Hilti DX 5 GR Инструкция по эксплуатации

Категория
Электроинструменты
Тип
Инструкция по эксплуатации
76 Қазақ 2211872
*2211872*
1 Құжаттама бойынша деректер
1.1 Бұл құжаттама туралы
Импорттауыш және өндірушінің өкілетті ұйымы
(RU) Ресей Федерациясы
"Хилти Дистрибьюшн ЛТД" АҚ, 141402, Мәскеу облысы, Химки қ., Ленинградская көш., ғим. 25
(BY) Беларусь Республикасы
222750, Минск облысы, Дзержинский ауданы, Р-1, 18-ші км, 2 (Слободка ауылының жанында), 1-34
бөлімі
(KZ) Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы, индекс 050011, Алматы қ., Пугачев көш., 4-үй
(KG) Қырғыз Республикасы
"T AND T" ЖШҚ, 720021, Қырғызстан, Бішкек қ., Ибраимов көш., 29 А үйі
(AM) Армения Республикасы
Эйч-Кон ЖШҚ, Армения Республикасы, Ереван қ., Бабаян көш., 10/1 үйі
Өндірілген елі: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз.
Өндірілген күні: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз.
Тиісті сертификатты мына мекенжай бойынша табуға болады: www.hilti.ru
Сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттарына пайдалану бойынша нұсқаулықта белгіленгеннен
басқа арнайы талаптар қойылмайды.
Өнімнің қызмет ету мерзімі 5 жыл.
Іске қосу алдында осы құжаттаманы оқып шығыңыз. Бұл қауіпсіз жұмыс пен ақаусыз басқару үшін
алғышарт болып табылады.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықты әрдайым өнімде сақтаңыз және оны басқа тұлғаларға тек осы
нұсқаулықпен бірге тапсырыңыз.
1.2 Шартты белгілердің анықтамасы
1.2.1 Ескерту
Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауіптер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер
пайдаланылады:
ҚАУІПТІ
ҚАУІПТІ !
Ауыр жарақаттарға әкелетін немесе өмірге қауіп төндіретін тікелей қауіпті жағдайдың жалпы
белгіленуі.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ !
Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы
белгіленуі.
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ !
Жеңіл жарақаттарға немесе аспаптың зақымдалуына әкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың
жалпы белгіленуі.
1.2.2 Құжаттамадағы белгілер
Бұл құжаттамада төмендегі белгілер пайдаланылады:
Пайдалану алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты оқу қажет
Printed: 02.08.2018 | Doc-Nr: PUB / 5433085 / 000 / 01
*2211872*
2211872 Қазақ 77
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат
Қайта пайдалануға болатын материалдармен жұмыс істеу
Электр аспаптарды және аккумуляторларды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз
1.2.3 Суреттердегі белгілер
Суреттерде төмендегі белгілер қолданылады:
Бұл сандар осы нұсқаулықтың басындағы әр суретке сәйкес келеді
Нөмірлеу суреттегі жұмыс қадамдарының реттілігін білдіреді және мәтіндегі жұмыс
қадамдарынан өзгешеленуі мүмкін
Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты
белгілердің нөмірлеріне сілтейді
Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады.
Сымсыз дерек тасымалы
1.3 Өнімге қатысты белгілер
1.3.1 Белгілер
Төмендегі белгілер қосымша қолданылады:
Назар аударыңыз! Нұсқауларды орындаңыз.
Аспаппен жұмыс істеу барысында қорғауыш касканы киіңіз.
Аспаппен жұмыс істеу барысында қорғауыш көзілдірік тағыңыз.
Аспаппен жұмыс істеу барысында құлақаспап киіңіз.
1.3.2 Өнімдегі белгілер
Төмендегі белгілер өнімде қолданылады:
Корпустағы қызыл фондағы қара құлып: Қолданылған газ піспегінің қайтару шлангісін
бөлшектеу үшін босатуға арналған басқару түймесінде.
Болт бағыттауышындағы қара түсті фондағы ақ түсті құлып: Болт бағыттауышына арналған
босату құралында.
1.3.3 Дисплей индикаторлары
Төмендегі дисплей индикаторлары көрсетілуі мүмкін:
Бұл белгі батареяның зарядтау деңгейін көрсетеді. Батарея заряды бос болғанда, техникалық
қызмет көрсету белгісі жанады.
Бұл белгі келесі тазалаудың қажетті орындалу уақытын көрсетеді. 500 қондыру әрекеті үшін
бір дана бар. Жалпы 2500 қондыру әрекеті үшін 5 дана бар.
