Electrolux EMT25203K Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал руководство пользователя для микроволновых печей Electrolux EMT25203C, EMT25203K, EMT25203OC и EMT25203OK. В нем подробно описаны функции, такие как разморозка, автоматическое приготовление, использование гриля и многое другое. Задавайте ваши вопросы – я с удовольствием помогу!
  • Как разморозить продукты в микроволновой печи?
    Какие автоматические программы есть в печи?
    Как использовать функцию гриля?
    Что делать, если микроволновка не работает?
EMT25203C
EMT25203K
EMT25203OC
EMT25203OK
EN
Microwave Oven User Manual 2
KK Микротолқынды пеш Қолдану туралы нұсқаулары 19
RU Микроволновая печь Инструкция по эксплуатации 38
UK Мікрохвильова піч Інструкція 59
B
13. ENVIRONMENTAL CONCERNS
Recycle materials with the symbol .
Put the packaging in relevant containers
to recycle it. Help protect the
environment and human health by
recycling waste of electrical and
electronic appliances. Do not dispose of
appliances marked with the symbol
with the household waste. Return the
product to your local recycling facility or
contact your municipal office.
www.electrolux.com18
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ............................................................................... 20
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ.......................................................................... 23
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ............................................................................... 24
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................26
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................26
6. АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР.................................................................. 30
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ..................................................................31
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР.............................................................................32
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 32
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 33
11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................34
12. ОРНАТУ......................................................................................................... 35
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын
мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАЗАҚ 19
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
ЕСКЕРТУ!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
3 жасқа толмаған балаларды құрылғының қасына
қараусыз қалдыруға болмайды.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
Құрылғы мен оның қуат сымын 8 жасқа толмаған
балалардан алыс ұстаңыз.
www.electrolux.com20
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және
басқа тұрғынды жерлерде
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Егер есікке немесе есіктің тығыздағыштарына
зақым келсе, құрылғыны білікті маман жөндегенше
іске пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Білікті маман ғана микротолқын қуатынан
қорғайтын қақпақты алуды қажет ететін техникалық
қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын іске
асыруға тиіс.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
Сұйық заттарды және басқа тағамдарды
тұмшаланған сауытта қыздыруға болмайды.
Жарылып кетуі мүмкін.
Микротолқынды пештерде пайдалануға болатын
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 21
Пластик немесе қағаз сауыттарда тағам қыздырған
кезде, құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз,
тұтанып кетуі мүмкін.
Бұл тағамдарды және сусындарды қыздыруға ғана
арналған құрылғы. Тағам немесе киім кептіру және
қыздырғышты, жөкелерді, дымқыл шүберекті және
сол сияқты затты қыздыру, жарақат алу, тұтану
немесе өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
Егер түтін шыққаны байқалса, жалынды тоқтату
үшін құрылғыны сөндіріп немесе розеткасын
ағытып, есігін жабық ұстаңыз.
Сусындарды микротолқынмен қыздырған кезде
кенет тасып төгілуі мүмкін. Сауытты абайлап ұстау
керек.
Баланы тамақтандыратын шөлмектердің және
баланың тағамы салынған қалбырлардың
ішіндегісін берер алдында араластыру немесе
шайқау керек және күйіп қалмас үшін
температурасын тексеру керек.
Қабығы аршылмаған жұмыртқаларды немесе
бітеулей пісірілген жұмыртқаларды құрылғыда
қыздырмау керек, себебі олар микротолқынмен
пісіріп болғаннан кейін де жарылып кетуі мүмкін.
Құрылғыны уақытылы тазалап, тағамның
қалдықтарын алып отыру керек.
Құрылғыны таза ұстамасаңыз, оның бетіне зақым
келуі мүмкін және құрылғының қолданыс мерзіміне
теріс әсер етуі және қауіпті жағдайларға әкелуі
мүмкін.
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде оның беткі
қабаттарының температурасы өте жоғары болуы
мүмкін.
Жиһаз ішінде орналастыру үшін арнайы сынақтан
өткізілмеген микротолқынды пешті жиһаз ішіне
орналастыруға болмайды.
Құрылғылардың артқы бетін қабырғаға тигізіп қою
керек.
www.electrolux.com22
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Корпустың ең кіші өлшемдеріне назар аударыңыз
(егер бар болса). Орнату тарауын қараңыз.
