SG 31

STIHL SG 31 Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с инструкцией по эксплуатации опрыскивателя STIHL SG 31. Она содержит информацию о технике безопасности, использовании, заполнении резервуара и техническом обслуживании. Задавайте ваши вопросы, я постараюсь на них ответить!
  • Как создать давление в резервуаре?
    Как очистить устройство после использования?
    Какие средства защиты растений можно использовать с этим опрыскивателем?
STIHL SG 31
Қолдану нұсқаулығы
Инструкция по эксплуатации
Q Қолдану нұсқаулығы
1 - 21
R Инструкция по
эксплуатации
22 - 42
Түпнұсқалық қолдану
нұсқаулығы
Хлормен ағартылған қағазда басылып шығарылған
Басып шығаратын бояулардың құрамында өсімдік майлары
бар, қағазды қайта өңдеуге болады.
© ANDREAS STIHL AG & Co. KG, 2020
0458-595-4921-A. VA3.D20.
0000006897_012_KZ
SG 31
қазақ
1
Осы қолдану нұсқаулығы авторлық құқықпен қорғалған Барлық құқықтар, әсіресе тарату, аудару және электроникалық
жүйелермен өңдеу құқықтары сақталады.
Мазмұны
Құрметті сатып алушылар,
STIHL фирмасының жоғары сапалы
бұйымын сатып алуға бел
байлағаныңыз үшін үлкен рахмет
айтамыз.
Аталған бұйым өндірістің озық
технологияларын қолдана отырып,
сонымен қатар сапаны қамтамасыз
ету жөніндегі барлық қажетті
шараларды ескере отырып
дайындалған. Осы агрегат Сіздің
көңіліңізден шығуы үшін және оны еш
кедергісіз қолдануыңыз үшін біз
қолымыздан келгеннің барлығын
істеуге тырысамыз.
Егер Сізде агрегатыңызға қатысты
сұрақтар туындаса, өз дилеріңізге
немесе біздің өткізу компаниямызға
жүгінуіңізді сұраймыз.
Сіздің
Др. Nikolas Stihl
Қолдану нұсқаулығына 2
Қауіпсіздік техникасы ережелері
және жұмыс техникасы 2
Құрылғының жиынтықтамасы 7
Басқару элементтері 8
Агрегатты қолданысқа енгізу 10
Сыйымдылықты толтыру 11
Себу 11
Себуден кейін 12
Құрылғыны сақтау 12
Пайдаланушы тарапынан
тексеру және техникалық қызмет
көрсету 12
Техникалық қызмет көрсету және
күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар 15
Маңызды толымдаушылары 16
Техникалық сипаттамалар 17
Жұмыстағы ақаулықтарды кетіру 18
Жөндеу бойынша нұсқаулар 19
Кәдеге жарату 19
ЕО нормаларына сәйкестік
сертификаты 20
Мекенжайлар 20
SG 31
қазақ
2
Суреттердегі нышандар
Құрылғыға жабыстырылған
суреттердегі барлық нышандардың
анықтамасы, осы қолдану
нұсқаулығында келтірілген.
Мәтін бөлімдерінің белгіленуі
Сақтандыру
Жазатайым оқиғаның және жарақат
алудың, сонымен қатар күрделі
материалдық нұқсанның қаупі
жайында адамдарға ескерту.
Нұсқау
Құрылғының немесе жекелеген
толымдаушылардың бүліну мүмкіндігі
жайында ескерту.
Техникалық әзірленім
STIHL компаниясы барлық
машиналарды және құрылғыларды
одан әрі әзірлеумен ұдайы
айналысуда; сондықтан пішін,
техника және жабдықтар бойынша
жеткізілімнің толымдаушыларына
барлық өзгерістерді енгізу құқығын
өзімізге қалдыруға тиіспіз.
Сол себепті осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың нұсқауларына және
суреттеріне қатысты ешқандай
кінәраттар тағыла алмайды.
Осы пайдалану нұсқаулығы, STIHL
ұсынған сепкіш агрегатқа қатысты
болып келеді, аталған пайдалану
нұсқаулығында агрегат та
көрсетіледі.
Жалпы нұсқаулар
Қауіпсіздік техникасына қатысты
жергілікті ережелерді, мысалы
кәсіподақтардың, әлеуметтік
кассалардың, еңбек қорғау жөніндегі
органдардың және басқа
мекемелердің ережелерін сақтаңыз.
Агрегатпен алғаш рет жұмыс істейтін
әрбір адам: Агрегатты қалай қолдану
керектігі туралы білікті маманнан
немесе басқа маманнан нұсқау алуы
керек – немесе арнайы оқу курсынан
өтуі қажет.
Қараумен оқытылып жатқан 16 жасқа
толған жас адамдарды қоспағанда,
кәмелеттік жасқа толмағандарға
агрегатпен жұмыс істеуге рұқсат
берілмейді.
