EMT25207OX

Electrolux EMT25207OX Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал инструкцию по эксплуатации микроволновой печи Electrolux EMT25207 и готов ответить на ваши вопросы. В инструкции описаны все функции печи, включая режимы работы, автоматические программы, советы по приготовлению и уходу. Спрашивайте, я с удовольствием помогу!
  • Как установить время на часах микроволновой печи?
    Какие материалы посуды подходят для использования в этой микроволновой печи?
    Как включить и выключить функцию защиты от детей?
    Что делать, если микроволновая печь не работает?
EMT25207
................................................ .............................................
KK МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RU МИКРОВОЛНОВАЯ ПЕЧЬ ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
20
UK МІКРОХВИЛЬОВА ПІЧ ІНСТРУКЦІЯ 38
BG МИКРОВЪЛНОВА ФУРНА РЪКОВОДСТВО ЗА
УПОТРЕБА
55
MK МИКРОБРАНОВА ПЕЧКА УПАТСТВО ЗА РАКУВАЊЕ 72
SR МИКРОТАЛАСНА ПЕЋНИЦА УПУТСТВО ЗА УПОТРЕБУ 90
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
5. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
7. АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
8. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
9. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
10. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
13. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.RegisterElectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.electrolux.com
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат
алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып
қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқан балалар
және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тәжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз. 3 жасқа
толмаған балаларды құрылғының қасына қараусыз
қалдыруға болмайды.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Құрылғы мен оның қуат сымын 8 жасқа толмаған
балалардан алыс ұстаңыз.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде аталған
жерлерде қолдануға арналған:
ҚАЗАҚ 3
дүкендердің, кеңселердің және басқа жұмыс
орындарының қызметкерлерге арналған ас бөлмелерінде;
–ферма үйлерінде;
қонақ үй, мотель және басқа тұрғынды жерлердегі
пайдаланушылар;
төсек және таңғы ас ұсынатын қонақжайларда.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол
тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Егер есікке немесе есіктің тығыздағыштарына зақым келсе,
құрылғыны білікті маман жөндегенше пайдалануға
болмайды.
Құрылғыларды сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқаруға арналмаған.
Тек білікті маман ғана микротолқын қуатынан қорғайтын
қақпақты алуды қажет ететін техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу жұмыстарын іске асыруға тиіс.
Сұйық заттарды және басқа тағамдарды тұмшаланған
сауытта қыздыруға болмайды. Жарылып кетуі мүмкін.
Микротолқынды пештерде пайдалануға болатын ыдыстарды
ғана пайдаланыңыз.
Пластик немесе қағаз сауыттарда тағам қыздырған кезде,
құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз, тұтанып кетуі
мүмкін.
Бұл тағамдарды және сусындарды қыздыруға ғана арналған
құрылғы. Тағам немесе киім кептіру және қыздырғышты,
жөкелерді, дымқыл шүберекті және сол сияқты затты
қыздыру, жарақат алу, тұтану немесе өрт пайда болуға
әкелуі мүмкін.
4
www.electrolux.com
Егер түтін шыққаны байқалса, жалынды тоқтату үшін
құрылғыны сөндіріп немесе розеткасын ағытып, есігін жабық
ұстаңыз.
Сусындарды микротолқынмен қыздырған кезде кенет тасып
төгілуі мүмкін. Сауытты абайлап ұстау керек.
Баланы тамақтандыратын шөлмектердің және баланың
тағамы салынған қалбырлардың ішіндегісін берер алдында
араластыру немесе шайқау керек және күйіп қалмас үшін
температурасын тексеру керек.
Қабығы аршылмаған жұмыртқаларды немесе бітеулей
пісірілген жұмыртқаларды құрылғыда қыздырмау керек,
себебі олар микротолқынмен пісіріп болғаннан кейін де
жарылып кетуі мүмкін.
