Electrolux OEF5H70V Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Это руководство также подходит для

OEF5H70V
OEF5H70X
Қолдану туралы
нұсқаулары
Тұмшапеш
KK 2
Инструкция по
эксплуатации
Духовой шкаф
RU 33
Інструкція
Духова шафа
UK 66
electrolux.com/register
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби
тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың
туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда
болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе
алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалануға қатысты кеңесті, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет көрсету және
жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/support
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын
қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ..............................................................................................3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ.........................................................................................4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ..............................................................................................7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ......................................................................................................... 8
5. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА........................................................................... 8
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ.....................................................................................................9
7. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ..............................................................................................10
8. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ.............................................................................. 11
9. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР.........................................................................................13
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС.............................................................................................................13
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................................27
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ............................................................................................... 30
13. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК............................................................................................... 31
14. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................................31
2 ҚАЗАҚ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
1.1 Балалар мен осал адамдар қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі
аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінсе, онда қолдануына болады. 8 жасқа
толмаған балаларды және мүмкіндіктері өте шектеулі
мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған жағдайда
құрылғыдан алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен орнатылған мобильді
құралдармен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол
суып тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жетімді бөлшектер пайдалану
кезінде ыстық болады.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса, оны
қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын
ауыстыруға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
ҚАЗАҚ 3
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек.
Тұмшапеш ыдыстарын немесе керек-жарақтарын алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Қандай да бір жөндеу жұмысын орындар алдында
құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды
ауыстырар алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны кіріктіріп орнату алдында қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі
сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға
тиіс.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы
жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай
болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы
мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Құрылғыны орнату талаптарына сәйкес
ыңғайлы және қауіпсіз жерге
орнатыңыз.
Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны орнатпас бұрын,
тұмшапештің есігі кедергісіз ашылып
тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғы электрлі салқындату
жүйесімен жабдықталған. Ол электр
қуатымен жұмыс істеуге тиіс.
Кіріктіре орнатылған құрылғы DIN 68930
қауіпсіздік ережелеріне сай келу керек.
4 ҚАЗАҚ
Корпустың минимальды
биіктігі (Корпус пен жұмыс
бетінің арасындағы
минимальды биіктік)
600 (600) мм
Корпустың ені 550 мм
Корпустың тереңдігі 605 (580) мм
Құрылғының алдыңғы
жағының биіктігі
594 мм
Құрылғының артқы
жағының биіктігі
576 мм
Құрылғының алдыңғы
жағының ені
549 мм
Құрылғының артқы
жағының ені
548 мм
Құрылғының тереңдігі 567 мм
Құрылғының кіріктірілген
тереңдігі
546 мм
Есік ашық кездегі
тереңдігі
1017 мм
Желдеткіш саңылауының
ең төменгі өлшемі
Төменгі артқы бөлікте
орналасқан саңылау
550 x 20 мм
Желілік сымның
ұзындығы. Кабель артқы
бөліктің оң жақ бұрышына
орналастырылған
1500 мм
Бекіту бұрандалары 4 x 12 мм
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруы керек.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, соққыға
төзімді розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш
сымды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасы мен желілік
сымына ешбір зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Электр сымдарына қол тигізуге немесе
құрылғының есігіне не құрылғының
төменгі жағына, әсіресе ыстық тұрған
есікке жақындауға болмайды.
Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы
бар бөлшектерді электр қатерінен
қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп
мықтап орнату керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана қосыңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Егер розетка бекітілмеген болса,
ашаны жалғамаңыз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек
ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштарды, сақтандырғыштарды
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштарды
пайдаланыңыз.
Электр қондырғысында құрылғыны кез
келген ток полюстерінен ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш құрылғы
болуы керек. Оқшаулағыш құрылғыда
кеңдігі 3 мм-ден кем емес саңылау болу
керек.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен және
негізгі ашамен жабдықталған.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың
бітелмегенін тексеріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
ҚАЗАҚ 5
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін әрқашан сөндіріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл қолмен немесе
суды қолданып тұрған кезде
пайдаланбаңыз.
Ашық есікке күш салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкогольді ингредиенттерді
қолданғанда, алкоголь мен ауа қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық оттың құрылғымен жанасуына
жол бермеңіз.
