STIHL HSE 42, 52 Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал руководство по эксплуатации электрических кусторезов STIHL HSE 42 и HSE 52. Я готов ответить на ваши вопросы о функциях, правилах безопасности, техническом обслуживании и уходе за этими моделями. В руководстве подробно описаны такие важные моменты, как безопасное использование, заточка ножей и правильное подключение к электросети.
  • Как часто нужно проводить техническое обслуживание кустореза?
    Какие меры предосторожности необходимо соблюдать при работе с кусторезом?
    Как заточить ножи кустореза?
    Какие типы кабелей можно использовать с кусторезом?
{
STIHL HSE 42, 52
Қолдану нұсқаулығы
Инструкция по эксплуатации
Q Қолдану нұсқаулығы
1 - 21
R Инструкция по
эксплуатации
22 - 41
Түпнұсқалық қолдану
нұсқаулығы
Хлормен ағартылған қағазда басылып шығарылған
Басып шығаратын бояулардың құрамында өсімдік майлары
бар, қағазды қайта өңдеуге болады.
© ANDREAS STIHL AG & Co. KG, 2016
0458-762-4921-A. VA0.D16.
0000006802_004_KZ
HSE 42, HSE 52
қазақ
1
{
Осы қолдану нұсқаулығы авторлық құқықпен қорғалған Барлық құқықтар, әсіресе тарату, аудару және электроникалық
жүйелермен өңдеу құқықтары сақталады.
Мазмұны
Құрметті сатып алушылар,
STIHL фирмасының жоғары сапалы
бұйымын сатып алуға бел
байлағаныңыз үшін үлкен рахмет
айтамыз.
Аталған бұйым өндірістің озық
технологияларын қолдана отырып,
сонымен қатар сапаны қамтамасыз
ету жөніндегі барлық қажетті
шараларды ескере отырып
дайындалған. Осы агрегат Сіздің
көңіліңізден шығуы үшін және оны еш
кедергісіз қолдануыңыз үшін біз
қолымыздан келгеннің барлығын
істеуге тырысамыз.
Егер Сізде агрегатыңызға қатысты
сұрақтар туындаса, өз дилеріңізге
немесе біздің өткізу компаниямызға
жүгінуіңізді сұраймыз.
Сіздің
Др. Nikolas Stihl
Қолдану нұсқаулығына 2
Қауіпсіздік техникасы ережелері
және жұмыс техникасы 2
Пайдалану 8
Құрылғыны электр желісіне қосу 9
Құрылғыны қосу 10
Құрылғыны сөндіру 10
Құрылғыны сақтау 10
Кескіш пышақты қайрау 11
Техникалық қызмет көрсету және
күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар 12
Тозуды азайту және ақаулардың
алдын алу 13
Маңызды толымдаушылары 14
Техникалық сипаттамалар 15
Жөндеу бойынша нұсқаулар 16
Кәдеге жарату 17
ЕО нормаларына сәйкестік
сертификаты 17
Мекенжайлар 18
Электр аспаптарына арналған
жалпы қауіпсіздік техникасы
ережелері 18
HSE 42, HSE 52
қазақ
2
Суреттердегі нышандар
Құрылғыға жабыстырылған
суреттердегі барлық нышандардың
анықтамасы, осы қолдану
нұсқаулығында келтірілген.
Мәтін бөлімдерінің белгіленуі
Сақтандыру
Жазатайым оқиғаның және жарақат
алудың, сонымен қатар күрделі
материалдық нұқсанның қаупі
жайында адамдарға ескерту.
Нұсқау
Құрылғының немесе жекелеген
толымдаушылардың бүліну мүмкіндігі
жайында ескерту.
Техникалық әзірленім
STIHL компаниясы барлық
машиналарды және құрылғыларды
одан әрі әзірлеумен ұдайы
айналысуда; сондықтан пішін,
техника және жабдықтар бойынша
жеткізілімнің толымдаушыларына
барлық өзгерістерді енгізу құқығын
өзімізге қалдыруға тиіспіз.
Сол себепті осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың нұсқауларына және
суреттеріне қатысты ешқандай
кінәраттар тағыла алмайды.
Қауіпсіздік нұсқауларына қатысты
жергілікті ережелерді, мысалы
кәсіподақтардың, әлеуметтік
кассалардың, еңбекті қорғау
жөніндегі органдардың және басқа
мекемелердің ережелерін сақтаңыз.
Агрегатпен алғаш рет жұмыс істейтін
әрбір адам: Агрегатты қалай қолдану
керектігі туралы білікті маманнан
немесе басқа маманнан нұсқау алуы
керек – немесе арнайы оқу курсынан
өтуі қажет.
Қараумен оқытылып жатқан 16 жасқа
толған жас адамдарды қоспағанда,
кәмелеттік жасқа толмағандарға
агрегатпен жұмыс істеуге рұқсат
берілмейді.
Балалар, жануарлар және бөгде
адамдар алшақта болуы тиіс.
Егер де агрегат қолданылмаса, оны
ешкімге кедергі келтірмейтіндей етіп
аулақ қойған жөн. Агрегатты
рұқсатсыз қолданудан қорғаңыз.
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
үшін не болмаса басқа адамдарға
немесе олардың мүлкіне төнетін
қауіптілік үшін жауапты болады.
Агрегатты, оның осы үлгісімен мұқият
танысып алған және қолдануға
жақсылап үйретілген адамдарға ғана
беруге немесе жалға беруге рұқсат
етіледі – әрқашан пайдалану
нұсқаулығын көрсетіңіз.
Дене күші, сенсорлық немесе ақыл-ой
қабілеті бұзылған тұлғалар, жауапты
тұлғаның бақылауымен немесе
нұсқауларымен ғана жұмыс істей
алады.
Қатты шуыл шығаратын құрылғының
қолданылуы, уақыт өте келе ұлттық
және жергілікті нұсқаулармен
шектеле алады.
Агрегатпен жұмыс істейтін адамдар
демалған, дені сау болуы керек және
дене күшінің жағдайы жақсы болуы
қажет.
Денсаулық жағдайы бойынша
жүктеме ұсынылмайтын адамдар,
агрегатпен жұмыс істей алатындығы
туралы дәрігерден кеңес алуы тиіс.
Қолдану нұсқаулығына Қауіпсіздік техникасы
ережелері және жұмыс
техникасы
Осы агрегатпен жұмыс
істеген кезде, айрықша
қауіпсіздік іс-
шараларын сақтау
қажет болады, себебі
кескіш пышақ өте өткір
және жұмыс электр
тоғын қолдана отырып
орындалады.