Құрылғыны уақытылы тазалап, тағамның қалдықтарын алып
отыру керек.
Құрылғыны таза ұстамасаңыз, оның бетіне зақым келуі
мүмкін және құрылғының қолданыс мерзіміне теріс әсер етуі
және қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде оның беткі қабаттарының
температурасы өте жоғары болуы мүмкін.
Жиһаз ішінде арнайы сынақтан өткізілмеген микротолқынды
пешті жиһаз ішіне орналастыруға болмайды.
Құрылғыны таза ұстамасаңыз, оның бетіне зақым келуі
мүмкін және құрылғының қолданыс мерзіміне теріс әсер етуі
және қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Корпустың ең кіші өлшемдеріне назар аударыңыз (егер бар
болса). Орнату тарауын қараңыз.
Құрылғыны іске қосқанда, безендіру үшін қолданылатын есігі
ашық болуға тиіс (егер болса).
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды немесе
өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп,
шыны шытынап кетуі мүмкін.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
ҚАЗАҚ 5
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған
конструкциялардың қауіпсіз болуын
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
Егер құрылғы розеткаға ұзартқыш сыммен
жалғанса, сымның жерге тұйықталуын
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
2.2 Қолданылуы
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу немесе
электр тоғының қатеріне ұшырау
немесе жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс бетіне немесе зат
сақтайтын орынға айналдырмаңыз.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, өрт қаупі және
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Есіктің тығыздағыш беткі қабаттарына
тағамның шашырауына немесе тазартқыш
зат қалдығының жиналуына жол бермеңіз.
Құрылғының ішінде қалған майдың немесе
тағамның қалдығынан өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық шараларын
орындаңыз.
6
www.electrolux.com
2.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
Құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 2
8 67
3 4
5
1
Шам
2
Қауіпсіздік бекітпесінің жүйесі
3
Бейнебет
4
Басқару панелі
5
Есік ашқыш
6
Толқын бағыттағыштың қақпағы
7
Гриль
8
Бұрылмалы табақтың білікшесі
3.1 Керек-жарақтары
Бұрылмалы табақтың жинағы
Шыны пісіру науасы және айналмалы
бағыттағыш.
Құрылғыда тағам пісіру үшін үнемі
бұрылмалы табақ жинағын
пайдаланыңыз.
Гриль торы
Тағамнан гриль жасауға және аралас
режиммен пісіруге арналған.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
4.1 Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында
тазалаңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
ҚАЗАҚ 7
4.2 Уақытты орнату
Құрылғыны электр желісіне қосқаннан
кейін немесе электр қуаты өшіп
қалғаннан кейін бейнебетте
0:00көрсетіледі.
Уақытты 24 сағаттық режимге қоюға
болады.
1.
түймешігін екі рет басыңыз.
2.
Сағатты орнату үшін Параметрлер тетігін
басыңыз.
3.
түймешігін басып құптаңыз.
4.
Минутты орнату үшін Параметрлер тетігін
басыңыз.
5.
түймешігін басып құптаңыз.
6.
Бейнебетте ON көрсетіледі. Құрылғы
пайдаланылмай тұрғанда дисплейде
сағат көрсетіледі.
Құрылғы күту режимінде тұрғанда
сағаттың көрсетілгенін қаламасаңыз, +
немесе - түймешігін басып, OFF пәрменін
таңдаңыз.
7.
түймешігін басып құптаңыз.
5. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
2
3
8
7
4
6
5
Белгіше Функция Сипаттама
1
Бейнебет Параметрлер мен ағымдық
уақытты көрсетеді.
2
Функция тетіктері Микротолқын / аралас / гриль /
автоматты жібіту және
автоматты пісіру функцияларын
орнатуға арналған.
3
,
Уақытты орнататын
тетіктер
Қажетті уақытты қоюға
арналған.
4
Бастау / +30 сек.