Құрылғыны іске қосқанда, безендіру үшін
қолданылатын есігі ашық болуға тиіс (егер болса).
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату бойынша нұсқауларды
орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою
керек.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Егер құрылғы розеткаға ұзартқыш
сыммен жалғанса, сымның жерге
тұйықталуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Зақым
келген электр сымын ауыстырту
үшін қызмет көрсету орталығына
немесе электршіге хабарласыңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу
және электр қатеріне
ұшырау не жарылыс шығу
қаупі бар.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны жұмыс бетіне немесе
зат сақтайтын орынға
айналдырмаңыз.
ҚАЗАҚ 23
2.4 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Есіктің тығыздағыш беткі
қабаттарына тағамның
шашырауына немесе тазартқыш
зат қалдығының жиналуына жол
бермеңіз.
Құрылғының ішінде қалған май
және тағам микротолқын
функциясы жұмыс істеген кезде өрт
және электр қатерінің пайда
болуына әкеледі.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
2.5 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
1 2
7 5 46
3
1
Лампа освещения
2
Қауіпсіздік бекітпесінің жүйесі
3
Дисплей
4
Басқару панелі
5
Толқын бағыттағыштың қақпағы
6
Гриль
7
Бұрылмалы табақтың білікшесі
www.electrolux.com24
3.2 Басқару панелі
2
3
5
6
4
1
Белгі Функция Сипаттама
1
Дисплей Параметрлер мен ағымдық
уақытты көрсетеді.
2
Функция түймешігі Функцияны таңдауға
арналған.
3
Жібіту түймешігі Тағамды салмағы немесе
уақыты бойынша жібітуге
арналған.
4
Дөңгелек
сенсорлық тетік
Құрылғыны іске қосуға
немесе пісіру уақытын ең
үлкен қуатты пайдаланып,
30 секундқа көбейту үшін
пайдаланыңыз.
Пісіру уақытын не салмақты
орнату не пісіре бастау үшін
түртіңіз.
5
Сағат / Ас үй
таймері түймешігі
Сағат не таймерді орнату
үшін.
6
Тоқтату / Өшіру
түймешігі
Құрылғыны сөндіруге
немесе пісіру
параметрлерін жоюға
арналған.
ҚАЗАҚ 25
3.3 Керек-жарақтары
Бұрылмалы табақтың жинағы
Микротолқынды пеште
тағам пісіру үшін үнемі
бұрылмалы табақ жинағын
пайдаланыңыз.
Шыны пісіру науасы және айналмалы
бағыттағыш.
Гриль торы
Пайдаланыңыз:
тағамнан гриль жасау
аралас пісіру
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Алғашқы тазалау
АБАЙЛАҢЫЗ
"Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Микротолқынды пештен барлық
керек-жарақтарды және қосымша
орам материалдарын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
4.2 Уақытты орнату
Тұмшапешті пайдалану үшін уақытты
орнатыңыз.
Құрылғыны электр желісіне қосқаннан
кейін немесе электр қуаты өшіп
қалғаннан кейін бейнебетте 0:00 пайда
болады және дыбыстық сигнал
естіледі.
Уақытты 24 сағаттық
режимге қоюға болады.
1. түймешігін екі рет
басыңыз.
2. Сағаттарды орнату үшін дөңгелек
тетікті солға не оңға сырғытыңыз.
3.
түймешігін басып
құптаңыз.
4. Минуттарды орнату үшін дөңгелек
тетікті солға не оңға сырғытыңыз.
5. түймешігін басып
құптаңыз.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Құрылғыны пайдалануға
қатысты жалпылама ақпарат
Құрылғыны сөндіргеннен кейін,
тағамды бірнеше минут қоя
тұрыңыз.
Алюминий қағаздан жасалған
орамды, темір сауыттарды т.с.с.
тағам дайындар алдында алыңыз.
Пісіру
Егер мүмкін болса, тағамды
микротолқынға сай келетін
материалмен жауып пісіріңіз.