Алғаш рет пайдалануға
беру кезінде, пайдалану
нұсқаулығымен мұқият
танысып алыңыз және
алдағыда пайдалану
үшін сенімді жерге
сақтап қойыңыз.
Пайдалану
нұсқаулығын
ұстанбаған жағдайда,
өмірге қауіп төнуі
мүмкін.
HSE 42, HSE 52
қазақ
3
Алкогольді, жауап қайтару қабілетін
төмендететін дәрілерді немесе
есірткіні тұтынғаннан кейін агрегатпен
жұмыс істеуге болмайды.
Агрегатты тек ағаш шарбақтарды,
бұтақтарды, бұталарды, ұсақ
қопаларды және соларға ұқсас
заттарды кесу үшін ғана қолданыңыз.
Агрегатты мақсатына сай қолдану
қажет, керісінше жағдайда,
жазатайым оқиғалардың орын алуы
немесе агрегаттың бүлінуі мүмкін.
Агрегатта жұмысты бастаудың
алдында, штепсельді айырды
розеткадан суырыңыз – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Розеткадан суырған кезде біріктіруші
сымнан тартпаңыз, оның орнына
штепсельді айырды ұстаңыз.
Сай келмейтін ұзартатын сымдарды
қолдану өмір үшін қауіпті болуы
мүмкін.
Ұзартатын сымдарды қолданған
кезде жекелеген тоқсымдардың ең аз
көлденең қимасына назар аудару
керек ("Агрегатты электр желісіне
қосу" бөлімін қараңыз).
Ұзартатын сымның штекері мен
жалғастырғышы су өткізбеуі керек
немесе кабельдер суға тимейтіндей
етіп өткізілуі тиіс.
Осындай кескіш пышақты немесе
STIHL компаниясы тарапынан осы
агрегатқа рұқсат берілген немесе
өзінің технологиялық сипаттамасы
жағынан ұқсас болып келетін құрал-
жабдықтарды ғана қолданыңыз.
Қандай да бір сұрақтар туындаса
мамандандырылған дилерге жүгініңіз.
Жоғары сапалы құрал-саймандарды
немесе құрал-жабдықтарды ғана
қолданыңыз. Олай болмаған
жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады.
STIHL компаниясы, STIHL
компаниясы ұсынған түпнұсқалы
құрал-саймандарды және құрал-
жабдықтарды қолдануға кеңес
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан бұйыммен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Агрегаттың құрылымына қандай да
бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіптілік төнуі мүмкін.
STIHL компаниясы қолданысқа рұқсат
етілмеген аспалы агрегаттарды
қолданудың салдарынан адамға және
мүлікке келтірілген нұқсан үшін
жауапты болмайды.
Агрегатты тазарту үшін жоғары
қысымды жуғыштарды қолданбаңыз.
Судың қатты ағыны агрегаттың
бөлшектерін бүлдіре алады.
Агрегатқа су шашыратпаңыз.
Киімдер мен жарақтар
Белгіленген киімдер мен жарақтарды
қолданыңыз.
Ағашқа, ұсақ қопаларға немесе
агрегаттың қозғалмалы бөлшектеріне
іліне алатын киімді кимеңіз. Сонымен
қатар мойынорағыш, галстук және
қандай да бір әшекей тағуға
болмайды. Ұзын шаш оралуы және
бекітілуі керек (орамал, бас киім,
дулыға және т.б.).
Сақтандыру
Есту мүшелерін қорғайтын "жеке"
құралдарды, мысалы естуді қорғауға
арналған капсуланы қолданыңыз.
STIHL компаниясы жеке қорғаныс
жарақтандыруының кең
бағдарламасын ұсынады.
Киім мақсатқа сай
қолданылуы тиіс және
жұмысқа кедергі
келтірмеуі қажет.
Денеге тығыз тиіп
тұратын киім
ұсынылады -
комбинезон, бірақ
жұмыс халаты емес.
Бұдырлы,
тайғанамайтын табаны
бар мықты аяқ киім
киіңіз.
Көзге жарақат келтіру
қауіптілігін төмендету
үшін EN 166
стандартына сәйкес
қорғаныс көзілдірігін
пайдаланыңыз.
Қорғаныс көзілдірігінің
дұрыс орнатылғанына
назар аударыңыз.
Тозуға төзімді
материалдан (мысалы,
теріден) жасалған берік
жұмыс қолғаптарын
киіңіз.
HSE 42, HSE 52
қазақ
4
Құрылғыны тасымалдау
Агрегатты әрдайым сөндіріп
отырыңыз және штепсельді айырды
агрегаттан суырыңыз – пышақты
қорғау қаптамасын әрдайым кигізу
керек, тіпті қысқа қашықтыққа
тасымалдаған кезде де.
Агрегатты тасығанда, кескіш
пышақтарды артқа қаратып, саптан
ұстаңыз.
Автокөліктің ішінде: Агрегатты
төңкерілуден және бүлінуден
қорғаңыз.
Жұмысты бастамас бұрын
Құрылғының мінсіз жұмыс атқаруын
бақылаңыз және Қолдану
нұсқаулығындағы тиісті бөлімге назар
аударыңыз:
Агрегаттың кернеуі және жиілік
көрсеткіші (зауыттық
тақтайшасын қараңыз) желінің
кернеуіне және жиілік
көрсеткішіне сай келуге тиіс
Біріктіруші сым, штепсельді айыр
және ұзартатын сым
зақымдалмаған ба екенін
тексеріңіз. Зақымдалған
кабельдер, жалғастырғыштар
және штекерлер немесе
талаптарға сай келмейтін
біріктіргіш тоқсымдар
қолданылмауы тиіс
Ұзартатын сымдардың
розеткалары су
шашырандыларының тиіп
кетуінен қорғалуы керек
Біріктіруші сымдарды,
айналадағыларға қауіп
төндірмейтіндей етіп өткізіңіз
және таңбалаңыз – сүрініп кету
қаупі төнуі мүмкін
Қайта қосқыш иінтіректің бұғаты,
қайта қосқыш иінтірек және қайта
қосқыш қамытша оңай қозғалуы
керек – қайта қосқыш иінтіректің
бұғаты, қайта қосқыш иінтірек
және қайта қосқыш қамытша
босатылғаннан кейін бастапқы
күйге оралуға тиіс
Кескіш пышақтардың күйі мінсіз
(таза, оңай қозғалады және
қалпын өзгертпеген), тығыз
отырған, дұрыс монтаждалған,
қайралған және STIHL таңбалы
шайыр еріткішімен (майлау
құралы) майланған
Тіліктен қорғайтын қорғанышта
(бар болса) зақымдардың
бар/жоқ екенін тексеру керек
басқару элементтеріне немесе
қауіпсіздік қондырғысына кез-
келген өзгеріс енгізуге тыйым
салынады
Сап майдан және кірден
тазартылған, таза әрі құрғақ
болуы қажет, онысы агрегатты
сенімді түрде басқару үшін
маңызды шарт болып табылады
Агрегат тек қана сенімді қолданыс
жағдайында қолданылуы қажет –
жазатайым оқиға қаупі төне алады!
