Electrolux OEF3H30X Руководство пользователя

  • Привет! Я — чат-бот, который ознакомился с инструкцией по эксплуатации духового шкафа Electrolux OEF3H30X. Я могу ответить на ваши вопросы о его функциях, таких как различные режимы нагрева, использование таймера и функции Aqua Clean, а также помочь с установкой и уходом за прибором. Задавайте свои вопросы!
  • Как установить время на часах духового шкафа?
    Какие режимы нагрева доступны в духовом шкафу?
    Как очистить духовой шкаф?
    Что делать, если духовка не нагревается?
OEF3H30X
Қолдану туралы
нұсқаулары
Тұмшапеш
KK 2
Инструкция по
эксплуатации
Духовой шкаф
RU 32
Інструкція
Духова шафа
UK 63
electrolux.com/register
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби
тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың
туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда
болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе
алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалануға қатысты кеңесті, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет көрсету және
жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.electrolux.kz/support
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.part33.ru
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын
қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ..............................................................................................3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ.........................................................................................4
3. ОРНАТУ..........................................................................................................................7
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ..............................................................................................9
5. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ......................................................................................................... 9
6. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА......................................................................... 10
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ...................................................................................................11
8. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ..............................................................................................12
9. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ.............................................................................. 14
10. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР.......................................................................................15
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС.............................................................................................................16
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................................25
13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ............................................................................................... 28
14. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК............................................................................................... 29
15. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................................29
2 ҚАЗАҚ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
1.1 Балалар мен осал адамдар қауіпсіздігі
Бұл құрылғы дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері
шектеулі не тәжірибесі және білімі жоқ адамдардың
(соның ішінде балалардың) пайдалануына арналмаған.
Қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғы пайдалануын
қадағаласа немесе нұсқаулар беріп тұрса ғана олар
құрылғыны пайдалана алады.
Балалардың құрылғымен және бар мобильді
құрылғылармен ойнамауын қадағалау керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол
суып жатқанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қолжетімді бөлшектер пайдалану
кезінде ыстық болуы мүмкін.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса, оны
белсендіру керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Жалпы қауіпсіздік
Білікті маман ғана осы құрылғыны орнатуы және
кабельді ауыстыруы тиіс.
Құрылғыны кірістірілген құрылымға орнату алдында
пайдаланбаңыз.
Кез келген техникалық қызмет көрсетуді орындау
алдында құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
ҚАЗАҚ 3
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға
тиіс.
ЕСКЕРТУ: Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды
ауыстырар алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек.
Тұмшапеш ыдыстарын немесе керек-жарақтарын алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы
жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі
сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай
болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы
мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Құрылғыны орнату талаптарына сәйкес
ыңғайлы және қауіпсіз жерге
орнатыңыз.
Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны орнатпас бұрын,
тұмшапештің есігі кедергісіз ашылып
тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғы электр салқындату жүйесімен
жабдықталған. Ол электр қуат көзінен
жұмыс істеуі керек.
Корпустың минимальды
биіктігі (Корпус пен жұмыс
бетінің арасындағы
минимальды биіктік)
590 (600) мм
4 ҚАЗАҚ
Корпустың ені 560 мм
Корпустың тереңдігі 550 (550) мм
Құрылғының алдыңғы
жағының биіктігі
594 мм
Құрылғының артқы
жағының биіктігі
576 мм
Құрылғының алдыңғы
жағының ені
595 мм
Құрылғының артқы
жағының ені
559 мм
Құрылғының тереңдігі 569 мм
Құрылғының кіріктірілген
тереңдігі
548 мм
Есік ашық кездегі
тереңдігі
1022 мм
Желдеткіш саңылауының
ең төменгі өлшемі.
Төменгі артқы бөлікте
орналасқан саңылау
560x20 мм
Желілік сымның
ұзындығы. Кабель артқы
бөліктің оң жақ бұрышына
орналастырылған
1500 мм
Бекіту бұрандалары 4x25 мм
2.2 Электр тогына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруы керек.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, соққыға
төзімді розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш
сымды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасы мен желілік
сымына ешбір зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Электр сымдарына қол тигізуге немесе
құрылғының есігіне не құрылғының
төменгі жағына, әсіресе ыстық тұрған
есікке жақындауға болмайды.
Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы
бар бөлшектерді электр қатерінен
қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп
мықтап орнату керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана қосыңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Егер розетка бекітілмеген болса,
ашаны жалғамаңыз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек
ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштарды, сақтандырғыштарды
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштарды
пайдаланыңыз.
Электр қондырғысында құрылғыны кез
келген ток полюстерінен ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш құрылғы
болуы керек. Оқшаулағыш құрылғыда
кеңдігі 3 мм-ден кем емес саңылау болу
керек.
Бұл құрылғы желілік ашамен және
желілік кабельмен жабдықталған.
Еуропаға арналған орнатуға немесе
ауыстырғанда пайдалануға болатын
кабель түрлері:
H07 RN-F, H05 RN-F, H05 RRF, H05 VV-F, H05
V2V2-F (T90), H05 BB-F
Кабельдің қимасын білу үшін техникалық
деректер тақтайшасындағы жалпы қуатты
қараңыз. Сондай-ақ мына кестені қарай
аласыз:
Жалпы қуаты (Вт) Кабель секциясы
(мм²)
ең көбі 1380 3 x 0.75
ҚАЗАҚ 5
Жалпы қуаты (Вт) Кабель секциясы
(мм²)
ең көбі 2300 3 x 1
ең көбі 3680 3 x 1.5
Жер сымы (жасыл/сары кабель) фазалық
және бейтарап кабельдерден (көк және
қоңыр кабельдер) 2 см ұзын болуы керек.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл тұрмыстық (жай ішінде) мақсатта
ғана пайдалануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдету саңылауларының
бітелмегенін тексеріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін әрқашан сөндіріңіз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті
ашқанда абайлаңыз. Ыстық ауа шығуы
мүмкін.
Құрылғыны дымқыл қолдармен немесе
суға тиіп тұрғанда пайдаланбаңыз.
Ашық есікке күш салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс беті немесе сақтау
беті ретінде пайдаланбаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкогольді ингредиенттерді
қолданғанда, алкоголь мен ауа қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық оттың құрылғымен жанасуына
жол бермеңіз.
Тұтанғыш өнімдерді немесе тұтанғыш
өнімдермен ылғалдандырылған
заттарды құрылғының ішіне, жанына
немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
Эмальдің зақымдалуын немесе
өңсізденуін болдырмау үшін:
пешке арналған ыдыстарды немесе
басқа заттарды құрылғы ішінде
тікелей түбіне қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
суды тікелей ыстық құрылғыға
қоймаңыз.
әзірлеуді аяқтағаннан кейін
құрылғыда ылғалды ыдыстарды
және тағамдарды сақтамаңыз.
керек-жарақтарды алып немесе
орнатқан кезде абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
немесе тот баспайтын болат бөлігінің
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер
етпейді.
Сулы қоспадан жасалған тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз.
Жеміс шырындары кетпейтін дақтар
қалдырады.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Оны басқа мақсаттарға
пайдалануға болмайды, мысалы,
бөлмені жылыту.
Әрқашан пештің есігі жабық күйде
әзірлеңіз.
Егер құрылғы жиһаз панелінің (мысалы,
есіктің) артына орнатылса, онда
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің ешқашан жабылмайтынына көз
жеткізіңіз. Жиһаз панелінің артқы
жағында жылу және ылғал жиналуы
және кейін құрылғыға, корпусқа немесе
еденге зақым тигізуі мүмкін. Құрылғы
пайдаланудан кейін толығымен
суығанша жиһаз панелін жаппаңыз.
2.4 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытыңыз және ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының суық екеніне көз жеткізіңіз.
Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
Зақым келген болса есіктің шыны
панельдерін дереу ауыстырыңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
6 ҚАЗАҚ
Құрылғыдан есікті алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны дымқыл жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді,
еріткіштерді немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
2.5 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері жеке
сатылады: Бұл шамдар температура,
діріл, ылғалдылық сияқты төтенше
физикалық жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына немесе
құрылғының жұмыс жағдайы туралы
сигнал беруге арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана пайдаланыңыз..