Балалар, жануарлар және бөгде
адамдар алшақ жерде болуы тиіс.
Агрегат қолданылмаса, оны ешкімге
кедергі келтірмейтіндей етіп басқа
жерге қойған жөн. Агрегатты
рұқсатсыз қолданудан қорғаңыз.
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
үшін не болмаса басқа адамдарға
немесе олардың мүлкіне төнетін
қауіптілік үшін жауапты болады.
Агрегатты, оның осы үлгісімен мұқият
танысып алған және қолдануға
жақсылап үйретілген адамдарға ғана
беруге немесе жалға беруге рұқсат
етіледі – әрқашан пайдалану
нұсқаулығын көрсетіңіз.
Агрегаттың бірде-бір толықтырушы
бөлшектері зақымданбаған болса
ғана, оны қолданысқа енгізуге
болады. Әсіресе, агрегат
бөлшектерінің герметикалығына
назар аудару керек.
Сыйымдылықты тек агрегатта
монтаждалған сорғымен ғана
қысымға келтіріңіз.
Агрегатты тек толықтай
монтаждалған жағдайда ғана
қолданыңыз.
Агрегатпен жұмыс істейтін адамдар
демалған, дені сау болуы керек және
дене күшінің жағдайы жақсы болуы
қажет.
Қолдану нұсқаулығына Қауіпсіздік техникасы
ережелері және жұмыс
техникасы
Агрегатпен жұмыс
істеген кезде айрықша
қауіпсіздік іс-
шараларын сақтау
қажет болады.
Алғаш рет пайдалануға
беру кезінде, пайдалану
нұсқаулығымен мұқият
танысып алыңыз және
алдағыда пайдалану
үшін сенімді жерге
сақтап қойыңыз.
Пайдалану
нұсқаулығын
ұстанбаған жағдайда,
өмірге қауіп төнуі
мүмкін.
SG 31
қазақ
3
Алкогольді, жауап қайтару қабілетін
төмендететін дәрілерді немесе
есірткіні тұтынғаннан кейін агрегатпен
жұмыс істеуге болмайды.
Мақсатына сай қолдану
Сепкіш агрегат; саңырауқұлақтар мен
зиянкестерден қорғануға, сондай-ақ
арамшөптерді жоюға арналған
құралдарды шашыратуға жарамды.
Қолданылу саласы – жеміс, көкөніс
өсіру, бағбандық, егіншілік, бағындық
жер және орман шаруашылығы
болып табылады.
Сепкіш агрегаттармен бірге
қолдануға рұқсат етілетін өсімдіктерді
қорғауға арналған құралдарды ғана
қолданыңыз.
Агрегаттарды мақсатына сай қолдану
қажет, керісінше жағдайда,
жазатайым оқиғалардың орын алуы
немесе агрегаттың бүлінуі мүмкін.
Сепкіш агрегаттың құрылымына
қандай да бір өзгеріс енгізуге тыйым
салынады, себебі осы жағдайда,
жазатайым оқиғалардың орын алуы
немесе бүріккіш агрегаттың бүлінуі
мүмкін.
Киімдер мен жарақтандыру
Агрегатты қолданған, толтырған және
тазартқан кезде белгіленген киімдер
мен жарақтандыруды ғана
қолданыңыз. Өсімдіктерді қорғауға
арналған құралды пайдалану
нұсқаулығында келтірілген қорғаныс
жарақтандыруына қатысты
нұсқауларды сақтаңыз.
Жұмыс киімі денеге тиіп тұруға тиіс
және жұмыс істеген кезде кедергі
келтірмеуі керек.
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдарға былғанып қалған жұмыс
киімін дереу басқасына
ауыстырыңыз.
Бастан жоғары жерде жұмыс істеген
кезде, үстеме ретінде, басқа арналған
су өткізбейтін бас киімді киіңіз.
Жалаң аяқ болып немесе сандал киіп
жұмыс істемеңіз.
Сақтандыру
Тыныс алу мүшелеріне арналған
тиісті қорғаныс құралын қолданыңыз.
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдардың иісі денсаулыққа зиян
келтіре алады. Денсаулықты сақтау
немесе аллергиялық реакциялардан
қорғау үшін тыныс алу мүшелеріне
арналған тиісті қорғаныс құралын
қолданыңыз. Өсімдіктерді қорғауға
арналған құралдарды пайдалану
нұсқаулығында көрсетілген
нұсқауларды, қауіпсіздік
нұсқауларына қатысты жергілікті
ережелерді, мысалы
кәсіподақтардың, әлеуметтік
кассалардың, еңбекті қорғау
жөніндегі органдардың және басқа
мекемелердің ережелерін сақтаңыз.
