параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, соққыға
төзімді розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш
сымды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасы мен желілік
сымына ешбір зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Электр сымдарына қол тигізуге немесе
құрылғының есігіне не құрылғының
төменгі жағына, әсіресе ыстық тұрған
есікке жақындауға болмайды.
• Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы
бар бөлшектерді электр қатерінен
қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп
мықтап орнату керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана қосыңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
• Егер розетка бекітілмеген болса,
ашаны жалғамаңыз.
• Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек
ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
• Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштарды, сақтандырғыштарды
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштарды
пайдаланыңыз.
• Электр қондырғысында құрылғыны кез
келген ток полюстерінен ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш құрылғы
болуы керек. Оқшаулағыш құрылғыда
кеңдігі 3 мм-ден кем емес саңылау болу
керек.
• Бұл құрылғы желілік ашамен және
желілік кабельмен жабдықталған.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
• Бұл тұрмыстық (жай ішінде) мақсатта
ғана пайдалануға арналған құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдету саңылауларының
бітелмегенін тексеріңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін әрқашан сөндіріңіз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті
ашқанда абайлаңыз. Ыстық ауа шығуы
мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл қолдармен немесе
суға тиіп тұрғанда пайдаланбаңыз.
• Ашық есікке күш салмаңыз.
• Құрылғыны жұмыс беті немесе сақтау
беті ретінде пайдаланбаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкогольді ингредиенттерді
қолданғанда, алкоголь мен ауа қоспасы
пайда болуы мүмкін.
• Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық оттың құрылғымен жанасуына
жол бермеңіз.
• Тұтанғыш өнімдерді немесе тұтанғыш
өнімдермен ылғалдандырылған
заттарды құрылғының ішіне, жанына
немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
• Эмальдің зақымдалуын немесе
өңсізденуін болдырмау үшін:
– пешке арналған ыдыстарды немесе
басқа заттарды құрылғы ішінде
тікелей түбіне қоймаңыз.
– алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
– суды тікелей ыстық құрылғыға
қоймаңыз.
– әзірлеуді аяқтағаннан кейін
құрылғыда ылғалды ыдыстарды
және тағамдарды сақтамаңыз.
ҚАЗАҚ 5