Zanussi ZZB510301X Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с руководством пользователя для духового шкафа Zanussi ZZB510301X. Это руководство содержит информацию о безопасности, установке, использовании различных режимов нагрева, рецептах и советах по приготовлению пищи, а также инструкции по уходу и устранению неисправностей. Задавайте ваши вопросы, я готов помочь!
  • Как очистить духовой шкаф?
    Какие режимы нагрева есть в духовом шкафу?
    Как установить дверцу духового шкафа?
    Что делать, если духовой шкаф не греется?
GETTING
STARTED?
EASY.
User Manual
ZZB510301X
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Тұмшапеш
RU Инструкция по эксплуатации 21
Духовой шкаф
UK Інструкція 41
Духова шафа
МЫНАУ ҮШІН ВЕБ-САЙТЫМЫЗҒА КІРІҢІЗ:
Пайдалану туралы ақпаратты, кітапшаларды, ақаулықты жою құралы, қызмет
көрсету және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.zanussi.com/support
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ..............................................................................................2
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ.........................................................................................4
3. ОРНАТУ..........................................................................................................................7
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ..............................................................................................8
5. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА........................................................................... 8
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ.....................................................................................................9
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ.............................................................................. 10
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР.........................................................................................10
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС...............................................................................................................10
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................................16
11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ............................................................................................... 18
12. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК............................................................................................... 18
13. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................................19
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
1.1 Балалар мен осал адамдар қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі
аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінсе, онда қолдануына болады. 8 жасқа
толмаған балаларды және мүмкіндіктері өте шектеулі
мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған жағдайда
құрылғыдан алыс ұстау керек.
2 ҚАЗАҚ
Балаларға құрылғымен орнатылған мобильді
құралдармен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол
суып тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жетімді бөлшектер пайдалану
кезінде ыстық болады.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса, оны
қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын
ауыстыруға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек.
Тұмшапеш ыдыстарын немесе керек-жарақтарын алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Қандай да бір жөндеу жұмысын орындар алдында
құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды
ауыстырар алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны кіріктіріп орнату алдында қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі
сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға
тиіс.
ҚАЗАҚ 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай
болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы
мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Құрылғыны орнату талаптарына сәйкес
ыңғайлы және қауіпсіз жерге
орнатыңыз.
Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны орнатпас бұрын,
тұмшапештің есігі кедергісіз ашылып
тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғы электрлі салқындату
жүйесімен жабдықталған. Ол электр
қуатымен жұмыс істеуге тиіс.
Корпустың минимальды
биіктігі (Корпус пен жұмыс
бетінің арасындағы
минимальды биіктік)
580 (600) мм
Корпустың ені 560 мм
Корпустың тереңдігі 550 (550) мм
Құрылғының алдыңғы
жағының биіктігі
589 мм
Құрылғының артқы
жағының биіктігі
570 мм
Құрылғының алдыңғы
жағының ені
594 мм
Құрылғының артқы
жағының ені
558 мм
Құрылғының тереңдігі 561 мм
Құрылғының кіріктірілген
тереңдігі
540 мм
Есік ашық кездегі
тереңдігі
1007 мм
Желдеткіш саңылауының
ең төменгі өлшемі
Төменгі артқы бөлікте
орналасқан саңылау
560x20 мм
Желілік сымның
ұзындығы. Кабель артқы
бөліктің оң жақ бұрышына
орналастырылған
1100 мм
Бекіту бұрандалары 4x25 мм
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруы керек.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, соққыға
төзімді розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш
сымды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасы мен желілік
сымына ешбір зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Электр сымдарына қол тигізуге немесе
құрылғының есігіне не құрылғының
төменгі жағына, әсіресе ыстық тұрған
есікке жақындауға болмайды.
Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы
бар бөлшектерді электр қатерінен
қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп
мықтап орнату керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана қосыңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Егер розетка бекітілмеген болса,
ашаны жалғамаңыз.
4 ҚАЗАҚ
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек
ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштарды, сақтандырғыштарды
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштарды
пайдаланыңыз.
Электр қондырғысында құрылғыны кез
келген ток полюстерінен ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш құрылғы
болуы керек. Оқшаулағыш құрылғыда
кеңдігі 3 мм-ден кем емес саңылау болу
керек.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен және
негізгі ашамен жабдықталған.