Бұл белгі техникалық қызмет көрсету қажеттілігін білдіреді. Ол 5 жыл, 30000 қондыру
әрекетінен кейін немесе батарея заряды босаған кезде жанады. Біздің ұсыныс: Hilti қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
1.4 Өнім туралы ақпарат
өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті
қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік
Printed: 02.08.2018 | Doc-Nr: PUB / 5433085 / 000 / 01
78 Қазақ 2211872
*2211872*
техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта
қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Қондыру құралы DX 5 GR
Буын 01
Сериялық нөмір
1.5 Сәйкестілік декларациясы
Біз осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы директивалар мен нормативтерге сәйкес
келетінін толық жауапкершілікпен жариялаймыз. Сәйкестілік декларациясының суреті осы
құжаттаманың соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Geräte | Hiltistraße 6 | 86916 Kaufering, DE
2 Қауіпсіздік
2.1 Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Негізгі сақтық шаралары
ЕСКЕРТУ! Сақтық шаралары бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды оқып
шығыңыз. Төменде берілген нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін
және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы үшін
сақтаңыз.
Картридждерді пайдалану
Тек Hilti картидждерін немесе ұқсас сапалы картридждерді пайдаланыңыз.
Егер төмен сапалы картридждер Hilti құралдарына орнатылса, жанбайтын ұнтақтан қалдықтар
жиналуы мүмкін, олар кездейсоқ жарылып, пайдаланушы мен қоршауындағы адамдарды қатты
жарақаттауы мүмкін. Картридждер EN 16264 атты ЕО нормативіне сай өндіруші тарапынан
айқын тексерістен өтуі немесе CE сәйкестілік белгісіне ие болуы қажет.
Пайдаланушыға қойылатын талаптар
Бұл құрылғыны тек өкілетті және оқытылған тұлғалар пайдалануы немесе оған техникалық қызмет
көрсетуі мүмкін.
Жеке қорғаныс құралдары
Жұмыс барысында өзіңіз бен жақын маңда орналасқан адамдар арнайы қорғауыш көзілдірік пен
қорғауыш шлемді тағуы керек.
Қорғауыш құлаққапты киіңіз.
Шегелерді және шпилькаларды қағу картридж зарядының тұтануы есебінен іске асырылады.
Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті толығымен жоғалуы мүмкін.
Адамдардың қауіпсіздігі
Пайдалануға, күтуге және техникалық қызмет көрсетуге қатысты Пайдалану бойынша нұсқаулықта
басып шығарылған ақпаратты орындаңыз.
Ұқыпты болыңыз, орындап жатқан әрекетке көңіл бөліңіз, жұмыс істеуге ойланып қараңыз. Аспапты
шаршап тұрған күйде немесе есірткілер, алкоголь немесе дәрілер әсерінің астында болсаңыз
пайдаланбаңыз. Өзіңізді жаман сезінсеңіз, аспаппен жұмыс істеуді тоқтатыңыз. Аспаппен жұмыс
істегендегі бір сәт зейінсіздік ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Қолайсыз қалыпта жұмыс істемеңіз. Әрқашан тік, сенімді ұстаныңыз және тепе-теңдікті сақтаңыз.
Табаны сырғымайтын аяқ киімді пайдаланыңыз.
Бекіту бағыттауышын немесе бекіту элементін ешқашан қолмен артқа тартпаңыз.
Бекіту бағыттауышын немесе бекіту элементін қолмен артқа тартқанда белгілі бір жағдайларда
аспап қолдануға дайындық күйіне келтірілуі мүмкін. Бұл ретте өзіңізге кездейсоқ ату қаупі бар.
Аспапты іске қосу сәтінде қолдарды созып емес, бүгіп ұстаңыз.
Жұмыс аймағында бөгде адамдардың, әсіресе балалардың болуына тыйым салынады.
Printed: 02.08.2018 | Doc-Nr: PUB / 5433085 / 000 / 01
*2211872*
2211872 Қазақ 79
Электр құралына күтіммен қарау және оны дұрыс пайдалану
ЕСКЕРТУ! Тесіп өткен бекіту элементінен болатын қауіп! Бекіту элементтерін қондыру алдында,
бекіту элементі қондырылатын құрамдас бөлшектің артында немесе астында ешкім тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
Жұмысты бастаудан бұрын картридждің және қуатты реттеу дискісінің қаттылығын тексеріңіз.
Үлгі ретінде 2 бекіту элементін астыңғы бетке орнатыңыз.
Жұмысыңыз үшін жарамды аспапты пайдаланыңыз. Оны тек өз мақсаты бойынша және тек дұрыс
күйінде пайдаланыңыз.
Мүмкін болғанда, стабилизаторды/сынудан қорғауыш құрылғыны қолданыңыз.
Зарядталған аспапты ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
Аспапты қорғалған қапта тасымалдау және сақтау керек.
Тазалау, қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету жұмыстарының алдында, болт
бағыттауышын алмастырған кезде, жұмыс үзілістерінде және (картридж бен бекіту элементін)
сақтау кезінде аспаптың зарядын әрдайым босатыңыз.
Қолданылмайтын аспаптың зарядын босатып, балалардың қолы жетпейтін құрғақ және жабық жерге
сақтауға қойыңыз.
Аспап пен керек-жарақта зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз. Қозғалмалы бөлшектерде зақымдар
жоқ екенін тексеріңіз. Олар сыналанусыз, еркін қозғалуы керек.
