Zanussi ZSG25224XA Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал руководство пользователя для микроволновой печи Zanussi ZSG25224 и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве описаны функции разморозки, гриля, автоматических программ, а также даны советы по уходу и устранению неполадок. Спрашивайте!
  • Как разморозить продукты в микроволновой печи ZSG25224?
    Какие автоматические программы есть у микроволновой печи ZSG25224?
    Как использовать функцию гриля в микроволновой печи ZSG25224?
    Как включить и выключить детский замок на микроволновой печи ZSG25224?
Gebruiksaanwijzing 2
User Manual 18
Notice d'utilisation 33
Benutzerinformation 49
Қолдану туралы
нұсқаулары 65
Инструкция по
эксплуатации 81
Інструкція 99
NL
EN
FR
DE
KK
RU
UK
ZSG25224
Magnetron
Microwave Oven
Four à micro-ondes
Mikrowellenofen
Микротолқынды пеш
Микроволновая печь
Мікрохвильова піч
Мазмұны
Сақтық шаралары 65
Қауіпсіздік нұсқаулары 68
Бұйым сипаттамасы 69
Бірінші қолданғанға дейін 70
Әркүндік қолдану 71
Автоматты бағдарламалар 74
Керек-жарақтарды қолдану 75
Қосымша функциялар 76
Ақыл-кеңес 76
Күту менен тазалау 77
Ақаулықты түзету 77
Орнату 79
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны
дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты
емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі
сақтап қойыңыз.
Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар болып
қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не
тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз
қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
3 жасқа толмаған балаларды құрылғының қасына
қараусыз қалдыруға болмайды.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол
жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынамыз.
www.zanussi.com 65
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Құрылғы мен оның қуат сымын 8 жасқа толмаған
балалардан алыс ұстаңыз.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде аталған
жерлерде қолдануға арналған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер мен
басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлерге
арналған ас бөлмелерде;
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы аспен
қамтамасыз ететін қонақжайларда және басқа
тұрғынды жерлерде
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол
тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
Егер есікке немесе есіктің тығыздағыштарына зақым
келсе, құрылғыны білікті маман жөндегенше іске
пайдалануға болмайды.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін
оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Білікті маман ғана микротолқын қуатынан қорғайтын
қақпақты алуды қажет ететін техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу жұмыстарын іске асыруға тиіс.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
Сұйық заттарды және басқа тағамдарды тұмшаланған
сауытта қыздыруға болмайды. Жарылып кетуі мүмкін.
Микротолқынды пештерде пайдалануға болатын
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
66 www.zanussi.com
Пластик немесе қағаз сауыттарда тағам қыздырған
кезде, құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз, тұтанып
кетуі мүмкін.
Бұл тағамдарды және сусындарды қыздыруға ғана
арналған құрылғы. Тағам немесе киім кептіру және
қыздырғышты, жөкелерді, дымқыл шүберекті және сол
сияқты затты қыздыру, жарақат алу, тұтану немесе өрт
пайда болуға әкелуі мүмкін.
Егер түтін шыққаны байқалса, жалынды тоқтату үшін
құрылғыны сөндіріп немесе розеткасын ағытып, есігін
жабық ұстаңыз.
Сусындарды микротолқынмен қыздырған кезде кенет
тасып төгілуі мүмкін. Сауытты абайлап ұстау керек.
Баланы тамақтандыратын шөлмектердің және баланың
тағамы салынған қалбырлардың ішіндегісін берер
алдында араластыру немесе шайқау керек және күйіп
қалмас үшін температурасын тексеру керек.
Қабығы аршылмаған жұмыртқаларды немесе бітеулей
пісірілген жұмыртқаларды құрылғыда қыздырмау керек,
себебі олар микротолқынмен пісіріп болғаннан кейін де
жарылып кетуі мүмкін.
Құрылғыны уақытылы тазалап, тағамның қалдықтарын
алып отыру керек.
Құрылғыны таза ұстамасаңыз, оның бетіне зақым келуі
мүмкін және құрылғының қолданыс мерзіміне теріс әсер
етуі және қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде оның беткі қабаттарының
температурасы өте жоғары болуы мүмкін.
Жиһаз ішінде орналастыру үшін арнайы сынақтан
өткізілмеген микротолқынды пешті жиһаз ішіне
орналастыруға болмайды.
