Electrolux OED3H50V, OED3H50K, OED3H50X, OEM3H50K, OEM3H50X Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал руководство пользователя для духовых шкафов Electrolux OED3H50K, OED3H50V, OED3H50X, OEM3H50K и OEM3H50X. Готов ответить на ваши вопросы об использовании различных режимов нагрева, функции "Плюс Бу", установке времени и других функциях устройства. В руководстве также подробно описана очистка духового шкафа.
  • Как установить время на часах духового шкафа?
    Как использовать функцию "Плюс Бу"?
    Как очистить духовой шкаф?
For quick access to manuals, how-to guides,
support and more through our photo
registration visit electrolux.com/register
Get the most out
of your appliance
OED3H50K
OED3H50V
OED3H50X
OEM3H50K
OEM3H50X
KK
Тұмшапеш Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Духовой шкаф Инструкция по эксплуатации 37
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. ОРНАТУ............................................................................................................. 7
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 9
5. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................9
6. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................10
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................10
8. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ................................................................................. 13
9. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ..................................................................14
10. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР...........................................................................15
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 16
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 29
13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................33
14. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................34
15. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................... 34
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалануға қатысты кеңесті, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/support
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен осал адамдар қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады. 8 жасқа
толмаған балаларды және мүмкіндіктері өте
шектеулі мүгедек адамдарды басқалар
қадағаламаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау
керек.
Балаларға құрылғымен орнатылған мобильді
құралдармен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе
ол суып тұрғанда, балалар мен үй жануарларын
оған жақындатпаңыз. Қол жетімді бөлшектер
пайдалану кезінде ыстық болады.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса,
оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын
ауыстыруға тиіс.
ҚАЗАҚ 3
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек.
Тұмшапеш ыдыстарын немесе керек-жарақтарын
алып-салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Қандай да бір жөндеу жұмысын орындар алдында
құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды
ауыстырар алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны кіріктіріп орнату алдында қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы
жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Құрылғыны орнату талаптарына
сәйкес ыңғайлы және қауіпсіз жерге
орнатыңыз.
Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны орнатпас бұрын,
тұмшапештің есігі кедергісіз
ашылып тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғы электрлі салқындату
жүйесімен жабдықталған. Ол электр
қуатымен жұмыс істеуге тиіс.
www.electrolux.com4
Корпустың
минимальды
биіктігі (Корпус пен
жұмыс бетінің
арасындағы
минимальды
биіктік)
590 (600) мм
Корпустың ені 560 мм
Корпустың
тереңдігі
550 (550) мм
Құрылғының
алдыңғы жағының
биіктігі
594 мм
Құрылғының артқы
жағының биіктігі
576 мм
Құрылғының
алдыңғы жағының
ені
595 мм
Құрылғының артқы
жағының ені
559 мм
Құрылғының
тереңдігі
569 мм
Құрылғының
кіріктірілген
тереңдігі
548 мм
Есік ашық кездегі
тереңдігі
1022 мм
Желдеткіш
саңылауының ең
төменгі өлшемі
Төменгі артқы
бөлікте орналасқан
саңылау
560x20 мм
Желілік сымның
ұзындығы. Кабель
артқы бөліктің оң
жақ бұрышына
орналастырылған
1500 мм
Бекіту
бұрандалары
4x25 мм
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруы керек.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
соққыға төзімді розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты адаптер мен
ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасы мен желілік
сымына ешбір зақым келтірмеңіз.
Қорек сымын ауыстыру қажет
болса, оны міндетті түрде қызмет
көрсету орталығы жүзеге асыруға
тиіс.
Электр сымдарына қол тигізуге
немесе құрылғының есігіне не
құрылғының төменгі жағына,
әсіресе ыстық тұрған есікке
жақындауға болмайды.