Барлық бөлшектер дұрыс орнатылуы және аспаптың дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін барлық
шарттарға сай болуы керек. Зақымдалған бөлшектерді осы нұсқаулықта басқа нұсқаулар
болмаса, арнайы Hilti қызмет көрсету орталығында жөндеу немесе ауыстыру керек.
Электрлік сымдарға қондыру алдында астыңғы бетті тексеріңіз.
Бекіту элементтерін жарамсыз негізге қақпаңыз:
Жарамсыз материалдарға дәнекерленген болат пен құйылған болат, шойын, әйнек, мәрмәр,
пластик, қола, жез, мыс, оқшаулағыш материал, қуыс кірпіш, керамикалық кірпіш, жіңішке
жалпақ металл (< 4 мм) және газбетон жатады. Мұндай материалдарға қондырған жағдайда,
бекіту элементі сынуы, материал бұзылуы немесе тесіліп қалуы мүмкін.
Пистолеттің тартпасына тек аспап негізге басылған кезде басыңыз.
Бекіту элементінің астыңғы беттен ауытқып кетуін болдырмау үшін, қондыру барысында қондыру
құралын әрдайым астыңғы бетке қарай тіке ұстаңыз.
Тұтқыштарды таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз.
Арнайы рұқсат берілмеген болса, аспапты өрт немесе жарылыс қаупі бар жерлерде қолданбаңыз.
Бар саңылаулардың ішіне Hilti компаниясы ұсыныс бергеннен басқа (мысалы, DX-Kwik) ешқандай
элементтер салмаңыз.
Жұмыс орны
Жұмыс алаңында тәртіпті сақтаңыз. Жұмыс ортасын жарақаттауы мүмкін нысандардан бос күйде
сақтаңыз.
Жұмыс орнын ұқыпсыз ұстау жарақаттану тәуекелін көбейтеді.
Жұмыс орнын жақсы жарықпен және ауа алмасумен қамтамасыз етіңіз.
Механикалық сақтық шаралары
Аспапта, әсіресе піспекте қандай манипуляциялар жасауға немесе өзгертулер енгізуге тыйым
салынады.
Аспаппен бірге тек рұқсат етілген бекіту элементтерін қолданыңыз.
Термиялық сақтық шаралары
Ұсынылатын ең жоғары қондыру жылдамдығынан асырмаңыз.
Аспап қызып кетсе, оны суытыңыз.
Қатты қызған аспапты бөлшектемеңіз. Аспапты суытыңыз.
Картридж таспаларында қосылыс орын алған жағдайда аспапты суытыңыз.
Картриджерден жарылыс қаупі
Аспаппен тек рұқсат етілген картридждерді қолданыңыз.
Жұмысты аяқтаған соң немесе аспапты тасымалдаған кезде картридж таспасын алып тастаңыз.
Картридждерді болт бағыттауышынан немесе аспаптан күшпен шығаруға әрекеттенбеңіз.
Қолданылмайтын картридждерді ылғал мен шамадан тыс жылудан алшақ және жабық орында
сақтаңыз.
Printed: 02.08.2018 | Doc-Nr: PUB / 5433085 / 000 / 01
80 Қазақ 2211872
*2211872*
3 Сипаттама
3.1 Өнімге шолу 1
@
Піспектің пайдаланылған газ қайтару
механизмі
;
Бағыттауыш төлке
=
Корпус
%
Қысқыға арналған бағыттауыш
&
Қуат реттегішін босату түймесі
(
Қуатты реттеу дискісі
)
Дисплей
+
Батырма
§
Табан
/
Пистолеттің тартпасы
:
Басқару түймесі
Желдету ойықтары
$
Піспекті сақиналар
£
Піспек
|
Болт бағыттауышы
¡
Болт бағыттауышын босату түймесі
Q
Амортизатор
W
Орталықтандыру төлкесі
E
Жалпақ қылшақ
R
Үлкен дискілі қылшақ
T
Шағын дискілі қылшақ
3.2 Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім шегелерді, ирек оймалы шпилькаларды және арнайы бекіту элементтерін болатқа
орнатуға арналған автоматты әмбебап пистолет болып табылады.
Аспапты пайдалану кезінде әрдайым орынды жабдықтың пайдаланылғанына көз жеткізу керек. Болт
бағыттауышы, піспек және бекіту элементтері бір-бірімен үйлесімді болуы керек.
3.3 Минималды қашықтық
3.3.1 Болат бетте бекіту
Болат бетке бекіткен кезде әрдайым төмендегі минималды қашықтықтарды сақтаңыз:
Астыңғы беттің жиегінен бекіту элементіне дейінгі минималды жиек қашықтығы кем дегенде 15 мм
құрауы тиіс.
Екі бекіту элементінің арасындағы минималды осьтік қашықтық кем дегенде 20 мм құрауы тиіс.
Астыңғы беттің минималды қалыңдығы 6 мм құрауы тиіс.
3.4 Қолданба бойынша ақпарат
Қолданба туралы қосымша мәліметтер алу үшін, қолданбаны жүктеп алып, іске қосыңыз, қаптамадағы
QR кодын сканерлеңіз.
