Electrolux EZB52410AK Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Это руководство также подходит для

EZB52410AK
EZB52410AW
EZB52410AX
Қолдану туралы
нұсқаулары
Тұмшапеш
KK 2
Инструкция по
эксплуатации
Духовой шкаф
RU 27
Інструкція
Духова шафа
UK 54
electrolux.com/register
БІЗ СІЗ ТУРАЛЫ ОЙЛАЙМЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рақмет. Сіз он жылдаған кәсіби тәжірибе
және инновация арқылы пайда болған өнімді таңдадыңыз. Бірегей және стильді, ол
сізді ескере отырып жобаланған. Оны әр пайдаланғанда тамаша нәтижелер
алатыныңызға сенімді бола аласыз.
Electrolux компаниясына қош келдіңіз.
Мынау үшін веб-сайтымызға кіріңіз:
Пайдалану туралы ақпаратты, кітапшаларды, ақаулықты жою құралы, қызмет
көрсету және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/support
Жақсырақ қызмет алу үшін өніміңізді тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңыз үшін аксессуарларды, шығын материалдарын және қосалқы
бөлшектерді сатып алыңыз:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Әрқашан түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.
Өкілетті қызмет көрсету орталығымызға хабарласқанда, мына деректердің болуын
қамтамасыз етіңіз: Үлгі, PNC, сериялық нөмір.
Бұл ақпаратты техникалық деректер тақтайшасынан табуға болады.
Ескерту/сақтық-қауіпсіздік туралы ақпарат
Жалпы ақпарат пен кеңестер
Қоршаған орта туралы ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ..............................................................................................3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ.........................................................................................4
3. ОРНАТУ..........................................................................................................................7
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ..............................................................................................8
5. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ......................................................................................................... 9
6. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА........................................................................... 9
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ...................................................................................................10
8. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ..............................................................................................11
9. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ.............................................................................. 13
10. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР.......................................................................................14
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС.............................................................................................................14
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................................21
13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ............................................................................................... 24
14. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК............................................................................................... 24
15. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................................24
2 ҚАЗАҚ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
1.1 Балалар мен осал адамдар қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі
аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінсе, онда қолдануына болады. 8 жасқа
толмаған балаларды және мүмкіндіктері өте шектеулі
мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған жағдайда
құрылғыдан алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен орнатылған мобильді
құралдармен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол
суып тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жетімді бөлшектер пайдалану
кезінде ыстық болады.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса, оны
қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Жалпы қауіпсіздік
Білікті маман ғана осы құрылғыны орнатуы және
кабельді ауыстыруы тиіс.
Құрылғыны кірістірілген құрылымға орнату алдында
пайдаланбаңыз.
ҚАЗАҚ 3
Кез келген техникалық қызмет көрсетуді орындау
алдында құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға
тиіс.
ЕСКЕРТУ: Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды
ауыстырар алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек.
Тұмшапеш ыдыстарын немесе керек-жарақтарын алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы
жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі
сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай
болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы
мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Құрылғыны орнату талаптарына сәйкес
ыңғайлы және қауіпсіз жерге
орнатыңыз.
Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны орнатпас бұрын,
тұмшапештің есігі кедергісіз ашылып
тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғы электрлі салқындату
жүйесімен жабдықталған. Ол электр
қуатымен жұмыс істеуге тиіс.
Корпустың минимальды
биіктігі (Корпус пен жұмыс
бетінің арасындағы
минимальды биіктік)
580 (600) мм
4 ҚАЗАҚ
Корпустың ені 560 мм
Корпустың тереңдігі 550 (550) мм
Құрылғының алдыңғы
жағының биіктігі
589 мм
Құрылғының артқы
жағының биіктігі
570 мм
Құрылғының алдыңғы
жағының ені
594 мм
Құрылғының артқы
жағының ені
558 мм
Құрылғының тереңдігі 561 мм
Құрылғының кіріктірілген
тереңдігі
540 мм
Есік ашық кездегі
тереңдігі
1007 мм
Желдеткіш саңылауының
ең төменгі өлшемі
Төменгі артқы бөлікте
орналасқан саңылау
560x20 мм
Желілік сымның
ұзындығы. Кабель артқы
бөліктің оң жақ бұрышына
орналастырылған
1100 мм
Бекіту бұрандалары 4x25 мм
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруы керек.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, соққыға
төзімді розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш
сымды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасы мен желілік
сымына ешбір зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Электр сымдарына қол тигізуге немесе
құрылғының есігіне не құрылғының
төменгі жағына, әсіресе ыстық тұрған
есікке жақындауға болмайды.
Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы
бар бөлшектерді электр қатерінен
қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп
мықтап орнату керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана қосыңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Егер розетка бекітілмеген болса,
ашаны жалғамаңыз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек
ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштарды, сақтандырғыштарды
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштарды
пайдаланыңыз.
Электр қондырғысында құрылғыны кез
келген ток полюстерінен ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш құрылғы
болуы керек. Оқшаулағыш құрылғыда
кеңдігі 3 мм-ден кем емес саңылау болу
керек.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен ғана
жабдықталған.
Еуропаға арналған орнатуға немесе
ауыстырғанда пайдалануға болатын
сымдардың түрлері:
H07 RN-F, H05 RN-F, H05 RRF, H05 VV-F, H05
V2V2-F (T90), H05 BB-F
Сымды техникалық ақпарат
тақтайшасындағы жалпы қуат мәніне
қарап таңдаңыз. Кестеге назар
аударуыңызға болады:
Жалпы қуат (Вт) Электр сымының
көлденең қимасы
(ммІ)
ең үлкен 1380 3 x 0.75
ең үлкен 2300 3 x 1
ең үлкен 3680 3 x 1.5
ҚАЗАҚ 5
Пештің жерге тұйықталатын сымы
(жасыл / сары сым) фаза және бейтарап
сымдарға (көк және қоңыр сымдар)
қарағанда 2 см ұзынырақ болуға тиіс.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың
бітелмегенін тексеріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін әрқашан сөндіріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл қолмен немесе
суды қолданып тұрған кезде
пайдаланбаңыз.
Ашық есікке күш салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкогольді ингредиенттерді
қолданғанда, алкоголь мен ауа қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық оттың құрылғымен жанасуына
жол бермеңіз.
Тез тұтанатын өнімдерді немесе
жанғыш, дымқыл заттарды құрылғының
ішіне, жанына немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
Эмальдің зақымдалуын немесе
өңсізденуін болдырмау үшін:
пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
немесе тот баспайтын болат бөлігінің
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер
етпейді.
Сулы қоспадан жасалған тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз.
Жеміс шырындары кетпейтін дақтар
қалдырады.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін
жауып пісіріңіз.
Егер құрылғы жиһаз панелінің (мысалы,
есіктің) артына орнатылса, онда
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің ешқашан жабылмайтынына көз
жеткізіңіз. Жиһаз панелінің артқы
жағында жылу және ылғал жиналуы
және кейін құрылғыға, корпусқа немесе
еденге зақым тигізуі мүмкін. Құрылғы
пайдаланудан кейін толығымен
суығанша жиһаз панелін жаппаңыз.
2.4 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытыңыз және ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының суық екеніне көз жеткізіңіз.
Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
Зақым келген болса есіктің шыны
панельдерін дереу ауыстырыңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыдан есікті алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны дымқыл жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді,
6 ҚАЗАҚ
еріткіштерді немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
2.5 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері жеке
сатылады: Бұл шамдар температура,
діріл, ылғалдылық сияқты төтенше
физикалық жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына немесе
құрылғының жұмыс жағдайы туралы
сигнал беруге арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана пайдаланыңыз..
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.7 Қоқысқа тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
3.1 Кіріктіріп орнату
589
594
114
19
21540
570
558
min. 550
20
6
600
min. 560
3
6
(*mm)
ҚАЗАҚ 7
min. 550
20
580
min. 560
589
594
114
19
21540
570
558
9
(*mm)
3.2 Тұмшапешті корпусқа бекіту
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
4.1 Жалпы көрінісі
1 43 52 6
7
8
9
10
11
4
3
2
1
12
1
Басқару тақтасы
2
Қуат шамы / белгісі
3
Қыздыру функцияларының тетігі
4
Дисплей
5
Басқару тетігі (температураға
арналған)
6
Температура индикаторы/таңбасы
7
Салқындату желдеткішіне арналған
ауа саңылаулары
8
Қыздыру элементі
9
Шам
10
Желдеткіш
11
Сөре тірегі, алынбалы
12
Сөре деңгейлері
4.2 Керек-жарақтар
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
8 ҚАЗАҚ
Гриль- / Қуыру науасы Пісіруге, қуыруға немесе май жинауға
арналған таба ретінде қолдануға
болады.
5. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
5.1 Батырма тетіктер
Құрылғыны іске пайдалану үшін оның
тетігін басыңыз. Тетік бері шығады.
5.2 Сенсорлық алаңдар / Түймелер
Уақытты қоюға арналған.
Сағат функциясын орнату үшін.
Уақытты қоюға арналған.
5.3 Дисплей
A B
A. Сағат функциялары
B. Таймер
6. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Ең алғаш пайдалану алдында
Алдын ала қыздыру кезінде тұмшапештен иіс және түтін шығады. Бөлменің
желдетілгеніне көз жеткізіңіз.
1-қадам 2-қадам
3-қадам
Сағатты орнатыңыз Пешті тазалаңыз Бос тұмшапешті алдын ала
қыздырыңыз
ҚАЗАҚ 9
1. Басыңыз: .
2. Сағатты қою үшін ,
түймешігін басыңыз.
Басыңыз: .
3. Минутты қою үшін
,
түймешігін басыңыз.
Басыңыз: .
1. Пештен керек-жарақтардың
барлығын және алмалы сөре
сырғытпаларын алыңыз.
2. Тұмшапеш пен оның керек-
жарақтарын жұмсақ жуғыш
зат қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
1. Функцияға арнап ең үлкен
температураны орнатыңыз:
.
Уақыт: 1 сағ.
2. Функцияға арнап ең үлкен
температураны орнатыңыз:
.
Уақыт: 15 мин.
Тұмшапешті сөндіріп, әбден суығанша күтіңіз. Керек-жарақтарды және алмалы сөре сырғытпаларды
пештің ішіне қойыңыз.
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Қалай орнатасыз: Қыздыру
функциясы
1-қадам Қыздыру функциясын таңдау үшін
қыздыру функцияларының тетігін
бұраңыз.
2-қадам Температура.
3-қадам Пісіру аяқталғаннан кейін пешті
сөндіру үшін тетіктерді сөндіру
қалпына бұраңыз.
7.2 Қыздыру функциялары
Қыздыру
функциясы
Қолдану
Өшірулі күйі
Пеш өшірулі.
Желдеткішпе
н пісіру
Пісіру температуралары бірдей
тағамды бір емес, бірнеше сөреге
қойып, иістерін сіңірмей қуыруға
немесе қуырып-пісіруге арналған.
Дәстүрлі
пісіру
Тағамды бір сөреде пісіруге және
қуыруға арналған.
Қыздыру
функциясы
Қолдану
Астыңғы
қыздыру
Түбі қытырлақ күлшелерді пісіруге
және тағамды консервілеуге
арналған.
Турбо гриль
Үлкен ет кесектерін немесе сүйегі
бар құс етін бір сөреге қойып,
қуыруға арналған. Гратин жасауға
және қызартуға арналған.
Жылдам
гриль
Жұқа етіп көп мөлшерде
дайындалған тағамнан гриль
жасау және тост жасау үшін.
Гриль
Жұқа тағамнан гриль жасау және
нанды қару үшін.
Ылғалды
желдеткішпен
пісіру
Бұл тағам пісіру барысында
қуатты үнемдеуге арналған
функция. Бұл функцияны
пайдаланғанда ішкі температура
орнатылған температурадан
өзгеше болуы мүмкін. Жылу қуаты
азаюы мүмкін. Қосымша ақпарат
алу үшін "Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз, ескертулер:
Ылғалды желдеткішпен пісіру.
7.3 Ескертулер: Ылғалды
желдеткішпен пісіру
Бұл функция ЕО 65/2014 және ЕО 66/2014
стандарттарының қуат тиімділігі және
экодизайн санат талаптарына сәйкес
10 ҚАЗАҚ
пайдаланылған. ЕО 60350-1 стандартына
сай тексереді.
Функцияға кедергі келтірмеу үшін пісіру
барысында тұмшапештің есігі жабылып
тұруы керек және тұмшапеш қуат тиімділігі
жағынан ең тиімді режимде жұмыс істеуі
қажет.