Құрылғылардың артқы бетін қабырғаға тигізіп қою керек.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі
сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Корпустың ең кіші өлшемдеріне назар аударыңыз (егер
бар болса). Орнату тарауын қараңыз.
www.zanussi.com 67
Құрылғыны іске қосқанда, безендіру үшін қолданылатын
есігі ашық болуға тиіс (егер болса).
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман
ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
Егер құрылғы розеткаға ұзартқыш
сыммен жалғанса, сымның жерге
тұйықталуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының ашасына және сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр
сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу және
электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны жұмыс бетіне немесе зат
сақтайтын орынға айналдырмаңыз.
Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Есіктің тығыздағыш беткі қабаттарына
тағамның шашырауына немесе
тазартқыш зат қалдығының жиналуына
жол бермеңіз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап
тазартқыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
68 www.zanussi.com
Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Бұйым сипаттамасы
Жалпы көрінісі
1 2
8 67
3 4
5
1
Шам
2
Қауіпсіздік бекітпесінің жүйесі
3
Бейнебет
4
Басқару панелі
5
Есік ашқыш
6
Толқын бағыттағыштың қақпағы
7
Гриль
8
Бұрылмалы табақтың білікшесі
Басқару панелі
2
3
5
6
7
4
1
Белгіше Функция Сипаттама
1
Дисплей Параметрлер мен ағымдық
уақытты көрсетеді.
www.zanussi.com 69
Белгіше Функция Сипаттама
2
Жібіту түймешігі Тағамды салмағы немесе уақыты
бойынша жібітуге арналған.
3
Функция түймешігі Функцияны таңдауға арналған.
4
, , ,
Параметр тетігі Пісіру уақытын, салмақ
параметрін орнатуға немесе авт.
пісіру бағдарламаларын қосуға
арналған.
5
Тоқтату / Өшіру
түймешігі
Құрылғыны сөндіруге немесе
пісіру параметрлерін жоюға
арналған.
6
Сағат / Ас үй таймері
түймешігі
Сағатты қоюға арналған.
7
Бастау / +30 сек.
түймешігі
Құрылғыны іске қосуға немесе
пісіру уақытын ең үлкен қуатты
пайдаланып, 30 секундқа
көбейтуге арналған.
Керек-жарақтары
Бұрылмалы табақтың жинағы
Микротолқынды пеште тағам
пісіру үшін үнемі бұрылмалы
табақ жинағын пайдаланыңыз.
Шыны пісіру науасы және айналмалы
бағыттағыш.
Гриль торы
Пайдаланыңыз:
тағамнан гриль жасау
аралас пісіру
Бірінші қолданғанға дейін
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Алғашқы тазалау
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
70 www.zanussi.com
Микротолқынды пештен барлық керек-
жарақтарды және қосымша орам
материалдарын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Уақытты орнату
Егер сағат қойылмаса, микротолқын
қолданылып тұрғанда жұмыс істемейді.
Құрылғыны электр желісіне қосқаннан кейін
немесе электр қуаты өшіп қалғаннан кейін
бейнебетте 0:00 пайда болады және
дыбыстық сигнал естіледі.
Уақытты 24 сағаттық режимге
қоюға болады.
1. түймешігін басыңыз.
2. Сағат мәнін орнату үшін Параметр
тетігін бұраңыз.
3.
түймешігін басып құптаңыз.
4. Минутты енгізу үшін Уақытты орнату
тетігін бұраңыз.
5. түймешігін басып құптаңыз.
Әркүндік қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Құрылғыны пайдалануға қатысты
жалпылама ақпарат
Құрылғыны сөндіргеннен кейін, тағамды
бірнеше минут қоя тұрыңыз.
Алюминий қағаздан жасалған орамды,
темір сауыттарды т.с.с. тағам дайындар
алдында алыңыз.
Пісіру
Егер мүмкін болса, тағамды
микротолқынға сай келетін
материалмен жауып пісіріңіз. Тағамды
қытырлақ етіп пісіргіңіз келсе, қақпақ
жаппай пісіріңіз
Қуат және уақыт параметрлерін тым
жоғары мәнге қойып, тағамды қатты
пісірмеңіз. Тағам кеуіп, күйіп немесе
оның кей жерлері жанып кетуі мүмкін.