Тағамды қытырлақ етіп пісіргіңіз
келсе, қақпақ жаппай пісіріңіз
Қуат және уақыт параметрлерін
тым жоғары мәнге қойып, тағамды
www.electrolux.com26
қатты пісірмеңіз. Тағам кеуіп, күйіп
немесе оның кей жерлері жанып
кетуі мүмкін.
Құрылғыны жұмыртқаны немесе
шырышты қабықтарымен пісіру
үшін пайдаланбаңыз, себебі
жарылып кетуі мүмкін. Жұмыртқаны
қуыру үшін әуелі сарысын тесіп
алыңыз.
Терісі немесе қабығы бар картоп,
қызанақ, шұжық немесе осы сияқты
тағамдар жарылып кетпес үшін
бірнеше рет шанышқымен
тескеннен кейін пісіріңіз.
Тоңазытылған немесе мұздатылған
тағамдарды пісіру үшін ұзағырақ
пісіру уақытын орнатыңыз.
Тұздығы бар тағамдарды ара-тұра
араластыру керек.
Сәбіз, бұршақ немесе орамжапырақ
тәрізді тығыз тағамдарды суға
салып пісіру керек.
Үлкен тағам кесектерін пісіргенде,
уақыттың жартысы өткенде
аударыңыз.
Егер мүмкін болса, көкөністерді
кішкенелеп тураңыз.
Жалпақ, кең ыдыстарды
қолданыңыз.
Фарфор, керамика немесе
балшықтан жасалған мысалы,
сабында кішкене тесіктері бар не
түбі безендірілмеген ыдыстарды
пайдаланбаңыз. Осы тесікке енетін
ылғал қызған ыдысты жарып
жіберуі мүмкін.
Бұл микротолқынды пештің жұмысы
үшін шыны пісіру науасы қажет.
Оның үстіне тағам немесе
сұйықтықты қойыңыз.
Етті, құстың етін, балықты жібіту
Мұздатылған, оралмаған тағамды
ыдыстың үстіне төңкерілген кішкене
табаққа қойыңыз, сонда жібіген сөлі
ыдысқа жиналады.
Тағамды жібіту уақытының жартысы
өткенде аударыңыз. Егер мүмкін
болса, жіби бастаған бөліктерін
бөліңіз де, алып қойыңыз.
Сары майды, торттың тілімдерін,
кваркты жібіту
Тағамды құрылғының ішінде әбден
жібітпеңіз, бөлме
температурасында жібітіңіз. Сонда
пісіру нәтижесі барынша біркелкі
болады. Жібіту алдында темір не
алюминий орамдарының барлығын
алыңыз.
Жеміс-көкөністерді жібіту
Жеміс не көкөністерді сол қалпы
қалдыру керек болса, құрылғыда
әбден жібітпеңіз. Бөлме
температурасында жібітіңіз.
Жеміс пен көкөністерді жібітпей
пісіру үшін әуелі жоғарырақ
микротолқын қуатын
пайдаланыңыз.
Дайын тағамдар
Дайын тағамдардың орамдары
микротолқынды пеште пайдалануға
жараса ғана, құрылғыда
дайындауға болады.
Орам материалында көрсетілген
өндіруші нұсқауларын (мысалы,
темір қақпақты алу және пластик
таспаны тесу) орындаңыз.
Жарамды ыдыстар мен материалдар
Ыдыс-аяқ / Материалдар Микротолқынды пеш Гриль
жасау
Жібіту Қыздыр
у
Пісіру
Тұмшапешке төзімді шыны және
керамика, ешбір бөлігі металл
емес, мысалы, пирекс, қызуға
төзімді шыны
Пешке төзімді емес шыны және
керамика
1)
X X X
ҚАЗАҚ 27
Ыдыс-аяқ / Материалдар Микротолқынды пеш Гриль
жасау
Жібіту Қыздыр
у
Пісіру
Тұмшапешке/аязға төзімді
материалдан (мысалы, аркофлам)
жасалған шыны және керамика
ыдыс, гриль сөресі
Керамика
2)
, фарфор
2)
X
200 °C градусқа дейінгі қызуға
төзімді пластик
3)
X
Картон, қағаз X X X
Таспа X X X
Микротолқынды пеште
пайдалануға қауіпсіз материалдан
жасалған қуыру таспасы
3)
X
Металдан, мысалы. эмаль,
құйылған шойыннан жасалған,
тағам қуыруға арналған ыдыстар
X X X
Қара қаптамасы бар немесе
кремниймен капталған пісірме
қалыптар
3)
X X X
Пісірме табақ X X X
Жұқа табақ немесе кранч табағы
тәрізді браунинг ыдыстары
X X
Орамдағы дайын тағамдар
3)
1)
Күміс, алтын, платина немесе металл жалатылмаған / безендірілмеген
2)
Кварц немесе металл бөлшектері немесе құрамында металы бар жылтырақсыз
3)
Өндірушінің ең үлкен температураға қатысты нұсқауларын орындау керек.