түймешігі
Құрылғыны іске қосуға немесе
пісіру уақытын ең үлкен қуатты
пайдаланып, 30 секундқа
көбейтуге арналған.
8
www.electrolux.com
Белгіше Функция Сипаттама
5
,
Параметр тетіктері Уақытты, салмақты немесе
температураны орнатуға
арналған.
6
Тоқтату / Жою Құрылғыны сөндіруге немесе
пісіру параметрлерін жоюға
арналған.
7
Таңдаулы Пісіру параметрлерінің бір
таңдаулы тіркесімін сақтауға
арналған.
8
Сағат Сағатты / ескерту құралын қоюға
арналған.
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
6.1 Құрылғыны іске қосу және
сөндіру
1.
Қосқыңыз келген функциясы бар тетікті
басыңыз.
2.
Қуат деңгейін орнату үшін қосқыңыз
келген функциясы бар тетікті қайта-қайта
басыңыз.
3.
Уақытты орнату үшін Параметрлер тетігін
басыңыз.
4.
Құрылғыны іске қосу үшін түймешігін
басыңыз.
5.
Құрылғыны сөндіру үшін:
уақыт аяқталып, дыбысты сигнал
естілгенде құрылғы автоматты түрде
сөнгенше күтіңіз. Бейнебетте End
көрсетіледі.
есікті ашыңыз. Құрылғы автоматты
түрде тоқтайды. Тағам пісіруді
жалғастыру үшін, есікті жауып,
түймешігін басыңыз. Тағамды қарау
үшін осы функцияны пайдаланыңыз.
түймешігін басыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының ішінде тағам болмаса
іске қоспаңыз.
6.2 Құрылғыны пайдалануға
қатысты жалпылама ақпарат
Жалпы:
Құрылғыны сөндіргеннен кейін, тағамды
бірнеше минут қоя тұрыңыз.
Алюминий қағаздан жасалған орамды,
темір сауыттарды т.с.с. тағам дайындар
алдында алыңыз.
Пісіру:
Егер мүмкін болса, тағамды микротолқынға
сай келетін материалмен жауып пісіріңіз.
Тағамды қытырлақ етіп пісіргіңіз келсе,
қақпақ жаппай пісіріңіз
Қуат және уақыт параметрлерін тым
жоғары мәнге қойып, тағамды қатты пісіріп
жібермеңіз. Тағам кеуіп, күйіп кетуі немесе
оның кей жерлері жанып кетуі мүмкін.
Құрылғыны жұмыртқаны немесе шырышты
қабықтарымен пісіру үшін пайдаланбаңыз,
себебі жарылып кетуі мүмкін. Жұмыртқаны
қуыру үшін әуелі сарысын тесіп алыңыз.
"Терісі" немесе "қабығы" бар картоп,
қызанақ, шұжық тәрізді тағамдарды
пісіретін кезде, жарылып кетпес үшін
бірнеше рет шанышқымен тесіп қойыңыз.
Тоңазытылған немесе мұздатылған
тағамдарды пісіру үшін ұзағырақ пісіру
уақытын орнатыңыз.
Тұздығы бар тағамдарды ара-тұра
араластыру керек.
Сәбіз, бұршақ немесе орамжапырақ тәрізді
тығыз тағамдарды суға салып пісіру керек.
ҚАЗАҚ 9
Үлкен кесектерді пісіру уақытының
жартысы өткенде аударыстырыңыз.
Егер мүмкін болса, көкөністерді кішкенелеп
тураңыз.
Жалпақ, кең ыдыстарды қолданыңыз.
Фарфор, керамика немесе балшықтан
жасалған мысалы, сабында кішкене тесігі
бар немесе түбі безендірілмеген
ыдыстарды қолданбаңыз. Осы тесікке
енетін ылғал қызған ыдысты жарып жіберуі
мүмкін.
Шыны пісіру науасы тағам мен сусындарды
қыздыруға арналған. Бұл микротолқынды
пештің жұмысы үшін қажет.