Ток жүріп тұрған және
гидроизоляциясы бар бөлшектерді
электр қатерінен қорғау үшін
құралсыз алынбайтын етіп мықтап
орнату керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка бекітілмеген болса,
ашаны жалғамаңыз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым
қорек ашаны қолмен тартып
шығарыңыз.
Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштарды,
сақтандырғыштарды (ұстатқыштан
алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштарды пайдаланыңыз.
Электр қондырғысында құрылғыны
кез келген ток полюстерінен
ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құрылғы болуы керек.
Оқшаулағыш құрылғыда кеңдігі 3
ҚАЗАҚ 5
мм-ден кем емес саңылау болу
керек.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен
және негізгі ашамен жабдықталған.
Еуропаға арналған орнатуға
немесе ауыстырғанда пайдалануға
болатын сымдардың түрлері:
H07 RN-F, H05 RN-F, H05 RRF, H05
VV-F, H05 V2V2-F (T90), H05 BB-F
Сымды техникалық ақпарат
тақтайшасындағы жалпы қуат мәніне
қарап таңдаңыз. Кестеге назар
аударуыңызға болады:
Жалпы қуат (Вт) Электр
сымының
көлденең
қимасы (ммІ)
ең үлкен 1380 3 x 0.75
ең үлкен 2300 3 x 1
ең үлкен 3680 3 x 1.5
Пештің жерге тұйықталатын сымы
(жасыл / сары сым) фаза және
бейтарап сымдарға (көк және қоңыр
сымдар) қарағанда 2 см ұзынырақ
болуға тиіс.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың
бітелмегенін тексеріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін әрқашан сөндіріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл қолмен немесе
суды қолданып тұрған кезде
пайдаланбаңыз.
Ашық есікке күш салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғының есігін абайлап
ашыңыз. Алкогольді
ингредиенттерді қолданғанда,
алкоголь мен ауа қоспасы пайда
болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық оттың құрылғымен жанасуына
жол бермеңіз.
Тез тұтанатын өнімдерді немесе
жанғыш, дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, жанына немесе
үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Эмаль қаптамасының немесе
түсінің өзгеруін болдырмау үшін:
пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды
құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
немесе тот баспайтын болат
бөлігінің түсінің өзгеруі құрылғы
жұмысына әсер етпейді.
Сулы қоспадан жасалған тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындары
кетпейтін дақтар қалдырады.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Тағамды әрқашан тұмшапештің
есігін жауып пісіріңіз.
Егер құрылғы жиһаз панелінің
(мысалы, есіктің) артына
орналастырылса, онда құрылғы
жұмыс істеп тұрған кезде есіктің
ешқашан жабылмайтынына көз
жеткізіңіз. Жиһаздың жабық
www.electrolux.com6
панеліне жиналған жылу мен ылғал
келешекте құрылғының,
қаптаманың немесе еденнің
бүлінуіне әкелуі мүмкін. Құрылғыны
қолданғаннан кейін толық суығанша
жиһаздың панелін жаппаңыз.
2.4 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытыңыз және ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының суық екеніне көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
Зақым келген болса есіктің шыны
панельдерін дереу ауыстырыңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыдан есікті алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны дымқыл жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі
жөкелерді, еріткіштерді немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
2.5 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері
жеке сатылады: Бұл шамдар
температура, діріл, ылғалдылық
сияқты төтенше физикалық
жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына
немесе құрылғының жұмыс
жағдайы туралы сигнал беруге
арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
пайдаланыңыз..
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.7 Қоқысқа тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін алыңыз.