Еуропаға арналған орнатуға немесе
ауыстырғанда пайдалануға болатын
сымдардың түрлері:
H07 RN-F, H05 RN-F, H05 RRF, H05 VV-F, H05
V2V2-F (T90), H05 BB-F
Сымды техникалық ақпарат
тақтайшасындағы жалпы қуат мәніне
қарап таңдаңыз. Кестеге назар
аударуыңызға болады:
Жалпы қуат (Вт) Электр сымының
көлденең қимасы
(ммІ)
ең үлкен 1380 3 x 0.75
ең үлкен 2300 3 x 1
ең үлкен 3680 3 x 1.5
Пештің жерге тұйықталатын сымы
(жасыл / сары сым) фаза және бейтарап
сымдарға (көк және қоңыр сымдар)
қарағанда 2 см ұзынырақ болуға тиіс.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың
бітелмегенін тексеріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін әрқашан сөндіріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл қолмен немесе
суды қолданып тұрған кезде
пайдаланбаңыз.
Ашық есікке күш салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкогольді ингредиенттерді
қолданғанда, алкоголь мен ауа қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық оттың құрылғымен жанасуына
жол бермеңіз.
Тез тұтанатын өнімдерді немесе
жанғыш, дымқыл заттарды құрылғының
ішіне, жанына немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
Эмальдің зақымдалуын немесе
өңсізденуін болдырмау үшін:
пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
немесе тот баспайтын болат бөлігінің
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер
етпейді.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
ҚАЗАҚ 5
Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін
жауып пісіріңіз.
Егер құрылғы жиһаз панелінің (мысалы,
есіктің) артына орнатылса, онда
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің ешқашан жабылмайтынына көз
жеткізіңіз. Жиһаз панелінің артқы
жағында жылу және ылғал жиналуы
және кейін құрылғыға, корпусқа немесе
еденге зақым тигізуі мүмкін. Құрылғы
пайдаланудан кейін толығымен
суығанша жиһаз панелін жаппаңыз.
2.4 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытыңыз және ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының суық екеніне көз жеткізіңіз.
Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
Зақым келген болса есіктің шыны
панельдерін дереу ауыстырыңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыдан есікті алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны дымқыл жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді,
еріткіштерді немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
2.5 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері жеке
сатылады: Бұл шамдар температура,
діріл, ылғалдылық сияқты төтенше
физикалық жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына немесе
құрылғының жұмыс жағдайы туралы
сигнал беруге арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана пайдаланыңыз..
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.7 Қоқысқа тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
6 ҚАЗАҚ
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
3.1 Кіріктіріп орнату
589
594
114
19
21540
570
558
min. 550
20
6
600
min. 560
3
6
(*mm)
min. 550
20
580
min. 560
589
594
114
19
21540
570
558
9
(*mm)
3.2 Тұмшапешті корпусқа бекіту
ҚАЗАҚ 7
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
4.1 Жалпы көрінісі
6
7
8
4
3
2
1
9
21 3 4 5
1
Басқару панелі
2
Қуат шамы / белгісі
3
Қыздыру функцияларының тетігі
4
Басқару тетігі (температура үшін)
5
Температура индикаторы / белгісі
6
Желдеткіштің ауа шығатын
саңылаулары
7
Қыздырғыш элемент
8
Шам
9
Сөре деңгейлері
4.2 Керек-жарақтар
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге арналған.
5. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Бірінші пайдалану алдында
Алдын ала қыздыру кезінде тұмшапештен иіс және түтін шығады. Бөлменің желдетілуін
қамтамасыз етіңіз.
1-қадам
2-қадам
Тұмшапешті тазалаңыз Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз
1. Тұмшапеш ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
2. Тұмшапеш пен аксессуарларды жұмсақ
шүберекпен, жылы сумен және жұмсақ жуғыш
затпен тазалаңыз.
1. Келесі функция үшін максималды
температураны орнатыңыз: .
Уақыт: 1 сағат
2. Келесі функция үшін максималды
температураны орнатыңыз: .
Уақыт: 15 мин.
8 ҚАЗАҚ
Тұмшапешті өшіріп, ол суығанша күтіңіз. Аксессуарларды тұмшапешке салыңыз.