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.7 Қоқысқа тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
3.1 Кіріктіріп орнату
www.youtube.com/electrolux
www.youtube.com/aeg
How to install your AEG/Electrolux
Oven - Column installation
ҚАЗАҚ 7
18
594
589
114
21548
595
+-1
min. 550
20
600
min. 560
3
5
60
20
80
520
60
198
523
(*mm)
min. 550
20
595
+-1
18
590
min. 560
594
589
114
21548
3
5
70
60
520
60
20
198
523
(*mm)
3.2 Тұмшапешті корпусқа бекіту
8 ҚАЗАҚ
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
4.1 Жалпы шолу
8
7
12
9
10
11
5
4
1
2
3
331 64 52
1
Басқару панелі
2
Қыздыру функцияларының тетігі
3
Қуат шамы / белгісі
4
Дисплей
5
(Температураны) басқару тетігі
6
Температура индикаторы / белгісі
7
Қыздырғыш элемент
8
Шам
9
Желдеткіш
10
Корпустың белгіленген деңгейі - Сумен
тазалауға арналған сауыт
11
Сөренің алмалы сырғытпалары
12
Сөре деңгейлері
4.2 Керек-жарақтар
Тор сөре
Ыдыстарға, торт қалыптарына,
қуырылған тағамдарға арналған.
Easy2Clean: Жабыспайтын пісірме
науасы
Пісіруге арналған қағазсыз пісіруге
арналған.
Гриль- / Қуыру табасы
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде пайдалануға
арналған.
Сырғытпа жолдар
Телескоптық бағыттағыштар арқылы
сөрелерді оңайырақ қоюға және алуға
болады.
5. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
5.1 Батырма тетіктер
Құрылғыны іске пайдалану үшін оның
тетігін басыңыз. Тетік бері шығады.
5.2 Сенсорлық алаңдар / Түймелер
Уақытты орнату үшін.
Сағат функциясын орнату үшін.
Уақытты орнату үшін.
ҚАЗАҚ 9
5.3 Дисплей
A B
A. Сағат функциялары
B. Таймер
6. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Бірінші пайдалану алдында
Алдын ала қыздыру кезінде тұмшапештен иіс және түтін шығады. Бөлменің желдетілуін
қамтамасыз етіңіз.
1-қадам 2-қадам
3-қадам
Сағатты орнатыңыз Тұмшапешті тазалаңыз Бос тұмшапешті алдын ала
қыздырыңыз
1. , - уақытты орнату үшін
басыңыз. Шамамен 5
секундтан кейін жыпылықтау
тоқтап, дисплейде уақыт
көрсетіледі.
1. Тұмшапештен керек-
жарақтардың барлығын және
алмалы сөре сырғытпаларын
алыңыз.
2. Тұмшапеш пен
аксессуарларды жұмсақ
шүберекпен, жылы сумен
және жұмсақ жуғыш затпен
тазалаңыз.
1. Келесі функция үшін
максималды температураны
орнатыңыз: .
Уақыт: 1 сағат
2. Келесі функция үшін
максималды температураны
орнатыңыз: .
Уақыт: 15 мин.
3. Келесі функция үшін
максималды температураны
орнатыңыз: .
Уақыт: 15 мин.
Тұмшапешті өшіріп, ол суығанша күтіңіз. Аксессуарлар мен алынбалы сөре тіректерін тұмшапешке
салыңыз.
10 ҚАЗАҚ
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Қалай орнатасыз: Қыздыру
функциясы
1-қадам Қыздыру функциясын таңдау үшін
қыздыру функцияларының тетігін
бұраңыз.
2-қадам Температура.
3-қадам Пісіру аяқталғаннан кейін пешті
сөндіру үшін тетіктерді сөндіру
қалпына бұраңыз.
7.2 Қыздыру функциялары
Қыздыру
функциясы
Қолдану
Сөндіру қалпы
Тұмшапеш өшірулі.
Шам
Шамды қосу.
Желдеткішпен
пісіру
Тағамды бір уақытта үш
сөреде пісіруге және кептіруге
арналған.
Температураны Дәстүрлі
пісіру режимінен 20–40°C
төменірек орнатыңыз.