Тасымалдау
Көлік құралдарында тасымалдаған
кезде:
Агрегатты төңкерілуден және
бүлінуден қорғаңыз
Сыйымдылық босатылған,
тазартылған және қысымсыз
болуы тиіс
Өсімдіктерді қорғауға
арналған құралдардың
кейбірін қолданған
кезде, су өткізбейтін
қорғаныс костюмін кию
керек болады.
Өсімдіктерді қорғауға
арналған құралдың
ықпалына
ұшырамайтын және су
өткізбейтін қырлы
табаны бар қорғаныс
етігін киіңіз.
Өсімдіктерді қорғауға
арналған құралдың
ықпалына
ұшырамайтын және су
өткізбейтін қолғап киіңіз.
Көзге жарақат келтіру
қауіптілігін төмендету
үшін EN 166
стандартына сәйкес
қорғаныс көзілдірігін
пайдаланыңыз.
Қорғаныс көзілдірігінің
дұрыс орнатылғанына
назар аударыңыз.
SG 31
қазақ
4
Тазарту
Пластмассадан жасалған
бөлшектерді шүберекпен
тазартыңыз. Қатты әсерге ие
тазартқыш құралдар жылтыр
бөлшектерді бүлдіре алады.
Тазарту үшін жоғары қысымды
жуғыштарды қолданбаңыз. Судың
қатты ағыны толықтырушы
бөлшектерді бүлдіре алады.
Құрал-жабдықтар
STIHL компаниясы тарапынан осы
агрегатқа рұқсат берілген немесе
өзінің техникалық сипаты жағынан
ұқсас болып келетін бөлшектер мен
құрал-жабдықтарды ғана
монтаждаңыз. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз. Жоғары сапалы
бөлшектерді немесе құрал-
жабдықтарды ғана қолданыңыз. Олай
болмаған жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады.
STIHL компаниясы, STIHL
компаниясының түпнұсқалы
бөлшектерін және құрал-
жабдықтарын қолдануға ұсыныс
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан агрегатпен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Агрегаттың құрылымына қандай да
бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіптілік төнуі мүмкін.
STIHL компаниясы қолданысқа рұқсат
етілмеген аспалы құрылғыларды
қолданудың салдарынан адамға және
мүлікке келтірілген нұқсан үшін
күтілетін жауапкершіліктен бас
тартады.
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралмен жұмыс істеу
Әрбір рет қолданудың алдында
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдарды пайдалану нұсқаулығын
оқыңыз. Араластыру, қолдану, жеке
қорғаныс жарақтандыруы, сақтау
және кәдеге жарату жөніндегі
нұсқауларды сақтаңыз.
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды пайдалану жөніндегі
заңнама нормаларын ұстаныңыз.
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдың құрамында адамдарға,
жануарларға, өсімідіктерге және
қоршаған ортаға зиян келтіре алатын
ингредиенттер болуы мүмкін – улану
және өмірге қауіпті жарақат алу
бойынша қауіптілік төне алады!
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралға тигізбеңіз.
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды пайдалануға және алғашқы
көмек көрсетуге үйретілген тұлғалар
ғана өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды қолдана алады.
Апаттық жағдай орын алған кезде,
өсімдіктерді қорғауға арналған құрал
жайында дәрігерге дереу хабарлауға
болатындай, өсімдіктерді қорғауға
арналған құралды пайдалану
нұсқаулығын немесе заттаңбасын
дайын ұстаңыз. Апаттық жағдай орын
алса, өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды пайдалану нұсқаулығында
немесе заттаңбасында көрсетілген
нұсқауларды орындаңыз.
Дайындаушының қауіпсіздік
техникасы ережелерін сақтаңыз!
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды толтырып, енгізіңіз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды тек қана өндірушінің
нұсқауларына сәйкес қолдану керек.
сыйымдылықты өсімдіктерді
қорғауға арналған құралмен
толтырудың алдында, таза сумен
байқалатын іске қосу жасаңыз
және агрегат бөлшектерінің
барлығының герметикалығын
тексеріңіз
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдың сұйық түрін ешқашан да
сұйылтпай шашыратпаңыз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды тек далада немесе
жақсы желдетілетін орынжайда
ғана дайындаңыз және
толтырыңыз
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдың артық мөлшері
қалмауы үшін тек қана қажет
болған мөлшердегі ерітіндіні
дайындаңыз
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдың әр түрін араластыруды
өндіруші мақұлдаған болса ғана
оларды бір-бірімен араластыруға
болады
SG 31
қазақ
5
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдың әр түрін араластырған
кезде, өндірушінің деректерін
ұстаныңыз – қоспалар
пропорциясы дұрыс емес болса,
улы булар немесе жарылғыш
қоспа түзіле алады
Агрегатты тегіс қабатқа
орнатыңыз – сыйымдылықты ең
жоғары белгіден асырып
толтырмаңыз
құбыржол торабынан толтырған
кезде, толтыруға арналған
шлангты қоспаға түсірмеңіз –
құбыржол торабындағы вакуум,
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды құбыржол жүйесіне
сорып әкете алады
Агрегатты толтырған кезде
денеге аспаңыз – жарақат алу
қаупі төне алады!