Құрылғыны жұмыртқаны немесе
шырышты қабықтарымен пісіру үшін
пайдаланбаңыз, себебі жарылып кетуі
мүмкін. Жұмыртқаны қуыру үшін әуелі
сарысын тесіп алыңыз.
"Терісі" немесе "қабығы" бар картоп,
қызанақ, шұжық тәрізді тағамдарды
пісіретін кезде, жарылып кетпес үшін
бірнеше рет шанышқымен тесіп
қойыңыз.
Тоңазытылған немесе мұздатылған
тағамдарды пісіру үшін ұзағырақ пісіру
уақытын орнатыңыз.
Тұздығы бар тағамдарды ара-тұра
араластыру керек.
Сәбіз, бұршақ немесе орамжапырақ
тәрізді тығыз тағамдарды суға салып
пісіру керек.
Үлкен кесектерді пісіру уақытының
жартысы өткенде аударыстырыңыз.
Егер мүмкін болса, көкөністерді
кішкенелеп тураңыз.
Жалпақ, кең ыдыстарды қолданыңыз.
Фарфор, керамика немесе балшықтан
жасалған мысалы, сабында кішкене
тесігі бар немесе түбі безендірілмеген
ыдыстарды қолданбаңыз. Осы тесікке
енетін ылғал қызған ыдысты жарып
жіберуі мүмкін.
Шыны пісіру науасы тағам мен
сусындарды қыздыруға арналған. Бұл
микротолқынды пештің жұмысы үшін
қажет.
Етті, құстың етін, балықты жібіту
Мұздатылған, оралмаған тағамды
ыдыстың үстіне төңкерілген кішкене
табаққа қойыңыз, сонда жібіген сөлі
ыдысқа жиналады.
Тағамды жібіту уақытының жартысы
өткенде аударыңыз. Егер мүмкін болса,
жіби бастаған бөліктерін бөліңіз де,
алып қойыңыз.
Сары майды, торттың тілімдерін,
кваркты жібіту
Тағамды құрылғының ішінде әбден
жібітпеңіз, бөлме температурасында
жібітіңіз. Сонда барынша біркелкі жібиді.
Жібіту алдында темір немесе алюминий
орамдарының барлығын алыңыз.
Жеміс-көкөністерді жібіту
Пісірмей дайындалатын жемістер мен
көкөністерді құрылғыда әбден жібітпеңіз.
Бөлме температурасында жібітіңіз.
Жемістер мен көкөністерді алдын ала
жібітпей пісіру үшін жоғарырақ
микротолқын қуатын пайдалануға
болады.
www.zanussi.com 71
Дайын тағамдар
Дайын тағамдардың орамдары
микротолқынды пеште пайдалануға
жараса ғана, құрылғыда дайындауға
болады.
Орам материалында көрсетілген
өндіруші нұсқауларын (мысалы, темір
қақпақты алу және пластик таспаны
тесу) орындаңыз.
Жарамды ыдыстар мен материалдар
Ыдыс-аяқ / Материалдар Микротолқынды пеш Гриль
жасау
Жібіту Қыздыр
у
Пісіру
Тұмшапешке төзімді шыны және
керамика (ешбір бөлігі металл емес,
мысалы, пирекс, қызуға төзімді шыны)
X X X X
Пешке төзімді емес шыны және керамика
1)
X -- -- --
Тұмшапешке/аязға төзімді материалдан
(мысалы, аркофлам) жасалған шыны
және керамика ыдыс, гриль сөресі
X X X X
Керамика
2)
, фарфор
2)
X X X --
200 °C градусқа дейінгі қызуға төзімді
пластик
3)
X X X --
Картон, қағаз X -- -- --
Таспа X -- -- --
Микротолқынды пеште пайдалануға
қауіпсіз материалдан жасалған қуыру
таспасы
3)
X X X --
Металдан, мысалы. эмаль, құйылған
шойыннан жасалған, тағам қуыруға
арналған ыдыстар
-- -- -- X
Қара қаптамасы бар немесе кремниймен
капталған пісірме қалыптар
3)
-- -- -- X
Пісірме табақ -- -- -- X
Жұқа табақ немесе кранч табағы тәрізді
браунинг ыдыстары
-- X X --
Орамдағы дайын тағамдар
3)
X X X X
1) Күміс, алтын, платина немесе металл жалатылмаған / безендірілмеген
2) Кварц немесе металл бөлшектері немесе құрамында металы бар жылтырақсыз
3) Өндірушінің ең үлкен температураға қатысты нұсқауларын орындау керек.