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Қалай орнатасыз: Қыздыру
функциясы
1-қадам Қыздыру функциясын таңдау үшін
қыздыру функцияларының тетігін
бұраңыз.
2-қадам Температура.
3-қадам Пісіру аяқталғаннан кейін пешті
сөндіру үшін тетіктерді сөндіру
қалпына бұраңыз.
6.2 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолдану
Сөндіру қалпы Пеш өшірулі.
Астыңғы қыздыру Түбі қытырлақ күлшелерді пісіруге және тағамды консервілеуге
арналған.
Жылдам гриль Жұқа етіп көп мөлшерде дайындалған тағамнан гриль жасау
және тост жасау үшін.
Дәстүрлі пісіру Тағамды бір сөреде пісіруге және қуыруға арналған.
Дәстүрлі пісіру Бұл тағам пісіру барысында қуатты үнемдеуге арналған функция.
Бұл функцияны пайдаланғанда ішкі температура орнатылған
температурадан өзгеше болуы мүмкін. Жылу қуаты азаюы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін "Әркүндік қолдану" тарауын қараңыз,
ескертулер: Дәстүрлі пісіру .
6.3 Ескертулер: Дәстүрлі пісіру
Бұл функция ЕО 65/2014 және ЕО 66/2014
стандарттарының қуат тиімділігі және
экодизайн санат талаптарына сәйкес
пайдаланылған. ЕО 60350-1 стандартына
сай тексереді.
Функцияға кедергі келтірмеу үшін пісіру
барысында тұмшапештің есігі жабылып
тұруы керек және тұмшапеш қуат тиімділігі
жағынан ең тиімді режимде жұмыс істеуі
қажет.
Бұл функцияны пайдаланғанда шам
автоматты түрде сөнеді.
Тағам пісіру туралы нұсқауларды "Ақыл-
кеңестер және ұсыныстар" тарауынан
қараңыз, Дәстүрлі пісіру . Жалпы қуат
үнемдеуге арналған ұсыныстарды "Қуат
тиімділігі" тарауы, Қуат үнемдеу
тармағынан қараңыз.
ҚАЗАҚ 9
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Керек-жарақтарды салу
Торкөз сөре:
Сөрені сөре бағыттағыштарының арасына
салып итеріп, тіректерінің төмен қарап
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пісірме табақ:
Табақты сөре бағыттағыштардың арасына
кіргізіп итеріңіз.
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
8.1 Желдеткіш
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде, пештің
беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Пешті
сөндірсеңіз, желдеткіш тоқтайды.
8.2 Қауіпсіздік термостаты
Тұмшапеш дұрыс жұмыс істемесе немесе
бөлшектерінде ақау бар болса, қатты
қызып кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың
алдын алу үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге
арналған термостатпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайта автомтты түрде қосылады.
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
9.1 Пісіруге арналған ақыл-кеңес
Тұмшапештің сөре қойылатын төрт қатары
бар.
Сөренің деңгейлерін тұмшапештің
астыңғы жағынан бастап санаңыз.
Пешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға қарағанда
басқаша пісіруі немесе қуыруы мүмкін.
Төмендегі кестелерде температураға,
пісіру уақытына және сөре орындарына
қатысты стандартты ақпарат берілген.
10 ҚАЗАҚ
Нақты рецептіге арналған параметрлерді
таба алмасаңыз, ұқсас біреуін
пайдаланыңыз.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше ашпаңыз.
Ет пен балық пісіру
Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес
үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл табаққа
шамалы су құйыңыз. Түтін жиналып
қалмас үшін су таусылған сайын
үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға, рецептілерге
және тағамның мөлшеріне сай келетін
параметрлерді (қызу параметрі, пісіру
уақыты т.с.с.) анықтап алыңыз.
9.2 Пісіру және қуыру
Функцияны пайдаланыңыз: Дәстүрлі пісіру.