Сыйымдылықты ерітіндімен
толтырғаннан кейін, оны нықтап
жауып қойыңыз
Пайдалану
далада немесе жақсы
желдетілетін орынжайларда,
мысалы, ашық орынжайларда
ғана жұмыс істеңіз
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралмен жұмыс істеген кезде
тамақ ішпеңіз, шылым шекпеңіз,
иіскемеңіз және сұйықтық ішпеңіз
Қондырмалар мен басқа ұсақ
бөлшектерді ешқашан да
ауызбен үрлемеңіз
жел соғып тұрған кезде ешқашан
да жұмыс істемеңіз
Өте жоғары немесе өте төмен жұмыс
қысымы, сондай-ақ қолайсыз ауа
райы өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдың дұрыс емес
концентрациясының себепшісі бола
алады. Артық мөлшерлеме,
өсімдіктерді зақымдауы және
қоршаған ортаға нұқсан келтіруі
мүмкін. Кем мөлшерлеме,
өсімдіктерді өңдеудің қалаулы
нәтижесіне жеткізе алмайды.
Өсімдіктер мен қоршаған ортаға зиян
келтірмеу мақсатында, агрегатты
келесі жағдайларда ешқашан да
қолданбаңыз:
тым жоғары немесе тым төмен
жұмыс қысымымен
жел соғып тұрған кезде
30 °C-ден жоғары
температурада, көлеңкеде
тікелей күн сәулесі тиген кезде
Агрегатқа зиян келтірмеу және
жарақат алмау мақсатында,
агрегатты келесі заттармен бірге
ешқашан да қолданбаңыз:
тұтанатын сұйықтықтармен
қою және жабысқақ
сұйықтықтармен
күйдіретін және қышқылды
құралдармен
Температурасы 30 °C-ден асатын
сұйықтықтармен
Сақтау
жұмысты доғарған кезде,
агрегатты тікелей күн
сәулелерінің және жылу
қайнарларының әсеріне
ұшыратпаңыз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды сыйымдылықта бір
күннен ұзақ сақтамаңыз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды тек рұқсат етілген
сыйымдылықтарда ғана сақтаңыз
және тасымалдаңыз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды тағам өнімдеріне,
сусындарға және азыққа
арналған ыдыста сақтамаңыз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды тағам өнімдерінің,
сусындардың және азықтың
жанында сақтамаңыз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды балалар мен
жануарлардан алшақ жерде
сақтаңыз
Агрегатты босатылған, қысымсыз
және тазартылған күйде сақтаңыз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құрал мен агрегатты сақтаған
кезде, оларды рұқсатсыз
қолданудан қорғаңыз
Агрегатты құрғақ және қатпайтын
жерде сақтаңыз
Кәдеге жарату
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды нұсқауларға сай және
қоршаған ортаға зиян келтірмей
кәдеге жаратыңыз – өсімдіктерді
SG 31
қазақ
6
қорғауға арналған құралды
дайындаушының нұсқауларын
сақтаңыз
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдың қалдықтары мен
агрегаттың шаю сұйықтығын
сутоғандарға, ағынды суға,
канализацияға, шұңқырларға,
шахталарға, дренаждарға төкпеңіз.
Қалдықтар мен пайдаланылған
сыйымдылықтарды кәдеге
жаратқан кезде, қалдықтардың
кәдеге жарату жөніндегі жергілікті
нормаларды ұстаныңыз
Агрегатты қалай ұстау және қалай
жүргізу қажет
Агрегатты аспалы белдіктің көмегімен
сол жақ иыққа тағыңыз. Апаттық
жағдай орын алған кезде агрегатты
оңай алып тастау үшін аспалы
белдікті айқыш-ұйқыш күйде
тақпаңыз.
Агрегатты оң қолыңызбен
пистолеттен, ал сол қолыңызбен
сорғы сабынан ұстаңыз.
Алдыға қарай баяу қозғала отырып
қана жұмыс істеңіз ағын түтікшесінің
шығу аумағын үнемі бақылап тұрыңыз
– арттан алдыға қарай қозғалмаңыз –
сүрініп кете аласыз!
Агрегатты тік күйде ұстаңыз –
ерітінділерге арналған
сұйыққоймадан ерітіндінің төгіліп
кетуінен жарақат алу қаупі төне
алады!
Жұмыс істеген кезде
Ешқашан да бөгде адамдарға қарай
себуге болмайды – жарақат алу қаупі
төне алады!
