіліктер (2) айқын
естілетін дыбыспен бекітілуі үшін
қақпаққа (3) басыңыз
3 айдан артық пайдаланудағы кідіріс
болса:
N Құрылғыны, әсіресе
салқындатқыш ауаға арналған
оймакілтектерді мұқият
тазартыңыз
N Шапқыш қылдары бар орауыш
каркасын алып шығарыңыз,
тазартыңыз және тексеріңіз
Шапқыш қыл сумен толтырылған
сыйымдылықтың ішінде сақталатын
болса, қылдың иілгіштігі, осылайша,
төзімділігі артатын болады.
N Агрегатты құрғақ әрі қауіпсіз
жерде сақтаңыз. Рұқсатсыз
қолданудан қорғаңыз (мысалы,
балалардың қолдануынан)
Құрылғыны сақтау
FSE 52
қазақ
17
Техникалық қызмет көрсету және күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар
Деректер қалыпты жұмыс шарттарына келтірілген. Қиын жағдайларда (шаңның көп жиналуы
және т.б.) және күн сайын аса ұзақ қолданған кезде аталған аралықтан тиісінше қысқарту керек.
жұмысты бастамас бұрын
жұмысты аяқтағаннан кейін
немесе күн сайын
апта сайын
ай сайын
ақау болған кезде
бүлінген кезде
қажет болғанда
Жалпы агрегат
Көзбен шолып тексеру (жағдайын) X
тазарту X
Біріктіруші сым
Тексеру X
мамандандырылған дилер
1)
ауыстыруы керек X
Қайта қосқыш иінтірек, қайта қосқыш иінтіректің
бұғаты
Жұмысты тексеру X
мамандандырылған дилер
1)
ауыстыруы керек XX
Салқындатқыш ауаға арналған оймакілтектер тазарту X
Қолжетімді бұрандалар мен сомындар тартып бұрау X
Кескіш құрал-сайман (шабатын домалақ)
Көзбен шолып тексеру X
ауыстыру X
Саңылаусыз отыруын байқау X
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ескертпесі бар
жапсырма
ауыстыру X
1)
STIHL компаниясы STIHL мамандандырылған дилерін ұсынады
FSE 52
қазақ
18
Осы қолдану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген белгіленген өлшемдерді
сақтаған жағдайда, құрылғының
мерзімінен бұрын тозуынан және
бүлінуінен қорғалатын боласыз.
Құрылғыны қолдану, оған техникалық
қызмет көрсету және сақтау
шаралары, осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықта баяндалған сипатта
мұқият түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Қауіпсіздік техникасына, жұмысқа
және техникалық қызмет көрсетуге
қатысты нұсқауларды
сақтамағандықтан барлық бүлінген
жерлер үшін пайдаланушы өзі жауап
береді. Бұл келесі жағдайларға аса
көкейтесті болып келеді:
STIHL фирмасынан рұқсат алмай
бұйымдарға өзгеріс енгізу,
осы құрылғымен қолдануға
рұқсат етілмейтін, сай келмейтін
немесе сапасы төмен болып
келетін құрал-саймандарды
немесе керек-жарақтарды
қолдануға болмайды
Құрылғыны мақсатына сай
қолданбау,
Құрылғы спорт іс-шараларында
және сайыстырда қолданылса,
Құрылғы ақаулы
толымдаушылармен бірге
қолдандықтан бүлінсе.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі
жұмыстар
"Техникалық қызмет көрсету және
күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар"
бөлімінде атап көрсетілген барлық
жұмыстар ұдайы орындалып тұруы
қажет. Егер де техникалық қызмет
көрсету жөніндегі аталған жұмыстар
пайдаланушының тарапынан
орындала алмаса,
мамандандырылған дилерге жүгіну
керек.
STIHL фирмасы техникалық қызмет
көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
қана STIHL фирмасының сауда-
агенті-маманына тапсыруыңызға
ұсыныс береді. STIHL фирмасының
мамандандырылған агенттері-
мамандары біліктілікті арттыру
курстарына үнемі қатысып тұрады
және олардың иелігіне техникалық
ақпарат ұсынылады.
Егер де аталған жұмыстар
орындалмаса немесе тиісті түрде
орындалмаса, соның салдарынан
зақым пайда болса, оған
пайдаланушы өзі жауап береді.
Басқаларды қоспағанда, оларға
мыналар қатысты болып келеді:
Дер кезінде немесе толық
шамада көрсетілмеген
техникалық қызметтің
салдарынан (мысалы, ауа
салқындатқыш жүйе толық
шамада тазартылмаған кезде)
электр моторының бұзылуы
Дұрыс емес орындалған электр
қосылымының салдарынан
(кернеу, өткізгіш тоқсымдардың
өлшемдері дәлме-дәл
таңдалмаған кезде)
Дұрыс емес сақтаудың
салдарынан тоттану және басқа
да бүліну белгілері
Сапасы төмен қосалқы
бөлшектерді қолданудың
салдарынан құрылғының
бұзылуы
Тозатын бөлшектер
Қозғалтқыштың агрегатының кейбір
бөлшектері, тіпті мақсатына сай
қолданылып жатса да, қалыпты тозу
үрдісіне бейім болып келеді, сонымен
қатар қолданылатын түріне және
ұзақтығына байланысты уақытында
ауыстырылып тұруы қажет. Осындай
бөлшектердің қатарына мыналар
жатқызылады:
Кескіш аспап
Қорғаныс
Көмір қылшақтары
Тозуды азайту және
ақаулардың алдын алу
/