Тағам пісіру туралы нұсқауларды "Ақыл-
кеңестер және ұсыныстар" тарауынан
қараңыз, Ылғалды желдеткішпен пісіру.
Жалпы қуат үнемдеуге арналған
ұсыныстарды "Қуат тиімділігі" тарауы, Қуат
үнемдеу тармағынан қараңыз.
8. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
8.1 Сағат функциялары
Сағат функциясы Қолдану
Тәулік уақыты
Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе қарауға арналған.
Ұзақтық
Пештің жұмыс істеу уақытын орнатуға арналған.
Аяқталу уақыты
Пеш сөнетін уақытты орнату үшін.
Уақытты кешіктіру
Функцияларды біріктіру үшін: Ұзақтық және Аяқталу уақыты.
Минут сайынғы дыбыс
Кері санақ параметрін орнатуға арналған. Бұл функция тұмшапештің
қызметіне әсер етпейді. Бұл функцияны кез келген уақытта, пеш сөніп
тұрса да орнатуға болады.
8.2 Қалай орнатасыз: Сағат функциялары
Қалай өзгертесіз: Тәулік уақыты
- индикаторы пешті электр қуатына қосқан кезде, тоқ сөніп қалғанда немесе таймер орнатылмаған
кезде жыпылықтайды.
1-қадам
- қайта-қайта басыңыз. - жыпылықтай бастайды.
2-қадам
, - уақытты орнату үшін басыңыз.
5 сек. уақыт өткеннен кейін жыпылықтау тоқтап, дисплейде орнатылған уақыт көрсетіледі.
- тәулік уақытын өзгерту үшін қайта-қайта басыңыз. - жыпылықтай бастайды.
Қалай орнатасыз: Ұзақтық
1-қадам Тұмшапештің функциясы мен температурасын орнатыңыз.
2-қадам
- қайта-қайта басыңыз. - жыпылықтай бастайды.
ҚАЗАҚ 11
Қалай орнатасыз: Ұзақтық
3-қадам
, - ұзақтықты орнату үшін басыңыз.
Дисплейде мыналар көрсетіледі: .
- орнатылған уақыт аяқталған кезде жыпылықтайды. Сигнал естіліп, пеш сөнеді.
4-қадам Сигналды тоқтату үшін кез келген түймешікті басыңыз.
5-қадам Тетікті сөндіру қалпына бұраңыз.
Қалай орнатасыз: Аяқталу уақыты
1-қадам Тұмшапештің функциясы мен температурасын орнатыңыз.
2-қадам
- қайта-қайта басыңыз. - жыпылықтай бастайды.
3-қадам
, - уақытты орнату үшін басыңыз.
Дисплейде мыналар көрсетіледі: .
- орнатылған уақыт аяқталған кезде жыпылықтайды. Сигнал естіліп, пеш сөнеді.
4-қадам Сигналды тоқтату үшін кез келген түймешікті басыңыз.
5-қадам Тетікті сөндіру қалпына бұраңыз.
Қалай орнатасыз: Уақытты кешіктіру
1-қадам Тұмшапештің функциясы мен температурасын орнатыңыз.
2-қадам
- қайта-қайта басыңыз. - жыпылықтай бастайды.
3-қадам
, - түймешігін келесі режимге арнап уақытты орнату үшін басыңыз: Ұзақтық.
4-қадам
Басыңыз: .
5-қадам
, - түймешігін келесі режимге арнап уақытты орнату үшін басыңыз: Аяқталу уақыты.
6-қадам
Басыңыз: .
Орнатылған уақытта сигнал естіліп, пеш сөнеді.
7-қадам Сигналды тоқтату үшін кез келген түймешікті басыңыз.
8-қадам Тетікті сөндіру қалпына бұраңыз.
Қалай орнатасыз: Минут сайынғы дыбыс
1-қадам
- қайта-қайта басыңыз. - жыпылықтай бастайды.
2-қадам
, - уақытты орнату үшін басыңыз.
Функция 5 сек. кейін автоматты түрде басталады.
Орнатылған уақыт аяқталғанда дыбыстық сигнал естіледі.
3-қадам Сигналды тоқтату үшін кез келген түймешікті басыңыз.
4-қадам Тетікті сөндіру қалпына бұраңыз.