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
3.1 Кіріктіріп орнату
www.youtube.com/electrolux
www.youtube.com/aeg
How to install your AEG/Electrolux
Oven - Column installation
ҚАЗАҚ 7
18
594
589
114
21548
595
+-1
min. 550
20
600
min. 560
3
5
60
20
80
520
60
198
523
(*mm)
min. 550
20
595
+-1
18
590
min. 560
594
589
114
21548
3
5
70
60
520
60
20
198
523
(*mm)
3.2 Тұмшапешті корпусқа
бекіту
www.electrolux.com8
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
4.1 Жалпы көрінісі
9
8
13
12
5
4
1
2
3
4 7631 52
10
11
1
Басқару панелі
2
Қыздыру функцияларының тетігі
3
Қуат шамы / белгісі
4
Дисплей
5
(Температураны) басқару тетігі
6
Температура индикаторы / белгісі
7
Плюс Бу
8
Қыздырғыш элемент
9
Шам
10
Желдеткіш
11
Корпустың белгіленген деңгейі -
Сумен тазалауға арналған сауыт
12
Сөренің алмалы сырғытпалары
13
Сөре деңгейлері
4.2 Керек-жарақтар
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіруге, қуыруға немесе май
жинауға арналған таба ретінде
қолдануға болады.
Сырғытпа жолдар
Сырғытпа жолдардың көмегімен
сөрелерді оңай алып-салуға
болады.
5. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
5.1 Батырма тетіктер
Құрылғыны іске пайдалану үшін оның
тетігін басыңыз. Тетік бері шығады.
5.2 Сенсорлық алаңдар / Түймелер
Уақытты орнату үшін.
Сағат функциясын орнату үшін.
Уақытты орнату үшін.
Ыстық желдеткішпен пісіру ПЛЮС функциясын
қосуға және сөндіруге арналған.
ҚАЗАҚ 9
5.3 Дисплей
A B
A. Сағат функциялары
B. Таймер
6. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Ең алғаш пайдалану алдында
Алдын ала қыздыру кезінде тұмшапештен иіс және түтін шығады. Бөлменің
желдетілгеніне көз жеткізіңіз.
1-қадам 2-қадам
3-қадам
Сағатты орнатыңыз Пешті тазалаңыз Бос тұмшапешті алдын
ала қыздырыңыз
1. Басыңыз: .
2. Сағатты қою үшін ,
түймешігін
басыңыз. Басыңыз:
.
3. Минутты қою үшін ,
түймешігін
басыңыз. Басыңыз:
.
1. Пештен керек-
жарақтардың
барлығын және
алмалы сөре
сырғытпаларын
алыңыз.
2. Тұмшапеш пен оның
керек-жарақтарын
жұмсақ жуғыш зат
қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ
шүберекпен
тазалаңыз.
1. Функцияға арнап ең
үлкен температураны
орнатыңыз: .
Уақыт: 1 сағ.
2. Функцияға арнап ең
үлкен температураны
орнатыңыз: .
Уақыт: 15 мин.
3. Функцияға арнап ең
үлкен температураны
орнатыңыз: .
Уақыт: 15 мин.
Тұмшапешті сөндіріп, әбден суығанша күтіңіз. Керек-жарақтарды және алмалы
сөре сырғытпаларды пештің ішіне қойыңыз.
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
www.electrolux.com10
7.1 Қалай орнатасыз:
Қыздыру функциясы
1-қадам Қыздыру функциясын
таңдау үшін қыздыру
функцияларының тетігін
бұраңыз.
2-қадам Температура.
3-қадам Пісіру аяқталғаннан кейін
пешті сөндіру үшін
тетіктерді сөндіру қалпына
бұраңыз.
7.2 Функцияны орнату:Ыстық желдеткішпен пісіру ПЛЮС
ЕСКЕРТУ!
Күйіп қалу және құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
1-қадам Пештің суық екеніне көз жеткізіңіз.
2-қадам Корпустың белгіленген
деңгейіне дейін су құйыңыз.
Корпустың белгіленген
деңгейінің ең үлкен
сыйымдылығы 250 мл.
Тағам пісіру барысында
немесе тұмшапеш ыстық
тұрғанда корпусты
белгіленген жеріне дейін
толтырмаңыз.