ТОРТТАР
(°C) (мин)
Көпіршітілген тағам
рецептілері
170 2 45 - 60 Торт қалыбы
Ашыған қамыр 170 2 24 - 34 Торт қалыбы
Сарысу қосылған чизкейк 170 1 60 - 80 Торт қалыбы, Ø 26 см
Штрудель 175 2 60 - 80 Пісірме табақ
Джем тарталеткасы 170 2 30 - 40 Торт қалыбы, Ø 26 см
Жеміс торты 170 2 60 - 70 Торт қалыбы, Ø 26 см
Рождество торты / Көп
жеміс қосылған торт
170 2 50 - 60 Торт қалыбы, Ø 20 см
Қара өрік торты, бос
тұмшапешті алдын ала
қыздырыңыз
170 2 50 - 60 Нан қалыбы
Печенье, бос тұмшапешті
алдын ала қыздырыңыз
150 3 20 - 30 Пісірме табақ
Меренга 100 3 90 - 120 Пісірме табақ
Тоқаштар, бос тұмшапешті
алдын ала қыздырыңыз
190 3 15 - 20 Пісірме табақ
Кремді пирожный, бос
тұмшапешті алдын ала
қыздырыңыз
190 3 25 - 35 Пісірме табақ
Тарталетка 180 3 45 - 70 Торт қалыбы, Ø 20 см
Виктория сэндвичі 180 1 немесе 2 40 - 55 Торт қалыбы, Ø 20 см
Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
ҚАЗАҚ 11
НАН ЖӘНЕ
ПИЦЦА (°C) (мин)
Ақ нан, 1 - 2 дана,
әрқайсысы 0,5 кг
190 1 60 - 70 -
Қарабидай наны, алдын
ала қыздыру қажет емес
190 1 30 - 45 Нан қалыбы
Булочкалар, 6 - 8 булочка 190 2 25 - 40 Пісірме табақ
Пицца 190 1 20 - 30 Шұңғыл таба
Шелпек 200 3 10 - 20 Пісірме табақ
Басқаша көрсетілмесе, екінші сөре
деңгейін пайдаланыңыз.
Торт қалыбын пайдаланыңыз.
АШЫҚ
БӘЛІШ (°C) (мин)
Паста фланы 180 40 - 50
Көкөніс фланы 200 45 - 60
Киш, бірінші сөре
деңгейін қолданыңыз
190 40 - 50
Лазанья 200 25 - 40
Каннелони 200 25 - 40
Йоркшир пудингі, 6
пуддинг қалыбы, бос
тұмшапешті алдын ала
қыздырыңыз
220 20 - 30
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Тор сөрені пайдаланыңыз.
ЕТ
(°C) (мин)
Сиыр еті 200 50 - 70
Шошқа еті 180 90 - 120
Бұзау еті 190 90 - 120
Шала қуырылған
ағылшын ростбифі
210 44 - 50
Орташа қуырылған
ағылшын ростбифі
210 51 - 55
ЕТ
(°C) (мин)
Жақсы қуырылған
ағылшын ростбифі
210 55 - 60
Басқаша көрсетілмесе, екінші сөре
деңгейін пайдаланыңыз.
ЕТ
(°C) (мин)
Шошқаның терісі
алынбаған жамбасы
180 120 - 150
Шошқаның 2 сирағы 180 100 - 120
Қойдың сирағы 190 110 - 130
Бүтін тауық 200 70 - 85
Бүтін күркетауық еті,
бірінші сөре деңгейін
қолданыңыз
180 210 - 240
Бүтін үйрек еті 175 120 - 150
Бүтін қаз еті, бірінші
сөре деңгейін
қолданыңыз
175 150 - 200
Туралған қоян еті 190 60 - 80
Туралған қоян еті 190 150 - 200
Бүтін қырғауыл 190 90 - 120
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
190 °C градус температураны орнатыңыз.
12 ҚАЗАҚ
БАЛЫҚ
ЕТІ (мин)
Форель / Теңіз
ақтабаны
40 - 55 3 - 4 балық
Тунец / Ақсерке 35 - 60 4 - 6 филе
9.3 Гриль
Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
Үшінші сөре деңгейін қолданыңыз.
250 °C градус температураны орнатыңыз.