X жарамды
-- жарамсыз
72 www.zanussi.com
Микротолқынды пешті іске қосу және
сөндіру
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Тағам салынып тұрмаса,
микротолқынды пешті іске
қоспаңыз.
1. Функция түймешігін бір рет басыңыз.
2. Қажетті функцияны орнату үшін
Функция түймешігін қайта-қайта
басыңыз немесе Параметр тетігін
бұраңыз.
3. түймешігін басып құптаңыз.
4. Уақытты орнату үшін Параметр тетігін
бұраңыз.
5. түймешігін басып растап,
микротолқынды пешті іске қосыңыз.
Микротолқынды пешті сөндіру үшін:
уақыт аяқталып, микротолқынды пеш
автоматты түрде сөнгенше күтіңіз.
есікті ашыңыз. Микротолқынды пеш
автоматты түрде тоқтайды. Пісіруді
жалғастыру үшін есікті жауып,
түймешігін басыңыз. Тағамды байқау
үшін осы функцияны пайдаланыңыз.
түймешігін басыңыз.
Микротолқынды пеш автоматты
түрде сөнген кезде дыбыстық
сигнал естіледі.
Қуат параметрін орнату кестесі
Функция
түймешігін
басыңыз
Қуат параметрі Қуаттың пайызбен берілген болжалды
мөлшері
1 рет P100 100 %
2 рет P 80 80 %
3 рет P 50 50 %
4 рет P 30 30 %
5 рет P 10 10 %
Гриль
6 рет G - 1 Бүтін қақтама
Аралас пісіру режимі
7 рет C – 1 55 % Микротолқындар, 45 % Гриль
8 рет C – 2 36 % Микротолқындар, 64 % Гриль
Жылдам бастау
Ең үлкен пісіру уақыты 95 минут.
Тұмшапешті толық микротолқын қуатына
қойып, 30 секунд қосу үшін түймешігін
басыңыз.
Түймешікті қосымша басқан сайын пісіру
уақыты 30 секундқа көбейеді.
Күту режимінде Параметр тетігін
сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
пісіру уақытын орнатыңыз, содан
кейін тұмшапешті толық
микротолқын қуатына қойып іске
қосу үшін түймешігін басыңыз.
Жібіту
2 жібіту режимінің біреуін таңдауға болады:
Салмақ бойынша жібіту
Уақыт бойынша жібіту
www.zanussi.com 73
Салмақ бойынша жібіту
функциясын мұздатқыштан 20
минуттан көп уақыт бұрын
алынған немесе қолдануға
дайын, мұздатылған тағамдар
үшін пайдаланбаңыз.
Салмақ бойынша жібіту
функциясын қосу үшін тағам
салмағы 100 грамнан көп және
2000 грамнан аз болуы керек.
200 грамнан аз тағамды жібіту
үшін, оны бұрылмалы табақтың
шетіне қойыңыз.
1. Салмақ бойынша жібіту үшін
түймешігін бір рет, уақыт бойынша
жібіту үшін екі рет басыңыз.
2. Параметр тетігін салмақты немесе
уақытты орнату үшін бұраңыз.
Салмақ бойынша жібіту функциясында
уақыт өздігінен қойылады.
3.
түймешігін басып растап,
микротолқынды пешті іске қосыңыз.
Көп қадамды пісіру
Егер қадамдардың бірі жібіту
қадамы болса, оны бірінші қадам
ретінде орнатыңыз.
Тағамды ең көбі 2 қадамды пайдаланып
пісіруге болады.
Барлық мұздатылған тағамдарды 2
қадамды пайдаланып пісіріңіз.
1. түймешігін басып, жібіту режимін
орнатыңыз.
2. Жібіту уақытын немесе салмақты
орнату үшін Параметр тетігін бұраңыз.
3. түймешігін басып құптаңыз.
4. Қуат деңгейін орнату үшін
түймешігін қайта-қайта басыңыз немесе
Параметр тетігін бұраңыз.