3-қадам
Функцияны орнатыңыз: .
Басыңыз: . Индикатор жанады. Бұл мына функциямен ғана жұмыс
істейді: Ыстық желдеткішпен пісіру ПЛЮС.
4-қадам Температураны орнату үшін температураға арналған басқару тетігін
бұраңыз.
5-қадам Ылғалды туғызу үшін бос тұмшапешті 10 мин. алдын ала
қыздырыңыз.
6-қадам Тағамды пешке қойыңыз.
"Ақыл-кеңестер және ұсыныстар" тарауын қараңыз. Тағамды пісіру
кезінде пеш есігін ешқашан ашпаңыз.
7-қадам Пешті сөндіру үшін қыздыру функциялары тетігін сөндіру қалпына
бұраңыз.
Тұмшапешті сөндіру үшін басыңыз. Индикатор сөнеді.
8-қадам Функция аяқталғаннан кейін есікті абайлап ашыңыз. Шыққан ылғал
күйдіруі мүмкін.
9-қадам Пештің суық екеніне көз жеткізіңіз. Корпустың белгіленген деңгейінен
артық суды ағызыңыз.
ҚАЗАҚ 11
7.3 Қыздыру функциялары
Қыздыру
функциясы
Қолдану
Сөндіру
қалпы
Пеш өшірулі.
Шам
Шамды қосу үшін.
Желдеткішпе
н пісіру /
Ыстық
желдеткішпе
н пісіру
ПЛЮС / Аква
таза
Тағамды бір уақытта
үш сөреде пісіруге
және кептіруге
арналған.
Дәстүрлі пісіру
қарағанда
температураны 20 -
40 °C төменірек
қойыңыз.
Тағам пісіру
барысында оған ылғал
қосуға арналған.
Тағамды қызартып,
қытырылақ етіп
пісіруге арналған.
Тағамды қайта
қыздыру кезінде
барынша сөлді етуге
арналған.
Қосымша ақпарат алу
үшін "Күтім және
тазалау" тарауын
қараңыз: Аква таза.
Ылғалды
желдеткішпе
н пісіру
Бұл тағам пісіру
барысында қуатты
үнемдеуге арналған
функция. Бұл
функцияны
пайдаланғанда ішкі
температура
орнатылған
температурадан
өзгеше болуы мүмкін.
Жылу қуаты азаюы
мүмкін. Қосымша
ақпарат алу үшін
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз,
ескертулер: Ылғалды
желдеткішпен пісіру.
Қыздыру
функциясы
Қолдану
Астыңғы
қыздыру
Түбі қытырлақ
күлшелерді пісіруге
және тағамды
консервілеуге
арналған.
Жібіту
Тағам жібіту үшін
(көкөністер және
жеміс). Жібіту уақыты
мұздатылған тағамның
мөлшері мен көлеміне
байланысты.
Жылдам
гриль
Жұқа етіп көп
мөлшерде
дайындалған тағамнан
гриль жасау және тост
жасау үшін.
Турбо-гриль
Үлкен ет кесектерін
немесе сүйегі бар құс
етін бір сөреге қойып,
қуыруға арналған.
Гратин жасауға және
қызартуға арналған.
Пицца
функциясы
Пицца пісіруге
арналған. Түбін
қытырлақ етіп, қатты
қызартып пісіруге
арналған.
Дәстүрлі
пісіру
Тағамды бір сөреде
пісіруге және қуыруға
арналған.
7.4 Ескертулер: Ылғалды
желдеткішпен пісіру
Бұл функция ЕО 65/2014 және ЕО
66/2014 стандарттарының қуат
тиімділігі және экодизайн санат
талаптарына сәйкес пайдаланылған.
ЕО 60350-1 стандартына сай
тексереді.