12 ҚАЗАҚ
Қалай болдырмайсыз: Сағат функциялары
1-қадам
- сағат функциясының белгісі жыпылықтай бастағанға дейін қайта-қайта басыңыз.
2-қадам
Басып ұстап тұрыңыз: .
Сағат функциясы бірнеше секундтан кейін сөнеді.
9. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
9.1 Керек-жарақтарды салу
Үстіңгі жағындағы шағын ойық қауіпсіздікті
арттырады. Дөңес тұстар аударылып
кетуден сақтайтын құралдың рөлін
атқарады. Сөренің айналасындағы биік
жиек ыдыстардың сөреден сырғып кетуіне
жол бермейді.
Тор сөре:
Сөрені сөре бағыттағыштарының арасына
салып итеріп, тіректерінің төмен қарап
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Шұңғыл таба:
Табақты сөре бағыттағыштардың арасына
кіргізіп итеріңіз.
ҚАЗАҚ 13
Тор сөре, Шұңғыл таба:
Науаны сөре тірегінің бағыттағышының және
жоғарыда көрсетілген бағыттағыштар үстіндегі
тор сөренің арасына кіргізіңіз.
10. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
10.1 Желдеткіш
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде, пештің
беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Пешті
сөндірсеңіз, желдеткіш пеш
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
10.2 Қауіпсіздік термостаты
Тұмшапеш дұрыс жұмыс істемесе немесе
бөлшектерінде ақау бар болса, қатты
қызып кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың
алдын алу үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге
арналған термостатпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайта автомтты түрде қосылады.
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
11.1 Пісіруге арналған ақыл-кеңес
Тұмшапештің сөре қойылатын төрт қатары
бар.
Сөренің деңгейлерін тұмшапештің
астыңғы жағынан бастап санаңыз.
Пешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға қарағанда
басқаша пісіруі немесе қуыруы мүмкін.
Төмендегі кестелерде температураға,
пісіру уақытына және сөре орындарына
қатысты стандартты ақпарат берілген.
Нақты рецептіге арналған параметрлерді
таба алмасаңыз, ұқсас біреуін
пайдаланыңыз.
Тұмшапеш ауа айналдыратын және буды
үздіксіз қайта айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Бұл
жүйенің көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ, сыртын кітірлек етіп пісіруге
болады. Бұл пісіру уақыты мен қуат
мөлшерін барынша азайтады.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына бір
ашық қатар қалдырыңыз.
Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ
түспес үшін, өте майлы тағамды пісіргенде
шұңғыл табақты пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес
үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл табаққа
шамалы су құйыңыз. Түтін жиналып
қалмас үшін су таусылған сайын
үстемелеп құйып отырыңыз.
14 ҚАЗАҚ
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға, рецептілерге
және тағамның мөлшеріне сай келетін
параметрлерді (қызу параметрі, пісіру
уақыты т.с.с.) анықтап алыңыз.
11.2 Пісіру және қуыру
ТОРТТАР
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Көпіршітілген тағам
рецептілері
170 2 165 2 (1 және 3) 45 - 60 Торт қалыбы
Ашыған қамыр 170 2 160 2 (1 және 3) 20 - 30 Торт қалыбы
Сарысу қосылған
чизкейк
170 1 165 2 70 - 80 Торт қалыбы, Ø 26
см
Штрудель 175 2 150 2 60 - 80 Пісірме табақ
Джем тарталеткасы 170 2 160 2 (1 және 3) 30 - 40 Торт қалыбы, Ø 26
см
Жеміс торты 170 2 155 2 50 - 60 Торт қалыбы, Ø 26
см
Рождество торты 170 2 160 2 50 - 60 Торт қалыбы, Ø 20
см
Қара өрік торты,
бос тұмшапешті
алдын ала
қыздырыңыз
170 2 165 2 20 - 30 Нан қалыбы
Печенье, бос
тұмшапешті алдын
ала қыздырыңыз
150 3 140 3 (1 және 3) 30 - 35 Пісірме табақ
Меренга 100 3 115 3 35 - 40 Пісірме табақ
Тоқаштар, бос
тұмшапешті алдын
ала қыздырыңыз
190 3 180 3 80 - 100 Пісірме табақ
Кремді пирожный,
бос тұмшапешті
алдын ала
қыздырыңыз
190 3 180 3 (1 және 3) 15 - 20 Пісірме табақ
Тарталетка 180 3 170 2 25 - 35 Торт қалыбы, Ø 20
см
Көп жеміс қосылған
торт
160 1 150 2 110 - 120 Торт қалыбы, Ø 24
см
Виктория сэндвичі 180 1 немесе
2
170 2 45 - 70 Торт қалыбы, Ø 20
см
Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
ҚАЗАҚ 15
НАН ЖӘНЕ
ПИЦЦА
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен
пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Ақ нан, 1 - 2 дана,
әрқайсысы 0,5 кг
190 1 195 1 60 - 70 -
Қарабидай наны,
алдын ала қыздыру
қажет емес
190 1 190 1 30 - 45 Нан қалыбы
Булочкалар, 6 - 8
булочка
190 2 180 2 (1 және
3)
25 - 40 Пісірме табақ
Пицца 190 1 190 1 20 - 30 Шұңғыл таба
Шелпек 200 3 190 2 10 - 20 Пісірме табақ
Торт қалыбын пайдаланыңыз.