Ылғалды
желдеткішпен
пісіру
Бұл тағам пісіру барысында
қуатты үнемдеуге арналған
функция. Бұл функцияны
пайдаланғанда ішкі
температура орнатылған
температурадан өзгеше болуы
мүмкін. Қыздыру қуаты азаюы
мүмкін. Қосымша ақпарат алу
үшін «Күнделікті пайдалану»
тарауында мына туралы
ескертпелерді қараңыз:
Ылғалды желдеткішпен пісіру
көрсетілгенше қайта-қайта
түртіңіз.
Қыздыру
функциясы
Қолдану
Астыңғы қыздыру
Түбі қытырлақ күлшелерді
пісіруге және тағамды
консервілеуге арналған.
Гриль
Жұқа тағамнан гриль жасауға
және нанды қызартуға
арналған.
Жылдам гриль
Жұқа етіп көп мөлшерде
дайындалған тағамнан гриль
жасау және тост жасау.
Турбо-гриль
Үлкен ет кесектерін немесе
сүйегі бар құс етін бір сөреге
қойып, қуыруға арналған.
Гратен жасауға және
қызартуға арналған.
Пицца
функциясы
Пицца пісіруге арналған. Түбін
қытырлақ етіп, қатты қызартып
пісіруге арналған.
Дәстүрлі пісіру /
Аква таза
Тағамды бір сөре деңгейінде
пісіру және қуыру үшін.
Қосымша ақпарат алу үшін,
«Күтім және тазалау» тарауын
қараңыз: Аква таза.
7.3 Мыналар туралы
ескертпелер: Ылғалды
желдеткішпен пісіру
Бұл функция EU 65/2014 және EU 66/2014
стандарттарына сәйкес энергия үнемдеу
сыныбына және экодизайн талаптарына
сай болу үшін пайдаланылды. EN 60350-1
стандартына сай сыналады.
Жұмысы тоқтап қалмауы үшін және
тұмшапеш мүмкін ең жоғары қуатты
үнемдеумен жұмыс істеуі үшін
тұмшапештің есігі жабық болуы керек.
Пісіру туралы нұсқауларды «Сөзкөмектер
және кеңестер» тарауынан қараңыз,
Ылғалды желдеткішпен пісіру. Қуатты
үнемдеу туралы жалпы ұсыныстарды
«Қуатты үнемдеу» тарауынан қараңыз,
«Қуатты үнемдеу».
ҚАЗАҚ 11
8. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
8.1 Сағат функциялары
Сағат функциясы Қолдану
Тәулік уақыты
Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе қарауға арналған.
Ұзақтық
Пештің жұмыс істеу уақытын орнатуға арналған.
Аяқталу уақыты
Пеш сөнетін уақытты орнату үшін.
Уақытты кешіктіру
Функцияларды біріктіру үшін: Ұзақтық және Аяқталу уақыты.
Минут операторы
Кері санақ параметрін орнатуға арналған. Бұл функция тұмшапештің
қызметіне әсер етпейді. Бұл функцияны кез келген уақытта, пеш сөніп
тұрса да орнатуға болады.
8.2 Орнату жолы: Сағат функциялары
Орнату жолы: Тәулік уақыты
— тұмпапешті электр көзіне қосқан кезде, ток сөніп қалғанда немесе таймер орнатылмаған кезде
жыпылықтайды.
, — уақытты орнату үшін басыңыз.
Шамамен 5 секундтан кейін жыпылықтау тоқтап, дисплейде уақыт көрсетіледі.
Өзгерту жолы: Тәулік уақыты
1-қадам
— тәулік уақытын өзгерту үшін қайта-қайта басыңыз. — жыпылықтай бастайды.
2-қадам
, — уақытты орнату үшін басыңыз.
Шамамен 5 секундтан кейін жыпылықтау тоқтап, дисплейде уақыт көрсетіледі.
Орнату жолы: Ұзақтық
1-қадам Тұмшапештің функциясы мен температурасын орнатыңыз.
2-қадам
— қайта-қайта басыңыз. — жыпылықтай бастайды.
3-қадам
, — ұзақтықты орнату үшін басыңыз.
Дисплейде мынау көрсетіледі: көрсетілгенше қайта-қайта түртіңіз.
— орнатылған уақыт аяқталғанда жыпылықтайды. Сигнал естіліп, тұмшапеш өшеді.
4-қадам Сигналды тоқтату үшін кез келген түймені басыңыз.