Ток соғу қаупін келесі жолмен
азайтуға болады:
электр қосылымы, нұсқауларға
сай монтаждалған штепсель
розеткасына ғана қосылады
қолданылатын ұзартатын сым
осы қолдану нұсқасына арналған
нұсқауларға сай келуге тиіс
Біріктіруші сымдар мен ұзартатын
сымдардың, штекердің және
жалғастырғыштың
оқшаулағыштары мінсіз күйде
болуға тиіс
9930BA000 KN
HSE 42, HSE 52
қазақ
5
Агрегатты қалай ұстау және қалай
жүргізу қажет
Қозғалтқыштың агрегатын әрқашан
екі қолыңызбен саптан нықтап
ұстаңыз. Сапты бас бармақпен
нықтап ұстаңыз.
Оңқай
Оң қолыңыз жетектің сабында, ал сол
қолыңыз доғалы тұтқада болады.
Солақай
Сол қолыңыз жетектің сабында, ал оң
қолыңыз доғалы тұтқада болады.
Орнықты күйде тұрыңыз және
агрегатты бағыттаған кезде, кескіш
пышақтар әрқашан денеден басқа
жаққа қарайтындай етіп бағыттаңыз.
Жұмыс барысында
Қауіптілік төнетін болса немесе
апаттық жағдай орын алса, агрегатты
дереу сөндіру керек – қайта қосқыш
иінтірек пен қайта қосқыш қамытшаны
босатыңыз.
Жұмыс аумағында бөгде адамдардың
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Кескіш пышақтарды бақылаңыз –
бұталықтың көрінбейтін жерлерін
кеспеңіз.
Биік бұталықты кескен кезде аса абай
болыңыз, себебі бұтаның астында
біреу болуы мүмкін – алдымен
төңіректі қарап шығыңыз.
Агрегатты жаңбырдың астында
қалдырмаңыз.
Агрегат пышақты жылдам тоқтату
жүйесімен жарақталған – қайта
қосқыш иінтірек немесе қайта қосқыш
қамытша босатылған кезде, кескіш
пышақ бірден тоқтай қалады.
Осы жүйенің жұмыс істеу қабілетін жиі
аралықпен тексеріп тұрыңыз. Кескіш
пышақтар инерция бойынша
айналған кезде, агрегатты
пайдаланбаңыз – жарақат алу қаупі!
Мамандандырылған дилерге
жүгініңіз.
Тайғанақ, ылғал болғанда, қар
басқанда, тау еңісінде, кедір-бұдыр
және тағы басқа төңіректерде
абайлаңыз – тайғанау қаупі төне
алады!
Құлаған бұтақтарды, қалың
бұталықты және кесілген материалды
алып тастаңыз.
Кедергілерге назар аударыңыз:
Томарлар, тамырлар болсасүрініп
кете аласыз!
Биіктікте жұмыс атқарғанда:
әркез көтергіш жұмыс табанын
пайдаланыңыз:
ешқашан да басқышта немесе
ағашта тұрып жұмыс істемеңіз
ешқашан да орнықсыз жерде
тұрып жұмыс істемеңіз
Есту мүшелерін қорғайтын құралды
пайдаланған кезде, аса мұқият және
сақ болуыңыз керек, себебі қауіптілік
дыбыстарын сезу қабілеті (айғайлар,
дабыл белгілері және т.б.) шектеледі.
Төтенше шаршауды болдырмас үшін,
жұмыс барысында уақытымен үзіліс
жасап тұрғаныңыз жөн – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Жұмысты байыпты және тиянақты
түрде атқарыңыз, жарық жақсылап
түсіп тұруы тиіс және көрініс айқын
болуы тиіс. Басқа адамдарға қауіп
төндірмей, абайлампаздықпен жұмыс
істеңіз.
Бәсеңдеткіш, қолданылған уақытта
қызады. Бәсеңдеткіштің қақпағын
ұстамаңыз – күйік шалу қаупі төне
алады!
9930BA001 KN
9930BA002 KN
Жаңбыр жауған кезде,
сондай-ақ дымқыл
немесе өте ылғалды
ортада агрегатпен
жұмыс істемеңіз – жетек
қозғалтқышы судан
қорғалмаған – электр
тогының соғу немесе
қысқа тұйықталу қаупі!
HSE 42, HSE 52
қазақ
6
Егер де қозғалтқыштың агрегаты
арналымынан тыс жүктемеге
ұшыраған болса (мысалы, соққы
немесе құлау нәтижесіндегі күштің
әсерінен), алдағыда жұмыс істер
алдында агрегаттың қолданыс
жағдайын тексеріңіз – "Қосудың
алдында" бөлімін қараңыз. Әсіресе,
қауіпсіздік қондырғысының
пайдаланудағы сенімділік дәрежесін
тексеріңіз. Мінсіз қолданыс күйінде
болмаған қозғалтқыштың
агрегатымен жұмыс істеуге тыйым
салынады. Қандай да бір күмән
туындаса, мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
Кескіш пышақтарды бүлдіріп алмау
үшін бұталықтар мен жұмыс аумағын
қарап шығыңыз:
Тастарды, металл бөлшектерді
және қатты заттарды алып
тастаңыз
мысалы, жерге жақын жерде
жұмыс істеген кезде, кескіш
пышақтардың арасына құм мен
тастар кіріп кетпеуін бақылап
тұрыңыз
сыммен қоршалған өсіп тұрған
ағаш шарбақты кескен кезде,
кескіш пышақты сымға тигізбеңіз
Тоқ өткізгіш тоқсымдарға жанаспаңыз
қандай да бір электр тоқсымын кесіп
алмау үшін абай болыңыз – ток соғу
қаупі төнуі мүмкін!