Етті, құстың етін, балықты жібіту:
Мұздатылған, оралмаған тағамды ыдыстың
үстіне төңкерілген кішкене табаққа
қойыңыз, сонда жібіген сөлі ыдысқа
жиналады.
Тағамды жібіту уақытының жартысы
өткенде аударыңыз. Егер мүмкін болса,
жіби бастаған бөліктерін бөліңіз де, алып
қойыңыз.
Сары майды, торттың тілімдерін, кваркты
жібіту:
Тағамды құрылғының ішінде әбден
жібітпеңіз, бөлме температурасында
жібітіңіз. Сонда барынша біркелкі жібиді.
Жібіту алдында темір немесе алюминий
орамдарының барлығын алыңыз.
Жеміс-көкөністерді жібіту:
Пісірмей дайындалатын жемістер мен
көкөністерді құрылғыда әбден жібітпеңіз.
Бөлме температурасында жібітіңіз.
Жемістер мен көкөністерді алдын ала
жібітпей пісіру үшін жоғарырақ микротолқын
қуатын пайдалануға болады.
Дайын тағамдар:
Дайын тағамдардың орамдары
микротолқынды пеште пайдалануға жараса
ғана, құрылғыда дайындауға болады.
Орам материалында көрсетілген өндіруші
нұсқауларын (мысалы, темір қақпақты алу
және пластик таспаны тесу) орындаңыз.
Жарамды ыдыстар мен материалдар
Ыдыс-аяқ/Материалдар Микротолқынды пеш Гриль
жасау
Жібіту Қыздыру Пісіру
Тұмшапешке төзімді шыны және
керамика (ешбір бөлігі металл емес,
мысалы, пирекс, қызуға төзімді шыны)
X X X X
Тұмшапешке төзімді емес шыны және
керамика
1)
X -- -- --
Тұмшапешке/аязға төзімді материалдан
(мысалы, аркофлам) жасалған шыны
және керамика ыдыс, гриль сөресі
X X X X
Керамика
2)
, фарфор ыдыстар
2)
X X X --
200 °C градусқа дейін қызуға төзімді
пластик
3)
X X X --
Картон, қағаз X -- -- --
Таспа X -- -- --
Микротолқынға төзімді қаптамасы бар,
қуыруға арналған таспа
3)
X X X --
Металдан, мысалы. эмаль, құйылған
шойыннан жасалған, тағам қуыруға
арналған ыдыстар
-- -- -- X
10
www.electrolux.com
Ыдыс-аяқ/Материалдар Микротолқынды пеш Гриль
жасау
Жібіту Қыздыру Пісіру
Қара лак немесе силиконмен қапталған
пісірме қалбырлар
3)
-- -- -- X
Пісірме табақ -- -- -- X
Жұқа табақ немесе кранч табағы тәрізді
браунинг ыдыстары
-- X X --
Орамы бар дайын тағамдар
3)
X X X X
1)
Ешбір күміс, алтын, платина қоспасы жоқ немесе металмен жалатылмаған/безендірілмеген ыдыстар
2)
Кварц немесе темір бөліктері жоқ немесе темір қосылып безендірілмеген
3)
Өндірушінің ең үлкен температураға қатысты нұсқауларын орындау керек.
X жарамды -- жарамсыз
6.3 Қуат параметрін орнату кестесі
басыңыз
Қуат параметрі
Қуаттың пайызбен берілген
болжалды мөлшері
1 рет 900 Watt 100 %
2 рет 700 Watt 77 %
3 рет 500 Watt 55 %
4 рет 300 Watt 33 %
5 рет 100 Watt 17 %
Басқа функциялар
басыңыз
Бейнебет Функция режимі
Гриль жасау
1 рет Бүтін қақтама
Аралас пісіру режимі
2 рет
Микротолқындар, Гриль
3 рет
Гриль, Микротолқын
ҚАЗАҚ 11
6.4 Жылдам бастау
түймешігін басып, құрылғыны ең үлкен
қуатпен 30 секунд қосыңыз. Түймешікті
қосымша басқан сайын пісіру уақыты 30
секундқа көбейеді. Ең үлкен пісіру уақыты
95 минут.
