11
құрылғыны розеткадан ажыратыңыз да, байланысу
мекенжайлары бойынша кепілдеме талонында
көрсетілгендей және www.vitek.ru сайтында
көрсетілген кез келген авторланған (уәкілетті) қызмет
көрсету орталықтарына жүгініңіз.
•
Құралды зауыт орамында ғана тасымалдаңыз.
•
Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін, құрғақ салқын жерде
сақтаңыз.
ОСЫ ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН. ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР
МЕН ЖҰМЫС ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА АСПАПТЫ
ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШҚЫ ҚОСУ АЛДЫНДА
Тасымалданғаннан кейін немесе құрал төмен
температурада сақталған болса оны бөлме
температурасында үш сағаттан кем емес уақыт
ұстау керек.
•
Желдеткішті қаптамадан шығарыңыз және
құрылғының жұмысына кедергі келтіретін кез-келген
жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
•
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, зақымдалған
жерлері болса, құрылғыны пайдаланбаңыз.
•
Алғашқы іске қосу алдында желідегі кернеудің
желдеткіштің жұмыс кернеуіне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
ЖЕЛДЕТКІШТІ ҚҰРАСТЫРУ
•
Корпустың (2) төменгі жағынан бекітпе гайкасын
бұрап шешіңіз, ол үшін оны сағат тіліне қарсы
« » бұраңыз.
•
Едендік тіреудегі (1) және бекітпе гайкасындағы
тесіктен желі бауының ашасын өткізіңіз.
•
Едендік тіреуді (1) желдеткіш корпусының (2) төменгі
бөлігіне орнатыңыз.
•
Тіреуді (1) бекітпе гайкасымен бекітіңіз, ол үшін оны
сағат тілі бағыты бойынша « » бұрыңыз (сур. 1).
•
Желі бауын едендік тіреудегі (1) арнайы ойықтарға
жатқызыңыз (сур. 2).
•
Желдеткіштің (4) жоғарғы бөлігін корпусқа (2)
орнатыңыз және оны басқару панеліне (3) қарай
жылжытыңыз, желдеткіштің (4) жоғарғы бөлігі
сенімді бекітілгендігіне көз жеткізіңіз (сур. 3).
ҚАШЫҚТЫҚТАН БАСҚАРУ ПУЛЬТІН (15) ПАЙДАЛАНУ
•
ҚБ пультіндегі (15) батырмалар қызметі, басқару
панеліндегі (3) батырмалар қызметіне толық сәйкес
келеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Құралдың құрамында литийлік қуат тандыру элементі
бар. Литийлік қуаттандыру элементінің баланың
өңешіне түсуіне жол бермеңіз. Егер бала қуат
тандыру элементін жұтып қойса, дереу дәрігерге
көрсету керек.
Қуаттандыру көзі элементінің ағып кетуі
құралдың бүліну немесе бұзылу себебі болуы
мүмкін. Бұзылуға жол бермеу үшін төменде берілген
нұсқаулықтарды орындаңыз:
– «CR2025» типті өлшемді қуаттандыру
элементтерін ғана пайдаланыңыз;
– қуаттандыру элементін қайта зарядтауға тыйым
салынады;
– қуаттандыру элементтерін үйектілікті қатаң
сақтап орнатыңыз;
– егер құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланыл майтын
болса, онда қуаттандыру элементін алып тастаңыз;
– қуат элементін уақытылы ауыстырып отырыңыз.
– қуаттандыру элементтерін оларды ары қарай
кәдеге асыру үшін мамандандырылған орындарға
тапсырыңыз;
– қуаттандыру қысқыштарының тұйықталуына жол
бермеңіз.
Қашықтықтан басқару пультінде (15) қуаттандыру
элементін орнату немесе ауыстыру
•
Қуаттандыру элементінің ұстағышын (16) шығарып
алыңыз, ол үшін бүйірлік бекіткішке басыңыз,
үйектілігін қатаң сақтап, CR2025 қуаттандыру
элементін орнатыңыз.
•
Қуаттандыру элементінің ұстағышын (16) орнына
орнатыңыз.
Ескерту: - оқшаулағыш төсемдер болған жағдайда,
төсемді шығарып алыңыз.
ЖЕЛДЕТКІШТІ ПАЙДАЛАНУ
•
Желі бауының ашасын розеткаға сұғыңыз, осы кезде
дыбыстық белгі естіледі.
Ескертпе: – басқару батырмаларының әрбір басуы
дыбыстық белгімен сүйемелденеді.
•
Қосу/сөндіру батырмаға (6) «On/Off» немесе ҚБ
пультіндегі (15) батырмаға (6) басыңыз, желдеткіш
жылдамдықпен «Mid» қосылады, біраз уақыт өткен
соң желдеткіш кішкене жылдамдыққа «Low» ауысады,
осы ретте жылдамдық индикаторы «Low» жанады.
•
Жылдамдықты таңдау батырманы (7) «Speed»
немесе ҚБ пультіндегі (15) батырманы (7) басу
арқылы жүзеге асырылады, сіз үш жылдамдықтың
біреуін орната аласыз, олар индикаторлармен (11)
«Low, Mid, Hi» көрсетіледі.
•
Ауа ағыны режимін таңдау үшін батырмаға (8)
«Mode» немесе ҚБ пультіндегі (15) батырмаға (8)
басыңыз, сіз үш ауа ағыны режимін орната аласыз,
олар индикаторлар (12) арқылы көрсетіледі:
«Nor» - ауа ағынының қалыпты режимі, ауа ағыны
жылдамдығын таңдау, батырма (7) «Speed» арқылы
жүзеге асады.
«Nat»- ауа ағынының жылдамдығы бірқалыпты өседі
және бірқалыпты төмендейді;
«Sleep» - жұмыстың түнгі режимі.
•
Желдеткішті автоматты сөндіру таймері жұмысының
уақытын таңдау, батырма (9) «Timer» арқылы немесе
ҚБ пультіндегі (15) батырма (9) арқылы жүзеге асады,
бұл ретте индикаторлар (13) «0,5h, 1h, 2h, 4h»
таймердің жұмыс істеу уақытын көрсетеді. Жұмыс
істеу уақыты 0,5 сағаттан бастап 7,5 сағатқа дейін
мүмкіндігі бар, орнату қадамы 0,5 сағат.
•
Таймерді сөндіру үшін батырманы (9) «Timer» немесе
ҚБ пультіндегі (15) батырманы (9) индикаторлар (13)
сөнгенге дейін қайта басып тұрыңыз.
IM VT-1930.indd 11 12/12/19 10:31 AM