Функцияға кедергі келтірмеу үшін
пісіру барысында тұмшапештің есігі
жабылып тұруы керек және тұмшапеш
қуат тиімділігі жағынан ең тиімді
режимде жұмыс істеуі қажет.
www.electrolux.com12
Тағам пісіру туралы нұсқауларды
"Ақыл-кеңестер және ұсыныстар"
тарауынан қараңыз, Ылғалды
желдеткішпен пісіру. Жалпы қуат
үнемдеуге арналған ұсыныстарды
"Қуат тиімділігі" тарауы, Қуат үнемдеу
тармағынан қараңыз.
8. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
8.1 Сағат функциялары
Сағат функциясы Қолдану
Тәулік уақыты
Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе қарауға
арналған.
Ұзақтық
Пештің жұмыс істеу уақытын орнатуға арналған.
Минут операторы
Кері санақ параметрін орнатуға арналған. Бұл
функция тұмшапештің қызметіне әсер етпейді. Бұл
функцияны кез келген уақытта, пеш сөніп тұрса да
орнатуға болады.
8.2 Қалай орнатасыз: Сағат функциялары
Қалай өзгертесіз: Тәулік уақыты
- индикаторы пешті электр қуатына қосқан кезде, тоқ сөніп қалғанда немесе
таймер орнатылмаған кезде жыпылықтайды.
1-қадам
- қайта-қайта басыңыз. - жыпылықтай бастайды.
2-қадам
, - уақытты орнату үшін басыңыз.
5 сек. уақыт өткеннен кейін жыпылықтау тоқтап, дисплейде
орнатылған уақыт көрсетіледі.
- тәулік уақытын өзгерту үшін қайта-қайта басыңыз. - жыпылықтай
бастайды.
Қалай орнатасыз: Ұзақтық
1-қадам Тұмшапештің функциясы мен температурасын орнатыңыз.
2-қадам
- қайта-қайта басыңыз. - жыпылықтай бастайды.
3-қадам
, - ұзақтықты орнату үшін басыңыз.
Дисплейде мыналар көрсетіледі: .
- орнатылған уақыт аяқталған кезде жыпылықтайды. Сигнал
естіліп, пеш сөнеді.
4-қадам Сигналды тоқтату үшін кез келген түймешікті басыңыз.
5-қадам Тетікті сөндіру қалпына бұраңыз.
ҚАЗАҚ 13
Қалай орнатасыз: Минут операторы
1-қадам
- қайта-қайта басыңыз. - жыпылықтай бастайды.
2-қадам
, - уақытты орнату үшін басыңыз.
Функция 5 сек. кейін автоматты түрде басталады.
Орнатылған уақыт аяқталғанда дыбыстық сигнал естіледі.
3-қадам Сигналды тоқтату үшін кез келген түймешікті басыңыз.
4-қадам Тетікті сөндіру қалпына бұраңыз.
Қалай болдырмайсыз: Сағат функциялары
1-қадам
- сағат функциясының белгісі жыпылықтай бастағанға дейін қайта-
қайта басыңыз.
2-қадам
Басып ұстап тұрыңыз: .
Сағат функциясы бірнеше секундтан кейін сөнеді.
9. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
9.1 Керек-жарақтарды салу
Үстіңгі жағындағы шағын ойық
қауіпсіздікті арттырады. Дөңес тұстар
аударылып кетуден сақтайтын
құралдың рөлін атқарады. Сөренің
айналасындағы биік жиек ыдыстардың
сөреден сырғып кетуіне жол бермейді.
Торкөз сөре:
Сөрені сөре бағыттағыштарының
арасына салып итеріп, тіректерінің
төмен қарап тұрғанына көз
жеткізіңіз.
www.electrolux.com14
Пісірме табақ /Шұңғыл таба:
Табақты сөре бағыттағыштардың
арасына кіргізіп итеріңіз.
Торкөз сөре, Пісірме табақ /
Шұңғыл таба:
Науаны сөре тірегінің
бағыттағышының және жоғарыда
көрсетілген бағыттағыштар
үстіндегі тор сөренің арасына
кіргізіңіз.
