138 Қазақ
2.1.3 Жұмыс орнын жақсылап жабдықтау
▶ Өлшеу орнын қорғаңыз. PR 2-HS A12 орнатқан кезде сәуленің басқа адамдарға не өзіңізге
бағытталмағанына көз жеткізіңіз.
▶ Сатыларды және басқыштарды қолданғанда сақ болыңыз. Үнемі тұрақты күйді және тепе-
теңдікті сақтаңыз.
▶ Қайтаратын нысандар немесе беттер жанында орындалған өлшемдер, әйнек немесе ұқсас
материалдар өлшеу нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.
▶ Аспапты тегіс, қозғалмайтын бетте (вибрациялар әсерін тигізбей) орнату керек екенін есте
сақтаңыз.
▶ Аспапты тек техникалық сипаттамаларының шектерінде қолданыңыз.
▶ Аспапты, қосалқы құралдарды, алынбалы құралдарды және т.б. нұсқауларына сай және дәл
осы құрылғылар түрін қолдану бойынша нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Жұмыс шарттарын
және орындалатын әрекеттерді есепке алыңыз.Аспаптарды алдын ала көзделген мақсаттардан
тыс қолдану қауіпті жағдайларды тудыруы мүмкін.
▶ Өлшеу рейкаларымен жоғары кернеу желілерінің жанында жұмыс істеуге тыйым салынады.
2.1.4 Электрмагниттік үйлесімділік
Аспап тиісті директивалардың қатал талаптарына сәйкес келсе де, Hilti төмендегілерді есептен шығара
алмайды:
• Аспап қатты сәулеленуден бұзылып, жұмыста ақаулықтар пайда болуы мүмкін.
Мұндай және басқа да қауіпті жағдайларда бақылау өлшем әрекеттері орындалуы тиіс.
• Аспап басқа аспаптарға (мысалы, ұшақтардағы навигация жүйелеріне) кедергі келтіре алады.
Тек Корея үшін:
Бұл аспап тұрғын аймақта пайда болатын электрмагниттық толқындарға арналған (В класы). Ол негізінде
тұрақты жерлерде пайдалануға арналған, бірақ оны басқа аймақтарда да пайдалануға болады.
2.1.5 2-ші лазер класындағы аспап үшін лазерлік жіктеу
Аспап IEC60825‐-1:2007/EN60825‐-1:2007 стандарты бойынша 2-ші лазер класына жатады. Бұл аспапты
пайдалану қосымша қорғауыш құралдарды қолдануды қажет етпейді.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Лазерлік сәулені адамдарға бағыттауға тыйым салынады.
▶ Лазердің жарық көзіне ешқашан тікелей қарамаңыз. Көзге тікелей тиген жағдайда, көзіңізді
жауып, басыңызды сәуле диапазонынан шығарыңыз.
2.1.6 Аккумуляторлық аспаптарды мұқият пайдалану
▶ Аккумуляторларды жоғары температуралар, тікелей күн сәулесі мен өрттен алшақ ұстаңыз.
Жарылыс қаупі бар.
▶ Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C (176°F) жоғары температураға дейін қыздыруға
және жағуға тыйым салынады. Әйтпесе өрт, жарылыс немесе күйік қаупі бар.
▶ Аккумуляторға қатты механикалық соққы қолданбаңыз және аккумуляторды лақтырмаңыз.
▶ Аккумуляторды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
▶ Ылғалдың тиюін болдырмаңыз. Ішке енген ылғалдылық қысқа тұйықталуға әкелуі және
нәтижесінде жарылыс не өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған
тиюді болдырмаңыз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер
көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін.
▶ Тек тиісті аспапқа арналған аккумуляторды ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторлады
пайдалану немесе аккумуляторларды басқа мақсаттармен пайдалану нәтижесінде өрт не жарылыс
қаупі туындайды.
▶ Аккумуляторды салқын және құрғақ жерде сақтаңыз. Аккумуляторды күн көзінде, жылыту
құралдарында немесе терезе сыртында сақтауға тыйым салынады.
▶ Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контактілердің тұйықталуының себебі болуы мүмкін
скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, бұрандалардан және басқа металл
заттардан ары ұстаңыз. Аккумулятор не зарядтағыш құрылғыдағы контактілердің қысқа
тұйықталуы күйік не өртке апарып соғуы мүмкін.
Printed: 01.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5260695 / 000 / 02