жарамды
X жарамсыз
5.2 Микротолқынды пешті іске
қосу және сөндіру
АБАЙЛАҢЫЗ
Тағам салынып тұрмаса,
микротолқынды пешті іске
қоспаңыз.
1. Функция түймешігін бір рет
басыңыз.
2. Функция түймесін қайталап басып
не дөңгелек сенсорлық тетікті
солға не оңға жанап, қажетті
функцияны орнатыңыз.
3. түймешігін басып құптаңыз.
4. Уақытты орнату үшін дөңгелек
тетікті солға не оңға сырғытыңыз.
www.electrolux.com28
5. түймешігін басып растап,
микротолқынды пешті іске
қосыңыз.
6. Орнатылған уақыт аяқталғанда,
микротолқынды пеш автоматты
түрде сөнеді. Дыбыстық сигнал
естіледі.
Микротолқынды пешті ертерек сөндіру
үшін:
түймешігін басыңыз.
есікті ашыңыз. Микротолқынды пеш
автоматты түрде тоқтайды. Тағам
пісіруді жалғастыру үшін, есікті
жауып, түймешігін басыңыз.
Тағамды бақылау үшін осы
функцияны пайдаланыңыз.
5.3 Қуат параметрін орнату кестесі
Функция
түймешігін
басыңыз
Қуат параметрі Қуаттың пайызбен берілген
болжалды мөлшері
1 рет P100 100 %
2 рет P 80 80 %
3 рет P 50 50 %
4 рет P 30 30 %
5 рет P 10 10 %
Гриль
6 рет G Бүтін қақтама
Аралас пісіру режимі
7 рет C – 1 55 % Микротолқындар, 45 % Гриль
8 рет C – 2 36 % Микротолқындар, 64 % Гриль
5.4 Жылдам бастау
Ең үлкен пісіру уақыты 95
minutes.
Микротолқынды пешті 30 секунд толық
қуатпен қосу үшін түймесін
басыңыз.
Қосымша басқан сайын пісіру уақыты
30 секундқа көбейеді.
Күте тұру режимінде пісіру уақытын
орнату үшін дөңгелек сенсорлық
түймені сағат тілінің бағытына қарсы
жанап, содан кейін толық микротолқын
қуатын қосу үшін түймесін
басыңыз.
5.5 Жібіту
2 жібіту режимінің біреуін таңдауға
болады:
Салмақ бойынша жібіту
Уақыт бойынша жібіту
Салмақ бойынша жібіту
функциясын мұздатқыштан
20 минуттан көп уақыт
бұрын алынған немесе
қолдануға дайын,
мұздатылған тағамдар
үшін пайдаланбаңыз.
ҚАЗАҚ 29
Салмақ бойынша жібіту
функциясын қосу үшін
тағам салмағы 100
грамнан көп және 2000
грамнан аз болуы керек.
200 грамнан аз тағамды
жібіту үшін, оны
бұрылмалы табақтың
шетіне қойыңыз.
1. Салмақ бойынша жібіту үшін
түймешігін бір рет, уақыт
бойынша жібіту үшін екі рет
басыңыз.
2. Салмақ не уақытты орнату үшін
дөңгелек тетікті солға не оңға
сырғытыңыз.
Салмақ бойынша жібіту
функциясында уақыт өздігінен
қойылады.
3. түймешігін басып растап,
микротолқынды пешті іске
қосыңыз.
5.6 Көп қадамды пісіру
Қадамдардың бірі жібіту
қадамы болса, оны бірінші
қадам ретінде орнатыңыз.
Тағамды ең көбі 2 қадамды
пайдаланып пісіруге болады.