3.5 Қолдану салалары бойынша ақпарат
Қолдану салалары бойынша қосымша ақпарат алу үшін, Hilti өнім бетін қараңыз.
Printed: 02.08.2018 | Doc-Nr: PUB / 5433085 / 000 / 01
*2211872*
2211872 Қазақ 81
4 Техникалық сипаттамалар
4.1 Автоматты әмбебап пистолет
Салмағы
DX 5 GR
3,43 кг
Аспап ұзындығы DX 5 GR
495 мм
Шеге ұзындығы DX 5 GR
22 мм
Жұмыстың ең үлкен жылдамдығы DX 5 GR
700 А/сағ
Пайдалану температурасы (қоршаған орта
температурасы)
DX 5 GR
−20 50
Басу жүрісі DX 5 GR
32 мм
Қажетті басу қысымы
DX 5 GR
50 Н
4.2 EN 15895 стандарты бойынша есептелген шуыл туралы ақпарат
Осы нұсқауларда көрсетілген дыбыс қысымы мен діріл мәндері стандартты өлшеу әдістеріне сәйкес
өлшенген және басқа болтпен іске қосылатын құралдармен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Сонымен бірге, ол экспозицияны алдын ала бағалау үшін жарайды. Берілген деректер болтпен іске
қосылатын құралдың негізгі жұмысын көрсетеді. Алайда, егер болтпен іске қосылатын құрал басқа
мақсаттарда, басқа жабдықтармен қолданылса немесе оған қанағаттандырмайтын техникалық қызмет
көрсетілсе, деректер өзгеше болуы мүмкін. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде
экспозиция айтарлықтай артуы мүмкін. Экспозицияны дәл анықтау үшін аспап қолданылмаған уақыт
аралықтарын да ескеру керек. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция
айтарлықтайазаюы мүмкін. Пайдаланушыныпайда болатын шуылдан және/немесе дірілден қорғау үшін
қосымша сақтық шараларын қолданыңыз, мысалы: болтпен іске қосылатын құралға және жабдықтарға
техникалық қызмет көрсету, қолдардың жылуын сақтау, жұмыс процестерін дұрыс реттеу.
Белгіленген шуыл мәндері төмендегі үлгілік шарттарда анықталған:
Үлгілік шарттар, шуыл туралы ақпарат
Картридж Калибр 6,8/11 қара
Қуатты орнату 2
Қолданыс 24 мм ағашты бетонға бекіту
(C40), XU47 P8 үлгісімен
EN 15895 стандарты бойынша шуыл туралы ақпарат
Дыбыс күшінің деңгейі (L
WA
)
105 ±2 дБ
Эмиссиялық дыбыс қысымының деңгейі (L
pA
)
101 ±2 дБ
Абсолюттік ең жоғары дыбыстық қысымның деңгейі (L
pCpeak
)
133 ±2 дБ
4.3 Вибрация
2006/42/EC стандартына бойынша белгіленген ауытқу мәні 2,5 m/s² шамасынан аспайды.
5 Басқару
5.1 Қорғауыш құрылғылар
Жұмысты бастаған кезде барлық қорғауыш құрылғылардың жарамды және ақаусыз жұмыс
істеп тұрғанын тексеріңіз. Барлық бөлшектер дұрыс орнатылуы және аспаптың дұрыс жұмысын
қамтамасыз ететін барлық шарттарға сай болуы керек.
5.2 Жеке қондыру құралын зарядтау 2
1. Бекіту элементін оның ронделі аспапта бекітілгенше басымен алға қарай салыңыз.
2. Картридж таспасын жіңішке жағымен алға, төменнен аспап тұтқасына картридж таспасы толық
батқанынша жылжытыңыз. Егер сынған картридж таспасын орнатпақшы болсаңыз, картридж
таспасын аспаптан тозбаған картридж мойынтірегінде жатпағанша қолмен шығарыңыз.
Printed: 02.08.2018 | Doc-Nr: PUB / 5433085 / 000 / 01
82 Қазақ 2211872
*2211872*
5.3 Қуатты орнату 3
1. Қуат реттегішінің босату құралын басыңыз.
2. Қуатты реттеу дискісін бұрап, қалаулы қуатты орнатыңыз.
3. Қондыру сапасын Hilti стандарттарына сай тексеріңіз.
Картридж қуаты мен қуат реттеуін тапсырмаға сай таңдаңыз.
Аспаппен әлі еш жұмыс орындалмаған жағдайда, әрдайым ең төмен қуаттан бастаңыз.
5.4 Жеке қондыру құралымен бекіту элементтерін қондыру 4
1. Аспапты орналастырыңыз.
2. Аспапты жұмыс бетіне қарай тіке ұстап, тікбұрышты басыңыз.
3. Элементті қондыру үшін ажыратқышты басыңыз.
5.5 Жеке қондыру құралын шығару 5
1. Картриджді аспаптан шығарыңыз.
2. Бекіту элементін аспаптан шығарыңыз.