Бұталықтар қатты ластанған немесе
шаң басқан жағдайда, қажет болса –
кескіш пышақтарға STIHL
қарамайдың еріткішін бүркіңіз.
Осының арқасында, кескіш
пышақтардың үйкелуі, өсімдік
шырындарының агрессиясы және кір
бөлшектерінің бөлінуі анағұрлым
дәрежеде төмендейді.
Жұмыс кезінде түзілетін шаң-тозаң
денсаулыққа ауыр зиян келтіре
алады. Шаң көптеп түзілетін болса,
шаңға қарсы маска тағыңыз.
Розеткадан суырған кезде біріктіруші
сымнан тартпаңыз, оның орнына
штепсельді айырды ұстаңыз.
Үстінен басып кету, жапырылу,
жыртылу және басқа жағдайлардың
салдарынан біріктіруші сымның
зақымдалмауын бақылап тұрыңыз.
Біріктіруші және ұзартатын сымдарды
тиісінше өткізіңіз:
жиекке, өткір ұшты немесе өткір
заттарға үйкелуге жол бермеңіз
есік немесе терезе ойықтарында
қыспаңыз
кабельдер шатасса – штепсельді
айырды тартыңыз және кабельді
тарқатыңыз
Кескіш құрал-сайманды ұстаудан
аулақ болыңыз
Қызып кетудің салдарынан өрт
туындау қаупі төнбес үшін
кабельге арналған атанақты
әрқашан толықтай тарқатыңыз
Агрегатты тоқтатпастан бұрын:
Құрылғыны сөндіру үшін –
штепсельдік штекерді суырыңыз.
Кескіш пышақтарды, қысқа уақыт
аралықтарынан кейін үнемі тексеріңіз
және көзге білінетін өзгерістер орын
алған кезде дереу тексеріп тұрыңыз:
Агрегатты сөндіріңіз, кескіш
пышақтардың толықтай
тоқтағанын күтіңіз, штепсельді
айырды суырыңыз
Отырған күйін және беріктігін
тексеріңіз, жарықтардың бар/жоқ
екеніне назар аударыңыз
Пышақтардың егелген дәрежесін
ескеріңіз
Кескіш пышақты ауыстыру үшін
агрегатты сөндіріңіз және штепсельді
айырды суырыңыз. Моторды
жоспарлы түрде іске қосқан кезде
жарақат алу қаупі төне алады!
Мотор жұмыс істеп
тұрған кезде кескіш
пышақтарды
ұстамаңыз. Кескіш
пышақтарды қандай да
бір затпен бұғаттаған
кезде, қозғалтқышты
дереу тоқтатыңыз және
штепсельді айырды
суырыңыз – затты тек
осыдан кейін ғана алып
тастаңыз жарақат алу
қаупі төне алады!
Біріктіруші сым
зақымданған жағдайда,
штепсельді айырды
дереу суырыңыз –
электр тогының соғуы
салдарынан өмірге
қауіп төнуі мүмкін!
HSE 42, HSE 52
қазақ
7
Қозғалтқышты ұсақ қопалардан,
жапырақтардан және майлағыш
құралдардың артық мөлшерінен
әрдайым тазартып тұрған жөн –
өрттің туындау қаупі төне алады!
Жұмысты аяқтағаннан кейін
Агрегатты шаң мен кірден
тазартыңыз - май еріткіштерді
қолданбаңыз.
Кескіш пышақтарға STIHL
қарамайдың еріткішін бүркіңіз –
спрейді біркелкі тарату үшін
қозғалтқышты тағы да қысқаша
уақытқа іске қосыңыз.
Дірілдер
Бұл құрылғы, қолға түсетін аздаған
діріл жүктемесімен сипатталады.
Осыған қарамастан, жеке
жағдайларда қолдың қан айналымы
бұзылғанына күдік туындаса
(мысалы, саусақтар шаншыса),
оператор медициналық байқаудан
өтуге тиіс.
Техникалық қызмет көрсету және
жөндеу
Агрегатта кез келген жұмысты
бастаудың алдында, әрдайым
агрегатты сөндіріңіз және штепсельді
айырды суырыңыз. Моторды
жоспарлы түрде іске қосқан кезде –
жарақат алу қаупі төне алады!
Қозғалтқыштың агрегатына үнемі
техникалық қызмет көрсетіп
отырыңыз. Осы пайдалану
нұсқаулығында сипатталған
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын және жөндеу
жұмыстарын ғана орындау керек.
Жұмыстардың барлық бас түрлерін
мамандандырылған дилерге тапсыру
қажет.
STIHL компаниясы, техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын және
жөндеу жұмыстарын тек қана STIHL
компаниясының мамандандырылған
дилеріне тапсыруға ұсыныс береді.
STIHL компаниясының
мамандандырылған дилерлері
біліктілікті арттыру курстарына үнемі
қатысып тұрады және олардың
иелігіне техникалық ақпарат
ұсынылады.
Жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз. Олай болмаған
жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
STIHL компаниясы STIHL
компаниясының түпнұсқалы қосалқы
бөлшектерін қолдануға ұсыныс
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан агрегатпен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Қозғалтқыштың агрегатының
құрылымына қандай да бір
өзгерістерді енгізбеңіз, бұл жағдайда
қауіптілік төнуі мүмкін – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Біріктіруші сым мен штепсельді
айырдың сенімді түрде
оқшауланғанын және ескіруін
(сынғыштығын) тұрақты түрде
тексеріңіз.
Біріктіруші сым сияқты электрлік
толықтырушы бөлшектер білікті
электрші мамандар тарапынан
жөнделуге немесе ауыстырылуға
тиіс.
Пластмассадан жасалған
бөлшектерді шүберекпен
тазартыңыз. Тазарту кезінде
тазартқыш құрал жылтыр
бөлшектерді бүлдіре алады.
Агрегатқа су шашыратпаңыз.
Қорғаныс қондырғылары мен кескіш
құрал-саймандағы бекіткіш
бұрандалардың тығыз
отырғызылғанын тексеріңіз, қажет
болғанда, бұрап бекітіңіз.
Қажет болғанда, қозғалтқыштың
шанағындағы салқындатқыш ауаға
арналған оймакілтекті тазартқаныңыз
жөн.
Агрегатты құрғақ орынжайдың ішінде
сенімді етіп сақтаңыз.
HSE 42, HSE 52
қазақ
8
Кесу маусымы
Өсіп тұрған ағаш шарбақты кескен
кезде, осы елге тиісті нұсқауларды,
сондай-ақ коммуналдық нұсқауларды
ұстану қажет.