Барлық мұздатылған тағамдарды 2
қадамды пайдаланып пісіріңіз.
1. түймешігін басып, жібіту
режимін орнатыңыз.
2. Салмақ не уақытты орнату үшін
дөңгелек тетікті солға не оңға
сырғытыңыз.
3. түймешігін басып
құптаңыз.
4.
қайталап басып не
дөңгелек сенсорлық тетікті солға
не оңға жанап, қуат деңгейін
орнатыңыз.
5. түймешігін басып құптаңыз.
6. Уақытты орнату үшін дөңгелек
тетікті солға не оңға сырғытыңыз.
7. түймешігін басып растап,
микротолқынды пешті іске
қосыңыз.
Әр қадамнан кейін дыбыстық
сигнал естіледі.
6. АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Автоматты пісіру
Бұл функцияны қалаған тағамыңызды
оңай пісіру үшін қолданыңыз.
Тұмшапеш қолайлы параметрлерді
автоматты түрде орнатады.
1. Қажетті мәзірді таңдау үшін
дөңгелек сенсорлық тетікті сағат
тілінің бағытымен сырғыту керек.
2. түймешігін басып құптаңыз.
3. Таңдалған тағамның салмағын
орнату үшін дөңгелек тетікті солға
не оңға сырғытыңыз.
www.electrolux.com30
4. түймешігін басып растап,
микротолқынды пешті іске
қосыңыз.
Меню Мөлшері
A - 1
Пицца
200 г
400 г
A - 2
Ет
250 г
350 г
450 г
A - 3
Овощи
200 г
300 г
400 г
A - 4
Макаронные изделия
50 г (450 мл су қосыңыз)
100 г (800 мл су қосыңыз)
A - 5
Картоп
200 г
400 г
600 г
A - 6
Рыба
250 г
350 г
450 г
A - 7
Сусын
1 кесе (120 мл)
2 кесе (240 мл)
3 кесе (360 мл)
A - 8
Попкорн
50 г
100 г
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Бұрылмалы табақ
жинағын орнату
АБАЙЛАҢЫЗ
Тағамды бұрылмалы табақ
жинағын пайдаланбай
пісіруге болмайды. Осы
микротолқынды пешпен
бірге жеткізілген
бұрылмалы табақ жинағын
ғана пайдаланыңыз.
Тағамды ешқашан шыны
пісіру науасына тура салып
пісірмеңіз.
1. Бұрылмалы табақ білікшесінің
айналасына айналмалы
бағыттағышты салыңыз.
2. Шыны пісірме науаны айналмалы
бағыттағышқа орнатыңыз.
ҚАЗАҚ 31
7.2 Гриль торын салу
Гриль торын бұрылмалы табақ
жинағына орнатыңыз.
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
8.1 Бала қауіпсіздігінің құралы
Бала қауіпсіздігінің құралы
микротолқынды пешті кездейсоқ іске
қосуға жол бермейді.
түймесін 3 секунд басыңыз.
Дыбыстық сигнал естіледі.
Бала қауіпсіздігінің құралын қосылып
тұрғанда бейнебетте
көрсетіледі.
Бала қауіпсіздігінің құралын сөндіру
үшін түймесін 3 секунд
басыңыз.
8.2 Ас үй таймері
Ең үлкен 95 minutes орнатуға болады.
1. түймешігін басыңыз.
2. Уақытты орнату үшін дөңгелек
тетікті солға не оңға сырғытыңыз.
3. түймешігін басып құптаңыз.
Есікті ашқанда немесе тұмшапешті
кідірткенде таймер жұмыс істейді.
түймешігін басып біржола
тоқтатыңыз.
Орнатылған уақыт аяқталғанда
дыбыстық сигнал естіледі.
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
9.1 Микротолқынға қатысты ақыл-кеңес
Ақаулық Шешімі
Дайындалған тағамның
мөлшеріне қатысты мәліметті
таба алмадыңыз.
Ұқсас тағамды іздеңіз. Келесі ережеге
сүйеніп тағам пісіру уақытын созыңыз
немесе азайтыңыз: Мөлшері екі есе болса
= уақытты екі есе көбейтіңіз, Жарты
тағамға = уақыттың жартысы қажет
www.electrolux.com32
Ақаулық Шешімі
Тағам тым кебір болып кетті. Қысқа пісіру уақытын қолданыңыз немесе
төменірек микротолқын қуатын таңдаңыз.