5.6 Тазалау индикаторын бастапқы қалпына келтіру
Тазалау индикаторын бастапқы қалпына келтіру үшін, батырманы 10-12 секунд басып тұрыңыз.
Тазалау индикаторы 5 діңгектен тұрады. Әр діңгек 500 қондыру әрекеті үшін жарамды.
5.7 X-FCM сақтандырғыш торын бекіту 6
1. Ирек оймалы шпильканы болат діңгекке орнатыңыз. Қарапайым орталықтандырылған бекітуді
қамтамасыз ету үшін, орталықтандыру төлкесін қолданыңыз. Калибрмен ену тереңдігін тексеру
арқылы болттың шығыңқы жерін (NVS) өлшеңіз.
2. X-FCM ұстағыш фланецін орналастырыңыз.
3. Ұстағыш фланецті бұрап бекітіңіз.
Айналу моменті: 5-8 Нм
5.8 X-FCP кедір-бұдыр болатын бекіту 7
1. Кедір-бұдыр болатты тесіңіз немесе бұрғылаңыз.
Қажетті минималды қашықтықты сақтаңыз:
A = 18-20 мм (0,70''-0,7'')
B 25 мм (≥ 0,98'')
2. Ирек оймалы шпильканы алдын ала әзірленген саңылауға қондырыңыз. Калибрмен ену тереңдігін
тексеру арқылы болттың шығыңқы жерін (NVS) өлшеңіз.
3. X-FCP ұстағыш фланецін орналастырыңыз.
4. Ұстағыш фланецті бұрап бекітіңіз.
Айналу моменті: 5-8 Нм
5.9 X-GR торын бекіту 8
1. Элементті болт бағыттауышына қондырыңыз.
2. Элементті тор арқылы болат ішіне енгізіңіз.
3. Элементті берік бұрап бекітіңіз.
Айналу моменті: 3-5 Нм
5.10 Жарылыс қаупі
1. Аспапты жұмыс бетіне 30 секунд бойы басулы ұстаңыз.
2. Картридж сонда да оталмаса, оны жұмыс бетінен алып тастаңыз. Оның өзіңізге немесе басқа
адамдарға бағытталмағанына көз жеткізіңіз.
Printed: 02.08.2018 | Doc-Nr: PUB / 5433085 / 000 / 01
*2211872*
2211872 Қазақ 83
3. Картридж таспасын картриджден қолмен тартып шығарыңыз да, қалған картридж таспаларын да
шығарып алыңыз.
5.11 Картридждің оталуынсыз қате қондырымдар
ЕСКЕРТУ
Ыстық Жұмыс кезінде аспап қатты қызады.
Қорғауыш қолғаптарда жұмыс істеңіз.
Аспапты суытыңыз.
1. Жұмысты бірден тоқтатыңыз.
2. Аспапты босатып, бөлшектеңіз.
3. Піспек пен бекіту элементтерінің дұрыс тіркесімі таңдалғанын тексеріңіз.
4. Амортизатор мен піспекте тозудың бар-жоғын тексеріп, қажет болса, элементтерді ауыстырыңыз.
5. Аспапты тазалаңыз.
Жоғарыдағы шаралар орындалған соң мәселе шешілмесе, аспапты бұдан былай пайдалануға
болмайды.
Аспапты Hilti қызмет көрсету орталығында тексертіп, қажет болса, жөндеуге тапсырыс беріңіз.
Аспапты тұрақты түрде қолданғанда, оның жұмыс бөлшектері ластанады және тозып кетеді.
Тексеру және техникалық қызмет көрсету әрекеттерін жүйелі түрде орындаңыз. Техникалық
қызмет көрсету 30000 қондыру әрекетінен кейін орындалуы тиіс.
Аспапты 2500 - 3000 қондыру әрекетінен кейін тазалаңыз. Қондыру есептегіші тазалау
индикаторының соңғы қалпына келтіру әрекетінен кейін орындалған қондыру әрекеттерінің
санын көрсетеді. Бір діңгекке 500 қондыру әрекеті бар.
Қарқынды пайдалану кезінде піспек пен амортизаторды күн сайын, алайда 2500 - 3000
қондыру әрекетіне ұсынылған жүйелі тазалау циклінің барысындағы аралықтан кеш емес
тексеріңіз.
Тексерістер, техникалық қызмет көрсету циклдері мен тазалау циклдері үлгілі аспап
қолданысына негізделген. Аспап мерзімінен тыс дұрыс жұмыс істеп тұрмағанын анықтаған
кезде, дереу қызмет көрсету жұмысын орындаңыз.
6 Күту және техникалық қызмет көрсету
6.1 Аспапты күту
ЕСКЕРТУ
Тазалау Аспапты тазалаған кезде төмендегілерге назар аударыңыз:
Тазалау үшін шашыратқыштарды немесе бу сорғылайтын аспапты пайдаланбаңыз.
Аспап ішіне бөгде заттардың түсуіне жол бермеңіз.
ЕСКЕРТУ
Тұтанудан жарақат алу қаупі бар! Аспаптағы ұнтақ қалдықтар тұтанып, бақылаусыз оталып қалуы
немесе тозаңға айналуы мүмкін.