9.2 Сөре сырғытпасын
қолдану
Сырғытпа жолдарды майламаңыз.
Пештің есігін жабар алдында,
бағыттауыш жолдардың пешке әбден
кіргізілгеніне көз жеткізіңіз.
1-қадам Оң және сол жақтағы сөре
сырғытпаларын тартып
шығарыңыз.
2-қадам Тор сөрені бағыттауыш
жолдарға салыңыз да,
пештің ішіне абайлап
итеріңіз.
10. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
10.1 Желдеткіш
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде, пештің
беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Пешті
сөндірсеңіз, желдеткіш пеш
салқындағанша жұмыс істеп тұра
береді.
ҚАЗАҚ 15
10.2 Қауіпсіздік термостаты
Тұмшапеш дұрыс жұмыс істемесе
немесе бөлшектерінде ақау бар болса,
қатты қызып кету қаупі бар. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш
тоқты кідіртуге арналған термостатпен
жабдықталған. Температура
төмендеген кезде тұмшапеш қайта
автомтты түрде қосылады.
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
11.1 Пісіруге арналған ақыл-
кеңес
Тұмшапештің сөре қойылатын бес
қатары бар.
Сөренің деңгейлерін тұмшапештің
астыңғы жағынан бастап санаңыз.
Пешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға
қарағанда басқаша пісіруі немесе
қуыруы мүмкін. Төмендегі кестелерде
температураға, пісіру уақытына және
сөре орындарына қатысты стандартты
ақпарат берілген.
Нақты рецептіге арналған
параметрлерді таба алмасаңыз, ұқсас
біреуін пайдаланыңыз.
Тұмшапеш ауа айналдыратын және
буды үздіксіз қайта айналдырып
отыратын арнайы жүйемен
жабдықталған. Бұл жүйенің көмегімен
тағамды булы ортада, ішін жұмсақ,
сыртын кітірлек етіп пісіруге болады.
Бұл пісіру уақыты мен қуат мөлшерін
барынша азайтады.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына бір
ашық қатар қалдырыңыз.
Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын
дақ түспес үшін, өте майлы тағамды
пісіргенде шұңғыл табақты
пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып
кетпес үшін шамамен 15 минут қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл
табаққа шамалы су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін су таусылған
сайын үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне
байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға,
рецептілерге және тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
11.2 Ыстық желдеткішпен пісіру ПЛЮС
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Пісірме табақты пайдаланыңыз.
www.electrolux.com16
ТОРТТАР / КОНДИТЕРЛІК
ӨНІМДЕР / НАНДАР (мл) (°C) (мин)
Печенье / Шелпек / Круассандар 100 150 - 180 10 - 20
Фокачча 100 200 - 210 10 - 20
Пицца 100 230 10 - 20
Булочкалар 100 200 20 - 25
Нан 100 180 35 - 40
Қара өрік торты / Алма бәліші / Даршын
қосылған булочкалар, торттың пішінінде
пісірілген
100 - 150 160 - 180 30 - 60
Басқаша көрсетілмесе, 150 мл су пайдаланыңыз.
ДАЙЫН МҰЗДАТЫЛҒАН ТАҒАМДАР
(°C) (мин)
Пицца 200 - 210 10 - 20
Круассандар 170 - 180 15 - 25
Лазанья, 200 мл пайдаланыңыз 180 - 200 35 - 50
100 мл су пайдаланыңыз.
110 °C градус температураны орнатыңыз.
ТАҒАМДЫ ӨҢДЕУ
(мин)
Булочкалар 10 - 20
Нан 15 - 25
Фокачча 15 - 25
Ет 15 - 25
Макарон өнімдері 15 - 25
Пицца 15 - 25
Күріш 15 - 25
Көкөністер 15 - 25
200 мл су пайдаланыңыз.