Уақыт аяқталған кезде тағам
жібіген жоқ, ыстық емес немесе
піспеді.
Ұзағырақ пісіру уақытын қолданыңыз
немесе жоғары қуатты таңдаңыз. Көп
тағамға ұзағырақ уақыт қажет.
Пісіру уақыты аяқталған кезде
тағамның шеттері қатты қызып
кетеді, бірақ ортасы әлі піскен
жоқ.
Келесі жолы төменірек қуат мәнін және
ұзағырақ уақытты таңдаңыз. Сұйық
тағамды, мысалы, сорпаны пісіру
уақытының ортасына келгенде
араластырыңыз.
Жалпақ, кең ыдысты қолдансаңыз,
күріш жақсы піседі.
9.2 Жібіту
Қуырылатын тағамның майлы жағын
үнемі төмен қаратып жібітіңіз.
Етті жауып жібітпеңіз, себебі ет
жібімей, пісіп кетуі мүмкін.
Әрқашан бүтін тауықтың төс жағын
төмен қаратып жібітіңіз.
9.3 Пісіру
Тоңазытылған ет пен құс етін
пісірерден кем дегенде 30 минут
бұрын алып қойыңыз.
Етті, құс етін, балықты және
көкөністерді пісіріп болғаннан кейін
қақпақ жауып қойыңыз.
Балықтың үстіне шамалы көкөніс
майын немесе еріген сары май
жағыңыз.
Барлық көкөністерді толық
микротолқын қуатымен пісіру керек.
Әр 250 г көкөніске 30 - 45 мл суық су
қосыңыз.
Жас көкөністерді пісірер алдында
біркелкі етіп тураңыз. Көкөністердің
барлығын қақпағы бар сауытқа салып
пісіріңіз.
9.4 Қыздыру
Орамдағы дайын тағамдарды
қыздырған кезде, әрқашан орамдағы
нұсқауларды орындаңыз.
9.5 Гриль
Жайпақ тағам түрлерін гриль торының
ортасына қойып қуыруға арналған.
Орнатылған уақыттың ортасына
келгенде тағамды аударып, қуыруды
жалғастырыңыз.
9.6 Аралас пісіру режимі
Кей тағамдарды қытырлақ күйде ұстау
үшін Аралас пісіру режимін
пайдаланыңыз.
Пісіру уақытының жартысы өткенде
тағамдарды аударып, пісіруді
жалғастырыңыз.
Аралас пісіру функциясына арналған 2
режим бар. Әр режим әр түрлі уақытта
және әр түрлі қуат деңгейлеріне
келгенде, микротолқын және гриль
функцияларын біріктіріп пайдаланады.
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Тазалауға қатысты
ескерімдер және кеңестер
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
зат қосылған жылы суға
ҚАЗАҚ 33
батырылған жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін
тазалау үшін әдетте қолданылатын
жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағын
пайдаланып болған сайын тазалап
отырыңыз. Қоқыс тез жанбайды
және оңай тазаланбайды.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы тазалағыштармен
тазалаңыз.
Барлық керек-жарақтарды
уақытылы тазалап, құрғатыңыз.
Шүберекті, жылы су мен жуғыш
затты пайдаланыңыз.
Қатып қалған қоқыстарды жібіту
үшін, стакан суды ең жоғары
микротолқын қуатымен 2-3 минут
қайнатыңыз.
Иістерді кетіру үшін стакандағы суға
2 шай қасық лимон шырынын
құйып, 5 минут ең үлкен
микротолқын қуатымен қайнатыңыз.
11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
11.1 Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске қосыңыз.
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Құрылғы тоққа қосылмаған. Құрылғыны тоққа қосыңыз.
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Сақтандырғыш блогындағы
сақтандырғыш жанып
кеткен.
Сақтандырғышты тексеріңіз.
Сақтандырғыш бірнеше рет
жанып кетсе, білікті
электршіге хабарласыңыз.
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Есік дұрыс жабылмаған. Есікке ешнәрсенің кедергі
келтірмей тұрғанын
тексеріңіз.