6.5 Жібіту
Салмақ және уақыт бойынша жібіту
1.
Қажетті жібіту функциясын орнату үшін
түймешігін қайта-қайта басыңыз.
2.
Қажетті салмақты немесе уақытты орнату
үшін Параметрлер тетігін басыңыз.
3.
түймешігін басып растап, құрылғыны
іске қосыңыз.
4.
Салмақ бойынша жібіту үшін, дисплейден
орнатылған жібіту уақыты көрсетіледі.
Салмақ бойынша жібіту
функциясында уақыт өздігінен
қойылады. Салмақ бойынша жібіту
функциясын мұздатқыштан 20
минуттан бұрын алынған немесе
мұздатылған дайын тағамдар үшін
пайдаланбаңыз.
Салмақ бойынша жібіту функциясын
қосу үшін 100 гр-нан көп және 2000
гр-нан аз тамақ пайдаланыңыз.
200 гр-нан аз тағамды жібіту үшін,
тағамды бұрылмалы табақтың шетіне
қойыңыз.
6.6 Гриль жасау немесе Аралас
режиммен пісіру
1. Гриль жасау немесе Аралас пісіру
функциясы үшін
түймешігін қайта-
қайта басыңыз.
2. Уақытты орнату үшін Параметр тетігін
басыңыз.
3.
түймешігін басып растап, құрылғыны
іске қосыңыз.
Пісіру уақытының жартысы өткеннен
кейін дыбыстық сигнал естіледі.
Тағамды аударуға болады.
7. АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
7.1 Автоматты пісіру
Тағамды оңай пісіру үшін Автоматы пісіру
функциясын пайдалануға болады.
1.
Қажетті мәзірді орнату үшін
түймешігін
қайта-қайта басыңыз.
2. Салмақты орнату үшін Параметр тетігін
басыңыз.
3. Орнатылған мәзірді басқа мәзірге
ауыстыру үшін
параметрін басыңыз.
4.
түймешігін басып растап, құрылғыны
іске қосыңыз.
Бейнебет Мәзір Салмағы
Автоматты қыздыру
150 г
250 г
350 г
450 г
600 г
Сусын 1 кесе
Пицца
200 г
300 г
300 г
12
www.electrolux.com
Бейнебет Мәзір Салмағы
Попкорн
50 г
100 г
Тауық еті
500 г
750 г
1000 г
1200 г
Ет
150 г
300 г
450 г
600 г
Картоп
230 г
460 г
690 г
Көкөніс
150 г
350 г
500 г
Балық
150 г
250 г
350 г
450 г
650 г
Макарон
50 г (450 мл су қосыңыз)
100 г (800 мл су қосыңыз)
150 г (1200 мл су қосыңыз)
7.2 Таңдаулы
Бағдарламаларды орнату
1. Сақтағыңыз келген функция мен
параметрлерді орнатыңыз.
2.
түймешігін басып, 2 секунд ұстап
тұрыңыз.
3. Параметрлер сақталғаннан кейін
дыбыстық сигнал естіледі.
Бағдарламаларды пайдалану
1.
түймешігін басыңыз.
2.
Құрылғыны іске қоса бастау үшін
түймешігін басыңыз.
Тек бір ғана Таңдаулы параметрді
сақтауға болады.
8. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тағамды бұрылмалы табақ жинағын
пайдаланбай пісіруге болмайды. Осы
құрылғымен бірге жеткізілген
бұрылмалы табақ жинағын ғана
пайдаланыңыз.
Тағамды ешқашан шыны пісіру
науасына тура салып пісірмеңіз.