Жалпы қабылдаған демалус
уақытында кеспеңіз.
Кесу тәртібі
Жуан бұтақтарды немесе
шыбықтарды, бұтақ кесетін бақша
қайшысымен немесе мотоарамен
алдын-ала кесіп алып тастаңыз.
Алдымен екі бүйірлік жақ кесілуге тиіс,
содан кейін жоғарғы жақ кесілуі керек.
Кәдеге жарату
Кесілген материалды үй қоқысына
лақтырмаңыз – кесілген материал
компостерлене алады.
Жұмыс техникасы
Тік күйде кесу
Мотоқайшыларды доға тәрізді
бағытта төменнен жоғарға қарай
жүргізіңіз – төменге қарай түсіріңіз
және алға қарай қозғала беріңіз –
мотоқайшыларды қайтадан доға
тәрізді бағытта жоғарға қарай
жүргізіңіз.
Құрылғының бас үстіндегі жұмыс
күйлері шаршатады және қауіпсіздік
себебімен қысқа уақыт бойы
қолданылуы керек.
Көлденең күйде кесу
Кескіш пышақтарды 0° және 1
бұрышы арасында орнатыңыз – бірақ
көлденең бағытта жүргізіңіз.
Кесілген бұтақтар жерге құлауы үшін
мотоқайшыны өсіп тұрған ағаш
шарбақтың шетіне қарай орақ тәрізді
бағытта жүргізіңіз.
Өсіп тұрған ағаш шарбақтарды
бірнеше жұмыс операциясымен кесу
керек.
Пайдалану
9930BA003 KN
9930BA004 KN
9930BA005 KN
HSE 42, HSE 52
қазақ
9
Құрылғының кернеуі мен жиілігі
(бұйымның үлгісі жазылған фирмалы
тақтайшаны қараңыз) желінің
кернеуіне және желісіне сай келуге
тиіс.
Желіге қосылудың ең аз
сақтандырғышы Техникалық
сипаттамаларда белгіленген шамаға
сай орындалуға тиіс – "Техникалық
сипаттамалар" бөлімін қараңыз.
Құрылғы; жерге ағып кеткен тоқ
30 мА-ден асып кеткен кезде, электр
қуаттағыштың тоқсымын үзетін
апаттық тоқтың қорғаныш сөндіргіші
арқылы электр қуаттының көзіне
қосылуға тиіс.
Құрылғы, IEC 60364 нормаларына
және осы елде қолданылатын
нұсқауларға сай келетін электр
қуаттының көзіне қосылуға тиіс.
Ұзартатын сым
Ұзартатын сымның құрастырмасы,
агрегаттың біріктіруші сымының
қасиеттеріне ие болуы тиіс.
Біріктіруші сымда белгіленген
құрастырманың таңбалауына (түрінің
белгіленуіне) назар аударыңыз.
Желінің кернеуіне және сымның
ұзындығына байланысты, ұзартқыш
кабельдің келтірілген ең аз көлденең
қимасы болуы тиіс.
N Штепсельді айырды (1)
ұзартатын сымның
жалғастырғышына (2) салыңыз
Сымның созылуын жеңілдетуге
арналған айлақұрал
N ұзартатын сымның көмегімен
топса (3) жасаңыз
N Топсаны (3) тесіктің (4) арасынан
өткізіңіз
N Топсаны (3) ілгекке (5) іліп,
тартыңыз
N Ұзартатын сымның жайғасымын
бекіткіштің (6) көмегімен бекітіңіз
– бекіткіш бекітілген кезде,
айрықша дыбыс естілуі тиіс
N Ұзартатын сымның штепсельді
айырын тиісті тұрпатта
орнатылған розеткаға салыңыз
Құрылғыны электр желісіне
қосу
Сымның
ұзындығы
Ең аз көлденең
қима
220 В – 240 В:
20 м-ге дейін 1,5 мм
2
20 м-ден 50 м-ге
дейін
2,5 мм
2
100 В – 127 В:
10 м-ге дейін AWG 14 / 2,0 мм
2
10 м-ден 30 м-ге
дейін
AWG 12 / 3,5 мм
2
9930BA006 KN
1
2
3
5
4
6
9930BA007 KN
HSE 42, HSE 52
қазақ
10
N сенімді және орнықты күйге
орналасыңыз
N тік тұрыңыз – агрегатты бәсең
күйде ұстаңыз
N Кескіш құрал-сайман қандай да
бір заттарға және жерге тимеуі
тиіс
N Агрегатты екі қолмен ұстаңыз: бір
қолыңыз – жетектің сабында,
екінші қолыңыз – доғалы тұтқада
N Қайта қосқыш қамытшаның (1)
үстіне доғалы тұтқаға қарсы
бағытта басыңыз және оны ұстап
тұрыңыз
N қайта қосқыш иінтіректің
бұғатына (2) және қайта қосқыш
иінтірекке (3) бірнеше рет басып,
ұстап тұрыңыз
Агрегат екі қолмен басқарылады, яғни
қайта қосқыш қамытша (1) мен қайта
қосқыш иінтірек (3) іске қосылған
кезде ғана агрегатты қолдана беруге
болады.
N Қайта қосқыш иінтіректі (1) және
қайта қосқыш қамытшаны (2)
босатыңыз
N жұмыс барысында ұзақ үзіліс
жасалса – штепсельді айырды
суырыңыз
N агрегат қолданылмаса, оны
ешкімге кедергі келтірмейтіндей
етіп аулақ қойған жөн
N Агрегатты рұқсатсыз қолданудан
қорғаңыз
3 айдан артық пайдаланудағы кідіріс
болса
N Кескіш пышақтарды тазартыңыз,
күйін тексеріңіз және STIHL
қарамайдың еріткішімен бүркіңіз
N Пышақты қорғау құралын
орнатыңыз
N Құрылғыны, әсіресе
салқындатқыш ауаға арналған
оймакілтектерді мұқият
тазартыңыз
N Агрегатты құрғақ әрі қауіпсіз
жерде сақтаңыз, бұл үшін
пышақты қорғау құрылғысы
қабырғаның үстіне монтаждала
алады. Рұқсатсыз қолданудан
қорғаңыз (мысалы, балалардың
қолдануынан)
Құрылғыны қосу
3
1
2
9930BA008 KN
Құрылғыны сөндіру
1
2
9930BA009 KN
Құрылғыны сақтау
HSE 42, HSE 52
қазақ
11
Кесу өндіргіштігі төмендесе,
пышақтар нашар кессе, бұтақтар жиі
қажалып кете берсе: Кескіш
пышақтарды қайраңыз.