Тез тұтанатын өнімдерді немесе
жанғыш, дымқыл заттарды құрылғының
ішіне, жанына немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
Эмаль қаптамасының немесе түсінің
өзгеруін болдырмау үшін:
пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
немесе тот баспайтын болат бөлігінің
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер
етпейді.
Сулы қоспадан жасалған тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз.
Жеміс шырындары кетпейтін дақтар
қалдырады.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін
жауып пісіріңіз.
Егер құрылғы жиһаз панелінің (мысалы,
есіктің) артына орналастырылса, онда
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің ешқашан жабылмайтынына көз
жеткізіңіз. Жиһаздың жабық панеліне
жиналған жылу мен ылғал келешекте
құрылғының, қаптаманың немесе
еденнің бүлінуіне әкелуі мүмкін.
Құрылғыны қолданғаннан кейін толық
суығанша жиһаздың панелін жаппаңыз.
2.4 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытыңыз және ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының суық екеніне көз жеткізіңіз.
Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
Зақым келген болса есіктің шыны
панельдерін дереу ауыстырыңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыдан есікті алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны дымқыл жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді,
еріткіштерді немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
2.5 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері жеке
сатылады: Бұл шамдар температура,
діріл, ылғалдылық сияқты төтенше
физикалық жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына немесе
құрылғының жұмыс жағдайы туралы
сигнал беруге арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
6 ҚАЗАҚ
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана пайдаланыңыз..
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.7 Қоқысқа тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
7
9
8
41 2 3 5 6
1
2
3
4
5
12
10
11
1
Басқару панелі
2
Қыздыру функцияларының тетігі
3
Қуат шамы / белгісі
4
Дисплей
5
Басқару тетігі (температура үшін)
6
Температура индикаторы / белгісі
7
Қыздырғыш элемент
8
Шам
9
Желдеткіш
10
Сөренің алмалы сырғытпалары
11
Корпустың белгісі - Су тазалайтын
сауыт
12
Сөре деңгейлері
3.2 Керек-жарақтар
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
ҚАЗАҚ 7
Торттар мен печеньелерге арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруғ немесе май жинайтын
таба ретінде қолдануға арналған.
Сырғытпа жолдар
Науаларды және шыны сөрені оңай салу
және алу.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Батырма тетіктер
Құрылғыны іске пайдалану үшін оның
тетігін басыңыз. Тетік бері шығады.
4.2 Сенсорлық алаңдар / Түймелер
Уақытты орнату үшін.
Сағат функциясын орнату үшін.
Уақытты орнату үшін.
4.3 Дисплей
A B
A. Сағат функциялары
B. Таймер
5. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Ең алғаш пайдалану алдында
Алдын ала қыздыру кезінде тұмшапештен иіс және түтін шығады. Бөлменің
желдетілгеніне көз жеткізіңіз.
8 ҚАЗАҚ
1-қадам 2-қадам
3-қадам
Сағатты орнатыңыз Пешті тазалаңыз Бос тұмшапешті алдын ала
қыздырыңыз
1. Басыңыз: .
2. Сағатты қою үшін ,
түймешігін басыңыз.
Басыңыз: .
3. Минутты қою үшін
,
түймешігін басыңыз.
Басыңыз: .
1. Пештен керек-жарақтардың
барлығын және алмалы сөре
сырғытпаларын алыңыз.
2. Тұмшапеш пен оның керек-
жарақтарын жұмсақ жуғыш
зат қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
1. Функцияға арнап ең үлкен
температураны орнатыңыз:
.
Уақыт: 1 сағ.
2. Функцияға арнап ең үлкен
температураны орнатыңыз:
.
Уақыт: 15 мин.
Тұмшапешті сөндіріп, әбден суығанша күтіңіз. Керек-жарақтарды және алмалы сөре сырғытпаларды
пештің ішіне қойыңыз.
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Қалай орнатасыз: Қыздыру
функциясы
1-қадам Қыздыру функциясын таңдау үшін
қыздыру функцияларының тетігін
бұраңыз.
2-қадам Температура.
3-қадам Пісіру аяқталғаннан кейін пешті
сөндіру үшін тетіктерді сөндіру
қалпына бұраңыз.
