2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған
конструкциялардың қауіпсіз болуын
қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Егер құрылғы розеткаға ұзартқыш сыммен
жалғанса, сымның жерге тұйықталуын
қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
2.2 Қолданылуы
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу немесе
электр тоғының қатеріне ұшырау
немесе жарылыс шығу қаупі бар.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
• Құрылғыны жұмыс бетіне немесе зат
сақтайтын орынға айналдырмаңыз.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, өрт қаупі және
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Есіктің тығыздағыш беткі қабаттарына
тағамның шашырауына немесе тазартқыш
зат қалдығының жиналуына жол бермеңіз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың немесе
тағамның қалдығынан өрт шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық шараларын
орындаңыз.
6
www.electrolux.com