Мамандандырылған дилер, қайрауға
арналған құрылғының көмегімен
қайрауға тиіс. STIHL компаниясы
STIHL мамандандырылған дилерін
ұсынады.
Керісінше жағдайда, жаплақ егеуді
қолдану керек. Егеуді белгіленген
бұрышпен пышақтың жазықтығына
қарай бағыттаңыз ("Техникалық
сипаттамалар" бөлімін қараңыз).
N кескіш жиекті ғана қайраңыз –
кескіш пышақтың мұқалған
шығыңқы жерлерін, кесуден
қорғайтын қорғанышты
қайрамаңыз ("Маңызды
толымдаушылары" бөлімін
қараңыз)
N әрқашан кескіш жиекке қарай
егеулер арқылы қайраңыз
N Егеу тек қана алға қарай
қозғалған кезде қиюы тиіс – артқа
қозғалған кезде егеуді сәл көтеру
керек
N Кескіш пышақтағы қылауларды
жетілдіргіш қайрақпен кетіріңіз
N бірнеше материалды ғана
алыңыз
N қайрап болғаннан кейін –
үгінділерді немесе егеуқұм
шаңын кетіріңіз және кескіш
пышақтарға STIHL таңбалы
шайыр еріткішін бүркіңіз
Нұсқау
Мұқалған немесе жарамсыз кескіш
пышақтармен ешқашан да жұмыс
істемеңіз – соның салдарынан
құрылғыны артық жүктеме түседі
және кесу нәтижесі қанағатсыз
болады.
Кескіш пышақты қайрау
HSE 42, HSE 52
қазақ
12
Техникалық қызмет көрсету және күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар
Деректер қалыпты жұмыс шарттарына келтірілген. Қиын жағдайларда (шаңның көп
жиналуы және т.б.) және күн сайын аса ұзақ қолданған кезде аталған аралықтан
тиісінше қысқарту керек.
жұмысты бастамас бұрын
жұмысты аяқтағаннан кейін
немесе күн сайын
апта сайын
ай сайын
жылына бір рет
ақау болған кезде
бүлінген кезде
қажет болғанда
Жалпы агрегат
Көзбен шолып тексеру X
тазарту X
Екі қолмен басқару
Жұмысты бақылаңыз – қайта қосқыш
иінтіректі немесе қайта қосқыш
қамытшаны босатқаннан кейін,
пышақтар қысқа уақыттың ішінде
тоқтауы тиіс
X
Салқындатқыш ауаға арналған сіңіргіш
саңылау
Көзбен шолып тексеру X
тазарту X
Кескіш пышақ
Көзбен шолып тексеру X
тазарту
2)
X
егеу
1)2)
X
мамандандырылған дилер
1)
ауыстыруы
керек
X
Бәсеңдеткіш және шатун
50 жұмыс уақыты сайын
мамандандырылған дилер
1)
тарапынан
тексерілуі керек
STIHL бәсеңдеткіш майын
мамандандырылған дилер
1)
қосымша
түрде толтыруы тиіс
X
Көмір қылшақтары
100 жұмыс уақыты сайын
мамандандырылған дилер
1)
тарапынан
тексерілуі керек
мамандандырылған дилер
1)
ауыстыруы
керек
X
Қолжетімді бұрандалар мен сомындар тартып бұрау X
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ескертпесі
бар жапсырма
ауыстыру X
1)
STIHL компаниясы STIHL мамандандырылған дилерін ұсынады
2)
Осыдан кейін STIHL таңбалы қарамайдың еріткішімен бүркіңіз
HSE 42, HSE 52
қазақ
13
Осы қолдану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген белгіленген өлшемдерді
сақтаған жағдайда, құрылғының
мерзімінен бұрын тозуынан және
бүлінуінен қорғалатын боласыз.
Құрылғыны қолдану, оған техникалық
қызмет көрсету және сақтау
шаралары, осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықта баяндалған сипатта
мұқият түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Қауіпсіздік техникасына, жұмысқа
және техникалық қызмет көрсетуге
қатысты нұсқауларды
сақтамағандықтан барлық бүлінген
жерлер үшін пайдаланушы өзі жауап
береді. Бұл келесі жағдайларға аса
көкейтесті болып келеді:
STIHL фирмасынан рұқсат алмай
бұйымдарға өзгеріс енгізу,
осы құрылғымен қолдануға
рұқсат етілмейтін, сай келмейтін
немесе сапасы төмен болып
келетін құрал-саймандарды
немесе керек-жарақтарды
қолдануға болмайды
Құрылғыны мақсатына сай
қолданбау,
Құрылғы спорт іс-шараларында
және сайыстырда қолданылса,
Құрылғы ақаулы
толымдаушылармен бірге
қолдандықтан бүлінсе.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі
жұмыстар
"Техникалық қызмет көрсету және
күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар"
бөлімінде атап көрсетілген барлық
жұмыстар ұдайы орындалып тұруы
қажет. Егер де техникалық қызмет
көрсету жөніндегі аталған жұмыстар
пайдаланушының тарапынан
орындала алмаса,
мамандандырылған дилерге жүгіну
керек.
STIHL фирмасы техникалық қызмет
көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
қана STIHL фирмасының сауда-
агенті-маманына тапсыруыңызға
ұсыныс береді. STIHL фирмасының
мамандандырылған агенттері-
мамандары біліктілікті арттыру
курстарына үнемі қатысып тұрады
және олардың иелігіне техникалық
ақпарат ұсынылады.
Егер де аталған жұмыстар
орындалмаса немесе тиісті түрде
орындалмаса, соның салдарынан
зақым пайда болса, оған
пайдаланушы өзі жауап береді.