ҚАЗАҚ 13
8.1 Бұрылмалы табақ жинағын орнату
1.
Бұрылмалы табақ білікшесінің
айналасына айналмалы бағыттағышты
салыңыз.
2.
Шыны пісірме науаны айналмалы
бағыттағышқа орнатыңыз.
8.2 Гриль торын салу
Гриль торын бұрылмалы табақ жинағына
орнатыңыз.
9. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
9.1 Ас үй таймері
1.
түймешігін басыңыз.
2.
Уақытты сақтау үшін Параметр тетігін
басыңыз.
3.
Ас үй таймері бірнеше секундтан кейін
автоматты түрде қосылады.
Орнатылған уақыт аяқталғанда дыбыстық
сигнал естіледі.
Ең үлкен 95 минутты орнатуға болады.
Таймер белсенді тұрғанда,
дисплейде белсенді тұрған функция
көрсетіледі. Қалған уақытты қарау
үшін
түймешігін басыңыз.
Есікті ашқанда немесе құрылғыны
кідірткенде таймер жұмыс істейді.
түймешігін басып біржола
тоқтатыңыз.
9.2 Бала қауіпсіздігінің құралы
Бала қауіпсіздігінің құралы құрылғыны
кездейсоқ іске қосуға жол бермейді.
Бала қауіпсіздігінің құралын қосу немесе
сөндіру үшін
түймешігін дыбыстық сигнал
естілгенше 3 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Бала қауіпсіздігінің құралы қосылған кезде
бейнебетте
пайда болады.
14
www.electrolux.com
10. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
10.1 Микротолқынға қатысты ақыл-кеңес
Ақаулық Шешімі
Дайындалған тағамның мөлшеріне
қатысты мәліметті таба алмадыңыз.
Ұқсас тағамды іздеңіз. Келесі ережеге сүйеніп
тағам пісіру уақытын созыңыз немесе
азайтыңыз. Мөлшері екі есе болса = уақытты екі
есе көбейтіңіз, Жарты тағамға = уақыттың
жартысы қажет
Тағам тым кебір болып кетті. Қысқа пісіру уақытын қолданыңыз немесе
төменірек микротолқын қуатын таңдаңыз.
Уақыт аяқталған кезде тағам жібіген
жоқ, ыстық емес немесе піспеді.
Ұзағырақ пісіру уақытын қолданыңыз немесе
жоғары қуатты таңдаңыз. Көп тағамға ұзағырақ
уақыт қажет.
Пісіру уақыты аяқталған кезде
тағамның шеттері қатты қызып кетеді,
бірақ ортасы әлі піскен жоқ.
Келесі жолы төменірек қуат мәнін және ұзағырақ
уақытты таңдаңыз. Сұйық тағамды, мысалы,
сорпаны пісіру уақытының ортасына келгенде
араластырыңыз.
Жалпақ, кең ыдысты қолдансаңыз, күріш
жақсы піседі.
10.2 Жібіту
Қуырылатын тағамның майлы жағын үнемі
төмен қаратып жібітіңіз.
Етті жауып жібітпеңіз, себебі ет жібімей, пісіп
кетуі мүмкін.
Әрқашан бүтін тауықтың төс жағын төмен
қаратып жібітіңіз.
10.3 Пісіру
Тоңазытылған ет пен құс етін пісірерден кем
дегенде 30 минут бұрын алып қойыңыз.
Етті, құс етін, балықты және көкөністерді
пісіріп болғаннан кейін қақпақ жауып қойыңыз.
Балықтың үстіне шамалы көкөніс майын
немесе еріген сары май жағыңыз.
Әр 250 г көкөніске 30 - 45 мл суық су қосыңыз.
Жас көкөністерді пісірер алдында біркелкі етіп
тураңыз. Көкөністердің барлығын қақпағы бар
сауытқа салып пісіріңіз.