6.2 Қыздыру функциялары
Қыздыру
функциясы
Қолдану
Сөндіру қалпы
Пеш өшірулі.
Шам
Шамды қосу үшін.
Қыздыру
функциясы
Қолдану
Желдеткішпен
пісіру
Тағамды бір уақытта үш
сөреде пісіруге және кептіруге
арналған.
Дәстүрлі пісіру қарағанда
температураны 20 - 40 °C
төменірек қойыңыз.
Пицца
функциясы
Пицца пісіруге арналған. Түбін
қытырлақ етіп, қатты қызартып
пісіруге арналған.
Дәстүрлі пісіру /
Аква тазалау
Тағамды бір сөреде пісіруге
және қуыруға арналған.
Қосымша ақпарат алу үшін
"Күтім және тазалау" тарауын
қараңыз: Аква тазалау.
Астыңғы қыздыру
Түбі қытырлақ күлшелерді
пісіруге және тағамды
консервілеуге арналған.
Жібіту
Тағам жібіту үшін (көкөністер
және жеміс). Жібіту уақыты
мұздатылған тағамның
мөлшері мен көлеміне
байланысты.
ҚАЗАҚ 9
Қыздыру
функциясы
Қолдану
Ылғалмен пісіру
Бұл тағам пісіру барысында
қуатты үнемдеуге арналған
функция. Бұл функцияны
пайдаланғанда ішкі
температура орнатылған
температурадан өзгеше
болуы мүмкін. Жылу қуаты
азаюы мүмкін. Қосымша
ақпарат алу үшін "Әркүндік
қолдану" тарауын қараңыз,
ескертулер: Ылғалмен пісіру.
Гриль
Жұқа тағамнан гриль жасау
және нанды қару үшін.
Турбо-гриль
Үлкен ет кесектерін немесе
сүйегі бар құс етін бір сөреге
қойып, қуыруға арналған.
Гратин жасауға және
қызартуға арналған.
Кейбір тұмшапеш
функцияларында температура
60 °C градустан төмендесе
шам өздігінен сөнуі мүмкін.
6.3 Ескертулер: Ылғалмен пісіру
Бұл функция ЕО 65/2014 және ЕО 66/2014
стандарттарының қуат тиімділігі және
экодизайн санат талаптарына сәйкес
пайдаланылған. ЕО 60350-1 стандартына
сай тексереді.
Функцияға кедергі келтірмеу үшін пісіру
барысында тұмшапештің есігі жабылып
тұруы керек және тұмшапеш қуат тиімділігі
жағынан ең тиімді режимде жұмыс істеуі
қажет.
Тағам пісіру туралы нұсқауларды "Ақыл-
кеңестер және ұсыныстар" тарауынан
қараңыз, Ылғалмен пісіру. Жалпы қуат
үнемдеуге арналған ұсыныстарды "Қуат
тиімділігі" тарауы, Қуат үнемдеу
тармағынан қараңыз.
7. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
7.1 Сағат функциялары
Сағат функциясы Қолдану
Тәулік уақыты
Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе қарауға арналған.
Ұзақтық
Пештің жұмыс істеу уақытын орнатуға арналған.
Минут операторы
Кері санақ параметрін орнатуға арналған. Бұл функция тұмшапештің
қызметіне әсер етпейді. Бұл функцияны кез келген уақытта, пеш сөніп
тұрса да орнатуға болады.
7.2 Қалай орнатасыз: Сағат функциялары
Қалай өзгертесіз: Тәулік уақыты
- индикаторы пешті электр қуатына қосқан кезде, тоқ сөніп қалғанда немесе таймер орнатылмаған
кезде жыпылықтайды.
10 ҚАЗАҚ
Қалай өзгертесіз: Тәулік уақыты
1-қадам
- қайта-қайта басыңыз. - жыпылықтай бастайды.
2-қадам
, - уақытты орнату үшін басыңыз.
5 сек. уақыт өткеннен кейін жыпылықтау тоқтап, дисплейде орнатылған уақыт көрсетіледі.
- тәулік уақытын өзгерту үшін қайта-қайта басыңыз. - жыпылықтай бастайды.
Қалай орнатасыз: Ұзақтық
1-қадам Тұмшапештің функциясы мен температурасын орнатыңыз.
2-қадам
- қайта-қайта басыңыз. - жыпылықтай бастайды.