5. түймешігін басып құптаңыз.
6. Уақытты орнату үшін Параметр тетігін
бұраңыз.
7. түймешігін басып растап,
микротолқынды пешті іске қосыңыз.
Әр қадамнан кейін дыбыстық сигнал
естіледі.
Гриль жасау және Аралас режиммен
пісіру
1. түймешігін басыңыз.
2. Қажетті функцияны орнату үшін
Параметр тетігін бұраңыз
3.
түймешігін басып құптаңыз.
4. Уақытты орнату үшін Параметр тетігін
бұраңыз.
5.
түймешігін басып растап,
микротолқынды пешті іске қосыңыз.
Гриль немесе Аралас пісіру режимі іске
қосылып тұрғанда, қуат параметрін
немесе уақытты өзгертуге болады.
Автоматты бағдарламалар
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Auto Cooking (Автоматты пісіру)
Бұл функцияны қалаған тағамыңызды оңай
пісіру үшін қолданыңыз. Тұмшапеш
қолайлы параметрлерді автоматты түрде
орнатады.
1. Қажетті мәзірді таңдау үшін Параметр
тетігін сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
2. түймешігін басып құптаңыз.
3. Мәзірдің салмағын орнату үшін
Параметр тетігін бұраңыз.
4. түймешігін басып растап,
микротолқынды пешті іске қосыңыз.
Мәзір Мөлшері
A - 1
Пицца
200 г
400 г
74 www.zanussi.com
Мәзір Мөлшері
A - 2
Картоп
200 г
400 г
600 г
A - 3
Ет
250 г
350 г
450 г
A - 4
Балық
250 г
350 г
450 г
A - 5
Көкөніс
200 г
300 г
400 г
A - 6
Сусын
1 кесе (120 мл)
2 кесе (240 мл)
3 кесе (360 мл)
A - 7
Макарон
50 г (450 мл су қосыңыз)
100 г (800 мл су қосыңыз)
A - 8
Попкорн
50 г
100 г
A - 9
Тауық еті
400 г
800 г
1200 г
A - 10
Ысыту
200 г
400 г
600 г
Керек-жарақтарды қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Бұрылмалы табақ жинағын орнату
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Тағамды бұрылмалы табақ
жинағын пайдаланбай пісіруге
болмайды. Осы микротолқынды
пешпен бірге жеткізілген
бұрылмалы табақ жинағын ғана
пайдаланыңыз.
Тағамды ешқашан шыны пісіру
науасына тура салып пісірмеңіз.
1. Бұрылмалы табақ білікшесінің
айналасына айналмалы бағыттағышты
салыңыз.
2. Шыны пісірме науаны айналмалы
бағыттағышқа орнатыңыз.
www.zanussi.com 75
Гриль торын салу
Гриль торын бұрылмалы табақ жинағына
орнатыңыз.
Қосымша функциялар
Бала қауіпсіздігінің құралы
Бала қауіпсіздігінің құралы микротолқынды
пешті кездейсоқ іске қосуға жол бермейді.
Tүймешігін 3 секунд басып ұстап
тұрыңыз.
Дыбыстық сигнал естіледі.
Бала қауіпсіздігінің құралы іске қосылған
кезде дисплейде ағымдық уақыт
көрсетіледі.
Ас үй таймері
Ең көбі 95 минутты орнатуға болады.
1. түймешігін екі рет басыңыз.
2. Уақытты орнату үшін Параметр тетігін
бұраңыз.
3. түймешігін басып құптаңыз.
Есікті ашқанда немесе тұмшапешті
кідірткенде таймер жұмыс істейді.
түймешігін басып біржола тоқтатыңыз.
Орнатылған уақыт аяқталғанда
дыбыстық сигнал естіледі.
Ақыл-кеңес
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Микротолқынға қатысты ақыл-кеңес
Ақаулық Шешімі
Дайындалған тағамның мөлшеріне
қатысты мәліметті таба алмадыңыз.
Ұқсас тағамды іздеңіз. Келесі ережеге сүйеніп тағам
пісіру уақытын созыңыз немесе азайтыңыз:
Мөлшері екі есе болса = уақытты екі есе
көбейтіңіз, Жарты тағамға = уақыттың жартысы
қажет
Тағам тым кебір болып кетті. Қысқа пісіру уақытын қолданыңыз немесе төменірек
микротолқын қуатын таңдаңыз.
