17
• Лайықты ыдысты пайдаланып, термопотқа
суды құйыңыз, «FULL» су деңгейінің макси-
малды белгісінен (15) асырмаңыз.
• Желі бауының штекерін (16) термопот
корпусындағы (12) ағытпаға, ал желі бауының
ашасын (16) розеткаға салыңыз, бұл ретте
дыбыс белгі естіледі. Термопот қайнату
режиміне қосылады, «ҚАЙНАТУ /BOILING»
индикаторы (25) жанады, су деңгейі
шәкілінің жарығы (2) жанады, дисплейде
(17) цифрлік таңбалармен (18), суды ұстап
тұру температурасы «85» көрінеді. Цифрлік
таңбалармен (19) термопотадағы су
температурасы көрсетіледі.
Ескерту: - су температурасы (19) 25°С-тан
100°С-қа дейін 5°С қадаммен көрсетіледі.
• Су температурасын ұстап тұру шарт
бойынша «85°С» болып белгіленген.
• Су ұзақ қайнағаннан кейін дыбыс белгілері
естіледі, термопот температураны ұстап
тұру режиміне өтеді, бұл ретте «ҚАЙНАТУ
/BOILING» индикаторы (25) өшеді,
температураны ұстап тұру режимінің
индикаторы (22) «KEEP WARM» жанады.
• Термопотадағы су температурасынан «85°»
төмен суығанда, индикатор (25) үнемі жанып
тұрады және су температурасы сақталып
тұрады.
• Егер су температурасы белгілегеннен
біршама төмен түсіп кетсе, мысалы,
сіз қосымша суықсу құйдыңыз, осы
жағдайда қайнату режімі іске қосылады,
«ҚАЙНАТУ-BOILING» индикаторы (25)
жанады, «BOILING/ҚАЙНАТУ» жанады, су
қайнағаннан кейін оның температурасы
белгіленген мәнге байланысты ұсталып
тұрады және (19) цифрлі таңбамен көрніп
тұрады.
• Ыстық судың қажетті ұстап тұру темпе-
ратурасын өзгерту үшін су температу-
расын таңдау батырмасын (21)
«ТЕМПЕ РАТУРАНЫ ТАҢДАУ-TEMP.
SELECT» басыңыз. Сіз ұстап тұру темпе-
ратурасын таңдай аласыз «95, 85, 65, 55,
40, -- (бөлме температурасы)».
• Шайды демдеуге және басқа сусындарды
әзірлеу үшін ұсынылатын температура:
– «40°» – балаларға арналға сүт қоспа-
ларын әзірлеу үшін
– «85°» – жасыл және сары шай
– «95°» – қара шай
• Орнатылған температураны ұстап тұру
цифрлік таңбалармен (18) көрсетіледі.
• Бөлме температурасын таңдағанда,
индикатор (20) «ROOM TEMP» жанады,
дисплейде (17) таңбалар (18) «--»
көрсетіледі. Бұл режимде термопотадағы
Су 25°С температураға дейін салқындайды,
содан кейін қайнату режимі қосылады,
қайнағаннан кейін су тағы да 25°С-қа дейін
салқындайды.
Ескерту: - суды қайта қайнату үшін
батырманы (26) «ҚАЙТА ҚАЙНАТУ-REBOIL»
басыңыз, осы кезде «ҚАЙНАТУ-BOILING»
индикаторы (25) жанады, қайта қайнату
режимін өшіру үшін «ҚАЙНАТУ-BOILING»
(26) батырмасын тағы басыңыз, «ҚАЙНАТУ-
BOILING» индикаторы (25) өшеді, термопот
температураны ұстап тұру режиміне
оралады.
• Суды төгіңіз; бұл үшін батырмасын
« UNLOCK» (24) басып, су беретін
сорғыны іске қосуды бұғаттауды босату
керек, осы кезде жарық индикаторы (24)
« UNLOCK» жанады.
Назар аударыңыз! Суды құйған кезде ыстық
судан күйік алмау үшін абайлық сақтаңыз.
Бірінші нұсқа:
– ыңғайлы ыдысты су ағызу шүмегінің (4)
астына қойыңыз, және су беру батырмасына
(3) тостаған шетімен басыңыз.
Екінші нұсқа:
– ыңғайлы ыдысты суды ағызу шүмегінің (4)
астына қойыңыз және су беру пернесін
«ҚҰЮ-DISPENSE» (23) басыңыз.
Ескерту: - су жіберілімі тек индикатор (24)
« UNLOCK» қосулы күйінде ғана іске
қосылады, егер сіз батырманы (24)
« UNLOCK» басып қалсаңыз және ешқандай
әрекет жасамасаңыз, бұл жағдайда индикатор
(24) 10 секундтан кейін сөнеді.
• Термопотты ажырату үшін, желі бауының
ашасын (16) розеткадан суырыңыз.
Ескерту: - 48 сағаттан кейін термопот күту
режиміне өтеді, осы кезде (25) «ҚАЙНАТУ-
BOILING» индикаторы сәл жыпылықтайды,
күту режимінен шығу үшін, басқару
тақтасындағы (5) кез келген батырманы
басыңыз.
IM VT-1193.indd 17 11/26/19 2:32 PM