Пісіруге арналған шыныны пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 17
ҚУЫРУ
(°C) (мин)
Ростбиф 200 50 - 60
Тауық еті 210 60 - 80
Қуырылған шошқа еті 180 65 - 80
11.3 Пісіру және қуыру
ТОРТТАР
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Көпіршітілген
тағам
рецептілері
170 2 160 3 (2 және 4) 45 - 60 Торт
қалыбы
Ашыған
қамыр
170 2 160 3 (2 және 4) 20 - 30 Торт
қалыбы
Сарысу
қосылған
чизкейк
170 1 165 2 60 - 80 Торт
қалыбы, Ø
26 см
Штрудель 175 3 150 2 60 - 80 Пісірме
табақ
Джем
тарталеткас
ы
170 2 165 2 30 - 40 Торт
қалыбы, Ø
26 см
Рождество
торты, бос
тұмшапешті
алдын ала
қыздырыңыз
160 2 150 2 90 - 120 Торт
қалыбы, Ø
20 см
Қара өрік
торты, бос
тұмшапешті
алдын ала
қыздырыңыз
175 1 160 2 50 - 60 Нан
қалыбы
Маффин 170 3 140 - 150 3 20 - 30 Пісірме
табақ
Маффин, екі
деңгей
- - 140 - 150 2 және 4 25 - 35 Пісірме
табақ
Маффин, үш
деңгей
- - 140 - 150 1, 3 және 5 30 - 45 Пісірме
табақ
www.electrolux.com18
ТОРТТАР
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Печенье 140 3 140 - 150 3 30 - 35 Пісірме
табақ
Печенье, екі
деңгей
- - 140 - 150 2 және 4 35 - 40 Пісірме
табақ
Печенье, үш
деңгей
- - 140 - 150 1, 3 және 5 35 - 45 Пісірме
табақ
Меренга 120 3 120 3 80 - 100 Пісірме
табақ
Меренга, екі
деңгей, бос
тұмшапешті
алдын ала
қыздырыңыз
- - 120 2 және 4 80 - 100 Пісірме
табақ
Тоқаштар,
бос
тұмшапешті
алдын ала
қыздырыңыз
190 3 190 3 12 - 20 Пісірме
табақ
Эклер 190 3 170 3 25 - 35 Пісірме
табақ
Эклер, екі
деңгей
- - 170 2 және 4 35 - 45 Пісірме
табақ
Тарталетка 180 2 170 2 45 - 70 Торт
қалыбы, Ø
20 см
Көп жеміс
қосылған
торт
160 1 150 2 110 -
120
Торт
қалыбы, Ø
24 см
Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
НАН
ЖӘНЕ ПИЦЦА
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен
пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Ақ нан, 1 - 2
дана,
әрқайсысы 0,5
кг
190 1 190 1 60 - 70 -
ҚАЗАҚ 19
НАН
ЖӘНЕ ПИЦЦА
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен
пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Қарабидай
наны, алдын
ала қыздыру
қажет емес
190 1 180 1 30 - 45 Нан
қалыбы
Булочкалар, 6 -
8 булочка
190 2 180 2 (2
және 4)
25 - 40 Пісірме
табақ
Пицца 230 - 250 1 230 - 250 1 10 - 20 Эмальме
н
қапталған
таба
Шелпек 200 3 190 3 10 - 20 Пісірме
табақ
Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
Торт қалыбын пайдаланыңыз.
АШЫҚ
БӘЛІШ
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен
пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Паста фланы, алдын
ала қыздыру қажет
емес
200 2 180 2 40 - 50
Көкөніс фланы, алдын
ала қыздыру қажет
емес
200 2 175 2 45 - 60
Киш 180 1 180 1 50 - 60
Лазанья 180 - 190 2 180 - 190 2 25 - 40
Каннелони 180 - 190 2 180 - 190 2 25 - 40
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Тор сөрені пайдаланыңыз.
www.electrolux.com20
/