АШЫҚ БӘЛІШ
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Паста фланы 180 2 180 2 40 - 50
Көкөніс фланы 200 2 200 2 45 - 60
Киш 190 1 190 1 40 - 50
Лазанья 200 2 200 2 25 - 40
Каннелони 200 2 200 2 25 - 40
Йоркшир пудингі, 6 пуддинг
қалыбы, бос тұмшапешті
алдын ала қыздырыңыз
220 2 210 2 20 - 30
Тор сөрені пайдаланыңыз.
ЕТ
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Сиыр еті 200 2 190 2 50 - 70
Шошқа еті 180 2 180 2 90 - 120
Бұзау еті 190 2 175 2 90 - 120
Шала қуырылған ағылшын
ростбифі
210 2 200 2 44 - 50
16 ҚАЗАҚ
ЕТ
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Орташа қуырылған
ағылшын ростбифі
210 2 200 2 51 - 55
Жақсы қуырылған
ағылшын ростбифі
210 2 200 2 55 - 60
ЕТ
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Шошқаның терісі
алынбаған жамбасы
180 2 170 2 120 - 150
Шошқаның 2 сирағы 180 2 160 2 100 - 120
Қойдың сирағы 190 2 190 2 110 - 130
Бүтін тауық 200 2 200 2 70 - 85
Бүтін күркетауық еті 180 1 160 1 210 - 240
Бүтін үйрек еті 175 2 160 2 120 - 150
Бүтін қаз еті 175 1 160 1 150 - 200
Туралған қоян еті 190 2 175 2 60 - 80
Туралған қоян еті 190 2 175 2 150 - 200
Бүтін қырғауыл 190 2 175 2 90 - 120
БАЛЫҚ ЕТІ
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Форель / Теңіз ақтабаны, 3
- 4 балық
190 2 175 2 (1 және 3) 40 - 55
Тунец / Ақсерке, 4 - 6 филе 190 2 175 2 (1 және 3) 35 - 60
11.3 Гриль
Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
Үшінші сөре деңгейін қолданыңыз.
250 °C градус температураны орнатыңыз.
ҚАЗАҚ 17
ГРИЛЬ
(кг)
(мин)
1-ші жағы
(мин)
2-ші жағы
Қоң ет стейктері, 4 дана 0.8 12 - 15 12 - 14
Сиыр етінің стейгі, 4 дана 0.6 10 - 12 6 - 8
Шұжықтар, 8 - 12 - 15 10 - 12
Туралған шошқа еті, 4 дана 0.6 12 - 16 12 - 14
Тауықтың жарты еті, 2 1 30 - 35 25 - 30
Кәуап, 4 - 10 - 15 10 - 12
Тауықтың төс еті, 4 дана 0.4 12 - 15 12 - 14
Бургер, 6 0.6 20 - 30 -
Балықтың қоң еті, 4 дана 0.4 12 - 14 10 - 12
Тост сэндвичтері, 4 - 6 - 5 - 7 -
Қыздырылған нан, 4 - 6 - 2 - 4 2 - 3
11.4 Турбо гриль
Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
200 °C градус температураны орнатыңыз.
Үшінші сөре деңгейін қолданыңыз.