Уақыт аяқталған кезде тағам жібіген жоқ,
ыстық емес немесе піспеді.
Ұзағырақ пісіру уақытын қолданыңыз немесе
жоғары қуатты таңдаңыз. Көп тағамға ұзағырақ
уақыт қажет.
Пісіру уақыты аяқталған кезде тағамның
шеттері қатты қызып кетеді, бірақ
ортасы әлі піскен жоқ.
Келесі жолы төменірек қуат мәнін және ұзағырақ
уақытты таңдаңыз. Сұйық тағамды, мысалы,
сорпаны пісіру уақытының ортасына келгенде
араластырыңыз.
76 www.zanussi.com
Жалпақ, кең ыдысты қолдансаңыз, күріш
жақсы піседі.
Жібіту
Қуырылатын тағамның майлы жағын үнемі
төмен қаратып жібітіңіз.
Етті жауып жібітпеңіз, себебі ет жібімей,
пісіп кетуі мүмкін.
Әрқашан бүтін тауықтың төс жағын төмен
қаратып жібітіңіз.
Пісіру
Тоңазытылған ет пен құс етін пісірерден
кем дегенде 30 минут бұрын алып
қойыңыз.
Етті, құс етін, балықты және көкөністерді
пісіріп болғаннан кейін қақпақ жауып
қойыңыз.
Балықтың үстіне шамалы көкөніс майын
немесе еріген сары май жағыңыз.
Барлық көкөністерді толық микротолқын
қуатымен пісіру керек.
Әр 250 г көкөніске 30 - 45 мл суық су
қосыңыз.
Жас көкөністерді пісірер алдында біркелкі
етіп тураңыз. Көкөністердің барлығын
қақпағы бар сауытқа салып пісіріңіз.
Қыздыру
Орамдағы дайын тағамдарды қыздырған
кезде, әрқашан орамдағы нұсқауларды
орындаңыз.
Гриль
Жайпақ тағам түрлерін гриль торының
ортасына қойып қуыруға арналған.
Орнатылған уақыттың ортасына келгенде
тағамды аударып, қуыруды
жалғастырыңыз.
Аралас пісіру режимі
Кей тағамдарды қытырлақ күйде ұстау үшін
Аралас пісіру режимін пайдаланыңыз.
Пісіру уақытының жартысы өткенде
тағамдарды аударып, пісіруді
жалғастырыңыз.
Аралас пісіру функциясына арналған 2
режим бар. Әр режим әр түрлі уақытта
және әр түрлі қуат деңгейлеріне келгенде,
микротолқын және гриль функцияларын
біріктіріп пайдаланады.
Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Тазалауға қатысты ескертулер және
ақыл-кеңес
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін тазалау
үшін әдетте қолданылатын жуғыш
заттарды пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағын пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай тазалайсыз,
әрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы тазалағыштармен тазалаңыз.
Барлық керек-жарақтарды уақытылы
тазалап, құрғатыңыз. Шүберекті, жылы
су мен жуғыш затты пайдаланыңыз.
Қатып қалған қоқыстарды жібіту үшін,
стакан суды ең жоғары микротолқын
қуатымен 2-3 минут қайнатыңыз.
Иістерді кетіру үшін стакандағы суға 2
шай қасық лимон шырынын құйып, 5
минут ең үлкен микротолқын қуатымен
қайнатыңыз.
Ақаулықты түзету
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
www.zanussi.com 77
Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске қосыңыз.
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Құрылғы тоққа қосылмаған. Құрылғыны тоққа қосыңыз.
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Сақтандырғыш блогындағы
сақтандырғыш жанып кеткен.
Сақтандырғышты тексеріңіз.
Сақтандырғыш бірнеше рет
жанып кетсе, білікті электршіге
хабарласыңыз.
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Есік дұрыс жабылмаған. Есікке ешнәрсенің кедергі
келтірмей тұрғанын тексеріңіз.
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. Шамды ауыстыру керек.
Корпустың ішінен
жарқыл көрінеді.
Темір ыдыстар немесе темір
жиекті ыдыстар пайдаланылған.
Ыдысты құрылғыдан алыңыз.
Корпустың ішінен
жарқыл көрінеді.