3-қадам
, - ұзақтықты орнату үшін басыңыз.
Дисплейде мыналар көрсетіледі: .
- орнатылған уақыт аяқталған кезде жыпылықтайды. Сигнал естіліп, пеш сөнеді.
4-қадам Сигналды тоқтату үшін кез келген түймешікті басыңыз.
5-қадам Тетікті сөндіру қалпына бұраңыз.
Қалай орнатасыз: Минут операторы
1-қадам
- қайта-қайта басыңыз. - жыпылықтай бастайды.
2-қадам
, - уақытты орнату үшін басыңыз.
Функция 5 сек. кейін автоматты түрде басталады.
Орнатылған уақыт аяқталғанда дыбыстық сигнал естіледі.
3-қадам Сигналды тоқтату үшін кез келген түймешікті басыңыз.
4-қадам Тетікті сөндіру қалпына бұраңыз.
Қалай болдырмайсыз: Сағат функциялары
1-қадам
- сағат функциясының белгісі жыпылықтай бастағанға дейін қайта-қайта басыңыз.
2-қадам
Басып ұстап тұрыңыз: .
Сағат функциясы бірнеше секундтан кейін сөнеді.
8. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Керек-жарақтарды салу
Үстіңгі жағындағы шағын ойық қауіпсіздікті
арттырады. Дөңес тұстар аударылып
кетуден сақтайтын құралдың рөлін
атқарады. Сөренің айналасындағы биік
жиек ыдыстардың сөреден сырғып кетуіне
жол бермейді.
ҚАЗАҚ 11
Торкөз сөре:
Сөрені сөре бағыттағыштарының арасына
салып итеріп, .
Пісірме табақ /Шұңғыл таба:
Табақты сөре бағыттағыштардың арасына
кіргізіп итеріңіз.
Торкөз сөре, Пісірме табақ /Шұңғыл таба:
Науаны сөре тірегінің бағыттағышының және
жоғарыда көрсетілген бағыттағыштар үстіндегі
тор сөренің арасына кіргізіңіз.
8.2 Сөре сырғытпасын қолдану
Сырғытпа жолдарды майламаңыз.
Пештің есігін жабар алдында, бағыттауыш
жолдардың пешке әбден кіргізілгеніне көз
жеткізіңіз.
Торкөз сөре:
Торкөз сөрені бағыттауыш жолдардың үстіне
қойыңыз.
12 ҚАЗАҚ
Шұңғыл таба:
Шұңғыл науаны сырғытпа жолдарға қойыңыз.
Торкөз сөре мен шұңғыл табақты бірге
қолдану:
Торкөз сөре мен шұңғыл таба екеуін сырғытпа
жолдарға қойыңыз.
9. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
9.1 Желдеткіш
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде, пештің
беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Пешті
сөндірсеңіз, желдеткіш пеш
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Пісіруге арналған ақыл-кеңес
Кестелеріндегі температура мен пісіру уақыттары тек жалпылама нұсқау ретінде ғана берілген. Олар
рецептерге, қолданылған ингредиенттердің сапасы мен мөлшеріне байланысты.
Пешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға қарағанда басқаша пісіруі немесе қуыруы мүмкін. Төмендегі кестелер
тағамның түрлеріне арналған температура, пісіру уақыты мен сөренің орналасуы үшін ұсынылатын
параметрлерді көрсетеді.
Нақты рецептіге арналған параметрлерді таба алмасаңыз, ұқсас біреуін пайдаланыңыз.
10.2 Пісіру
Алғаш рет пісірген кезде төменгі
температураны қолданыңыз.
Егер торттарды бірнеше сөрелерге қойып
пісірсеңіз, пісіру уақытын 10 – 15 минутқа
созуға болады.
Биіктіктері әр түрлі кекстер мен тәтті
тоқаштар бірдей қызармауы мүмкін. Егер
ҚАЗАҚ 13
біркелкі қызармаса температура
параметрін өзгертудің қажеті жоқ. Пісіру
барысында қызару деңгейлері теңеседі.
Пісіру кезінде тұмшапештегі науа
майысып қалуы мүмкін. Науалар суыған
кезде майысқаны қалпына келеді.