10.4 Қыздыру
Орамдағы дайын тағамдарды қыздырған
кезде, әрқашан орамдағы нұсқауларды
орындаңыз.
10.5 Гриль жасау
Жайпақ тағам түрлерін гриль торының
ортасына қойып қуыруға арналған.
Орнатылған уақыттың ортасына келгенде
тағамды аударып, қуыруды жалғастырыңыз.
10.6 Аралас пісіру режимі
Кей тағамдарды қытырлақ күйде ұстау үшін
Аралас пісіру режимін пайдаланыңыз.
Пісіру уақытының жартысы өткенде
тағамдарды аударып, пісіруді жалғастырыңыз.
Аралас пісіру функциясына арналған 2 режим
бар. Әр режим әр түрлі уақытта және әр түрлі
қуат деңгейлерінде, микротолқын, гриль және
конвекция функцияларын біріктіріп
пайдаланады.
ҚАЗАҚ 15
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Тазалауға қатысты ескерім:
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Металл беттерді тазалау үшін әдетте
қолданылатын жуғыш заттарды
пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағын пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне
жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы
тазалағыштармен тазалаңыз.
Барлық керек-жарақтарды уақытылы
тазалап, құрғатыңыз. Шүберекті, жылы су
мен жуғыш затты пайдаланыңыз.
Қатып қалған қоқыстарды жібіту үшін,
стакан суды ең жоғары микротолқын
қуатымен 2-3 минут қайнатыңыз.
Иістерді кетіру үшін стакандағы суға 2 шай
қасық лимон шырынын құйып, 5 минут ең
үлкен микротолқын қуатымен қайнатыңыз.
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске қосыңыз.
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Құрылғы тоққа қосылмаған. Құрылғыны тоққа қосыңыз.
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Сақтандырғыш блогындағы
сақтандырғыш жанып кеткен.
Сақтандырғышты тексеріңіз.
Сақтандырғыш бірнеше рет
жанып кетсе, білікті электршіге
хабарласыңыз.
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Есік дұрыс жабылмаған. Есікке ешнәрсенің кедергі
келтірмей тұрғанын тексеріңіз.
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. Шамды ауыстыру керек.
Бейнебетте
көрсетіледі.
Бала қауіпсіздігінің құралы
қосулы.
Бала қауіпсіздігі құралын
ажыратыңыз.
белгішесін 3
секунд басыңыз.
Корпустың ішінен
жарқыл көрінеді.
Темір ыдыстар немесе темір
жиекті ыдыстар
пайдаланылған.
Ыдысты құрылғыдан алыңыз.
Корпустың ішінен
жарқыл көрінеді.
Ішкі қабырғаларға темір істіктер
немесе алюминий жұқалтыр
тиіп тұр.
Темір істіктердің немесе
алюминий жұқалтырдың ішкі
қабырғаларға тимей тұрғанына
көз жеткізіңіз.
16
www.electrolux.com
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Бұрылмалы табақ
жинағынан егеп
немесе сызғылап
жатқан дыбыс
шығады.
Шыны пісіру науасының
астында зат немесе қоқыс тұр.
Шыны пісіру науасының
астыңғы жағын тазалаңыз.
Құрылғы ешбір нақты
себепсіз жұмыс істеуін
тоқтатты.
Ақаулық орын алды. Егер осы жағдай қайталанса,
тұтынушыларға қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилерге немесе тұтынушыларға
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына
қажет ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында жазылған.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық өмірі (S.N.) .........................................
13. ОРНАТУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Ауа саңылауларын бітемеңіз. Егер
бітеп қойсаңыз, құрылғы қатты қызып
кетеді.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны адаптерге немесе
ұзартқыш сымдарға қоспаңыз.
Жүктемесі артып кетіп, өрт шығуы
мүмкін.
Құрылғы кіріктіріп орнатуға ғана арналған.
Құрылғы орнатылатын корпустың арт
жағында қабырға болмауы керек.