Ішкі қабырғаларға темір істіктер
немесе алюминий жұқалтыр тиіп
тұр.
Темір істіктердің немесе
алюминий жұқалтырдың ішкі
қабырғаларға тимей тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Бұрылмалы табақ
жинағынан егеп
немесе сызғылап
жатқан дыбыс
шығады.
Шыны пісіру науасының астында
зат немесе қоқыс тұр.
Шыны пісіру науасының астыңғы
жағын тазалаңыз.
Құрылғы ешбір нақты
себепсіз жұмыс істеуін
тоқтатты.
Ақаулық орын алды. Егер осы жағдай қайталанса,
уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету дерегі
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген. Техникалық
ақпарат тақтайшасы құрылғыға
орналастырылған. Құрылғыдағы
техникалық ақпарат тақтайшасын алмаңыз.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) ........................................
Өнім нөмірі (PNC) ........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) ........................................
78 www.zanussi.com
Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Жалпылама ақпарат
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Ауа саңылауларын бітемеңіз.
Егер бітеп қойсаңыз, құрылғы
қатты қызып кетеді.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны адаптерге немесе
ұзартқыш сымдарға қоспаңыз.
Жүктемесі артып кетіп, өрт
шығуы мүмкін.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Ең кем дегенде 85 см биіктікке
орнату керек.
Микротолқынды пеш кіріктіріп орнатуға
ғана арналған. Құрылғыны орнықты,
тегіс жерге орнату керек.
Микротолқын орнатылатын шкафтың
артқы қабырғасы болмауы керек.
Микротолқынды пешті бу, ыстық ауасы
бар және су шашырайтын жерден алыс
қойыңыз.
Егер микротолқынды пеш, ТД және
радиоға жақын тұрса, қабылданатын
сигналға кедергі жасауы мүмкін.
Микротолқынды пешті суық кезде
тасымалдасаңыз, орнатып болғаннан
кейін дереу іске қоспаңыз. Бөлме
температурасына қоя тұрып, жылу
сіңіргенше күтіңіз.
Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны білікті маман ғана
электр желісіне қосуға тиіс.
Егер "Қауіпсіздік туралы
мағлұматтар" тарауындағы
сақтық шараларын
орындамасыз, өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
Бұл микротолқынды пеш қуат сымымен
және қуат ашасымен бірге жеткізіледі.
Қуат сымының жерге тұйықтайтын ашасы
мен жерге тұйықтайтын сымы бар. Ашаны
дұрыс орнатылған және жерге тұйықталған
розеткаға қосу керек. Жерге тұйықтау
электр желісі қысқа тұйықталған кезде
электр қатерін азайтады.
Тұмшапешті орнату
1. Жиһаздың өлшемдері орнату
өлшемдеріне сай келетініне көз
жеткізіңіз.
D
B
A
C
Орнату қашықтығы
Өлшемі мм
A 380 + 2
B 560 + 8
C 500
D 20
2. Егер корпустың тереңдігі 300 мм-ден
көп болса, тақтайшаны корпустың
астына қойып, оның сай келетіндігін
тексеріңіз. Егер сәйкес келсе,
бұрандалардың орнын белгілеңіз.
Тақтайшаны алып, қапсырманы белгі
салынған жерге бұрандалармен
бекітіңіз.
Жиһаздың тереңдігі 300 мм
болса, осы қадамды
орындамаңыз.
www.zanussi.com 79
=
=
3. Тұмшапешті орнатыңыз. Егер
қапсырманы орнатсаңыз, оның
құрылғының артқы қабырғасына бекітіп
тұрғанына көз жеткізіңіз.
4. Есікті ашып, тұмшапешті корпусқа
бұрандамен бекітіңіз.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік
және электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы,
қоршаған ортаға және адамның
денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға
жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді
жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз
немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
80 www.zanussi.com
Содержание
Сведения по технике безопасности 81
Указания по безопасности 84
Описание изделия 85
Перед первым использованием 87
Ежедневное использование 87
Автоматические программы 91
Использование дополнительных
принадлежностей
92
Дополнительные функции 93
Полезные советы 93
Уход и очистка 94
Поиск и устранение неисправностей 95
Установка 96
Право на изменения сохраняется.