12 ҚАЗАҚ
Орнату жолы: Ұзақтық
5-қадам Тетіктерді өшіру күйіне бұраңыз.
Орнату жолы: Аяқталу уақыты
1-қадам Тұмшапештің функциясы мен температурасын орнатыңыз.
2-қадам
— қайта-қайта басыңыз. — жыпылықтай бастайды.
3-қадам
, — уақытты орнату үшін басыңыз.
Дисплейде мынау көрсетіледі: көрсетілгенше қайта-қайта түртіңіз.
— орнатылған уақыт аяқталғанда жыпылықтайды. Сигнал естіліп, тұмшапеш өшеді.
4-қадам Сигналды тоқтату үшін кез келген түймені басыңыз.
5-қадам Тетіктерді өшіру күйіне бұраңыз.
Орнату жолы: Уақытты кешіктіру
1-қадам Тұмшапештің функциясы мен температурасын орнатыңыз.
2-қадам
— қайта-қайта басыңыз. — жыпылықтай бастайды.
3-қадам
, — мынаған уақытты орнату үшін басыңыз: Ұзақтық көрсетілгенше қайта-қайта түртіңіз.
4-қадам
Мынаны басыңыз: көрсетілгенше қайта-қайта түртіңіз.
5-қадам
, — мынаған уақытты орнату үшін басыңыз: Аяқталу уақыты көрсетілгенше қайта-қайта
түртіңіз.
6-қадам
Мынаны басыңыз: көрсетілгенше қайта-қайта түртіңіз.
Орнатылған уақытта сигнал дыбысы естіліп, тұмшапеш өшеді.
7-қадам Сигналды тоқтату үшін кез келген түймені басыңыз.
8-қадам Тетіктерді өшіру күйіне бұраңыз.
Орнату жолы: Минут операторы
1-қадам
— қайта-қайта басыңыз. — жыпылықтай бастайды.
2-қадам
, — уақытты орнату үшін басыңыз.
Функция 5 секундтан кейін автоматты түрде іске қосылады.
Орнатылған уақыт аяқталғанда сигнал естіледі.
3-қадам Сигналды тоқтату үшін кез келген түймені басыңыз.
4-қадам Тетіктерді өшіру күйіне бұраңыз.
Бас тарту жолы: Сағат функциялары
1-қадам
— сағат функциясының таңбасы жыпылықтай бастағанша қайта-қайта басыңыз.
ҚАЗАҚ 13
Бас тарту жолы: Сағат функциялары
2-қадам
Басып тұрыңыз: көрсетілгенше қайта-қайта түртіңіз.
Сағат функциясы бірнеше секундтан кейін өшеді.
9. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
9.1 Керек-жарақтарды салу
Үстіңгі жағындағы шағын ойық қауіпсіздікті
арттырады. Дөңес тұстар аударылып
кетуден сақтайтын құралдың рөлін
атқарады. Сөренің айналасындағы биік
жиек ыдыстардың сөреден сырғып кетуіне
жол бермейді.
Торкөз сөре:
Сөрені сөре бағыттағыштарының арасына
салып итеріп, тіректерінің төмен қарап
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Шұңғыл таба:
Табақты сөре бағыттағыштардың арасына
кіргізіп итеріңіз.
14 ҚАЗАҚ
Торкөз сөре, Шұңғыл таба:
Науаны сөре тірегінің бағыттағышының және
жоғарыда көрсетілген бағыттағыштар үстіндегі
тор сөренің арасына кіргізіңіз.
9.2 Сөре сырғытпасын қолдану
Сырғытпа жолдарды майламаңыз.
Пештің есігін жабар алдында, бағыттауыш
жолдардың пешке әбден кіргізілгеніне көз
жеткізіңіз.
1-қадам Оң және сол жақтағы сөре
сырғытпаларын тартып шығарыңыз.
2-қадам Тор сөрені бағыттауыш жолдарға
салыңыз да, пештің ішіне абайлап
итеріңіз.
10. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
10.1 Желдеткіш
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде, пештің
беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Пешті
сөндірсеңіз, желдеткіш пеш
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
10.2 Қауіпсіздік термостаты
Тұмшапеш дұрыс жұмыс істемесе немесе
бөлшектерінде ақау бар болса, қатты
қызып кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың
алдын алу үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге
арналған термостатпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайта автомтты түрде қосылады.