10.3 Пісіруге қатысты ұсыныстар
Пісіру нәтижелері Ықтимал себептері Шешім
Торттың түбі дұрыс піспейді. Сөренің орналасуы дұрыс емес. Тортты астыңғы сөреге қойыңыз.
Торт басылып қалды және
шикі немесе құрылымы
біркелкі емес.
Тұмшапештің температурасы
тым жоғары.
Келесі жолы пештің температурасын
сәл төмен орнатыңыз.
Тұмшапештің температурасы өте
жоғары және пісіру уақыты тым
қысқа.
Келесі жолы пісіру уақытын ұзартып,
тұмшапештің температурасын
төмендетіңіз.
Торт тым кебір. Тұмшапештің температурасы өте
төмен.
Келесі жолы тұмшапештің
температурасын жоғары орнатыңыз.
Пісіру уақыты тым ұзақ. Келесі жолы қысқа пісіру уақытын
орнатыңыз.
Торт біркелкі емес. Тұмшапештің температурасы өте
жоғары және пісіру уақыты тым
қысқа.
Келесі жолы пісіру уақытын ұзартып,
тұмшапештің температурасын
төмендетіңіз.
Торт біркелкі жайылмайды. Келесі жолы тортты пісіру науасына
біркелкі жайыңыз.
Торт берілген рецепт
бойынша пісіруге дайын
емес.
Тұмшапештің температурасы өте
төмен.
Келесі жолы тұмшапештің
температурасын аздап жоғары
орнатыңыз.
10.4 Сөре деңгейінде пісіру
ҚАЛБЫРЛАРД
А ПІСІРУ
(°C) (мин)
Жидек салынған
ашық бәліш -
үгілмелі
пирожный, бос
тұмшапешті
алдын ала
қыздырыңыз
Желдеткішпен пісіру 170 - 180 10 - 25 2
Жидек салынған
ашық бәліш - торт
қоспасы
Желдеткішпен пісіру 150 - 170 20 - 25 2
Шығырық торты /
Бриошь
Желдеткішпен пісіру 150 - 160 50 - 70 1
Мадера торты /
Жеміс торттары
Желдеткішпен пісіру 140 - 160 70 - 90 1
Чизкейк Дәстүрлі пісіру 170 - 190 60 - 90 1
Үшінші сөре деңгейін қолданыңыз.
14 ҚАЗАҚ
Функцияны пайдаланыңыз: Желдеткішпен пісіру.
Пісірме табақты пайдаланыңыз.
ТОРТТАР / КОНДИТЕРЛІК
ӨНІМДЕР / НАНДАР (°C) (мин)
Бетіне үкпе себілген торт 150 - 160 20 - 40
Жемісті ашық бәліштер (ашыған қамырдан / торт
қоспасынан жасалған), шұңғыл табаны
қолданыңыз
150 35 - 55
Үгілме қамырдан жасалған жемісті ашық
бәліштер
160 - 170 40 - 80
Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
Функцияны пайдаланыңыз: Дәстүрлі пісіру.
Пісірме табақты пайдаланыңыз.
ТОРТТАР /
КОНДИТЕРЛІК
ӨНІМДЕР / НАНДАР
(°C) (мин)
Швейцария орамасы 180 - 200 10 - 20 3
Қарабидай наны: бірінші: 230 20 1
содан кейін: 160 - 180 30 - 60
Майлы бадам торты /
Қантты торттар
190 - 210 20 - 30 3
Қайнатылған ұннан
жасалған пирожныйлар /
Эклер
190 - 210 20 - 35 3
Өрме батон / Тәж наны 170 - 190 30 - 40 3
Жемісті ашық бәліштер
(ашыған қамырдан / торт
қоспасынан жасалған),
шұңғыл табаны
қолданыңыз
170 35 - 55 3
Ашыған қамырдан
жасалған беткі қабаты
жұқа торттар (мысалы,
кварк, кілегей, қайнатпа
крем)
160 - 180 40 - 80 3
Штоллен 160 - 180 50 - 70 2
Үшінші сөре деңгейін қолданыңыз.