Аспапты жүйелі түрде тазалаңыз. Осы құжаттамадағы барлық техникалық қызмет көрсету және
тазалау нұсқауларын орындаңыз.
Төмен сапалы картридждерді пайдалану арқылы аспапты тазалау піспектің қайтару механизмінің
ішіндегі ұнтақ қалдықтар тұтанып, бақыланбайтын оталу не тозаңға айналып қалу мүмкіндігінің
алдын алмайды. Бұл жағдайды Hilti қызмет көрсету орталығында техникалық қызмет көрсету
арқылы болдырмауға болады.
Аспаптың сыртқы жағын сәл суланған шүберекпен жиі тазалаңыз.
Printed: 02.08.2018 | Doc-Nr: PUB / 5433085 / 000 / 01
84 Қазақ 2211872
*2211872*
6.2 Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Зиянды заттектер DX аспаптарындағы кірдің құрамында денсаулыққа зиянды заттар болуы мүмкін.
Тазалау барысында шаң немесе кірді жұтуға болмайды.
Шаң мен кірді ас өнімдерінен алшақ ұстаңыз.
Аспапты тазалағаннан кейін қол жуыңыз.
Аспаптың құрамдас бөлшектерін тазалау немесе майлау үшін ешқашан жағармай қолданбаңыз. Бұл
аспап жұмысындағы ақаулықтарға әкелуі мүмкін. Жарамайтын тазалағыш заттардың қолданылуына
жол бермеу үшін, Hilti спрейін қолданыңыз.
1. Аспаптың барлық сыртқы бөлшектерінде зақымдардың бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп отырыңыз.
2. Барлық басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын жүйелі түрде тексеріп отырыңыз.
3. Аспапты тек ұсынылған картридждер мен ұсынылған қуат реттеуімен қолданыңыз.
Қате картридждер немесе тым жоғары қуат реттеулері аспаптың мерзімнен бұрын бұзылуына
апарып соғуы мүмкін.
6.3 Аспапқа сервистік қызмет көрсетіңіз
Төмендегі жағдайлар орын алғанда аспапқа қызмет көрсету керек:
Қуат тербелістері орын алады.
Картридждің қате оталуы орын алады.
Басқару қолайлылығына әсер етіледі.
Қажетті басу қысымы айтарлықтай төмендейді.
Пистолет тартпасының қарсылығы өседі.
Қуатты реттеу әрекетін орындау қиынға соғады.
Картридж таспасын алып тастау ауырға соғады.
Техникалық қызмет көрсету индикаторы аспапқа қызмет көрсету қажеттілігін көрсетеді.
6.4 Жеке қондыру құралын бөлшектеу 9
1. Аспапта картридж таспасы немесе бекіту элементінің жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Егер аспапта
картридж таспасы немесе бекіту элементі болса, картридж таспасын қолмен жоғарыға аспаптан
шығарып, бекіту элементін болт бағыттауышынан шығарып алыңыз.
2. Болт бағыттауышын бұрап шығару үшін, болт бағыттауышының бүйірінде орналасқан босату түймесін
басыңыз.
3. Болт бағыттауышын бұрап босатыңыз.
4. Амортизаторды болт бағыттауышынан бүгіп алу арқылы шығарыңыз. Амортизаторды алыңыз.
5. Піспекті алыңыз.
6.5 Амортизатор мен піспекті тексеру 10
ЕСКЕРТУ
Ақаулы амортизатор мен піспектен жарақат алу қаупі бар. Амортизатор мен піспектің тозуын
тексеріңіз және олар зақымдалған болса, оларды алмастырыңыз.
Піспекке ешқандай өзгертулер жасамаңыз.
1. Төмендегі жағдайларда піспекті алмастыру керек болады:
Піспек сынған.
Піспек қатты тозған (мысалы, сегменті сүргілеп тегістелген 90°).
Піспекті сақиналар сынған немесе жоғалған.
Піспек бүгілген (тегіс бетте айналдырып тексеріледі).
2. Төмендегі жағдайларда амортизаторды алмастыру керек болады:
Амортизатордың металл сақинасы әлсізденген немесе сынған.
Болт бағыттауышы амортизаторды бұдан былай ұстамайды.
Металл сақинаның астында қатты және біркелкі емес тозудың іздері байқалады.
Printed: 02.08.2018 | Doc-Nr: PUB / 5433085 / 000 / 01
*2211872*
2211872 Қазақ 85
6.6 Болт бағыттауышында тозудың бар-жоғын тексеру 11
1. Болт бағыттауышында тозудың бар-жоғын тексеріңіз және болт бөлігі зақымдалған (мысалы, сынған,
бүгілген, кеңейтілген, жарылған) болса, болт бағыттауышын ауыстырыңыз.
2. Қажет болса, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
6.7 Жеке қондыру құралын тазалау және майлау 12
1. Піспекті сақиналарға кішкене май бүркіңіз және оны жалпақ қылшақпен еркін қозғалғанша
тазалаңыз.