ҚАЗАҚ 15
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
11.1 Пісіруге арналған ақыл-кеңес
Тұмшапештің сөре қойылатын бес қатары
бар.
Сөренің деңгейлерін тұмшапештің
астыңғы жағынан бастап санаңыз.
Пешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға қарағанда
басқаша пісіруі немесе қуыруы мүмкін.
Төмендегі кестелерде температураға,
пісіру уақытына және сөре орындарына
қатысты стандартты ақпарат берілген.
Нақты рецептіге арналған параметрлерді
таба алмасаңыз, ұқсас біреуін
пайдаланыңыз.
Тұмшапеш ауа айналдыратын және буды
үздіксіз қайта айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Бұл
жүйенің көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ, сыртын кітірлек етіп пісіруге
болады. Бұл пісіру уақыты мен қуат
мөлшерін барынша азайтады.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына бір
ашық қатар қалдырыңыз.
Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ
түспес үшін, өте майлы тағамды пісіргенде
шұңғыл табақты пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес
үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл табаққа
шамалы су құйыңыз. Түтін жиналып
қалмас үшін су таусылған сайын
үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға, рецептілерге
және тағамның мөлшеріне сай келетін
параметрлерді (қызу параметрі, пісіру
уақыты т.с.с.) анықтап алыңыз.
11.2 Пісіру және қуыру
ТОРТТАР
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Көпіршітілген
тағам рецептілері
170 2 160 3 (2 және 4) 45 - 60 Торт қалыбы
Ашыған қамыр 170 2 160 3 (2 және 4) 20 - 30 Торт қалыбы
Сарысу қосылған
чизкейк
170 1 165 2 60 - 80 Торт қалыбы,
Ø 26 см
Штрудель 175 3 150 2 60 - 80 Пісірме табақ
Джем
тарталеткасы
170 2 165 2 30 - 40 Торт қалыбы,
Ø 26 см
16 ҚАЗАҚ
ТОРТТАР
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Рождество торты,
бос тұмшапешті
алдын ала
қыздырыңыз
160 2 150 2 90 - 120 Торт қалыбы,
Ø 20 см
Қара өрік торты,
бос тұмшапешті
алдын ала
қыздырыңыз
175 1 160 2 50 - 60 Нан қалыбы
Маффин 170 3 140 - 150 3 20 - 30 Пісірме табақ
Маффин, екі
деңгей
- - 140 - 150 2 және 4 25 - 35 Пісірме табақ
Маффин, үш
деңгей
- - 140 - 150 1, 3 және 5 30 - 45 Пісірме табақ
Печенье 140 3 140 - 150 3 30 - 35 Пісірме табақ
Печенье, екі
деңгей
- - 140 - 150 2 және 4 35 - 40 Пісірме табақ
Печенье, үш
деңгей
- - 140 - 150 1, 3 және 5 35 - 45 Пісірме табақ
Меренга 120 3 120 3 80 - 100 Пісірме табақ
Меренга, екі
деңгей, бос
тұмшапешті
алдын ала
қыздырыңыз
- - 120 2 және 4 80 - 100 Пісірме табақ
Тоқаштар, бос
тұмшапешті
алдын ала
қыздырыңыз
190 3 190 3 12 - 20 Пісірме табақ
Эклер 190 3 170 3 25 - 35 Пісірме табақ
Эклер, екі деңгей - - 170 2 және 4 35 - 45 Пісірме табақ
Тарталетка 180 2 170 2 45 - 70 Торт қалыбы,
Ø 20 см
Көп жеміс
қосылған торт
160 1 150 2 110 - 120 Торт қалыбы,
Ø 24 см
Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
ҚАЗАҚ 17
НАН ЖӘНЕ
ПИЦЦА
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Ақ нан, 1 - 2 дана,
әрқайсысы 0,5 кг
190 1 190 1 60 - 70 -
Қарабидай наны,
алдын ала қыздыру
қажет емес
190 1 180 1 30 - 45 Нан қалыбы
Булочкалар, 6 - 8
булочка
190 2 180 2 (2 және
4)
25 - 40 Пісірме табақ
Пицца 230 - 250 1 230 - 250 1 10 - 20 Эмальмен
қапталған
таба
Шелпек 200 3 190 3 10 - 20 Пісірме табақ
Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
Торт қалыбын пайдаланыңыз.