Құрылғыны бу, ыстық ауасы бар және су
шашырайтын жерден алыс қойыңыз.
Құрылғыны суық кезде тасымалдасаңыз,
орнатып болғаннан кейін дереу іске
қоспаңыз. Бөлме температурасына қоя
тұрып, жылу сіңіргенше күтіңіз.
13.1 Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Электртоғына білікті маман ғана
қосуға тиіс.
"Қауіпсіздік ақпараты" тарауындағы
сақтық шаралары орындалмаса,
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен және негізгі
ашасымен бірге жеткізіледі.
Сақтандыру туралы ескерту!
Ең кем дегенде 85 см биіктікке орнату
керек.
1. Жиһаздың өлшемдері орнату
өлшемдеріне сай келетініне көз жеткізіңіз.
D
B
A
C
ҚАЗАҚ 17
Орнату қашықтығы
Өлшемдері мм
A 380 + 2
B 560 + 8
C 500
D 18
2. Корпустың астыңғы жағына тақтайша
жапсырып, бұрандалар салынатын
тұстарды белгілеңіз. Тақтайшаны алып,
қапсырманы бұрандалармен бекітіңіз.
3. Құрылғыны орнатыңыз. Қапсырманың
құрылғының арт жағын бекітетініне көз
жеткізіңіз.
=
=
4. Есікті ашып, құрылғыны корпусқа
бұрандамен бекітіңіз.
18
www.electrolux.com
14. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ
МАҒЛҰМАТТАР
Белгі
салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік және электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден
өткізу арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді
қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына
өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге
хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 19
СОДЕРЖАНИЕ
1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
2. УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
3. ОПИСАНИЕ ИЗДЕЛИЯ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
4. ПЕРЕД ПЕРВЫМ ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26
5. ПАНЕЛЬ УПРАВЛЕНИЯ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26
6. ЕЖЕДНЕВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
7. АВТОМАТИЧЕСКИЕ ПРОГРАММЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
8. ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ДОПОЛНИТЕЛЬНЫХ ПРИНАДЛЕЖНОСТЕЙ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 32
9. ДОПОЛНИТЕЛЬНЫЕ ФУНКЦИИ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 33
10. ПОЛЕЗНЫЕ СОВЕТЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 33
11. УХОД И ОЧИСТКА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34
12. ПОИСК И УСТРАНЕНИЕ НЕИСПРАВНОСТЕЙ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 35
13. УСТАНОВКА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 36
МЫ ДУМАЕМ О ВАС
Благодарим Вас за приобретение прибора Electrolux. Вы выбрали изделие, за которым стоят десятилетия
профессионального опыта и инноваций. Уникальное и стильное, оно создавалось с заботой о Вас.
Поэтому когда бы Вы ни воспользовались им, Вы можете быть уверены: результаты всегда будут
превосходными.
Добро пожаловать в Electrolux!
На нашем веб-сайте Вы сможете:
Найти рекомендации по использованию изделий, руководства по эксплуатации, мастер
устранения неисправностей, информацию о техническом обслуживании:
www.electrolux.com
Зарегистрировать свое изделия для улучшения обслуживания:
www.RegisterElectrolux.com
Приобрести дополнительные принадлежности, расходные материалы и фирменные запасные
части для своего прибора:
www.electrolux.com/shop
ПОДДЕРЖКА ПОТРЕБИТЕЛЕЙ И СЕРВИСНОЕ ОБСЛУЖИВАНИЕ
Мы рекомендуем использовать оригинальные запчасти.
При обращении в сервис-центр следует иметь под рукой следующую информацию.
Данная информация находится на табличке с техническими данными. Модель, код изделия (PNC),
серийный номер.
Внимание / Важные сведения по технике безопасности.
Общая информация и рекомендации
Информация по защите окружающей среды
Право на изменения сохраняется.
20
www.electrolux.com
/