ГРИЛЬ
(кг)
(мин)
1-ші жағы
(мин)
2-ші жағы
Қоң ет стейктері, 4 дана 0.8 12 - 15 12 - 14
Сиыр етінің стейгі, 4 дана 0.6 10 - 12 6 - 8
Шұжықтар, 8 - 12 - 15 10 - 12
Туралған шошқа еті, 4 дана 0.6 12 - 16 12 - 14
Тауықтың жарты еті, 2 1 30 - 35 25 - 30
Кәуап, 4 - 10 - 15 10 - 12
Тауықтың төс еті, 4 дана 0.4 12 - 15 12 - 14
Бургер, 6 0.6 20 - 30 -
Балықтың қоң еті, 4 дана 0.4 12 - 14 10 - 12
Тост сэндвичтері, 4 - 6 - 5 - 7 -
Қыздырылған нан, 4 - 6 - 2 - 4 2 - 3
9.4 Дәстүрлі пісіру - ұсынылатын керек-жарақтар
Күңгірт және шағылыспайтын қалыптар мен контейнерлерді қолданыңыз. Олар ашық
түсті және шағылыстыратын ыдысқа қарағанда жылуды жақсы сіңіреді.
Пицца ыдысы
Пісірме табақ
Қалыптар
Флан негізінің қалыбы
Күңгірт, шағылыспайтын
диаметрі 28 см
Күңгірт, шағылыспайтын
диаметрі 26 см
Керамика
диаметрі 8 см,
биіктігі 5 см
Күңгірт, шағылыспайтын
диаметрі 28 см
ҚАЗАҚ 13
9.5 Дәстүрлі пісіру
Тамаша нәтижелерге қол жеткізу үшін
төмендегі кестедегі ұсыныстамаларды
орындаңыз.
(°C) (мин)
Тәтті булочкалар, 12
дана
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 2 35 - 40
Булочкалар, 9 дана пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 2 35 - 40
Пицца, мұздатылған,
0,35 кг
темір сөре 220 2 35 - 40
Швейцария орамасы пісірме науа немесе шұңғыл
науа
170 2 30 - 40
Брауни пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 2 30 - 40
Суфле, 6 дана тор сөреге қойылған
керамика қалып
200 3 30 - 40
Қопсыма флан негізі тор сөреге қойылған флан
негізі
170 2 20 - 30
Виктория сэндвичі тор сөреге қойылған пісірме
табақ
170 2 35 - 45
Жұмсақ пісірілген
балық, 0,3 кг
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 3 35 - 45
Тұтас балық еті, 0,2
кг
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 3 35 - 45
Балықтың қоң еті, 0,3
кг
тор сөреге қойылған пицца
ыдысы
180 3 35 - 45
Жұмсақ пісірілген ет,
0,25 кг
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
200 3 40 - 50
Кәуап, 0,5 кг пісірме науа немесе шұңғыл
науа
200 3 25 - 35
Печенье, 16 дана пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 2 20 - 30
Бадам печеньесі, 20
дана
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 2 40 - 45
Маффин, 12 дана пісірме науа немесе шұңғыл
науа
170 2 30 - 40
Қышқыл дәмді
кондитерлік өнімдер,
16 дана
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
170 2 35 - 45
Үгілмелі қыртысты
печенье, 20 дана
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
150 2 40 - 50
14 ҚАЗАҚ
(°C) (мин)
Тарталетка, 8 дана пісірме науа немесе шұңғыл
науа
170 2 20 - 30
Көкөністер, жұмсақ
пісірілген, 0,4 кг
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 3 35 - 40
Вегетариан омлеті тор сөреге қойылған пицца
ыдысы
200 3 30 - 45
Жерорта теңізі
көкөністері, 0,7 кг
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 4 35 - 40
9.6 Сынақ институттарына
арналған ақпарат
IEC 60350-1 стандартына сай тексереді.
(°C) (мин)
Шағын
кекстер, әр
науада 20
Дәстүрлі пісіру Пісірме
табақ
3 170 20 - 30 -
Алма
бәліші,
диагоналі
Ø20 см 2
қалып
Дәстүрлі пісіру Торкөз
сөре
1 170 80 - 120 -
Бисквит
торт,
диагоналі
Ø26 см торт
қалыбы
Дәстүрлі пісіру Торкөз
сөре
2 170 35 - 45 -
Шала
ашыған нан
Дәстүрлі пісіру Пісірме
табақ
3 150 20 - 35 Тұмшапешті алдын
ала 10 минут
қыздырыңыз.
Қыздырылға
н нан, 4 - 6
дана
Гриль Торкөз
сөре
3 макс. бір жағы 2 - 4
минут; екінші
жағы 2 - 3 минут
Тұмшапешті алдын
ала 3 минут
қыздырыңыз.