(мин)
(кг) 1-ші жағы 2-ші жағы
Ет орамы, күркетауық 1 30 - 40 20 - 30
Тауықтың жарты еті, 2 1 25 - 30 20 - 30
Тауықтың сирақтары, 6 дана - 15 - 20 15 - 18
Бөдене, 4 дана 0.5 25 - 30 20 - 25
Көкөніс пісірмелері - 20 - 25 -
Скаллоп - 15 - 20 -
Макрель, 2 - 4 - 15 - 20 10 - 15
Балық тілімдері, 4 - 6 0.8 12 - 15 8 - 10
11.5 Ылғалды желдеткішпен
пісіру - ұсынылатын керек-
жарақтар
Күңгірт және шағылыспайтын қалыптар
мен контейнерлерді қолданыңыз. Олар
ашық түсті және шағылыстыратын ыдысқа
қарағанда жылуды жақсы сіңіреді.
18 ҚАЗАҚ
Пицца ыдысы
Пісірме табақ
Қалыптар
Флан негізінің қалыбы
Күңгірт, шағылыспайтын
диаметрі 28 см
Күңгірт, шағылыспайтын
диаметрі 26 см
Керамика
диаметрі 8 см,
биіктігі 5 см
Күңгірт, шағылыспайтын
диаметрі 28 см
11.6 Ылғалды желдеткішпен
пісіру
Тамаша нәтижелерге қол жеткізу үшін
төмендегі кестедегі ұсыныстамаларды
орындаңыз.
(°C) (мин)
Тәтті булочкалар, 12
дана
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 2 35 - 40
Булочкалар, 9 дана пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 2 35 - 40
Пицца, мұздатылған,
0,35 кг
темір сөре 220 2 35 - 40
Швейцария орамасы пісірме науа немесе шұңғыл
науа
170 2 30 - 40
Брауни пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 2 30 - 40
Суфле, 6 дана тор сөреге қойылған
керамика қалып
200 3 30 - 40
Қопсыма флан негізі тор сөреге қойылған флан
негізі
170 2 20 - 30
Виктория сэндвичі тор сөреге қойылған пісірме
табақ
170 2 35 - 45
Жұмсақ пісірілген
балық, 0,3 кг
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 3 35 - 45
Тұтас балық еті, 0,2
кг
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 3 35 - 45
Балықтың қоң еті, 0,3
кг
тор сөреге қойылған пицца
ыдысы
180 3 35 - 45
Жұмсақ пісірілген ет,
0,25 кг
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
200 3 40 - 50
Кәуап, 0,5 кг пісірме науа немесе шұңғыл
науа
200 3 25 - 35
ҚАЗАҚ 19
(°C) (мин)
Печенье, 16 дана пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 2 20 - 30
Бадам печеньесі, 20
дана
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 2 40 - 45
Маффин, 12 дана пісірме науа немесе шұңғыл
науа
170 2 30 - 40
Қышқыл дәмді
кондитерлік өнімдер,
16 дана
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
170 2 35 - 45
Үгілмелі қыртысты
печенье, 20 дана
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
150 2 40 - 50
Тарталетка, 8 дана пісірме науа немесе шұңғыл
науа
170 2 20 - 30
Көкөністер, жұмсақ
пісірілген, 0,4 кг
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 3 35 - 40
Вегетариан омлеті тор сөреге қойылған пицца
ыдысы
200 3 30 - 45
Жерорта теңізі
көкөністері, 0,7 кг
пісірме науа немесе шұңғыл
науа
180 4 35 - 40
11.7 Сынақ институттарына
арналған ақпарат
IEC 60350-1 стандартына сай тексереді.
(°C) (мин)
Шағын
кекстер, әр
науада 20
Дәстүрлі пісіру Пісірме
табақ
3 170 20 - 30 -
Алма
бәліші,
диагоналі
Ø20 см 2
қалып
Дәстүрлі пісіру Торкөз
сөре
1 170 80 - 120 -
Бисквит
торт,
диагоналі
Ø26 см торт
қалыбы
Дәстүрлі пісіру Торкөз
сөре
2 170 35 - 45 -
Шала
ашыған нан
Дәстүрлі пісіру Пісірме
табақ
3 150 20 - 35 Тұмшапешті алдын
ала 10 минут
қыздырыңыз.
20 ҚАЗАҚ
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80

Electrolux EZB52410AK Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
Это руководство также подходит для

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