Тайғанақ, ылғал болғанда, қар
басқанда, мұз болғанда, тау еңісінде,
кедір-бұдыр жерлерде және тағы
басқа жерлерде абайлаңыз –
тайғанау қаупі төне алады!
Кедергілерге назар аударыңыз:
Қоқыстар, томарлар, тамырлар,
орлар болса – сүрініп кете аласыз!
Төтенше шаршауды болдырмас үшін,
жұмыс барысында уақытымен үзіліс
жасап тұрғаныңыз жөн – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Жұмысты байыпты және тиянақты
түрде атқарыңыз, жарық жақсылап
түсіп тұруы тиіс және көрініс айқын
болуы тиіс. Басқа адамдарға қауіп
төндірмей, абайлампаздықпен жұмыс
істеңіз.
Жиылмалы басқышта, орнықсыз
жерде жұмыс істемеңіз.
Далада және бақшада жұмыс істеген
кезде, кішкентай жануарларға назар
аударыңыз – оларға зиян келтіріле
алады.
Тоқ өткізетін тоқсымдардың жанында
жұмыс істемеңіз – электр тоғының
соғу қаупі төнуі мүмкін!
Өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдың әрбір түрін ауыстыру
арасында, агрегатты түгелдей
тазартыңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін
Агрегат бөлшектерінің
герметикалығын тексеру керек.
Жұмысты аяқтап болғаннан кейін
агрегатты, қолыңызды, бетіңізді және
қажет болса - киіміңізді жақсылап
тазартыңыз.
Адамдар мен жануарлар, өңделген
аумақтан алшақ жерде тұруы тиіс –
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралдар толықтай кепкеннен кейін
ғана осы аумаққа қайтадан кіруге
болады.
Техникалық қызмет көрсету және
жөндеу
Осы пайдалану нұсқаулығында
сипатталған техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын және жөндеу
жұмыстарын ғана орындау керек.
Жұмыстардың барлық бас түрлерін
мамандандырылған дилерге тапсыру
қажет.
6159BA001 KN
SG 31
қазақ
7
STIHL компаниясы, техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын және
жөндеу жұмыстарын тек қана STIHL
компаниясының мамандандырылған
дилеріне тапсыруға ұсыныс береді.
STIHL компаниясының
мамандандырылған дилерлері
біліктілікті арттыру курстарына үнемі
қатысып тұрады және олардың
иелігіне техникалық ақпарат
ұсынылады.
Жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз. Олай болмаған
жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
STIHL компаниясы STIHL
компаниясының түпнұсқалы қосалқы
бөлшектерін қолдануға ұсыныс
береді. Олар өздерінің сипаты
жағынан құрылғымен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Жөндеу және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын тек тазартылған,
толықтай босатылған және қысымсыз
агрегатта ғана орындаңыз.
Сыйымдылықты, құбыр жүйесі мен
шланг жүйесі тазартқан кезде, шығып
жатқан сұйықтықтың қалдықтарынан
ешкімнің зақымданбауын бақылаңыз
жарақат алу қаупі төне алады!
N Шлангты (1) пистолетке (2)
жалғаңыз
N Шлангты (1) ерітінділерге
арналған сұйыққоймаға (3)
жалғаңыз
N Ағын түтікшесін (4) пистолетке (2)
жалғаңыз
Аспалы белдік
N Аспалы белдіктің ілгегін
ағытыңыз
N Шанақтан тартыңыз және аспалы
белдікті ойық арқылы созыңыз
N Аспалы белдіктің ұштарын ілгек
арқылы созыңыз
Құрылғының
жиынтықтамасы
1
1
2
3
6159BA002 KN
2
6159BA003 KN
4
6159BA004 KN
6159BA005 KN
SG 31
қазақ
8
Алғаш рет пайдалануға берудің
алдында басқару элементтерінің
жұмысымен танысып алыңыз.
Сорғы
Сорғы сабын бұғаттаңыз
N Сорғы сабын төмен қарай
жылжытыңыз және бекітілген
сәтке дейін бұраңыз
Сорғы сабы қашан бұғатталады:
жұмыс істеген кезде
сорғыны ерітінділерге арналған
сұйыққоймаға бұрау үшін – сағат
тілінің бағыты бойынша бұраңыз
сорғыны ерітінділерге арналған
сұйыққоймадан бұрап алу үшін –
сағат тіліне қарсы бағыт бойынша
бұраңыз
Сорғы сабын бұғаттан шығару
N Сорғы сабы бұғаттан
шығарылмайынша және ол
жоғары-төмен бағытта еркін
қозғалмайынша, оны шамамен
1/4 айналымға бұраңыз
Сорғы сабы қашан бұғаттан
шығарылады:
ерітінділерге арналған
сұйыққоймада қысым жасау үшін
Ерітінділерге арналған сұйыққойма
Ерітінділерге арналған сұйыққоймада
қысым жасаңыз
N Сорғы сабын бірнеше рет
жоғары-төмен қарай
жылжытыңыз – ерітінділерге
арналған сұйыққоймадағы қысым
көтеріледі
Мікбасты манометрге (1) кіріктірілген
шкалада, ерітінділерге арналған
сұйыққоймаға арналған қысым
бейнеленеді.