ҚАЗАҚ 15
ПЕЧЕНЬЕ
(°C) (мин)
Үгілме қамырдан жасалған
печенье
Желдеткішпен пісіру 150 - 160 10 - 20
Булочкалар, бос тұмшапешті
алдын ала қыздырыңыз
Желдеткішпен пісіру 160 10 - 25
Торттың қоспасынан
жасалған бисквиттер
Желдеткішпен пісіру 150 - 160 15 - 20
Қабат-қабат қамырдан
жасалған кондитерлік
өнімдер, бос тұмшапешті
алдын ала қыздырыңыз
Желдеткішпен пісіру 170 - 180 20 - 30
Ашыған қамырдан жасалған
бисквиттер
Желдеткішпен пісіру 150 - 160 20 - 40
Бадам печеньесі Желдеткішпен пісіру 100 - 120 30 - 50
Жұмыртқаның ақуызынан
жасалған кондитерлік өнім /
Меренга
Желдеткішпен пісіру 80 - 100 120 - 150
Булочкалар, бос тұмшапешті
алдын ала қыздырыңыз
Дәстүрлі пісіру 190 - 210 10 - 25
10.5 Пісірмелер және гратин
Бірінші сөре деңгейін қолданыңыз.
(°C) (мин)
Үстінен балқытылған
ірімшік салған багета
Желдеткішпен пісіру 160 - 170 15 - 30
Көкөніс пісірмелері, бос
тұмшапешті алдын ала
қыздырыңыз
Турбо-гриль 160 - 170 15 - 30
Лазанья Дәстүрлі пісіру 180 - 200 25 - 40
Балық пісірмелері Дәстүрлі пісіру 180 - 200 30 - 60
Толтырма салынған көкөніс Желдеткішпен пісіру 160 - 170 30 - 60
Торт өнімдері Дәстүрлі пісіру 180 - 200 40 - 60
Макарон пісірмелері Дәстүрлі пісіру 180 - 200 45 - 60
10.6 Көп деңгейде пісіру
Функцияны пайдаланыңыз: Желдеткішпен
пісіру.
Пісірме табақтарды пайдаланыңыз.
16 ҚАЗАҚ
ТОРТТАР /
КОНДИТЕРЛІК
ӨНІМДЕР
(°C) (мин)
2-ші деңгей
Қайнатылған ұннан
жасалған пирожныйлар /
Эклер, бос тұмшапешті
алдын ала қыздырыңыз
160 - 180 25 - 45 1 / 4
Құрғақ штрудель 150 - 160 30 - 45 1 / 4
ПЕЧЕНЬЕ /
КІШКЕНЕ
КЕКСТЕР /
КОНДИТЕРЛІК
ӨНІМДЕР /
БУЛОЧКА
(°C) (мин)
2-ші деңгей 3-ші деңгей
Булочкалар 180 20 - 30 1 / 4 -
Үгілме қамырдан
жасалған печенье
150 - 160 20 - 40 1 / 4 1 / 3 / 5
Торттың
қоспасынан
жасалған
бисквиттер
160 - 170 25 - 40 1 / 4 -
Қабат-қабат
қамырдан жасалған
кондитерлік
өнімдер, бос
тұмшапешті алдын
ала қыздырыңыз
170 - 180 30 - 50 1 / 4 -
Ашыған қамырдан
жасалған
бисквиттер
160 - 170 30 - 60 1 / 4 -
Бадам печеньесі 100 - 120 40 - 80 1 / 4 -
Жұмыртқаның
ақуызынан
жасалған печенье /
Меренга
80 - 100 130 - 170 1 / 4 -
10.7 Қуыруға қатысты ұсыныстар
Қызуға төзімді ыдысты пайдаланыңыз.
Етті жұмсақ етіп, бетін жауып қуырыңыз
(алюминий фольгасын пайдалануға
болады).
Үлкенірек ет кесектерін науаға тура салып
не науаның үстіне қойылған сөреге тура
қойып қуырыңыз.
Майдың күйіп кетуін алдын алу үшін
науаға аздап су құйыңыз.
Қуырылып жатқан тағамды пісіру
уақытының 1/2 - 2/3 бөлігі өткенде
аударыңыз.
Етті не балық етін ірі қалпы қуырыңыз (1 кг
не бұдан көп).
Қуыру кезінде ет кесектеріне өзінің сөлін
бірнеше рет құйыңыз.
ҚАЗАҚ 17
10.8 Қуыру
Бірінші сөре деңгейін қолданыңыз.