Сведения по технике безопасности
Перед установкой и эксплуатацией прибора внимательно
ознакомьтесь с приложенным руководством.
Производитель не несет ответственность за травмы и
повреждения, полученные/вызванные неправильной
установкой и эксплуатацией. Позаботьтесь о том, чтобы
данное руководство было у Вас под рукой на протяжении
всего срока службы прибора.
Безопасность детей и лиц с ограниченными
возможностями
ВНИМАНИЕ!
Существует риск удушья, получения травм или
стойких нарушений нетрудоспособности.
Данный прибор может эксплуатироваться детьми старше
8 лет и лицами с ограниченными физическими,
сенсорными или умственными способностями и с
недостаточным опытом или знаниями только при
условии нахождения под присмотром лица, отвечающего
за их безопасность, или после получения
соответствующих инструкций, позволяющих им
безопасно эксплуатировать электроприбор и дающих им
представление об опасности, сопряженной с его
эксплуатацией.
Не позволяйте детям играть с прибором.
Запрещается оставлять детей в возрасте до 3 лет
вблизи прибора без присмотра.
www.zanussi.com 81
Храните все упаковочные материалы вне досягаемости
детей.
Не подпускайте детей и домашних животных к прибору,
когда он работает или остывает. Доступные для контакта
части прибора сохраняют высокую температуру.
Если прибор оснащен устройством защиты от детей,
рекомендуем Вам включить это устройство.
Очистка и доступное пользователю техническое
обслуживание не должно производиться детьми без
присмотра.
Держите прибор и его сетевой шнур в месте,
недоступном для детей младше 8 лет.
Общие правила техники безопасности
Прибор предназначен для домашнего бытового и
аналогичного применения, например:
В сельских жилых домах; в помещениях, служащих
кухнями для обслуживающего персонала в магазинах,
офисах и на других рабочих местах;
Для использования клиентами отелей, мотелей мини-
гостиниц типа «ночлег и завтрак» и других мест
проживания
Во время работы прибора его внутренняя камера сильно
нагревается. Не прикасайтесь к нагревательным
элементам внутри прибора. Помещая в прибор или
извлекая из него посуду или аксессуары, всегда
используйте кухонные рукавицы.
Не используйте пароочистители для очистки прибора.
Перед выполнением операций по чистке и уходу
выключите прибор и извлеките вилку сетевого шнура из
розетки.
Если дверца или дверное уплотнение повреждено,
прибором пользоваться нельзя, пока он не будет
отремонтирован квалифицированным специалистом.
В случае повреждения шнура питания во избежание
несчастного случая он должен быть заменен
82 www.zanussi.com
изготовителем, авторизованным сервисным центром или
специалистом с равнозначной квалификацией.
Все операции по обслуживанию и ремонту прибора, в
ходе которых требуется снятие кожуха, защищающего от
микроволнового излучения, должны выполняться только
квалифицированным специалистом.
Не эксплуатируйте данный прибор с помощью внешнего
таймера или отдельной системы дистанционного
управления.
Не нагревайте жидкости и другие продукты в
герметичных контейнерах. Они могут взорваться.
Используйте только ту посуду, которая подходит для
использования в микроволновой печи.
При нагреве продуктов в пластиковых или бумажных
контейнерах не оставляйте прибор без присмотра: может
произойти возгорание.
Прибор предназначен для нагревания продуктов и
напитков. Высушивание продуктов, сушка одежды,
разогрев грелок, шлепанцев, губок, влажной одежды и
т.п. несет в себе риск травм, возгорания или пожара.
При появлении дыма выключите прибор или извлеките
вилку сетевого шнура из розетки и не открывайте
дверцу, чтобы не допустить приток воздуха к источнику
возгорания.
Разогревание в микроволновой печи напитков может
привести к задержанному бурному вскипанию. Следует
проявлять осторожность при извлечении контейнера.
Содержимое бутылочек и баночек с детским питанием
необходимо перемешать или взболтать и проверить
температуру перед употреблением, чтобы избежать
ожогов.
Не следует нагревать в приборе как яйца в скорлупе, так
и яйца, сваренные вкрутую, так как они могут взорваться
даже после завершения нагрева при помощи СВЧ.
Прибор следует регулярно чистить, а также удалять из
него какие бы то ни было остатки продуктов.
www.zanussi.com 83
/