Ерітінділерге арналған
сұйыққоймадағы қысым неғұрлым
жоғары болса, мікбасты манометрдің
көрсеткіштері соғұрлым жоғары
болады – ең жоғары жұмыс қысымы
3 бар (43,50 пси).
Басқару элементтері
6159BA006 KN
6159BA007 KN
1
6159BA008 KN
SG 31
қазақ
9
Ең жоғары жұмыс қысымы асып кетсе,
онда мікбасты манометрге
кіріктірілген сақтандырғыш қақпақша
қысымды төмендетеді.
Ерітінділерге арналған
сұйыққоймадағы қысымды кетіріңіз
N Мікбасты манометрді саптан
тартып, түгелдей алып
шығарыңыз қысым төмендейді
ерітінділерге арналған
сұйыққоймадан қысымның
толықтай кеткенін күтіңіз
Қысым шығарылуы тиіс:
толтырудың алдында
себуден кейін
сыйымдылықты босату және
тазарту үшін
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын бастаудың алдында
Пистолет
Пистолетті бұғаттау / бұғаттан
шығару
N Тежеуші тығырықты (1) жоғары
көтеріңіз – иінтірек (2) бұғаттан
шығарылады және басыла алады
N Тежеуші тығырықты (1) төмен
түсіріңіз – иінтірек (2)
бұғатталады, осылайша,
байқаусызда әрекетке келтіріле
алмайтын болады
6159BA010 KN
1
6159BA024 KN
2
1
2
6159BA011 KN
SG 31
қазақ
10
Ағын түтікшесінің ұзартқышы
N Ілме сомынды (1) босатыңыз
N Ағын түтікшесінің ұзартқышын (2)
тиісті ұзындыққа ұзартыңыз және
түзетіңіз – қондырма саңылауы
төмен қарап тұрады
N Ілме сомынды (1) бұрап тастаңыз
Қондырманы алмастыру
Қалауыңызға қарай, қуыс конустық
қондырма (1) немесе жалпақ ағынды
қондырма (2) орнатыла алады.
Көзбен шолып тексеру
Агрегаттың бірде-бір толықтырушы
бөлшектері зақымданбаған болса
ғана, оны қолданысқа енгізуге
болады. Әсіресе, сыйымдылық мен
шлангтың герметикалығын байқап
тұрыңыз.
Герметикалығын тексеріңіз
Босатылған сыйымдылыққа сынақ
жүргізіңіз.
N Сыйымдылықта қысым жасаңыз
мікбасты манометрінің (2)
қысымы 2 бар (29 пси)
болмайынша, сорғы сабын (1)
жоғары-төмен қарай бірнеше рет
жылжытыңыз
Келесі 30 мин бойынша
сыйымдылықтағы қысым 0,5 бар
(7,25 пси) көрсеткішінен
төмендемеуге тиіс.
N Пистолеттегі иінтіректі әрекетке
келтіріңіз – қысым төмендеуге
тиіс
N Пистолеттегі иінтіректі енді
ұстамаңыз – қысым
төмендемеуге тиіс
N Мікбасты манометрді саптан
тартыңыз – қысымның төмендеп
бара жатқаны естілуге тиіс
N Сыйымдылықтағы қысымды
толықтай кетіріңіз
1
6159BA012 KN
2
1
2
6159BA013 KN
Агрегатты қолданысқа
енгізу
2
6159BA009 KN
1
SG 31
қазақ
11
Сыйымдылық қысымсыз болуы тиіс.
N Сыйымдылықтан сорғыны бұрап
алып шығарыңыз
N Сыйымдылықты тегіс қабатқа
орнатыңыз
N араластырылған ерітіндіні
ақырындап тесікке (нұсқар)
құйыңыз ең көп құю мөлшерінен
асырмаңыз (шкаланың бөліктерін
байқап тұрыңыз!)
N Сорғыны сыйымдылыққа
қайтадан бұрап қойыңыз
Көзбен шолып тексеру
Агрегаттың бірде-бір толықтырушы
бөлшектері зақымданбаған болса
ғана, оны қолданысқа енгізуге
болады. Әсіресе, ерітінділерге
арналған сұйыққойма мен шлангтың
герметикалығын байқап тұрыңыз.