2. Болт бағыттауышының ирек оймасын жалпақ қылшақпен тазалаңыз.
3. Корпус ішін үлкен дискілі қылшақпен тазалаңыз.
4. Піспектің қайтару механизмін бөлшектеңіз.
5. Піспектің қайтару механизмін тазалаңыз.
6. Тазаланған бөлшекке жеткізілім жинағында қамтылған Hilti спрейін бүркіңіз.
Әрдайым тек Hilti спрейін немесе бірдей сапалы өнімдерді қолданыңыз. Басқа майлағыш
заттарды қолдану нәтижесінде аспап зақымдалуы мүмкін.
7. Қуат реттегішіне жеткізілім жинағында қамтылған Hilti спрейін азғантай бүркіңіз.
6.8 Жеке қондыру құралын құрастыру 13
1. Аспапта картридждің бар-жоғын тексеріп, қажет болса, оны алып тастаңыз.
2. Піспектің қайтару механизмін орнатыңыз.
3. Піспекті салыңыз.
4. Амортизаторды болт бағыттауышына орнатыңыз.
5. Болт бағыттауышын бұрап шығарыңыз.
6.9 Аспаптың қорытынды тексерісі
1. Аспапты күтіп, техникалық қызмет көрсеткеннен кейін барлық қорғауыш құрылғылар орнатылғанына
және дұрыс қызмет ететініне көз жеткізіңіз.
2. Аспапты тексерген соң 10 - 12 секунд ішінде батырманы басып, техникалық қызмет көрсету
есептегішін бастапқы қалпына келтіріңіз.
7 Ақаулықтардағы көмек
7.1 Аспаппен болған мәселе
Ақаулық Ықтимал себеп Шешім
Тигенде артқан қысым Жағудан кейінгі қалдықтың
түзілуі.
Аспапқа сервистік қызмет
көрсетіңіз.
Пистолет тартпасына
қаттырақ басу керек
Жағудан кейінгі қалдықтың
түзілуі.
Аспапқа сервистік қызмет
көрсетіңіз.
Қуат реттеуін орнату қиынға
соғады
Жағудан кейінгі қалдықтың
түзілуі.
Аспапқа сервистік қызмет
көрсетіңіз.
Піспек піспектің қайтару
механизмінде тұрып қалды
Піспек зақымдалған. Піспекті ауыстырыңыз.
Піспектің қайтару механизмінің
ішінде амортизатор сынықтары
бар.
Піспек пен амортизаторды
тексеріңіз және қажет болса,
ауыстырыңыз.
Мәселе шешілмесе, Hilti
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Жағудан кейінгі қалдықтың
түзілуі.
Аспапқа сервистік қызмет
көрсетіңіз.
Printed: 02.08.2018 | Doc-Nr: PUB / 5433085 / 000 / 01
86 Қазақ 2211872
*2211872*
Ақаулық Ықтимал себеп Шешім
Піспектің қайтару механизмі
тұрып қалды
Жағудан кейінгі қалдықтың
түзілуі.
Аспапқа сервистік қызмет
көрсетіңіз.
Пистолеттің тартпасын басу
мүкмін емес
Аспап толығымен басылмаған. Аспапқа толығымен басыңыз.
Піспек дұрыс емес күйде
орналасқан.
Картридж таспасын алып,
аспапты тазалаңыз.
Піспек пен амортизаторды
тексеріңіз және қажет болса,
ауыстырыңыз.
7.2 Болатқа қондырылатын элементтермен болған мәселе
Ақаулық Ықтимал себеп Шешім
Элемент астыңғы бетке
жеткілікті кірмейді
Қуат тым төмен. Қуатты арттырыңыз (қуат
реттеуі).
Күштірек картридждерді
қолданыңыз.
Қолдану шектеулерінен
асырылды (тым қатты астыңғы
бет).
DX 76 (PTR) сияқты қаттырақ
жүйені қолданыңыз.
Элемент астыңғы бетте
ұсталмайды
Болат бет жіңішке (45 мм) n Басқа қуат реттеулерін
немесе басқа картридждерді
қолданыңыз.
Элемент сынды
Қуат тым төмен. Қуатты арттырыңыз (қуат
реттеуі).
Күштірек картридждерді
қолданыңыз.
Қолдану шектеулерінен
асырылды (тым қатты астыңғы
бет).
DX 76 (PTR) сияқты қаттырақ
жүйені қолданыңыз.
Тым жоғары қуат. Қуатты азайтыңыз (қуат
реттеуі).
Әлсіздеу картридждерді
қолданыңыз.
Басы бар шегелерді
қолданыңыз.
Шайбалары бар шегелерді
қолданыңыз.
Бекіту элементі онша терең
енбейді
Тым жоғары қуат. Қуатты азайтыңыз (қуат
реттеуі).
Әлсіздеу картридждерді
қолданыңыз.
Printed: 02.08.2018 | Doc-Nr: PUB / 5433085 / 000 / 01
*2211872*
2211872 Қазақ 87
7.3 Картриджбен болған мәселе
Ақаулық Ықтимал себеп Шешім
Картридж жылжымайды
Картридж таспасы зақымдалған. Картридж таспасын
ауыстырыңыз.