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. Шамды ауыстыру керек.
Бейнебетте
көрсетіледі.
Бала қауіпсіздігінің құралы
қосулы.
Бала қауіпсіздігі құралын
ажыратыңыз.
түймешігін 3 секунд басып
тұрыңыз.
Корпустың ішінен
жарқыл көрінеді.
Темір ыдыстар немесе темір
жиекті ыдыстар
пайдаланылған.
Ыдысты құрылғыдан
алыңыз.
Корпустың ішінен
жарқыл көрінеді.
Ішкі қабырғаларға темір
істіктер немесе алюминий
жұқалтыр тиіп тұр.
Істіктердің не алюминий
жұқалтырдың ішкі
қабырғаларға тимей
тұрғанына көз жеткізіңіз.
www.electrolux.com34
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Бұрылмалы табақ
жинағынан егеп
немесе сызғылап
жатқан дыбыс
шығады.
Шыны пісіру науасының
астында зат немесе қоқыс
тұр.
Шыны пісіру науасының
астыңғы жағын тазалаңыз.
Құрылғы нақты
себепсіз жұмыс
істеуін тоқтатады.
Ақаулық орын алды. Егер осы жағдай
қайталанса, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
11.2 Қызмет көрсету дерегі
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Техникалық ақпарат тақтайшасы
құрылғыға орналастырылған.
Құрылғыдағы техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) ........................................
Өнім нөмірі (PNC) ........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) ........................................
12. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
12.1 Жалпылама ақпарат
АБАЙЛАҢЫЗ
Ауа саңылауларын
бітемеңіз. Егер бітеп
қойсаңыз, құрылғы қатты
қызып кетеді.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны адаптерге
немесе ұзартқыш
сымдарға қоспаңыз.
Жүктемесі артып кетіп, өрт
шығуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Ең кем дегенде 85 см
биіктікке орнату керек.
Микротолқынды пеш кіріктіріп
орнатуға ғана арналған. Құрылғыны
орнықты, тегіс жерге орнату керек.
Микротолқын орнатылатын
шкафтың артқы қабырғасы
болмауы керек.
Микротолқынды пешті бу, ыстық
ауасы бар және су шашырайтын
жерден алыс қойыңыз.
Егер микротолқынды пеш, ТД және
радиоға жақын тұрса,
қабылданатын сигналға кедергі
жасауы мүмкін.
Микротолқынды пешті суық кезде
тасымалдасаңыз, орнатып
болғаннан кейін дереу іске
ҚАЗАҚ 35
қоспаңыз. Бөлме температурасына
қоя тұрып, жылу сіңіргенше күтіңіз.
12.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны білікті маман
ғана электр желісіне қосуға
тиіс.
Егер "Қауіпсіздік туралы
мағлұматтар" тарауындағы
сақтық шараларын
орындамасыз, өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
Бұл микротолқынды пеш қуат
сымымен және қуат ашасымен бірге
жеткізіледі.
Қуат сымының жерге тұйықтайтын
ашасы мен жерге тұйықтайтын сымы
бар. Ашаны дұрыс орнатылған және
жерге тұйықталған розеткаға қосу
керек. Жерге тұйықтау электр желісі
қысқа тұйықталған кезде электр
қатерін азайтады.
12.3 Тұмшапешті орнату
1. Жиһаздың өлшемдері орнату
өлшемдеріне сай келетініне көз
жеткізіңіз.
D
B
A
C
Орнату қашықтығы
Өлшемі мм
A 380 + 3
B 560 + 8
Өлшемі мм
C 500
D 45
2. Тақтайшаны ұяның астыңғы
жағына орнатып, оған сыятынын
тексеріңіз. Егер сәйкес келсе,
бұрандалардың орнын белгілеңіз.
Тақтайшаны алып, қапсырманы
белгі салынған жерге (A)
бұрандалармен бекітіңіз.
=
=
A
3. Тұмшапешті орнатыңыз. Егер
қапсырманы орнатсаңыз, оның
құрылғының артқы қабырғасына
бекітіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
4. Есікті ашып, микротолқынды пешті
корпусқа бұрандамен (B) бекітіңіз.
www.electrolux.com36
/