Себу
N Қысым жасаңыз – мікбасты
манометрде жұмыс қысымының
қажетті мәні шықпайынша, сорғы
сабын бірнеше рет жоғары-төмен
қарай жылжытыңыз –
"Қысымға/шығынға шолу" бөлімін
қараңыз
N Сорғы сабын бұғаттаңыз
Жұмыс қысымына/шығынына шолу –
"Техникалық сипаттамалар" бөлімін
қараңыз
N Ерітінділерге арналған
сұйыққойманы аспалы белдіктің
көмегімен сол жақ иыққа тағыңыз
N Пистолетті әрекетке келтіріңіз
және әрқашан оңтайлы жұмыс
қысымын сақтаңыз
N жұмыс қысымы 0,5 бар (7,25 пси)
көрсеткішінен төмендейтін болса,
оны қайтадан үрлеген жөн
Сыйымдылықты толтыру
6159BA014 KN
Себу
6159BA001 KN
SG 31
қазақ
12
N Сыйымдылықтан қысымды
толықтай шығарыңыз
N Сыйымдылықтан сорғыны бұрап
алып шығарыңыз
N Сыйымдылықты тек жақсы
желдетілетін жерде ғана төгіңіз –
ерітіндінің қалдықтарын тиісті
сыйымдылыққа салыңыз
Ерітіндінің қалдықтарын нұсқауларға
сай және қоршаған ортаға зиян
келтірмей кәдеге жаратыңыз –
өсімдіктерді қорғауға арналған
құралды дайындаушының
нұсқауларын сақтаңыз
N Сыйымдылықты таза сумен
жуыңыз
N Сыйымдылық тазармайынша
және қысым толықтай
түспейінше, сыйымдылықты таза
сумен толтырыңыз, үрлеңіз және
шашыратыңыз
N агрегатты ылғалды шүберекпен
бүтіндей сүртіңіз
N Сыйымдылық мен сорғыны
жекелеп кептіріңіз және сақтаңыз
N Агрегатты кептіріп, күн сәлесінен
және аяздан қорғалған жерде
сақтаңыз
Сорғы
Қайта құрастыру
N Ерітінділерге арналған
сұйыққоймадан сорғыны бұрап
алып шығарыңыз
N Цилиндр құбырында сорғыны
ұстап тұрыңыз және сорғы сабын
бекітіп қойыңыз
Себуден кейін Құрылғыны сақтау Пайдаланушы тарапынан
тексеру және техникалық
қызмет көрсету
SG 31
қазақ
13
N Сорғы сабын (1) цилиндр
құбырынан (2) тірекке дейін
тартыңыз
N сорғы сабынан тартыңыз және
бағыттаушы тығын (3) цилиндр
құбырынан босамайынша, сағат
тіліне қарсы бағыт бойынша
бұраңыз
N Мікбас сояуышын (4) цилиндр
құбырынан суырыңыз
N Мікбас манжетасы мен сақиналы
нығыздағышқа майлау жағыңыз
Құрастыру
N Бағыттаушы тығынды (1) мікбас
манжетасымен (2) бірге цилиндр
құбырына (3) салыңыз
N Бағыттаушы тығынды (1) қатты
ұстап тұрып, цилиндр құбырына
батырыңыз
N Сорғы сабын (1) тірекке дейін
суырыңыз
N Сорғы сабын (1) сағат тілінің
бағыты бойынша бұраңыз –
бағыттаушы тығын (2) цилиндр
құбырында бекітілген сәтке дейін
N Сорғы сабын (1) төмен қарай
жылжытыңыз және бекітіп
қойыңыз
N Сорғыны ерітінділерге арналған
сұйыққоймаға қайтадан бұрап
қойыңыз
6159BA015 KN
2
3
4
1
6159BA016 KN
6159BA017 KN
1
2
3
6159BA018 KN
1
2
SG 31
қазақ
14
Сүзгіні тазартыңыз
N Сапты (1) пистолеттен бұрап
алыңыз және сүзгіні (2) суырыңыз
N Сүзгіні ағынды сумен шайыңыз
Қондырманы тазартыңыз
N Қуыс конустық қондырманы (1)
құйындатқышпен (2) бірге ағын
түтікшесінен бұрап алыңыз
немесе
N Жалпақ ағынды қондырманы
ағын түтікшесінен бұрап алыңыз
N Ілме сомынды (3) қондырма
шанағынан (6) бұрап алыңыз
және қондырманы (4)
нығыздағыш сақинадан (5) алып
тастаңыз
N Бөлшектерді ағынды сумен
шайыңыз және қайтадан жинап
қойыңыз
6159BA025 KN
1
2
6159BA026 KN
6
5
4
2
3
6159BA021 KN
1
6159BA022 KN
SG 31
қазақ
15
Техникалық қызмет көрсету және күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар
Деректер қалыпты жұмыс шарттарына келтірілген. Күн сайынғы жұмыс
уақыты аса ұзақ болса, онда көрсетілген аралықтарды тиісінше қысқарту
керек.