Сиыр етінің
бургері, 6
дана, 0,6 кг
Гриль Тор сөре
және май
жинайтын
таба
3 макс. 20 - 30 Тор сөрені үшінші
деңгейге және май
жинайтын табаны
тұмшапештің екінші
деңгейіне қойыңыз.
Пісірудің орта
тұсында тағамды
аударыңыз.
Тұмшапешті алдын
ала 3 минут
қыздырыңыз.
ҚАЗАҚ 15
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Тазалауға қатысты ескерім
Жуғыш заттар
Пештің алдыңғы жағын жұмсақ жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Корпустың айналасы мен есіктің тығыздағышын тексеріңіз
және тазалаңыз.
Металл беттерді тазалау үшін тазартқыш ерітіндіні қолданыңыз.
Дақтарды жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз.
Күнделікті
қолдану
Корпусты әр пайдаланғаннан кейін тазалап отырыңыз. Май жиналғанда немесе басқа
қалдық жиналса, өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Тұмшапештің ішіне немесе есігінің шыны панельдеріне ылғал тұруы мүмкін. Буды
азайту үшін тұмшапешті тағам пісіру алдында 10 минут іске қосыңыз. Тағамды пеште
20 минуттан артық сақтамаңыз. Пайдаланып болған сайын табанын жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
Керек-жарақтар
Керек-жарақтарды әр қолданып болған сайын тазалап, құрғатып отырыңыз. Шүберекті,
жылы су мен жұмсақ жуғыш затты пайдаланыңыз. Керек-жарақтарды ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз..
Күйдірмейтін керек-жарақтарды жеміргіш тазартқышты немесе өткір қырлы заттарды
пайдаланып тазаламаңыз.
10.2 Қалай алып тастау және орнату керек: Есік
Тұмшапештің есігінің екі шыны панелі бар. Тұмшапештің есігін және ішкі шыны панелін
алып тазалауға болады. Шыны панельдерді алу алдында "Есікті алу және орнату”
тармағындағы нұсқауды толық оқыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Пешті шыны панельдерін қолданбай пайдаланбаңыз.
1-қадам Есікті толығымен ашып, екі топсаны
ұстап тұрыңыз.
2-қадам Екі топсадағы тетіктерді толық
көтеріңіз және бұраңыз.
16 ҚАЗАҚ
3-қадам Тұмшапештің есігін бірінші ашу
күйіне жартылай жабыңыз. Содан
кейін көтеріп алға тартыңыз да,
есікті ұясынан шығарып алыңыз.
4-қадам Есікті жұмсақ мата төселген орнықты
жерге қойыңыз және ішкі шыны
панельді алу үшін бұғаттау жүйесін
босатыңыз.
5-қадам Бекіткіш тетіктерді 90° градусқа
бұраңыз да, ағытып алыңыз.
6-қадам Әуелі шыны панельді абайлап
көтеріп, содан кейін алыңыз.
90°
1
2
7-қадам Шыны панельді су мен сабынды пайдаланып тазалаңыз. Шыны панельдерді жақсылап
құрғатыңыз. Шыны панельдерді ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.
8-қадам Тазалағаннан кейін шыны панель мен пештің есігін орнатыңыз.
Есіктің жақтауы дұрыс орнатылса, сырт еткен
дыбыс естіледі.
Ішкі шыны панельді ұяларына дұрыс
қойғаныңызды тексеріңіз.
A
10.3 Қалай ауыстырасыз: Шам
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері орын алуы
мүмкін.
Шам ыстық болуы мүмкін.
Шамды ауыстырмас бұрын:
1-қадам 2-қадам 3-қадам
Пешті сөндіріңіз. Тұмшапеш әбден
суығанша күтіңіз.
Пешті розеткадан ағытыңыз. Пештің табанына шүберек
төсеңіз.
ҚАЗАҚ 17
Үстіңгі шам
1-қадам Шамның қақпағын алу үшін бұраңыз.
2-қадам Шыны қақпағын тазалаңыз.
3-қадам Шамды 300 °C градус қызуға төзімді жарамды шаммен ауыстырыңыз.
4-қадам Шыны қақпағын орнатыңыз.
11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
11.1 Не істерсіңіз, егер...
Осы кестеде қарастырылмаған кез келген
жағдайда уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық Тексеріңіз, егер...