Басқаларды қоспағанда, оларға
мыналар қатысты болып келеді:
Дер кезінде немесе толық
шамада көрсетілмеген
техникалық қызметтің
салдарынан (мысалы, ауа
салқындатқыш жүйе толық
шамада тазартылмаған кезде)
электр моторының бұзылуы
Дұрыс емес орындалған электр
қосылымының салдарынан
(кернеу, өткізгіш тоқсымдардың
өлшемдері дәлме-дәл
таңдалмаған кезде)
Дұрыс емес сақтаудың
салдарынан тоттану және басқа
да бүліну белгілері
Сапасы төмен қосалқы
бөлшектерді қолданудың
салдарынан құрылғының
бұзылуы
Тозатын бөлшектер
Агрегаттың кейбір бөлшектері, тіпті
мақсатына сай қолданылып жатса да,
қалыпты тозу үрдісіне бейім болып
келеді, сонымен қатар қолданылатын
түріне және ұзақтығына байланысты
уақытында ауыстырылып тұруы
қажет. Осындай бөлшектердің
қатарына мыналар жатқызылады:
Кескіш пышақ
Тозуды азайту және
ақаулардың алдын алу
HSE 42, HSE 52
қазақ
14
1 Біріктіруші сым
2 Сымның созылуын жеңілдетуге
арналған айлақұрал
3 Сымның созылуын жеңілдетуге
арналған айлақұралдың бекіткіші
4 Қайта қосқыш иінтірек
5 Қайта қосқыш иінтіректің бұғаты
6 Қайта қосқыш қамытша
7 Доғалы тұтқа
8 Қолды қорғау
9 Кескіш пышақ HSE 42
("Техникалық сипаттамалар"
бөлімін қараңыз)
10 Кескіш пышақ HSE 52
("Техникалық сипаттамалар"
бөлімін қараңыз)
11 Пышақты қорғау
12 Доғал шығыңқы жер (кірістірілген
жегенеуден қорғау)
13 Бағыттауышты қорғау (тек қана
HSE 52)
# Сериялық номер
Маңызды толымдаушылары
12
12
8
5
2
3
9930BA010 KN
1
4
6
7
9
10
11
#
13
9, 10
HSE 42, HSE 52
қазақ
15
Мотор
HSE 42
HSE 52
Кескіш пышақ
HSE 42
HSE 52
Салмақ
Дыбыс және діріл көрсеткіші
Дыбыс және діріл көрсеткішін
анықтаған кезде, нақтылы ең үлкен
айналымдар санының жұмыс күйі
ескерілді.
Жұмыс берушілерге арналған
2002/44/EEC дірілдер деңгейіне
қатысты директиваның талаптарын
сақтауға қажетті деректер төменде
келтірілген, www.stihl.com/vib/
сайтынан қараңыз
DIN EN 60745-2-15 талаптарына
сәйкес L
p
дыбыс қысымының деңгейі
DIN EN 60745-2-15 талаптарына
сәйкес L
w
дыбыс қуатының деңгейі
DIN EN 60745-2-15 талаптарына
сәйкес a
hv
діріл көрсеткіші
Дыбыс қысымының деңгейі және
дыбыс қуатының деңгейі үшін
K-көлемі RL 2006/42/EG = 2,5 дБ(А)
шамасына сай келеді; дірілдердің
деңгейі үшін K-көлемі RL 2006/42/EG
= 2,0 м/с
2
шамасына сай келеді.
Дірілдің көрсетілген мәндері,
нормаланған тексеріс рәсіміне сәйкес
өлшенген және электр аспаптарын
салыстыру үшін қолданыла алады.
Дірілдің іс жүзінде туындайтын
мәндері, қолдану түріне байланысты,
көрсетілген мәндерден өзгеше бола
алады.
Дірілдің көрсетілген мәндері, діріл
жүктемесіне бірінші баға беру үшін
қолданыла алады.
Іс жүзіндегі діріл жүктемесіне баға
берген жөн. Бұл кезде, электр аспабы
сөндірілген уақыт және электр аспабы
қосылған, бірақ жүктемесіз жұмыс
істеген уақыт та ескерілуі мүмкін.
REACH
REACH дегеніміз химикаттарды
тіркеуге, бағалауға және жіберуге
арналған ЕҚ қаулысы дегенді
білдіреді.
Техникалық сипаттамалар
Нақтылы кернеуі: 220 - 240 В
Токтың номинал күші: 1,9 А
Жиілік: 50 - 60 Гц
Тұтынылатын қуат: 420 Вт
Сақтандырғыш: ең азы 10 A
Қорғаныс сыныбы: II, E
Нақтылы кернеуі: 220 - 240 В
Токтың номинал күші: 2,1 А
Жиілік: 50 - 60 Гц
Тұтынылатын қуат: 460 Вт
Сақтандырғыш: ең азы 10 A
Қорғаныс сыныбы: II, E
Пышақтардың
жазықтығына қарай егеу
бұрышы: 36°
Тістердің арасындағы
қашықтық: 21 мм
Қадам саны: 3400 1/мин
Кесу ұзындығы: 450 мм
Пышақтардың
жазықтығына қарай егеу
бұрышы: 32°
Тістердің арасындағы
қашықтық: 23 мм
Қадам саны: 3400 1/мин
Кесу ұзындығы: 500 мм
HSE 42: 3,0 кг
HSE 42
1)
:3,6кг
1)
Ұлыбритания үшін біріктіруші
сымы бар 10 м-лік түрленім
HSE 52: 3,1 кг
HSE 52
1)
:3,7кг
HSE 42: 84 дБ(А)
HSE 52: 84 дБ(А)
HSE 42: 95 дБ(А)
HSE 52: 95 дБ(А)
Сол жақ сап Оң жақ сап
HSE 42: 3,1 м/с
2
1,5 м/с
2
HSE 52: 3,1 м/с
2
1,5 м/с
2
HSE 42, HSE 52
қазақ
16
REACH (ЕҚ) № 1907/2006 қаулысын
орындауға арналған ақпаратты
www.stihl.com/reach сайтынан
қараңыз
Белгіленген қолданыс кезеңі
Белгіленген қолданыс кезеңі: 30
жылға дейін.
Белгіленген қолданыс кезеңі
уақытында, қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарына сәйкес
тұрақты техникалық қызмет және
күтім көрсетіледі.
Аталған құрылғының
пайдаланушылары, осы қолдану
жөніндегі нұсқаулықта сипатталған
техникалық қызмет көрсету және
күтім жасау жұмыстарын ғана
орындай алады. Жөндеу
жұмыстарының қалған түрлерін
мамандандырылған дилерлер ғана
жүзеге асыра алады.
STIHL фирмасы техникалық қызмет
көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
қана STIHL фирмасының сауда-
агенті-маманына тапсыруыңызға
ұсыныс береді. STIHL фирмасының
мамандандырылған агенттері-
мамандары біліктілікті арттыру
курстарына үнемі қатысып тұрады
және олардың иелігіне техникалық
ақпарат ұсынылады.