жұмысты бастамас бұрын
жұмысты аяқтағаннан кейін
немесе күн сайын
апта сайын
ай сайын
жылына бір рет
Ақаулықтар
бүлінген кезде
қажет болғанда
50 рет қолданғаннан кейін
Агрегат жиынтығы
Көзбен шолып тексеру
(жағдайын, герметикалығын)
X
тазарту X
Сыйымдылық, ағын түтікшесі, өрт үстелі
босату X
тазарту X
Қондырма тазарту XX
Сүзгі тазарту XX X
Мікбас манжетасы майлау XX X
Дөңгелек қималы сақина майлау XX
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ескертпесі
бар жапсырма
ауыстыру X
SG 31
қазақ
16
1 Жалпақ ағынды қондырма
2 Қуыс конустық қондырма
3 Құйындатқыш
4 Ағын түтікшесінің ұзартқышы
5 Ілме сомын
6 Ағын түтікшесі
7 Пистолет
8 Тежеуші тығырық
9 Иінтірек
10 Сүзгі
11 Шланг
12 Сорғы сабы
13 Мікбас сояуышы
14 Сорғы цилиндріндегі құлып
15 Бағыттаушы тығын
16 Сақиналы нығыздағыш
17 Сорғы цилиндрі
18 Мікбас манжетасы
19 Мікбасты манометр /
сақтандырғыш қақпақша
20 Ерітінділерге арналған
сұйыққойма
21 Аспалы белдік
Маңызды толымдаушылары
6
10
5
1
2
3
9
8
4
6159BA026 KN
7
12
17
18
11
20
21
13
15
19
16
14
SG 31
қазақ
17
Гидравликалық деректер
Жұмыс қысымына/шығынына шолу
Салмақ
Белгіленген қолданыс кезеңі
Белгіленген қолданыс кезеңі: 30
жылға дейін.
Белгіленген қолданыс кезеңі
уақытында, қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарына сәйкес
тұрақты техникалық қызмет және
күтім көрсетіледі.
Техникалық сипаттамалар
Ағын қысымы, ең
көбі: 3 бар (43,50 пси)
Көлемдік шығыны,
ең көбі:
1,0 л/мин
(61,02 текше дю
йм./мин)
Толтыру көлемі, ең
көбі:
(1,32 америкалы
қ галлон)
Сыйымы: 6,4 л
(1,69 америкалы
қ галлон)
Жұмыс
температурасы, ең
көбі: 30° C (86 °F)
техникалық
қалдығы:
<0,04 л
(1,4 унция)
Қайтарым күші: <5 Н (1,12 фунт-
күш)
Себу қысымы Қуыс конустық
қондырмамен бірге
судың шығыны
1,5 бар
(21,75 пси)
0,49 л/мин
(29,9 текше дюйм./мин
)
2,0 бар
(29,0 пси)
0,56 л/мин
(34,17 текше дюйм./ми
н)
3,0 бар
(43,51 пси)
0,69 л/мин
(42,11 текше дюйм./ми
н)
Меншік салмағы: 1,3 кг (2,9 фунт)
SG 31
қазақ
18
Жұмыстағы ақаулықтарды кетіру
Бастаудың алдында, қысым толықтай төмендемейінше агрегатты себу арқылы босатыңыз – жұмыс барысында қысым
шығарылмаған кезде агрегатта сұйықтық еш бақылаусыз шашыратыла алады.
Жұмысты аяқтап болғаннан кейін таза сумен байқалатын іске қосуды орындаңыз.
Ақаулық Себеп Жою тәсілдері
Сорғылау кезінде қысым шықпайды Сорғы нықтап бұралмаған Сорғы сабын бұғаттап, сорғыны бұрап
тастаңыз
Сорғының сақиналы нығыздағышы
бүлінген
Дөңгелек қималы сақинаны
ауыстырыңыз
Мікбас манжетасы бүлінген Мікбас манжетасын ауыстырыңыз
Тек қана ағын керек –
шашыратпаңыз
Қондырмада құйындатқыш жоқ Құйындатқышты қондырмаға
орнатыңыз
Қондырма шашыратпайды –
сыйымдылықта қысым
Қондырма / құйындатқыш және / немесе
сүзгі бітелген
Қондырманы / құйындатқышты және /
немесе сүзгіні тазартыңыз
Сорғының ішіне сұйықтық кіреді Қақпақша тығырығы ластанған немесе
бүлінген
Қақпақша тығырығын тазартыңыз
немесе ауыстырыңыз
Мікбасты манометр
сыйымдылықтағы қысымның
жоқтығын көрсетеді, сақтандырғыш
қақпақша әрекетке тым ерте
келтіріледі
Мікбасты манометр ақаулы Агрегатты ауыстырыңыз
/