СИЫР ЕТІ
(°C) (мин)
Бұқтырып қуыру 1 - 1,5 кг Дәстүрлі пісіру 230 120 - 150
Ростбиф немесе филе,
шала піскен, бос
тұмшапешті алдын ала
қыздырыңыз
әрбір см
қалыңдығы үшін
Турбо-гриль 190 - 200 5 - 6
Ростбиф немесе филе,
орташа піскен, бос
тұмшапешті алдын ала
қыздырыңыз
әрбір см
қалыңдығы үшін
Турбо-гриль 180 - 190 6 - 8
Ростбиф немесе филе,
жақсы піскен, бос
тұмшапешті алдын ала
қыздырыңыз
әрбір см
қалыңдығы үшін
Турбо-гриль 170 - 180 8 - 10
ШОШҚА ЕТІ
Функцияны пайдаланыңыз: Турбо-гриль.
(кг)
(°C) (мин)
Жауырын / Мойын ет / Сан ет 1 - 1.5 160 - 180 90 - 120
Туралған / Қабырға 1 - 1.5 170 - 180 60 - 90
Котлета 0.75 - 1 160 - 170 50 - 60
Шошқа сирағы, алдын ала
пісірілген
0.75 - 1 150 - 170 90 - 120
18 ҚАЗАҚ
БҰЗАУ ЕТІ
Функцияны пайдаланыңыз: Турбо-гриль.
(кг)
(°C) (мин)
Қуырылған бұзау еті 1 160 - 180 90 - 120
Бұзаудың сирағы 1.5 - 2 160 - 180 120 - 150
ҚОЗЫ ЕТІ
Функцияны пайдаланыңыз: Турбо-гриль.
(кг)
(°C) (мин)
Қойдың сирағы /
Қуырылған қой еті
1 - 1.5 150 - 170 100 - 120
Қойдың жамбасы 1 - 1.5 160 - 180 40 - 60
АҢ ЕТІ
Функцияны пайдаланыңыз: Дәстүрлі пісіру.
(кг)
(°C) (мин)
Белдеме / Қоянның аяғы,
бос тұмшапешті алдын
ала қыздырыңыз
1-ге дейін 230 30 - 40
Бұғының жамбасы 1.5 - 2 210 - 220 35 - 40
Маралдың сан еті 1.5 - 2 180 - 200 60 - 90
ҚАЗАҚ 19
ҚҰС ЕТІ
Функцияны пайдаланыңыз: Турбо-гриль.
(кг)
(°C) (мин)
Құс еті, кесектер әрқайсысы 0,2 - 0,25 200 - 220 30 - 50
Тауықтың жарты еті әрқайсысы 0,4 - 0,5 190 - 210 35 - 50
Тауық еті, пулярка 1 - 1.5 190 - 210 50 - 70
Үйрек 1.5 - 2 180 - 200 80 - 100
Қаз 3.5 - 5 160 - 180 120 - 180
Күркетауық 2.5 - 3.5 160 - 180 120 - 150
Күркетауық 4 - 6 140 - 160 150 - 240
БАЛЫҚ (БУҒА ПІСІРІЛГЕН)
Функцияны пайдаланыңыз: Дәстүрлі пісіру.
(кг)
(°C) (мин)
Тұтас балық еті 1 - 1.5 210 - 220 40 - 60
10.9 Көмегімен қытырлақ етіп
пісіру:Пицца функциясы
ПИЦЦА
Бірінші сөре деңгейін қолданыңыз.
(°C) (мин)
Ашық бәліштер 180 - 200 40 - 55
Шпинат бәліші 160 - 180 45 - 60
Киш лорен /
Швейцария
бәліші
170 - 190 45 - 55
ПИЦЦА
Бірінші сөре деңгейін қолданыңыз.
(°C) (мин)
Чизкейк 140 - 160 60 - 90
Көкөніс бәліші 160 - 180 50 - 60
20 ҚАЗАҚ
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84
  • Page 85 85
  • Page 86 86
  • Page 87 87
  • Page 88 88
  • Page 89 89
  • Page 90 90
  • Page 91 91
  • Page 92 92
  • Page 93 93
  • Page 94 94
  • Page 95 95
  • Page 96 96
  • Page 97 97
  • Page 98 98
  • Page 99 99
  • Page 100 100

Electrolux OEF5H70V Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
Это руководство также подходит для

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