Жөндеген кезде, аталған
моторланған құрылғыға арналған
STIHL компаниясымен рұқсат етілген
толымдаушыларды немесе
техникалық тең сипаттағы
толымдаушыларды монтаждауға
болады. Жоғары сапалы қосалқы
бөлшектерді ғана қолданыңыз. Олай
болмаған жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алу қаупі немесе
құрылғының бұзылу қаупі төне алады.
STIHL фирмасы STIHL фирмасының
түпнұсқалы қосалқы бөлшектерін
қолдануға ұсыныс береді.
STIHL фирмасының түпнұсқалы
қосалқы бөлшектерін STIHL
толымдаушысының нөмірі, жазбасы
{ және қажет болса STlHL
K толымдаушысының белгісі
(кішігірім толымдаушыларда тек қана
бір белгі бола алады) бойынша
анықтап тануға болады.
Жөндеу бойынша
нұсқаулар
HSE 42, HSE 52
қазақ
17
Кәдеге жаратқан кезде, қандай да бір
елге тән болып келетін қалдықтарды
кәдеге жарату жөніндегі нормаларды
сақтау қажет.
STIHL компаниясының өнімдері
тұрмыстық қалдықтар емес. STIHL
өнімі, аккумулятор, керек-жарақ және
қаптама қоршаған ортаны
ластамайтын түрде қайта кәдеге
жаратылуы тиіс.
Кәдеге жарату жөніндегі көкейтесті
ақпаратты STIHL мамандандырылған
дилерінен ала аалсыз.
ANDREAS STIHL AG & Co. KG
Badstr. 115
D-71336 Вайблинген
Германия
келесі ақпаратты растайды:
агрегат 2011/65/EU, 2006/42/EG,
2004/108/EG (19.04.2016 жылға
дейін), 2014/30/EU (20.04.2016 жылға
дейін) және 2000/14/EG
директиваларын орындау жөніндегі
ережелерге сай келеді, сонымен
қатар осы нұсқа өндірілген күні
жарамды болған келесі нормаларға
сай әзірленген және дайындалған:
EN 55014-1, EN 55014-2, EN 60745-1,
EN 60745-2-15, EN 61000-3-2,
EN 61000-3-3
Өлшенген және кепілдік берілген
дыбыс қысымының деңгейін белгілеу
шарасы, ISO 11094 стандартын
қолдана отырып 2000/14/EG
директивасының V қосымшасына сай
жүзеге асырылды.
Өлшенген дыбыс қуатының деңгейі
Кепілдік берілген дыбыс қуатының
деңгейі
Техникалық құжаттаманы сақтау:
ANDREAS STIHL AG & Co. KG
Бұйымды/машинаны пайдалану
рұқсаты
Шығарылған жылы және сериялық
номері агрегатта көрсетілген.
Вайблинген, 16.03.2016
ANDREAS STIHL AG & Co. KG
Сіздің
Thomas Elsner
Өнімдерді басқару және сервистік
қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі
Кәдеге жарату
000BA073 KN
ЕО нормаларына сәйкестік
сертификаты
Құрастырма: Электрлі
мотоқайшы
Зауыттық таңбасы: STIHL
Сериясы: HSE 42
HSE 52
Сериялық нөмірі: 4818
HSE 42: 95 дБ(А)
HSE 52: 95 дБ(А)
HSE 42: 97 дБ(А)
HSE 52: 97 дБ(А)
HSE 42, HSE 52
қазақ
18
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
"Андреас Штиль Маркетинг" ЖШҚ
Тамбовская к-сі, 12 үйі, 53-кеңсе
Ресей, 192007, Санкт-Петербург
БЕЛОРУССИЯ
ANDREAS STIHL AG & Co. KG өкілдігі
К. Цеткин к-сі, 51-11a
Белоруссия, 220004 Минск
ҚАЗАҚСТАН
ANDREAS STIHL AG & Co. KG өкілдігі
Шагабутдинов к-сі, 125 А үйі, 2-кеңсе
Қазақстан, 050026, Алматы
Бұл бөлім, қолмен басқарылатын
моторлы электр аспаптарына
арналған EN 60745 еуропалық
нормасында алдында
қалыптастырылған жалпы қауіпсіздік
техникасы ережелерін көрсетеді.
STIHL компаниясы, осы норма
мәтінінің сөзбе-сөз қайта жазылуына
жауапты болады.
2) "Электрлік қауіпсіздік техникасы
ережелері" тармағында электр
тоғының соғылуына қатысты
қауіпсіздік техникасы жөніндегі
нұсқаулар, аккумуляторлық
батареялардан жұмыс істейтін STIHL
компаниясының электр аспаптарына
тиесілі емес.
Сақтандыру
Қауіпсіздік техникасы ережелерін
және нұсқаулард мұқият оқып
шығыңыз. Қауіпсіздік техникасы
ережелерін және нұсқауларды
ұстанбаған жағдайда электр тоғы
соғуы, өрт шығуы және/немесе ауыр
жарақат келтірілуі мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің
барлығын келесіде қолдану үшін
сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік техникасы ережелерінде
қолданылатын "Электр аспабы"
ұғымы, желіден қуат алатын электр
аспаптарына (электр желісінің
кабелімен), сондай-ақ
аккумулятордан қуат алатын электр
аспаптарына (желілік кабельсіз)
қатысты болып келеді.
1) Жүмыс орнындағы қауіпсіздік
a) Өз жүмыс орныңызды таза күйде
ұстаңыз және жақсы дәрежеде
жарықтандырыңыз. Тәртіпсіздік
немесе жарықтандырылмаған
жұмыс аумақтары жазатайым
оқиғаның себепшісі болуы мүмкін.
b) Жанғыш сұйықтықтары, газдары
немесе шаңы бар жарылысқа
қауіпті ортада электр аспабымен
жұмыс істемеңіз. Электр
асаптарынан ұшқын шығады, ал
ұшқын шаңды немесе буларды
тұтата алады.
c) Электр аспабын қолданған
уақытта, балалар мен бөгде
адамдар жабдықтың жанына
жақындамауға тиіс. Назарды
басқаға аударған кезде,
агрегатты бақылаудан шығарып
алуға болады.
2) Электр қауіпсіздігі
a) Электр аспабының штепсель
ашасы розеткаға сай келуге тиіс.
Штекерге өзгеріс енгізуге тыйым
салынады. Жайсыздандырылған
электр аспаптарымен бірге
Мекенжайлар Электр аспаптарына
арналған жалпы қауіпсіздік
техникасы ережелері
/