Аспап шамадан тыс ласталған. Аспапқа сервистік қызмет
көрсетіңіз.
Керек болса аспапты Hilti
қызметіне тексертіріңіз.
Аспап зақымдалған. Егер мәселе түзелмесе,
Hilti сервистік орталығына
хабарласыңыз.
Картридж таспасын алу
мүмкін емес
Аспап қатты қызған. Аспапты суытыңыз.
Сонаң соң аспаптан картридж
таспасын ақырында шығарып
алыңыз.
Егер мәселе түзелмесе, Hilti
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Картридж атылмайды
Ақаулы картридж. Картридж таспасын бір
картриджге тартыңыз.
Карбонаттық тығын. Аспапқа сервистік қызмет
көрсетіңіз.
Картридж таспасы ериді
Аспап қағуда ұзақ басылады. Аспап істегеніше қысқарақ
басыңыз.
Картридж таспасын алып
қойыңыз.
Қондыру жылдамдығы тым
жоғары.
Жұмысты дереу тоқтатыңыз.
Картридж таспасын алып
аспапты суытыңыз
Картидж картридж
таспасынан босайды
Қондыру жылдамдығы тым
жоғары.
Жұмысты дереу тоқтатыңыз.
Картридж таспасын алып
аспапты суытыңыз
Картридж таспасын алу
мүмкін емес
Жағудан кейінгі қалдықтың
түзілуі.
Аспапқа сервистік қызмет
көрсетіңіз.
7.4 Өзге ақаулықтар
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
8 Кәдеге жарату
Hilti аспаптары қайта өңдеу үшін жарамды көптеген материалдардың санын қамтиды. Кәдеге жарату
алдында материалдарды мұқият сұрыптау керек. Көптеген елдерде Hilti компаниясы ескі аспабыңызды
қайта өңдеу үшін қайта қабылдайды. Hilti қызмет көрсету орталығынан немесе дилеріңізден сұраңыз.
Printed: 02.08.2018 | Doc-Nr: PUB / 5433085 / 000 / 01
88 Қазақ 2211872
*2211872*
9 Өндіруші кепілдігі
Кепілдік шарттары туралы сұрақтарыңыз болса, жергілікті Hilti серіктесіне хабарласыңыз.
10 CIP (Тұрақты Халықаралық Комиссия) сынақтарымен растау
ЕО және ЕЕСА мемлекеттерінен басқа C.I.P. қатысушы елдері үшін жарамды: Hilti DX 5 конструкциясы
мақұлданған және жүйесі тексерілген. Нәтижесінде аспапта S 995 қабылдау нөмірі салынған
шаршы түріндегі РТВ қабылдау таңбасы орналастырылған. Осымен Hilti компаниясы рұқсат етілген
құрылыммен сәйкестігін кепілдендіреді. Қолдану кезіндегі болмауы керек ақаулықтар туралы рұқсатты
беретін ұйымның (РТВ) жауапты басшысына, сонымен бірге, Тұрақты Халықаралық Комиссияның
(C.I.P.) кеңсесіне хабарлау керек.
Printed: 02.08.2018 | Doc-Nr: PUB / 5433085 / 000 / 01
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84
  • Page 85 85
  • Page 86 86
  • Page 87 87
  • Page 88 88
  • Page 89 89
  • Page 90 90
  • Page 91 91
  • Page 92 92
  • Page 93 93
  • Page 94 94
  • Page 95 95
  • Page 96 96
  • Page 97 97
  • Page 98 98
  • Page 99 99
  • Page 100 100
  • Page 101 101
  • Page 102 102
  • Page 103 103
  • Page 104 104
  • Page 105 105
  • Page 106 106
  • Page 107 107
  • Page 108 108
  • Page 109 109
  • Page 110 110
  • Page 111 111
  • Page 112 112
  • Page 113 113
  • Page 114 114
  • Page 115 115
  • Page 116 116
  • Page 117 117
  • Page 118 118
  • Page 119 119
  • Page 120 120
  • Page 121 121
  • Page 122 122
  • Page 123 123
  • Page 124 124
  • Page 125 125
  • Page 126 126
  • Page 127 127
  • Page 128 128
  • Page 129 129
  • Page 130 130
  • Page 131 131
  • Page 132 132
  • Page 133 133
  • Page 134 134
  • Page 135 135
  • Page 136 136
  • Page 137 137
  • Page 138 138
  • Page 139 139
  • Page 140 140
  • Page 141 141
  • Page 142 142
  • Page 143 143
  • Page 144 144
  • Page 145 145
  • Page 146 146
  • Page 147 147
  • Page 148 148
  • Page 149 149
  • Page 150 150
  • Page 151 151
  • Page 152 152
  • Page 153 153
  • Page 154 154
  • Page 155 155
  • Page 156 156

Hilti DX 5 GR Инструкция по эксплуатации

Категория
Электроинструменты
Тип
Инструкция по эксплуатации

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