АШЫҚ БӘЛІШ
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Паста фланы, алдын ала
қыздыру қажет емес
200 2 180 2 40 - 50
Көкөніс фланы, алдын ала
қыздыру қажет емес
200 2 175 2 45 - 60
Киш 180 1 180 1 50 - 60
Лазанья 180 - 190 2 180 - 190 2 25 - 40
Каннелони 180 - 190 2 180 - 190 2 25 - 40
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Тор сөрені пайдаланыңыз.
ЕТ
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен
пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Сиыр еті 200 190 50 - 70
Шошқа еті 180 180 90 - 120
18 ҚАЗАҚ
ЕТ
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен
пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Бұзау еті 190 175 90 - 120
Шала қуырылған ағылшын ростбифі 210 200 50 - 60
Орташа қуырылған ағылшын ростбифі 210 200 60 - 70
Жақсы қуырылған ағылшын ростбифі 210 200 70 - 75
ЕТ
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Шошқаның терісі алынбаған
жамбасы
180 2 170 2 120 - 150
Шошқаның 2 сирағы 180 2 160 2 100 - 120
Қойдың сирағы 190 2 175 2 110 - 130
Бүтін тауық 220 2 200 2 70 - 85
Бүтін күркетауық еті 180 2 160 2 210 - 240
Бүтін үйрек еті 175 2 220 2 120 - 150
Бүтін қаз еті 175 2 160 1 150 - 200
Туралған қоян еті 190 2 175 2 60 - 80
Туралған қоян еті 190 2 175 2 150 - 200
Бүтін қырғауыл 190 2 175 2 90 - 120
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
БАЛЫҚ ЕТІ
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен
пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Форель / Теңіз ақтабаны, 3 - 4 балық 190 175 40 - 55
Тунец / Ақсерке, 4 - 6 филе 190 175 35 - 60
11.3 Гриль
Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
ҚАЗАҚ 19
Төртінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Температураны ең жоғары параметрге қойып гриль жасаңыз.
ГРИЛЬ
(кг)
(мин)
1-ші жағы
(мин)
2-ші жағы
Қоң ет стейктері, 4 дана 0.8 12 - 15 12 - 14
Сиыр етінің стейгі, 4 дана 0.6 10 - 12 6 - 8
Шұжықтар, 8 - 12 - 15 10 - 12
Туралған шошқа еті, 4 дана 0.6 12 - 16 12 - 14
Тауықтың жарты еті, 2 1 30 - 35 25 - 30
Кәуап, 4 - 10 - 15 10 - 12
Тауықтың төс еті, 4 дана 0.4 12 - 15 12 - 14
Бургер, 6 0.6 20 - 30 -
Балықтың қоң еті, 4 дана 0.4 12 - 14 10 - 12
Тост сэндвичтері, 4 - 6 - 5 - 7 -
Қыздырылған нан, 4 - 6 - 2 - 4 2 - 3
11.4 Турбо-гриль
Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
Бірінші немесе екінші сөре қатарын
пайдаланыңыз.
Қуыру уақытын есептеу үшін төмендегі
кестеде берілген уақытты филе
қалыңдығын көрсететін сантиметрге
көбейту керек.
СИЫР ЕТІ
(°C) (мин)
Ростбиф немесе
филе, шала піскен
190 - 200 5 - 6
Ростбиф немесе
филе, орташа піскен
180 - 190 6 - 8
Ростбиф немесе
филе, жақсы піскен
170 - 180 8 - 10
ШОШҚА ЕТІ
(°C) (мин)
Жауырын / Мойын ет /
Сан ет, 1 - 1,5 кг
160 - 180 90 - 120
Туралған / Қабырға, 1
- 1,5 кг
170 - 180 60 - 90
Котлета, 0,75 - 1 кг 160 - 170 50 - 60
Шошқа сирағы, алдын
ала пісірілген, 0,75 - 1
кг
150 - 170 90 - 120
БҰЗАУ ЕТІ
(°C) (мин)
Қуырылған бұзау еті,
1 кг
160 - 180 90 - 120
Бұзаудың сирағы, 1,5
- 2 кг
160 - 180 120 - 150
20 ҚАЗАҚ
/