Тұмшапеш қызбайды. Сақтандырғыш жанып
кеткен.
Есіктің тығыздағышына
зақым келген.
Пешті пайдаланбаңыз.
Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Ақаулық Тексеріңіз, егер...
Шам жанбайды. Шам жанып кеткен.
11.2 Қызмет көрсету дерегі
Ақаулықты өзіңіз түзете алмасаңыз,
дилеріңізге неуәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пеш корпусының
алдыңғы жақтауында орналасқан.
Тұмшапештің ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................
12. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
12.1 Техникалық дерек
Кернеу 220 - 240 В
Жиілік 50 - 60 Гц
18 ҚАЗАҚ
13. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ
13.1 Өнім туралы ақпарат және Өнім туралы ақпарат парағы*
Жабдықтаушының аты Zanussi
Үлгіні идентификаторы ZZB510301X 944064830
Қуат тиімділігі индексі 94,9
Қуат тиімділігі санаты A
Дәстүрлі режимдегі стандартты жүктеме үшін пайдаланылатын
қуат
0,75 кВт/сағ/цикл
Сызаттардың саны 1
Жылу көзі Электр қуаты
Дыбыс деңгейі 56 л
Пештің түрі Кіріктірілген тұмшапеш
Салмағы 27.5 кг
* Еуропалық Одақ үшін ЕО-тың 65/2014 және 66/2014 регламентіне сәйкес.
Беларусь Республикасы үшін 2478-2017 бағдарламалық жасақтаманың техникалық бюллетеніне сәйкес, G
қосымшасы; БЖТБ 2477-2017, A және B қосымшасы.
Украина үшін 568/32020 сәйкес.
Ресей үшін қуат тиімділігі санаты қолданылмайды.
EN 60350-1 - Тағам пісіретін тұрмыстық электр құрылғылары - 1-бөлім: Плиталар, тұмшапештер, бу
пештері және гриль - Өнімділікті өлшеу әдістері.
13.2 Қуатты үнемдеу
Пештің күнделікті тамақ пісіру
кезінде қуат үнемдеуге
көмектесетін мүмкіндіктері бар.
Тұмшапеш жұмыс істеп тұрғанда есігінің
жабық екеніне көз жеткізіңіз. Тұмшапештің
есігін тағамды пісіру кезінде жиі ашпаңыз.
Есіктің тығыздағышын таза ұстаңыз және
оның өз орнында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қуатты үнемдеуді жақсарту үшін .
Егер мүмкін болса, пешті пайдаланар
алдында алдын ала қыздырмаңыз.
Бірнеше тағамды бір уақытта пісірген
кезде, пісіру циклдарының арасын
барынша қысқа етіңіз.
Қалдық қызу
Пісіру уақыты 30 мин. ұзақ болса, пештің
температурасын пісіру аяқталғанға дейін 3
- 10 мин. ерте азайтыңыз. Пеш ішіндегі
қалдық жылу пісіруді жалғастырады.
Басқа тағамдарды жылыту үшін қалдық
қызуды пайдаланыңыз.
Тағамды жылы ұстау
Қалдық қызуды таңдап, тағамды жылы
ұстау үшін ең төменгі ықтимал
температураны таңдаңыз.
Дәстүрлі пісіру
Тағам пісіру барысында қуатты үнемдеуге
арналған функция.
Осы функцияны пайдаланғанда шам
сөнеді.
ҚАЗАҚ 19
14. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу
үшін тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік және электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден
өткізу арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді
қосыңыз. Белгі салынған құрылғыларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
Осы өнімнің өндірілген күні сериялық нөмірде көрсетілген, оның
нөмірінің бірінші саны өндірілген жылдың соңғы санына, екінші
және үшінші сандар аптаның реттік нөміріне сәйкес келеді.
Мысалы,14512345 сериялық нөмірі өнім 2021 жылдың қырық
бесінші аптасында өндірілгенін білдіреді.
Өндіруші: Electrolux Appliances AB, Al. Powstańców Śląskich 26,
30-570 Kraków, Польша
Импорттаушы және өндірушінің уәкілетті ұйымы:
OOO «Электролюкс Рус», Кожевнический проезд 1, 115114,
Мәскеу/Москва, тел.: 8-800-444-444-8
Польшада жасалған
20 ҚАЗАҚ
/